Бастауыш сынып оқушыларына ойындарды қолдану арқылы белсенділікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары мен тиімді жолдарын айқындау



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Бастауыш сынып оқушыларына ойындарды қолдану арқылы белсенділікке тәрбиелеудің теориялық негіздері
0.1 Ойын бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің құралы ретіндегі мәні және қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
0.2 Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойындарды қолдану мен ұйымдастырудың маңызы мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 7

2 Бастауыш сынып оқушыларына ойындарды қолдану арқылы белсенділікке тәрбиелеу бойынша тәжірибелік - эксперименттік жұмыс мазмұны
2.1 Бастауыш сынып оқушыларына ойындарды қолдану арқылы оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру бойынша мұғалім жұмысының мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.2 Бастауыш сынып оқушыларына ойындарды қолдану арқылы оқу-танымдық іс-әрекетін белсенділікке тәрбиелеу бойынша мұғалім жұмысының тиімділігін айқындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
2.3 Бастауыш сынып оқушыларына ойындарды қолдану арқылы белсенділікке тәрбиелеу бойынша жүргізілген эксперименттік тәжірибенің эмпирикалық материалдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Кез келген елдегі білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік -- экономикалық және мәдени дамуына ықпал етуіне бағытталған, себебі мектеп, жоғары оқу орны болашақта коғамның экономика, мәдениет, саяси өмірі салаларында белсеңді қызмет ететін адамдарды дайындайды. Сондықтан білім берудегі негізгі буын -- мектептің pөлі өте маңызды.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетіле келіп, "педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен eмес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті, "-делінген [1, 132].
Ендеше дәстурлі оқыту әдістемесінің білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруге кепілдік бермейтінін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан, жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асуы үшін оны технологияландыру қажеттілігі туындады.
Педагогикалық технология, оқыту технологиясы туралы мәселелер соңғы жылдары педагог -- ғалымдардың назарын аударып, әр түрлі қырынан зерттелуде.
Оқытудың жаңа технологиясының бастапқы бip формасы болып табылатын бағдарламалап оқыту мәселелері А.И.Берг, В.П.Беспалько, Б.С.Блум, M.В.Кларин, И.Я.Лернер, В.Оконь, Б.Скиннер, Н.Ф.Талызина және тағы басқалардың еңбектерінде көрініп дамыды.
Дамыта оқыту бағытындағы педагогикалық технология Л.С. Выготский, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Г.И.Щукинаның зерттеулерінде, жеке-бағдарлы оқыту технологиясының жобасы Ш.А. Амонашвили, Е.В.Бондаревская, И.С.Якиманская еңбектерінде, жекелеп, даралап, саралап оқыту технологиясы А.А.Бударный, Р.Б.Вендровская, А.А. Кирсанов, А.В.Петровский еңбектерінде жан-жақты зерттелген. К.Я. Вазина (ұжымдық ойлау ic-әрекеті), Н.Д.Хмель (ұжымдық танымдық әрекет) сияқты ғалымдар ынтымақтастықты педагогикалық технологияның негізі деп қарастырса, жаңашыл-педагoгтap С.Н.Лысенкова, Е.И.Соседова, В.Ф.Шаталов мұны тәжірибеде жүзеге асырды.
Оқытудың модульдік технологиясы В.М.Монахов, Қ.Қабдықайырулы және басқалардың еңбектерінде қарастырылған.
Оқытудың ойындық технологиясының теориясы мен тәжірибесіне байланысты мәселелер M.Ж.Арыстанов, Н.К.Ахметов, Б.А.Қойшыбаев, П.И.Пидкасистый, Ж.С.Хайдаров және басқалардың еңбектерінде зерттелген.
Қазіргі кезде қай салада да маңызға ие болып отырған ақпараттық технологияның мәні, мазмұны, қолданылуы және оны оқу процесіне еңгізу мәселесі Б.С. Гершунский, Ж.А. Қараев, Н.М. Шахмаев сынды ғалымдар еңбектерінің өзегіне айналып отыр.
Оқушылардың оқу процесіндегі компьютерлік ойындардың, компьютер негізінде дербес оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері туралы Қ. Аганина, Ж. Сардарова, К. Халықова және басқалардың, мектеп, жоғары оқу орнында математиканы оқыту процесінде Монахов технологиясын қолдану туралы Л.Оразбекова, И.В. Логинова және басқалардың зерттеулері бар.
Қазіргі заманда білім берудің, оны дамытудың көкейкесті мәселелерін шешу нақты, ғылыми-теориялық және практикалық бағыттағы реформаны қамтамасыз ететін, білім беру жүйесін прогрессивтік және динамикалық бірлікте тұтас, интегративті дамытуды жобалау мен жасақтауды, ерекше оқу-тәрбие процесін, жоғары тиімділіктегі педагогикалық технологияның пайда болуын талап ететін дидактикалық ғылымға тікелей тәуелді. Осыған байланысты ipгeлi ғылыми зерттеулердің неғұрлым өзекті де зор болашағы бар көкейкесті бағыты Қазақстандағы өркениет дамуының қарқынына және бүкіл дүние жүзінде соңғы жылдары жүріп жатқан ipi өзгерістерге сәйкес дамуда. Ал, жақын болашақтағы ҚР-ның дүниежүзілік процесте алатын орны оның үкіметі мен халқының Қазақстанды материалдық қана емес, парасат-пайымға негізделген, әрі ғылымды мол қажет ететін материалдық өндірістері басым дамыған мемлекетке айналдыру жөнінде алдына стратегиялық мақсат қоюға бел байлауымен айқындалады.
Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Елбасы Жолдауында: Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Оқушыларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды- деп көрсетті [2]. Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Ең алдымен барлық пән бойынша білім сапасын арттыру керек. Сол мақсатта мектеп мұғалімдері де тынбай еңбектеніп, өз үлестерін қосулары керек. Мұндай міндетті шешу мұғалімдерден мектептерде оқушыларға беретін ғылым негіздерін олардың болашақ ic-әрекетінің берік негізі әpi тірегі болатындай етіп оқытуды, оқу-тәрбие процесін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әді-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды, оқытудың жаңа технологиясын меңгеруді, педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге батыр еңгізуді талап етеді.
Бүгінгі күні білім мазмұнын жаңарту кезінде білімді жоғары деңгейде меңгеруін, оқушынын психологиялық даму ерекшелігін, олардың ақыл - ойын дамыту, танымдық қызығушылығын қалыптастыру қажеттілігін ескеру, көптеген ғалымдар өздерінің ғылым еңбектерінде оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру құралы ретінде ойындарды бөліп көрсетті. (В.С.Мухина, Е.Э.Селецкая, Н.Ф.Талызина т.б.) бастауыш сынып оқушыларының әрекеттеріне қарасақ, олардың әлі де болса ойын балалары екенін көреміз. Сондықтан да бала өмірінде ойының маңызы ерекше. Ойынның балалардың дамуына әсерлі екенін, бала өмірінде алатын орны өз еңбектерінде көрсеткен атақты педагогтар К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов т.б. болды. Жаңашыл педагогтар, Ш.Амонашивили, С.Н.Лысенковалар т.б. ойынның оқу - танымдық қызығушылығын қалыптастыру құралы екенін өз іс - тәжірбиесінде дәлелдеді және оның нәтижелігін көрсетті.
Қазіргі қоғамға ақыл - ол кемел, шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді адамдар керек. Осыған сәйкес жалпы білім беру саласындағы түрлі өзгерістер болашақ ұрпақтарды оқыту, білім сапасын жаңарту, арттыру мәселелерін қарастырды.
Біз жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе біз бастауыш сынып оқушыларын ойын арқылы белсенділікке тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күнге дейін толық зерттелмей келеді деп констатациялық тұжырым жасаймыз. Міне сондықтан да бұл мәселені өзекті деп есептейміз және дипломдық жұмысымыздың тақырыбын "Бастауыш сынып оқушыларына ойындарды қолдану арқылы белсенділікке тәрбиелеу" деп алдық.
Зерттеу объектісі: Бастауыш мектептердегі оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларына ойындарды қолдану арқылы белсенділікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары мен жолдары.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына ойындарды қолдану арқылы белсенділікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары мен тиімді жолдарын айқындау және негіздеу.
Зерттеу міндеттері:
oo "таным", "танымдық іс-әрекет" ұғымдарының психологиялық - педагогикалық мәнін ашу;
oo бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсенділікке тәрбиелеу ерекшеліктерін айқындау;
oo алдыңғы қатарлы мұғалімдер іс-тәжірибесін талдау және жинақтау;
oo Бастауыш сынып оқушыларына ойындарды қолдану арқылы белсенділікке тәрбиелеуің тиімділігін анықтау;
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесінде ойындарды қолданудың педагогикалық шарттары ментиімді жолдары оңтайлы пайдаланылса, онда бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетінің белсенділігі және білім сапасы артады.
Зерттеудің әдіснамалық негізі: Жеке тұлға теориясы, іс-әрекет теориясы, педагогикалық процесс теориясы, мемлекеттік құжаттар, бастауыш сыныпта ойындарды қолдану туралы әдістемелік зерттеу жұмыстары.
Зерттеу әдістері:
- Ғылыми - педагогикалық әдебиеттерді оқып үйрену мен талдау.
- Бақылау әдісі.
- Әңгімелесу.
- Сауалнама.
- Педагогикалық эксперимент.
Зерттеу нәтижелерінің сынақтан өтуі: Түркістан қаласы Ахмет Байтұрсынов атындағы № 1 жалпы білім беретін коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып оқушыларына жүргізілді.
Зерттеу нәтижесі:
Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейтестілігі көрсетіліп, зерттеудің ғылыми аппараты айқындалған.
Бірінші тарауда бастауыш сынып оқушыларына ойындарды қолдану арқылы оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің теориялық негіздері қарастырылып, ойын бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің құралы ретіндегі мәні және қызметі, ерекшеліктері ашып көрсетілді.
Екінші тарауда бастауыш сынып оқушыларына ойындарды қолдану арқылыбелсенділікке тәрбиелеу бойынша мұғалім жұмысына талдау жасалынып, бақылау және эксперименттік топтарда жүргізілген эксперименттік жұмыс нәтижелері, эксперименттік тәжірибе жүргізілген ойындар берілді.
Қорытындыда бастауыш сынып оқушыларына ойындарды қолдану арқылы белсенділікке тәрбиелеуге байланысты ұсыныстар қатары берілді.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

1 Бастауыш сынып оқушыларына ойындарды қолдану арқылы белсенділікке тәрбиелеудің теориялық негіздері
1.1 Ойын бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің құралы ретіндегі мәні және қызметі

Оқу - ғылыми танымнан айырмашылығы бола тұра, ол сөзсіз шындықты жеке таным формасының бейнесі, оның үстіне ол ғылыми таныммен тығыз байланысты формасы болып табылады.
Жалпы таным туралы өз ой пікірлерін ортаға салған атақты философтар да жоқ емес. Атап айтсақ: Р. Декарт, Г. Гегель, Г. Лейбниц т.б.
Г. Гегель: "Таным дегеніміз - сыртқы заттар мен құбылыстар қасиеттерінің мәні қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйелі ретінде бейнеленудің қайшылыққа толы күрделі процесі" - деді [3].
Педагогикада таным процесі төмендегідей құрылымдардан айқындалған. 1. Қабылдау. 2. Ұғыну. 3. Талдап қорыту. 4. Бекіту.
Оқушының танымдық дербестігі жөнінде мәселе бүгінгі күндері түрлі пікірталастар тудырады. Оқушының танымдық дербестігі мұғалімнің кәсіптік дайындығына байланысты. Бұл оның педагогикалық процесте оқушылармен бірлесіп мақсатты түрде әрекеттерін ұйымдастыра білу, оларды білім негіздерімен, әрекет тәсілдерімен қаруланып, танымдық тапсырмаларды өмірдің жаңа кезеңдеріне сай қолдана білуге үйрету болып табылады.
Таным және адамның танымдық іс - әрекеті мәселелері бұл филологтардың негізгі мәселесі, генеологияның зерттеу пәні мен түйсінуі.
Философия танымының жалпы әдісі дидактиканы қаруландырады. Оқу процесінің методологикалық негізі - таным теориясы.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулер көрсеткендей, белсендіру процесінің қозғаушы күші шығармашылық іс-әрекеттің белгілі бір түріне қызығушылық болып табылады.
Зерттеушілер оқушылардың оқу барысындағы танымдық қызығушылығын қалыптастыру проблемаларын практикада шешудің түрлі жолдарын бөліп керсетеді:
1)Танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін шешу арқылы (М. Г. Голант, Б. П. Есипов, М. Н. Скаткин, т.б.);
2) Танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру арқылы (Д. Н. Богоявленский, Е.Н.Кабанова-Меллер, Н. А.Менчнская, В. В. Давыдов, Д. В. Эльконин);
3) Іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерді енгізу арқылы (П. Я. Гальперин, Н.Ф.Талызина);
4) Оқытуға әдістемелік білімдер элементтерін енгізу арқылы (И.Я.Лернер, П. И. Пидкасистый);
5) Оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту арқылы (Л.И.Рувинский).
Адамның іс-әрекеті сан-алуан түрлі болады. Материалдық және рухани өмірге қажеттерінің бәрі болып өмір сүру адам қоршаған дүние жөнінде хабардар болуға, табиғат, қоғам туралы дұрыс түсінігі болуға, айналадағы адамдардың және өткен ұрпақтардың тәжірибелерін игеруге тиіс, оған іздену, ойлау, білу, зерттеу, бір сөзбен айтқанда танымдық іс-әрөкетпен шұғылдану қажет. Сезім органдары мен ми адамға қоршаған дүниені қабылдауға, білгендерін өсінде сақтауға, оны ойына түсіругө, ойлауға т.с.с мүмкіндік береді. Сондықтан психикалық процестер: қабылдау, ес, ойлау, қиял-мұның бәрі адамның танымдық іс-әрекетінің көрінісі.
Педагогикалық тұрғыдан келетін болсақ, таным - адамның сана-сезіміндегі шындық құбылыстар бейнесінің ерекше процесі [4, 216]. Таным процесінде ойлаудың әртүрлі тәсілдері пайдаланылады (талдау, жинақтау, дедукция, индукция, абстрактыдан нақтыға көшу және т.б.). Танымның негізі және білім ақиқатылығының өлшемі-практикалық іс-әрекет.
Оқу-оқыту процесіндегі оқушылардың іс-әрекеті. Оқыту процесінің логикасы оның құрылымын анықтайды, ал құрылымына оқыту процесінің звенолары - танымдық іс-әрекеттің кезеңдері кіреді:
- таным міндеттеріне жете түсіну;
- жаңа материалды қабылдау;
- ұғыну-жаңа оқу материалдарын түсініп жинақтау процесі;
- білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту және жетілдіру;
- білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдана білу;
- оқушылардың жетістіктерін талдау, білімнің, білігін және дағдысын тексеру, бағалау.
Қабылдау-адамға тікелей әсер ететін заттардың я құбылыстардың адам санасына бейнелеу процөсі. Сабақ үстінде оқушылардың жаңа материалмен танысуы түйсіктен және қабылдаудан басталады. Ал түйсік сананың сыртқы әлеммен байланысы. Сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымыза бейнеленуін түйсік деп атайды.
Ұғыну-бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу, фактілерді жинақтау процесі қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқтылатын материал терең ойластырылады, дәлелденіледі және бекітіледі.
Бекіту-бұл оқушылардың білімді берік ұғынуының тиімді тәсілі. Сабақта жаңа материалды алғашқы бекіту қолданылады. Өткен оқу материалын еске түсіру үшін мұғалім күнделікті қайталауды жүргізіп отырады.
Білімді, білікті және дағдыны практикада қолдану оқушылардың өзіндік қасиетін дамытады. Оқушылардың өз бетімен дамуына лабораториялық жұмыстар, практикалық және семинар сабақтары, үйрету машиналары, ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстары мүмкіндік туғызады.
Оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, білігін және дағдысын тексеру, бағалау-бұл оқытудың кері байланыс процесі. Таным іс-әрекетінің бұл кезеңінде оқушылардың сабақ үстінде төк қана белгілі сұрақ бойынша білімін тексеріп бағалаумен шектелуге болмайды. Сондықтан оқушылардың барлық жетістіктерін-білім сапасын, байымдау сауаттылығы, жалпы ой-өрісінің даму дәрежесін ескеріп, талдау жасап отырған жөн. Оның негізінде білім мазмуны анықталады, объективті баға беріледі.
Оқытудың нәтижесі ең алдымен танымдық іс-әрекеттің әртүрлі түрлерін немесе оның жетеленген элементтерін: ұғымдары, елестері, әртүрлі ақыл-ой әрекеттерін қалыптастыру болып табылады. Бұл танымдық іс-әрекетті тиімді қалыптастыру оқу процесінің тиімділігін дәлелдейді.
Ойын - балалар әрекетінің бір түрі. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы қарым-қатынастың әдісі мен құралы. Ойында баланың жеке басы дамиды. Оқу және тәрбие әрекетінің жемісі баланың психологиялық жағынан көрінеді.
Ойын әрекет естің, ойлау мен қиялға, барлық таным процесіне әсерін тигізеді.
Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойындар әрі оқу, әрі ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орынд алады.
Н.К.Крупская "Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді" - дейді [5, 146].
Бірден-бір оқушылардың сабаққа ынтасын арттыратын құралдың бірі- ойын.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырад дегенді айтады.
Н.Ф.Талызина "Алты жасарлар ойнай отырып, логикалық қабылдау арқылы оқуды және математиканы таным қызығушылығын меңгереді. Бұдан бірте - бірте ойыннан кейін оқу әрекеті орын алады, " - деген пікір айтты [6, 175].
Мұғалім оқушы танымның аса нәтижелі болу жолында есте сақтау дәрежесін үнемі сапалы атқарғаны жөн. Оқушылардың танымы негұрлым жоғары сапада болуы үшін, ұстаз үнемі баланың сенімдері мен қиялына иек сүйеп отыруы керек. Жер бетіндегі байлықты, әсемділік атауын жасайтын адам.
М.Н. Саткин бастауыш сынып оқушыларына берілетін материалдарды проблемалық мәселе ретінде ұсынуды құптаса, В.В. Давыдов оқушыларда танымдық проблемалық міндеттерді шештірудің жолдарын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады, яғни соның нәтижесінде білім-білік, дағды дүниеге көзқарасын қалыптастыруды көздейді [7, 104].
Н.К.Крупская өз еңбектерінде бала өмірінде ойынның маңызының зор екенін көрсеткен.
Балалар бір-бірімен ойнау арқылы қарым-қатынас жасауға, ұйымшылдыққа, еңбекке, мұқиятшылдық жағдайы ойын мазмұнына қарай шамалы уақытта ғана көрінетінін дәлелдеді [8, 112].
Психолог ғалымдар баланың даму процесін қарастыруда бірнеше ғылыми теориялық принциптерді ұсынады. Солардың бірі Л.С. Выготский төменгі ісласс оқушыларының даму процесін сензетивтік кезеңге тән екенін және олардың үлкен сезімталдығы мен әсерленгіштігі анықталған. Мектепке бар ынтасымен келген 7 жасар бала, тәрбиелік ықпалға оп-оңай беріледі. Оның жақсы оқушы, жақсы мінез-құлықты бала атанғысы келеді. Балалар бұл жаста барынша көпшілік мұғалімдермен тез тіл тапқыш, өзінің жаңа ұжымда, балалар арасында еркін сезінгіш, мұғалімнің талаптарын, мектеп ережелерін орындауға қызығады.
Выгодский теориясы бойынша баланың әсерленушілігі ішкі және сыртқы әр түрлі жағдайлардың ықпалының жиынтығы деп есептейді. Осыдан барып оның психикалық дамуын айқындайтын, басқаша да күштерді күрделендіріп жаңа түсініктерді құрастыруға жол ашады. Орта мен бала арасындағы қатынас құбылысын оның күрделілігін түсіндіргенде Л.С. Выготский төменгі класс оқушыларына әсерленушілік сипат және ықпал жасайтын жағдайларды баланың қабылдауымен байланыстырады. Бұдан өмірдің ішкі рухани өмірін, әсіресе адамгершілік ойлауын, сезімін, санасын, іс-әрекетін зерттеуде осы кезеңдегі сензетивтік ерекшеліктерін ескеру мұғалімнің маңызды міндетінің бірі болып табылады.
А.С.Выготский: " Бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты көрінеді " - дейді [9, 150].
Я.А.Коменский "ойынды рухани және дененің даму қозғалысы" - деді. Ойындар баланың жасына, халықтың әдет-ғұрпына сәйкес болу керектігін айтты [10, 58].
К.Д.Ушинский сабақ үйрету барысында ойын элементтерін орынды қолдану оқушылардың білім алу процессін жеңілдетеді - деді [11, 429].
Жоғарыда айтылған мәселелерді теория және практика жүзінде ұлы педагог Сухамлинский В.А. терең және жан-жақты қарастырды.
Павлыш мектебінде кіші жастан жоғары жастағы балалардың танымдық қызығушылығын оятудың жүйесін ойлап тапты. Оқу процесін осылай ұйымдастырғанда оқушылар қызығушылықпен органикалық түрде ғылыми білімдер мен дене еңбегін байланыстыра алады. Соңғы жылдары оқытудың белсенділігін арттыру жолдары толықтырылады және дамыта оқыту, проблемалы оқыту, пән аралық байланыстар мен техникалық оқу құралдарын пайдалану назарға алынды. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру бойынша жұмыстары жүргізіп, әр сабаққа идеялық әдістемелік, жоғары дәрежеге жеткізу, оқыту мен тәрбие берудің дамыта оқытудың жолдарын іздестіруінде.
Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің тиімді жолдары мынандай:
1. Танымдық дидактикалық ойындар.
2. Сұрақ-жауап, тапқырлық клубы, викторина, қызықты математика.
3. Пәндік олимпиада апталығы.
4. Көрнекіліктер.
5. Ғылымның, өнердің, мәдениеттің жаңалықтары өтетін сабақтар.
6. Қызықты газет, журналдар, әдеби кітаптар оқуға жағдай туғызу.
7. педагогикалық технологиялар.
Оқыту әдістерінің үш міндеті бар.
1. Дидактикалық міндет.
2. Танымдық қабілетін арттыру.
3. Оқудын тиімділігін арттыру.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда жүргізілетін жеке жұмыстар әр пән бойынша жүргізіледі. Домбыра үйрету арқылы музыка үйрету, әртүрлі қызықты әңгіме оқу арқылы оқуға қызығушылығын ояту. Бастауыш сынып оқушылары ғылыми зерттеулерді іс-тәжірбиелерде қолдана отырып, міндеттерді шешуге сүйенеді. Сондай - ақ оқушының танымы тек таным қызметінде ғана емес, сонымен бірге еңбек ойын әрекетінде, әдеби және қоғамдық қызметтерде орын алдады. Әрекеттердің әртүрлілігі мен әдіс тәсілдері оқушының оқу барысында қабілеттерін артуымен танымдық қызығушылықтың кеңеюіне әсерін тигізеді. Осыдан келіп оқушылардың қызығушылық, сұрақтар қою, қажеттіліктер, білімге деген құштарлық пайда болып, олардың жалпы дамуына әсерін тигізеді. Оқушы мен мұғалім қызметіндегі қызығушылық мынаған сүйенеді.
сабақтың творчествалық бастамасы;
дұрыс ұйымдастырылған сабақтардың тақырыбы;
сабақтар түрлері, өз бетімен жасалатын жұмыстар мен мәтіндердің әртүрлілігі, маңызды жолдарды іздестіре отырып, оқушының оқуға талаптануы;
Осы жолдарды, әдістерді қолдана отырып, оқушылардың білімге қызығуына, зерттеуіне атмосфера туғызу қажет, жоғарыда айтылған қызығушылықты қалыптастыруын жолдары мен әдістерін қолдану үшін төмендегідей жағдайларды ескеру керек.
оқу процесіндегі сабаққа қойылатын дидактикалық міндеттер;
білім мазмұнының көлемі, маңызы;
дайындық мөлшері, таным мүмкіншілігінің дағдылары және оқушылардың күші;
оқу міндетін шешуге кететін уақыты.
Оқушылардың әрбір іс-әрекетіне танымдық қызығушылықтың жойылып кетпеуіне мектептегі педагогикалық ұжым бақылап, есте сақтап, қадағалап отыру қажет.
Сабақ үйрету барысында берілген есеп жаттығуларды жалаң түрде орындаттырамай, әр түрлі ойын элементтерін кіргізіп өткізсе, бала үшін әрі ойын, әрі ойлау қабілетін арттыратын ерекше процесс болар еді. Мысалы: сабақ үстінде кездейсоқ кіргізген Жұмбақбай ата, Қожанасыр, Тазша бала, Дымбілмес, аңдар біріншіден, балаларды таңғалдырады әрі қарай не болар екен деген сұрақтар туғызады. Сонымен қатар әр түрлі сұрақтар, ребус шешу, логикалық тапсырма, компютермен жұмыс, танымдық ойындардың қызығушылығын туғызады.
Білімге деген ынтаны ояту мәселесі дұрыс жолға қойылған жағдайда оқушылардың білімге деген құштарлығы дамиды. Оқыту әдістерінің қайсысы болмасын оқушы мен мұғалімнің ара қатынасын білдіреді. Бұл олардың бірлесіп әрекет ету тәсілдері болып табылады.
Оқыту әдістерінің дидактикалық жүйесі оқыту жолдарының жалпы зандылықтарын көрсетеді. Оқыту әдістерінің зерттеуші ғылымдар жалпы алғанда былайша топтайды.
1 Балалардың оқу - таным әрекеттерін ұйымдастыру және оны іске асыру әдістері.
2 Оқу - таным әрекеттеріне түрткі жасау әсер ету әдістері.
3 Оқу - таным әрекеттерінің тиімділігін тексеру әдістері.
Бұлардың әрқайсысына жекеленген әдіс кіреді.
1 - топқа сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер: индуктивтік, дедуктивтік.
2 - топқа балалардың қызығу мүддесін туғызу, зейінін жинақтау және оқуда борыш, жауапкершілік туғызу әдістері.
3 - топқа ауызша, жазбаша тексеру.
Өткен ғасырдағы немістің көрнекті педагогы Дистербергтің "Нашар мұғалім шындықты қолға ұстады, жақсы мұғалім оны таба білуге үйретеді" - деген сөзі еріксіз көзге түседі [12].
Психологияда белсенділікті іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсенділігі оның қажеттіліктерінен туады (материалдық және рухани, жеке немесе қоғамдық қажеттіліктер). Жануарлардан айырмашылығы адамның қажеттіліктері сәби жасынан бастап-ақ қоғамдық қажеттіліктермен реттелінеді. Адамның белсендігі (немесе оның әрекеті) оның себептеріне, мақсатпен міндеттерін дұрыс қоя алуына, оларды орындау тәсілдерін дұрыс таңдай алуына байланысты.
Белсенділіктің өзіне және жеке тұлғаның қоршаған ортамен тәрбиелік (сыртқы) әсерлерге қатысты ішкі ұстанымдарына байланысты ол әр түрлі бағыттарда қалыптасуы мүмкін. Егер оқушының осы әсерлерге деген көзқарасы теріс болса, ол тәрбиешісі қалағанынан қайшы бағытта дамиды. Мысалы, мұғалім оқушылардың білімін тексеру кезінде оқушының бағасын төмендетіп қояды да, оқушы оған ренжіп қалады. Мұндай жағдайда мұғалімнің үлгерімді жақсартуға шақырған әрбір сөзі оқушыда жасырын, кейде тіптен ашық қарсы әрекет тудырады. Тәрбиеші, оның педагогикалық әсері ішкі өрісте, яғни тәрбиеленушінің санасы мен сезіміне оң әсерін тигізбесе, барлық жағдайларда әрдайым осылай болып отырады.Осының нәтижесінде, жеке тұланың дамуы мен қалыптасуында көрініс табатын барлық әсерлер мен ықпалдар екі топқа - ішкі және сыртқы болып бөлінетін болды. Қоршаған ортаның әсері мен тәрбие жеке тұлғаның дамуының сыртқы факторларына жатады. Табиғи әсерлер - бейімділік пен әуестік, сонымен қатар, адамның сезімдері мен күйзелістері, оның сыртқы әсерлердің ықпалымен пайда болатын сылтаулары мен қажеттіліктері - барлығы ішкі факторларға жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың өзара байланысының нәтижесі болып табылады.
Егер тәрбие жеке тұлғаның өз өзімен жұмысы кезіндегі белсенділігіне деген іштей ықпалына әсер ететін болса, онда оның жеке тұлғаның дамуында шешуші рөл атқара алатыны түсінікті. Осы бейімділік пен өсіп келе жатқан адамның жеке тұлға ретінде жетілуіне деген өзіндік ынтасы ғана түбінде оның дамығанын анықтайды. Осылайша бұл процесс, шын мәнісінде, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу сипатына ие болады. Л.Н. Толстойдың адамның дамуын жеміс ағашының өсуімен салыстыруы тегін емес. Өйткені, сөздің тура мағынасында оны ешкім өсірмейді, ол өздігінен өседі. Адам тек қана топырағын қопсытады, тыңайтқыштар себеді, артық бұтақтарын кеседі, яғни оның өзіндік мүмкіндік беретін қажетті сыртқы жағдайларын жасайды, оған дем береді. Ал өзіндік даму өзінің ішкі заңдары бойынша жүреді.
Баланың, оқушының белсенділігі іс-әрекеттің әралуан түрлерінде көрінетіні психологияда дәлелденген, өмір барысында қарым-қатынас, таным белсенділіктері, өзін-өзі жетілдіру мен қоршаған өмірді түрлендіру, өзгерту белсенділіктері дамиды. Кішкентай баланың өзі де пассивті емес түрде өмірдің жадайларына бағынады. Ол өзінің талаптарын орындатқанда (үлкендерге) белсенді, ол қоршаған адамдарға қатысты өз түзетулерін енгізеді. Ол адамға деген (ұнату, ұнатпау) және заттарға деген (керек, керек емес, жақсы көретін, жақсы көрмейтін) өзіндік жеке тұлғалық қатынасын көрсетеді. Бұл қатынастар оның іс-әрекетінде жеке тұлғаның өзгешелігін жасай отырып пайда болады.
Қарым-қатынас-генетикалық түрде баланың белсенділігінің ең ерте белгісі. Адамның әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі ерекшеліктері осы қарым-қатынаста көрінеді. Онда адамдарға деген қатынастың көптеген алуан түрлі ренктері бар: ата-анаға, мұғалімдерге, таныстарына, таныс емес адамдарға, құрдастарына, өзінен кішкентайларға, достарына. Бала өзіне дос таңдайды, ол адамдардың белгілі бір шеңберімен қарым - қатынас іздейді, ол басқаларға ықпал етеді. Ұжымда ол кейде ұйымдастырушы, кейде орындаушы болады. Қарым - қатынас белсенділігі жеке тұлғаның ең маңызды жақтарының дамуына жағдай жасайды, олар - адамгершілік, қайырымдылық, қамқорлық, өз өзі үшін, адамдар алдындағы өз істері үшін жауапкершілігі.
Оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастырудың бір көзі - сабақта жаңа технологиялар қолдану арқылы түрлендіріп өткізу. Көптеген инновациялар арасында оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастыруға аса қолайлы технология - Сын тұрғысынан ойлау жобасы. Сын тұрғысынан ойлау - ашық қоғам негізі. Ол - өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту қарапайымнан күрделіге деп аталады.
Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады:
1. Қызығушылықты ояту. Оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталынады, белсенділігі артады.
2. Мағынаны ажырату. Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра түседі.
3. Ой толғаныс. Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпаратарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Өзгелердің ой кестесін үйренеді.
Оқушылардың танымдық қызмет белсенділігін арттыру үшін әдіс - тәсілдер сан қилы. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру құралдарының бірі - ойындар болып табылады.
Балалар ойынының көп түрлері бар. Олар оқушылардың ақыл-ой қабілеттерін дамытуға, есте сақтау және олардың ойлау дағдыларын қалыптастыруға, мектепте алған жаңа материалды меңгеруге және бекітуге, оқытылатын пәнге қызығушылығы мен ынтасын арттыруға септігін тигізеді. Ойын мұғалімге білім беру, тәрбие міндеттерін жүзеге асыруға көмегін тигізеді.
В.В. Давыдов "Дұрыс ұйымдастырылған ойын балаға өмірге қажетті көп нәрселерді үйретеді. Ойынның өз ғана уақытында баланың жаңа психологиялық жағдайы өзінің ойын мазмұнына қарай көрінеді" - деген.
Дидактикалық ойындар оқыту формасы ретінде екі мазмұндық сипатқа ие болады, оқу (тану) және ойнау (серігу). Мұғалім ойын барысында бір мезетте әрі мұғалім, әрі ойын мүшесі бола алады. Мұғалім оқыта отырып ойнатады, ал балалар ойнай отырып оқуға мүмкіндік алады [13, 95].
Бала өзін педагогикалық әсердің объектісі ретінде емес, еркін сезінуі керек. Ойын балалар сабақта зерігіп шаршаған кездерде сергіту мақсатында ғана емес, оларға берілген ұғым, түсінік терді берік менгеру мақсатында жүргізіледі. Ойын арқылы оқушыны өздігінен жұмыс істеуге үйретед, ойлау қабілеті дамид, өздігінен қорытынды жасай білуге дағдыланады.
Ойын үстінде оқушылар өзі үшін жаттаулар орындап, оқумен жаттығады, және ойын үстінде салыстыру арқасында тапсармаларды орындауға тырысады, ойын оқушыларды ізденуге, жеңіске жетуге ынталандырып бұдан оларды тез қыймылдауға, тез ойлауға, тез шешім қабылдауға және тапсырманы нақты орындауға әкеледі. Әрине, бұл жерде ойын кережесі сақталуы керек.
Жарыс элементі ойында әрқашанда маңызды болып келеді. Жарыста балалардың белсенділігі, жеңіске жету еркіндігі жоғарлай түседі.
Я.А. Каменский: ойында рухани және дененің даму қозғалысын көреміз, оларды саналы түрде пайда келтіретіндей жүргізуіміз керек. Ойындар жасына және халықтық ғұрпына сәйкес болуы керек - деп аттап көрсетеді [14].
Ойынды таңдау кезінде оқушылардың техникалық деңгейін, сапасына қарай белгілі бір жүйеде жүргізілуін есте ұстаған дұрыс.
Ұлы - классик педагогтар Я.А.Каменский, И.Песталоцци, А.Макаренко, Н.К.Крупская және қазақ халқының ағартушы педагогтары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаевтар педагогикаға және ұрпаққа қалдырған В.А.Сухомлинский ойынның маңызын былайша түсіндірді: Ойынның ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дегеніміз айқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Міне, ойын тынысы кең, алысқа меңгейтін, ойдан - ойға жетелейтін, адамға қиялы қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, өмір тынысы.
Ойын - маңызды іс. Егер біз ойынды тек көңіл көтеру үшін немесе дем алу ретінде пайдалансақ, одан ешқандай пайда болмайды. Қандай ойын болса да, ол негізгі мақсатқа жұмысалуы керек, өйіткені ойын баланы дамытады. Ойын адам жолын ынтымақтығымен бірге, оның бойындағы көптеген қасиеттерді ұштап, білім дәнін бойға білдіртпей дарытады. Ойындардың қай - қайсысы болсада баладан төзімділікті, тапқырлықты, ізденімпаздылықты, шеберлікті, т.б. толып жатқан қасиеттерді талап етеді.
Қызығу - танымдық іс - әрекеттің қозғаушы күші. Баланың қызығуы жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіншілігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие болады.
Танымды қызығу оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Педагогикалық әдебиеттерде оны қалыптастырудың үш жағдайы туралы жиі айтылады.
Біріншісі- оқытудың мазмұны мұндағы балаларды қызықтыратын мазмұнының берілу түрі, жаңалығы, ғылыммен техниканың соңғы табыстары тандандыратын тарихи деректер, білімінің ғылыми іс жүзінде қолданылуға бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырының ашылуы.
Екіншісі - балалардың таным әрекетін үйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар: сабақтың дәстүрлі емес түрлерін өткізу, оларды қолданылатын техникалық және көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, проблемалық және интегративті ұстанымдарды жүзеге асыру, пәнаралық және пәнішілік байланыстарды тудыру, ғылымныңөмірмен, өндіріспен, техника және экологиямен байланысын ашып көрсету, балалардың өздігінен істейтін жұмыстарын және өздігінен білім алуды тиімді ұйымдастыру, шығармашылық және зерттеу жұмыстарын белсенді қалыптастыру, білімтексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.
Үшінші - мұғалім мен бала, бала мен бала арасындағы қарым-қатнас сыйластық, ізеттілік орнатып, жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету. Бала өзі ұнатпайтын мұғалімнің пәніне ешқашан қызықпайды. Балалар өзара сыйласа алмайтын, тәртіп жиі бұзылатын сабақтардан тезірек құтылуға тырысады [15, 14].
М.Жұмабаев өзінің Педагогика атты оқулығында бала дамуының психологиялық заңдылықтарын жан-жақты талдап көрсеткен. Мәселен, жан- тәрбиесі, ес, қиял, ойлау, тіл т.б. психикалық процестерге талдау жасаған және бұл психикалық процестерде төменгі класс оқушыларының ерекшеліктерін көрсеткен.
Әсер күшті болса, есте ұзақ сақталады. Мысалы, қатты дауыл, сұрапыл боран сықылды күшті көріністер тез ұмытылмайды. Бір сабақтан бала күшті әсер алуы үшін баланың сол сабаққа құмар болуы шарт. Баланы құмар қылу үшін мұғалім өзі құмар болуы керек. Мұғалім сабақ бергенде өзі есінен түсіп, ыңылдап тұрса, шәкіртте құмарлық бола ма? - деген.
М. Жұмабаев айқындаған заңдылықта оқу-тәрбие процесінде мұғалім де, ата- ана да керек. М.Жұмабаев Педагогика деген еңбегінде ойын туралы былай дейді. "Баланың қиялы ойынды жарыққа шығарғанда; ойнағанда бала әсерлерді пайдаланады. Айналасындағы тұрмыста нені көрсе, соны істейді."
М.Жұмабаев халықтық педагогика негізінде ойына мынадай мән
берген: Баланың қиялы әсіресе ойында жарыққа шығады. Ойын
балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағыны әсерлене пайдаланады.
7-10 жас арасы анатомиялық, физиологиялық жағынан қауырт қимыл әрекеті, қозғалысты, жылдамдықты талап ететін кезең болғандықтан бала организімі үшін ойын қажет деп есептейміз. Сондықтан бұл жастағы бала қанша ойнаса да шаршамайды. Психологтардың анықтауы бойынша балалардың ойыны, олардың өмірге бейімделуі [16, 29].

1.2 Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойындарды қолдану мен ұйымдастырудың маңызы мен ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын тандауда көп нұсқалылық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға мүмкіндік береді.
Оқытудың ойындық әдісі ерте кезден бастап күні бүгінге дейін қолданылып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Бұл әдіс, әсіресе, халықтық педагогикада, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдалануда. Соңғы жылдарға дейін ойын әдісін оқыту процесіне шек қойылып та келді. Қазіргі кезде оқу процесінің тиімділігін арттырып, оқушылардың белсенділігін көтеру мақсатында ойын әдісі төменгі бағытта қолданылып жүр:
oo оқу пәнінің бір тақырыбын немесе бір бөлімін өткенде, ұғымдарды меңгеру барысында өзіндік технология ретінде;
oo барынша көлемді бір технологияның элементі ретінде;
oo тұтас ойын сабағы немесе сабақтың кіріспе, жаңа сабақ түсіндіру, бекіту, жаттығу, тексеру кезеңдерінде қолданылатын оның бөлігі ретінде;
oo сыныптан тыс жұмыстар технологиясы ретінде. "Ойындарды пайдаланудың педагогикалық технологиясы" ұғымы педагогикалық процесті әртүрлі педагогикалық ойындар түрінде ұйымдастырудың көптеген әдістері мен амалдарын қамтиды. Педагогикалық ойындардың жалпы ойындардан елеулі айырмашылығы - оқытуда алдына белгілі бір педагогикалық нәтиже көздейтін мақсат қойып және оның оқу - танымдық сипат алуында. Ойын арқылы оқыту сабақта оқушыны оқу әрекетіне қызықтырып, ынталандырады [17, 22].
Сабақта ойындарды пайдалану мынадай негізгі бағыттары бар: дидактикалық мақсат оқушылар алдына ойын арқылы, оны шешу арқылы қойылады: оқушылардың оқу әрекеті ережелеріне бағындырылады, яғни оқу материалы ойын құралы ретінде пайдаланады, оқу әрекетіне дидактикалық мақсатты ойынымен алмастыратың, ойын арқылы жүзеге асыратын жарыс, сайыс элементтері енгізіледі; дидактикалық мақсаттың орындалуы ойын нәтижесінен көрінеді [18, 24].
Оқу процесіндегі ойын арқылы оқыту технологиясының орны мен ролін анықтау, ойын мен оқу элементтерін үйлестіре білу көбінесе мұғалімнің ойының атқаратың қызметі мен жіктелуін түсінуіне тікелей байланысты.
Алғашқы кезекте ойындар дене (қозғалмалы) және интелектуалды (ақыл - ой), еңбек, әлеуметтік және психологиялық болып жіктеледі, ал педагогикалық процесс сипатына қарай ойындар төмендегіше топтарға бөлінеді:
а) үйретуші, дайындаушы, бақылаушы және жалпылаушы;
ә) танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;
б) репродуктивтік, продуктивтік, шығармашылық;
в) коммуникативтік, диагностикалық, кәсіпке бағдарлаушы, психологиялық - техникалық және басқалар.
Балалық шақ - бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен ұстаздардың міндеті. Балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше.
Бірінші сынып шәкірттеріне тиянақты білім беру мұғалімнің творчестволық ізденісі мен шеберлігін қажет етеді. Мұның өзі көп жағынан олардың әлі ойын баласы екендігімен байланысты. Сондықтан сабақ оларға тартымды болу үшін тақырыпқа сәйкес ойындар таңдап алып, сабақ барысында ұтымды пайдалану керек. Сонда ғана барлық баланы сабаққа ынталы қатыстыруға болады. Жалпы бастауыш сынып оқушыларының ойнайтын ойын түрлеріне тоқталатын болсақ, олар:
Дидактикалық ойындар.
Сөздік -- дидактикалық ойындар.
Ролъді сюжетті ойындар.
Драмалық ойындар.
Творчестволық ойындар.
Әдеби - музыкалық ойындар.
Осылардың ішінде дидактикалық ойындардың маңызы зор. Әрбір мұғалім сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолданылатынын күні бұрын сабақ мазмұны мақсатына сай лайықтап алғаны жөн. Өйткені мектепке келген балалар үшін қызықты әрекет бола отырып, оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Бірақ ол ұйымдастырылған педагогикалық процеске еңгізілгенде ғана сондай құралға айналады. Ойынның дамуы мен орнығуы оны нақ осылай тәрбиелеу құралы ретінде пайдалануға көп байланысты [19, 34].
Сабақта қолданылатын ойындардың түрі көп, біз олардың ең маңыздыларын және жиі қолданылатындарын ғана атамақпыз: пәндік, сюжеттік, рольдік және имитациялық (еліктегіш).
Ойындар мектепте оқылатын, оның ішінде бастауыш сыныпта өтілетін барлық пәндерге тәндеуге болады.
Сөйтіп, ойын арқылы оқыту технологиясын қолдану үшін оған лайық орта болу керек, яғни пәндерді оқыту барысында заттармен немесе затсыз үстел үстінде, бөлмеде, қөшеде, табиғатта ойналатын ойындар үшін өзіне ынғайлы жағдай туғызған жөн. Ал, компьютерлік және техникалық құралдарды пайдаланып ойналатын ойындардың арнайы орыны, құралдары тағы да басқа жағдайлары болу тиіс [20, 48].
Оқу процесін жандандыру құралдарының ішінде ойын, ойын арқылы оқыту ерекше орын алады.
Қазіргі уақытта педагогикада оқыту мен ойынды топтастыруға қадам жасалынуда, тіпті бұл жерде сөз еңбек негізінде оларды қосу туралы болып отыр.
С.Ф.Занько, Ю.С.Тюнникова және С.М.Тюнниковалардың пікірінше, оқу және дидактикалық ойындардың айырмашылығы мынада: оқу ойындары формасы бойынша ойын, мазмұны бойынша - оқу, ал дидактикалық ойын мектептегі оқуды ұйымдастырудың қалыптасқан тек толықтыруболып табылады [21, 84].
Оқу ойыны - бұл оқуды ойын арқылы ұйымдастыру. Біздің зерттеулеріміз бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесінде оқу ойындарын қолданудың жоғары тиімділігін көрсетті.
Біз ойындарды оқу процесінде қолдануға баса назар аудардық, мұнда негізінен оқыта үйрету ойындары пайдаланылды, өйткені олардың мазмұны баланың оқудағы еңбегі болып табылады.
Зерттеулер көрсеткендей, дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда, оқушылар ойынға қатыса отырып, неғұрлым аз шаршайды, оқу қызметінен көбінесе жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады.
Ойын кезінде бала іс-әрекет, тәртібін қалыптастыра алады. Дидактикалық ойынды бірнеше кезеңге бөлуте болады. Бірінші кезенде баланың ойнауға талпынысы, құштарлығы артып, активті әрекет етуі жүзеге асырылады. Ойынға қызығушылық арттырудың бір-неше әдіс-тәсілдері бар: әңгімелесу, жүмбақ, санамақ, өздері ұнаған ойынды еске түсіру. Құрбыластармен ойнауға деген талпыныс тәрбиесі-жалпы активтіліктің ең негізгі шарты болып табылды. Осылай қарым-қатынас адамды, яғни жолдастық, достық, өзара көмек көрсету т.б. көптеген қасиеттер қалыптасады.
Екінші кезеңінде бала ойын есебін, оның тәртібін және іс-әрекетті орындайды. Бұл кезенде мына қасиеттер негізі қаланады: адалдық, бір мақсатқа ұмтылушылық, өз пікірінде тұру, қуана білу, нәтижесіз болғанда, оған тіктеп қарай білу қасиеті, әрі жолдасының табысы, қуанышына ортақтасуы қасиеттері берік негіз алады.
Үшінші кезеңде бала ойын тәртібімен таныс, ол бәрін біледі, сондыктан шығармашылық танытып, еркін әрекет жасауға ізденіс білдіреді, өз-өзіне деген сенімі оның тапсырманы ойдағыдай, дұрыс орындап шығыуна септігін тигізеді [22].
Әрбір ойын кезеңіне арнайы анықталған педагогикалық міндеттер койылады.
Бірінші, педагог балаларды бала бақшадағы сияқты, мектепте, бастауыш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолданудың тиімді әдістемесін ұсыну
Дене тәрбиесі пәнінде ойын арқылы оқушылардың белсенділігін дамыту
Автордың айтуынша шынайы өмірде баланың аты - бала
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Оқыту мен тәрбие үрдісінде ойын элементтерін қолдану әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісі
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің мектепте халық ойындарын оытуда қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану
Бастауыш сыныптарда дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру
Қазақ тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда дидактикалық материалдарды пайдалану
Пәндер