Бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастыру


Мазмұны
Кіріспе
І-бөлім Бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері.
1. 1Оқушылардың гумандық қасиеттерін қалыптастырудың педагогикалық - психологиялық мәселелері.
1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастырудың жолдары
ІІ-бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі.
2. 1 Бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін
қалыптастырудың әдіс-тәсілдері
2. 2. Қазақ халқының салт-дәстүрлері арқылы бастауыш сынып оқушыларын гумандық қасиеттерге тәрбиелеу.
2. 3. Сабақ жоспарының үлгілері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша
КІРІСПЕҚоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерістердің адам баласының жеке тұлғалық қасиеттерін ықпал етуімен қатар оның қалыптасуына да әсерін тигізуде. Бұл жағдайда адамзат баласының ізгілік қарым-қатынастарды түзетін ізгі қасиеттері көкейтесті мәселе ретінде қарастырылады. Оның негізі ретінде адам, қоғам, табиғат заңдылықтарын және халықтың қоршаған ортаға ықпал ету дәстүрін назарға алмау салдарын айтуға болады, Адам баласы қоғамда өзінің ізгілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, әділеттілігімен, адалдылығымен ардақталады
Гумандық қасиеттер мектептен қалыптаса бастайтыны белгілі. Қоғамның алға басуымен болашағы бүгінгі мектеп қабырғасынан білім алып шыққан оқушылардың ізгілікті, адамгершілікте қалыптасқан жас ұрпақтарымыздың тәрбиесіне байланысты. Жалпы адамзаттың және өз ұлтымызбен басқа елдерде өмір сүріп жатқан халықтардың тарихымен мәдениетін ескере отырып, ұлттық рухани мәдениетінің қайтадан жаңаруына байланысты өскелең ұрпақтың жалпы дүниетанымын, ізгілікті адамгершілік қасиеттерін байыту және олардың өсуін қамтамасыз ету - білім берумен тәрбиелеу ісінде басшылыққа алар маңызды қағидалардың бірі.
Жеке адамның бойында басқада жоғары адамгершілік, гумандық қасиеттерді қалыптастыруда біліммен тәрбие беру мәселесінде жал пы орта білім беретін мектептермен отбасының орыны айырықша. Өйткені адамгершілік сезім, адамгершілік сана, адамгершілік сенім және ізгілік мінез-құлық дағдылары мен тұтас педагогикалық үдеріс (процес) барысында қалыптасады.
Жас ұрпақ тәрбиесінде өз ұлтымыздың халық педагогикасының (этнопедагогика ) жеке ғылым ретінде қалыптасқан алғашқы туындыларды жазған демократ ағартушыларымыз Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, С. Торайғыров, А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаевтар өз еңбектерінде ұрпақ тәрбиесінде халық педагогикасын пайдалану жолдарын ғылыми тұрғыдан қарастырды.
Бүгінгі таңда қазақ этнопедагогикасы материалдарын Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, С. Әбиев, Ж. Наурызбаев, Қ. Қожахметова, т. б. көптеген ғалымдар айналысып келсе, қазақ этнопедагогикасы арқылы адамгершілікке тәрбиелеу ісімен айналысып, арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдарға О. Асанова, Ә. С. Өмірова, А. Е. Дайрабаева, А. К. Қасымова, Р. К. Төлеубекова сынды бірқатар ғалымдар еңбектер жазған.
Бастауыш сынып оқушыларын гумандық қасиеттерге тәрбиелеуде халық педагогикасының озық дәстүрлерін пайдалану әрбір отбасының және бастауыш сынып мұғалімдерінің міндеті болып отыр.
Көптеген ғалымдар, мектеп оқушыларын қазақ тілі, ана тілі, музыка, сабақтары арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеудің мәселесін теориялық, практикалық тұрғыда зерттегендіктерін атап өтуге болады.
Дегенмен, әр ғалым өзінің ғылыми қызығушылық мүддесі негізінде ұрпақты адамгершілікке, гумандық қасиеттерге тәрбиелеудің жолдарын қарастырып әр қырынан зерттеген. Алайда бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу сабақтары арқылы ізгілікті адамгершілікке тәрбиелеу мәселесіне арналған оқу әдістемелік еңбектерді кәзіргі кезде сұраныстардың көптеп түсіп жатқаны белгілі. Күнделікті тәжірибеден белгілі болғандықтан, біз бастауыш сыныптар үшін оқушыларға ізгілікті-адамгершілік тәрбиесін беру ісінде оқушыларды еңбекке баулуда тиімді пайдаланудың жаңа әдістерін қолдануға арналған әдістемелік-нұсқаулар жеткілікті деңгейде бар деп айта алмаймыз. Ал қазіргі таңда Қазақстан Республикамыз егемендік алған уақытта әлемдегі өркениетті озық елдер қатарында болуға мақсат етіп отырған кезде еліміздің ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде оқушыларды ізгілікке бүгінгі күннің талабына сай тәрбиелеу мәселелер көтерілуде.
Ал біз айтып отырған мәселе төңірегінде еліміздің тәуелсіздік мемлекет болып қалыптасқанға дейін, яғни адамгершілік, гумандық қасиеттерін оқушылар бойына ана тілі сабақтары арқылы қалыптастыру мәселесі ғылыми тұрғыда қарастырылмаған. Осы олқылықтардың орнын толтыру қазіргі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан бүгінгі жас ұрпақтың бойында берілетін ізгілікті, адамгершілік жөніндегі мәселелердің көтерілуі уақыт талабы. Осы мәселелердің шешімін табудың жолдарын қарастырылуда біз жазып отырған дипломдық жұмысымыздың тақырыбын “Бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастыру “деп таңдауға себепші болды.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастыру.
Зерттеудің пәні: Оқу-тәрбие үдерісіндегі ана тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларын гумандық қасиеттерге тәрбиелеу.
Зерттеудің нысаны: Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеудің міндеттері:
- гумандық қасиеттерге қалыптастырудың психологиялық, педагогикалық еңбектерге талдау жасау;
- оқушыларды гумандық қасиетке баулудың жолдарын қарастыру.
Зерттеудің әдістері: Қазіргі қоғамның жаңару негізіне сай халықтық педагогиканы тәрбие үдерісінде қолдану;
оқу- тәрбие үдерісінде бастауыш сынып оқушыларын халықтық педагогика негізінде гумандық қасиеттерін қалыптастырудың әдіс- тәсілдерін айқындау;
Диплом жұмысының құрылымы : Кірспеден, 2 бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
І-бөлім Бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері.
. . .
1. 1 Оқушылардың гумандық қасиеттерін қалыптастырудың педагогикалық - психологиялық мәселелері.
. . .
Еліміздің егемендік алуына байланысты өз ұлтымыздың бала тәрбиелеу мен оқыту мәселесінде ғасырлар бойы жинақталған, асыл мұра ретінде осы күнге дейін жеткен озық ой-санамызды қорытып бір жүйеге келтіру, оны жалпы халыққа тарату, жастарымыздың бойында ең алдымен мектеп мұғалімдері мен мектепке дейінгі тәрбиешілерімізді ұлттық дәстүрлер негізінде қайта тәрбиелеу-бүгінгі таңда кезек күттірмейтін мәселе.
Сондықтан бүгінгі таңда жаратылысында дана-ақылгөй, ілтипатты, сыпайы қасиеттер туа дарыған өз ұлтымыздың психологиясы мен педагогикасын ғылыми негіздеу, оны қайта жаңғырту негізгі мәселелердің бірі болды.
Дегенмен біздің ұлтымыздың мәдениетінде, тарихында, әдебиетінде, этнографиясында, халықтың білімінде, өмір тәжірибесінде педагогикалық озық идеялар молынан кездеседі. Дана халық өзінің болашақ ұрпағына даналық сөздерін қалдырмауы, ұрпақтан-ұрпаққа үлкен бір қамқорлықпен іріктеп сақтап, асыл ойларын паш етіп, төкпей-шашпай жеткізу халқымыздың даралық тұлғасы деп білеміз.
Бұл ойларды біз ең алдымен халқымыздың ауыз әдебиетінен, ұлттық мәдениетінен, ұлттық тілінен, тарихынан ағартушы педагогтарымыздың озық ой-пікірлерінен, ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымыздан сұрыптап аламыз.
Халық педагогикасының материалдары жинақталып ғылыми түрде жүйеленіп қазақ этнопедагогикасы аталуы тың мәселе болғанымен бұл ғылым үшін жаңалық деуге де болмайды. Себебі бұл мәселе ғалымдарымыздың бүгінге дейінгі еңбектерінде қаралып келді.
Әлемнің негізгі тұрақтысы-адам. Адамның ақыл-ой парасаты ойдағыдай дамып жетілсе, дұрыс өсіп өркендей алады. Бақытты болу, кәмлетке келу, қоғамдық тіршілікті жақсарту барлығы да білімге байланысты. Шын мағынасындағы білімділік үлкен адамгершілік сипаты.
Оның оқу-білім, тәлім-тәрбие мәселелері жайлы айтқан пікірлерінің құятын үлкен бір арнасы, адам атаулының, гуманистік ізгілік қасиеттерге баулу мәселесіне келіп тіреледі. “Білімді болу деген сөз, - деп жазды ол, -белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз… білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады”. Ол оқу, білім алу ғылым адамы болу, адамгершілік және тәрбие мәселелерімен тығыз байланысты деп көрсетеді. “Ғылымды үйрену үшін адамның арының тазалығы қажет” - дейді ұлы ұстаз.
Ол адамдардан шындықты, адамгершілікті, сыпайлыықты, әділдікті талап ететінін көреміз. Бұл ойды әрі қарай жалғастырушы түркі тілдес халықтардың аса көрнекті ақыны, ғалым Жүсіп Баласағұни (1015-1020ж) оның ғалымдық, ұстаздық, ақындық еңбегі “Құдатғу біліг” (“Құтты білік”) дастаны. Бұл дастан адамгершілік нұсқаларын, қоғамдық саяси ережелері мен заңдарды әдет-ғұрыптар нормасын қамтыған. “Құдатғу білікті” қазақша “Құтты білік” немесе “Бақытқа жету ғылымы” деуге болады.
Дастанда көтерілген тәлімдік маңызы зор келесі бір мәселе адамның мінез-құлқы, оның қоғамдағы орны туралы жәйіттер. Адам-бұл дүниеге қонақ, оның өмірі өткінші, сондықтан ол артынан ылғида жақсы сөзбен жақсы ісін қалдырып отыруы қажет.
Бұл үшін ол әркез жаман қылықтан сақтанып, адалдықпен жүріп-тұруы тиіс. Екі жүзді болмай, сөзбен істі бір жерден шығару қажет. Ол ақылдылықты адамның адам болуының, адамгершілік жағынан жетілуінің бірден бір өлшемі деп ақылдың көмегінсіз бұл дүниеде ешбір нәрсе шешілмейді деп түйіндейді.
“Адамға оның ақылы ғана дос”
“Парасат қараңғыдағы шырақ”
“Ақылсыз адамның жануардан айырмасы жоқ”
“Біліктілік пен ақылдыдық төбеңді көкке жеткізеді”
Бұл ойларды қорыта айтқанда, ғалым адам әр кез орағыта ойлап, ақылдылықпен әрекет етсе ғана көздеген мақсатына жете алады деп тоқтам айтады. Ақылды адам жұрт алдында құрметке бөленеді. Тіл адамды көкке көтереді. Адам екі нәрседе қартаймайды: бірі оның-игі ісі, екіншісі-ізгі сөзі. Олай болса, әр кез жақсы қылықпен қатар жақсы сөзің болсын, бұл екі қасиетің бір-бірімен байланысып жатсын.
“Жақсы болғың келсе жаман сөз айтпа, он мың сөздің түйінін он сөзбен шеш”. Бақ пен бақытқа жету адамның өз қолында. Бұл үшін ол аянбай еңбек етіп, өз бойынан адамгершілік қасиеттерді егіп отыруы тиіс.
Білімді болу-бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Білімсіз адам-надан топас. “Білімді босаға жақта отырғанымен біртіндеп төрге шығады”. Нағыз білімділік адамгершілік, имандылық қылықпен нұрланып тұруы тиіс, деп тұжырмдайды.
Баласағұнның бұл ойлары қазіргі нарықтық экономикалық қатынаста өмір сүріп жатқан мектеп оқушыларына ізгілік тұрғыда парасатты болуды меңзейді .
Қазақ халқының мәдениетін жан-жақты зерттеп, ұлттық ағарту ісінің ғылыми еңбектеріне ұлкен үлес қосқан ғалым, география қоғамының толық мүшесі Шоқан Уәлиханов (1835-1865 ж. ) болды.
Тәңір туралы тәлімдік еңбегінде отты құдірет деп тану, отқа май құйып ырым жасау, отқа түкірмеу, аруақты сыйлау, құдайы садақа беру, айға қарап тілек айту, малды теппеу, оның сүйегін баспау, сүтін төкпеу тағы басқа сол сияқты дінге байланысты халықтың салт-санасына айналған ырымдардың зор тәрбиелік мәні бар екенін дәлелдеп, ол тәрбиелік мақсаттардың орындалғанын өмірден көріп, ұлттық ізілік тәрбиенің өзекті мәселесі етіп көрсетеді.
Сондай-ақ “Аққуды атпа”, “Үкіні үркітпе”, “Құстың жұмыртқасын жарма”, “Құстың ұясын бұзба” деген тыйымдардың зор экологиялық-паториоттық тәрбиелік мәні бар екенін адами тұрғыда тірі табиғат, өлі табиғатты қорғай білуіміз керек деп жастарға үлгі-өнеге тұтады.
Ғалым қазақ халқының ұлттық психологиясын былай сипаттаған: “…қазақ барлық сенім, әдетімен де, ойын сауығымен де, аңыздар, өлең-жырлар жасаумен де, сауыққа құмаршылығымен де, халықтың заңының көптеген кодекстерін сақтаумен де, ең ақылдылардың қатарына қосылады ”- деп өз халқын жоғары тұтқан.
Шоқан Уәлихановтың пікірінше халықтардың ұлттық психологиясын көрсететін белгілердің бірі-сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері болып табылады. Ғалым халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын, мәдени мұра етуді мақсат етті. Оған жетудің жолдарын халыққа білім беру ісінен, ұлттық мәдеиетті дамытудан іздеді.
Бұдан біз Шоқан Уәлихановтың барлық еңбегі халықтық педагогика элементтерін өзек еткенін байқауға болады. Әрине бүгінгі күнде бастауыш сынып оқушыларының Атамұра ұсынған жаңа оқулықтарыныңда Шоқан айтып өткен тәлім-тәрбиелік ойлары түгелдей қамтылып, зерделеніп оқушылар бойына ізгілік тәрбие болып құйылса дер едік.
Қазақ халқының ұлы ағартушы педагогы қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы ұстаз, ақын Ыбырай Алтынсарин (1841-1889ж) мұғалім болу үшін әрбір ұстаз ұстаздық қасиеттерін қалыптастыра білуі керек дей келе, “Мұғалім баланы тәрбиелеуші, оның қамқоршысы, егер бала бір нәрсені білмей қалса, ол бала кінәлі емес, оған кінәлі балаға түсіндіре алмаған ұстаздың өзі кінәлі. Ұстаз балаға сабыр мен салмақты қысқа сөйлеу керек, ол әрбір пәнді балаға түсіндіргенде ықыласымен, қарапайым тілмен түсіндіруге тиіс”-дейді.
Бүгінгі мұғалімнің бойында болатын жоғары білімді білгірлікті, шыдамдылықты, іздемпаздылықты қасиеттерді айтып тұрғанын байқаймыз.
Ақын педагог “Қазақ хрестоматиясы ” (1879) кітабында “Кел, балалар, оқылық” сияқты өлеңдері балаларды еңбекке, адамгершілікке ізгілікке тәрбиелейді.
Кел, балалар, оқылық.
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық,
Надандықтың белгісі-
еш ақылға жарымас,
Жайылып жүрген айуандай
Ақ, қараны танымас.
Адамның ең басты қасиеті- оның адамгершілігі, ізгілігі деп түсінген ұлы ағартушы ұстаз үшін ғылым мен білім қосыла, адамгершілікті таза сақтауға бірден-бір нәрсе деп көрсетеді.
Ы. Алтынсарин адамның ізгілік қасиетін адамгершілік санасын қалыптастыратын және оны жетілдіретін шешуші факторлардың бірі еңбек деп түсіндіреді. Дене еңбегімен ой еңбегін қатар алып жүрген адам ғана өмір биігіне жететіндігін ұғындырады. Адал еңбек, қанағат, мейірімділік, әділдік сияқты қасиеттер өмірдің мәнін құрайтын адамгершілікке жеткізетін қасиеттер деп түсінген.
Ы. Алтынсарин бала оқыту мен тәрбиелеуде ауыз әдебиетін жалғастыратын балалар әдебиетінің негізін қалады. Қазақ жерінде тұнғыш ұлттық мектептер ашып, ұлттық білім беру жүйесін құруға көп еңбек сіңірді. ”Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” деген еңбегінде тіл үйренудің нақтылай әдістемесін түзді. Оқушылардың тілін жаттықтыру, дағдыландыру жұмыстарын жүргізу, ол үшін пәндік және аудармашылық әдістемелерді пайдалану, ана тілін оқуда жеке сөздерді оқи білуге, өз мәнерімен айтуға үйрету, әрбір сөздің мағынасын терең түсіндіру, яғни әрбір оқушыны сөздік қорын молайту тәсілдерін қолдану ұстаздың әдістемелік жаңаша нұсқалары болып табылады.
Әсіресе оқыту әдістемесінде тіл дамыту ісіне көп көңіл бөліп, тіл дамытуда ең әуелі сөді дұрыс айта білуге үйретуді уағыздады. “Әрбір оқушы айта білген сөін жаза да білу керек” дейді ұстаз. Ұлы педагог адамның не нәрсеге болса да берік сенімі жүректен терең орын алмаса, ол әсерлік -тәрбиелік нәтиже бермейді деген тұжырым жасады.
Ыбырай Алтынсарин көтерген ұлтық тәлім-тәрбиелік, психологиялық, педагогикалық мәселелерді Абай Құнанбаев жалғастырды.
Абай Құнанбаев (1845-1904) қазақ халқының ұлы ақыны, қазақ әдебиетінің негізін салушы, ұлы ойшылы. Оның шығармалары эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерге толы. Ұлы ойшыл, адамдар жаратылысында бірдей емес дейтін тәсілді көзқарасқа қарсы шыға отырып (отыз төртінші қара сөз), “Адамның туысы, дене бітімі, шыққан жері, бармақ жері бәрі бірдей… Адам баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі-ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұл-тәннің құмарлығы. Екіншісі-білсем екен деу-жан құмарлығы… (қырық үшінші қара сөз) деп ой түйіндей келе, “Адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты ақыл, ғылым, ол талантылықпен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі…” деген қорытынды жасайды.
Пайда ойлама, ар ойла
Талап қыл, артық білуге
Артық білім кітапта
Ерінбей оқып көруге.
“Ақыл ардың сақтаушысы”- деп қарап, адамгершілік ізгілік қасиеттерін жоғары бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріптейді.
Талап, еңбек терењ ой,
Қанағат, рахым-ойлап қой.
Бес асыл іс көнсеңіз -деп жастардың бойында қандай қасиеттердің болуы керектігін тізбектейді. Ақылды азамат болу үшін адам бойындағы қасиеттердің үш нәрсеге байланысты екендігін айтады:
“Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық болсың елден бөлек, ”- деп адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық, салғырттық, жалқаулық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты ақыл мен ой тудыратынын айта келіп, естігенді есте сақтап, көргеннен үлгі - өнеге алу, жаман әдет дағдылардан бойын аулақ ұстау, ұстамды болу сияқты ізгілік қасиеттерді қастерлейді. “Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнде болмаса жұмасына бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен-өзің есеп ал”-дейді.
Яғни адамның өзін - өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады. “Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім”-дейді. Адам заманына сай болуы керек екендігін айтады. Ұлы ақын Абайдың педагогикалық көзқарастарындағы басты нәрсе “Атаның баласы болғанша, адамның баласы бол… жақсы көпке ортақ, пайдаң елңње, халқыңа тисін”, деген гуманистік ой-пікірді айтады.
Абай оқып-үйрену, білім алу үшін үш нәрсені білу керек:
- “Ықылас қойа тыңдау керек
- Тыңдағаныңды бірнеше рет ойда қайталау керек.
3. Ой кеселдерінен сақ болу керек ”, - дейді, мұнда оқушылардың бойында гумандық қаситеттерді баса көрсетеді. Бұл ой қазақ халқының педагогикасының негізі бола алады деп түйіндейді.
Данышпан ақын осындай көсем сөздері арқылы өзінің дүниетанымдық, тәрбиелік ойларын оқушыларына қарапайым баяндап, ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптардағы тәрбиелік жолдарын көрсеткен.
Адамгершілік тәрбиесін сөз еткен ақын, шешен, аудармашы, данышпан философ Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) өзініњ шығармаларында оқу, білім алу, тәлім-тәрбие туралы өнеге өсиет сөздерін қалдырды.
“Бар ғылымның атасы таза ақылмен ойлану”, - деп білімді ой санаға сіңіру үшін “таза аќыл” керек екенін түсіндіреді.
“Мұғалімнің өмірі” - деген дастанында ол ой дамытып, данышпандыққа, білімін дамытып ғұламалыққа жету үшін әрбір адам өмірге жауапкершілікпен қарап, талпынып, талаптанып, өздігінен білім алуға ұмтылу керек екенін баяндайды. Бұдан біз бүгінгі күндегі өркениет деңгейінде білім алуға ұмтылып жатқан оқушыларды, жастарды таза ақыл ойман меңгерген білім ғана жетелей алады деген ой тұжырымдаймыз.
Шәкәрім өзінің “Дүние мен өмір” деген өлеңінде дүние сырын ұғу, мінезді, мінді түзеу өзіне байланысты, ол үшін талаптан, талпын, адал еңбек ет, өз мініңді өзің көріп түзете біл дейді:
“Бейнет көрмей, біреуге бейнет берме,
Дүние-алдамшы, өмір қу деп есірме.
Қамдан, сақтан, қағып бақ бәле келсе,
Бәрін құдай қылды дегенге ерме”.
ңњбекке дәуелет дайын,
Жаратқан жоқ жатсын деп бір құдайың.
Ойласын деп ой берді, көруге көз,
Аяқ берді, тапсын деп басқан сайын, -деп әдептен озба, сабырлылық, салмақтылықң, өмірдегі байлық пен бақыт еңбекпен келеді, тек талаптанып, талпынсаң сол қолыңа өзі келіп қонады дегенді айтады. Ұлы ғұламалардың осы шығармаларынан оқушылардың бойында гумандық қасиеттерді қалыптастыру жолдарын көреміз. Сонымен қатар ізгілік, адамгершілік, ақыл-ой, еңбек тәрбиелеріне көп көңіл бөлінгенін аңғарамыз.
Қазақтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов (1873-1938) қазақтың халық педагогикасын жан-жақты зерттеп, қазақ этнопедагогикасының негізін қалады. Ол барлық шығармаларында ұлттық тәрбиенің мәнін ашады және қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыттай отырып жастардың бойында гумандық қасиеттерді қалыптастыру жолдарына аса көп мән берген. “Әліпби”, “Тіл құралы”, “Әдебиет танытқыш” кітаптарын жазды. “Әдебиет танытқыш ” кітабында былай деп жазды:
“Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, қиялымызды, көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол-сөз өнері болады”-дей келе сөз өнерінде тіл қиысыны ерекше роль атқаратынын басып айтады. “Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас”, -деп сөз өнері тіл тазалығына байланысты екенін дәлелдеп, мәнін ашады.
А. Байтұрсынов туған халқының ғылым-білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең болмаса, бастауыш білім алуын аңсады. “Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білімде сондай керек”-дейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz