Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін халық ертегілері негізінде тәрбиелеу


ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР» ФАКУЛЬТЕТІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР КАФЕДРАСЫ
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін халық ертегілері негізінде тәрбиелеу»
Орындаған Ниязова Ж. Ғылыми жетекшісі, п. ғ. к., доцент: Кішібаева Д.Түркістан 2016
Ф-ОБ-001/033
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
«Педагогикалық ғылымдар» кафедрасының
меңгерушісі, п. ғ. к., доцент. м. а.
Рысбекова А.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін халық ертегілері негізінде тәрбиелеу»
Орындаған: Ниязова Ж.СПП -111тобы
Ғылыми жетекшісі:
п. ғ. к., доцент: Кішібаева Д.
Түркістан 2016
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл дипломдық жұмыста кeлeci нормативтік құжаттарға ciлтeмeлep көрсетілген:
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
Білім беру бағдарламасы.
- Мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру стандарты-жоғары білім беру құрылымын, мазмұнын және жоғары білімнің негізгі бағдарламаларының көлемін анықтайтын құжат.
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл дипломдық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар көрсетілген:
- Мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру стандарты -жоғары білім беру құрылымын, мазмұнын және жоғары білімнің негізгі бағдарламаларының көлемін анықтайтын құжат.
- Білім беру бағдарламасы -білім беру мазмұны мен оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін сипаттайтын білім беру мекемелерінің нормативтік - басқару құжаттары.
- Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың«Қазақстан-2050» стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан халқына жолдауында: Заманауи білім беру жүйесінің және кадрларды қайта даярлаудың негізгі бағдарында 2020 жылға дейін ұзартуға шешім қабылданғанын көрсеткен.
- «Қазақстандық патриотизм»ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді.
- Отаншылдық сезім- адамға туа біткен қасиет емес.
- Ертегі- халық ауызекі шығармашылығының бір тармағына жататын, атадан балаға ауызша берілетін, халықтың аңсаған арман-қиялынан туған шығарма. Ертегілердің өзіндік құрылымы, көркемдік ерекшелігі бар.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚР МЖМБС - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
БМ - Бастауыш мектеп
ШБ - Шығармашылық белсенділік
ХЕ - Халық ертегілері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 6
1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ПАТРИОТТЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін халық ертегілері негізінде патриоттыққа тәрбиелеудің мәні . . . 9
1. 2 Оқушылардың белсенділігін халық ертегілері негізінде патриоттыққа тәрбиелеудің ерекшеліктері . . . 25
2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ПАТРИОТТЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1 Оқушылардың белсенділігін халық ертегілері негізінде патриоттыққа тәрбиелеу жолдары . . . 36
2. 2 Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін халық ертегілері негізінде тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері . . . 49
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 67
ҚОСЫМША
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі : Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан халқына жолдауында: Заманауи білім беру жүйесінің және кадрларды қайта даярлаудың негізгі бағдарында 2020 жылға дейін ұзартуға шешім қабылданғанын көрсеткен [1] .
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының негізгі міндеттерінің бірі баланың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды міндеттесе, Қазақстан Республикасының мектеп жасына дейінгі балаларға қолдау көрсетіп дамыту концепциясы шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған білім саласындағы нормативті-құқықтық құжаттары адамның шығармашылығын дамытуды басым бағыттардың бірі ретінде қарастырады. Сондықтан жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігін, шығармашылық қабілетін, шығармашылық ойлауын, белсенділігін әрбір баланың жаңа білімді игеруіне, интеллектісі мен ойлау қызметінің артуына қажетті ықпал ретінде дамыту өзекті мәселелердің біріне айналып отыр [2] .
Бастауыш сынып оқушыларының ақыл -ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс -әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге еске сақтау, ойлау, елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Бала дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта мен білім, білік дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Бастауыш сынып оөушыларының ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау үрдісі анализ, синтез, салыстыру, топтастыру жалпылау, тұжырымдау логикалық амалдарынан тұрады. Ойлаудың осы амалдарын қолдана алуынан балалардың оқу әрекетінің жемісі көрінеді. Бұл жөнінде М. Жұмабаев [3] : «Ойлау- жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан мұғалімнің баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап істеу керек» -деген.
Оқушының қажеттілігі мен қызығушылығын түсіне білу, ой - өрісін іс - қимылын жан - жақты дамыту мұғалімнің басты міндеті.
Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерінің тәрбиелік рөлі К. Ушинский [4], Д. Макаренко [5], В. Сухомлинский [6] еңбектерінде ерекше көрініс тапқан. Аса көрнекті педагог В. Сухомлинский өзінің педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп оқушыларын тәрбиелеу және дамыту мәселелерімен шұғылданды. Ол ертегілерсіз творчествасыз, қиялсыз толық мәнінде тәрбие жүзге аспайды деп саналады.
А. Байтұрсынов [7] «ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керегіне қарай жауап беріледі» деп ой қорытады. Ертегі халықтың қиялынан пайда болған. Сондықтан оның авторы халық. Бертін келе ауыздан-ауызға тарап, келешек ұрпаққа жетіп отырған. Ертек айтушыларды - ертекшілер деп атаған. Ертегі туралы анықтаманы М. Әуезов [8] былай деген: Ертегі деп баяғы замандағы елдің дүниеге көзқарасын білдіретін, сол көзқарастың белгілі ізін көрсететін, онан соң елдің белгілі салтын білдіретін, арнаулы үлгі айтатын, жамандықты жерлеп, жақсылықты көтеріп айтқан, ойдан шығарған көтерме әңгімені айтады. Бұл анықтамада шыншыл ертегі жайында еш сөз айтылмаған. Ертедегі халықтың көзқарасы деп атаған.
Қазақ фольклоры Ж. Аймауытовтың [9], М. Жұмабаевтың [10], А. Байтұрсыновтың сондай-ақ М. Әуезовтың, С. Сейфуллин еңбектерінен де мол орын алғаны бар. Кейінгі кезде қазақ ертегілерін зерттеуге М. Әуезов, Е. Ысмайыловтар өз үлестерін қосқан.
Халық ертегілері әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды рөл атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-құлқы бейнеленген. Мектеп оқушыларынының тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің оқушыларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік тәрбиелер беруде ғана емес, олардың белсенділігін қалыптастырып патриоттыққа тәрбиелеуде де маңызы өте зор. Ертегілер бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор.
Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілері негізінде патриоттыққа тәрбиелеудің мәнінің қажеттігі мен бұл мәселенің теориялық тұрғыда және ғылыми-әдістемелік жағынан зерттелмеуі, сонымен қатар бүгінгі нақты қалыптасқан жағдайында халық ертегілері негізінде белсенділігін қалыптастыру мүмкіндіктерін ескеру арқылы бұл мәселені шешуге бағытталған зерттеу жұмыстарыны туындап отыр. Біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты “ Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін халық ертегілері негізінде патриоттыққа тәрбиелеу ” деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты:Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін халық ертегілері негізінде патриоттыққа тәрбиелеудің мәнін ашу.
Зерттеу нысаны:Бастауыш сыныптағы педагогикалық үдеріс.
Зерттеу пәні:Бастауыш сыныпта оқушылардың белсенділігін қалыптастыру үдерісі.
Зерттеудің міндеттері:
- Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін халық ертегілері негізінде патриоттыққа тәрбиелудің мәнін анықтау;
- Балалардың белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерін пайдаланудың ерекшеліктерін қарастыру;
- Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін халық ертегілері негізінде патриоттыққа тәрбиелеудің жолдарын анықтау;
- Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін халық ертегілері негізінде патриоттыққа тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін қолдану.
Зерттеудің жетекші идеясы: Бастауыш сыныпта оқушылардың белсенділігін халық ертегілері негізінде тәрбиелеу өзін-өзі дамыту және бағалау мүмкіндігіне ие болуға негіз болады.
З ерттеу әдістері : психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу мәселесі тұрғысынан талдау, жинақтау, қорыту, мектеп бағдарламалары, әдістемелік құралдарын талдау және жүйелеу; білім беруді ақпараттандыруға байланысты құжаттармен танысу.
Зерттеудің ғылыми жаңалықтары:
Оқушылардың белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерінің тәрбиелік мәнінің айқындалуы;
- Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін халық ертегілері негізінде патриоттыққа тәрбиелеудің ерекшеліктерінің қарастырылуы;
Оқушылардың белсенділігін халық ертегілері негізінде патриоттыққа тәрбиелеудің жолдарының нақтылануы;
- Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін халық ертегілері негізінде патриоттыққа тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерінің қолданылуы.
Қорғауға ұсынылатын ғылыми тұжырымдамалар мен нәтижелер:
- Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін халық ертегілері негізінде патриоттыққа тәрбиелеу жолдары.
Оқушылардың белсенділігін халық ертегілері негізінде тәрбиелеужің әдіс-тәсілдері.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ПАТРИОТТЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін халық ертегілері негізінде патриоттыққа тәрбиелеудің мәні
Белсенділікті психологилық-педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл бастауыш мектеп кезеңіндегі оқушылардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, білім беру мекемелерінің тәрбиелеу және оқыту үрдісінде оны қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді.
Психологиялық - педагогикалық әдебиеттердегі талдауда Жарықбаев Қ. [11], сонымен қатар Шамова Т. И. [12] С. Л. Рубинштейн [13], А. Н. Леонтьев[14], А. П. Усова [15] және т. б. тұлғалық сапа ретіндегі белсенділіктің ерекшелігінің психологилық, педагогикалық жөне биологиялық сипатта айқындалатындығын көрсетті.
Есейген адам балаға күшті педагогикалық әсер етеді, ол өзара әрекет үрдісінде кешенді әдістер мен тәсілдер көмегімен белсенділікті қалыптастырады, бастауыш сынып оқушыларының психикалық: ойлау, қабылдау, ес, зейін, сөйлеуді, өзіне сенімділікті және ынталылықты дамыта отырып, олардың белсенділік пен шығармашылыққа бой алуына көмектеседі. Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін дамыту мәселесі ұстаздардан теория және практикада жаңалықты іздеуді талап етеді, бүгінгі жағдайдағы анықтаушы мағынаға ие, оқытудағы белсенділік принципін жүзеге асыруға бағытталған оқудың мазмұнын, формасын, әдістері мен тәсілдерін, жағдайлары мен құралдарын әлі де жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктерді іздестіруді керек етеді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар мектеп оқушыларының өзіндік танымдық іс - әрекеттеріне қатынасының қалыптасуымен тәуелді болып келеді.
Психологиялық жақтағы мәселелері мына түсінікке негізделеді: белсенділік оқушының психологиялық дамуының нәтижесі болып табылады. Қабылдау оқуды қамтитын белсенді үрдіс. Оның негізін сезім мүшелерінің жұмысы құрайды. Психология ғылымында қабылдау түсіну синтезінің нәтижесінде елестету мен бұрынғы тәжірибе кемегімен пайда болады. Бастауыш мектеп оқушыларының есінің даму проблемасы көптеген кеңестік психологтарды қызықтырды. Л. С. Выготский [16] баланың есін күрделі іс-әрекет ретінде қарастырып, ол тек баланың үлкендермен қарым-қатынасы кезінде және белсенді ойлау әрекетінде қалыптасады деген. Бұл ойды Шукина Г. И. [17], Скаткин М. Н. [18], т. б. өз зерттеулерінде дамыта түсті. Барлық психикалық танымдық үрдістерін ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады.
Ол басқа танымдық үрдістердің қасиеттері мен сипатын анықтай отырып, олармен бірге жүреді және тығыз байланыста болады. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру - бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады.
Бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын, белсенділігін арттыру олардың ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туғызады.
Ойлау қызметінің белсенділігін арттыру үшін балалардың танымдық қызметін дамытатындай өзіндік пікір, қорытынды шығаруға түрткі болатын ойын-сабақтарды ұйымдастыру қажет, Танымдық үрдістерде бір интеллектуальды іс-әрекетке біріктірілген сыртқы және ішкі әрекеттердің синтезі пайда болады. Қабылдауда бұл синтез әрекеттермен көрінеді, зейінде - сыртқы және ішкі жұмыс жоспарын басқару және бақылау іскерлігі, ал материалды есте сақтауға және қайта жаңғыртуда оның және ішкі құрылымдарының бірігуі байқалып, бұл тенденция ойлауда ерекше айқын көрінеді. Бұл практикалық тапсырмалар мен есеп амалдарын орындап шешуде көрнекі-әрекеттік, көрнекі бейнелік, сөз-логикалық әдістердің бір үрдісте бірігуі ретінде көрінеді. Бұл жерде психиканың дамуы жеке үрдістердің арасындағы байланыстылық пен касиеттердің артуы ретінде қаралмай, сонымен катар баланың танымдық белсенділігінің сипаттамасын анықтайтын тұрақты ішкі және сыртқы құрылымдарының пайда болуы ретінде қарастырылады.
Белсенділіктің құрылуы мәселесінің педагогикалық қыры Пидкасистый П. И. [19] т. б. зерттеулерімен байланысты. Олардың жұмыстарында баланың айналасындағы адамдармен, сыртқы ортамен кеп аспектілі өзара әрекеттестігі кезінде баланың белсенділігін ете ерте жастан дамыту керектігі дәлелденген
Бастауыш сыныпта оқушыда қызығушылык және сол жаңаны, белгісізді білуден туындайтын қанағаттану сезімі пайда болады. Оқушыларда «Неге? Нелікген? Не үшін?» деген сұрақтарда көрінетін білімге құштарлық айқын байқалады. Яғни, қоршаған әлем затгары мен құбылыстарының тәуелділігі мен байланыстарының себеп-салдарлығын анықтау және оны жете түсінуде көрінеді.
Оқушыда белсенділік қана жеке тұлғаның дамуының факторы және өлшемі болып табылғандықтан, танымдық қабілеттердің құрылуы балалардың жалпы кешенді тіршілік әрекетінің дамуымен заңды түрде байланысты болып келеді. Оқушылардың аралас білімдерінің, ұғымдарының дамуы мен қарқынды түрде жинақталуы оқыту үрдісінің энергиясы. Оқушылардың белсенділігі әлсіремесін десек, сабақта алынған жаңа білімге деген қанағаттану сезімі келесі жаңа сабаққа деген аса қызығушылық сезімімен байланыстыра отырып құрастырылуы қажет. Оқушылардың психикалық дамуында айқын сипатталатын ерекшеліктер еркіндік, ниеттілік психикалық үрдістердің мақсаттылығы, қоршаған әлем шындығын оның көптүрлі көріністерін меңгеруі, таным үрдістерінде еріктің қатысуымен кеңеюі және олардың танымдық іс-әрекеттерін құрайтын негізгі элементтерінің сәйкесінше тез құрылуымен анықталынады.
Тәжірибелік зерттеулерде бала дамуында қиялдың екі түрі (сезімдік және танымдық) жүзеге асады. Танымдық қиялдың басты міндеті - ақиқат өмірдің белгілі бір түрде бейнеленуі. Сезімдік қиял, белгілі бір жағдайға байланысты қайшылық болғанда, баланың өзіндік «Мені» қалыптасқанда және оның құрастырудағы бір механизм болады. Зерттеуде қиялдың даму қызметінде үш түрлі компонентті бөліп көрсетті:
1. Көрнекілікке сүйену;
2. Өткен тәжірибесін қолдану;
3. Ерекше ішкі позицияны қолдану.
Осы үш компоненттің қолдануында халық ертегісінің айрықша орнын анықтап, зерттеуге мән берілді.
Қиял - қоғамдық тәжірибені меңгерудегі алғышарттары болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды. Баланың қиялы ересектерге қарағанда әлсіз. Л. С. Выготскийдің тұжырымына сүйенсек, «Бала қиялының дамуы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады. Қиялда болатын барлық образдар, қаншама таңғажайып болып көрінгенмен де, баланың өмірден көрген-білгенінен негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір жағдайларды өзіндік қабылдаумен түсіндіргенде, үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай болып естіледі».
С. Л. Рубинштейннің [20] айтуынша «Қиял - бұл образдық форманы іске асыру, өзгеріске енгізу» деп түсіндіреді. Л. С. Выготский [21] мен Ильина Т. А. [22] қиялдың ерекшелігіне қарай оған арнайы психикалық процесс деп қарауға мән береді
Атақты психолог Кудрявцев В. Т. [23] баланың қиялы біртіндеп өмір тәжірибесінің молаюына байланысты қалыптасады деген қорытындыға келеді. Қазіргі кездегі психологтар мен педагогтар баланың жеке басының дамуындағы қиялдың маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық жұмыста көрсету, үйрету, көркемдік әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмыс жасауына жағдай жасау, яғни, еркіндік беру керектігін айтады. Сонымен қиялдың дамуы төмендегідей үш компоненттен тұрады:
Бірінші дәрежеде қиял қоршаған болмыспен байланысты, дайын нәтижені ойластыруға мүмкіндік береді. Екінші дәрежеде баланың өткен тәжірибесімен байланысты, бірақ сонда да заттық байланыстың рөлі бар. Үшінші дәрежеде қиялдың дамуы балаға ақиқаттан қиялдың қозғалысының жоғарғы формасы - ой - пікірден оның іске асуына байланысты.
Тәжірибеде негіз болған оқушылардың құрастырған ертегілері мен қызықты әңгімелері ұйымдасқан түрде мағыналы, жүйелі, өз бетінше еркін жүргізілген жұмыс, қиялдың дұрыс дамуына апаратын көп жолдың бірі болды деп есептейміз. Бастауыш сынып оқушылары өз қиялында алуан түрлі жағдайлар құра алады және баланың өзі сонда әртүрлі жағынан көрінеді. Ойын барысында қалыптаса отырып, қиял басқа да іс-әрекет түрінде өте алады. Тілі және қиялы жақсы дамыған бала қызықты сюжетті тез арада жанынан ойлап шығара алады. Қиялдың үздіксіз жұмысы - оқушының айналадағы әлемді танып-білуінің және игеруінің маңыздылығы, бұл жеке тәжірибе аумағынан шығудың әдісі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz