Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын жетілдірудің шарттары. АВТОРЕФЕРАТ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ӘОЖ 372. 01 Қолжазба құқығында
Қ-31

КАМБАРОВА МЕРУЕРТ ТАСБОЛАТОВНА

Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын жетілдірудің шарттары

6М010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Педагогика ғылымдарының магистрі
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Түркістан - 2014

Диссертацияның Халықаралық қазақ-түрік унивеситетінің Бастауышта оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасында орындалған.

Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының
кандидаты, доцент
Садыков Ж.

Ресми оппоненті: педагогика ғылымдарының
докторы, профессор
Сиқымбаев И.Б.

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан республикасының білім беру жүйесінің басты міндеті ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде білімді нақты жағдайда пайдалану икемділігін меңгерген, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып субьект ретінде қарастырып тұлғалық-бағдарлы тұрғыда келу және оқу үдерісінде құрылымдық, мазмұндық тұрғыда өзгерістер енгізу арқылы мүмкін болады.
Бастауыш сатыда оқушылардың оқу-танымдық дүниетанымының философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін терең зерделей отырып сапалық деңгейін жаңа стандартқа сәйкес зерттеуді қажет етеді. Ғылыми-педагогикалық еңбектерде бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру (Ю.К. Бабанский, И.П.Подласый және т.б.), бастауыш сынып оқушыларының ерекшеліктері (Л.В.Занков, В.В. Давыдов, Н.Ф. Талызина, Д.Б. Эльконин және т.б.) бастауыш сынып мұғалімдерін (А. Калашникова және т.б.), оқыту технологияларын қолдану (В.П. Беспалько, М.В. Кларин, С.Н. Лысенкова, В.М. Монахов, В.Ф. Шаталов және т.б. ) мәселелерін зерттеген. Отандық ғалымдар А. Х. Арсенова, Ә.М. Мұханбетжанова, Т.С. Сабыров, Ш.Х. Құрманалина, Қ,А.Сарбасова және т.б. ғалымдар бастауыш сынып оқушыларының оқу танымдық іс-әрекетін, жеке тұлғаның дамуын, өз бетінше білім алуын, білім сапасын дамытудың тиімді жолдарын қарастырған.
Мемлекетіміз тәуелсіздік алғанан бері қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруден жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап етеді. Жедел жаңарып тұратын әлем және ақпарат ілегінің ұлғаюы жағдайында қоғамның даму деңгейін, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемі ретінде білім беру жүйесінің сапасын ұлттық негізде әлемдік деңгейге сәйкес арттырудың маңызы арта түседі. Осы тұрғыдан келгенде, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, үздіксіз білім берудің ролі зор екені даусыз.
Оқу-танымдық іс-әрекет - бұл арнайы оқушының өзі ұйымдастырған және адамзат баласы жинақтаған мәдени байлықты игеру мақсатындағы сырттай тануы. Оның пәндік нәтижесі ғылыми білім, білік, дағды, тәртіп үлгісі және оқығандарды меңгеретін іс-әрекеттер түрлері болып табылады.
Танымдық іс-әрекеттің өзге әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі-оқушының үнемі жаңа дүниеге енуімен, оқушының әрбір әрекетінің екінші бір жаңа әрекетке үнемі ауысып отырумен байланысты. Сондықтан, оқу үдерісінде оқушының білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл-ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын іс-әрекетті ұйымдастырудың тиімді әдіс тәсілдерін іздестіру өзекті мәселе болып табылады.
Терең білімге негізделген танымдық біліктердің қалыптасуы оқушылардың білімді теориялық негізде қорыта алуға мүмкіндік беріп, интеллектуалдық белсенді ойлауын жандандырып, шығармашылыққа жетелейді, нәтежесінде, оқушы жеке тұлғанының қалыптасуына негіз болады. Бұдан біз, мұғалімнің қызметі танымдық іс-әрекетті қалыптастыратын құралдар жүйесін ұйымдастыруда негізгі орын алады деп ойлаймыз. Тек қана оқушыларға білімді жеткізу үшін ғана емес, сонымен қатар, оқытудың барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық іс-әрекетінің әртүрлі жақтарын ұйымдастыру мен басқару, өзіндік білім алу, өзара бақылау, сырттай бақылау, өзін-өзі іштей бақылау құралдарының маңызын ашу өте қажет деп есептейміз.
Қазіргі кезде кез-келген өскелең ұрпақ шап-шаңдықты, ерекше ақыл ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттігін және танымдық қызығушылықтары арқылы білім алуға және оны меңгертуге талпындыруды қажет етеді. Осы мәселенің шешімін табу біздің зерттеуді айқындап, тақырыпты "Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын жетілдіру шарттары" деп алдық
Зерттеу нысаны: Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын жетілдіру белсенділігін оптималдауды талап ететін бастауыш мектепте оқытудың нақты оқу жүйесі.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын жетілдіру шарттарын бастауыш сынып пәндері бойынша ғылыми әдістемелік тұрғыдан негіздеу, тәжірибелік - экспериментте тексеріп қортындысын шығарып, ғылыми негізделген ұсыныстар беру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын дамытудың ғылыми-әдістемелік негізін айқындау және мәнін ашып көрсету;
- бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын дамытудың мүмкіндіктерін анықтау:
- бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын дамытудың шарттарының құрылымдық-мазмұндық моделін жасау, танымдық іс-әрекеттердің өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін айқындау;
- бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын дамытудың әдістерін жетілдіру және оның тиімділігін эксперименттік-тәжірибе жүзінде тексеріп, ғылыми әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
- бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін дамытудың ауызша және жазбаша әдістерінің ғылыми-әдістемелік негіздері пәндер тұрғысынан айқындалады және мәнін ашып көрсетіледі.
- бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін дамытудың ауызша және жазбаша әдістерінің бүгінгі жағдайы сараланып, мүмкіндіктері анықталады.
- бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін дамытудың құрылымдық-мазмұндық нобайы жасалып, оның өлшемдері мен көрсеткіштері мен деңгейлер айқындалады.
- бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін дамытудың ауызша және жазбаша әдістерін жетілдірудегі қазақ тілі мен ана тілі пәндерін оқытудың әдістемесі айқындалып, оның практикада қолдану тиімділігі тәжірибелік - эксперимент арқылы тексерілді, қорытынды нәтежесі шығарылды.
Зерттеу әдістері. Зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, бастауыш мектептің құжаттарын (стандарт, оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар), озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, модельдеу, салыстырмалы талдау, әңгіме, сауалнамалар жүргізу, оқу үрдісін бақылау, мониторинг.

Жарияланымдар туралы мәліметтер:

1. Қазақ дүниетанымының генезисы.
Білім, ғылым және өндірісті интеграциялау концепциясы атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, ОҚМПИ, Шымкент 1 наурыз 2014ж,292-296б.б (Ж.Садыков авторлық бірлестікте).
2. Қазақ дүниетанымындағы ұлттық рух пен патриотизм.
Жаңа формацияда кәсіптік білім берудің өзекті мәселелері атты ІІ-дәстүрлі Халықаралық ғылыми-тәжірибелік интернет - конференция, І том Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркістан-Мәскеу 2014, 360-364б.б. (Ж.Садыков авторлық бірлестікте).
3.Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын жетілдірудің шарттары.
Білім.kz Республикалық педагогикалық журнал, Тараз №5(29) мамыр 2014ж, 12-14б.б. (Ж.Садыков авторлық бірлестікте).
4.Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастыру шарттары.
Вестник БГУ Научный журнал Бишкекского Гуманитарного Университета им. К.Карасаева №2(28)2014г Кырғыстан, маусым 2014 (Ж.Садыков авторлық бірлестікте).
5. Қазақ мектептеріндегі бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын дамыту жолдары.
Қазақстанның ғылымы мен өмірі, Халықаралық ғылыми-көпшілік журналы, №3-4(24-25) 2014жыл, 192-195б.б. (Ж.Садыков, Г.Тоққұлова авторлық бірлестікте).

Негізгі бөлім

Дүниетанымның пайда болуы адамның тіршілік болмысынан пайда болған қоғамдық тарихи-құбылысымен байланысты болады. Адамның әрбір тарихи кезеңдерінде табиғат, ондағы құбылыстар, өмір, тіршілік, тұрмыс туралы өзіндік көзқарасы, түсінік-ұғынулары болады. Адамзат санасының, дүниетанымының қажетті бөлігі де - осы дүниеге көзқарас болып табылады.
Қазақ дүниетанымының қалыптасуы Еуразия даласындағы Хунндар мен Ғұндардың үлкен кеңістікте өмір сүруімен байланысты қалыптасты.
Ғұндар мен сақтарға байланысты ұлы тотемдер - көк бұқа, бөрі, марал. Ал, орта ғасырлық ойшылдардың негізі дүниетанымы тұлғалардың бойындағы сапалық қасиеттеріне бағытталған. Ұлы ойшыл Әл-Фарабидегі адамның бойындағы негізгі қасиет оң бағыттағы мінез-құлық десе, ұлы дала ойшылдары Қ.А.Яссауи мен Ж.Баласағұн адамның бойындағы қасиеттерді төрт деңгейге бөліп қарастырады. Қ.А.Яссауидің ілімі бойынша тарихат, мағрипат, шариғат, ақиқат десе, ал Ж.Баласағұнның Құтты білігінде әділет, ақылдылық, ұрпақ байланыстылығы, адамгершілік, имандылық мәселелері қарастырылады.
Орта ғасырлық дала ғұламаларының дүниетанымы тұрмыс-салт дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың, сана-сезімнің қалыптасуына байланысты орныққан. Мысалы, Ж.Баласағұн Ұятсыздан үйдей пәле шығады, А.Иүгінеки Адамгершілік кімде болса, соны ер деп есепте, С.Сарал Жарқанат жарықты сүймейді, күншіл ғылымды сүймейді деген ғұламалар халықтың ой-пікірлерінен адамгершілік қасиеттердің мінез-құлық мәдениеттілігіне байланысты екені белгілі. Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі - қайырымдылық, достық, елге, жерге, Отанына қайырымды, бойындағы бар асыл қасиетін халқына, ұлтына жасауға арнаған адамды Ел қамын жеген ер деп бағалаған. Сондай-ақ, адамгершіліктің ең жоғары түрі - бауырмалдық, бүкіл адам баласын бауыр, дос тұтыну, көпшіл болу, интернационалдық қасиетті қастерлеу. Атаңның баласы болма, адамның баласы бол, Көппен көрген ұлы той, Көпті сөкпе, кенді төкпе, Бойда қайрат, ойда көз болмаған соң - айтпа сөз сияты мақал-мәтелдерде дәріптелген .
Дүниетанымның барлық жүйесінің негізін философиялық көзқарас пен сенім құрайды. Дүниетаным құрылымын, оның басты қарастыратын объектісін қоғамдық сананы саралау арқылы түсіндіру А.Спиркин, М.Федосеев, В.Журавлев, Д.Кішібеков, Ә.Нысанбаев, Ж.Әбділдин, М.Орынбеков, Ә.Тұрғынбаев т.б. философтардың пікірінде кең орын алады. Олар дүниетанымды тұтас дүние ретінде, ондағы адамның орны жайындығы түсініктер мен пікірлердің жиынтығы ретінде салыстырмалы түсініктер береді. А.С.Спиркин дүниетанымның құрылымына білім, сенім және мұратты кіргізеді.
Осыған орай, көшпенді өмір тіршілігінен, ғасырлар бойы қалыптасқан салт - дәстүр, әдет - ғұрыптар мен ұлттық мәдениет көздерінен халқымыздың ұлттық дүниетанымының негізгі белгілері жасалған. Философ Д.Кішібековтың тұжырымында қазақ халқының мінез - құлқы оны қоршаған ортаға - кең далалық кеңістікке, географиялық жағдайға, баққан малға, оның шаруашылығына байланысты қалыптасатындығы айтылады.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын қазақ - тілі пәнінің негізінде дамыту жолдары. Сөйлем - ойды айтудың негізгі формасы. Сондықтан ол 1-сыныптан бастап оқытылады. 1-кластың оқушылары сөйлемді сөзден, сөйлеуден ажыратады. Сөйлем соңында дауыстың бәсеңдейтінін, нүкте қойылатынын біледі. 2-сыныпта балалардың сол білімі дамытылады.
Педагогика тарихында математика жүйесі бойынша балалардың математикалық дамуына М.Монтессори жүйесі негізінен қолданылады. Оның мәні алты жасар бала мекетепке келгенде 20 мен 30-ға дейін санай алады. Одан кейін номерлеуге оңай үйренеді. М.Монтессори өзінің жүйесінде ақшаны қолданған. Ол ақша ауыстыру, айырбастау баланың көңілін аударып санауға үйретенді. Сонымен қатар методикалық жаттығуларды қолдануда бірнеше ондаған таяқшаларды әртүрлі ұзындықпен балаға береді. Бала бұл таяқшаларды ұзындықтары бойынша қойып, оларды қызыл және көк түстерін сануды үйренеді. Бұл жаттығуда баланың сезім қабілеттігі дамиды. М.Монтессоридің балалар үйінде математикалық түсінігі осылай жүргізіледі.
Егер көз алдымыздағы сандар біздің көріп тұрған заттардан артық болса оларды танып білу, санау қиынға түседі. Санау негізінен сандарды жаттаудың бірден - бір процессі. Бұл сандарды қабылдауды жаттаушылардың бірден бір көзқарасы. Айтылғандардың ішіндегі екі тәсілде бір - бірін қамтамасыз етіп отыруы тиіс. Арифметика методикасындағы даулы сұрақтардың бірі болып сандық фигуралар болып саналады. Бұл сұрақ негізінде неміс әдебиетінде сандық фигуралардың отаны туралы сөз қылған. Олардың пікірінше сандардың төрт түрлі мәні бар. Олардың бірі балаларға сандық түсінікті жеткізе білу. Екіншісі сандық фигуралар арқылы балалардың қабылдауы. Үшіншісі балалардың сандық фигуралардың есептеуге арналуы. Төртінші мәні сандарды цифрларға айналдыра білуі және бірліктерді сан бойынша көрсетуі.
Арифметиканы үйретуде суреттер көрнекі құрал ретінде қолданылады. Яғни көрнекі құралдар міндетті түрде заттық түрде болғаны жөн.
Қазақ халқының өмір тәжірибесінде баланың әр алуан ойын түрлері олардың қимыл қозғалыстарын, ептілігі мен бейімділігін, танымы мен пайымен дамытып, өрістетіп отырады деп санаған.
Оқу-танымдық белсенділік оқушы іс-әрекетінің сапасы ретінде көріне отырып,үнемі ізденіп белсенді әрекет ететін жеке тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Оқушының оқу-танымдық іс-әрекетінің деңгейі, бағытты мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіне тікелей байланысты. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, оқу материалының түсініктілігі, мазмұндылығы, оқытуды ұйымдастырудағы тиімді әдіс-тәсілдер, мұғалім мен оқушылар арасында субъектті қарым-қатынас орнату. Сонымен қатар, педагогтар репродуктивті, формальді-логикалық іс-әрекет түрін шығармашылық іс-әрекетке айналдырып қолдануды жұмыс тәртібіне енгізу. Оқушылардың танымдық қызығушылықтары негізінде шығармашылық қабілеттерін, ойлауын дамытуда педагогтар алдына мынадай шарттар қойылады:
Оқу - танымдық дүниетанымды жетілдірудің шарттары:
1. әрбір оқушы үшін даму жұмысының траекториялары;
2. әрбір оқушының потенциалдық мүмкіндіктерін ашуға қолдау көрсетудегі жоғары педагогикалық іс-әрекет;
3. білім беру үрдісінің ерекше формалары мен білім берудің спецификалық мазмұнының сипатын беретін арнайы педагогикалық жағдайлар.
Пәнаралық байланыс тапсырмасының мақсаты. Шығармашылық бағыты. Күтілетін нәтижесі.
Тіл дамыту.
Таныс ертегінің сызбалық үлгісін құрастырып, сол бойынша жаңа ертегі ойлап шығару арқылы сөйлеу техникасын дамыту.
Кейіпкерлердің өзара қарым - қатынастары мен әрекеттерін белгілеуді және сол негізінде оқушылар жаңа ертегіні өздері ойлап табады.
Құрастырған үлгі бойынша оқушылар шығармашылығы негізінде кейіпкерлері алуан түрлі болып келетін ертегілердің пайда болуы.
Математика.
Математикалық ұғымдарды қалыптастыра отырып, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Шығармашылық негізінде тапсырма шешуінің әртүрлі жолдарын анықтайды.
Оқушылардың қабылдау, ойлау, қиялдау, танымдық қызығушылықтары негізінде шығармашылық қабілетін тапсырмаларының қайталанбайтын жауаптарының шығуы.
Сауат ашу.
Қ дыбысына байланысты тізбек сөз, жаңылтпаш, жұмбақ, өлең шумағы ішінен сөздерді, сөз дыбысты даралап танымдық, шығармашылық негізінде дыбысқа байланысты сызбаға сәйкес сөз, сөйлемдер құрайды.
Оқушылардың жылдам ойлап, шешімін таба білуі. Іс-әрекет нәтижесін тілмен жеткізе білуі.
Қазіргі кезде кез келген сабақ немесе сабақтар жүйесі мынадай нобай арқылы құрылады.
4. мұғалім мақсатты құрастырады, бірақ бағалардың өлшеуішін түсіндірмейді;
5. мұғалім алдына қойған мәселелерді қалыптасқан мақсаттардың элементі ретінде қарастырады;
6. қалыптасқан мақсаттарға жету құралдары мен әдістерін мұғалім өзі таңдайды, яғни ол мақсатқа жетудің бірнеше әдісін ұсынады, сондықтан біз мақсатқа жетудің әдістерінің көпнұсқалығы туралы айтуымызға болады;
7. жаңа тапсырманы меңгеріп, қорытындылау үшін оқушылар өз бетінше мұғалімнің ұсынған жаттығуларын орындайды;
8. мұғалім орындалған жұмыстарды бағалап, оқушылардың білім деңгейін тексереді, ары қарай бұл цикл жалғаса береді.
Осы нобайды талдап, біз мынадай қорытындыға келдік: қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқу-тәрбие үрдісі барысында білімді жинақтау болып табылады (дағдылар, шеберліктер). Ал бұл білім жүйесінің заңды нәтижесі ретінде қажет болған жағдайда алған білімін (дағдыларын, шеберлігін) қолдана алатын жеке тұлға болып саналады.
Алайда, адамзаттың бүкіл өмірі бойы жиналған білімі мен ілімі соншалықты көп, терең. Сондықтан қазіргі оқыту үрдісінде оның бәрін оқушыларға жекізу қиындап бара жатыр, тіпті мүмкін емес десе де болады. Ендеше, оқушылардың танымдық қабілеті негізінде шығармашылық қызығушылығын арттырып, олардың оқуға деген ынтасын көтеру керек.
Мұны шешу үшін оқушы кез келген әдіспен берілген дайын білімді жаттап алуға бағытталған селсоқ тыңдаушы ғана болмай, керісінше ол өзіне керекті жаңа білімді іздеп, қажет болған жағдайларда оны қолдануға ұмтылуы тиіс.
Мынадай жұмыс механизмын қарастырып көрелік: оқушы жаңа білімді жақсы баға алу үшін өз бетінше, не өзінің сыныптасымен, не топта (3-4адамнан) жұмыс істеу керек делік. Өз бетінше жұмыс істеу барысында жаңа материалды негізгі еске сақтаудан өзге тағы да басқа еске сақтаудың түрлері қосылады көзбен көру, есту, қайталау,т.б.
Біздің ойымызша, бастауыш сынып оқушылардың танымдық мотивациясын арттыру үшін білімді меңгерудің мынадай нобайы (моделі) керек:
9. мақсатты қоя алу (мақсатты түсіндіру);
10. мақсатты жүзеге асыра білу (орындалатын бөлігі);
11. нәтижені бағалай алу (бақылау, баға).
Тәжірибелік - эксперименттік зерттеу жұмысы мына бағытта жүргізілді.
Бастауыш сынып оқушыларыныңн оқу-танымдық іс-әрекеттерінің қалыптасуын өлшеу және олардың сапалыған бағалау - дидактиканың аса маңызды проблемаларының бірі болып табылады. Бағалау дегеніміз - оқу-жүйесінің сапалығын қорытындылау екендігі белгілі нәрсе. Объективті бағалау әрқашан өлшемдеу мөлшерінің нәтижесіне сүйенеді. Өлшемдеу жүйесінің бастапқы іс-әрекеті - болжау және оның күшті аспектілерінің бірі - олшеу нәтижесін мөлшерлеу. Бағалау - бұл өлшеу нәтижесінің жалпыламасы.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетінің қалыптасуын өлшемдеу жүйесіне мына компоненттерді жатқызуға болады:
1. Өлшем (оқу танымдылық) объекті
2. Оқу танымдылықты өлшемдеу бірлігі немесе әдісі
3. Оқу танымдылық іс-әрекеттерін өлшеуді іске асыратын
педагогикалық жүйе және өлшеу нәтижелерін зерттейтін педагогикалық іс-тәжірибе
4. Мөлшерлеудің статистикалық өңделуі (есебі)
Біздің зерттеуімізде өлшем объектісі болып бастауыш сынып
оқушыларының танымдық іс-әркеттерін қалыптастыратын ауызша және жазбаша әдістер алынды.
Зерттеу жұмысының ең басты сатысы - тәжірибе сынақ нәтижелерін
жалпылау болды. Педагогикалық тәжірибе біздің зерттеулеріміздің практикалық өміршеңдігін анықтау, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерінің қалыптасуына белсенді әсер етуші ауызша және жазбаша әдістерді, дидактикалық құралдарды проблемалық ықпалдасу негізінде үйренуі мүмкіндік туғызатын оқу материалдарының көлемі мен мазмұны, оқушылардың өздігінен жұмыс істеу технологияларын анықтау, дидактикалық ойындардың мақсаттарын негіздеу, ұсынылған нұсқаулардың мазмұнын тексеру мақсатында жүргізілді. Зерттеу негізіне мына төмендегі талаптар қойылды:
а) қойылған мәселені шешу үшін әртүрлі ықпалдасуларды қамтамасыз етуші пәндердің логикалық бірлігін іске асыру;
ә) тәжірибелерді жүргізу жүйесінде оқу жүйесіне өзгерту кіргізілмеу тиіс;
б) қорытындылардың объективті және дұрыс болуын қамтамасыз ету;
Тәжірибе және бақылау сыныптардағы оқу-танымдық іс-әрекеттің
маңыздылығын салыстыру:
1.Бағдарлама материалын игеру көлемі мен сапасы бойынша
талдау;
2.Тәжірибе әдісінде көзделген түрлі тапсырма және бағалау
оқушылар тарапынан орындалған нәтижелері бойынша жүргізілді.
Біздің тәжірибеде ауызша сұрау мен жазбаша жұмыстар күнделікті және аралық бақылау әдістерін пайдаландық. Ауызша сұрау үшін түрлі сұрақтар жазба жұмыстарды тапсырмалар, жаттығулар, есептер тесттер берілді. Мұғалімдер ауызша сұрауларды оқушылармен қарым-қатынас жасау үшін жүргізді. Жазба жұмыстары тәлім барысын белсендендіру үшін пайдаланылды. Бірақ, бұл әдістер оқушылардың білім дәрежесін, танымдық іс-әрекеттерінің қалыптасу дәрежесін терең және кеңірек білуге толық мүмкіндік бермеді. Себебі, бұл әдістер негізінде нәтижелерді сипаттау, анық білім алу іс-әрекеттерінің қалыптасу дәрежесін анықтау үшін ғана осы объективті әдістерді пайдаландық.
Педагогикалық эксперименттің бастапқы кезеңі - 2012 жылдан 2014 жылға дейін озат мұғалімдердің іс тәжірибелерін үйрену, олардың тәжірибе материалдарының мазмұндылығы мен сапалығын анықтау мақсатында жүргізілді. Осы бірінші анықтау кезеңде оқушылар үшін тәжірибе оқу материалдары және мұғалімдер үшін әдістемелік нұсқаулар дайындалды. Ұсынып отырған сабақтар бойынша оларды жүргізу әдістері мен мақсатын таныстыру үшін олармен сұхбаттар өткізілді.
Педагогикалқ зерттеу- тәжірибесінің негізгі мазмұны мынадай болды:
1. Оқушы ілімді қандай көздерден игеретінін анықтау;
2. Қазақ тілі мен математика пәндерін оқытуда ауызша және жазбаша жұмыстарды тапсырмаларды орындау нәтижелірін анықтау.
3. Жаңа білімді игеру, оны қолдану барысында оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуінің көлемін (салыстырмалы ауырлығын) анықтау;
4. Өзіндік жұмыс мазмұны (үлгі бойынша, ұқсас және жаңа жағдайларда) және оларды орындаудағы тәуелсіздік дәрежесін анықтау;
5. Жоспарлау, өзін-өзі тану және бақылау шеберлігін игеруідің дәрежесін анықтау.
6. Бастауыш сынып мұғалімінің оқу-танымдық іс-әрекетінің мақсаттарын анықтау, сабақтың негізгі мазмұнын белгілеу, танысу, есте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ балаларының тәрбиесін қазақ этнопедагогикасы арқылы дамытудың моделін жасау
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық жағдайлары
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Бастауыш мектепте қоршаған орта пәнін оқытудың әдістемесі
Дүниетану сабағында кіші мектеп жасындағы оқушыларының танымдық белсенділігін жетілдіру тәсілдері
Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдіру тәсілдері
Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың маңызы және оның басқа пәндермен байланысы
Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын жетілдірудің шарттары
«Бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне қызығушылығын ақпараттық технологиялар негізінде арттыру»
Жетім балалар үйіндегі балалардың әлеуметтенуінің анықтау кезеңіндегі эксперимент нәтижелерінің салыстырмалы көрсеткіші
Пәндер