ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫ
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пән аты: Kast 2204- ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ
Мамандығы: 5В050400 - ЖУРНАЛИСТИКА
Оқу түрі: күндізгі
ҚЫЗЫЛОРДА, 2015.
Құрастырған: доцент Алдажар Әбдірасуллеұлы ӘБІЛОВ
Пәнінің оқу-әдістемелік кешені Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 5В050400 - журналистика мамандығы бойынша бекіткен мемлекеттік білім беру стандартына (1998 ж.) сай, типтік оқу бағдарламасы (авторлары: ф.ғ.д. проф З.Биснғали, ф.ғ.к,доц. Ө.Әбдіманов) негізінде жасалып, қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинарында талқылаудан өткен және Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша комитеті бекіткен (Хаттама №1. 31.08. 2015ж.) Қазақ әдебиетінің тарихы пәнінің оқу бағдарламасы негізінде жасалды.
Пәннің оқу-әдістемелік кешені қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының мәжілісінде талқыланды. Хаттама №1. 31.08. 2015 ж.
Кафедра меңгерушісі: Ғ.Ә.Тұяқбаев
филология ғылымдарының кандидаты,
доцент
Пәннің оқу-әдістемелік кешені Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің жұмыс оқу жоспарлары және оқу бағдарламалары комитеті мәжілісінде мақұлданған.
Хаттама № 1. 31.08. 2015 ж.
Комитет төрағасы: Б.Ж.Әбдікәрімов
физика-математика ғылымдарының докторы,
профессор
М А З Ұ Н Ы
Алғы сөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Пән бойынша негізгі ұғымдар мен түсініктер (глоссарий) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Қазақ әдебиетінің тарихы пәнінің оқу бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Қазақ әдебиетінің тарихы пәнінің жұмыс бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
Қазақ әдебиетінің тарихы пәнінің силлабусы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62
Пән бойынша тапсырмалар кестесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...93
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...94
Қазақ әдебиетінің тарихы пәні бойынша лекциялар кешені ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..97
Практикалық (семинар) сабақтардың жоспары мен тақырыптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..279
Пәнді игеруге арналған әдістемелік нұсқау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..294
Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 310
БАОӨЖ жоспары, тапсырмалары, аптасы, сағаты, әдебиеттері, жұмыс түрі ... ... ... ... ... ... .316
БАӨЖ кестесі, тапсырмалары, аптасы, сағаты, әдебиеттері, СӨЖ түрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 320
БАОӨЖ әдістемелік нұсқау мен талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .323
Аралық және қорытынды бақылауға арналған тест тапсырмалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 329
Жазба жұмыстарының тақырыбы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..337
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 39
Оқуды бақылау мен оның нәтижесін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...340
Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиалық қамтамасыз етілуі ... ... ... ... ... .344
Арнаулы дәрісхана, кабинет, зертханалар саны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...344
АЛҒЫСӨЗ
Қазақ әдбиетінің тарихы пәні білім алушының әдебиет тарихы мен терориясына және сынына қатысты пәндерді оқып білудегі жинақтаушы курс болып саналады. Журналистика мамандығы бойынша бұл пәннен басқа пәндерде қазақ әдебиеттануы мәселелері, қазақ әдебиеті тарихына қатысты жәйттер оқытылмайтындығы - пәнге ерекше назар аударуды қажет етеді.
Курстың мазмұны білім алушыны қазақ әдебиетінің даму жолымен, кезеңдер ерекшелігімен таныстырады, Оларға әлем әдебиеттануынының және ұлттық әдебиеттанудың қалыптасу, даму тарихынан мәлімет береді. Сөйтіп, әдебиеттанушылық білім шеңберін кеңейтеді.

Жоғарыда аталған типтік оқу бағдарламасы 5В050400 - журналистика мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасалған, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспаға ұсынған. Бағдарлама авторлары: ф.ғ.д. проф З.Биснғали, ф.ғ.к,доц. Ө.Әбдіманов, пікір жазғандар - ф., ғд, проф. Д.Ысқақұлы және ф. ғ.л., проф Қ.Алпысбаев
Пәннің оқу-әдістемелік кешені қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының мәжілісінде талқыланды. Хаттама №1. 31.08. 2015 ж. Пәннің оқу-әдістемелік кешені Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің жұмыс оқу жоспарлары және оқу бағдарламалары комитеті мәжілісінде мақұлданған. Хаттама № 1. 31.08. 2015 ж.
Мұнда білім алушыға Қазақ әдебиетінің тарихы пәнінің әдебиет теориясы мен сынына және журналистикаға қатыстылығы, әдебиет тарихын дәуірлеудің ғылым ретіндегі мәні, өзге ғылымдармен байланысы, қарауына жататын проблемалары, оларды зерттейтін салалары мен түрлерін қамти отырып, жалпы әдебиет тарихы мен қазақ әдебиеті тарихының негізгі проблемаларынан, сондай-ақ сөз өнері білімінің тарихынан терең білім беру мақсат етіп қойылған. Осы мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешу көзделді:
- Пән бойынша теориялық білімдерді игерту, қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселелері, оның дәуірленуінің ғылыми негіздері және т.б. туралы жалпы әдебиеттануға, қазақ әдебиетіне қатысты теориялық мәлімет беру. Әдебиет тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері пәні доктаранттың әдеби - теориялық білімдерін тереңдетіп, әдебиеттанушылық - зерттеушілік еңбектің негіздерімен таныстырады.
- Қазақ әдебиетінің тарихына қатысты, әдеби дәуірлеуге қатысты көркем туындыны жан - жақты зерттеп, талдап, салыстырып, оның көркемдік - идеялық мазмұнын ашудың түрлі тәсіл, амалдарына үйретеді. Көркем туынды және әдеби кезеңдер жайлы теориялық, эстетикалық пайым - түсініктерін нақты шығармаларды талдау, салыстыру, салғастыру, байыптау, бағалау барысында практика жүзінде қолдана білуге дағдыландырады.
- Әдебиеттердің бір - бірін байыту құпияларын игеріп, шеберлік, қаламгер шеберлігі мәселелері сырын ашуға, бұл мәселенің әдеби дәуірлермен, кезеңдер талабымен байланысын тануға машықтанады.
- Қазақ әдебиетінің тарихын оқып-үйренуде әдеби дәуірлер туралы, бағыттар мен ағымдар, дәуірлердің өзге кезеңдерінен өзгешелігі, жаңалығы мен жетістігі, жанрлық ерекшеліктер мен сөз қолданысы, көркемдігі туралы мәлімет беріп, кезең қамтитын шығармалар туралы, ақын - жазушылар шығармашылығы туралы және сол кезеңге қатысты зерттеулер мен пікірлер туралы толық ақпарат беру.
- Білім алушыны әдебиетті дәуірлеуге қатысты ұғымдармен, пікірлермен таныстырады, қазақ әдебиеті тарихындағы кезеңдер ерекшеліктерін, әдебиеттер байланысын танып, білуге, талдау жасауға үйретіп, көркем әдебиеттегі бағыт, ағым, тәсіл, әдіс және жанр мәселелерінің әдеби дамумен байланысын, жүйелілігі мен заңдылықтарын, әдебиет тарихына қатысты теориялық мәселелерді игертеді.
Білім алушы меңгеруге тиісті білім және шеберлік жүйесі:
1. Қазақ әдебиетінің өсу, даму жолымен таныса отырып, әдебиет тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздеріне қатысты басты теориялық қағидалар мен ұғым-түсініктермен, терминологиялық жүйесімен, тұжырымдармен жете танысу.
2. Әдебиет тарихын дәуірлеуге қатысты әдебиеттанудағы теориялық көзқарастар мен пікірлерді, тұжырымдар мен болжамдарды сараптай отырып, олардың дұрыстығына сенімді болу.
3. Әдебиет тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздерінің теориялық-методологиялық негіздерін игере отырып, көркем әдебиетте болатын әр алуан құбылыстарды сипаттай алу, өз ойын, пікірін кәсіби дәлелдей алу.
4. Қорытынды жасауға, баға беруге нақты әрі шұғыл шешім қабылдауға машықтану.
5. Теория мен практиканы ұштастыра алу.
6. Қазақ әдебиетінің даму жолымен, ерекшеліктерімен танысу.
ПӘН БОЙЫНША НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР МЕН ТҮСІНІКТЕР
(ГЛОССАРИЙ)
АБЫЗ - түркі халықтары тәңірі,сенімінде болғанкөне дәуірдегі бірегей мәдени-әлеуметтік жүйенің өкілі.
АВТОРДЫҢ БЕЙНЕСІ - әдеби шығармадағы жазушының өз түлғасының көріну қалпы.
АВТОРЛЫҚ ҚОЛЖАЗБА - әдеби шығарманың автордың өз қолымен жазылған түпнұсөасы.
АКАДЕМИЯЛЫҚ БАСЫЛЫМ - Ақын-жазушылардың шығармаларының ғылыми-текстологиялық зерттеу негізінде дайындалып, жарық көрген толық жинағы.
АРХЕТИП (грек. Агсһе - бастау, бейне) алғашқы үлгі, түпнұсқа. Архетип жалпыадамзаттық рэмізділіктің негізіне, шығарма. Жасампаз қиялдың нәр алатын бастауына жатады. Архетип өнерде ерекше рөл атқарады. Мәдени Архетиптер - бұл ілкі мәдени түпнұсқалар, адам және оның табиғат пен қоғамдағы орны жөніндегі түсінік- рәміздер, тарихтың терең қойнауларынан үзілмей өсіп шығып, қазіргі мәдениеттің нормалық-құндылық кеңістігінде өз маңызы мен мағынасын жоғалтпаған және бүгінгі адамдардың әрекеттеріне жалпы жоба беретін баптық-құндылық бағдарлар. Архетип туралы ілімдер К.Юнгтің Аналитикалық психологиясында, Л.С.Выготскийдің Мәдени-тарихи теориясында, Дж.Кулидің Рәміздік интеракционизмінде және мәдениетті құндылық-рәміздік жүйе мен адамдар тіршілігінің рухани интенциясы деген түсініктерде жан-жақты дамытылды. К.Юнгтің аналитикалық психологиясында Архетип көмескі сананың тылсымдық құрылымдарында ұжымдық бейсаналық түпнұсқалар ретінде сақталды. Мәдени тұлғаның рухани-шығармашылық қазынасын қауымдық тылсымдағы Архетиптер құрастырады. Оларға адамның рухани өмірін априорлы (тәжірибеге дейін) қалыптастыратын және оның іс-әрекетін, мінез-құлық жүйесін жалпылама анықтайтын құндылықтар қисыны жатады. Осының негізінде адамда мендік сезім, этноста ортақ уақыттық-кеңістік өрісі пайда болады. Әрбір халық өз мәдениетін еркін дамытуға мүмкіндік алған кезде Архетиптеріне жиі оралады. Мысалы, Қазақстанда соңғы жылдары, мәдениет пен өнердің әр саласындағы ұлттық негіздерін жаңғырту идеясы осымен тұстас.
АРХИТЕКТОНИКА (грек. Агсһііекіопіке - құрылыс өнері)
үйдің құрылымдық жүйесін құрылыс заңдылықтарына сай, жоғары көркемдік дәрежеде жүзеғе асыру және оның нақтылы шешімін табу шеберлігін білдіретін сәулет өнерінің ұғымы;
көркем шығарманы құрастырудың жалпы эстетикалық жоспары, оның бөліктерінің өзара байланысының үйлесімдігі.
Жалпы мәдени туындыларға қатысты да Архитектоника ұғымы, қолданылады. Әр алуан құрылымдық жүйелердің үйлесімділігін арттыру үшін, оның әсемдігі мен функционалдық сәйкестігі біртұтас болуы керек. Архитектоникада құрылымның бас элементтері мен қосалқы бөліктерінің арасындағы икемділікке үлкен көңіл бөлінеді. Мысалы, мәдени туындының сыртқы бітімдерінің безендірілуі, қоршаған ортамен және тұрмыс қажеттіліктермен үйлесімді-құрастырылу қисындығы Архитектоника талаптарына сай келеді.
АФФЕКТ (лат. - жан толқынысы) - адам көңіл-күйінің шұғыл өзгеріп, әсерленуі (үрейлену, масаттану, ызалану). Аффект кезінде стрестік жағдайлар туындап, адам өзінің жүйкесін толық бақылай алмайтын ерекше сезімдік кейіпке түседі (оқыс мимикалар, айқайлау, жылау, т.б.). Бұл құбылыс әсіресе балаларда жиі кездеседі (мазасыздану, үрейлену, т.б.). Қуаныш кернеген немесе қайғы-қасіретке душар болған ересек адамның да жан толқынысы Аффект түрінде болуы мүмкін. Аффекттің мәдени жағын алсақ, онда оның тылсымдық не рухани тазарудың (катарсис) функциясын атқаратынын ескерген жөн. Әсіресе өнер шығармаларынан ләззат алу, оны тамашалау кезіндегі Аффекттер адамның көңіл-күйін көтеріп, тұлғааралық ерекше бір ынтымақтастықты тудырады. Аффект феномендері қазіргі бұқаралық мәдениет тұрғысынан да жиі қолданылады (тартымды ету, адамның ішкі дүниесіне жақындау). Кейде Аффект пайда табуды көздеген адамдар үшін тылсымдық инстинктерді қоздыру мақсатында да қолданылады.
Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) - қазақ топырағында дүниеге келген ұлы ғұлама, энциклопедист ғалым, философ, математик, музыка теоретигі. Отырар қаласында әскербасының отбасында өмірге келген. Отырар медресесінде, Шашу, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб, Бағдат шаһарларында білім алған.
Әбу Насыр әл-Фараби - түрік ойшылдарының ең мәшһүрі, Әлемнің 2-ұстазы атанған ғұлама. Әбу Насыр әл-Фараби мәдениеттанулык көзкарастары сол замандағы ең озық өркениет - араб, парсы, түркі мәдениеттерінің тоғысуы нәтижесінде қалыптасқан. Жібек жолы бойындағы қалалардың жоғары өркениеттілігі аясында қалыптасқан Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары, Фусул әл-мадани (Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері, т.б. трактаттарында Әбу Насыр әл-Фараби мәдениетті адамдық болмыстың шешуші буыны ретінде алады. Адамның өзі мәдени жан (Хайуани мадани). Әбу Насыр әл-Фараби философиясында мәдениет термині (мәдәниат) сөзімен (медина) түбірлес қарастырылады. Қала түсінігі Әбу Насыр әл-Фараби философиясында адамдық үй ұғымына жақын келеді. Фусул әл-мадани еңбегінде Әбу Насыр әл-Фараби адамдық болмыс ретіндегі мәдениетті талдауды бірінші ұядан - отбасынан бастайды. Үйдің өзіне тән мақсаттары болғанымен, ол құрамдас бір бөлігі болып табылады. Қалада отбасылар келісімді, тату-тәтті өмір сүруі керек. Қала ұғымы мемлекетпен жақындастырылады. Тағы бір мағынасында қала ұғымы әлеуметтік-мәдени топ түсінігімен де байланысты қарастырылады, Әбу Насыр әл-Фараби - 4 түрлі қалалар бар дейді: қайырымдылар қаласы, надандар қаласы, адасқандар қаласы, азғындар қаласы. Бұл әлеуметтік мәдени типтер сол заманның мәдени бағдарламасымен сәйкес келеді. Рухани мәдениет бастауларын Әбу Насыр әл-Фараби адамдарды өзара байланыстыратын құндылықтардан - жандүние үндестігінен, әдеміліктен, қайырьшдылықтан, бақыттан іздеді. Қайырымды қала тұрғындары ақыл-ой, әділеттілік, теңдік, бақыт бастауларын жоғары бағалайды. Бұларға жету үшін мәдени тәрбиенің маңызы зор. Тәрбиенің неғізгі мақсаттарының бірі - білімді қалыптастыру. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгелердің ақылдылығын аңғармайды. Ғылым мен тәрбие ұштаса келе жоғары мәдениеттілікке жол ашылады. Мәдениеттілікке тәрбиелеу мәселесін Әбу Насыр әл- Фараби жалпы мұсылмандық білім жүйесі - мағрипатпен үндес қарастырады. Оның басты түйіні - мінсіз ақылды әрі жетілген адамды қалыптастыру (әл-камили әл-инсани). Әбу Насыр әл-Фарабидің мәдениеттану саласындағы мұрасы ұшан-теңіз.
Барт Ролан (1915-1980) - француз семиотигі, эссеист, Париж университетін классикалық философия мамандығы бойынша бітірген. Хаттың нөлдік дәрежесі және Мишле өзі туралы деген еңбектерінен кейін танымал болған. 1950 жылдың ортасынан франңуз структурализмі мен теориялық семиотикасының жетекші өкіліне айналған, құрылымдық-семиотикалық тэсілді тұрмыстық бұқаралық мәдениетті талдауға қолданған (Мифология, 1957). Мода жүйесі жэне Расин туралы еңбектерінде осы тәсіл арқылы көркем эдебиетке өзіндік түсіндірме берген. Барт көптеген теориялық мақалалар мен эсселер жариялағган.
Барт шығарманың бастапқы кезеңінде Сартр мен Маркстің ықпалымен жаттану ұғымын мәдени туындыларды талдауда қолданған. Жас Барт дискурстың құндылық жаты мен мәтіннің әлеуметтік мағынасына тығыз байланысты хат түсінігін қалыптастырады. Соссюр жэне Якобсон көзқарастарының ықпалымен Барт қоғам әлеуметтік дискурстың таңбаларына екінші, яғни коннонативтік мағыналар береді дейді. Семиотика лингвистиканың бір бөлігі болып табылады. Барт бойынша, тілде жаттанумен күресудің екі жолы бар.
семиолог-структуралист табиғи мәдени деректерде әлеуметтік әсіреленген мағыналарды ашып әшкерелейді;
әдеби шығармалар өзінің Камю, Брехт, Соллерс сияқты озық өкілдері арқылы идеологиялық демистификацияны жүзеге асырады.
1970 жылдан бастап Барт сөзді жаттанудан арылтатын жаңа шығармалар типін негіздейді. Ол енді автордың өлімін баяндап, мәтіннің шешуші қызметіне назар аударады. Мәтін теориясында Ницше мен Дерридаға жақын тұрғыда болған. Бұл жаңа хат мәдениетінің жатсынуына емес, тілдік утопияны жүзеге асыруға бағытталған. Жаңа өнер үлгілерін Барт авангардшыл өнер мен Қиыр Шығыс мәдени дэстүрлерінен табады (Таңбалар империясы), Барт композицияның күнделік пен сөздік сияқты дәстүрлі алеаторлық формаларына ерекше көңіл бөледі (Мәтіннен алған ләззат және Сүйіспеншілік дискурсының үзінділері).
БЕЙСАНАЛЫҚ - адам санасында анықталмайтын психикалық тылсым процестердің жиынтығы мәдениеттануда сана құбылыстарынан сапалы өзгешеліктері бар қоғамдық сананың санаға дейінгі және төменгі саналық құрылымдары, Бейсаналық мәселесін мәдениетте қарастыру шығарма табиғатын зерттеуден басталады. Платон шығармасында процесті эростың көрінісі ретіндегі санаға дейінгі құбылыстармен байланыстырылды. Орта ғасырларда Бейсаналық адам Мен Кұдайдық тылсымдық бірлігі арқылы түсіндіріледі. Ары қарай Бейсаналық шығарма Қиял жэне интуицияға қатысты зерттелді. Кант қиялдаудың жасампаз қабілетін саналықпен Бейсаналықтың бірлігі деп түсіндірді. Генийлері, дейді Кант, Бейсаналық қалыпта ерекше бір шабытпен жасампаздыққа барады. Олардың әрекеті табиғатпен ұқсас, айырмашылығы тек табиғаттың объективтілігінен гөрі адамдық Бейсаналықтың субъективті түрде және еркін болуында. Шеллинг шығармашылық процесін толық иррационалды түрғыдан; түсіндіріп, Бейсаналықты логика мен өмір практикасынан тыс интуициялық акт ретінде қарастырды. Иен романтиктері Бейсаналықты табынатын культке дейін көтерді. Шопенгауэр оны барлық әлемдік процестердің негізіндегі әлемдік ырық ретінде карастырды.
... Мәдениет тек бір түлғаның ғана жетістіғі болғандықтан, үлкен тобырлық немесе ұжымдық невроздар тууы мүмкін. Осы сипатта Фрейд көптеген мәдениеттер, мәдени дәуірлер невротикалық болмады ма деген сұрақ қойды. XIX ғ.табиғатын әлеуметтік факторлармен түсіндіретін ілімдер қалыптасты. Леви-Брюль ежелгі халықтардың логикалық ойлауға дейінгі формалары туралы баяндады. К.Г.Юнг Бейсаналықты мәдениет бастаулары - архетиптер арқылы түсіндірді. Ұжымдық, Б.Юнг бойынша, адамзат тарихының терең қойнауларынан бастау алады; миф. эпос діни нанымдарда сақталып, түс көруде жаңғыртылады. К.Хорни Бейсаналықты адамның болмысты негізіндегі өз тұрақтылығын сақтауға бағытталған ұмтылысқа әкеп тірейді. Леви-Строс Бейсаналықты адам әлеміне тән және таңбалар арқылы түсіндіреді. Бейсаналық әсіресе тілдік кұрылымдарда терең қалыптасқан.
ГЕРМЕНЕВТИКА (грек. Негшепеиііке - түсіндіру өнері) - алғашқы мазмұнында көнеліктен немесе көпмаңыздылықтан түсініксіз мәтіндерді түсіндіру өнері және ілімі. Герменевтика ежелгі антиктік дәуірде көне ақындардың (ең алдымен - Гомердің) шығармаларындағы рәміздерді, таңбаларды, құпиялап айтуларды түсіндіру тәсілі ретінде қалыптасқан. Орта ғасырларда Библиядағы көркем бейнелер мен меңзеп айтуларды түсіндіруге байланысты Герменевтиканы діни өкілдер жан-жақты колданған. Қайта Өрлеу дәуірінде Герменевтика антиктік мәдени мұралардың тілін тірі, сол замандағы мәдени тілге аудару мақсатында пайдаланылған. Ф.Шлейермахер еңбектерінде Герменевтика Қасиетті Жазу мәтіндеріндегі астарлы тілді жаңаша түсіндіру үшін кеңінен пайдаланылады. Ол үшін догматтар мен рәміздер діндарлық сезімдер болып табылады, дамушы діни тәжірибе сенімнің субстанциясына айналды. Шлейермахер қазіргі философиялық ұғымдарды қолдану тәжірибесі арқылы ескі діни мәтіндерге жаңа мазмұн беруге болады дейді. Қазіргі мәдениеттануда Герменевтика тұлғалық түсінуші тәжірибемен (Г.Гадамер) байланыстырылады. Гадамер бойынша, тарихи құрылымдар мен мәдени деректерді түсіндіру тіл мүмкіндіктеріне негізделген. Табиғи тіл өз мағыналарымен ойын жағдайында болады. Герменевтика міндеті - өзімен өзі тұтас мәтінді дәл жеткізу. Әсіресе поэзияда Герменевтика қажетті, өйткені акын жиі сәуегей кейпінде өз ойьн жеткізеді. Герменевтика мәселелерін де қарастырған. Басқа мәдениетті түсіну үшін, дейді М.Бахтин, оның ішіне ену керек. Сонымен қоса, басқаны түсіну үшін, өзіндегі тұрақтылықты да сақтау қажет.
ГИПЕРМӘТІН (грек. Нурег - жоғары, ар жағында) - мәтіндер иерархиясында жүйеге айналған, сонымен қоса мәтіндердің көптігін білдіретін арнаулы құрылым. Гипермәтіннің қарапайым мысалына сөздіктер мен энциклопедиялар жатады: ондағы әрбір мақала осы сөздіктегі басқа мақалаларға сілтеме береді. Осындай мәтінді әртүрлі оқуға болады: Гипермәтіндік сілтемелерді ескермей, қажетіне қарай, бір мақаладан екіншісіне; сілтемелерді ескере отырып, мақалаларды басынан аяғына дейін немесе бір сілтемеден келесісіне ауысып, Гипермәтіндік саяхат жасау кездеседі. В.Рудневтің Қазіргі мәдениет сөздігі осы үшінші тәсілмен құрастырылған. Айталық, Гипермәтін мақаласын оқу үшін гипершындық, виртуалдық шындық, сананың өзгертілген түрлері мақалаларымен міндетті түрде танысу қажет. Гипермәтін, әдетте, тізбектік сипатта болады жэне ол түзу сызықты емес ой лабиринтіне ұқсас. Оған бір енгеннен кейін, қайта шығу қиындық туғызады.
ГИПЕРШЫНДЫҚ - гипермәтін жэне виртуалды шындық ұғымдарына жақын, француз философы Жан Бодрийар ұсынған ұғым. Гипершындықты түсіну үшін шындықты мәтінмен қоса алу керек те, мәтінді гипермәтін ретінде қабылдау қажет, сонда Гипершындық түсінігі шығады. Бодрийар пайымдауынша, біз осы Гипершындықта өмір сүріп тұрмыз. Бұқаралық ақпарат құралдары, толассыз ақпараттық ағын адам санасын мүлдем билеп алған. Адам дауыл кезіндегідей кеменің үстінде бір шетінен екіншісіне домалай береді. Мысалы, 1991 жылы Ирак пен АҚШ-тың арасындағы соғыс шындық мағынасында болған жоқ. Бұл компьютерлер дисплейімен видеопроекторлар экранына отырғызылған (гипермәтіндік соғыс болды). Бұл ешқандай мистика емес, ол Гипершындық метафизикасы, ояу түс, тіпті компьютерлік көркем әдебиет және оның тым болмаса бір классигі белгілі. Оның фамилиясы да Джойс, бірақ есімі Джеймс емес. Майкл және ол Улиссті емес компьютерлік роман Тал түсті жазды. Бүл романды тек компьютер дисплейінде ғана дәл оқуға болады. Ол Гипершындық түрінде құрастырылған. Клавиштерді басу арқылы оны соңынан басына дейін де, эпизодтарын ауыстырып та оқи беруге болады. Гипершындықта уақыт пен кеңістік жасанды болып шығады: кеңістік - прагматикалық, ал уақыт болса - сериалды. Мысалы, Гипершындықта қазіргі оқиғаны суреттей келе, тарихтың терең қойнауларына кетіп қалуға болады, одан болашаққа жету үшін бір кнопка жеткілікті. Гипершындық адамдық мәдениеттің ерекше бір тілдік бітіміне жатады.
ИРРАЦИОНАЛИЗМ (лат. Іггагіопаііз - ақылға қонымсыз, санадан тыс) -табиғат, мәдениет құбылыстарын, адамгершілік бастауларын байқататын методологиялық принцип, әдістанушылық қағида. Иррационализм ағымын ұстанған ғалымдар К.Ясперс, К.Юнг және тағы басқалар. Мәдениеттің табиғаты, оның ерекшелігі туралы иррационалистік таным Ницше, Бергсондардың өмір философиясында, Ясперс, Сартр сияқты экзистенциалистердің еңбектерінде қалыптасты. Иррационализм мәдени-тарихи процестегі негршілдік, үндісшілдік, арабшылдық, т.б. осы сияқты концепцияларда қолданылады. Мысалы, негршілдік бағыт Батыстың салқынқанды-рационалистік мәдениетінен өзгешелігі бар негр-берберлердің құндылықты-сезімтал мәдениетінің де өмір сүру құқы бар екенін көрсетіп беріп отыр. Мәдениетке дамыған сезімталдықпен қарайтын иррационализм көзқарас дүниетанымы тұтастығымён ерекшеленеді, ал әлеуметтік бағытта бір-біріне көмек пен әділдік негізін қалайды.
КАМЮ Альбер (1913-1960) - француз-жазушысы, философ.
Экзистенциализм бағытының өкілі ретінде А.Камю нигилистік көзқарастағы абсурд, мағынасыздық философиясынан моралистік гуманизмге дейін көтерілді. А.Камюдің танымында ең қайғылы қасірет XX ғасырдың құдайдың өлімі, яғни адамзат баласының парықсыз өмір сүруі, сондықтан өмір сүрудің өзі мән-мағынасын жоғалтты дегенмен астасады. Мүндай мағынасыз ғасырда кездейсоқтық қана үстемдік етеді.
А.Камюдің көзқарасы бойынша адам санасымен дүние-әлемдігі қайшылық қақтығысынан мағынасыздық туады. Адамзат қоғамындағы мағынасыздық - А.Камю концепциясының негізгі принципі. Бұл идея бойынша бүкіл дүние мағынасыздықтан тұрады. Сондықтан адам баласы да мағынасыз тіршілік етуге, мақсатсыз өмір сүруге мәжбүр деп ұйғарады.
А.Камю сол мағынасыздықтан құтылудың екі жолы бар деп тұжырым, қорытынды жасайды. Біреуі - өзін-өзі өлтіру, екіншісі - бүлікшілік. А.Камю бүлікшілікті абстракті адамның санасыздық пен мағынасыздыққа карсы наразылық білдіруі деп түсінеді. Алайда бұл бүлікшілік төңкерісшілдік мағынасында емес, керісінше, жер бетіндегі мағынасыздық хаосқа қарамай, оған қар-рухыңды берік ұстап, өмір сүру дейді. А.Камюдің философ және көркем шығармаларын Батыс Еуропадағы рухани атмосферадағы тоқыраудың көрінісі деп тануға болады. А.Камюдің Бөтен (1942) повесі, Сизиф туралы миф (1942) философы, эссесі, Оба (1947) роман-притчасы. Құлдырау (1956), Патшалық және қуғындалу (1957) әңгімелер жинағы, т.б. еңбектері жарық көрген.
КАНОН (грек. Капоп - ереже, кағида, өлшем) - берік сақталған, дәстүрлі, жалпыға түсінікті үлгі. Бейнелеу өнерінде көркем тәсілдер мен ережелердің жиынтығы (композиңия өлшемі, колорит, пропорңия жүйесі). Бейнелеу өнерінде әр дэуірде (белгілі бір Канонның берік сақталуы міндетті болған. Канон деп, сондай-ақ, көркем шығармашылықта өлшем ретінде баланатын ұлы шығармаларды айтады. Канон Шығыстың көне мәдениетіне, Көне түркі өркениетіне және Еуропа мен Азияның орта ғасыр мәдениетіне де тән. Қайта Өрлеу дәуірінде Канон бейнелеу өнерінің түрлі саласында рационалды жолмен бейнеленген заттың (адам тұлғасының пропорциясы, т.б.) үздік үлгісін табуға тырысты.
КАНОНДЫҚ ТЕКСТ (грек. капоп: қалыптасқан, белгілі болған, таныс деген мағынада) - көптеген шығармалардың қайта-қайта басылуға, айтуға байланысты, кейде қатеден, кейде бастырушының, я айтушының әдейі өзгертуіне байланысты алғашқы қалыптан өзгеретіні белгілі. Мұндай кездерде мәтіннің алғашқы нұсқасын қаз-қалпына келтіру үшін көптеген текстологиялық зерттеулер жүргізуге тура келеді (салыстыру, түпнұсқасын табу, кейінгі қоспалардан арылту, т.б.). Сонан кейін ғана алғашқы түпнұсқасын анықтауға мүмкіндік туады. Түзетіп, қайта бастырғаннан кейін, бұл Канондық текстке айналады. Абай шығармаларының Канондық текстін жасауға көп күш жұмсалды.
КАРНАВАЛДЫ МӘДЕНИЕТ - халықтың жаппай күліп, тойлауын білдіретін мәдениеттанудың термині. Карнавалды мәдениет ұғым-терминін ғылыми айналымға енгізген орыс мәдениеттану ғылымының ірі өкілі - М.Бахтин. Ол Карнавалды мәдениет терминін өзінің әйгілі Франсуа Рабле шығармашылығы және Ренессанс пен орта ғасырлық халықтық мәдениеті атты еңбегінде жан-жақты ашады. Бүтіндей алғанда, Карнавалды мәдениет халықтық мерекелеу рухының феноменологиялық көрінісі болып табылады.
КАТАРСИС (грек. Саіагзіз - тазару) - адамның рухани жан және тән саулығының үндестігі барлық элементтер мен қуаттың бірлігінде екенін көрсететін ұғым. Катарсис ұғымы көне грек философиясынан алынып, қазір де эстетикада кеңінен қолданыс тапқан. Көне гректер медициналық тазарту, емдеу арқылы денсаулықтағы бұзылған үндестік қалпына келеді деп таныған. Поэзия мен музыкада да Катарсис өзінің қасиетті әсерімен адамның рухы мен жанын тазартады. Катарсиске тән қасиет музыкада барын Пифагор ілімін дамытушылар айтса, Аристотель трагедия арқылы берілетін үрей мен қайғыдан да әсерлі нәтиже туатынын айтқан. Катарсистің көрінісіне өз еңбектерінде Платон, әл- Фараби, Қ.А.Йассауи, Лессинг, Абай, т.б. ұлылар тоқталып өткен.
КОЛЛИЗИЯ (лат. Соііізіо - қақтығыс) - қарама-қарсы күштердің, көзқарастардың, ұмтылыстардың, мақсаттардың қақтығысын білдіретін термин. Көркем Коллизия - көркем шығармадағы кейіпкерлердің, ондағы оқиға шиеленістерінің, қақтығыстарының көрінісі. Көркем Коллизия тікелей шығарманың сюжетінде. оқиғадағы тартыста байқалады.
КОНТЕКСТ (лат. СопІехШз - қосылу, келісім, байланыс) - мәдениеттануда адамның шығармашылық қызметі нәтижесінің маңызын айқындайтын, мәдени және тарихи жағдайды жалпы түсіндіру үшін қолданылатын термин. Контекст - жеке сөздердің, сөз тіркестерінің мағынасын дәл, айқын түсінуге мүмкіндік беретін шығарма мәтінінің тиянақты ойды білдіретін бір бөлігі. Әр сөздің, сөз тіркесінің дәл осы орайда қандай мағына беретінін айқын аңғару үшін оны жекелеп, бөлек алмай, мәтіннің бір тұтас бөлігіндеғі айтылған ойдың желісіне жалғастыра, байланыстыра қарау керек. Сонда жекелеген сөздің, сөз тіркесінің терең, нақтылы мағынасы әбден айқындалып шыға келеді.
Әдеби шығармада Контексттің мәні айрықша зор. Өйткені сөздің әдеттегі қолданысында кездеспейтін, тек көркемдік ойдан, бейнелеп айтудан келіп шығатын жаңа мағынасы Контекстте айқын да толық көрінеді. Ой жалғастығынан туындайтын сөз жалғастығы әр сөзғе нәр беріп, оның бейнелігін. әсерлілігін арттырады. Сондықтан көркем Контекст (художественный Контекст), өлең Контексті (поэтический Контекст) деген ұғымдарда үлкен мән бар.
КОНФЛИКТ (лат. - қақтыгыс) - қарама-қарсы көзқарастардың, пікірлердің, мақсаттардың қақтығысы. Конфликт термині, әдетте, өнердің әдебиет, театр, кино сияқты салаларының жанрларында қолданылады. Көркем шығармада оқиғаға қатысушы бейнелердің қарама-қарсы іс-әрекет, қимылын көркемдік шиеленіс деп атайды.
КОНЦЕПТУАЛЬДЫҚ (лат. - ой, көзқарас жүйесі) - XX ғасырдың 70-80 ж.ж. Модернизмде қалыптасқан бағыт. Өнердегі Конңептуальдықтың ерекшелігі - сол өнердегі идеяны материалистік тұрғыдан қабылдауды теріске шығарудан тұрады. Олар көркемдік идеяны (басқаша айтқанда, концептуальдық) көрермен санасына схема, диаграмма, таңба арқылы жеткізуге шақырды. Өнердің өз табиғатын ерекше көрсету бағытын ұстанады.
КОМПАРАТИВИЗМ (салыстыру, салыстырмалы деген сөз) - әдебиеттану ғылымында орын алған салыстырмалы-тарихи әдіс. Компаративизм әр түрлі халықтардың әдебиетіндегі ұқсастық, жақындықты көре білуге назар аударып, идеяларды, образдарды, характерлерді, сюжеттерді салыстырады...
Компаративизм - салыстырмалы әдебиеттанудың жеке әдеби фактілерді ұлттық тарихи контекстен, дүниетану жүйесінен, жазушы стилінен бөліп алып қарайтын бастапқы кезеңі. Компаративизмнің осал жағы - ұқсас сюжет, оқиға, характерлерді схема түрінде қарап, нақтылы тарихи жағдайды әдебиеттің ұлттық, халықтық сипатын толық ескеру жағына жете мән бермейді.
КӨРКЕМДІК ҚИЯЛ - көркемдік ойлау ерекшелігі, суреткёрдің дүниеде, өмірде болатын, болуы мүмкін нәрселерді, жай-жағдайларды қиял арқылы елестету қабілеті, бейнелеп көрсету тәсілі.
Көркемдік қиял шындық пен шарттылылықтың бірлестік - тұтастығына негізделеді.
Көркемонерде тақырып таңдау, оның тереңіне бойлау, өмір құбылыстарының ішкі қабаттарына барлау жасау, солардың әлеуметтік-эстетикалық мәнін ұғыну, сан алуан кейіпкерлердің бейнесін, жандүниесін, жүріс-тұрысын суреттеу Көркемдік қиялға байланысты.
КӨРКЕМДІК УАҚЫТ. Әдебиет шығармасындағы уақыттың суреттелуі, зейінге алыну, қабылдауының өзгеше сипат-ерекшелігін түсіну үшін Көркемдік уақыт деген ұғым бірте-бірте қалыптасып келеді. Оны түсіну үшін алдымен уақытқа байланысты негізгі ұғым, яғни реалды уақытқа тоқталып өтелік: Реалды уақыт - бұл уақыттың өмірдегі нақтылы қалпы. Оның басты өзгешелігі - объективтілік сипаты. Реалды уақыт үздіксіз өтіп жатады және үнемі алға, біркелкі жылжиды. Ал енді осы уақыт бар да, оны адамның сезіммен қабылдауы бар... Ал әдебиет шығармасында уақыттың жылжуы уақиғаның суреттелуіне байланысты бірде жедел, бірде баяу болып, кейде тіпті үзіліп кетіп отыруы ықтимал. Ал тағы бірде уақиға аяғынан басталып баяндалса, жазушы уақытты кейін қарай жылжытып көрсетуі де мүмкін. Сонымен әдебиет шығармасында автордың, кейіпкерлер мен оқушылардың уақытты қабылдау ерекшеліктері ескеріледі.
МӘТІН - бұл жалпы (бір) тақырып төңірегіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі; Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрьлымдардан тұрады: адамның, жасаған нәрсесі; осы істелген нәрсе элементтерінің байланыстылығы істелген нәрсенің шеберлігі және осы аталған үш семантикалық-құрылымдарға сай, оны үш пән - мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді. Мәтінтану қарастырылып отырған мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды. Герменевтика мәтінді түсіндірумен айналысады. Киелі мәтіндер герменевтикасы экзегетика деп аталады. Мәтінді құрастыру шеберлігін поэтика зерттейді. Ол мәтіннің қалай құрылғанын, оның құрылымы мен композициясын зерттейді (формальды мектеп, құрылымдық поэтика, генеративті поэтика). Мәтінді қазіргі семотика (мәдениет мәтін ретінде) мен мәтін философиясындағыдай тым кең мағынада түсінуге бағытталган.
В.Рудневтің жасаған мәтін тұжырымы жеті баптан түрады:
мәтіннің барлық элементтері өзара байланысты (өзара байланысқан) (құрылымдық поэтика тезисі);
мәтін элементтерінің арасындағы байланыс қайталап, өзгеріп отыратын бірліктер мотивтер ретінде айқындалады (Мотивті талдау тезисі);
мәтінде кездейсоқ ештеңе жоқ (психоталдау);
мәтіннің эрбір жекеленген және үстірт көрінісінің (мәнінің) астында мифологиялық сипаттағы терең, әмбебап заңдылықтар жатыр (К.Г.Юнгтің аналитикалық психологиясы);
мәтін шындықты суреттемейді, ол онымен өзара күрделі қарым-қатынасқа түседі (аналитикалық философия жэне тілдік актілер теориясы);
бір мәтіндегі ақиқат нәрсе басқасында жалған болып шығуы мүмкін (мүмкін дүние (нәрсе) семантикасы);
мәтін қатып-семіп қалған мән емес, ол - автор мен оқырман жэне мәдени контекст арасындағы сұхбат (Бахтин поэтикасы).
МИМЕСИС (грек. - ұқсау, еліктеу) - антиктік заман эстетикасының негізгі ұстанымы. Алғаш рет музыканы ғарыш үйлесімінің еліктемесі ретінде қарастыратын пифагоризмде көрініс тапты. Мимесистің салыстырмалы түрде алғандағы біртұтас теориясын Платон мен Аристотель қарастырды. Аристотель еліктеудің объектісі, материалы, әдісі мен мақсатын ажырата отырып, эстетикалық категорияларды, өнердің табиғатын, оның түрлері мен жанрларын бір принциппен түсіндіреді. Өнер өмір кұбылыстарының көптүрлілігін кескіндеме өнерінде - бояу, әдебиетте - сөз, мүсін өнерінде - тас, кескіндемеде - көру, музыкада - көрерменге әсер етудің этикалық және эстетикалық үйлесімі беріледі, Мимесис өнердегі еліктеудің үш түрін белгіледі: қандай да болсын олардың өзіне еліктеу, көпшіліктің ойындағы не айтуындағы өмірге еліктеу және болуы тиіс өмірге еліктеу.
МОДЕРИИЗМ (франц. Моdегпе - ең жаңа, қазіргі) - XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың ортасына әдебиет пен өнерде, мәдениетте қалыптасқан философия эстетикалық қозғалыс. Модернизм өнерде символизм (П.Верлен, А.Рембо, СІМалларме, О.Уайльд,
В.Соловьев, А.Блок); эмпрессионизм (Г.Тракль, Ф.Кафка, Э.Мунк, А.Шёнберғ) және акмеизм (А.Ахматова, Н.Гумилев, О.Мандальштам) арқылы көрініс тапты. Модернизм реализмғе қарсы қойылды. Бұл ретте Модернизм болмысты бейнелеуге емес, өз шындығын көрсетуге ұмтылады. Модернистер үшін өмір шындығы ұғымы - аллюзиялар, реминисценциялар. Мұнда негізгі ұғым цитаталар, реминисценциялармен толыға, ұлғая келе, интермәтінге айналатын мәтін болып табылады. Жеке адамның жандүние сезімдерін бейнелеу идеясы екінші қатарға кетіп, алғашқыға сана шығады. Модернизмді норвегтік сыншы Э.Ховардсхолм шындыққа жанасу талабын жоққа шығаратын және айнала шындықты өзге аспектіде кабылдайтын өнер деп анықтайды. Модернизм ұқсастық принципіне негізделген өнер өз мүмкіндіктерін тауыскан, біздің өмірге деген карым- қатынасымызға ешқандай жаңалық әкелмейтін өнер деп таныды. Өнердің өзегі сыртқы планнан ішке ойысты: бұл ретте суреткердің міндеті - өмірмен қарым-қатынасқа өзінің жеке көркемдік әлемі аясында түсу, оқырман мен көрерменге шығармашылық процеске мейлінше көбірек қатысуға мүмкіндік беретін таза субъективтік өнер жасау.
НЕОМИФОЛОГИЯЛЫҚ САНА, жаңа мифологиялық XX ғасыр мәдени ментальдылықтың бір бағыты. Ғасыр басындағы символизмнен басталып, постмодернизммен аяқталады. Неомифологиялық сана XIX ғасыр Позитивистік санаға жауап ретінде пайда болды. Неомифологиялық сана мәні - мәдениеттегі классикалық және архаикалық мифтерді зерттеуге көп көңіл бөлуінде. Сол сияқты, мифология сюжеттер мен мотивтер көркем шығармаларда кеңінен қолданыла бастайды. Осының бір мысалы - У.Фолкнердің Улисс романы. Фолкнер қосымша фон ретінде Одиссей туралы және соған ұқсас мифтерді қолданады. XIX ғасырдың 20 жылдарынан, яғни әдебиетте модернизмнің гүлденген кезінен бастап, әрбір көркем мәтін тікелей немесе жанама түрде мифті қолдану негізінде құрылған. М.Булгаковтың Мастер мен Маргаритасында, Т.Манның, Г.Гессенің, У.Фолкнердің, Ф.Кафканың, Дж.Алдайктың шығармаларында миф жиі қолданылады. Ш.Айтматовтың Боранды бекет, романында, басқа да шығармаларында мифтер мол пайдаланылған. Шығарма сюжетінде миф ретінде тарихи аңыздар, тұрмыстық мифология, мәдени-тарихи шындық, өткен дәуірлердің көркем мәтіндері көрініс табады. Бұл XX ғасыр Көркем мэтіннің өзі мифологиялық сипат алуына әкелді, Маркстің Жүз жылға созылған жалғыздығы мұның бір мысалы.
ПОСТМОДЕРНИЗМ - дәл мағынасында модерннен кейінгі, қазіргі заман дегенді білдіреді. Қазіргі заман ұғымының нақты бір катаң анықтамасы жоқ. Жаңа дәуір рационализмі, Ағартушылық дәуірінің ағымы, сондай-ақ XIX ғасырдың екінші жартысы әдебиет, XX ғасырдың басындағы авангард та қазіргі заман ретінде қаралуы мүмкін. Сол себепті осы дәуірлерден кейінгінің бәрін постмодернизм деп атайды. Постмодернизм термині 1917 жылдан бастап қолданысқа енгенмен, оның кең таралуы мен терең түсінілуі 1960 жылдан басталды. XX ғасыр архитектурадағы стиль атауы ретінде пайда болып, ол кейін әдебиет пен өнердегі өзгерістерді, сол сияқты әлеумет-экономикалық, технологиялық жэне саяси аймақтағы өзгерістерді сипаттау мақсатында қолданылды. Франц, философы Ж.Лиотардың Постмодернизм тағдыры еңбегінің негізінде Постмодернизм термин-ұғым статусына ие болды. Ол постмодернизм туралы пікірталасты философия мен мәдениет аймағына да таратты. Ол белгілі бір парадигманың үстемдіғін жоққа шығарып, орталықсыздандыру принципін орнықтырды. Философияда постмодернизм онтология мүмкіндіктерінің саркылғандығын түсіну ретінде қалыптасады. Постмодернизмдік эстетиканың принциптері лабиринт пен ризома болып табылады. Постмодернизм Батыста индустриалдық қоғамның орнына келген жаңа постиндустриалдық қоғамның серігіне айналды, енді құнды тауар ақша да емес, билік те емес ақпарат болып табылады. Постмодернизм үшін нақты шьшдық жоқ тек виртуалды шындық қана бар (Постмодернизм компьютерлер, видео мен интернеттің гүлденген кезінде пайда болуы теғін емес). Сондықтан постмодернизм мэтіндердің нақтылығы мен олардың плюрализмін бекітеді. Лабиринт принципі бойынша қүрылып, БАҚ гипершындығын (Бодрийар) тудыратын гипермэтін ұғымы пайда болады. Ақпарат ағымы адамды виртуалды шындық жағдайына әкеледі. Адамның жекелік Мені ұжымдық санамен алмастырылады. Бұл көпшілік-сәуегейлік мәдениетте толерантты қатысты анықтайды, ендігі жерде ол элитарлы мәдениетке қарама-қарсы қойылмайды. Постмодернизм мәдениеттің құрағы яғни өткен мәдениеттің әртүрлі элементтерінен құрастырылған құрақ ретінде, сипаттауға болады.
МУССАДАС - Шығыс әдебиетінде кең тараған әр шумағы алты тармақтан құралатын өлең түрі.
ПХЭСОЛЬ - орта ғасырдағы корей прозасының шағын түрі.
ХОККУ - жапон поэзиясындағы үш тармақты лирикалық өлең
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Kast 2204 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ пәні
Мамандығы - 5В050400 - ЖУРНАЛИСТИКА
Кредиттер саны - 6
Қызылорда, 2015 жыл
АЛҒЫСӨЗ
1.ӘЗІРЛЕНГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН
Оқу бағдарламасын жасаған Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Алдажар Әбдірасуллеұлы Әбілов
2.РЕЦЕНЗЕНТТЕР
Айтбаева А - филол., ғ. к., доцент Қорқыт Ата атындағы ҚМУ
Медетбаев Т - филол. ғ.к., доцент Қызылорда Болашақ университеті
3.БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің Оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша комитетінің 2015 жылғы .31...тамыз ... ... ... .№.1 ... хаттамасы
4.ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 5В050400 - журналистика мамандығы бойынша бекіткен мемлекеттік білім беру стандартына (1998 ж.) сай, типтік оқу бағдарламасы (авторлары: ф.ғ.д. проф З.Биснғали, ф.ғ.к,доц. Ө.Әбдіманов) негізінде жасалып, қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинарында талқылаудан өткен және Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша комитеті бекіткен.
5.ҚАРАЛҒАН ЖӘНЕ ҰСЫНЫЛҒАН
Оқу бағдарламасы Қазақ тілі мен әдебиеті және журнаилистика кафедрасының ғыоыми-әдістемелік семинары отырысында
2015 жылғы .31. .тамыз. №.1..хаттама
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Қазақ әдебиетінің тарихы жалпы курсының міндеті - біздің заманымызға дейінгі төл әдебиетіміздің даму жолын, ерекшеліктерін кезең әдебиеттерімен байланыстыра қарастырып, ежелгі дәуір (Ү-ІХ ғ.ғ) әдебиеті және одан бергі қазақ хандығы құрылғанға дейінгі (ІХ-ХІҮ ғ.ғ.) кезең әдебиеттерінен бастап білім алушыға төл әдебиетіміздің өсу жолы жайлы мағлұмат беру.
Қай халықтың да әдебиеті болсын сол халықтың тарихымен бірге туып, бірге қалыптасып, дамиды. Әр түрлі себептерге байланысты ұзақ жылдар бойы байтақ әдебиетіміздің тек ерте кезеңі ғана емес, сонымен қатар ХІҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы төл әдебиетіміз, одан кейінгі ХІХ-ХХ ғасырлардағы ақын - жазушыларымыздың бірсыпыра шығармалары зерттелмей, оқытылмай келгені мәлім. Соның салдарынан сан ұрпақ ежелгі дәуірден келе жатқан ғажайып жыр-дастандар мен даналық кітаптарын, берідегі жеке авторлардың поэзиялық және прозалық туындыларын толық дәрежесінде меңгере алған жоқ. Міне, осы тұрғыдан келгенде Қазақ әдебиетінің тарихы курсы осы олқылықтың орнын толтыруды көздейді.
Сонымен қатар курс әдебиеттану бойынша теориялық білімдерді игерту, қазақ әдебиетінің тарихынан, дәуірлеу мәселелері, оның дәуірленуінің ғылыми негіздері және т.б. туралы жалпы әдебиеттануға, қазақ әдебиетіне қатысты теориялық мәлімет беруді, қазақ әдебиетінің түркі дәуірлеріндегі әдебиеті мұраларынан бастап, қазақ әдебиетінің кезеңдері мен өкілдері, олардың шығармашылығы, әдеби дамудағы өзгерістер мен жаңалықтарды бүгінгі көзқарас тұрғысынан оқытуды мақсат етеді.
Журналистика мамандығынына арналған Қазақ әдебиетінің тарихы курсын игеру үшін студенттердің әдебиеттану ғылымынан, атап айтқанда әдебиет теориясы мен әдебиет сынынан, әдебиет тарихынан хабары болуы қажет. Пән әдеби дәуірлеуге қатысты көркем туындыны жан - жақты зерттеп, талдап, салыстырып, оның көркемдік - идеялық мазмұнын ашудың түрлі тәсіл, амалдарына үйретеді. Көркем туынды жайлы теориялық, эстетикалық пайым - түсініктерін нақты шығармаларды талдау, салыстыру, салғастыру, байыптау, бағалау барысында практика жүзінде қолдана білуге дағдыландырады. Әдебиеттердің бір - бірін байыту құпияларын игеріп, шеберлік, қаламгер шеберлігі мәселелері сырын ашуға машықтанады.
Жоғарыда аталған міндеттер курс алдына қазақ әдебиеті кезеңдерінің ерекшелігі, жаңалығы мен жетістігі, жанрлық ерекшеліктер мен сөз қолданысы, көркемдігі туралы мәлімет беріп, кезең қамтитын шығармалар туралы, ақын - жазушылар шығармашылығы туралы және сол кезеңге қатысты зерттеулер мен пікірлер туралы толық ақпарат беру, ежелгі және орта ғасырлардағы әдебиет тарихынан бастап, ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихына дейінгі кезеңдерд шоли қамту, төл әдебиетіміздің тарихын, оның қалыптасу кезеңі мен үдерісін, зерттелуі мен зерделенуін қамту, әдебиет тарихындағы ақтаңдақ беттер, түрлі әдеби бағыттар мен ағымдар туралы, кеңестік идеологияға жат деген түсінікпен шығармаларын оқуға тыйым салынған ақын-жыраулар шығармашылығы, олардың әдебиет тарихындағы орны, шығармашылық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz