Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуда шығармашылық пайдалану


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Түркістан, 2015
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
«Білім технологиялары кафедрасының
меңгерушісі, п. ғ. д., доцент
Б. Ортаев
« » 2015 ж
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуда шығармашылық тапсырмаларды қолдану жолдары
5В010200 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша
Орындаған: ППМ-111 тобының студенті
Сейлхан Таңшолпан
Ғылыми жетекшісі,
аға оқытушы Әуезов Батырхан
Түркістан, 2015
МАЗМҰНЫ
Анықтамалар . . . 3
1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін қалыптастыру
жолдары . . . 7
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 57
Анықтамалар
Бастауыш мектеп жасы- баланың бастауыш мектепте оқыту кезеңіне сәйкес келетін дамыту сатысы. Бастауыш мектеп жасының хронологиялық шектер әр түрлі елдер мен нақты тарихи жағдайларда әрқилы; оқыта бастаудың белгілі бір елде және белгілі бір уақытта ресми қабылданған мерзімдеріне орай бастауыш мектеп жасы шартты түрде. 6-7 жастан 10-11 жасқа дейінгі аралықта белгіленуі мүмкін.
Дамыту - алдыңғыдан кейінгінің, алғы сөзден кейінгі сөздің, алдыңғы ой-пікірден соңғы лебіздің, әдепкі құбылыстан, келесі құбылыстың екпін қуатының күшейіп, артып отыруы.
Жалпы адами құндылықтар - адамзаттың рухани тәжірибесін көрсететін дүниетанымдық ізгіліктер, адамгершілік қағидалар. Олар адамзатты ешбір айырмашылығына қарамастан ілгері дамуға ұмтылысы арқылы біріктіріп, адамдардың шынайы адамилық, лайықтылық, игілік, мейірімділік т. б. туралы адамгершілік түсініктерін көрсетеді.
Инновациялық үрдіс- жаңалықтарды құру ( туғызу, жасау ), меңгеру және тарату бойынша кешенді іс-әрекет.
Қабілет - адамның әртүрлі іс-әрекеттерге орай көрініс беретін психикалық мүмкіндіктерін анықтаушы тума анатомиялық - физиологиялық және өмір барысында меңгерген реттеу- түзету сапаларының жиынтығы. Қабілет- бір іс-әрекетті орындаудағы тұлғаның жеке дара қасиеті.
Қалыптастыру (формирование, становление) - баланың қоғамда өздігінен өмірсүруге қабілеттілігін, өзінің тағдырына өзі үкім ете білуін және өз мінез-құлқын жөнге сала білуін, сондай-ақ дүниемен өзінің қарым-қатынасын түсінуін меңгерту.
Өзарабелсенді оқыту- өзара әрекет тактикасы мен стратегиясын жасау, бірлескен іс-әрекет ұйымы. Өзара белсенді оқыту түрі - кооперация мен бәсекелестік.
Субъект -( латын тілінен аударғанда subjectum- бастауыш дегенді білдіреді ) болмысты тану мен өзгертудің бастау ретіндегі индивид немесе топ; белсенділік. Субъектілік қатыныас оқытушы мен оқушының арасындағы белсенді іс-әрекет.
Тұлға - дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің жеке нысыны.
КІРІСПЕ
Адамның нағыз адамдық қасиеттері өз өміріндегі тәлім-тәрбие нәтижесінде қалыптасады. Бастауыш сынып оқушыларының таным процестері дамуына оқытудың тигізетін әсері өте үлкен. Бастауыш сынып оқушыларының таным әрекеттерін зерттеу- психологиялық қызмет көрсетудегі күрделі мәселелердің бірі. Сондықтан оны жүргізу жолдарын көптеген психологтар мен педагогтар зерттеуде. Тәжірибелік психологияда Йирасек-Керн, Л. А. Венгер, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин, А. Г. Зак, И. В. Забрамная, Е. И. Рогов, Мотков т. б. жасаған әдістемелер кеңінен пайдаланылуда. Дамыта оқыту проблемалары ХҮІІІ ғасырдан бері зерттелуде. Швейцар ғалымы И. Г. Песталоцци оқу барысында балалардың қабылдау және еске сақтау қабілетін дамыту проблемасын зерттеуді бастаған [1] .
Бұл идеяны К. Д. Ушинский, Л. С. Выготский жалғастырған. Д. Б. Занков дамыта оқытуға қазіргі технологияларды қолданып, жалпы ақыл-ойды дамыту жолдарын анықтаған. Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасында барлық таным процестерін жедел дамыту жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлес қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр мұғалім ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет. Балалардың осы ерекшеліктеріне жан-жақты түсіну үшін бітіру жұмыс тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуда шығармашылық тапсырмаларды қолдану жолдары» деп анықтадық.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптарда білім беру барысында логикалық тапсырмаларды шығармашылықпен орындау барысы.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуда шығармашылық тапсырмаларды қолдану жолдары.
Зерттеу мақсаты. Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізетін тәсілдерді анықтау.
Зерттеу міндеттерін келесі түрде анықтадық:
1. Логикалық ойлау қабілеті туралы ұғымды анықтап, бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау процесі ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық негіздерімен танысу;
2. Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау процесін дамытуға халық педагогикасы мен психологиясы элементтерін қолдану ерекшеліктерін зерттеу;
3. Логикалық ойлау процесін дамытуға шығармашылықтың тигізетін әсерін көрсету.
Осы анықталған мақсат пен міндеттерді орындау үшін қабілеттің анықтамасы мен ерекшеліктеріне сүйене отырып, логикалық ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізетін жағдайларды анықтау арқылы логикалық ойлауды дамыту жолдарын зерттедік. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдап және озық тәжірибелі мұғалімдердің мақалалары мен дидактикалық материалдарымен танысып, оның біршамасын бітіру жұмысында қолдандық.
Анықталған міндеттерді орындау үшін келесі ғылыми-зерттеу әдістері пайдаланылды: теориялық әдістер және эмпирикалық әдістер - бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту туралы ғылыми еңбектерге теориялық талдау жасалынды және бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуда қолданылатын шығармашылық тапсырмалар таңдап алынды.
Зерттеудің эксперименталдық базасы: Түркістан қаласындағы №24 орта мектебі
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- логикалық ойлауды жүйелі түрде талдау, шығармашылық тапсырмаларды пайдалану жолдарын анықтау;
- бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуға арналған шығармашылық тапсырмаларды мектеп тәжірибесіне ендіру.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және мектеп іс-тәжірибесіне енгізу. Түркістан қаласындағы №24 орта мектебіндегі бастауыш сынып мұғалімдері ұйымдастыру барысында пайдаланылуда.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жиналған материалдарды логикалық жүйеге келтіріп, бітіру жұмысының құрлысын анықтадық. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі дәлелденіп, міндет-мақсаттары анықталды.
Бірінші бөлімде қазіргі ғалымдар Д. Б. Занков, М. И. Махмұтов, Б. Тұрғынбаева, В. В. Давыдов, Б. М. Теплов т. б. еңбектерінде қарастырылған қабілет табиғаты, бастауыш сынып оқушылырының логикалық ойлау ерекшеліктері және оның формалары, ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізетін себептер талданған [2] .
Екінші бөлімде оқыту барысында бастауыш сыныпта логикалық ойлау процесін дамытуға халық ауыз әдебиеті элементтерін, шығармашылық тапсырмаларды, дидактикалық ойындарды қолданудың тигізетін әсері талданған.
Қорытындыда бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктерін оқу процесінде қолдану туралы нұсқалар жасалған.
Адамның қоршаған орта ерекшеліктеріне икемделуі, білім мен іскерлікті меңгеруі оның қабілетіне байланысты. Қабілет дегеніміз -адамның білімді, іскерлікті тез және сапалы меңгеруі. Жаңа туған баланың қоршаған ортаны, өзін-өзі танып білуге қабілетінің нышандары генотипінде болады. Осы нышандар қасиетке айналу үшін бала адамдар арасында өсіп, күнделікті тіршілік барысында қарым-қатынас жасауға, қоршаған ортада өзін емін-ерік сезінуге негіз болады. Барлық адамға тән іс-әрекет түрлеріне адамның қабілеті өз өмірінде қалыптасады.
Бастауыш сыныпта оқыту барысында баланың білімі мен қабілеттілігін қалыптастырады. Қазіргі мектептегі дамыта оқыту баланың таным процестерін дамытып, барлық іс-әрекет түріне қабілеттілігін қалыптастыруға үлкен ықпал жасайды. Оқу барысында баланың танымдық қабілетін дамыту жолдарын зерттеген И. Г. Песталоцци, К. Д. Ушинский, Д. Б. Занков, М. И. Махмутов, Б. Тұрғынбаева, К. Бозжанова т. б. ғалымдар осы проблеманы жан-жақты зерттеген. Б. М. Теплов қабілет табиғаты және оны қалыптастыру жолдарын анықтаған [3] .
Қабілеттің дамуына әсерін тигізетін факторлар өте көп. Олардың әрқайсысының тигізетін әсері өте мол.
Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамға тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты. Мәселен, оқушыда техникалық қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың құрылысын жақсы білуі, оны тәжірибе жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі тереңдеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, онық қабілеті де ойдағыдай (дамуы үшін) дамып отырады. Мәселен, кейбір мұғалімдер өз оқушыларының үлгеріміне көңілі онша тола қоймайды. Ол өз оқушысының бар мүмкіндігімен жұмыс істемейтіндігін айта келіп, егер ол сабаққа бар ынтасымен кірісетін болса, бұдан да гөрі жақсы оқи алар еді-ау деп қынжылады. Бұл жерде мұғалім қолынан істесе, іс келетін, дағдыға тез машықтанғыш баланың, қажырлы әрекетке жөнді ұсына алмағандықтан, қабілетін жөнді көрсете алмай отырғанын айтып отыр.
Оқу-тәрбие процесінде қабілет, білім, дағды, ептілік сияқты психологиялық ұғымдарды өз мәнінде түсіне алмау мұғалімдерді педагогикалық қателерге ұшыратуы да мүмкін. Мұны дәлелдейтін мысалдар көп. Сурет академиясына оқуға келген Суриковтың арнаулы қабілеті ерте көрінгенмен де, сурет салуға қажетті дағды мен білімі болмаған. Сондықтан да ол академияға қабылданбаған. Академияның мұғалімдері Суриковтың сурет өнеріне тиісті білімі мен дағдысының жоқтығына қарап, оның зор қабілеттілігін көре алмай, үлкен қате жіберген. Кейін ол өзінің зор қабілетінің арақасында сурет өнеріне қажетті білім мен дағдыны екі-үш ай ішінде меңгереді де, академияға түсуге право алады.
Бұл мысалдар академияның Суриков жөніндегі пікірі қате болғандығын аңғартады. Бұл мысал адамның қабілеттілігі білім мен икемділікті, дағдыларды тез меңгеруге жағдай туғызатынын, сондай-ақ балалардың қабілеттерін дұрыс байқай алып, онымен санасып отырудың қажеттілігіне мұғалімдердің зер салуын керек етеді.
Кез келген адамның екі-үш түрлі іс-әрекетті атқаруға бейімділігі болады. Бұл - адам қабілетінің жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге деген икемі және әрекетшіл көрінісі. Адам әрекетсіз, еңбексіз ешқандай іс тындыра алмайтын болса, ол өмір сүре алмас еді. Жалпы қабілет адамның жеке басының әрекетімен байланысты түрде жүзеге асады. Адамның даралық ерекшеліктерінен оның арнаулы (түрі) қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ынтадан, дағды мен икемділіктен айқын көрінеді [4] .
Адамның істеген ісі мен әрекетін бағалап көрмей тұрып, оны сол іске қабілетті не қабілетсіз деп келіп айтуға болмайды.
Қабілет негізінен екіге бөлінеді. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағаштық, зеректік пен тапқырлық т. б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.
Іс-әрекеттің және салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнайлы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының, математик- ғалымның, ақын-жазушының қабілеттерін жатқызуға болады. Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің үшінші түрі деп практикалық іске қабілеттілікті айтып жүр. Бұған ұйымдастырушылық, педагогтық, конструктивті-техникалық қабілеттерді жатқызады. Қабілеттердің осы түрлері іс-әрекеттің басты сапаларына орайлас бөлінеді.
Адам қабілетінің дамуы қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына, ғылыми-техникалық прогреске байланысты болып отырады.
Адамдардың қабілетінде және адамға тән айырмашылықтар да болады, яғни іс-әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі. Біреудің ісі сапалы, екіншісінікі сапасыз. Дәлірек айтқанда, адам қабілетіндегі айырмашылқтар олардың істеген істерінің нәтижесінен немесе оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда объектіні жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бейімділік - нақты іс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы өте қиын. Оған түрлі жағдайлар да себепші болады. Мысалы, адамның бейнелеу, көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы салалардағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім тауып, қабыса алады.
Адам қабілетін аз деп, көп деп сан жағынан өлшеудің ғылымға қажеттігі шамалы. Өйткені алғашқы кезде түрлі себептермен көріне алмаған қабілеттің оның есейген шағында көрінуі де ғажап емес.
Іс-әрекетпен айналысқанда адамның жетістікке жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында мынадай сапалылық көріністер беруі қажет: ең алдымен, еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық. Осындай ерекше қабілеттілігі бар адамның өзі де айтарлықтай табысқа қол жеткізе бермейді. Негізі адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен қарап, басындағы жетістік, кемістігін икемі мен күш-қуатын, мінезінің ұнамды болуын айқындауы ықтимал. Бұл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр.
Қандай да болмасын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді дегенде, теңдік деп адамдардың қабілеттерінің теңдігі немесе дене күштері мен рухани қабілеттіктерінің бірдейлігін түсінеді.
Қабілеттердің дамып қалыптасуы әр түрлі деңгейде жүріп отырады. Мәселен, оның алғашқы деңгейін репродуктивтік десе, екінші, негізгі деңгейін шығармашылық қабілет дейді. Бірінші деңгейде адам білімді игеруге, іс-әрекетті қажетті дәрежеде іске асыруда икемділік көрсетсе, екінші деңгейде жаңа сапаны туынды жасай алу мүмкіндігінде көрсетеді. Қабілет, жалпы, арнайлы және тәжірибелік, ал соңғысы ұйымдастырушылық, мұғалімдік болып бірнеше түрге бөлінеді. «Адам - тіршілік иесі, оған қоса ол жаны бар нәрсе ретінде табиғи күшке, өмір қуатына ие, әрекетшіл тіршілік иесі, онда бұл күштер нышан мен қабілет түрінде өмір сүреді» дейді К. Маркс. Ғылыми тұрғыдан қабілеттердің дамуында нышан туралы айтқанымыз жөн.
Әрбір адамның іс-әрекетті орындау тәсілі сол адамдардың психикалық таным процесінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жұмысына, сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабылдау жылдамдығына және адамның жеке даралық қасиетіне байланысты. Қабілеттілік - адамдағы жеке дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат. Қабілеттің мұндай сипаттарын былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы болуы - көбінесе музыканттарға, ал бойшаң болып келу - баскетболшы-спортшыларға тән ерекшелік. Адам бойындағы ерекшеліктер қабілеттіліктің тек белгілі бір іс-әрекетке орай табысқа жетуге көмектесетін белгілері ғана. Қабілеттілікке аса қажетті қасиет, мысалы, музыка саласында әуенді есту мен ырғақты сезу, оларды бір-бірінен айыру болып табылады. Ал қимыл-әрекет реакцияларының жылдамдылығы неғұрлым жоғары деңгейде болса, спорт түрлерімен шұғылдануға өзіндік әсері мен пайдасы тиюі даусыз.
Қабілеттіліктің өлшемі - белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды [5] .
Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетпен үйрену үстінде көрініп отырады.
Ұнамсыз сапаларды айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек. Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне талант, дарындылық, данышпандық сияқты қасиеттер де жатады. Дарындылық - адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандайда бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі. Мұны мынадан айқынырақ түсінуге болады: қазақ даласында өздерінің ақындық, әншілік, серілік қасиеттерімен танылған Ақан сері, Біржан сал, Әсет, Мәди тәрізді басқа да таланттардың есімдері осы кезге дейін ел есінде. Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы талант деп аталады. Талант - адамның нақты бір істі нәтижелі орындаудағы қабілеттінің біршама жағымды қасиеттерінің өзара байланысты түрде үндесуі. Талантты адам өмірде белгілі бір пайдалы әрекетпен шұғылданады, сол бағытта ірі жетістіктерге де жетеді.
Адам қабілетіндегі, дарындылығы мен таланты одан әрі дамып, данышпандық қасиетін тудырады. Бұл - адамның ақыл-асты мен іс-әрекетінің ең жоғары дәрежеге көтерілуі. Данышпандық қасиет - адамның жалпы және арнаулы қабілеттерінің жинақталып, ерекше нәтижелерге қол жеткізуі. Данышпан адамның іс-әрекет нәтижелері адамның әлеуметтік өмірі мен қоғамдық тіршілігінің жақсаруына елеулі үлес қосып, мәдени-рухани, саяси-экономикалық т. б. салалардық өркендеуіне әсер етеді, қоғамның тарихи дамуында өшпес із қалдырады. Сондай адамдар қатарына Аристотель, Платон, Әбу Нәсір, әл -Фараби сияқты ғұламалар, қазақтың Абылай хан, Төле би, Әйтеке би, Абай тәрізді біртуар перзенттерін жатқызуға болады.
Қабілетке қатысты мәселелерді қорыта айтсақ, қабілет - адамның даралық психологиялық қасиеті. Мұндай өзіндік қасиеттер жеке адамның тұлғасын, кісілік сипатын, іс-әрекетінің нәтижелерін жалпы қауымның игілігіне айналдырады. Психология ғалымында соңғы 1-1, 5 ғасыр бойында адам қабілетінің даму деңгейі және оның қалыптасу тәжірибесі зерттеулер арқылы анықтала бастады.
Жеке тұлғаның психологиялық қасиеттерін зерттеп, оның даму ерекшеліктеріне сипаттама беру, оларды сандық және сапалық жағынан бағалап беруге қызығушылық психология ғылымында ертеден бері орын алып келе жатыр. ХІХ ғасырдың аяғынан бастап психодиагностикалық әдістемелер көп мөлшерде жасалып, олар адамдарға өз ерекшеліктерін зерттеп, барлық қыр-сырын анықтап алуға ұсынылды. Осы кезден бастап тәжірибелік психологиялық зерттеулерге сұраныс қалыптаса бастады. Соның арқасында батыс Еуропа елдерінде психологиялық зертханалар ашыла бастады. Бұл зертханаларды Германияда - Вундт, Францияда - Бине, АҚШ-та - Мюнстерберг, Торндайк т. б. ғалымдар ұйымдастырып, жеке тұлғалық қасиеттерді толық және жан-жақты бағалау тестілерін жинақтады. Бұл зертханаларда барлық талапкерлердің іс-әрекет түрлеріне икемділігін анықтау, кәсіби жарамдылығын анықтау, мамандыққа баулу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу барысында Гальтонның ұсынысы бойынша, тест көмегімен өлшенген қасиеттердің бір-бірімен корреляциялық байланысы бар екендігі ескерілді.
Сол кездерде неміс психиатры және психологы Э. Кречмер және АҚШ психологы У. Шелдон өз зерттеулерінің нәтижесінде адам мінездерінің типологиясын ұсынды. Олардың ізбасарлары Э. Фромм, К. Леонгард, А. Е. Личко және басқалар типологиялық зерттеулерді жалғастырып, қазіргі кезде кеңінен пайдаланып жүрген мінез акцентуациясы туралы ілімнің негізін құрды. Олар мінез типін анықтау негізіне келесі қағидаларды ұсынды:
а) адам мінезі онтогенездің бастапқы кезеңдерінде қалыптасып өмірдің барлық кезеңдерінде тұрақты көрініс береді;
б) мінез көрсеткіштерінің топтасуы кездейсоқ мәселе емес. Олар адамдардың бір-бірінен айырмашылығы бар болып ерекше тұлға болуына негіз болатын тұрақты көріністер, сондықтан олар негізінде мінезтипологиясын құруға мүмкіндік туады;
в) адамдардың басым көпшілігін осы типологияға байланысты бірнеше топқа бөліп, олардың жекелік ерекшеліктерін сипаттауға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz