Газет мәтінді аударуда кездесетін балама сөздер
БАСҚАРУ КОЛЛЕДЖІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: Газет мәтінді аударуда кездесетін балама сөздер
_____________________________ пәні бойынша
ПД-32-15 тобының 3 курс студенті
Онайбекова Зинегуль Руслановна
0512000 – Аударма ісі мамандығы
Жетекшінің аты-жөні:
_____________________
Жұмыстың қорғау бағасы
___ (________________)
“___” _____________20__г.
Астана
2018
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
3
Бөлім I . Аударма туралы жалпы сипаттама
1. Аударма – ұғымы туралы жалпы түсінік
4
2. Аударма түрлері. Аударма барысында газет мәтіннің аударылу
өзгешеліктері 6
3. Газет мәтінді аударудың негізгі ерекшеліктері
7
4. Газет мәтінді аудау кезінде қолданылатын тілдік құралдар
9
Бөлім II. Балама сөздер
2.1. Газет мәтінді балама аударма
11
2.2. Газет мәтінді аудару кезінде қолданылатын балама аударма түрлеріне
байланысты қолданылатын сөздер
13
Қорытынды
17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
19
Кіріспе
Тіл білімінің аударма саласы да кез келген халықтың рухани
дүниетанымымен, болмысымен байланысып жатады. Өйткені аударма процесі бір
тілдегі тілдік бірліктерді екінші тілге тәржімалап қою ғана емес, сол
бірінші аударатын тілді тұтынушы ұлттың тіліндегі әлем бейнесін екінші
аударылатын тілді қолданатын халықтың тілі арқылы жарыққа шығару болып
табылады. Аударманың қай саласы болсын (көркем аударма, ілеспе аударма,
ғылыми аударма, жарнама) аталған ұстанымды басшылыққа алғанда ғана таза
шығармашылық туынды дүниеге келеді деп ойлаймыз.
Аударма шығармашылық іс, рухани өнер. Белгілі аудармашы ғалым
Ә.Сатыбалдиев балама аударма жөнінде: Аудару үстінде жеке сөздерге балама
іздеу арқылы әрдайым ана тілі¬нің бүкіл қазынасы аударылып-төңкеріліп
отырады. Әдебиет теориясы көркем аударманың негізгі үш түрі бар деп біледі.
Олар: еркін аударма, сөзбе-сөз және балама аударма. Біріншісі – еркін
аударма, бұл тәсіл түп¬нұсқа тілін, әдеби ырғағын жетік білмеуден,
түп¬нұсқаның өзіне тән ерекшелігін сақтаудан гөрі, аудармашының өзіне
тиімділік жағын қарас¬тырудан туады. Аудармадағы екінші әдіс –сөзбе-сөз
аудару. Бұл тәсілді көбінесе оригиналдың тілін жақсы білетін аудармашылар
қолданады.
Аударма теориясын зерттеу қашанда өз маңызын жойған емес. Аударма
шығармашылық іс, рухани өнер. Ұлттар, халықтар, мемлекеттер арасындағы
рухани-мәдени, әлеуметтік-саяси, экономикалық-сауда қарым-қатынастарының ең
қажетті құралы, дәнекері болған аударма жұмысы бұрын да зор рөл атқарған
және қазір де солай. Шын мәнісінде осыншама рөлі мен маңызы бар және өмір
тынысының барлық жақтарын қамтитын іс-әрекеттің өзіндік теориялық негізі,
ғылыми дәйек-тірегі болуға тиіс. Яғни, аударма теориясының міндеті –
шығарманың түпнұсқа мен аудармасының арасындағы ара қатынастардың
заңдылықтарындағы ізін табу, аударманың жеке элементтерін барлап байқаудан
туған тұжырым, қағидаларды ғылыми негізге сүйеніп қорытындылау және аударма
практикасына көмек көрсететін, практик аудармашыға себін тигізетін межені
белгілеп беру. Сонымен, аударма теориясының негізгі зерттейтін объектісі –
түпнұсқа мен аударманың арасындағы ара қатынас және оны пайымдау мен
қорытындылауды керек ететін нақты жайларға көшкен формаларының
айырмашылығы.
Белгілі аудармашы ғалым Ә.Сатыбалдиев балама аударма жөнінде: Аудару
үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы әрдайым ана тілінің бүкіл
қазынасы аударылып-төңкеріліп отырады. Соның арқасында тіл қазынасының
қалтарыстарындағы не бір байырғы сөздер, кейде тіпті, ұмытылып бара жатқан
атаулар да жазу, сөйлеу қызметіне жегіледі де, әдеби тілдің тұлғасы болып
шыға келеді.
Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы архаизм деп аталатын,
яғни ескіріп бара жатқан көне сөздер жаңғырып, қазіргі жанды әдеби
тіліміздің қатарына қосылып жатады. Олардың көбі бірте-бірте бұрынғы мәнін
өзгертіп, жаңа мағынада қолданылады.
Көріп отырғанымыздай аударма жасау үстінде балама сөздерді табу –
әдеби тіліміздің баюына бірден-бір себебін тигізеді екен. Демек, балама
сөздерді орынды пайдалану мәселесі болашақ жас аудармашыларға қойылар талап
болуы тиіс.
Бұл курстық жұмыс негізгі екі бөлімнен тұрады. Жұмыстың зерттеу
бөлігінде тақырыптың мазмұны сипатталады. Екінші бөлімде тақырып нақты
ашылған. Курстық жұмыс еки тарау, беттен тұрады.

“Аударма” – көпмағыналы сөз. Ол, біріншіден, бір тілді екінші бір
тілде сөйлету үрдісін білдірсе, екіншіден, осы тілде айтылғанның келесі
тілге қалай жеткенін, яғни іс-әрекеттің нәтижесін, өнімін білдіреді. Ғылыми
әдебиеттерде аударманың аталмыш бұл екі сипатын бөліп қарау бар.
Қай халық болмасын дүниежүзілік өркениеттен оқшау өмір сүре алмайды.
Бұл – халықтың халық болып, ұлт болып өмір сүруі үшін бірден-бір керекті
шарт. Аударма деген жалпылама ұғым ауқымында жатқан барлық құбылыстар
(ауызша аударма, жазбаша аударма, еркін баяндау, әңгіме ету және т.т.)
адамзат мәдениетімен, адамның мағыналық қызметімен, рәмізділік аясымен
тығыз байланысты құбылыстар. Қазіргі кезде аударманың қоладнылмайтын саласы
жоқ. Телеграф агенттіктерінің хабарларын, газет-журнал материалдарын,
техника мен ғылым мағлұматтарын, компьютер мен ғаламтор жаңалықтарын
көпшілікке таратудың ең тиімді жолы – аударма.
Аударма теориясының міндеті – шығарманың түпнұсқа мен аудармасының
арасындағы ара қатынастардың заңдылықтарындағы ізін табу, аударманың жеке
элементтерін барлап байқаудан туған тұ¬жырым, қағидаларды ғылыми негізге
сүйеніп қорытындылау және аударма практикасына көмек көрсететін, практик
аудармашыға себін тигізетін межені белгілеп беру. Сонымен, аударма
теориясының негізгі зерттейтін объектісі – түп¬нұсқа мен аударманың
арасындағы ара қатынас және оны пайымдау мен қорытындылауды керек ететін
нақты жайларға көшкен формаларының айырмашылығы.
Аударма — бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі
толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл. Мәдени және рухани табыстарды
ортақтастыруда, халықтардың өз ара қарым қатынасын ұлғайтуда аударма нағыз
жалғастырушы күш болып табылып отыр. Тілдік дәнекерлік дегеніміз-әр тілді
коммуниканттардың екі тілді білетін тілдік дәнекердің көмегімен қарым-
қатынас жасауы. Тілдік дәнекерлік қай–қайсысы болсын өзіне тән ерекше
қоғамдық қажеттілікті қанағаттандырады.
1.2 Аударма түрлері. Аударма барысында газет мәтіннің аударылу
өзгешеліктері
Аударма түрліше тұрғыдан мынандай түрлі бөлінеді:
• аударма тілдік өзгешеліктерге байланысты ана тілден басқа тілге
аудару, өзге тілден өз тілге аудару деп екі түрге бөлінеді.
Аударма барысында ана тілінен басқа тілге аудару біршама қиын
болады. Өйткені, аудармашылардың басым көпшілігінде өзге тілмен
бейнелеу қабілеті ана тіліндегісіндей бола қоймайды.
• аударма жұмысы тәсіліне қарай ауызша аударма мен жазбаша
аударманың екеуі де аударма өлшеміне бағынуға міндетті. Бірақ
екеуінің аудармашыға қоятын талабы түрліше болады. Ауызша
аударма мен жазбаша аударманың өзіне тән жеңілдіктері мен
қиыншылықтары бар.
• аударма материалдық өзгешеліктерге қарай саяси теориялық
шығармалар аудармасы, көркем әдебиет аудармасы, ғылыми
техникалық шығарма аудармасы және іс қағаздар аудармасы деп
бөлінеді. Жанрладың ерекшеліктеріне қарай оларғақойылатын талап
та өзгеше болады.қытай тілінде әр саланың өте күшті ұлттық
сипатта бейнеленеді.
• аударылатын материалдың қажеттілігіне байланысты аударма жұмысы
толық аудару, бөліп аудару, мазмұндап аудару, құрастырып
аудару деп тағы да төртке бөлінеді. Бастан-аяқ Бастан аяқ түгел
аударуды толық аудару дейміз. Түпнұсқаның ішінара қажетті жерін
ғана аудару бөліп аудару деп аталады.
Газет-журналдардың мәтіні кең ауқымды. Түрлі ақпараттарға,
мәліметтерге бай. Оның негізгі мақсаты – жаңа мәліметтерді, тың деректерді,
тосын оқиғаны оқырмандарға жеткізу. Мұндай мәтіндер әр алуан сипатта:
қысқаша ақпараттық хабарлар, ресми хабарлар, мақалалар, шағын және кең
көлемді сұхбаттар, тақырыптық әрі белгілі бір мәселеге қатысты мақалалар,
хабарландыру, репортаж т.б. түрде беріледі.
Алайда газет-журналдың қалыптасқан өзіндік бірыңғай, дербес стилі
болады. Спорт газеттерінде спорттық стиль қалыптасқан сөз қолдану үлгісі
болса, мәдениет баспасөзі эстетикалық, өнер ғылымы мәтіндеріне негізделеді.
Әр саладағы баспасөздің өзіндік мақсат-мүддесі, идеологиялық нысаны,
тақырыптық бағыт-бағдары қалыптасады. Газет-журналдар мәтінінің тілдік
мағынасының құралы белгілі бір дәрежеде дайын күйдегі, кең қолданыстағы
тіркестер, сөздер саналады.
Газет-журналдардың мәтіні – толығымен нысаналы түрдегі когнитивтік
ақпарат. Бұл тілдік құралдарының контексіне еш тәуелсіз ұғымдар түрінде
сипатталады: бұл сандық мәліметтер, кісі атаулары, лауазымдары, атақ,
дәрежелері, фирма, мекеме, ұйым, кәсіпорын, шаруашылық, географиялық
атаулар. Газет-журнал мәтіндерінде негізінен стилистикалық- тілдік жазба
әдеби тіл нормасы қолданылады. Кейде ауызша сөйлеу тілі де қолданылады. Бұл
кейіпкер сөздерін шығармаға автордың композициялық-идеялық мақсатында
пайдаланылады. Сұхбаттарда да ауызекі тіл араласады. Бұл қалыпты жағдай.
Оны түзетіп, әдеби өңдегенмен, бірақ түрлендіріп, әсірелеп, әдеби үлгіде
қайта жасау жасандылыққа апарады. Әрі кейіпкер тілін, ойын бұрмалау
саналады. Аудармада осы жай ескерілуі тиіс. Сонымен бірге баспасөз
материалдарында тұрақты сөз тіркестері, кәсіби сөздер, салалық терминдер,
нақыл сөздер жиі кездесетіндіктен, аудармашының біліктілігі, білімділігі
талап етіледі.
1.3. Газет мәтінді аударудың негізгі ерекшеліктері
Газеттік-ақпараттық аударма – газеттік-ақпараттық мәтіндер аудармасы,
арнайы аударма жанрларының бір түрі. Бұл газеттегі мәтіндерді аудару және
публицистиканы аудару деп екіге бөлінеді. Газет мәтіндерін аудару –
түпнұсқаға деген дәлдік тұжырымын қатаң сабақтастыру негізінде жүргізіледі.
Бұл көбінесе ресми ақпараттық хабарлар, саяси келісімдер, қаулы, жарғылар,
қысқасы үкіметтік маңызды құжаттарда қатаң сақталынады. Газет мәтіндерін
аудару мейлінше түпнұсқаға жақындықты қажет етеді. Сонымен бірге газеттік
аударманың негізгі міндеті – түпнұсқаның мазмұнын беру. Сондықтан газеттік
материалды аудару кезінде түрлі бейнелеу үлгілері (метафоралар т.б.) және
басқа да әдеби тәсілдерін сақтау міндеттелінбейді. Газет-журналдардағы
шағын қызықты хабарлар, материалдар, тосын оқиғалар мәтін аудару кезінде
оны соған ұқсас басқа оқиғалармен немесе автор өзі жақсы білетін
мәліметтермен, деректермен толықтыру арқылы тартымдылығын арттыруға да
болады. Мұндай аударма кезінде түпнұсқадағы тақырыпты қатаң түрде сақтап
қалу қажеттілігі шамалы. Түпнұсқалық мазмұн деңгейінде қалмай, оқырманды
бірден қызықтыратындай жасауға да болады.
Газет-журналдық шағын танымдық материалдарды аударуда түпнұсқаға деген
дәлдікке сүйену шарт емес. Дәлдік ресми ақпарат, саяси хабар, шолу,
мақалалар аудармасында сақталады. Егерде публицистикалық мәтін мазмұндаудың
ықшамды- лығымен, қысқалығымен ерекшеленіп, артық сөз қолданудан
сақтандырса, онда аудармашы да баяндаудың сондай қысқалылығына жетуге
ұмтылуы қажет. Публицистика мәтінінде күнделікті қолданылып жүрген сөздерге
жиі жақындайтын терминдердің мөлшерлі қолданылуы кездескен жағдайда
аудармашы онымен санасуы керек. Бұл мәтіндер элементті баспасөзде туған
тілде негізге алынған терминологиямен пайдаланылады.
Газет-журналдардағы мәтіндер қысқа әрі кең, ауқымды түрде жаңа
мәліметтерді жеткізуге негізделеді. Бұл мәліметтер әр алуан сипатты:
қысқаша ақпараттық хабар (мақала), репортаж, тақырыптық мақалалар,
хабарландырулар, сұхбаттар. Газеттік- журналдық мәтінді тарату түрінің
біреуі эссе деп аталады. Мұнда ақпараттық мәтіннен гөрі сезімдік
бағалау мәтіндерінің үлесі басым. Газеттік-ақпараттық мәтін – баспасөздің
негізгі өзегі. Мұнда нысаналы когнитивті ақпарат басым. Ол тілдік
құралдарының контексіне қатыссыз сандық деректерді, жекелеген атау,
есімдерді, фирма, ұйым, мекеме аттарын жеткізеді. Аудармашы мәтін құрылымын
сақтағанымен, қажетті дерек, мәліметтерді бұзбай, жүйелі жеткізуі тиіс.
Газет-журналдық мәтінде негізгі стилистикалық аяда кейбір ауызекі
сөйлеу нұсқаларын қамтыған тілдік жазбаша әдеби норма айқын сипат алады.
Газет-журнал мәтіндерінде айрықша жайт – журналистердің белгілі бір
кинофильмдерден, мультфильмдерден, белгілі әндер мен дыбыстық және жазбалық
жарнамалардан оқырмандарға кеңінен таныс жасырын және айқын тұжырымдалған
тіркестік дайын сөйлемдік бөліктерді қолдануы. Бұл контексті аудармашы жете
сезінуі тиіс. Дағдылы (модные) сөздерді лексикалық компенсация көмегімен
аударуы тиіс. Ж.Аймауытов Газет тілі қалай түзеледі? мақаласында
публицистикалық аудармаға байланысты бірқатар келелі кеңес ұсынған.
Газетте ел хабарлары жақсы түсінікті, өз басынан шығарып жазған әркімнің
сөздері де ұғымды. Ал, орысшадан аударылған, орысшаға жалғасқан сөздерге
қарасаң томармен жүрген қазақ арбадай, миыңды, жүйкеңді түйгіштеп,
зырқылдата жөнеледі. Қай жерде мүдіріп, қай жерде сүрініп қалам деп, қып-
қып еткендей боласың.
1.4. Газет мәтінді аудау кезінде қолданылатын тілдік құралдар
Газет-журнал мәтіндерінде дерек, мәліметтерді бұрмалауға, тастап
кетуге болмайды. Бейтарап жазба әдебиет нормаларының аясы да көзге көркем
болғанымен, өзі де үнемі сақтала бермейді, бір жағынан сөйлеу стиліне де
бейім келеді. Ғылыми-.көпшілік мәтінде ғылыми мәтінмен салыстырғанда
оқырманды қызықтыру идеясы басым. Сондықтан мұнда арнайы тілдік құралдар
үстемдік етеді.
И.С.Алексеева жіктеуі бойынша олар мыналар:
1) оқырманды автормен байланыстыратын әсер, бірінші жақтан баяндау,
әңгімелесу және қарапайым сөйлеу лексикасы, шешендік сауалдар оқырманға
тікелей назар аудартады;
2) эмоционалдық-бағалау құралдары. Эмоционалдық-бағалау
коннотациясымен бірге лексика; инверсия, сөйлемнің бағалау сыңарларын атап
көрсету т.б.
3) басқа көздерден мәтінге қағида, дәйектеме енгізу. Бұл ғылыми-
көпшілік мәтінге жіктемелік белгілері бойынша қарама- қайшылықтағы
поэтикалық және прозалық көркем шығармалардан, ғылыми мақалалардан т.б.
көптеген түрлерінен үзінділер енгізу.
4) фразеологизмдер мен БАҚ-тағы қызметіне қатысты орындалатын
қызметтегі тұрақты сөз тіркестері мен образдық дайын үлгілер. Олар мұндағы
шығармалар мазмұнын қабылдауды жеңілдетеді. Оған үйреншікті бейнелілік
(образдылық) қатар енгізіледі. Тұрақты сөз тіркестерінің түрін өзгерту жолы
жиі пайдаланылады.
5) тосын пәрменділігі, актуалдық бояу мен комизм тудыруға арналған
сәйкеспейтін тілдік құралдардың қақтығысы. Тосын пәрменділігі басты
назарды белгілі бір ойға аударатындығында, әжуа мен комизм эмоционалдық
аражіктің құрамды қызметін атқарады да, күрделі материалды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz