Педагогикалық бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастыру


Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
КІРІСПЕ: 1 Бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастырудың теориялық негіздері
3:
КІРІСПЕ: 1. 1 Гуманистік көзқарас қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
3:
КІРІСПЕ: 1. 2 Қазақстан Республикасында оқушылардың гуманистік қөзқарасын қалыптастыру жұмыстарының мазмұны
3:
КІРІСПЕ:
  1. Қазақ этнопедагогикасының тәрбие құралдарының гуманистік сипаты мен оның ізгілік мазмұнындағы ерекшеліктер
3:
КІРІСПЕ: 2. Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үдерісінде оқушыларының гуманистік көзқарасын қалып-тастырудың ізгіліктік мазмұнын пайдалану
3:
КІРІСПЕ:
3:
КІРІСПЕ: 2. 1 Қазақ этнопедагогиканың тәлім-тәрбие құндылықтары негізінде бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастыру жағдайы
3:
КІРІСПЕ:
3:
КІРІСПЕ: 2. 2 Бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастырудың ізгіліктік мазмұнын пайдалану әдістемесі
3:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3:

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасында қабылданған білім беруді гуманитарландыру тұжырымдамасында жалпы адамзаттық құндылықтар мен Қазақстанның ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, өтпелі кезеңде гуманитарлық білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын ұсыну, оның серпінді дамуы мен қызмет атқаруына жағдай жасау мақсаты көрсетілген [2] .

Гуманистік педагогика жүйесін уағыздап, бүкіл дүниеге белгілі болған педагогтар - М. Монтессори, Р. Штайнер, С. Френе. Олар түзген тәрбие бағыттары бұл күнде атаулы педагогика лауазымын алған.

Оқушыларда ізгілікті қалыптастыру мәселесіне қатысты А. А Бейсенбаеваның[-], мектеп білімін ізгілендірудің теориясы мен практикасы, Х. Т. Наубаеваның[-] балабақша балалары іс-әрекеттерін ізгілендіру мәселесі, Қ. Т. Әтемованың[-] оқушыларда гумандық қасиеттерін қалыптастыруда мектеппен отбасының бірлескен жұмысы.

Қоғамдағы әділдікті ешқашанда күштеу, зорлау арқылы жүзеге асыруға болмайды. Бұл рухани әлемнің заңдылығына қайшы келетін іс-әрекеттер. Тек адамға біткен ішкі нұрдың күшімен, шыдамшылық пен мойынсұнушылық арқылы барлық қайшылықты жеңіп шыққанда ғана руханилықтың есігі ашылады. Қаталдық пен қатыгездіктің арасы жер мен көктей. Ал іштегі жылуы жоқ қаталдық-қатыгездік деп аталады

Ал, жақсылықтың өзіндік ерекшелігі туралы қазақстандық философ Қ. Әбішев былай дейді: «Жақсылықтың ешбір айнымайтын өлшемі - адамдардың әлеммен қатынасында да, өзара қатынастарында да олардың ешқашан өшпес құндылықтар екенін мойындап, олардың жалпы дүние болуының негіздерін сақтау, қастерлеу және оны бұзатын, оны былғайтын, оны тәрк ететіннің бәрін де жамандық деп қарау»[-] .

Міне, рухани өмірдің талаптарын қанағаттандыру мақсатында жаңа ғасырда қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени салалардың басты бағдары мен құндылықтары өзгеріп, білім беру жүйесінде ізгілік пен демократиялық ұстанымдар қалыптаса бастады. Әлемдік білім кеңістігімен үйлесімділікке бет алып отырған еліміздегі білім берудің жаңа мазмұны басқару жүйесіне тың жаңалықтар енгізілуін талап етеді.

Осы мақсатта біліктілікті арттыру жүйесін басқаруды білім беру үрдісіне қатысушы оқушы және мұғалім тұлғасының айналасына шоғырландыру арқылы тұлғаның бойында ізгіліктік, рухани қасиеттер пайда болатынын жаңа мазмұнда беру мәселесі көтерілуде.

Қазақ этнопедагогикасының тарихына жасалынған талдау қазақтың ұлттық мектебінің педагогикалық, психологиялық және ізгіліктік негізі халықтық тәлім-тәрбиеден, белгілі ақын-жыраулардың дүниетанымдық көзқарасынан бастау алып Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердиевтің педагогикалық ой-пікірінен жалғасын табатынын көрсетіп отыр. Олар адамның адам болып қалыптасып, рухани ішкі қуаты кемелденуі, оның өзіндік мұраттарына жете алуы әркімнің өз мүмкіндігіне байланысты екенін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан дәлелдеп көрсете алған [-] .

Тәлім-тәрбие ғылымына терең үңілген ұлтымыздың өткізіліп, пісірілмеген күйде берік негіз бола алмайды. Бұлардың арасынан жақсы, жаманның, алтыны мен мысын айырып ала білу үшін, тәрбие майданында шынығып ысылған тарландардың тәжірибелерімен, түрлі ұлттан түрлі заманда шыққан тәрбие ғалымдарының ойларымен жақсы таныс болу керек», « . . . Баланы тәрбие қылу - майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз . . . Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адамдық жолға құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын 4 жаны түгел кісі қылып шығару ізгіліктік тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған тұлғалық бағдарлы білім берудің педагогикалық заңдылықтарды талданады. Мысалы, ғылымда білім берудің субъектілігі «Субъектінің өзіндік өмір сүру ұстанымы» ретінде түсіндіріледі, Мақсат қою, жоспарлау, оқу әрекеттерін өзіндік бақылаудың саналы қызметі ретінде көрсететіледі, сол арқылы басқару төмендегі әрекеттерде жүзеге асырылады:

  • тұлғаның өзіндік құндылығын анықтау, өз бетіндік әрекетін ұйымдастыру;
  • тұлғаның жеке мәнді таныма негізінде білім беруді ұйымдастыру;
  • әр түрлі пәндер бойынша ұйымдастыру шараларында тұлғаның дербес және шығармашылық әрекетін қалыптастыру, т. б.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында жас ұрпақтың тәрбие жүйесін ізгілендіру мақсатында көптеген зерттеу жұмыстары орындалуда. Атап айтқанда, оқушылардың, білімгерлердің гуманистік қөзқарасын қалыптастырудың бүгінгі күйі болашағы туралы Е. З. Батталханов [-], Г. Жылқыбекова [-], С. Қожаева [-], М. Ералиева [-] Г. Нұрғалиева[-], Х. Рақымбекова[-], Ғ. Серікбаев [-], Р. Дабылтаева[-] т. б. зерттеулер жасаған.

Ізгіліктік туралы зерттеу еңбектерінде С. Қожаева «Оқу тәрбие үрдісінде ізгілік - адамгершілік, әдеп қасиеттерін қамтитын жиынтық, адамның жеке тұлғалық бейнесін сапалы көрсеткіші, қоғамның, тіршіліктің дамуымен, жалпы адамзаттық құндылықтардың өзекті тірегі, негізгі бастауы» десе, Х. Рақымбекова «Гуманитаризация» термині әдебиеттерде гуманитарлық ғылымдардың кеңеюіне. Баланы мұндай адам қыла алу үшін тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай шаршамай, үйрете білу керек . . . » дейді. . [-] Гуманистік көзқарас қалыптастыру гуманистік парадигмада «өмірге дайын адамды», «әрекет жасайтын адамды» Олай болса, гуманиcтік көзқарас әр уақытта гуманитарландырудың қажетті шарты болмайтындығын есте сақтау қажет. Гуманистік көзқарас гуманитарландырудың қажетті құрастырушысы болуы үшін ең кем дегенде оның адам бойында ізгі ниет пен ізгіліктік қасиеттерді қалыптастыруы міндетті болып саналады және жоғары мәдениет түрінде іске асырылуы қажет.

Қазіргі педагогикалық терминологияда «оқу-тәрбие процесін гуманитарландыру дегеніміз - гуманитарлық пәндердің ролін күшейту, оқу пәндерінің мазмұнының гумандылығын анықтау және оның жаңа бағалау нормаларын нақтылау, оқу процесін толық ізгілендіру»- болып табылады. Парадигмасын «білімді адам» парадигмасымен ауыстыруды жөн деп санайды. Барлық парадигмалардың осылайша алмастырылуы барлық оқытудың әдістемелік жүйесінің маңызын қайта ойластыруды талап етеді. Т. Кун [-], М. Н. Берулова [-], В. А. Сластенин [-], т. б. ғалымдардың пікірі бойынша, гуманистік тәрбие парадигмасы - бұл білім беру міндеттерінің біркелкі шешімін табатын нақты көзқарас пен айқын стандарты болып саналып отыр.

Сонымен, бастауыш сынып оқушыларын ізгілікке тәрбиелеу мақсаты - тұлғаның үйлесімдік дамуы болып табылады және педагогикалық үрдістің қатысушылар арасындағы қарым-қатынастың ізгілік сипат алуын көздейді.

Бүгінгі жаңа қоғамда болып жатқан терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім дамуына жаңа ықпалдарды талап етеді, қалыптасқан әдіснама мен педагогика ғылымының парадигмаларын өзгертуді қажет деп санайды. Білім беруді дамыту концепциясы тек қана білімнің теориялық ұстанымдарының жаңартылуына бағытталған, ал реформаның негізгі талаптарына жауап бере алмауда. Сол себепті Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдар аралығында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім берудің әрбір кезеңдеріне білім жүйелерінің жетілген жаңа үлгілерін енгізу міндеттелді, оның ішінде, гуманитарлық тәрбие парадигмасына айрықша назар аударылып отыр.

Алайда, жоғарыда қарастырылған жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сәйкес олардың гуманистік көзқарасын қалыптастыру мәселесінің зерттелмегенін аңғардық. Яғни жас ұрпақтың гуманистік көзқарасын қалыптастыру мәселесінің өзектілігі мен оның жас ұрпақтың жас ерекшеліктері арасындағы байланыстың толық белгілі бір педагогикалық қайшылықты тудырып отыр. Аталған қайшылықты шешу үшін біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастырудың ізгіліктік мазмұны» деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеу мақсаты : педагогикалық бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастырудың ғылыми педагогикалық ізгіліктік мазмұнын анықтау.

Зерттеу объектісі: Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні : қазақ этнопедагогикасы құралдарының көмегімен, бастауыш сынып оқушыларына гуманистік көзқарастарын қалыптастырудың ізгілік мазмұны.

Зерттеудің ғылыми болжамы : егер, қазақ этнопедагогикасындағы жеке тұлғаның сапалық қасиеттерін қалыптастыру жүйесін ғылыми педагогикалық тұрғыдан қарастырсақ, онда жеке тұлғаның адами немесе рухани құндылықтарды қабылдауына қандай да бір арнайы ұйымдастырылған педагогикалық шарт ықпал ететіні сөзсіз. Бұл педагогикалық шарттар негізінен гуманистік тәрбиенің ізгіліктік мазмұнын анықтаумен тікелей байланысты болғандықтан бастауыш сыныптарда гуманистік көзқарасын қалыптастырудың ізгіліктік мазмұнын тұжырымдаймыз. Бұл шартқа сәйкес жеке тұлғаның гуманистік көзқарасын қалыптасуы аталған процесті басқару қызметінің ерекшелігіне тәуелді болады. Бірнеше кезеңді қамтитын осы процесс жеке тұлғаның гуманистік көзқарасын қалыптастыру әрекеттерінің рухани құндылықтар мазмұнын, олардың ізгіліктік бағытын тәрбие мақсатымен сәйкестендірумен анықталынады. Гуманистік көзқарастың бүкіладамзаттық құндылықтарды қабылдаудың жетекші күші екендігі анықталып, оны қалыптастырудың жолдары көрсетіледі.

Зертеудің міндеттері:

  1. Бастауыш сынып оқушыларының тәрбие жүйесінің ерекшеліктерін айқындау.
  2. Бастауыш мектепте оқушылардың гуманистік қөзқарасын қалыптастыру.
  3. Бастауыш сынып мұғалімінің балаларға гуманистік көзқарасын қалыптастырудың ізгіліктік мазмұнын анықтап, оның тиімділігін зерттеу мәселесі бойынша жүргізілген іс-тәжірибелердің жайын зерттеу.
  4. Бастауыш сынып оқушыларының бойына адамгершілік, ізгіліктік қасиеттерін қалыптастыру.
  5. Бастауыш сынып оқушыларына ізгі сөздер айтуға тәрбиелеу.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық, философиялық, әдеби, ғылыми-әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасау; типтік жоспарларын талдау және салыстыру; педагогикалық эксперимент жұмысы; эксперимент нәтижесін бастауыш сыныптарда қолдану.

Зерттеу орны: Тараз мемлекеттік педагогикалқ институт

Зерттеудің негізгі кезеңдері :

Бірінші кезеңде зерттеу проблемасының теориялық кезеңдері жасалды, бастауыш сынып оқушыларына оқу-тәрбие ісінде мұғалімнің оқушылармен және гуманистік қөзқарасын қалыптастырудың ізгіліктік мазмұнын жетілдіру жолы белгіленеді. Алынған материалдар зерттеудің ғылыми аппаратын жасауға негіз болды.

Екінші кезеңде мұғалімнің оқушылармен тәжірибелік жұмыстар жүргізілгенін қадағалады. Бұл кезеңнің нәтижесіне жиналған материалдар қорытыланды.

Үшінші кезеңде жиналған материалдар талданды алынған нәтижелер мен қорытындылар мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендірілді.

Зерттеудің мазмұны: Кіріспеде (-бет) зерттеудің көкейкестілігі анықталған. Осы проблема бойынша зерттелген ғылыми еңбектерге шолу жасалынған. Зерттеудің ғылыми аппараты жасалынып, зерттеу мақсаты, міндеттері, зерттеудің ғылыми болжамы анықталған.

1 тарауда (- бет) зерттеу проблемасы бойынша ғылыми-теориялық әдебиеттерге педагогикалық талдау жасалынған. Зерттеудің проблемалық негіздері айқындалды.

2 тарауда (- бет) Бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастыудың ізгіліктік мазмұнына арналған ғылыми тәжірибелік эксперимент жүргізіліп, оның нәтижесі алынды.

Қорытындыда ( бет) зерттеу проблемасы бойынша педагогикалық тұжырым жасалынды

1 Бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастырудың ізгіліктік мазмұнының теориялық негіздері
1 Бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастырудың ізгіліктік мазмұнының теориялық негіздері: 1. 1 Гуманистік көзқарас қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері

Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер - қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi - жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы һәм парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн де алға тартып отырғаны шындық.

Ел Президентiнiң сөйлеген сөзінде: “. . Барлық дүние мектептен басталады. Сондықтан 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білім беретін жүйеге көшіп, педагогтардың профессионалдық деңгейі мен жаңа оқулықтар мен білім технологиялардың сапасын арттыруымыз қажет. ”, - деп, атай келе “Қазақстан - 2030” бағдарламасында: “ . . . бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз ұрпақтарын жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi болмақ [1] .

Қазақстан Республикасында қабылданған білім беруді гуманитарландыру тұжырымдамасында (1994) жалпы адамзаттық құндылықтар мен Қазақстанның ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, өтпелі кезеңде гуманитарлық білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын ұсыну, оның серпінді дамуы мен қызмет атқаруына жағдай жасау мақсаты көрсетілген [2] .

ХХІ ғасырда өркениетті дамудың талабы - қоғамды ізгілендіру, яғни әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді нысандарына қол жеткізуіне байланысты болып отыр. Ізгілендіру мақсатына жету құралы - зиялылықты қалыптастыруды, сезім, көңіл-күй мәдениетін тәрбиелеуді, өмірлік құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір жүйесін орнықтыруды көздейтін сан қырлы процесс - гуманитарландыру болып табылады. Өйткені біз ертеңгі күні өзіміз қалыптастыратын қоғамда өмір сүретін боламыз, сол себепті болашақ балаларымыз гуманистік көзқараста тәрбиеленгені тиімді болмақ.

Гуманизм (лат humanus-адамгершілік) адамгершілік, адамға деген сүйіспеншілік идеясын бейнелейтін қөзқарас. Гуманизм (адамгершілікті) -- әлемде адамды ең жоғары құндылық деп таныған біртұтас теориялық тұжырымдама. Бұл тұжырымдаманың басты ережесі тұлға қадір-беделін қорғау, оның еркіндігін тану және мойындау, бұл үшін қолайлы (өмірлік, еңбектік, оқу және т. б. ) жағдайлар түзеп беру. Гуманизм - бұл жалпы адам болмысының, сонымен бірге әрбір жеке тұлғаның әмбебеп маңыздылығын қолдау- қуаттау беретін идеялар мен құндылықтар жиынтығы. Құндылықты бағыт-бағдар және нұсқау көрсетпелер жүйесі ретінде гуманизм қоғамдық мұратқа айналып отыр.

Адам өзінің ойына, әрбір ісіне баға беріп отырады. Ізгі ойы, ізгі ісі, адамда жағымды сезім туғызады. Адамға пайда келтіретін жағымды ой мен істі ізгілік деп білеміз. Адам ойының және ісінің ізгі, не болмаса жауыз болуына қарап, сол ой мен іске іштен баға бергенде болатын жағымды не жағымсыз сезімдер мінез-құлық сезімдері деп аталады [98, Б 134] .

Оқу-тәрбие үдерісін гуманизациялау - оқушыға болған педагогикалық үстемдігімен танылған, педагог пен оқушы арасындағы қалыпты ізгілікті қатынастар орнату мүмкіндігін жоққа шығарған әміршіл педагогикадан бас тартып, оқушылардың тұлғалық еркіндігі мен жеке іс-әрекетіне аса жоғары мән беретін тұлғалық бағдарлы педагогикаға бет бұрыс. Бұл үдерісті ізгілендірудің басты мақсаты - оқушылардың оқымауына, өз мүмкіндіктерінен төмен оқуына, тәрбиелік істердің бейтарап қатысушысы немесе бұрқып тасыған өмірдің сырттай бақылаушысы болып қалуына мүмкіндік бермейтін жағдайлар жасау. Гуманистік педагогика әрдайым мектепті оқушыға икемдестіру тарапында, балаға қолайлы жағдай түзіп, оның «психологиялық қауіпсіздігін» қамтамасыз етуге ұмтылады.

Гуманистік педагогиканың талаптары:1) . тәрбиеленушіге адамгершілік қатынас; 2) . баланың еркіндігі мен құқына құрмет; 3) . Оқушы күшіне сай және түсінікті талаптар қою; 4) . тәрбиеленушінің қөзқарас - бағытын, тіпті ол қойылған талаптарды орындауға қарсылық білдірген жағдайда да - сыйлай білу; 5) . балаға шынайы болмысын танытуға мүмкіндік жасау; 6) . тәрбиеленушінің санасына тәрбиенің нақты мақсаттарын жеткізе білу; 7) . бала тәрбиесіне қажет болған сапа-қасиеттерді зорлықсыз қалыптастыру; 8) . тұлға намысы мен беделіне нұқсан келтіруші әдістерді қолданбау; 9) . Баланың өз наным-сенімдеріне қайшы келетін сапа-қасиеттерден бас тарту құқын тану.

Педагогикалық-психологиялық тұрғыдан алып қарағанда жастар арасындағы қарым-қатынастар мен іс-әрекеттердің ізгілікке негізделуі үлкендердің үлгісімен ұлттық тәлім-тәрбиеге тіреледі. Олардың ар-намысы, мейірімділік пен парасаттылық, адамды сүйе білу, жеке бастың ар-ұжданын, еңбегін қадірлеу т. с. с. шынайы адамгершілік қасиеттері қазіргі және болашақ ұрпақ бойына табылу үшін «жеке тұлғаны» дұрыс қалыптастыру жолын іздестіру керек. Оқушының жеке басының рухани дамуының дұрыс болуы үшін, оның іс-әрекеттерін (оқу, білім алу, тәрбие, даму, қалыптасу) жан-жақты жетілдіру арқылы біртіндеп дамыту көзделеді. Рухани даму тұлға қалыптастырудың өзегі болып табылады. Сондықтан адамның өмірдегі орнын, атқаратын міндеті мен қоғам алдындағы жауапкершілігін, қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерді дұрыс түсініп, еркін араласуын қамтамасыз ету, бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Ертедегі Шығыс және Еуропа философтарының еңбектерінде маңызды орын алады. Бұл гуманистік ақыл-ой ғұлама ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің есімдерімен байланысты, атап айтқанда әл-Хорезм, әл-Фараби, әл-Бируни, Ибн Сина, Омар Хаям, Ж. Баласағұни, М. Қашғари, С. Сарайи (Шығыс) . Олардың гуманистік идеясы гуманистік педагогиканың әрі қарай дамып, қалыптасуына негіз болды. Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, Я. С. Рогебашвили, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақтың ұлы ағартушылары: Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев.

Педагогикалық мұрадағы гуманистік идеялар 20 - 30 жылдардағы педагогтардың еңбектерінде айқын көрініс тапты. Мәселен, А. В. Луначарский, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев. Бұл ғалымдардың еңбектерінде гуманистік тәрбие педагогика ғылымындағы ең нәтижелі жүйе ретінде жобаланып, болашақ ұрпақтың гуманистік жолы болып қарастырылған. Алайда 30-шы жылдардағы қоғамдағы басқарудың әкімшілдік-әміршілдік бағыты тәрбиенің гуманистік негізін тығырыққа тіреді. Жеке адам тәрбиесін, оның проблемасы даурықпа сөзге айналды.

Қазіргі қоғамның жаңару бағыты, әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында гуманистік тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық. Сондықтан қазіргі заманның педагогика ғылымында адамның қарым- қатынасында гумандық қасиетті қалыптастырудың ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын зерттеу, қарастыру басты мәселеге айналып отыр. Адамдық тұлғаның бейнесі көрсеткіштерінің бірі - гумандық қасиет болуы, бүкіл адамзаттық құндылықтардың біріне саналады.

Осыған орай соңғы жылдары ТМД және егеменді Қазақстан Республикасы көлемінде адамгершілік проблемасы, гумандық қатынастарды зерттеумен шұғылданып келе жатқан көрнекті ғалымдар, педагогтар мен психологтар баршылық. Одақ көлемінде З. Васильева, М. Г. Тайчинов, И. А. Кайров және т. б. Қазақстан Республикасында Л. В. Руднева, Ғ. Жүнісова, Б. Д. Қисықова.

Қазіргі кезде әлі де болса шешімін таппаған, күрделі зерттеулерді қажет ететін мәселелердің бірі - адамдар арасындағы гумандық қарым-қатынастарды қалыптастыру болып отыр.

Өсіп келе жатқан жеткіншектерімізді мәденитетті, парасатты, білікті, көрегенді етіп тәрбиелеу - олардың дүниетанымын жоғарғы азаматтық деңгейде дамытып, қоғамымыздың ілгерлеу процесіндегі адам факторын жандандыру, ұлттық намысын қозғап, кез - келген парасатты азаматтардың, оның ішінде ұстаздардың ізгілікті ісі деп ойлаймыз. Олай болса, Елбасының Қазақстан халқына жолдауы, осы жолдаудағы 2030 жылға дейінгі дамуымыздың ұзақ мерзімдік стратегиясы аса маңызды құжат болып табылады [4] .

М. Әуезов гуманитарлық мәселесін өзінің алғашқы әңгімелерінен бастап «Абай», «Абай жолы» эпопеясында жоғары деңгейге жеткізеді. Ол Абайдың шын мәніндегі толық адамдық тұлғасын сандай білді.

«Адамның адамдық сипатын білдіретін үш нәрсеге айырықша көңіл аударды. «Белгілі жуанмәрттілік үш хислат бірлән болар деген аңдық (шындық), кәрәм (ізгілік), нақыл», - деп, толық адамға қажет шарттарды көрсетеді. Бұл идеясын ол өз өлеңдерінде нақтылай түседі:

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек».

Сонымен қатар, Абай « Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп, бұл үш сипаттың әрқайсысына қажетті тән қасиеттердің де ерекшелігін аша көрсетеді, жуанмәрттіктің мән-мазмұнын педагогикалық психологиялық тұрғыдан нақтылай түседі.

Ақынның 17 қара сөзінде ақыл, қайрат, жүректің әрқайсысының қызметі мен ерекшеліктерін, оларды өзара әңгімелестіру арқылы қарапайым да ұғыныңқы түсіндіреді.

Белгілі философ М. Орынбеков Абай философиясының негізгі гумандық қарым-қатынас проблемасы екенін ашып көрсеткен. Абайдың айтқан адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, білімділік, өзін-өзі бақылау, ұяттылық, парасаттылық, әр адам баласының ерекшелігі, қасиеті, болмысы жайындағы пікірлері, оның қара сөздерінде айқын баяндалған. Абай аңсаған адам тәрбиесі, үнемі оқу-ағарту ісінің алдына қойған мақсаттарының бірі болып табылады.

Ізгілік мәселесі туралы сөз болған да, соған қатысты Абай ілімін ғылыми тұрғыда әрі қарай тереңдете дамытушы ұлы тұлға-Шәкәрім Құдайбердіұлы. Бұл орайда оның поэзиялық шығармаларын айтпағанның өзінде «Үш анық” атты философиялық еңбегінің орны айрықша.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының бойында гуманистік көзқарасты қалыптастырудың ізгіліктік негіздері
Білімгерлердің гуманистік көзқарасын қалыптастыру мазмұнын жаңғыртудың теориялық-әдіснамалық негізі (көпсалалы колледждің оқу-тәрбие үдерісі жағдайында
Ана тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасты қалыптастыру
Балалар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы
Оқушылардың ізгіліктік тәрбиесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық құндылықтардың орны
СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесі
Бастауыш мектеп оқушыларының гуманистік тәрбиесін қалыптастырудағы құзырлылық қатынас
Жастарға білім беру және тәрбиелеу саласында тарихи кезеңнің ерекшеліктері
Мектеп оқушысының тұлғасын дамытудағы ойынның рөлін ашу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz