Саясаттанудан емтихан сұрақтары
Саясаттанудан емтихан сурактары
1. Президенттің бес институционалды реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам - ұлт жоспары
Үстіміздегі жылдың сәуір айында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті лауа - зымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде алдағы уақытта Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы атты Ұлт Жоспарын ұсынатынын айтқан болатын. Жақында Елбасының бұл жоспары халықтың назарына Ұлт Жоспары - 100 нақты қадам деген тақырыппен ұсынылды.
Ұлт Жоспарының кіріспесінде: 100 нақты қадам - бұл Жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары екені атап көрсетілген. Кәсіби мемлекеттік аппарат құру, Заңның үстемдігін қамтамасыз ету, Индустрияландыру және экономикалық өсім, Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру деп аталатын бөлімдерден тұратын ресми құжаттың өн бойында мемлекет дамуының алдағы уақыттағы 100 нақты қадамы айқындалған.
100 нақты қадам елімізде 2050 - Стратегиясын жүзеге асыру мен Қазақстан мем - лекеттілігін нығайтуға, жолдан адас - пауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады. Жоспардың негізгі мақсаты аурулардың сыртқы белгілерін сылап-сипап қою емес, оларды жүйелі емдеу болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды делінген бағдарламалық құжаттың 1-қадамы - Мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғыртуға арналған. Онда: Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс екені атап өтілген. 2 қадамда Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиіс деген міндет қойылып отыр. 3-қадам туралы айтатын болсақ, мұнда: Қазақстан республикасының мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлін арттыру мәселесі бойынша орындалуы тиіс міндеттер жан-жақты баяндалған.
Ұлт Жоспарының 4, 5, 6 және 7 қадам - дарында мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін Міндетті түрде сынақ мерзімін ендіру. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты өсіру; Еңбекақыны нәтиже бойынша төлеуге көшу. Мемле - кет - тік қызметкерлердің лауазымдық еңбек - ақы - ларына өңірлік үйлестіру коэффиценттерін қосу міндеттері бойынша нақты тапсырмалар жазылған.
Ауыстырылатын мемлекеттік қызмет - керлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде оларға жекешелендіру құқығынсыз қызметтік пәтерлерді міндетті түрде беру (8-қадам); мемлекеттік қызметкерлерді тұрақты түрде оқыту жүйесін заңды түрде бекіту - үш жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру (9-қадам); мемлекеттік қызметкерлерді мансаптық жоғарылату үшін конкурстық негізге көшу (10- қадам); шетелдік менеджерлерді, жекеменшік сек - тордың жекелеген мамандарын, халықара - лық ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік қызметке жіберу (11-қадам); жаңа этикалық ережелерді енгізу. Мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық кодексін жасау (12-қадам) міндеттері мен оларға қатысты нақты мәселелер еліміздегі мемлекеттік қызмет саласын жаңа деңгейге көтерері сөзсіз.
Жемқорлыққа қарсы күрес - Елбасы сая - са - тының басым бағыттарының бірі. Бұл мәселе Ұлт Жоспарының 13-қадамында - жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қа - да - мында көрініс тапқан. Сонымен қатар Ұлт Жоспарында Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылдау 14-қадамда, Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін іс басындағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестат - таудан өткізу мәселелері 15-қадамда сипатталған.
Ұлт Жоспарында сондай-ақ азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру (16-қадам), судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту (17-қадам), Оқуды және сот тәжірибесі арасындағы өзара байланысты күшейту үшін сот төрелігі институты мемлекеттік басқару академиясының құрылымынан бөлінуі керек (18-қадам) деген міндеттер қойылған.
Бүгінде елімізде сот саласын жетілдіруге байланысты көптеген іс-шаралардың атқа - ры - лып жатқаны белгілі. Осы орайда Судьялардың есеп беру тәртібін күшейту; судьялардың жаңа этикалық кодексін жасау және т.б. мәселелер Ұлт Жоспарының 19-қадамында көрсетіліп отырғанын айта кеткеніміз жөн. Құжаттың 20, 21, 22-қадамдары сот саласына арналған.
Инвестициялық даулар бойынша жеке сот істерін жүргізуді құру; Дубай тәжірибесі бойынша Астана қаласында aifc халықаралық арбитраждық орталығын құру; шетелдік және халықаралық соттардың үздік стандарттары бойынша сот істерін жүргізуді қамтамасыз ету үшін Жоғарғы сот жанынан беделді шетелдік судьялар мен заңгерлер қатысатын халықаралық кеңес құру; Сот ресімдерін оңайлату және сот процестерін жеделдету үшін азаматтық-құқықтық дау - лар жөніндегі соттарға прокурордың қатысуын қысқарту және т.б. маңызды мәсе - лелер Ұлт Жоспарының 23, 24, 25, 26, 27, 28-қадамдарында көрініс тапқа - нын айта кеткеніміз жөн.
Құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру, жергілікті полиция қызметін құру, жол полициясы қызметкерлерінің этикасы және өзге де мәселелер 29, 30, 31, 32-қадамдарда келесі міндеттер бойынша айқындалып отыр.
Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру; мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту шеңберінде пенитенциярлық инфрақұрылымды жаң - ғырту; ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу; жер кодексіне және басқа да заң актілеріне өзгерістер енгізу және өзге де көкейкесті міндеттер Ұлт Жоспарының 33, 34, 35, 36, 37, 38-қадамдарында көрініс тапқан.
Ұлт Жоспарында белгіленген тапсырмалар еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын одан әрі жетілдіру мәселелері қамтылған. Мәселен, мемлекеттік монополиядан біртіндеп бас тарту; құрылыстың сметалық құнын анықтаудың ресурстық әдісін енгізу; кеңестік кезеңнен бері қолданылып келе жатқан құрылыстың ескірген нормалары мен ережелерінің орнына еурокодтар жүйесін енгізу; электр энергетикасы саласын қайтадан құру тәрізді өзекті міндеттер бүгінгі күн талабымен орайлас келіп отыр.
Бағдарламалық құжатта сондай-ақ ет өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту; экономиканың шикізаттық емес салаларындағы орта бизнестің нақты көшбасшы компанияларын қолдауға бағытталған ұлттық чемпиондар белсенділігін жүзеге асыру; ғылымды қажет ететін экономиканың негізі ретінде екі инновациялық кластерді дамыту; өндіріске инновациялар енгізу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру тетіктері бар ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы заң әзірлеу. Қазақстанды халықаралық көлік-коммуникациялық ағымдарға интеграциялау сынды ауқымды мақсаттар мен міндеттер 61 және 76-шы қадам аралығында көрініс тапқан.
Аталған міндеттердің жүзеге асырылуы ел келешегінің кемел болашағының жарқын болуына негіз болары сөзсіз. Мемлекет басшысы ұсынып отырған Ұлт Жоспары - 100 нақты қадамына енген: Экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату, Назарбаев университеті тәжірибесін ескере отырып, жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кезең-кезеңімен кеңейту; Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идея - сын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру; Нұрлы болашақ ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру және т.б. міндеттер кеңінен атап көрсетілген.
Іске асыру тетігі деп аталатын бөлімде бес жұмыс тобынан жасақталған жаңғырту жөніндегі Ұлттық Комиссия құрылғаны туралы айтылған. Ұлттық комиссия бес инс - титуттық реформаны кезең-кезеңімен орындауды келісілген басқару бойынша жүзеге асыруы, тұжырымдамалық шешімдер қабылдап, іс-қимылдың нақты жоспарын айқындауы тиіс екені және өзге де жайттар атап көрсетілген.
2. Саяси жүйені зерттеу теориялары: Д.Истонның Қара жәшік теориясы
Батыстық саясаттануда екі идея басым: біріншіден, саяси жүйе туралы белгілі бір нәрсені оның сыртқы ортамен байланысын сараптау арқылы айтуға болады; екіншіден, саяси жүйені нақты түсіну элементтердің өзара әрекетін, ролъдік функцияларын және реттеуші нормаларын талдау нәтижесіндс жолға қойылады.
Осыған байланысты саяси жүйені ортамен кірудегі және шығудағы өзара әрекеті бойынша қарастырылатын қара жәшікпен теңестіреді.
Осыған ұқсас жайтпен, яғни жәшіктің ішіндегі болып жатқандарды елемей Д.Истон саяси жүйені қарастырды. Ол басты түрде жүйенің экономикалық, мәдени, діни, экологиялық, биологиялық, психологиялық, халықаралық және т.б. глобальды елеуметтік жүйеге енетін басқа жүйелердің кешенінен түратын өз ортасымен қатынасын талдады. Саяси жүйе мен оның ортасы арасындағы қатынастар жүйеге импульс беретін орта тарапының кіріс түрінде, орта импульсіне жүйенің реакциясы болып табылатын шығыс түрінде бейнелейді.
Жүйе орта импульстеріне жауап бере отырып ортаға ықпал етеді. Орта жүйе тарапынан импульс ала отырып өз кезегінде жүйеге ықпал етеді, және барлығы жаңадан басталады. Бір сөзбен айтқанда, жүйе мен ортаның өзара әрекеті тұйық кибернетикалық мақсаттардың өрекеті принципі бойынша өтеді.
Кірісте қогам тарапынан болатын талаптар мен қолдауларды белгілеуге болады. Саяси жүйе оларды игеруге, қайта өндеуге және сыртқы сигналдарга лайықты жауап беру үшін шақырылған. Бұл саяси жүйенің басқалар тәрізді тікелей және қайтымды байланыстың болуы арқылы қалыпты қызмет етуін білдіреді. Шығыста жүйенің сырттан келетін сигналдарға өзіндік реакциясы болып табылатын шешімдср мен әрекеттерді белгілеуге болады. Олар қоғамның барынша немесе барынша емес талаптары мен күтулері болуы мүмкін. Осымен жүйенің легитимділік деңгейі, яғни қоғам тарапынан оны қолдау мен қабылдау анықталынады. Легитимділік ұғымының тұтастай жүйеге де, оның жүйешелері мен элементтеріне де таратылатындығы айқын. Жүйе ішіндегі кез-келген асыра тырмысудың болуы, жекелеген жүйешелердің келісімділігінің болмауы тұтастай саяси жүйенің легитимділік деңгейінің төмендеуіне алып келеді. Дел осылай қоғамда да жүйсдегідей тәрізді болады.
Сонымен, импульстың екі түрін немесе кірістің екі түрін бөліп көрсетеді, мысалы, сайлаушылардың жүйеге деген талабы мен олардың жүйені қолдауы.
Талаптардың ауқымы оте кең жалақыны көтеру, еңбек жағдайын жақсарту, білім берудегі ассигнованиялар жәнс т.б. Егер де талаптар көп болса, бұл тек белгілі бір шекке дейін шешуге қабілетті жүктемелердің көбейіп кетуіне байланысты жүйенің әлсіреуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Егер де талаптар көп болып, оны парламент немесе үкімет шешуге физикалық жағынан дайын болмаса жүктемелер сандық, егер де талаптар күрделі болса сапалық болуы мүмкін. Сондықтан да оларды жүйе мүмкіншіліктерімен сәйкестендіру керек. Мұның салдарының ауырлығынан құтылу жолын саясаткерлер іздестіруге тиіс. Бұл мәселені талаптарды белгілі бір шеңберде ұстап тұратын қоғамда өмір сүріп отырған құндылықтар жүйесі, мәдени нормалар, қондырмалар және т.б. атқарады.
Импульстың немесе кірістің екінші түрі -- қолдау да жүйе үшін өте маңызды. Тұтастай алғандағы қауымдастықты (елді) қолдауды, режимді қолдау, үкіметті қолдау және оның қалған барлық мүшелерін қолдауды айырып алғанымыз абзал. Мысалы, өмір сүріп отырған режимді жек көре отырып, өз отанының патриоты болуы мүмкін, әрекет етуші үкіметтің қызметін жаратпай режимді қолдауы мүмкін, жекелеген мүшелеріңе теріс баға бере отырып тұтастай үкіметті қолдауы мүмкін.
Кез-келген саяси жүйеде маңызды екі механизмнің болуы шарт. Біріншіден, бұл қадағалаушы механизм, осы арқылы жүйені әрекетке түсіретін талаптар мен қолдаулар белгіленеді. Екіншіден, талаптар мен қолдауларды шешімдер мен әрекетке өзгерте конверсивті (өзгертуші) механизм жұмыс істеуі керек. Д.Истон талаптардың келесі түрлерін бөліп көрсетеді:
игіліктер мен қызметтерді бөлуді қарастыратын талаптар (еңбекақы, зейнетақы мен көмек туралы зандар қабылдау, жекелей алғанда, оларды төменгі деңгейге дейін орналастыру мен көтеру; жұмыс уақыты туралы зандар қабыддау, жекелей алғанда 8 сағаттық жұмыс күнін белгілеу; білім беру мүмкіндіктерін кеңейту туралы; жолдарды жақсарту, көлік құралдары мен транспорттың жұмысын жақсарту туралы заңдар қабылдау);
- жүріс-тұрысты реттеумен байланысты талаптар (қоғамдық қауіпсіздікті; нарықты; неке, денсаулық сақтау, санитарлық ахуалды жақсарту және т.б. салалардағы бақылауды қамтамасыз ету);
- коммуникация мен ақпарат сферасындагы талаптар. Қолдауға келер болсақ, оларды былай топтауга болады:
- материаддық қолдау: салық төлеу, қоғамдық бастаулардағы еңбек, әскери қызмет;
- заңдар мен директивалардың сақталынуы;
- саяси өмірге араласу: дауыс беру, саяси дискуссияларға қатысу және т.б. саяси қатысу формалары;
- ресми ақпараттарға назар аудару, оларға сену, мемлекет пен оның рәміздеріне және ресми салтанаттарға құрмет.
Саяси жүйе мемлекеттік басқару механизмдері арқылы легитимді шешімдерді жасақтайды жөне олардың жүзеге асуы бойынша әрекеттер қабылдайды.
Саяси жүйенің негізгі элементтері:
- билік -- шешімдерге ықпалын тигізе алатын бәсекелес топтар арасында ресурстарды бөлу;
- мүдделер -- мақсаттар жиынтығы, оларды көздей отырып жекелеген тұлғалар немесе топтар саяси процестердің қатысушысы болады;
- саясат -- әдетте заңнама түрінде болатын билік пен топтардың мүдделерімен бірге олардың арасындағы өзара әрекеттердің қоғамдық нәтижесі.
Д. Истон мен Дювержьенің зерттеулері саяси жүйе табиғатын түсінуге қадам жасады. Бірақ оларда бір-бірімен қатынаста, өзара әрекетте және т.б. табылатын элементтердің өзі нені біддіреді деген мәселенің басы ашылмай қалғандығы даусыз.
3. Саяси идеология түсінігі, деңгейі және қызметтері
Саяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі."Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.
Саяси идеология деңгейлері - қызмет істеу деңгейлері: теориялық-түжырымдық, бағдарламалық-саяси және өзектілік.
Теориялық-тұжырымдық деңгейде нақты тап (ұлт, мемлекет) идеалы мен құндылықтарын немесе саяси даму мақсаттарын ашатын негізгі қағидалар қалыптасады.
Бағдарламалық-саяси деңгейде әлеуметтік-философиялық принциптер мен идеалдар бағдарламаларға, саяси элитаның нақты ұрандары мен талаптарына айналады. Яғни, басқару шешімдерін қабылдаудың нормативтік негіздерін қалыптастырады.
Өзектілік деңгей идеология мақсаттары мен принциптерінің азаматтармен игерілуін, оларды өз істерін- де қолдану деңгейін сипаттайды.
Саяси идеология қызметі - қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді:
1) идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді;
2) бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, түлға және билік және т.с.с негізгі түсініктер туралы мағлүматтар беріп, адамның іс- әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді;
3) жүмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жүмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады;
4) амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мүраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады;
5) бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады
4. ХХІ ғасырдың он жаһандық сын-қатері
Қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһандық сын-тегеуріндермен бетпе-бет келуде.
Еліміз бен өңіріміз үшін мен он негізгі сын-қатерді бөліп көрсетемін. Егер біз өз дамуымызда жаңа табыстарға одан әрі қол жеткізуді жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысын міндетті түрде ескеруге тиіспіз.
Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі.
Тарихи уақыт аса жеделдей түсуде. Әлем қарқынды түрде өзгеруде және болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таң қалдырады.
Соңғы 60 жылда Жер тұрғындарының саны үш есе көбейді, ол 2050 жылға қарай 9 млрд. адамға жетеді. Осы кезең ішінде әлемдік ішкі жалпы өнім 11 есе өсті.
Бүкіл әлемдік тарихи процестің жеделдеуі қай кезде де мемлекеттер алдында жаңа шектеусіз мүмкіндіктер ашады, ал оларды толығымен пайдаланғанымызды мен мақтан тұтамын.
Соңғы 20 жылдан астам уақытта біз қоғам өмірінің барлық салаларына өте жоғары қарқынмен жаңғырту жүргіздік. Көптеген басқа елдерге 100, тіпті 150 жыл керек болған нәрселерді атқардық.
Дегенмен осы уақытқа дейін жалпы жаңғырту үдерісіне кірікпеген әлеуметтік топтар бар. Оның объективті себептері де бар. Қоғамда адамдардың моральдық жай-күйі мен қоғамдық аңсар-үмітіне әсер ететін бірқатар теңгерімсіздік әлі де орын алуда.
Біз осы теңгерімсіздікті жойып, қоғамның барлық жіктеріне қоғамдық жаңғырту процесіне кірігу мүмкіндігін беруіміз керек. Олар қоғамда өзінің лайықты орнын тауып, Жаңа саяси бағыт ұсынған мүмкіндіктерді толық пайдалануға тиіс.
Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік.
Жаһандық демографиялық теңгерімсіздік күн өткен сайын күшейе түсуде. Жалпыәлемдік тренд - адамзаттың қартаюы. Енді 40 жылдан кейін алпыс жастан асқан адамдардың саны 15-ке толмағандардан асып түседі. Туудың азаюы және адамзаттың қартаюы көптеген елдерде еңбек нарығындағы проблемаларға, атап айтқанда, еңбек ресурстарының жетіспеушілігіне сөзсіз әкеледі.
Шиеленісе түскен демографиялық теңгерімсіздік жаңа көші-қон толқындарын туғызып, күллі әлемде әлеуметтік шиеленісті күшейте түседі.
Біз Қазақстанда заңсыз еңбек мигранттары жергілікті еңбек нарықтарын тұрақсыздыққа әкелген елдің жекелеген өңірлеріндегі көші-қон қысымымен бетпе-бет келіп отырмыз.
Біз таяу болашақта кері процеспен - елдің шегінен тыс жерлерден бізге келетін еңбек иммиграциясымен бетпе-бет келуіміз әбден мүмкін екенін түсінуге тиіспіз.
Біз жас ұлтпыз. Еліміздегі орташа жас - 35. Бұл біздің адамдық әлеуетімізді сақтауға, әлемде өзіміздің дұрыс орнығуымызға зор мүмкіндік береді. Бүгінгі күні алға жылжуға бізде жақсы негіз бар.
Елімізде әрбір іздеген адам табуына болатын жұмыс бар. Оның үстіне біздің әрқайсымыздың өзіміз жұмыс істеп, өзімізді асырауға мүмкіндігіміз бар. Бұл - біздің үлкен жетістігіміз.
Мен сіздерді жалпыға ортақ еңбек қоғамына бастап келемін, онда жұмыссыздар жай ғана жәрдемақы алушылар емес, олар жаңа кәсіптерді меңгеретін болады, мүгедектер жасампаздық қызметпен белсенді түрде айналыса алады, ал корпорациялар мен компаниялар олардың еңбегі үшін лайықты жағдай жасай алады.
Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек.
Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер.
Әлемдік халық саны өсуінің жоғары қарқыны азық-түлік проблемасын күрт шиеленістіріп отыр.
Бүгіннің өзінде әлемде миллиондаған адам аштыққа ұшырап, миллиардқа жуық адам тағамның ұдайы жетіспеушілігін бастан кешіруде. Тамақ өнімдерін өндіруде революциялық өзгерістер жасамаса, осынау үрейлі цифрлар тек өсе түспек.
Біз үшін бұл сын-қатер астарында орасан зор мүмкіндіктер бар.
Біз қазірдің өзінде астық дақылдарын аса ірі экспорттаушылар қатарына ендік. Бізде аса ірі экологиялық таза аумақтар бар және экологиялық таза тағам өнімдерін шығара аламыз.
Ауыл шаруашылығы өнеркәсібінде сапалы секіріс жасау толықтай қолымыздағы нәрсе. Бұл үшін бізге жаңа тұрпаттағы мемлекеттік ой-сана қажет болады.
Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы.
Әлемдік су ресурстары да қатты қысым көріп отыр.
Соңғы 60 жылда жер шарында ауыз суды пайдалану 8 есе өсті. Осы жүзжылдықтың ортасына қарай көптеген елдер суды сырттан алдыруға мәжбүр болады.
Су - барынша шектеулі ресурс және оның көздерін иелену үшін күрес жер бетіндегі шиеленіс пен жанжалдар себептерінің бірі ретінде, қазірдің өзінде геосаясаттың аса маңызды факторына айналып отыр.
Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздің елімізде де өткір болып отыр. Бізге сапалы ауыз су жетіспейді. Бірқатар өңірлер оның зардабын қатты тартуда.
Бұл проблеманың геосаяси астары да жоқ емес. Қазірдің өзінде біз трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалануда бірқатар мәселелермен бетпе-бет келдік. Аталған мәселенің күрделілігіне қарамастан, біз оны саясаттандыруға жол бермеуге тиіспіз.
Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік.
Барлық дамыған елдер баламалы және жасыл энергетикалық технологияларға инвестицияны ұлғайтуда.
2050 жылға қарай алғанның өзінде оларды қолдану барлық тұтынылатын энергияның 50 %-на дейін өндіруге мүмкіндік береді.
Көмірсутегі экономикасының дәуірі бірте-бірте аяқталып келе жатқаны анық. Адамзаттың өмір тіршілігі тек бір ғана мұнай мен газға емес, энергияның жаңғыртылатын көздеріне негізделетін жаңа дәуір келе жатыр.
Қазақстан жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің басты элементтерінің бірі болып саналады.
Мұнай мен газдың әлемдік деңгейдегі аса ірі қорларын иеленетін біздің еліміз өзінің энергетикалық саладағы сенімді стратегиялық әріптестік пен өзара пайдалы халықаралық ынтымақтастық саясатынан бір қадам да кейін шегінбейтін болады.
Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы.
Жердің табиғи ресурстарының шектеулілігі, түгесілуі жағдайында адамзат тарихындағы теңдесі жоқ тұтынудың өсуі әр бағыттағы, келеңсіз де, оң да үдерістерді үдете түседі.
Біздің еліміз бірқатар артықшылықтарға ие. Жаратқан бізге көп табиғи байлық сыйлаған. Басқа елдер мен халықтарға біздің ресурстарымыз қажет болады.
Бізге өз табиғи байлықтарымызға деген көзқарасымызды ой елегінен өткізудің принципті маңызы бар. Біз оларды сатудан қазынамызға кіріс құя отырып, оларды дұрыс басқаруды, ең бастысы, еліміздің табиғи байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді үйренуіміз керек.
Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция.
Адамзат Үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді. Технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз.
Цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да көптеген ғылыми жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін трансформациялап, күнделікті ақиқатқа айналады.
Біз осынау үдерістердің белсенді қатысушылары болуға тиіспіз.
Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық.
Қазіргі уақытта ең үлкен әлемдік проблемалардың бірі - күшейе түскен әлеуметтік тұрақсыздық. Оның негізгі себебі - әлеуметтік теңсіздік.
Бүгінде әлемде екі жүз миллионға жуық адам жұмыс таба алмай отыр. Еуропалық Одақтың өзінде жұмыссыздық соңғы онжылдықтардағы ең жоғары деңгейге жетіп, көптеген жаппай тәртіпсіздіктерге түрткі болып отыр.
Мұның жанында Қазақстандағы ахуал біршама қолайлы болып отырғанын мойындау керек. Бүгінде біз бүкіл жаңа тарихымыз ішіндегі жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейіндеміз. Бұл, сөз жоқ, үлкен жетістік. Солай бола тұра, біз масаттануға тиіс емеспіз.
Әлеуметтік-саяси дағдарысқа ұласатын жаһандық экономикалық дағдарыс Қазақстанға сөзсіз қысым көрсетіп, біздің төзімімізді сынаққа алатын болады.
Сондықтан күн тәртібіне әлеуметтік қауіпсіздік және әлеуметтік тұрақтылық мәселесі қойылады. Біз үшін маңызды міндет - қоғамымыздағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайту.
Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы.
Әлем ауыр дүниетанымдық және құндылық дағдарысты бастан кешіріп отыр. Өркениеттер қақтығысы, тарихтың ақыры, мультимәдениеттің күйреуін жариялайтын үндер жиі естіледі. Жылдар бойы сыннан өткен құндылықтарымызды қорғай отырып, біз үшін осынау кертартпа көзқарастан тартынуымыздың принципті маңызы бар. Өз тәжірибемізден білетініміз, біздің осал тұсымыз деп атаған көпэтностылығымыз бен көпконфессиялығымызды өз артықшылығымызға айналдыра алдық.
Біз мәдениеттер мен діндердің қатар өмір сүруі жағдайында өмір сүріп үйренуіміз керек. Біз мәдениеттер мен өркениеттер диалогына бейілді болуға тиіспіз.
Тек басқа ұлттармен жарастықта ғана біздің еліміз болашақта табыс пен ықпалға қол жеткізе алады. ХХІ ғасырда Қазақстан өзінің өңірлік көшбасшылық ұстанымын нығайтып, Шығыс пен Батыстың үндестігі мен өзара іс-қимылы үшін көпір болуға тиіс.
Оныншы сын-қатер - әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупі.
Әлемде не болып жатқанын біздің бәріміз көріп отырмыз. Бұл дағдарыстың жаңа толқыны емес, әлемдік экономика әлі еңсере алмай отырған 2007-2009 жылдардағы дағдарыстың жалғасы.
Жаһандық экономикалық жүйе 2013-2014 жылдардың өзінде елеулі іркіліске ұшыратып, атап айтқанда, шикізатқа әлемдік бағаның құлдырауын туғызуы мүмкін. Біз үшін мұндай көрініс аса тиімді бола қоймайды.
ЕО мен АҚШ-тағы ықтимал рецессия дамыған елдердің шикізат ресурстарына қажеттілігін төмендетуге әкелуі мүмкін.
Еуроодақтағы жоқ дегенде бір мемлекеттің ықтимал дефолты домино әсерін тудырып, біздің халықаралық резервтеріміздің сақталуы мен экспорттық өнім беруіміздің тұрақтылығына күмән туғызуы мүмкін.
Валюталық резервтердің қысқаруы валюталық бағамдар мен инфляцияның қысымын күшейтіп, бұл қайтадан әлеуметтік-экономикалық ахуалға кері әсер етуі мүмкін.
Осыған байланысты біз халықаралық ахуал дамуының кез келген көрінісіне жан-жақты дайын болу үшін биліктің барлық тармақтарының, мемлекет пен қоғамның ойластырылған, келісілген және үйлестірілген бағытын тұжырымдауға тиіспіз.
5. Саяси жүйені зерттеудегі құрылымдық-функционалды тәсіл
Саясаттану әдістері - саясаттану ғылым ретінде жалпы ғылыми әдістердің белгілі бір қорын пайдаланады. Ғылыми зерттеудің қандай да бір әдістері мен құралдарының басымдылығы саясаттанудың ғылым ретіндегі пәнінің өзіндік ерекшелігіне байланысты. Саясаттану әдістері: әлеуметтанулық, тарихи, салыстырмалы талдау, құрылымдық-функционалдық, бихевиористік, жүйелік.
Әлеуметтанулық әдіс саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды.
Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.
Салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді.
Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысын зерттейді.
Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді.
Құрылымдық-функционалдық әдіс - саяси институттардың, саяси қатынас-тар субъектілерінің қызметін сараптау жолымен саяси процестерді зерттеу әдісі. Функция арқылы құрылымдардың әлеуметтік мәні, қоғамдық-саяси процестегі орны мен рөлі лайықты түрде анықталады.
6. Саяси идеологиялардың типологиясы
Саяси идеология - бұл саяси сана формаларының бiрi. Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі - саяси идеология. Идеология деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға, әдебиетке француз ғалымы және фәлсафашысы А. Дестют де Траси (1754-1836) кіргізді. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Кейін келе бұл сөздің мән-мазмұны өзгереді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнықтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немесе оған ықпал ету арқылы өз мақсат-мүдделерін білдіреді және қорғайды. Саяси идеология - жалпы идеологияның да өзегі. Оның ерекшелігі - саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс-әрекетті бағыттайды.
Саяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. "Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси(1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.

5) бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.
Идеология - саяси, мемлекеттік, ұлттық, құқықтық, этникалық, діни, эстетикалық, философиялық болып келеді. Сонымен бірге қандай идеология болсын, саясатпен тығыз байланыста болады Саяси идеологияға белгілі бір адамдар табылып қоғам құбылысы және дамуы ондағы қатынастарды орнықтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немесе оған ықпал ету арқылы өз мақсат мүдделерін білдіреді немесе қорғайды.
Идеологияның атқаратын негізгі қызметтері.
Қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Ол мынадай қызметтерден білінеді:
1. Идеологияның танымдық ролі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп түсіндіреді.
2. Бағдарламалық ықзметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс тұлға және билік тағы сол сияқты негізгі түсініктер туралы.
3. Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары құнды идеологияларын алға тартып, мақсат мүдделерін айқындап, қоғамды әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жұмылдырады, рухтандырады.
4. Бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.
Саясаттанудың қандай субъектісіне болсын идеология қажет. Ол адамдарды рухани біріктіріп, топтастырудың басшылықтың құралы.
Идеология - саясат пен қоғамды жалғастырушысубъективті фактор. Идеология саясатты насихаттау, түсіндіру арқылы халық санасына жеткізеді. Көп жағдайда қоғамдық, саяси - әлеуметтік қатынастардың дамуы заңдылықтары жағдайы мен келешегі туралы азаматтардың дүниетанымын идеология қалыптастырады.
Саяси идеологиялардың қазіргі заманғы ағымдары.
Қазіргі заманғы ғылымдағы идеологияның негізгі ағымдары.
Қазіргі заманда саяси идеологияның мынадай түрлері бар: 1. Либералдық 2. Консервативтік 3. Коммунистік 4. Социал-демократиялық 5. Фашистік
Идеология әр түрлі болады. Ол туралы жоғарыда айтып өттік. Яғни, саяси идеология, құқықтық идеология, діни идеология, этикалық идеология, эстетикалық идеология, мемлекеттік идеология, және оларға қосымша Қазақстанда таралып көзге көрінбей, бірақ салдары сезіліп жүрген келімсектік идеология, күнделікті тұрмыстық идеология, ұлттық идеология.
Қазақстандағы жағдайға байланысты оның мынандай түрлерін көрсетеді.Ең алдымен мемлекеттік идеология. Бұл идеология мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатын жүргізуде ерекше роль атқаратын құрал болып табылады. Тәуелсіздікті алғалы бері біздің мемлекеттік идеологиямыз - тәуелсіздікті нығайту, ұлттық бірлікті дамыту, көрші елдермен қарым-қатынасты жақсарту, әлеуметтік және экономикалық жағдайымызды көтеру, сырттан инвестиция тарту деген мәселелер болды. Қазіргі кезде идеология ауқымы 2030 стратегиялық бағдарлама көлемінде жүргізіліп жатыр.Келесі ұлттық идеология. Ұлттық идеология дегеніміз - сол ұлтқа ғана тән, яғни ата-бабаларынан қалған қасиетті мұраларды, дәстүрлерді негізге алып, үгіт-насихат жүргізу. Ұлттық идеология - мемлекеттік идеологиямен қабаттас, қатарлас, мираттас жүретін идеология. Біздің ұлттық идеологияның негізгі мақсаты - сол аталарымыздан қалған бүгінгі қазақ үлгі боларлық және мақтанышы болуға лайық рухани байлықтарымыз бен мұраттарымызды негізге ала отырып, ұлттық идеологиямызды бүгінгі заман талабына сай қалыптастыруға атсалысу. Талай ғасырлардан бері ұмтылмай, ұрпақтан ұрпаққа мұра боп келе жатқан ұлттық құндыл қтарға жанашыр болу, оны көзінің қарашығындай сақтау, оны келер ұрпаққа аман-есен жеткізу. Сондай-ақ ұлттық мәдениет пен әдебиетке, ұлттық салт-дәстүрге, ұлттық әдет-ғұрыптарға, тарихи-рухани мұраларға үлкен құрметпен қарап, оларға дер кезінде нәр беріп, қуаттандырып отыру. Бірақ, бұл әсте де жеке бір ұлттық мүддесін қорғап, басқалардың мұратын жоққа шығару емес. Керісінше, арам пиғылсыз, таза ниетті, таза адамгершілікке құрылған интернационализмнің бірінше жанашыры, ең жақын досы. Егер бейнелі түрде интернационализмді ұлттық аспаптар оркестірі десек, оның бас дерижері - ұлттық идеология. Ұлттар мәдениеттің ықпалдастығын, бірін-бірі толықтырып гүлдендіруін, дамытуын ол жоққа шығармайды. Бірақ, ұлттар мәдениетінің бірін-бірі жұтып қоюына, бір ұлт мәдениетін екінші ұлт мәдениетінен артық қоюға ол түбегейлі қарсы. Ол ғасырлар бойы бүкіл адамзаттың игілігіне жарап келе жатқан, барлық ақыл-ой құндылықтарын құрметтейді.
7. Нұрлы жол - болашаққа бастар жол Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдау
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол атты Қазақстан халқына Жолдауы - өзінің тарихилығымен ерекшеленетін кезекті құжат. Елдің Жаңа экономикалық саясаты туралы Жолдау барша қазақстандықтар сияқты Жаңақорған халқы тарапынан да бірауыздан қолдау табуда.
Өздеріңіз байқағандай, Елбасының қазақстандықтарға жолдаған жаңа Жолдауында түрлі маңызды мәселелер жан-жақты көрініс тапқан. Ұлт көшбасшысы халыққа арнаған Жолдауында 7 бағытқа айрықша назар аударған.
Бірінші. Көліктік-логистикалық инфра - құрылымдарды дамыту.
Екінші. Индустриялық инфра - құры - - - лымдарды дамыту.
Үшінші. Энергетикалық инфра - құры - лымдарды дамыту.
Төртінші. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен су- және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұ - рылымдарын жаңғырту.
Бесінші. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту.
Алтыншы. Әлеуметтік инфрақұрылым - дарды дамыту.
Жетінші. Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру.
Сонымен бірге Елбасы Жолдауда денсаулық, білім мәселесінің де күн тәртібінен түспейтінін айтты.
Ел экономикасының дамуы көлік қатынасының өркендеуімен тығыз байланысты. Өздеріңізге белгілі, жеті бағыттың алғашқысы көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Бұл жөнінде Елбасымыз: Қазақстандықтар салатын жаңа магистральдар біздің экономикамыз бен қоғамымызды жаңартады. Олар біздің еліміздің барлық түкпірлерін орталықпен берік байланыстырады. Жүк тасымалы жеделдейді және ұлғаяды. Ел арқылы транзит көлемі артады. Біздің азаматтарымыз заманауи және сапалы автомагистральдармен жүріп, кез келген өңірге қауіпсіз және тез жететін болады. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарады, жаңа және заманауи мектептер мен ауруханалар жоғары сапалы қызметтер көрсетеді..., - деп Жолдауда нақты айтты. Бұл бағытта біздің ауданымызда да біршама жұмыстар атқарылды. Соның бірі ағымдағы жылы автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарына 36 551,0 мың теңге қаржы бөлініп, 34,538,0 мың теңгесі игерілді. Ал келер жылы Жайылма, Байкенже, Қаратөбе, Қожамберді, Кеңес, Жаңарық елді мекендерінің ауылішілік көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмекші.
Жолдаудың екінші бағыты - индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту болып табылады. Бұл бағытта Елбасы облыстардан индустриялық аймақтар құруды тапсырды. Бәрімізге белгілі, Индустриялы-инновациялық даму бағдарламасы аясында облыста 22 жоба іске асырылса, оның 5 Жаңақорған ауданында іске асырылды. 1 жоба Республикалық даму картасына енді, 4 жоба аймақтық даму картасына еніп отыр. 2010-2014 жылдары өндіріс саласына 48 млрд 277 млн теңгеден астам инвестиция салынып, жаңадан 987 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Индустриалды - инновациялық даму мақсатында қомақты инвестициялар салып, аудан экономикасының өркендеуіне зор үлес қосып отырған Казатомпром Ұлттық Корпорациясы Акционерлік Қоғамына қарайтын уран өндірісімен айналысатын Қызылқұм, Байкен-U, СКЗ-U Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктерінің жылына 500 мың тонна күкірт қышқылын өндіретін зауыты, қорғасын-мырыш кенін өндіретін Шалқия Цинк ЛТД ЖШС-гі, қиыршық тас өндіретін Казпром - Қызылорда Компаниясы ЖШС-гі, Шалқия-Неруд ЖШС-гі, КДСМ Қыран ЖШС-гі, УАД ЖШС-гі компаниялары. Бұл компаниялар заман талабына сай жаңа технологиялар мен құрал-жабдықтарды қолдану арқасында зор табыстарға жетіп отыр.
Алдағы жылдары, индустриялы-инновациялық дамудың екінші бесжылдығында ауданда бірнеше инвестициялық жобалардың іске асырылуы жоспарлануда. Осы орайда, Облыс әкімі аппараты мәжілісінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес Жаңақорған кентінен шағын индустриалды аймақ ашу мақсатында жер учаскесі таңдалып алынды. Бүгінде ол жер аумағы тазартылып тегістелді. Тиесілі өлшемдері жасалып учаскелерге бөлінді. Учаске аралық жолдары салынды. Бүгіні күні осы аймаққа орналасып, кәсіпкерлік нысандарын салуға 30-дан астам азаматтар тілек білдіріп отыр.
Елбасы Жолдауда тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту мәселесіне айрықша маңыз берілгені белгілі. Оның ішінде мемлекет әлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімге жалға беруді ұсынды. Бұл делдалсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құқын арзандатуға мүмкіндік тудырады.
Мемлекет басшысы жаңа экономикалық саясатында шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау білдіруді де ұмыт қалдырған жоқ. Бұл жөнінде Елбасы Жолдауда: Бүгінде Ұлттық қордан Шағын және Орта Бизнесті қолдауға және несиелеуге бағытталған 100 миллиард теңге толықтай игерілді. Бұл 4,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Бұл қаржыға сұраныс ұсыныстан 23 миллиард теңгеге асып түсті. Бизнесті 10 жылға бар-жоғы 6 пайызбен несиелеудің бұрын-соңды болмаған шарты жасалды. Мұндай шарттар біздің елімізде бұған дейін болған емес,- деп атап өтті. Расында да мұның өзі кәсіпкерлер үшін бұл - бұрын-соңды болмаған мемлекеттік қолдау.
Ал білім саласына келетін болсақ біздің облысымызда үш ауысымда жүретін мектептердің мәселесін толығымен шешілген. Биылдың өзінде ауданымызда жаңадан 5 мектеп (№52 Сүттіқұдық, №161 Қосүйеңкі, №164 Құттықожа, №195 Жайылма, №209 Түгіскен) пайдалануға берілді. Ал апатты мектептердің жағдайы алдағы жылы өз шешімін табатын болады.
Елбасымыздың қай бір Жолдауын алып қарасақта астарында ұлт болып ұйысу, халық болып бірігу, ел болып қиындықтарды еңсеру идеясы жатқанын байқауға болады. Елбасының бірлікті табыстың кілті деуі сондықтан болар, бәлкім.
8. Билік легетимділігі мен легалдылығы ұғымдары.
Биліктік іс-әрекеттің өзінің мойындалуын сипаттайтын маңызды тұстарының бірі легитимділік туралы мәселе. "Легитимділік" термині (лат. legitimus -- заңды) өмір сүріп отырған билікті өзінің бағыныштыларының, сонымен қатар биліктің басқа субъектілерінің занды деп тануын анықтайды. "Легитимділік" терминін тарихи тұрғыда 1830 ж. Франциядағы шілде революциясы кезеңінде пайда болған легитимистер партиясының іс-әрекеттерімен байланыстырады. Олар 1789-1794 жж. революциялар нәтижесінде биліктен аластатылған Франциядағы Бурбондар династиясының идеяларын заңды және қажетті деп танып, оны заңды билік ретінде қайта жаңғыртуды ұсынған еді. Аталмыш ұғым саяси дағдарыстар, биліктік құрылымдардағы түпкілікті өзгерістер, биліктің ауысу жағдайларында және осы жағдайлардағы билік өкілеттіктерін кеңейту қажеттілігі пайда болғанда, олардың зандылық дәрежесі күмән тудырғанда ерекше өткір саяси мәселеге айналады. Яғни билікті тартып алу, оны заңсыз жаулап алу және басып алушының өз еркін тану тенденциясы пайда болады. Кандай билік болмасын өзінің заңды екендігін қорғайды.
"Билік легитимділігі" ұғымын француз революциясы мен оның салдары ерекше өзекті мәселе ретінде қалыптастырғанымен, бұл ұғым қарапайым формада саяси ойлардың бастапқы кезеңдерінде-ақ пайда болған. Адамзат биліктік катынастардың, билік құру мен бағынудың пайда болу кезеңінен бастап неге біреулері билік құрып, үстемдік етеді, ал басқалары -- оларға бағынып, қол астында болуы тиіс және билік, оның акциялары бағынушылар үшін қаншалықты қажетті деген сауалдарға жауап іздеумен келеді. Легитимділік туралы мәселе билік үшін бәсекелестік күресте өте күшті қару болды. Өйткені, биліктің ауысуы, биліктік кұрылымдардағы түпкілікті өзгерістер өздерімен бірге белгілі бір аласапыран мен тәртіпсіздікгі ала келді, осының салдары -- ұзақка созылған қанды соғыстарға апарып соқтырғандықтан, қоғамның саяси элитасы биліктің алмастырылуын, билік құрушы субъектілерді заңдастырудың әр түрлі әдістерін, осы процестердің астарында белгілі бір қағидалық негіздердің бар екенін келтіре отырып жасақтады. Бұл монархиялық режим жағдайында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz