БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА НЕГІЗІНДЕ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА НЕГІЗІНДЕ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

Жаспанова Т. Қ. - аға оқытушысы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)

Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай, әрі озық ұлттық дәстүр рухына тәрбиелеп, өмірге әзірлеу секілді жауапты міндеттерді жүктеп отыр. Егеменді елімізге сай ұрпақ тәрбиелеп шығудың бірден-бір жолы ол - өсіп келе жатқан ұрпақты эстетикалық тұрғыдан шыңдау. Осыны халықтық педагогика арқылы жүзеге асыруға болады.

Қазақстанда бастауыш сынып оқушыларын халықтық педагогикасы негізінде эстетикалық тәрбие мен білім беру барысында жүзеге асыруға бағытталған біршама тәжірибе жинақталған.

Халықтық педагогикадағы қазақтың салт-дәстүрлері жеке басты көркемдік рухани дамытуда эстетикалық тәрбиенің атқарар қызметі өте маңызды. Бала тәрбиесіндегі салт-дәстүрлерді пайдалану проблемасын шешу қоғамның тарихи дамуының барлық кезеңдерінде жүргізілген. Соңғы жылдары бұл проблеманы шешу эстетикалық тәрбиеге де тиісті болып отыр.

Қазақ этнопедагогиксының қайнар бұлағы біздің заманымызға дейінгі дәуірден бастау алады. Ұлттық мәдениеттің тегі сол ұлттың ұлт болып қалыптаспай тұрған кезінен бастап-ақ жеке ұлыстардың ұрпағын тәрбиелеуден туындағаны белгілі. Балалардың жан-жақты дамуы үшін, әсіресе сұлулық пен сымбаттылыққа қанық болулары үшін оқу-тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану өте маңызды. Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезімін нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйенетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ождансыздықты, қуаныш пен қайғыны т. б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез - құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады. Бастауыш сынып оқушыларын жалпы мәдениеті, яғни эстетикалық тәрбиенің маңызды жақтары ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты сақтау т. б. Жалпы эстетикалық мәдениет - бұл қатынас эстетикасы, киім-кешек эстетикасы, үй-жағдай эстетикасы, манері, дене қимылы, т. б. А. С. Макаренко еңбектерінде бұл проблемаға зор мән берілген. Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық сұлулықтың белгісі. А. П. Чеховтың сөзімен айтқанда адамда: бет, киім, жан, ой - бәрі сұлу болу керек /1/.

Қоғамда болып жатқан келеңсіз жағдайлар - арақ ішу, темекі, анаша. шегу бұл эстетикалық талғамның төмендігі, яғни эстетикалық тәрбиенің өз дәрежесінде еместігін көрсетеді.

Эстетикалық тәрбие мәдениетке бастайды, онсыз қоғам дамымайды. Сондықтан Қазақстан Республикасының «Білім беру Заңы», «Эстетикалық тәрбие беру тұжырымдамасында» көрсетілгендей төменгі сынып оқушыларына эстеиткалық тәрбие мен көркем білім беру аса маңызды мәселелердің бірі болып есептеледі.

Балаларды халықтық педагогика арқылы эстетикалық тәрбиелеу ісі мектептегі тәрбие жұмысының барлық саласында, бейнелеу өнері, музыка пәндерінде шешіледі және бұл жалпы педагогикалық міндет болып табылады.

Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі тәжірибесін меңгеру қажет. Мәдени құндылықтарды жасауда әр халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Халық әрдайым әсемдікті іздеді, қолдан жасады және оны өмірде, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады. Оны құралы ретінде пайдалануынан көруге болады.

Халықтық эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, үйлесімдік, тұрмыстық, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т. б. әндер мен өлеңдер ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық тәрбие құралдары ретінде қызмет етті. Халқымыздың әндері, жанры және тақырыбы жағынан өте бай. Көптеген әндер би қимылдарымен байытылды. Халықтық тәрбие тарихи даму үрдісіндегі тірі дене болып табылады. Халықтық педагогиканың әлеуметтік бағыттылығы, әсіресе көне жазба ескерткіштерде мақалдар мен мәтелдер, ертегілер мен жырлар, бата, тілек секілді тәрбие құралдарында толығырақ бейнеленген.

Оқушы түсінігінің эстетикалық жақтан қалыптасуы халықтық педагогика және тағы сол сияқты көптеген факторлардың ықпал ету нәтижесінде болады. Сондықтан мектеп мұғалімдері оқушылардың эстетикалық талғамын іс-жүзінде, теория жүзінде де арттыра отырып, көрген білгендерімен сұлулықты қабылдауға көмектесуі керек.

Бастауыш сынып оқушылардың эстетикалық сезімін дамыту оларға мынау жақсы, әдемі, ал мынау жаман, көріксіз деп ауызша айтуда ғана жүзеге аспайды, сонымен бірге бала күнделікті тұрмыста да, мектепте де эстетикалық талғампаздықтың үлгі өнегесін күн сайын көріп отыруы керек.

Бастауыш сынып оқушысының түсінігінің эстетикалық жақтан қалыптасуы халықтық педагогика және тағы сол сияқты көптеген факторлардың ықпал ету нәтижесінде болады. Сондықтан мектеп мұғалімдері оқушылардың эстетикалық талғамын іс-жүзінде, теория жүзінде де арттыра отырып, көрген білгендерімен сұлулықты қабылдауға көмектесуі керек.

Балаларға музыка ерекше эстетикалық ықпал жасайды: ол балаларды жігерлендіреді, олардың көңіл-күйін біріктіреді, қимылға эстетикалық сипат береді.

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімімен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді.

Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу - адамдардағы әсемдікті еңбек мазмұны мен процесін танымай саналы тәртіп пен мінез-құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.

Ұлы Абай өнерді тән азығы және жан азығы деп екіге бөлген. Осындай көркем өнерді жан азығына балауы, яғни көңіл-күйге, сезімге қатты әсер етеді.

Қазақ халқының тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов үлкен өнер иесі болғаны анық. Онын қабылдауынша, нақтылы өңірде өсіп-жетілген халықтың ұлттық болмысына өзін қоршаған аймақ пен өлкенің табиғат жаратылысының бітімі тікелей әсер етеді.

Эстетикалық тәрбиенің негізгі міндеттері мыналар:

1. Эстетикалық қабылдауды - табиғаттағы, өнердегі қоршаған өмірдегі әсемдікті қабылдауды дамыту;

  1. Эстетикалық талғамды, әсемдікті бағалай білуді, шын әсем нәрсені эстетикалық емес нәрседен ажырата білуді тәрбиелеу;
  2. Өнерде өзін шама-шарқынша көрсете білуге, қоршаған өміргеэстетиканы сіңіре білуге тәрбиелеу.

Егер эстетика педагогиканы әсемдіктің мәнін және оның көрініс беру заңдылықтарын түсінумен қаруландыратын болса, ал педагогика адамның осы әсемдікке деген көзқарасын қалыптастыру туралы мәселені шешеді, эстетикалық тәрбиенің нақты міндеттерін алға қояды, оқу-тәрбие жұмысының барысында ол міндеттерді шешудің жолдарын белгілейді.

Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылу тән нәрсе. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар құрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс - әрекеті тиімді және сапалы болуы үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады.

Эстетикалық білімнің негізі - оқу пәндері. Бастауыш сынып оқушылары әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесіне табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс - әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Олар әдемі жазуға, мәнерлеп оқуға және айтуға үйренеді. Ал бұл мәдениетті сөйлеуге, көркемдік танымын қалыптастыруға, қиялын дамытуға игі әсер етеді.

Еңбек әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс - әрекет әсемділігіне сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өңдіріс адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығынан туындайды. Өндірілген товарлар сапасының әсемдігі тұтынылу жағына үлкен әсер етеді. Мұнын өзі әр баланың білім алуында белгілі дәрежеде эстетикалық көзқарас мәдениеті болуын талап етеді.

Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым -қатынасы қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы санаға өте күшті әсер ету жүзеге асады.

Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу - дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу оқушыны жан - жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының дамуы, білім алуы, қалыптасуы құралына айналдырады.

Кең ой - өрістілік сөйлеу іс - әрекетінің мазмұнынан сөз өнерін, ақыл -ой еңбегін, шындықтың обьективтік жақтарын, көркем сөз сұлулығын бөліп қарайды. Еңбек іс - әрекетінде еңбек мақсаттары және процесі, оның нәтижесі, сұлулығы ерекше көрсетіледі. Құкықтық іс-әрекетінде қоғамдық мұраттардағы, дамудағы оның ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады. Бейнелеу іс - әрекеті барысында балаларға көзге көрінетін әлем, музыкада адам жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. Дене тәрбиесі мәдениеті және гигиена негіздері арқылы бала адам денесінің тән және жан сұлулығын таниды т. б.

Әсемдікке тәрбиелеудің оқушыны жан - жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде жанама қызметі де бар.

Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс - әрекетінің белсенді және тиімді дем берушісі де болады. Оқушы өнегелігінің әсемдігі, оның жан дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа адамдарға тартымды етеді. Оқушылар алдында ашық көрініс берген еңбек әсемдігі, ол еңбегі тартымды етеді және еңбек іс - әрекетінің процесін жеңілдетеді. Ерлік пен шын азаматтық әсемдігі адамдарды қоғамдық тәртіп және құқықтық әрекеттерін орындауға жетелейді.

Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әр түрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады. Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын нәрсе - оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге түсуі.

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өмер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, онын көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзкарасты тәрбиелеу, тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл - ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу - адамдардағы әсемдікті, еңбек мазмұны мен процесін танымай саналы тәртіп пен мінез қылықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай - ақ әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс - әрекеттен және мұраттарға жету жолындғы күрестен оқшау қарауға болмайды.

Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс -әрекетінен, еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйретіп қана қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ьнтасы мен іскерлігін тәрбиелейді.

Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.

Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі -эстетикалық сезімі және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады. Ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезу үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің обьективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі болады.

Эстетикалық ұғымды, байымдауды, баға беруді қалыптастыру -эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүйу, оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өпері саласындағы ырғақ, үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеру қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, байымдай және бағалай біледі.

Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы оте зор. Эстетикалық таным - бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларына жоғары талап қою. Мысалы, мұзда конькимен мәнерлеп сырғанақ тебу, яғни жарысы өткізіледі. Сонда орындаушыларға екі түрлі баға, яғни бірінші баға - көркемділігін келістіре орындағаны үшін, екінші баға мәнерлеп сырғанаудың техникасын жоғары дәрежеде игергені үшін қойылады. Әрине, орындаушыларға әділетті баға қою үшін мамандардың, әсіресе төрешілер алқасының танымы, білімі жоғары дәрежеде болуы керек.

Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үлгілерін кабылдаумен, не тегінде шығармашылықпен байланысты іс - әрекеті мүмкіндік береді.

Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып, оларды ездігінен ілтипатты өқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы болуға үйрету керек.

Эстетиткалық тәрбиенің маңызды міндеті- өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту. Осыған орай мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін ашу керек. Эстетикалық тәрбиенің ыегізгі құралдары - әдебиет және өнер. Олар зор ндеялық тәрбиелік роль атқарады Әдебиет пен өнер адамдарды қуанышқа бөлейді, жігерлендіреді. Олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді. Өнер жане әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды әртүрлі құралдар арқылы (әдебиетте - проза, поэзия, кескіндемеде - жанр баталия, пейзаж, мүсінде- бюстт. б. ) енгізіледі.

Сонымен өнер мен әдебиет шындықты игерудің және танудың кұралы. Өнер мен әдебиет адам дамуының және рухани өсуінің басты шарттарының бірі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлтық тәрбиені қазіргі мектептердегі эстетикалық тәрбиеде пайдалану маңыздылығы
Қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау
Баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу
Қазіргі жаңа қоғам жағдайындағы этнопедагогика мәселесінің дамуы
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің жолдары
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы экологиялық білім берудің пәнаралық сипаты
Ұлт мәдениетінің жеке тұлғаның дамуына тигізер әсері
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Тәрбие жөніндегі пед
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz