Жүрек автоматиясы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Жүрек автоматиясы
Адам және жануар физиологиясы пәні
Дайындаған:
Тобы:
Тексерген:
Астана 2017
Мазмұны:
І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1) Жүрек автоматизмі және оның табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2) Жүректің өткізуші жүйесі және оның құрылысы. Атриовентрикулярлық тежелу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .5
3) Автоматизм градиенті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
4) Жүрекше мен қарыншаның бұлшық ет клеткалары мен синус талшығының клеткасындағы әрекет потенциалы ... ... ... ... ... ... . ... 8
5) Жай диастолалық деполяризация - ырғақ жүргізуші клеткадағы кездейсоқ қозудың пайда болу себебі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .9
6) Жүректің әртүрлі бөлімдеріндегі қозудың өту жылдамдығы ... ... ... 10
7) Жүрек етінің қозғыштық қасиетінің кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ...10
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
ІV Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .14
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Биологиялық жүйелер өзінің сенімділігімен ерекшеленеді. Бұл жағдайды қалыптастырудың бір жолы - тіршіліктік маңызы зор мүшелердің жұпталуы (мысалы, қос бүйрек, қос өкпе, т.с.с.). Ал организмге ең қажет ағзаның бірі - жүрек, - жалғыз ғана. Сондықтан да ағылшын ғалымы Дж. Баркрофт кезінде "Мені организмде жалғыз ғана жүрек болуы таңқалдырады", - деп жазған.
Жүрек - күрделі құрылым. Оның қызметі дұрыс атқарылуы үшін әр түрлі бөлімдер арасында мықты үйлесім болуы керек. Жүрек етінде мезгіл-мезгіл пайда болған қозу процесінің салдарынан жүректің жиырылуы байқалады. Жүрек еті (миокард) тоқтаусыз, ырғақты қызмет етуіне байланысты қозғыштық, автоматиялық, өткізгіштік, жиырылғыштық, рефракторлық қасиеттерімен сипатталады.
Организмнен бөлініп алынған жүрек, егер оны физиологиялық ерітіндіде ұстаса, ешқандай сыртқы әсердің көмегінсіз яғни өздігінен ырғақты соғуын жалғастыра алады. Осы қасиетті оның автоматиясы деп атайды. Бұл құбылыс жүректің өзінің ішінде пайда болатын қозу импульстеріне байланысты.
Курстық жұмыстың мақсаты: Адам және жануарлар организмінде жүретін жүрек еттерінің қасиеттеріне талдау жасай отырып, оның автоматизмі мен өткізгіш жүйесін сипаттау. Сонымен қатар жүрек етіндегі қозу өткізу жылдамдығын зерттеу және автоматизм градиенті мен атриовентрикулярлық тежелуді анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1) Жүрек автоматиясына жалпы сипаттама беру
2) Автоматия градиенті және атривентрикулярлық тежелу туралы анықтама беру
3) Өткізгіш жүйеге және құрылысына талдау жасау
4) Жүректің әртүрлі бөлімдеріндегі қозудың өту жылдамдығын зерттеу.
Негізгі бөлім
Жүрек автоматизмі және оның табиғаты
Организмнен бөлініп алынған жүрек, егер оны физиологиялық ерітіндіде ұстаса, ешқандай сыртқы әсердің көмегінсіз яғни өздігінен ырғақты соғуын жалғастыра алады. Осы қасиетті оның автоматиясы деп атайды.
Жүрек автоматизмнің табиғатын түсіндіру мақсатында екі түрлі теория ұсынылған.
Бірінші миогенді теория автоматизм қасиетін жүректің атипті ет талшықтарымен байланыстырылады. Бұл теорияны жақтаушылар дәлел ретінде омыртқалылар іштөлі (ұрығы) жүрегінің нерв элементтері пайда болмастан бұрын-ақ ырғақты жиырыла бастайтынын алға тартқан.
Екінші - нейрогенді теория автоматизм қасиетін жүректің нерв түйіндерімен байланыстырады. Бұл теорияны қолдаушылар нерв жүйесінің қозғыштық қасиетіне сүйенеді. Бірақ терең морфологиялық зерттеулер атипті ет элементтері мен нерв түйіндері тығыз байланыста болатынын көрсетті, сондықтан қазіргі кезде автоматизм қасиетін жүректің жүйкелі - етті өткізгіш жүйесінің үйлесімді әрекеті қамтамасыз етеді деп есептейді.
Көлбақаның жүрегін денесінен бөліп алып, физиологиялық ерітіндіге салып қойса, жүрек өзінің табиғи ырғағымен көпке дейін тоқтамай жиырыла береді. Оның өзінен өзі жиырылуы автоматиялық қасиетіне, яғни өз тканіне туатын қозу процесіне байланысты. Жылы қанды жануарлар жүрегінде де автоматиялық қасиет болатынын 1895 жзылы Лангердорф итке жасаған тәжірибесінде дәлелдеп берді. Ит денесінен бөлініп алынған жүректің өз (коронарлық) тамырына оттегімен қаныққан жылы қанды әдеттегі қысыммен жіберсе, тоқтап қалған жүрек қайтадан жиырыла бастайды. 1902 жылы дәрігер А. А. Кулябко (Томск) өкпе ауруына өлген баланың жүрегін 20 сағат өткен соң денесінен бөліп алып, Лангердорф әдісін қолданды, мұның нәтижесінде тоқтап қалған жүрек қайтадан соға бастады. Сөйтіп адамның жүрек етіне де автоматиялық қасиет тән екені дәлелденді.
Жылы қанды организмде жүрек автоматиясы миогендік теория тұрғысынан дәлелдеуге болатынын көптеген тәжірибе көрсетеді. Солардың бірі - жоғарыда айтылған Кулябко тәжірибесі: 20 сағат ішінде жүрек етіндегі нейрондар толық бұзылады, ал миоциттер бұзылмайды. Демек, жүрек автоматиясы нейрондарға емес, миокардқа байланысты.
Жүректің өткізуші жүйесі және оның құрылысы. Атриовентрикулярлық тежелу
Миокардта ет талшықтарының екі түрі болады: жүрек етінің негізін құрайтын миоциттер - жүректің өзіне ғана тән арнайы ткань және жүректің өткізгіш жүйесін құратын миоциттер - арнайы емес белсенді ткань. Алғашқы аталған миоциттер (арнайы ткань) жиырылуға бейімделген, ал екінші аталған миоциттер (арнайы емес ткань) ешқандай әсер етпесе де өздігінен қозуға және қозу процесін өздері арқылы өткізуге бейімделген. Бейарнамалы (арнайы емес) миоциттер саркоплазмаға бай, олардың миофибриллдері аз, бірақ өте қозғыш, ет тканінің эмбриондық клеткаларына ұқсас. Жүректің өткізгіш жүйесі тап осы миоциттерден құралады. Олар топталып әртүрлі түйіндер құрайды, олардың шоғырлары тарамданып жеке жіпшелерге айналады (1-сурет).
1-сурет. Жүректің өткізгіш жүйесінің құрылысы.
1 - Жоғарғы қуысты вена; 2 - синустық-атриалдық түйін; 3 - жүрек синусы; 4 - атриовентрикулярлық түйін; 5 - ГИС шоғыры; 6 - Гис шоғырының аяқшалары; 7 - емізікше еттер; 8 - төменгі қуысты вена; 9 - Пуркинье талшықтары (өткізгіш миоциттері).
Жүректің өткізгіш жүйесі екі түйіннен тұрады. Солардың бірі оң жүрекшенің қабырғасында, жоғарғы қуыс венасы мен оң құлақша аралығында орналасқан синоатриалдық Кис - Флек түйіні, екіншісі - оң жүрекше мен оң қарынша аралығында, жүрекшеаралық пердеге жақын орналасқан атриовентрикулярлық Ашофф - Тавар түйіні. Осы екі түйінді бір бірімен және синоатриалдық түйінді сол жүрекшемен жалғастыратын жіпшелер - Бахман талшықтары.
Атриовентрикулярлық түйіннің төменгі жағында орналасқан, қарыншааралық пердеге қарай жақындаған жерде Гисс шоғыры басталады. Гисс шоғыры қарыншааралық перденің жоғарғы жағында орналасады. Одан екі - оң және сол аяқшалар шығады. Бұл аяқшалар қарыншааралық перденің ішкі бетін көмкерген эндокардтың астымен төмен қарай түседі де, жүрек ұшындағы қалың етке жетеді. Одан әрі иіліп қарыншалардың сыртқы қабырғасының ішкі бетімен бойлап жоғары қарай көтеріледі, жолшыбай осы арадағы еттерге, оның ішінде емізікше еттерге бұтақ тәрізденіп жайылады да, жеке Пуркинье талшықтарына айналады: Пуркинье талшықтары жүректің негізгі миоциттеріне жақындап онымен өзара түйіседі. Сонымен жүректің өткізгіш жүйесі синоатриалдық түйіннен басталып жеке Пуркинье талшықтарымен бітеді.
Жүректің өткізгіш жүйесі құрамындағы бөліктердің қайсысында болмасын өздігінен қозатын автоматиялық қасиет болады. Бірақ олар бірдей емес, жүрек автоматиясында градиент болады. 1883 жылы ағылшын ғалымы В. Гаскелл жүректің өткізгіш жүйесіндегі бөлімдер синоатриалдық түйіннен алыстаған сайын олардың автоматиялық дәрежесі төмендейді деген тұжырымға келді (автоматия градиенті заңы). Бұл заң бойынша атриовентрикулярлық түйін автоматиясы синоатриалдық түйін автоматиясынан төмен, Гис шоғырының автоматиясы бұдан да төмен, Гис аяқшаларының автоматиясы Гис шоғыры автоматиясынан төмен, ал Пуркинье талшықтарының автоматиясы бұдан да төмен. Бұлардың автоматиялық дәресжесі өздігінен туатын қозу санына байланысты.
Демек, синоатриалдық түйінде өздігінен туатын қозу саны өте көп. Бұл сан жүрек соғуының жиілігіне сәйкес келеді. Демек, жүрек соғу осы түйінде туатын қозуға байланысты. Әдетте өткізгіш жүйенің синоатриалдық түйіннен басқа бөлімдері өздігінен қозбайды, синоатриалдық түйін олардың автоматиялық қасиетін басып, өздігінен қозуына жол бермейді. Сондықтан бұлар тек синоатриалдық түйіннен шыққан қозуды өткізеді.
Синоатриалдық түйіннің атриовентрикулярлық түйінге тигізетін әсерін тоқтатып тастаса, соңғы аталған түйін өздігінен қозып, жүрек еті жиырыла бастайды. Сонымен жүректің автоматиялық қасиеті әсіресе синотриалдық түйінде өте жоғары, жүрек етінің жиырылуы осы түйіннің әсеріне байланысты. Осыған орай бұл түйін жүректің пейсмекері деп аталады (ағылшынша Pace - қадам, адым, maker - алып жүреді, жетектейді). Сонда пейсмекер - жүрек соғуының жетекшісі дегенге келеді.
Синоатриалдық түйіннің автоматиялық қасиеті әр түлікте әртүрлі, мәселен, пілдің жүрегі минутына 25 рет, адамдікі - 70-72, қояндыкы - 150, торғайдыкы - 600 рет соғады. Жүрек соғуы зат алмасу қарқынына қарай өзгеріп отырады. Мәселен торғайда заталамасу деңгейі өте жоғары, сондықтан да оның жүрегі өте жиі соғады. Демек, синоатриалдық түйінде туатын қозудың саны - зат алмасу деңгейін сипаттайтын көрсеткіштердің бірі.
Атриовентрикулярлық түйінде қозу импульсі 0,02-0,04 с-қа кідіреді. Осы құбылысты атриовентрикулярлық кідіру деп атайды.
Жүрекшелер мен қарыншалар арасын тікелей байланыстыратын ет талшықтары болмайды. Олардың үйлесімді жиырылуы осы жоғарыда аталған өткізгіш жүйе арқылы реттеледі.
Автоматизм градиенті
Синус түйіні торшаларына жүрекше етінің торшаларымен салытырғанда, мына ерекшеліктер тән:
1. тыныштық потенциалы аз;
2. қозу табалдырығы төмен;
3. әрекет потенциалының өсу шапшаңдығы баяу, бірақ ол тез өсе алады;
4. реверсия аз немесе байқалмайды;
5. реполяризация (кері үйектену) өзгеше және шапшаң жүреді.
Осымен байланысты синус түйінінде жүрекшемен салыстырғанда қозу жеңіл және жиі туындайды. Сондықтан қалыпты жағдайда өозу толқыны алдымен осы Кис-Фляк түйінінде пайда болады, ал өткізгіш жүйенің басқа бөліктерінде қозу туындамайды. Олардың әрекетін Кис-Фляк түйінінен келген күшті импульстер басып тастап отырады. Осымен байланысты Кис-Фляк түйінін бастаушы түйін немесе бірінші дәрежелі автоматизм қасиеті азырақ, ал Пуркинье талшықтарында адн да аз. Бұл түйіндерді екінші және үшінші дәрежелі автоматизм орталықтары деп атайды. Автоматизм қасиеті жүректің веналық бөлігінде азая түседі. Сонымен қатар ол жүрек табанында жақсырақ дамыған да, жүректің ұшына қарай азаяды. Бұл заңдылықты автоматизм градиенті (Гаскелл заңы) деп атайды.
Синоатриалдық түйіннің пейсмекерлік рөлі және автоматиялық градиент заңы көптеген тәжірибелерде дәлелденген.
1. Клетка культурасына жасалған тәжірибе. Жүректің өткізгіш жүйесінің әр жерінен алынған кесінділерді ішінде плазма құйылған бірнеше ыдысқа салып, оның үстіне трипсин ферментін қосқанда клеткааралық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz