Қазақ қандай халық



Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
№1 Эссе жұмысы

Тақырыбы: №1 эссе жұмысы. "Қазақ қандай халық?"
Тексерген: Жанар Байтелиева
Орындаған: Гүлжаһан Ислам
ID: 201372914
:

02.03.2018

Жоспар:
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
2.1 Қазақ этносына тән қасиеттерді танып-білудің қандай жолдары бар? ... ... ... ... ... ... .3
2.2 Қазақ халқын деректермен сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
а) Қазаққа ар-ұят ең жоғары саналады ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ә) Қазақ- бауырмал халық ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
б) Батылдықты дәріптеген қазақ халқы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .4
2.3 Қазақтың бойындағы дамуға итермелейтін және тежейтін қасиеттер ... ... ... ... ... ... .. 5
III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Пайдалынған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

I. Кіріспе
Ғылыми-технологиялық революция жол ашқан жаһандану үдерісі мен ғаламтордың жердің түкпір-түкпірінен ақпараттың таралуына мүмкіндік беруі әр елдің өзіндік ұлттық ерекшеліктерінің бәсеңдеуіне алып келуі мүмкін. Жаңа заманда әр азаматтың өз елінің тарихын, мәдениетін және тілін біліп, әрқашан есте сақтауы және қастерлеуі маңызды болып табылады. Қазақ халқының белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханов өзінің жазбаларында былай айтып кетті: "Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынан өзі де жоғалуға бейім тұрады... Дүниеде өңге жұрттар қатарында қор болмайын, "тұқымым құрып қалмасын" деген халық өзінің шежіресін имани дәрежесінде ұғып білуге тиіс болады". Қазіргі Қазақстан елінің азаматтары- ғасырлар бойы өз халқының тәуелсіздігін аңсап бар күшін жұмсаған ата-бабалардың ұрпақтары. Сондықтан да бүгінгі таңда әр қазақ өз ұлты тарихының, мәдениетінінің және тілінің қалай пайда болғандығын зерттеуі мен әрдайым жадында ұстауы- тыныш заман қалыптастырудағы үлкен үлесін тигізген ата-бабаларының еңбегін қастерлеп, Қазақстанның өркендеуін жалғастыратын негізгі қозғаушы күші болып табылады. Бұл эсседе "Қазақ қандай халық?" деген сұраққа жауап беру үшін қазақ этносының жазба және ауыз әдебиетінде сақталған деректер зерттеледі және талқыланады.
II. Негізгі бөлім
2.1 Қазақ этносына тән қасиеттерді танып-білудің қандай жолдары бар?
Этнолингвистика, этнология,этимология, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, археология, антропология, лингвомәдениеттану, биология мен генетика ғылымдары арқылы зерттеулер жүргізу қазақ этносына тән қасиеттерді жан-жақты тануды дамытады. Бұл ғылымдар қазақ халқының және басқа да елдер жазба әдебиеттерінде сақталған деректерді объективті түрде зерттеу арқылы қазіргі Қазақстан Республикасы территориясында өмір сүрген тайпалар мен этностар, яғни қазақ халқының ата-бабалары туралы ақпарат жинастырады. Солардың арасында аталып кеткен биология мен генетка ғылымдары археологиялық жәдігерлерден ДНҚ үлгілерін алып, қазіргі қазақ халқы өкілдері анализдерімен салыстырып, қазақ этносының қандай өзгерулерге және қандай ұлттармен ассимиляцияға ұшырағандығын байқауға септігін тигізетін болады. Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихын объективті түрде зерттеу- қазақ этносы туралы мағлұмат жинаудың ең негізгі тәсілі деп саналады.
2.2. Қазақ халқын деректермен сипаттау.
а) Қазаққа ар-ұят ең жоғары саналады.
Бұл сипаттамаға деректерді қазақ халқы арасында тараған мынадай мақал-мәтелдер көрсетеді:
"Арыңды сатып тапқан мал - харам" , "Пайда ойлама - ар ойла" ,"Ат - шабысына қарай шабады, ер - намысына қарай шабады" ,"Ерді - намыс өлтірер, қоянды - қамыс өлтірер" , "Жігіттің құны - жүз жылқы, Ары - мың жылқы", "Жігітке жар қымбат, намыс пен ар қымбат","Мал сақтама, ар сақта."," Ақылың болса арыңды сақта: Ар-ұят керек әр уақытта.","Жеңілістің өзінен де ұяты жаман", "Арың сақта, болсаң да малға кедей","Өлімнен ұят күшті".
Бұл мақалдар қазақ халқының намысшыл және аршыл екендігін және олардың өз абыройын әрқашан жоғары ұстағанын көрсетеді. Кедейлікті, жоқтықты көріп жатсаң да, арыңды сатпа, өзіңнің арыңды ойла делінген. Сонымен қоса, қазақтар ұялуды өлімнен күшті деп сипаттағанын көруге болады. Ар-ұятын жоғары тұтқан халық өз елінің беделін жоғары ұстайды және өзге елдерге үлгі тұтарлық болады.
ә) Қазақ- бауырмал, тума-туыстары мен кіндік қаны тамған жерін әрдайым құрметтеген, шежіресін, жеті атасын жадында тұтқан халық.
Өзге халықтармен салыстырғанда қазақ халқы бауырмал екендігі рас. Тума-туыстардың біреуі қиын жағдайға душар болған жағдайда оларға қол ұшын созып, көмек көрсету- әр қазақтың шынайы ниеті және борышы болып саналған. Оған дәлел ретінде "жылу", "немеурін", "үме" секілді салт-дәстүрлерді атап кетуге болады. Орыс ғалымы А.И.Левшин қазақтардың өз туған жерін, атамекенін қастерлейтінін және олардың асыл қасиеттері- олардың қайырымдылығы, адамды аяуы және ақсақалдарға құрмет көрсетуі деп жазған. Қазақтардың жетім қалған бүлдіршіндерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары
Этнопедагогика пәнінен дәрістер кешені
Қазақ халық ауыз әдебиеті жанрларындағы ертегілерді оқыту
Қазақ әдебиетінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту
Қазақ композиторларының вокалдық шығармаларын осы академиялық мәнерде орындаудың ерекшеліктері
Ауыз әдебиеті арқылы бала қиялын дамыту
Оқыту үрдісінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдаланудың маңызы
Тілімізде қазақ диалектологиясының тарихы
Халық ауыз әдебиетінің оқытылу үрдісі
Менің елім – Қазақтан
Пәндер