Өздігінен білім алу қабілеттерін дамыту


Тәуелсіз мемлекетімізге терең білімді, ізденімпаз өз бетімен шешім қабылдай алатын, барлық іс - әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын жеке тұлға қажет. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуы қажет. Сол себептен менің негізгі мақсатым “Жаңа технологиялар негізінде өздігінен білім алу қабілеттерін дамыту”.
Өздігінен білім алу қабілеттерін дамыту үшін сабақтарда проблемалық сұрақтар қойып, өздік жұмыс түрлерін ұйымдастыу қажет. Өздік жұмыс арқылы оқушыларда мынадай қасиеттер қалыптасады.
1. Өз бетінше ойлану біліктері мен ізденімпаздығы.
2. Оқуға деген қабілетінің артуы.
3. Басқа оқушылардың жауабына сын көзбен қарау.
4. Өз ойының дербестігі .
Білім, икемділік, дағды тек өзіндік жұмыстың нәтежиесінде қалыптасады. Өздігінен жұмыс істегенде оқушы өз қабілетін, мүмкіндігін біліп еңбегіне қанағаттанады. Еңбектену барысында ой - өрісі, сезімдері тереңдейді, шыдамды, еңбексүйгіш болуға үйренеді.
Әр сабағымды проблемалық сұрақтарды қолданамын. Психологтардың пікірінше, бұл құбылыс ойлау ерекшелігіне байланысты пайда болған. Оқушыларға проблемалы міндет қойып, соны өздеріне шешкіземін. Мысалы дүниетану сабағының тақырыбы “Сабақ болса”, жаңа тақырыпты түсіндірер алдында;
1. Сабақ өсімдікке неге керек? деген сұрақ қоямын.
Қазақ тілі сабағында;
“Сөз таптары ” тақырыбын өткенде, дүниедегі заттардың нелері болады? деген сұрақ қоямын.
Сабақ өткізу кезінде пәнаралық байланыс арқылы білім берік қаланады. Сабақты өмірмен, өздері тұрған жердің табиғатымен байланыстырып отырса, оқушыларда ізденушілік, байқағыштық қабілеттері қалыптасады. Әр сабақта практикалық мазмұнды есептер шығартамын.
Мысалы: Оқшы үй жұмысын орындау үшін 2 сағат отырды. Ол 20 минут сурет салып ойнады . 40 минут оны өшірумен әлек болды. Қалған уақытта үй тапсырмасын орындады. Егер әр пәнге 20 минут уақыт жіберсе, ол неше пәннен үй тапсырмасын орындайды?
Ойындар, ертегілер, сөзжұмбақтар, жұмбақтар, мақал - мәтел, тест тапсырмаларын қолданғанда оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады. “Оқу мен жазу арқылы” сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін пайдаланғанда сабақтардың қызықты, жеңіл өтетіндігіне, ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге үйренетініне, білімінің терең, тиянақты болатындығына көзім жетті.
Бұл технологияның стратегиялары баланың белсенділіктеін арттырып, өз бетінше білім алуға дағдыландырады. Өздігінен жұмыс істеуге дағдыланған оқушы кездескен қиындықтарды жеңе алады, өз ісіне тыңғылықты болады, алға қойған мақсатына жетеді.
Топпен, жұппен жұмыс істегенде олар өзара пікірлесіп, топқа берілген сұрақтарға тынымсыз іздене отырып, әр оқушы өз ойын еркін айтуға, оны дәлелдеуге үйренеді, тапсырылған іске жауапкершілік, табандылық, бір- біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. Өзіндік жұмыстың тиімділігі -оның сапалы орындалуында. Ол үшін мұғалім жұмысты дұрыс ұйымдастырып, оқушыларға жұмыстың мақсатын түсіндіру керек. Мысалы Әдебиеттік оқу сабағында “Қармаққа түскен шағала ” мәтінін өткенде “ Еркін жазу стратегиясын ” қолданғанда “Ой толғаныс ”бөлімінде Өркен деген балаға Әскерова Гүлназ мынадай хат жазды.
Хат
Сәлеметсің бе? Өркен. Қалың қалай? Мен сен және шағала жайлы оқиғаны білемін. Сенің шағаланы ұшырып жібергенің дұрыс болды. Сен жанашыр бала екенсің. Шағаланы байлауда ұстаған дұрыс емес. Ол да сен сияқты өз отбасымен өмір сүруі керек .
Білім негізі бастауышта қаланады. Ендеше, бастауыш сыныптардан бастап, өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландыру қажет. Өз бетінше жұмыстың негізгі ерекшелігі - оқушының көмегінсіз орындауы. Егер тапсырманы орындауда қателер жіберілсе, онда мұғалім сол қателерді оқушылардың өздеріне жөндеуіне мүмкіндік беріп, оқушының іс - әрекетін дұрыс жолға бағыттағаны жөн.
Балалардың жалпы психикалық дамуы оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Психологика ғылымында өздігінен білім алу, оқушылардың ақыл - ойының дамуының жоғарғы көрсеткіші деп қарастырылады. Өзіндік жұмыстың негізгі міндеттері:
1. Оқушыларды дербестікке үйрету.
2. Оқушылардың алған білімі саналы әрі берік болады.
3. Оқуға қажет біліктер мен дағдылар қалыптасады.
4. Оқушылардың таным, ақыл ой қабілеттері дамиды.
5. Оқу ынтасын арттырады .
Өз бетімен жұмыс істеу қабілеті, тәсілдері адамның санасында ертерек оянып қалыптасса, соғұрлым оның жүйелі шығармашылық еңбек етуіне мол жағдай туады.
Өзіндік жұмыстың мынадай түрлерін жүргізуге болады:
Сөзжұмбақ құрау, шешу
Бір тақырыпқа пікірталас тудыру. Қыс тақырыбын өткенде сынып оқушыларын екі топқа бөліп, бір топқа қыс мезгілінің жақсы жақтарын, екінші топқа жаман жақтарын айтқызып пікірталас тудырамын.
- Шағын әңгіме, мәтін құрау.
- Әңгімелерді бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
- Ұнатқан кейіпкерге мінездеме беру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz