Бастауыш сыныпта ұзындықты оқыту әдістемесі


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Бастауыш сыныпта ұзындықты оқыту әдістемесі
- Ұзындықтың өлшем бірліктерін қалыптастыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Математика адам өмірінде де, жалпы қоғамның өмір сүруі үшін де аса маңызды роль атқарады. Адам өміріндегі түрлі жағдайлар мен мәселелерді шешу үшін өзінің ақыл-ойын жұмсайды. Адамның күнделікті өмірінің мазмұны да әр түрлі есептерді шешуде де сандық мәліметтермен қатар нақты өмірді бейнелеуде шамалардың қатысы болады. Біздің санамызда заттар мен құбылыстар қасиеттерінің бейнеленуі барысында қандай да бір шама ұғымы қалыптасады. Cандар мен шамалар бастауыш мектептегі математика курсының негізгі ұғымдарына жатады. Олардың мазмұны нақты мысалдармен ашылады. Мұнда ондық санау жүйесі мен шаманың метрлік жүйесі арасында өзара байланыс жүзеге асырылады. Сондықтан сандар мен шамалармен амалдар ұқсас және бір мезгілде оқытылады.
Математикалық білім көзінің бастауы бастауыш сыныптардан басталатынын ескеруіміз керек. Бастауыш сыныпта оқытылатын шамалар, скаляр шамалардың өлшемдерінің арақатынасы байланысын анықтауда қиындықтар туындайды, ол оқу үдерісінде жылдары бойы орын алып келе жатқан көкейкесті мәселе. Өйткені, сыныбы жоғарылаған сайын оқытылатын пәндердің саны мен оны оқыту да күрделілене түседі, шамаларға есеп шығаруда формулаларды қолданып, яғни олардың арасындағы тәуелділікті таба білуде қателеседі.
Бастауыш сыныпта ұзындықты оқыту әдістемесі
Оқытудың міндеттері
- Ұзындық жөнінде нақты түсінік қалыптастыру және заттың ұзындығын салыстыру, кесіндінің ұзындығын өлшеу сияқты ұғымдарды меңгеру.
- ұзындықтың өлшем бірілктерімен: сантиметр, дециметр, метр, километр, миллиметр және олардың арасындағы қатынаспен таныстыру.
- Сызғыштың көмегімен есіндінің ұзындығын өлшеу, сонда-ақ берілген ұзындық дойынша кесінділер сызу, кесіндінің ұзындығын кеміту немесе арттыру, кесінділерді ұзындықтарына қарай салыстыру біліктерін қалыптастыру.
- Ұзындық бірліктерін түрлендіру (іріден ұсаққажәне керісінше) ; әр түрлі бірліктерімен берілген ұзындықты салыстыру, сондай-ақ шамалармен (ұзындық) амалдар орындауға үйрету.
- Осы шамамен (ұзындық) есептерді шығаруға үйрету.
Оқыту әдістемесі:
Балалардың ұзындық туралы түсініктері мектепке дейін пайда болады. Мектепке алғаш келген кезде, балалар сызықтық өлшемділікті айыра біледі (нәрселердің ұзындығын, енін, биіктігін, олардың ара қашықтығын) . Олар қатынастарды дұрыс тағайындайды: ұзынырақ-қысқарақ, кеңірек-тарырақ, қашығырақ-жақынырақ, т. б.
Мектепте оқытудың алғашқы күндерінен бастап балаларда
кеңістік түсініктерді айқындай түсу мөселесі қойылады. Бұған
нәрселердің өлшемділігі жөнінен салыстыру жаттығулары
көмектеседі. Түзу сызықпен және кесіндімен сызықтық
өлшемділіктің тасымалдаушысы ретінде танысу берілген ұғымды
қалыптастырудағы маңызды қадам болып табылады. Кесінділерді
көзбен шамалап салыстыру арқылы балалар тең және тең емес
кесінділер жөнінде түсінік алады.
Келесі кезеңде оқушылар кесінділерді өлшеудің алғашқы бірлігімен таныстырылады. Кесінділер жиынынан бір кесінді бөліп алынып, бірлік ретінде қабылданады. Балалар оның атауын біліп алады да осы бірліктің көмегімен өлшеуге кіріседі. Алайда метрді қарастырған кезде әрбір оқушы жұмыс істеу үшін өлшеу процесінің өзін түсінуге өте қажетті жаттығулардың жеткілікті мөлшерін жүргізу қиын. Екінші бір методистер өлшеудің алғашқы бірлігі етіп сантиметрді енгізуді ұсынады (бағдарламада осылай берілген) бұл әрбір оқушының партада отырып өлшеу бойынша көптеген жұмыстар орындауына мүмкіндік береді.
Метр мен сантиметр арасындағы қатысты тағайындамай тұрып, ұзындығы метрден кіші, шағын кесінділерді өлшеудегі өлшеуіш ретінде сантиметрді енгізуге болады.
Балалар сантиметрі жөнінде көрнекі түсінік алу үшін, көптеген жаттығулар орындаған жөн. Мысалы: олар өздері сантиметрдің моделін жасауы, дәптерлеріне 1см кесіндіні сызу, клеткалар бойынша) шынашақтың ені шамамен 1см-ге тең екендігін өздерінің табуы керек.
Әрі қарай оқушылар кесінділерді өлшеумен таныстырылады. Балалар өлшеу процесін және өлшеу нәтижесінде алған сандар нені көрсететінін оның түсіну үшін, сантиметр модельдерін салудың және оларды есептеуді қарапайым әдістерінен қиынына өлшеп салуға біртіндеп жөн. Содан кейін сызғышты немесе рулетканы істіріп қиып, өлшеу тәсіліне кіріскен жөн.
Көзбен өлшеуді үйретудің бүкіл жұмысын бірнеше кезеңге бөлуге болады. Алғашқы кезең-көз мөлшердің қатыстылық түрімен жұмыс істеуді үйрету, мұнда ол шаманың неше есе биіктігін анықтай алады. Мұнда оқушыларға мынандай тапсырмалар мен сұрақтар қойылуы мүмкін: бірінші кесінді екіншісіне қарағанда қанша ұзын? Көзбен берілген кесіндіден екі есе ұзын кесінді сыз.
Келесі кезең құрал-сайман өлшем процесіндегі кейбір шама мәніне байланысты мысалдар берілген, оларды балалар білуі қажет.
Одан кейінгі кезеңде балалар өз беттерінше көзбен өлшеуді үйренеді. Қатыстылық көз мөлшерден айырмашылығы мұнда шаманың бағасы абсалютті бірліктермен - метр, дециметр, метрді еселеумен жүріп отырады.
Келесі кезеңде оқушылар кесінділерді өлшеудің алғашқы бірлігімен таныстырылады. Кесінділер жанынан бір кесінді бөлініп алынып, бірлік ретінде қабылданады. Балалар оның атауын біліп алады да, осы бірліктің көмегімен өлшеуге кіріседі. Өлшеу бірлігінің қайсысын бірінші енгізу жөнінде әртүрлі көзқарастар бар.
Ондық санын өткеннен бастап сантиметр ұғымымен танысады және кесіндіні өлшеуді қолдана бастады. Өлшеудің алғашқы бірлігі ретінде, шағын кесінділерді өлшеудегі өлшеуіш ретінде сантиметр енгізілген. Сантиметр - берілген кесіндінің ұзындығы есебінде немесе дәптердің екі тор ұзындығы деп түсіндіріледі.
Көптеген әдіскерлер (Н. С. Попова, П. С. Исаков және А. М. Пышкало т. б. ) алдымен балалар өздері клетка қағаздан жасалған сызғышпен пайдаланғандары жөн екенін айтады. Бұл сызғыштардан сантиметрлік бөліктер жасалады, бірақ цифрлар жазылмайды. Ол сызғыштарды пайдалана отырып балалар кесінділерді өлшеуді, жолсыз қағазға кесінділер сызады.
Кейінірек жаңа өлшеу бірлігі - дициметр енгізіледі. Дициметр өлшемімен танысуда оның 10 сантиметр өлшеміне тең екендігін қарастырылады. Берілген ұзындық кескінін құрастыруда және оны өлшеуде 3 тәсілді атап өтуге болады.
Бірінші тәсіл - өлшенетін кескінді біріне-бірі беттестіріледі.
Екінші тәсіл - кейін тастау (қалдыру), берілген кескінді өлшеп қарындашпен белгілеп, кейін қалдыра береді, сонымен белгіленген жерден бастап, қанша қайырғанын санайды.
Үшінші тәсіл - санау арқылы; сызғыш немесе рулетка таспасы өлшенетін кесіндіге қойығанда, алғашқы белгі ол кесіндіге басымен теңестіріледі, оның ұзындығының өлшеу құралының ликаласында белгіленген жерге тоқталуымен, яғни кескіннің санын анықтаймыз. Өлшеуіштің немесе сызғыштың нольдік белгісі кесіндінің бір ұшымен дәл беттестірілуі тиіс.
- Ұзындықтың өлшем бірліктерін қалыптастыру
Метр жеке эталон (өлшеуіш) ретінде бар. Оның көмегімен мүғалімге өлшеу процессін көрсету оңай. Сондықтан кейбір әдіскерлер алғашқы өлшеу бірлігі ретінде метрді ұсынады. Алайда метрді қарастырғанда әрбір оқушы жұмыс істеу үшін өлшеу процесінің өзін түсінуге өте қажетті жаттығуларды жеткілікті мөлшерін жүргізу қиын.
Метрмен жұмыс сантиметрмен таныстыру негізіндегіше өткізіледі. Содан кейін өлшеу бірліктерінің арасындағы қатынас тағайындалады. (1 дициметрде, 1 метрде немесе сантиметр бар, 1 метрде немесе дициметр бар) . Балалар әртүрлі екі өлшеуіштің көмегімен өлшеуге жаттығады, нәтижесінде құрама атаулы сандар алады. Мысалы, партаның, қақпағының ұзындығы 4 дициметр - 5 сантиметр, тақтаның ұзындығы 2 метр 8 дициметр. Осы уақыттан бастап сәйкес кесінділерді салыстыру негізінде атаулы саңдарды салыстыруға кіріседі.
Екінші сыныпта ұзындықты өлшеудің арнайы тәсілдерін, мәселен адам бойын және сызғышпен өлшеуге болмайтын кей заттарды алуға болады. Адам бойын өлшеу үшін қағаздан жасалған дициметр жөне сантиметр бөлінген 150-160 сантиметрлік таспаны алуға болады. Таспа тігінен көруге ыңғайлы жерге жапсырылады. Шақырылған оқушы арқасымен таспаға тақалып тұрады. Мұғалім үшбұрышты сызғышпен кітап немесе қаламсауыт көмегімен таспадағы адам бойын қалай белгілеуді көрсетеді. Бұл үшін үшбұрышты сызғышпен тік жазықтықта алып, оның 1 бұрышы адам басына жатқызылады, екінші қабырғаға тиіп тұруы керек, осылайша кітапты, қаламсауытты пайдалануға болады. Бұл жаттығуларды 1-2 рет қайталауға болады, бірақ енді оқушының бойын жолдастары өлшеуі қажет. Сабақ соңында таспаны орында қалдырып, балаларға өз бойларын өлшеу тапсырмасы беріледі.
Үшінші сыныпта ұзындықты өлшеу бірліктерімен таныстыруды әрі қарай жалғастырады: балалар километр мен танысады. Километрмен таныстыруда 1 километрде 1000 метр бар екендігін түсіндірумен шектеліп қоймауы керек. бір километрлік ара-қашықтықта тұрған жерден, әсіресе көрінетін ашық алаңнан көрсете білу, қашықтықты қадаммен егер уақытпен орын болған жағдайда рулетканың көмегімен (белгі) өлшеуге болады. Өлшенетін қашықтық белгілі жерден көшелердің қиылысы биік ғимарат, зауыт құбыры және тағы басқа болғаны дұрыс. Мұнда қиылыстардың арақашықтығының айырмашылығы 1 километрден 30-50 метрге дейін болуы мүмкін.
Көп таңбалы санды меңгерген соң ұзындықтың метрлік өлшем кестесін құрауға болады. Метрлік жүйеде негізгі өлшем бірлігі ретінде метр саналады, айталық 1000 метр 1 километрді құрайды. Бірліктер класын-бірлік, ондық және жүздік километр құрайды.
Шаманың сан мәнімен қоса, өлшеу бірлігінің (өлшеуіштің) аты көрсетіле айтылғанда шыққан нәтиже атаулы сан деп аталады.
Егер атаулы сан бір ғана атауы бар бірліктерден құралған болса, онда жай атаулы сан деп аталады.
Егер атаулы сан әр түрлі атаулы бірліктерден құралған болса, онда құрама атаулы сан деп аталады.
Практикада атаулы сандардың мынадай түрлендірулері қолданылады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz