Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілігін ( ана тілі пәнінен) болдырмаудың жолдары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білі және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

“Қорғауға жіберілді”

Бастауыш оқыту теориясы

мен әдістемесі кафедра

меңгерушісі

Б. Ортаев

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілігін ( ана тілі пәнінен) болдырмаудың жолдары.

050102-мамандығы - «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

Орындаған: СПМ-615 тобының студенті

Мирзанеметова Нихолла

Ғылыми жетекшісі

магистр-оқытушы: Нұртазаева Нұргүл

Түркістан 2011

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

І. Бастауыш сынып оқушыларынның оқу үлгермеушілігін болдырмаудың педагогикалық негіздері

1. 1 Оқушылардың оқуға үлгермеу себептерінің педагогикалық -психологиялық негіздері . . . 7

1. 2 Бастауыш сыныпта үлгермейтін оқушыларды оқытудың ерекшеліктері . . . 19

ІІ. Бастауыш сыныпта ана тілі пәнінен үлгермейтін оқушыларды оқытудың әдістемелік негіздері

2. 1. Оқуға үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері
және оны ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері . . . 27

2. 2. Ана тілін (1-сынып) оқыту үдерісінде үлгермеуші оқушылармен
жүргізілетін іс-әрекеттер . . . 45

Қорытынды . . . 55

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 56

Қосымша . . . 57

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттеліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бетбұрыс жасауда.

ҚР Білім Заңында « …ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген. Бұл білім жүйесін жетілдіру және оны сапалы деңгейге көтеруді алға тартады[1] .

Ел Басының Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады…» деген сенімі жай айтылған сөз емес [2] .

Осыған орай, ғылыми зерттеу барысында әлемдік озық тәжірибелер мен отандық білім жүйесіндегі ерекшеліктер зерделенуде. Біріккен ұлттар ұйымы мен сауатталықтың он жылдығы (2003-2012 жж) құжат жұмыстарында сауаттылық дағдыларының жаңа түсінігі - адамның өзгермелі жағдайға бейімделуге арналған ақпараттарды іздеп табуы және пайдалануы, оның қоршаған ортаның шақыруларына тиімді қарсы тұра білу біліктілігі деп берілген. Халықаралық іс-тәжірибеде білім стандарты күтілетін нәтижелер (білім нәтижелері) түрінде берілген білім мақсат жұмыстарының жүйесі деп қарыстырылып, «Нәтижеге бағдарланған білім моделіне» көшуге басым бағыт беріледі. Онда білім компоненттілігі оқушының жеке пәндер бойынша бір-бірінен алшақтықта емес, кешенді түрде жеке тұлғаға бағдарланған (білім, білік, дағдыны іс-әрекет білім компоненттілігін қабылдауды қамтамасыз етеді.

Бұл жағдайда білім компетентілігі көп жақты қызмет атқарып, білім «объекті» болудан «тірі» білімге айналатынын байқадық. Оқытудағы оқушының сапалық сипаттамасының құрамдас бөлігі ретіндеге базалық компетенцияларының кең ауқымды сипаты түрінде нақтылынған мақсат оқытудың күтілетін нәтижелерін береді (Жадрина М. Ж. ) Осыған орай жеке тұлғаның сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, нәтижеге бағдарланған білім жүйесін қалыптастыру қолға алынуда. Атап айтқанда, жаңа мазмұнға сай білім беруді демократияландыру негіздері мен жалпы ұлттық базалық компетенциялары анықталып, білім аймақтары нақтыланып, түйінді және пәндік компетенциялар айқындалуда. Жалпы орта білім жүйесіне құрылымдық және білім мазмұнындық өзгерістер енгізіледі. Оқу сапасын жетілдіруде білім мақсажұмыстарының күтілетін нәтижеге бағдарлануы жан-жақты білімді, өз мамандығын жетік білетін, бәсекеге түсе алатын жеке тұлғаны бастауыш сатыдан бастап дайындауға бағыттайды. Мектептің бастауыш сатысында оқушының сапалық және сандық білім деңгейін анықтау арқылы, оқу сапасын жетілдіруге мүмкіндік туады. Мектептегі әрбір оқушының даму динамикасын және оқу барысында алғанбілім нәтижесінің сапасын жан-жақты және әділ бағалауға қол жеткізеді. Осыған орай мектептің бастауыш сатысында оқыту мазмұнын жаңалау және технологияларды пайдалануға байланысты жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.

Педагогиканың негізін қалаушы ағартушылар: Я. А. Коменский, Т. А. Ильина, А. С. Макаренко, Жан-Жак Руссо, Л. Н. Толстой, К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев т. б. берік білім беру пікірлерін білдірген.

Қазіргі кезде бұл мәселемен Қазақстан және ТМД ғалымдары: Р. М. Қоянбаев, А. А. Бейсенбаева, В. П. Карибжанова, Г. К. Шолпанқұлова, К. Т. Әтешова, ал бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімі мәселесімен Т. Жүндібаева, К. Тілеубергенова, С. Нашарипова сынды озық тәжірибелі педагогтар айналысуда.

Оқытудың, тәрбиелеудің, білім берудің түрлі мүмкіндіктерінің алдын ала болуын қалайтын, сабақ берудің сапалы деңгейін көрсететін білік пен дағдыларды қалыптастыру, қазіргі мұғалімдердің ең басты міндеттерінің бірі. Сондықтан нашар үлгеретін және үлгермейтін оқушылардың білім мен білік дағдыларының жағдайын және сыныптардағы үлгермеушілікті болдырмау жөніндегі педагогтардың іс-әрекетін талдай отырып, дипломдық жұмысымыздың тақырыбын “Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілігін (ана тілі пәнінен) болдырмаудың жолдары” деп атадық.

Зерттеудің мақсаты: Оқу-тәрбие үдерісін жандандыру негізінде оқушылармен жеке жұмыстың түрлі формасын, мұғалімнің оқушылармен жеке жұмыстармен қарым-қатынасын көрсету. Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға үлгермеуін анықтау және оны болдырмаудың педагогикалық шартжұмыстарын қарастыру, баланың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары мен маңыздылығын көрсету.

Зерттеудің нысаны: Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие барысы

Зерттеудің міндеттері:

- Бастауыш сынып оқушыларынның оқу үлгермеушілігін болдырмаудың педагогикалық негіздерін айқындау

- Бастауыш сыныпта ана тілі сабағынан үлгермейтін оқушыларды
оқытудың ерекшеліктерін анықтау

- Бастауыш сыныпта ана тілінен үлгермейтін оқушыларды оқытудың әдістемелік негіздері ұйымдастыру

- Оқуға үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері
және оны ұйымдастыру

Зерттеу пәні: Бастауыш сыныпта ана тілі сабақжұмыстарында үлгермеушілікті болдырмау жолдары

Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша сұрақ-жауап, бақылау, байқау, әңгімелесу әдістері қолданылды. Психологиялық, педагогикалық, және әдістемелік әдебиеттермен танысып, бастауыш сыныптарда жүргізілген іс-тәжірибелерді сараптау жұмыстары жүргізілді. .

Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспе, 2 бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде алынған жұмыстың өзектілігі, қазіргі таңда сапалы беру ғана, жас ұрпақтың білім деңгейін жоғары дәрежеге жеткізу бүгінгі күннің басты талабы екені жайла сөз болады. Сондай-ақ зерттеу жұмысының мақсат, міндеттеріне, нысанасына, пәні жайлы айтылады.

“Бастауыш мектеп оқушыларының оқу үлгермеушілігін болдырмаудың педагогикалық негіздері “ атты І бөлім оқушылардың оқуға үлгермеу себептеріне теориялық тұрғыдан жолдаулар мен негіздеулер берілген.

Сондай-ақ, ана тілінен үлгермейтін оқушылардың оқытылу ерекшеліктері көрсетілген. ІІ бөлім «Бастауыш сыныпта ана тілінен үлгермейтін оқушыларды оқытудың әдістемелік негіздері» үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстың түрлері, оны ұйымдастырудың ерекшеліктері сөз болды. 1 сыныптағы ана тілі пәнінен үлгермейтін оқушылармен жүргізілетін іс-әрекеттер жайлы айтылады және екі ашық сабақтың үлгі нұсқаулығы келтірілді.

Қортындыда, үлгермейтін оқушылармен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінің қаншалықты деңгейде болғандығы сөз етіледі.

І. Бастауыш сынып оқушыларынның оқу үлгермеушілігін болдырмаудың педагогикалық негіздері

1. 1 Оқушылардың оқуға үлгермеу себептерінің педагогикалық -психологиялық негіздері

Тәрбие - жалпы халыктық іс. Бұл ұран емес, өмірдің талабы. Мұнсыз жарқын болашақтың саналы азаматын қалыптастыру мүмкін емес. Жасөспірімді тәрбиелеу проблемасын сөз еткенде, оның маңызды бір аспектісін айтпай кетуге болмайды. Ол сабақты нашар үлгеретін, тәртіпсіз

В. А. Сухомлинскийдің “Мұғалім екіні оқушыға тапсырманы түгелдей дерлік орындамағанда ғана қоюы керек, мұндай баға алғаны оқушы өзін айыпты екенін сезгендей болсын” деген сөзін негізге алу керек. Мектеп басшыларының назарында мұғалім емес, оқушы да тұруы шарт [3] .

Оқушы сабақта болған жоқ. Осының өзі педагогикалық проблема, ол мұғалімге ой салсын. Сенің жәрдемің қажет, оны тез арада өзінің немесе оқушылармен ұйымдастыр, сабақка катыспау себебін зерттеп біл. Қайтіп көмектесуді ойлан. Жаңа оқу жылының алғашқы күндеріндегі сынып жиналысжұмыстарында, әсіресе бірінші сыныптарда олардьщ ата-аналарын, мектеп ережесімен таныстырып онда оқушы сабаққа қатыспаса, өтілген материалды өзінше оқып үйренуге міндетті екені жазылғанын түсіндіру керек. Оқушылардың білімін тексеруге міндетті. Оқушы сабаққа келмесе, ол сол күнгі өтілген тақырып бойынша, арнайы сынақ тапсыруы керек. Бұл қашанда мүғалім мен оқушыға заң. Дегенмен дәл осылайша бұл проблеманы толық шешуге мүмкіндік жоқ. Сондықтан мұғалімдер оқуға нақты жәрдем беру жолдарының басқа әдістерін қарастырған жөн. Әдетте орталықтанған жүйені қолдану пайдалы. Мектепте бас кезекшінің, оның әрбір сыныптағы жәрдемшілерінің, оқу төрайымының атқарар ісі кыруар. Бұлар күн сайын сабаққа қатыспағандардың, қанағаттанғысыз баға алғандардың тізімін алып сыньш жетекшіге береді. Міне осындай жанды әрекеттен соң мектеп басшылары апта сайынғы жоспарларына, ең қажеттілерін қосып іс-шаралар белгілейді. Оқушылармен әңгімелесу белсенділермен пікірлесу әр түрлі формада өткізілгені жөн. Көбінесе сабаққа келмегендер мен үлгермеушілер мәселесі кіші педкеңесте оқушылар кеңесінде қаралып, кеткен кемшіліктерді түзеу жөнінде шұғыл шара қабылдануы керек. Қажет болған жағдайда пәндер бойынша әңгіме өткізіліп кейде оқушыны қандай тақырыпта меңгермегенді ескертіліп кеспе қағаздар жүйесі қолданылады .

Жазғы демалыс алдында, үлгермейтін оқушының ата-анасы шақырылып, үлгермеген пәні бойынша, баласына берілген тапсырмалармен таныстырады. Оқушының оқу үлгерімі мұғалімге де байланысты. Барлық кінәні оқушыға артпай сынып жетекші пән мүғалімімен тығыз байланысып сол баланың ерекше мінез-құлқы жөнінде өзара пікірлесе, тәрбие ісі нәтижелі болмақ. Жасыратыны жоқ, сабақтанқашатын оқушының мұғалімге наразылығы кездеседі. Кейде талап қоюдың жөні осылай деп, орынсыз ойластырылмай қойылатын жазаның оқушылардың нәзік сезіміне кері әсер етеді.

Осындай жазғыру шараларының салдарынан өзге де қолайсыз жағдайлар кездеседі. Кейбір жағдайларда семьяда әкесі не шешесі жоқ балалардың тәртіп бұзушылығы ерекше, ерсі қылықтары басымдау. Сол себепті ондай оқушыға мұғалімдер мейлінше қамқорлық жасауы керек. Бүгінгі жасөспірімдер еліктеуге әуес. Олар өздері үшін үлгі боларлық нәрсе іздейді. Кейде жаман әдеттерге тез бой алдырады.

А. С. Макаренко былай деп көрсетті: “Тәрбие дегеніміз шын мәнісінде әлеуметтік үдеріс. Бәрі де адамда затта құбылыста тәрбиелейді. Бірақ бәрінен бұрын және бәрінен көбірек тәрбие беретін - адам. Олардың бірінші орында тұратыны ата-аналар мен педагогтар”

Адам тәрбиесі - үлкен шеберлікпен білімділікті талап ететін маңызды іс. Өз бойында мәдениеттіліктің нышаны болмаған адамның баласына тәрбие беру мүмкін де емес. Салиқалы, адамгершілігі мол әрбір адам өзінің бала тәрбиесіне, олардың мінез-кұлқы мен жүріс тұрысына жете көңіл бөліп, соның жолында еңбек етеді [4] .

Бала тәрбиесіне ата-ана мен ұстаздардың ықпалы өте зор. Бала ата-анасынан ала алмаған тәрбиенің кейбір тұсжұмыстарын ұстазынан ала алса, кейде керісінше болып жатады. Балаға тәрбие берумен қатар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақи қадір-қасиетімізді жоғалтпай, керісіншс білімділікпен, ізгілікпен толықтыра отырып, саналы да сапалы түрде келер ұрпаққа аманат етіп қалдыру басты міндетіміз.

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу жолдары жаңа оқу жылы басталмай тұрып жұмыс жоспары мен оны жүргізудің әдіс-тәсілдері бірлестік отырысында талқыланып белгіленіп алады үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу үшін алдымен олар арнайы зерттеледі. Оқушыны зерттеуде мына мәселелерге баса назар аударылады. Ұжыммен, ортамен карым-қатынасы оқу- тәрбие үдерісіне семьяның ықпалы. Қоғамдық және үй жұмысжұмыстарына араласуы.

Үйде күн режимінің жоспарлануы және оның орындалу барысы. Денсаулығы туралы медициналық анықтамалар мен ұсыныстар. Сабаққа қатысуы мен бірыңғай талапты орындауы. Дара ерекшеліктері. Ойлау қабілетінің деңгейі. Зейіні мен есте сақтауы. Ерік жігері. Табандылығы. Қызығушылығы. Жеке пәндер бойынша үлгерімінің көрсеткіштері. Үлгермеу себептері.

Осы мәселелер анықталғаннан кейін баланың жеке пәндер бойынша білімі мен дағдыларын есепке ала отырып, ондағы негізгі олқылықтар анықталады. Жеке жұмыстар сол кемшіліктерді жоюға бағытталып оңайдан қиынға карай сатылап жүргізіледі. Зерттеу жұмысжұмыстарының қорытындыларына сәйкес алдағы уақытта жүргізілетін педагогикалық жұмыстар белгіленеді. Мысалы, Қанат деген оқушыға зерттеу нәтижелеріне орай мынадай педагогикалық жұмыстар жүргізу керек деп ұйғарды.

Ата-анасымен тығыз байланыс жасау.

Үйдегі күн режимін белгілеп, оны орындаудың қажеттілігін ата-анаға түсіндіру.

Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Өйткені адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан кіреді, отбасында көрген жақсы-жаман қылықтардың бәрі бала сезіміне әсер етеді, күллі парасат, пайым отбасынан өрбиді деп ұғады. Сондықтан қазақ салтында Отбасының тәлім-тәрбиесі ерекше дәстүр. Сол отбасының ұйытқысы - әке мен ана. Әке - Отбасының иесі, қорғаны, қамқоры, ал Ана - отты өшірмей, маздатып жағушы, жылылық иесі. Осы екі киеден қуат алған ұрпақ әрқашан еліне жақсылық сәулесін себетін айбынды азаматқа айналады. Ата-ананың мұраты - өрендерінің жүрегіне ізгіліктің, салауаттың таза, мөлдір, тұнық калпымен дамуы.

Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Өйткені адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан кіреді, отбасында көрген жақсы-жаман қылықтардың бәрі бала сезіміне әсер етеді, күллі парасат, пайым отбасынан өрбиді деп ұғады. Сондықтан қазақ салтында Отбасының тәлім-тәрбиесі ерекше дәстүр. Сол отбасының ұйытқысы - әке мен ана. Әке - Отбасының иесі, қорғаны, қамқоры, ал Ана - отты өшірмей, маздатып жағушы, жылылық иесі. Осы екі киеден қуат алған ұрпақ әрқашан еліне жақсылық сәулесін себетін айбынды азаматқа айналады. Ата-ананың мұраты - өрендерінің жүрегіне ізгіліктің, салауаттың таза, мөлдір, тұнық калпымен дамуы.

Отбасы - үйелмендер ынтымағы мен берекесінің ұйыған орны, үлгі алар мекені. Сондықтан «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» деп пайымдайтын қазақ өмірлік ереженің жібін сабақтап, әрі қарай жалғастырып әкетуді - ұрпақтың борышы деп санаған. Ізгі мұрат - әкеге қарап ұлдың, шешеге қарап қыздың өсуімен ұштасып жатады. Сондықтан ең алдымен әке мен шешенің өздері ұрпақжұмыстарына өнеге болып саналады. Саналылық та, даналылық та, иманжүзділік те, адамгершілік те бала бойына Отбасының тәлімі арқылы дариды да, өзгермес касиетке айналады. Сондай игі мақсатпен әр отбасының мүшесі өз ұрпағының болашағы үшін қам жасайды, жеткіншектеріне жол нұсқайды, адамдық парасатты, пәк адалдықты үйретеді. Бұл қазақи өмір салтының заңы. Қазақ ұрпағын сақтаған осы жол, қазақ баласы осы қағидамен тәрбие көрсе, бақытқа кенелері хақ.

Профессор Ә. Табылдиев «Отбасы - үйелмендердің жанұялық бірлігі», профессор Қ. Жарықбаев «Отбасы - семья, жанұя, үйелмен сөздерінің синонимі», ал әлеуметтанушылар «Отбасы - неке немесе қандас туыстыққа негізделген шағын топ, мүшелері қоғамдық тұрмыста, өзара моралдық жауапкершілікте, өзара көмекте бір-бірімен байланысы: күйеуі мен әйелінің арасындағы, ата-анасы мен балалардың арасындағы қарым-қатынас» деп түсіндіреді.

Қазір дүние жүзі отбасы құндылықжұмыстарына қайта мән бере бастады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Халықаралық отбасы күнін белгіледі. Отбасы - адам баласының дүниеге келгенінде есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ер жететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі касиетті алтын бесігі. Адамзат ұрпағына отбасына аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата-ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра алмайды.

Отбасы мүшелерінің адалдық пеи мейірімділік, жауапкершілік псн кешірімділікке негізделген қарым-қатынасының бала тәрбиесіне ықпалы зор. Алайда үлкендердің мінез-құлқы мен іс-әрекеті сыйлауға тұратындай, жасөспірімдерге үлгі көрсететіндей болуы абзал. Сондай-ақ отбасы тәрбиесінің тағы бір артықшылығы үйдегі адамдардың жас шамасы әртүрлі болса да, бір-бірімен рухани жакындығы, мақсат ынтымақтастығында деп айтуға болады [5] .

Отбасы - үйелмендер ынтымағы мен берекесінің ұйыған орны, үлгі алар мекені. Сондықтан «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» деп пайымдайтын қазақ өмірлік ереженің жібін сабақтап, әрі қарай жалғастырып әкетуді - ұрпақтың борышы деп санаған. Ізгі мұрат - әкеге қарап ұлдың, шешеге қарап қыздың өсуімен ұштасып жатады. Сондықтан ең алдымен әке мен шешенің өздері ұрпақжұмыстарына өнеге болып саналады. Саналылық та, даналылық та, иманжүзділік те, адамгершілік те бала бойына Отбасының тәлімі арқылы дариды да, өзгермес касиетке айналады. Сондай игі мақсатпен әр отбасының мүшесі өз ұрпағының болашағы үшін қам жасайды, жеткіншектеріне жол нұсқайды, адамдық парасатты, пәк адалдықты үйретеді. Бұл қазақи өмір салтының заңы. Қазақ ұрпағын сақтаған осы жол, қазақ баласы осы қағидамен тәрбие көрсе, бақытқа кенелері хақ.

Ана тілі сабақжұмыстарында ата-аналармен ойындар, эстафеталар, дебаттар т. б, ұйымдастыру. Баланың отбасымен қарым-қатынасын анықтау үшін сауалнама түзіп, балалармен сұрақ-жауап жүргізуге болады (2-қосымшаға қараңыз) Осындай өткізілетін шараларды әр түрлі тақырыпта алдын-ала дайындап ата-анамен бірігіп өткізіп тұруға болады. Отбасылық тәрбиенің маңызы туралы IX ғасырда өмір сүрген ұлы данышпан бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың жауы, ол оның барлық өміріне апат әкеледі» дейді. Сондай-ақ, қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы бір сөзінде: «Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені, бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын. Ал, көрдің қолына балта берсең, шаба салады, найза берсең, сұға салады, намыстанбай бұға салады. Мен табиғатынан, тағдырынан болған соқырлықтан жазылмасаң, халық болудан қаламыз ба деп қорқам» деп, ұрпақ болашағына алаңдайтынын білдіреді.

Сонымен, ата-аналардың басты мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы зор, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Бала үлгерімін дұрыс ұйымдастырылуы үшін ата-анадан мынадай белгілі ережелерді сақтай білуі талап етіледі:

  1. баланың дамуын үнемі қадағалап отыру;
  2. бала денсаулығына қамқорлық жасау;
  3. баланың оқуына көмек беру;
  4. баланы болашақ өмірге даярлау, т. с. с.

Күн өткен сайын жас ұрпақтың талғамы өзгеріп, қоғаммен бірге ілгері дамып отырады. Осыған орай оның талабын қанағаттандыратын, қоғамның, ұлтымыздың ұстанған бағытымен сабақтас тәрбие жүйесін асыру-ұстаз бен ата-ананың басты міндеті.

Әр мереке күндеріне байланысты ата-аналар сынып сағатжұмыстарына, кештерге, кездесулерге шақырылып, балалардың орындауында қойылған концерттерге, көріністерге, түрлі конкурстар мен пікір сайыстарға катынасып отырғаны абзал. Педагогикалық практика жұмысжұмыстарына барғанда, сынып жетекшісі ретінде осы тәрбие жұмысжұмыстарына ат салысумен қатар, өз сыныбымда да іс-шаралар жүргіздім. Сыныпта "Әке -асқар тау", "Анам менің ардақтым" атты шығармалар конкурсы жарияланып, ең үздіктері таңдалды. "Біздің отбасымыздағы дәстүр", "Демалыс сәттерінен" тақырыпжұмыстарында сыныптық, отбасылық альбомдар, қабырға газеттері шығарылды. Жиналыстарда отбасындағы кітап қоры, имандылық иірімдері жайлы айтылып, тәрбие туралы әдебиеттер ұсынылып, тәрбиелік кеңестер айтылып берілді, мысалы, төмендегідей:

  • Егер баланы үнемі сынай берсе, оқуға құлқы болмайды:
  • Бала кекшілдікте өссе, қатыгез болады.
  • Бала төзімділікте өссе, басқаларды түсінуге үйренеді.
  • Бала адалдықта өссе, өтірікке бармайды.

Оқылатын баяндамаға, әңгімеге байланысты даналардың нақыл сөздері жазылып қойылды. Мәселен:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілік себептерін болдырмау
Бастауыш мектепте математика сабақтарында үлгермеушілікті болдырмау жолдары
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу үлгермеушілігін болдырмаудың жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілігі
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ҮЛГЕРМЕЙТІН ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Бастауыш мектеп жасындағы сабақ үлгермеуші оқушыларды оқытуды жекелендірудің педагогикалық шарттары
Математика сабақтарында оқушылардың үлгірмеушілігін болдырмау (2 сынып бойынша)
Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігі
Оқу-тәрбие процесін ізгілендіру негізінде оқушылармен жеке жұмыстың түрлі формасын зерттеу
Бастауыш сыныпта үлгермейтін оқушыларды оқытудың әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz