Жіңішке және тоқ ішектердің жұмыс істеу механизмі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: «Жіңішке және тоқ ішектердің жұмыс істеу механизмі. Туа біткен ақаулары»

«Дене қуыстары, құрылыстарының ерекшеліктері»

Жіңішке ішек (intestinum tenue) қарыннан басталып тоқ ішектің бүйен бөлігімен шектеледі. Жіңішке ішек-аскорыту жүйесінің ең үзын бөлігі. Оның ұзындығы адамның тірі кезінде 2, 2-4, 4 метрге, мәйітте (кайтыс болған кезде) 5-6 метрге дейін жетеді. Жіңішке ішек еркектерде әйелдерге қарағанда ұзын болады. Жіңішке ішектің үш бөлігі: ұлтабар, аш ішек жөне мықын ішек деп аталатын бөліктері бар. Асқорытудың ең күрделі толық жүретін бөлігі - осы жіңішке ішектер, өйткені аскорытуға катысатын сілекей, асқазан сөлі (ферменттер), ішек сөлі, өт, ұйқыбез сөлдері осы жіңішке ішек-түрде ақуызды (белокты) амин кышқылына дейін, көмірсуларды (углеводтарды) қант, шекерге дейін ыдыратады. Олардың қан және сарысу тамырларына сорылатын ең негізгі бөлігінде осы жіңішке ішектер бар. Сондықтан аш ішек және мықын ішектердің шажыркайы күшті дамиды.

Ұлтабар бауыр астында XII арқа және I бел омыртқа тұсында, құрсақ қуысының сыртында тазқарыннан басталып, таға тәрізденген пішінде ұйқыбездің басын орап жатады. Ұлтабардың ұзындығы тірі адамда -17-21 см, мәйітте -25- 30 см. Ұлтабардың иіліл орналасуына қарай төрт (үстіңгі, төмендеуші, көлденең және өрлеме) бөліктері болады. Ұлтабардың үстіңгі бөлігі тазқарыннан басталып, XII арқа немесе I бел омыртқаның оң жағынан аздап артқа және жоғары котеріліп, иіледі. Оны ұлтабардың үстіңгі иіні дейді. Оның ұзындығы 4-5 см болады. Үстіңгі иіннің артынан бауырдың қақпа венасы және ет жолы етеді.

Ұлтабардың төмендеуші бөлігі үстіңгі иіннен I бел омыртқаның оң жағымен темендеп, III бел омыртқа тұсында тік солға бұрылады да ұлтабардың астыңғы иінін түзеді. Бұл бөліктің ұзындығы -8-10 см. Төмендеуші бөлікке ұйқыбездің басы кіріккен тұстан өттің жалпы жолы және ұйқыбез жолы ашылады.

Ұлтабардың көлденең бөлігі астыңғы иіннен басталып көлденең деңгейде III бел омыртқа түсынан сол жаққа бағытталады да астыңғы қуысты венаға (төменгі вена күретамырына) жеткенде жоғары қарай бұрылады.

Ұлтабардың өрлеме бөлігі (рагз азсепйепз) келденең белікке жалғасып, жоғары бұрылған күйінде II бел омыртқа түсына котеріледі де төмен қарай тез шледі. Оны үлтабар-аш ішек иіні немесе аш ішектің басталатын шекарасы деп те атайды. Дәл осы иінде үлтабарды кётеріп тұратын бұлшық ет көкетке бекиді.

Ұлтабардың өрлеме бөлігінің артында қүрсақ қолқасы, ал көлденең бе-лігінің жоғарғы жағынан үстіңгі шажырқайдың артерия және вена өтеді.

Ұлтабардың таға пішінді жері 60% адамдарда кездессе, кейбір адамдардың (25%) үлтабарының пішіні сақиналанып, дөңгелек болып келеді, ал кейбіреулерінде (15%) қырынан жатқан тұзақ төрізденіп те орналасады. Ұлтабардың осындай йілген жеріне ұйқыбездің басы еніп, бездің негізгі жөне қосымша түтіктері үлтабардың ішкі бетіне ашылады. Ұлтабардың иініне үйқыбездің екі түтіктерінен басқа өт қалтасының жалпы жолы да келіп ашылады.

Ұлтабардың ішкі бетінде де қатпарлар көп, ішектердің барлығында кездесетіндей, сақиналы қатпар , сондай-ақ үзына бойына қарай орналасқан қатпар да болады. Ұзынша қатпарға үлкенді-кішілі емізікшеленіп, жоғарыда айтқан өт жөне үйқыбездің жолдары ашылады. Ұлтабардың ән бойында кілегейасты негізде ұлтабар бездері орналасады.

Ұлтабар жіңішке ішекке жатқанмен де оның шажырқайы болмайды, ішперденің сыртында жатады. Ұлтабардың тазқарыннан басталатын кеңейген бөлігі ғана жан-жағынан ішпердемен оралады. Ересек адамдарға қарағанда жас балаларда үлтабар жоғарырақ орналасады жөне пішіні дөңгелек болады. Үлтабардың байламдары оның жоғарғы бөлігінен басталып бауырдың қақпасына бекитін бауыр ұлтабар, көлденең жиек ішек пен ұлтабар арасында жатқан жиек ішек байламын жөне ұлтабар аш ішек иінінен басталып жоғары шажырқай артериясы мен кәкет етегінің ортасына бекитін ілмешек байламын атауға болады.

Аш ішек және мықын ішек. Жіңішке ішектің ұлтабардан басқа аш ішек және мықын (нәзік) ішек болып бөлінетінін жоғарыда айттық. Бұл ішектер ұлтабарға қарағанда ішпердеге толық оралып, қабырғалық ішпердеге шажырқай арқылы бекиді. Аш ішек II бел омыртқа тұсынан ұлтабардан басталып, ортадағы сызықтың сол жағында, кіндікке жақын жерде 6-7 көлденең шумақтар түзіп, мықын ішекке өтеді. Мықын ішек ортадағы сызықтың оң жағына оң жамбас қуысында тік орналасып, 7-8 шумақ түзеді де оның 10-12 см ұшы ішперденің тек ұш жағына ғана оралып, артқы ішекке бекиді де тоқ ішектің бүйен бөлігінің түбіндегі мықын-бүйен немесе илеоцекальды бұрышындағы 1-2 см тереңдікте орналасқан илеоцекальды екі жақ таулы қақпақта аяқталады.

Бұл ішектердің тәнтанулық аралық шекарасы болмайды. Алайда аш ішек пен мықын ішектер кейбір белгілері бойынша ажыратылады. Мықын ішегіне қарағанда аш ішек 2 мм жуандау, қабырғасы қалың, бүрлері мен қатпарлары және қан тамырлары кепі болып келеді. Сондықтан да аш ішектің реңі қызғылт болады. Аш ішек пен мықын ішектердің шумақтары қан тамыры мен жүйкеге бай шажырқайға оралып, оның сыртынан, алдыңғы жағынан шарбы майы тегіс жауып тұрады. Аш ішек пен мықын ішектер сір бұлшықет және кілегей қабаттан түзіледі.

Сір қабаты ішектің сыртын қоршап, шажырқайға бірігіп кетеді және бұлшықет қабатына да жалғасады. Осы қабат арқылы ішекке қан тамыры және жүйкелер келеді.

Бұлшық ет қабаты ұзын және сақина бүлшықеттерден тұрады. Бұл бұлшықеттердің жиырылуынан ішек толқынданып жиырылады, ұзарады және қозғала алады. Соның нәтижесінде ішектегі қорытылған ас араласып, ішектің бойымен ығысады.

Кілегей қабаты жойылмайтын бір-неше шеңберлі қатпарлардан тұрады. Олар призма тәрізді эрителий мен оның араларында бокал тәрізді сілекей шығаратын жасушалар орналасады. Кілегей қабатта сору мүшесі - бүрлер цилиндр (немесе конус) пішінді. Олардың биіктігі -0, 5 мм, қалыңдығы -0, 1 мм, саны -1 мм 2 -та 30-40-ка жетеді. Ішектегі шеңберлі (немесе сақиналы) қатпарлардың болуы ішектің сору бетін 5 есеге дейін арттырады. Сонда ол адамның жалпы денесінің бетінен үш есе үлкен болады. Қатпарлардын көлемі - 5м 2 , ал бүрлер саны -4 млн-нан артық.

Бүрлер кілегей қабаттың ортасында тұйық сарысу тамырлары бар рети-кулярлы дөнекер ұлпасынан түзіледі. Олар кілегей қабат астындағы сарысу қылтамырдың түйіңдерімен жалғасады жөне бүрлерге қан тамырлары мен жүйкелер келіп жатады. Бүрлердің денесінде кілегей қабат және бұлшык еттер болады. Сондықтан олар минутына 4-5 рет жиырылады. Бүрлер жиырылған кезде корытылып сонда сорылған ас жалпы қан тамырына өтеді де түктер босаған кезде ішекте корытылған ас қайтадан сорыла алы-нады. Бүрлердің арасындағы шұңқыр жерлерді крипты деп атайды. Онда эпителий жасушаларының өсіп бөлінуінен ішек қабаты қалпына келеді. Жіңішке ішектің кілегей қабаты астыңда тарамдалған түтік тәрізді бездер бар . Бұл бездер тазқарын бөлігінің сөлі кұрамындай өнім шығарады. Жіңішке ішектің кілегей қабатының астында өн бойыңда сарысу ұлпалы майда түйіндер - жеке кепіршіктер (фолликулалар) болады. Солармен қатар жіңішке ішектің мы-қын бөлігінде бірнеше шашыраңқы жө-не кей жерінде топталған көпіршіктер орналасады. Олар сарысу ұлпасымен бірігіп қорғаныш қызметін атқарады. Сәби ішегінің қатпарлары мен түктері аз, бұлшықеті жетілген болады. Бір жастан кейін ішек тез жетіле бастайды. Жіңішке ішектің ұзындығы жаңа туған сәбиде бойынан жеті есе ұзын болса, ересек адамдарда үш-төрт еседей ғана. Шарбы май жеті жаска дейін ішекті жартылай, одан кейін ғана толық жаба бастайды.

Ащы ішекте еңделген химус біртіндел жеке-жеке үлеспен тоқ ішекке өтеді. Тоқ ішек үщ бөлімнен тұрады. Олар буйен, жиек ішек және тік ішек. Жылқыңа жиек ішекті қарта, сиыр мен түйеде - қима деп атайды. Тоқ ішек ащы ішекке қарағаңца әлдеқайда кеңірек келеді. Оның жалпы ұзындығы сиырда 6-13 м, қоңда - 3, 5-10 м, жъщқыда -

9 м, түйеде - 18-22 м, ал сиымдылығы күйіс малында ас қорыту жолының жалпы сыйымдылығының 11-15 пайызы, жынқыңа - 40-60 пайызы шамасыңда.

Тоқ ішектің кілегейлі қабьиында бүрлер болмайды, бокал тәрізді Жасушалар көп болады. Сөл аз ғана мөлшерде бөлінеді, сондықтан тоқ ішектің өзінде бөлінген сөлдің ас қорытуда рөлі онша зор болмайды. Сөлдің сутектік көрсеткіші - 7, 6-9, 0 шамасында сақталады.

Тоқ ішекте ас қорыту жолының алдыңғы бөлімдерінде корытылып үлтерілмеген қоректік заттар ыдырайды. Бұл процесте ащы ішекген өткен ферменттер мен ас қорыту жолының осы бөлімін мекендейтін алуан түрлі микроорганизмдер ферментері зор рөл атқарады (1 г химуста 15 млрд бактериялар болады) . Ішектің бұл бөлімінде микроорганизмдер әрекетінен белоктар шіріп, көмірсулар ашиды. Белоктардың шіруінің, амин қышқылдарының ыңырауының нәтижесінде индол, крезол, скатол, фенол сияқты уытты заттар түзіледі. Аталған өнімдер қанға сіңіп, бауырда күкірт қышқылымен, глюкурон қышқылымен қосылады, залалсызданады. Тоқ ішектен су мен минералды заттар қарқынды сіңіріледі де, химус коюланып, нәжіс пайда болады.

Малдың тоқ ішегі азық қорыту және қоректік заттарды сіңіру процесінде маңызды қызмет атқарады. Мес қарынмен салыстырғанда бүйен микроорганизмдері саны мен популяциялық түрі жағынан әлдеқайда бай келеді (Мюллер, Шмидт) . Бүйенде белоктар ыдырап, амин қышқылдары түрленеді, аммиак, бактерия белоктары синтезделеді. Жылқыда рацион құрамындағы белоктың 39 пайызы, сиырда - 31 пайызы, шошқада - 30 пайызы тоқ ішекге қорытылады. Рацион құрамындағы энергиялық заттардың 23-87 % мес қарыңда, ал 17-51 % бүйенде қорытылады (Томас, Рук) . Бүйен мен қан айналым жүйесінің арасында зат адмасу процесі қарқынды жүреді. Бүйен қандағы көмірсулардың ыдырау өнімдерінің (ҮМҚ), амин қышқылдарының құрамдық сипатын сақтауда, белокқа жатпайтын азотты заттарды сіңіруде маңызды рөл атқарады (Т. Несіпбаев) .

Бүйенде жүретін микробиологиялық және биохимиялық процестердің күйіс қайырмайтын мал, әсіресе жылқы, үшін маңызы өте зор. Жылқы бүйенінің сыйымдылығы қарынның сыйымдылығынан 2-2, 5 есе көп, 32-37 л дейін жетеді. Бүйенде ащы ішекте басталған процестер одан әрі жалғасады. Ащы ішектен өткен амилаза, сахараза, лактаза ферменттерінің әсерімен көмірсулар моносахаридтерге айналады. Пептидаза, полипептидаза ферменттері белоктарды амин қышқылдарына ыдыратады. Бұл процестердің жүруіне бүйен қуысындағы әлсіз сілтілік орта да (рН - 7, 3-7, 5) қолайлы жағдай туғызады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Малдың ішек аурулары
Ішек аурулары
Шошқа малын газ қоспасымен есінен тандыру
Шынжырлы түйіспелі асылғылар
Субөнімдерді өңдеу технологиясы
Ішті айдайтын дәрілер
Ішкі дәнекер ұлпа қабаты, жүрек бұлшықеті жане сыртқы - сірілі қабат
Тауықтың оба ауруы
Препараттың токсикалық әсері
Асқорыту жүйесінің филогенезі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz