Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін жетілдіру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш сынып оқушыларының шыәармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
С.А. Долдина, Б.Т. Ақышова, Н.Н. Мусина, Э.Т. Исахметова, Б.Т. Жолдыәарина, Петропавл қаласы, қазақ мектеп-гимназиясы

Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.
Шығармашылық -- бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.
Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.
Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық -- бүкіл тірішіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиісті деп ойлаймыз. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар ғана қолынан келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатылары болып саналатын бастауыш мектептің орны ерекше.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын шығармашылық теориясын жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты -- бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен қабілет ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда қабілеттерді тұлғаның белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жасайтын жеке еркешеліктері дей келе, олар қоғамдық -- тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.
Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Қабілеттер мәселесін қорытындылай келе, педагогикалық практика үшін мәні ерекше мына жағдайларға айрықша тоқталу жөн. Бірінші -- адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. Қабілеттердің бірдей емес екендігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болатындығымен дәлелдеуге болады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салғанды тәуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрлымы да, оны құрайтын компоненттер де әр түрлі болады. Мәселен: математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез, дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда нақты заттардың бөліктерінің арақатынасын жылдам анықтай білу сияқты белгілер басым болады. Музыкаға қабілетті бала есту, ритмді түсіну, сезімталдық сияқты сапаларымен ерекшеленеді.
Екінші -- адамдар бойында қабілеттің бір түрі ғана бола ма, әлде әр түрлі қабілеттің белгілері бола ма деген сауал төңірегіндегі пікірлер жайлы. Ғалымдар керісінше көзқарастардың бар екендігіне қарамастан, адам бойында әрекеттің бірнеше түрін оындай алу мүмкіндіктерін бар екендігін дәлелдейді. Мысалы ақындығымен қатар музыкаға, суретке қабілетті адамдар.
Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.
1. Репродуктивті -- іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.
2. Шығармашылық -- жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
Шығармашылық сөзінің төркіні этимологиясы шығару, ойлап табу дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет, -- деп түсіндіріледі. Ал көрнекті психолог Л.С. Выготский шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған.
Шығармашылық -- өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы -- ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Біздің ойымызша, бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.
Осыған орай, ғалымдар жүргізілген тәжірибе барысында, барлық пәндердегі білім мазмұнында оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықтарда берілген тапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей қолдану т.б. сияқты оқушыны іскерлікке, дербестіккебаулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынысқа түсіретін, жаңалық ашып, оның нәтижесінің қызығына бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіні нақтыланды.
Қазіргі таңда шығармашылық тапсырмалар әр сабақта өтілетіндей ұйымдастыру қажет. Ал қазір дәстүрлі сабақ пен шығармашылық сабақтың айырмашылығын көрсете кетейін:
Шығармашылық сабақтың ерекшеліктері
Дәстүрлі сабақ
Шығармашылық сабақ
Сабақ мақсаты:
А) мұғалім үшін: жаңа материалды беру;
Ә) оқушы үщін: жаңа білімді меңгеру.
Сабақ мақсаты:
А) мұғалім үшін: оқушылардың жаңа нәтижеге бағытталған іс-әрекетін ұйымдастыру;
ә) оқушы үшін: шығармашылық өнім ойлап табу
Сабақтағы іс-әрекет түрі
А) мұғалім үшін: жаңа сабақты түсіндіру;
ә) оқушы үшін: жаңа материалды тыңдау, есте сақтау.
Сабақтағы іс-әрекет түрі
А) мұғалім үшін: оқушының шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру;
ә) оқушы үшін: жаңа нысанды зерттеу, құбылысты талдау.
Сабақ құрылымы жоспар бойынша өтілуге міндетті.
Сабақ құрылымы жағдайға байланысты жоспардан ауытқиды, өзгермелі.
Сабақ тақырыбына көзқарас -- кітапта баяндалған идеяға негізделген бір көзқарас.
Сабақ тақырыбына көзқарас -- мәселеге мамандардың түрлі көзқарасы.
Енді сіздерге 1-сыныптан бастап 4-сыныпқа дейін негізгі пәндерде бастауыш сыныпта жүргізілетін шығармашылық жұмыс түрлері ұсынылады.
Математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Қазіргі замандағы ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс -- әрекетіне қабілетті, еркін және жан -- жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықты шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл адамның бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттер мен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалу тиіс. Олар:
Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
1. Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;
2. Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету;
3. Оқушының шығармашылық іс -- әрекетіне жағдай туғызу;
Оқушының шығармашылық іс -- әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз -- оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының зейінін, есін, қиялын, интеллектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс -- әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады. Оқушының математика сабағындағы шығармашылық қабілетін дамыту.
№ 1. Слайд

Бірінші сынып оқушыларымен осы бағытта жүргізілген жұмыстарға тоқталайық.
1. Оқушылардың зейінін жаттықтыруға жеке дамытуға берілген тапсырмалардың кейбіреулерін таныстыра кетейік.
2. Зейін тұрақтылығын дамыту және жаттықтыруға арналған тапсырмалар Шульте кестесінің көмегімен жүргізіледі.
№ 2. Слайд
Шульте кестесі
Зейінді дамытуға бірнеше шығармашылық тапсырмалар орындауға болады.
1. Цифрларды өсу ретімен тауып, атау.
2. Кему ретін атау.
3. Тақ және жұп сандарды өсу және кему ретімен атау.
4. Цифрларды кезектесіп санау. 1, 3, 5, 7...(жұптасып) 2, 4, 6, 8...
5. Топпен жұмыс істеу. 1 - 5 тура және кері сана. 6-10 санау.
Осы кесте бойынша бірнеше шығармашылық жұмыс т. б.
5
14
12
23
2
16
25
7
24
13
11
3
20
4
18
8
10
19
22
1
21
15
9
17
6
№ 3. Слайд
Оқушылардың байқағыштығын дамытуға арналған тапсырма. Мұнда, пішіндері мен орналасу ыңғайына қарай артық үш фигураны (басты) табу. Артық үш фигураның оң құлағы үшбұрыш, ал сол құлағы Сопақша пішінді. (жауап 1, 6, 8 ).

№ 4. Слайд
Суретте барлығы неше үшбұрыш бар? Мақсаты: үшбұрышты басқа фигуралар арасынан ажырата және тани білуге үйрету.

№ 5. Слайд
Ойлан, тап. Мақсаты: оқушылардың амал таңбаларын тағайындай білу дағдыларын дамыта түсу.

№ 6. Слайд
Мына фигураға бір кесінді жүргізу арқылы бір тік төртбұрыш, бір үшбұрыш шығарып алуға болады. Ол үшін қай нүктелерді қосу керек?
Мақсаты: геометриялық фигураларды ажырата және тани білуге үйрету.

№ 7. Слайд
Екі адам 2 сағат шахмат ойнайды. Олардың әрқайсысы неше сағат шахмат ойнайды? Мақсаты: Оқушыларды мәтіннің логикалық түйінін түсіне білуге үйрету.
№ 8. Слайд
Сиқырлы үшбұрыштағы бос орынды толтыр. Мақсаты: оқушылардың жылдам есептеу дағдыларын дамыта түсу.

Бастауыш сыныптарда дүниетану пәні бойынша оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Дүниетану пәні -- жоғары сыныптардағы биология, география, физика, химия,тарих пәнінің бастамасы. Ендеше, бұл пәндердің негізі бастауыш сыныпта қаланады да, бастаыш мұғалімдерінің мойнына ауыр жүк артылады. Осы себепті дүниетану сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып отыру қажет. Жалпы оқушылардың шығармашылығын дамытуда Сын тұрғысынан ойлау технологиясы мен Дамыта оқыту технологиясын тиімді деп есептейміз және сабақтарымызда жиі қолданамыз. Енді сол жұмыстарымыздың кейбір түрлеріне тоқталып өтейік.
I слайд
Су. Судың қасиеті. Бұл тақырыпты өту барысында оқушыларды топқа бөлемін. Тәжірибелер жасау барысында оқушылар судың түссіз, мөлдір екеніне, оның ағатынына, жұғатынына, жабысатынына және табиғатта 3 күйде кездесетініне көздерін жеткізеді деп төмендегідей кластер құрастырады:

Сабақты қорыту мақсатында әр топқа тапсырма беремін:
I топ-эссе жазады
II топ-сурет салады
III топ-өлең шығарады
ЭССЕ Су-тіршілік көзі
Бізге су өте қажет. Су болмаса біз өмір сүре алмаймыз. Біз суды күнделікті өмірде пайдаланамыз. Су түссіз, мөлдір болады. Сусыз жануарлар да тіршілік ете алмайды, өсімдіктер де өспейді.Сондықтан суды үнемдеуіміз керек.
5 жолды өлең:
Су
Мөлдір, түссіз
Ағады, жұғады, жабысады
Ол бізге өте қажет
Сусын
II слайд
Өсімдік пен жануарлардың байланысы.
II слайд
Өсімдік пен жануарлардың байланысы.

Оқушыларға ой тудыратын сұрақ қоямын: -- гер адам осы ағашты кесіп алып тастаса не болар еді?
III слайд
Адам мен табиғаттың байланысы.
-- Біз табиғаттан не үйренеміз?
Шәйнектің қайнауына қарап, паровозды ойлап тапқан.

Инелікке қарап тікұшақты ойлап тапқан.

Бұлбұлдан ән айтуды үйренген.

IV слайд
-- Өсімдікке не қажет? (ертегі құрастыру)

V слайд
Венн диаграммасы (кез-келген екі затты салыстыру)
VI слайд
ББҮ кестесі (кез келген тақырып)
Не білемін?
Не білгім келеді?
Не үйрендім?

Нәтижесінде қоғамымызда табиғатты сүйе білетін, қайырымды, мейрімді, өзін-өзі тани алатын, байқағыш, үнемді, табиғат құндылығын түсіне білетін тұлға тәрбиеленеді.
Әдебиеттік оқу сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді өз сабағымызда қолданамыз:
1. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
2. Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.
3. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.
4. Мәтін бойынша мақал құрастыру.
5. Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту.
6. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.
7. Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы)
8. Өлең, мақалдар құрастыру.
9. Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.
10. Кейіпкерге мінездеме беру.
11. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу,мүсіндеу.
12. Рөлге бөліп оқыту.
13. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)
14. Диалог-ертегі.
15. Образға кіру.
Осы сияқты жұмыс түрлерін жүргіземіз. Енді осы шығармашылық тапсырмалардың кейбіреуіне тоқтала кетейік. Олар: образға кіру, талдау және қиялдау, суырыпсалма ақын, диалог-ертегі, жұмбақ-мақалдар құрастыру.

І тапсырма Образға кіру
Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен-Гүлмін. (Қасықпын, Шыршамын, Бағдаршаммын, Доппын) деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме жазғызу. 1 оқушының әңгімесі: Мен-Гүлмін. Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, мұғалімдеріне бақыт, қуаныш әкелсін деп сыйлайды. Мені адамдар төрге қояды. Мен әр түрлімін. Менің иісім хош, жақсы. Мені адамдар жақсы көреді. Мен ешкімге жамандық істемеймін. Осы арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейтіліп, тілдері дамиды.

ІІ тапсырма Талдау және қиялдау
Бастауыш сынып оқушыларының ой-санасын, қабілетін, шығармашылығын дамытуда шығарманы, көркем әдебиет үлгілерін талдаудың әсері мол. Талданбаған шығарма бала жүрегіне жетіп, оны тебірентпейді. 3-сыныптың Қамқорлық әңгімесінде балалармен талданып, сұрақ-жауап алынады.
-- Әңгіме кім жайында? (қайырымды, мейірімді бала жайында)
-- Екі бала жайында не айтасыңдар?
Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтары, айырмашылықтары, ортақ қасиеттері айтылады.

Жантас
Мейірімсіз, қатыгез, жаман,
әдепсіз, ешкімді аямайды,
балапанды азаптады
Қожа
Қайырымды, мейірімді,қамқорлы,
жақсы, әдепті, жаны ашитын
Осы әңгімедегі балапан торғайдың халін бір ғана сөзбен қалай суреттеуге болады?

-- Осыны оқи отыра қандай көңіл-күйді бастан кешірдіңдер? (Жантасқа ызаландық, ренжідік т.б.)
-- Балапанды аядық, көмектескіміз келді.
-- Қожаның ісіне қуандық.
-- Енді осы кейіпкерлердің қайсысымен кездескілерің келеді?
-- Кездескенде не деп айтар едіңдер?
-- Мәтінді басқаша қалай аяқтар едіңдер?
-- Осы бойынша қандай мақал-мәтелдер айтар едіңдер?
-- Қандай сурет салар едіңдер?
-- Қалай мүсіндер едіңдер?
Осы арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетінің құмарту, қиялдау, идеяның жарқ етуі, шабыт сияқты кезеңдерін бастан кешетіндей жағдайға әкелуге болады.
ІІІ тапсырма Суырыпсалма ақын
Бастауыш сыныптарда шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын түрінде бастаған жөн. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдауы мен шығармашылық ойлауы қалыптасып дамиды.
Мысалы Жаңбыр ойыны
Іс-әрекет жасаудың маңызы ерекше. Жаңбыр ойыны кезінде мұғалімнің айтқан құбылыстарын оқушылар сол сәтте, әрқайсысы өз беттерінше найзағай ойнады, жаңбыр тамшылады, жел күшейді, нөсерлеп құйып жауды, жел бәсеңдеді іс-әрекет арқылы көрсетеді. Осылайша оқушыларды сергіте отырып, қызығушылықтарын туғызған соң Жаңбыр өлеңіне сай суырыпсалмалықтың ең алғашқы сатысын орындатуға болады. Ол үшін тірек-сөздер қолданамыз:жаңбыр, дала, тау, қала, бау, ауыл.
Мұғалім
Оқушы
Жаңбыр жауды
далаға
Жаңбыр жауды
қалаға
Жаңбыр жауды
ауылға
Жаңбыр жауды
бауға да
Көктемгі кез, жазғы мезгіл, күзде бәрі, қыста бәрі, көрікті, жаңаша, әдемі, тамаша. (өлең шығарады)
ІҮ тапсырма Диалог-ертегі
Шарты: мұғалім не оқушы ойдан шығарып, кез келген бір әңгіме-ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме-ертегіні бір-бір сөйлемнен ары қарай жалғастырады. Мысалы, былай бастайды: Ертеде бір байдың ерке ұлы болыпты... 1-оқушы: Сол ұлы көгалда көбелек қуып жүріп, адасып кетіпті... десе, 2-оқушы: Қарны ашып, іші шұрқырап келе жатса, алдынан бір ешкі кезігіпті... -- міне осылай ертегі жалғаса береді. Ең соңғы оқушы ертегіні ұшқыр шешіммен аяқтауы тиіс.
Ү тапсырма Жұмбақтар, мақалдар құрастыру арқылы оқушылардың ой-өрісі дамиды.
1. Суреті бар, хабарлайды,
Жәшікте тұрып жыбырлайды.
Ән салады, би билейді,
Көңіліңді көтереді. (теледидар)
2. Жерге түсірсең, секіреді. (доп)
3. Бізге жарық береді,
Бассаң, жоқ болып кетеді. (электр шамы)
4. Өзі әдемі, иісі жұпар,
Оны туған күніне сыйлар. (гүл)
5. Өзі гүл сияқты,
Күн көзін сүйер.
Ішінде дәні бар,
Балалар оны шағып жер. (күнбағыс)
Мақалдар
1. Еріншек болсаң,
Наның жоқ.
Еңбекқор болсаң,
Қарның тоқ.
2. Еңбексіз нан жоқ,
Нансыз өмір жоқ.
3. Бір сәттік бақытқа,
Алланы ұмытпа.
Қазақ тілі сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар
Су түбінде асыл тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде асыл сөз,
Шер толқытса шығады.
Асан Қайғы
Тәрбиелеп отырған жас ұрпақтарымыз еліміздің ертеңгі өмірінде білімді, білікті азамат, саналы қайраткер болып қалыптасу үшін, өмірден дұрыс жол таба білу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы шешім қабылдай білуге үйренуі қажет. Осы мәселені шешу үшін оқыту мазмұнында әдіс... тәсілдердің де озығын пайдалану керек деп ойлаймыз. Өз іс-тәжірибемізде дамыта оқыту және сын тұрғысынан ойлау арқылы төменгі сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлеміз. Шығармашылық іс-әрекеттер алға қойған проблемамен бетпе... бет келген кезде жүзеге асады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстарын қазақ тілі сабағында қалай іске асыратыныма тоқталып өтейік.
Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру мақсатымен әр сабақта сөздік диктант жүргізіледі. Ол сөздердің дұрыс жазылуын меңгертіп қана қоймай, осы сөздер бойынша мәтін құрастыруға тапсырма берілді. Мысалы: қансонар, сәресі, электр, аппақ, қыстыгүні, эвкалипт, күн құрғатпай деген сөздер бойынша Байзақова Альмираның құрастырған мәтіні: Менің атам мен әжем ауылда тұрады. Қыстыгүні демалыста ауылға баруды ұнатамын. Әжем үйінің алдында үлкен эвкалипт ағашы өсіп тұр. Сол ағаштың қасында биік төбешікке ауылдағы достарым күн құрғатпай келіп тұрады. Бәріміз шанамен сырғанақ тебеміз. Кейде кешке электр жарығымен де сырғанақ тебе береміз. Маған әсіресе әжеммен таңертең сәресін ішу өте ұнайды. Атам қансонарда аңға шығады. Аң аулаудан келген соң, атам маған қызықты әңгімелер айтады. Демалыс біткенде атам мен әжеммен қимай қоштасамын.
Мәтіннен үзінді оқып беріп, ары қарай өздерің аяқтаңдар деген тапсырманы оқушылар қызығушылықпен орындайды. Пән аралық байланысты жүзеге асыру да сабақ барысында жүргізіліп отырады. Қыз Жібек жырымен танысқан соң, жырдағы теңеу сөздерді қатыстырып, қазақ тілі сабағында ертегі құрастырдық. Саттарова Сабина деген оқушының Кедей деген тақырыпқа құрастырған ертегісі: Ерте, ерте, ертеде бір уыздай жас жігіт болыпты. Өзі сондай кедей екен. Ол ханның қызын ұнатыпты. Ханның қызы да жас екен. Қызы сондай сұлу болған. Қыздың беті наурыздың ақша қарындай, бетінің қызылы тауықтың қанындай кебісінің өкшесі бұхардың гауһар тасындай, басында алтын шашбау, білегі айбалтаның сабындай, өзі сымнан жіңішке болыпты.
Бір күні кедей таңертең орманға келіпті. Орман өте әдемі, ауасы таза болған.Ол жерден бір таяқ тауып алады. Таяқшаның бір шетінде жазу бар екен: кімде...кім осы таяқты жерден көтерсе, оның үш тілегін орындаймын. Қуанышы қойнына сыймаған кедей өзінің бірінші тілегі... ханның қызы мені ұнатса екен деген. Кедей ханның қызына келеді. Қыз жүгіріп алдынан шығып, жігіттің маңдайынан сүйеді де, тез кетуін сұрайды. Таң қалған кедей неге екенін сұрайды. Қыз: Әкем бізді көрсе өлтіреді, -- дейді. Жігіт: Екеуіміз бірге қашайық, -- дейді. Қашпақшы болғанда ханның уәзірі байқап қалып, ханға айтып қояды. Хан уәзірлеріне кедейді алып келуге бұйрық береді. Кедейді өлтірмекші болады, қызын өз бөлмесіне қамап тастайды. Кедей қолындағы таяққа тез өзінің екінші тілегін айтады: Хан мен уәзірлері тасқа айналып кетсін дегенде бәрі тас болып қалады.
Кедей ханның қызын ертіп келе жатып, үшінші тілегін айтады: Менің әдемі үйім, қасында үлкен бағы болсын, -- дейді. Қараса, аспанында ақша бұлттар көшкен, бақшаның іші жұпар иісі аңқыған, бал татыған өріктері, қып... қызыл алмалары нарттай болып піскен, көкорай шалғын жайқалып, домбыра сазы құйқылжыған бақ пайда болады. Олар қуанып, осы бақтың ішінде бақытты, ұзақ өмір сүрген екен. Халықтың тәжірибесінсіз педагогика да жоқ, педагог та жоқ -- деген болатын ұлы педагогтарымыздың бірі -- К.Д. Ушинский. Халқымыз баланы кішкентай кезінен дұрыс та айқын сөйлеуге үйретіп, тіліндегі кемістікті жоюды да ойластырған. Соған орай жаңылтпаштар шығарған. Жаңылтпаштарды жаттау арқылы бала ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйреніп, сөз қадірін түсініп, ой... қиялы дамиды, тәлім алады, тілі ширайды, есте сақтау қабілеті дамиды.
Сабақта жаңылтпашты құрғақ жаттатпай, шығармашылыққа баулу жұмыстарын іске асырамын. Мысалы:
1. Бұл... піл, бұл ірі піл.
2. Шеше, шеше,
Неше кесе Сынды кеше?
Осы екі жаңылтпашты қатыстыра отырып мәтін құрастыруға тапсырма берілді. Байжиенова Ақмаралдың құрастырған мәтіні. Айдардың шешесі ас үйде кеселерді жуып тұрды. Бір кезде үйге дәу піл кіріп келді. Қасында тұрған Айдар қорқып кетті де, қатты жылап жіберді. Шешесі қолындағы кесесін жерге түсіріп алды. Кесе сынып қалды.Шешесі оған:
-- Айдар, жылама, қорықпа! Бұл -- піл, бұл -- ірі піл ғой. Ол саған тиіспейді, -- деді. -- Шеше, шеше, неше кесе, сынды кеше?, -- деп сұрады. Шешесі күлімсіреді де, ұлының басынан сипады.
Халқымыз мақал - мәтелдерді тәрбие құралы ретінде пайдаланған. Адамгершілікке, адалдыққа, еңбекке, отанын сүюге т. б. қасиеттерді тәрбиелеуде мақал... мәтелдердің орны ерекше. Мақал мәтелдерді орынды пайдалана білуді үйрету мақсатымен сабақта мынандай тапсырмалар жүргіздім. Тақтаға әр түрлі жабайы құстардың, жануарлардың суреттері ілінді де, бұлардың ертегі кейіпкерлері болатындығыескертіліп, әр жануардың қасына:
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Отансыз адам... ормансыз бұлбұл.
Қорқақ мың өледі, ер бір рет өледі.
Ел іші... алтын бесік.
Отан... оттан да ыстық.
Бірлік түбі... береке

Ертегілердің қалай басталатыны, ертегінің кейіпкерлері, олардың өмір сүру орталары туралы сұрақтар берілді. Мақалдың мағынасын ашқаннан соң, оқушылар тапсырманы орындауға кірісті. Ахметова Айнұр деген оқушының құрастырған ертегісі:
Ерте, ерте, ертеде бір аңшы болыпты. Ол қайырымсыз екен. Аң - құстардың бәрін ата берген. Атпағандарын торға қамап ұстаған екен. Бір күні ол торға түлкі, аю, қоян, торғайларды, қасқырды қамап тастапты. Түлкі өзінің қулығымен, аю өзінің күшімен құтылмақ болса да, одан ештеңе шықпапты. Әбден жаурап, мазасы кеткен түлкі қайғырып:
-- Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық болады екен, -- дейді. Сонда аю айтады:
-- Иә, түлкіжан, ел іші... алтын бесік деген рас екен. Енді қалай құтыламыз өз орманымызға қалай жетеміз деп одан сайын қайғыра түсіпті. Торғайлар:
-- Отансыз адам... ормансыз бұлбұл. Біз де өз орман... тоғайымызды қатты сағындық деп шиқылдайды.
-- Отан... оттан да ыстық қой. Мен өз даламды сағынғаным сондай, ішім өртеніп бара жатқандай. Осылай өлетін шығармыз, -- деп қасқыр аспанға қарап ұли бастады. Сол кезде қоян ортаға шығып:
-- Осылай қайғырғаннан түк болмайды! Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі демей ме? Қане, бәріміз бірігіп, құтылуға тырысайық! Торғайлар торды оларды босатады. Қайырымды жолбарысқа бәрі өте риза болып, бостандыққа шыққандарына қатты қуанады. Міне, бірлік түбі... береке деген осы.
Осындай шығарма, әңгіме, ойдан жазу сияқты шығармашылық тапсырмалар сауатты жазуға, байланыстырып сөйлеуге үйретумен бірге нәтижелі ойлау процесін қалыптастырады. Тіл дамыту сияқты проблемаларды да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру
Оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
Жаңа технологияларды пайлану арқылы бастауыш сынып оқушыларының ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту
Оқушылардың жеке пәндерін оқыту үдерісінде танымдық міндеттерін қалыптастыру
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық танымдық қызығушылықтарын дамыту жолдары
Оқушыларды дамытуға арналған шығармашылық жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын жетілдірудің шарттары. АВТОРЕФЕРАТ
Пәндер