Бастауыш сыныптарда грамматиканы үйрету жолдары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Бастауыш сыныптарда грамматиканы үйрету жолдары

Грамматиканы оқып үйренуде тілдің сан қылы сырларына канығамыз. Тілдің түрлі құбылыстары тіл ғылымының әр саласында қарастырылады. Мәселен, тілдегі сөздер, олардың барлығының жиынтығы - лексикология саласында, тілдің дыбыстық жүйесі фонетика саласында, сөздердің формалары морфология, ал сөз тіркестерімен сөйлем синтаксис саласында қарастырылады. Қазақ тілі әдістемесі қазақ тілін зерттейтін тіл ғылыми деректеріне сүйенеді. Сондықтан тілдің әдістемесі тіл ғылымымен, ғылыми грамматикамен өте тығыз байланысты.

Оқушылар бастауыш сыныпта грамматика жөнінде қарапайым ғана мағлұматтар алады. Әріне бұл мағлұматтар ғылыми жағынан толық дәлелденген деректер.

Мектепке келумен байланысты бастауыш сынып оқушылары грамматиканы жүйелі түрде оқып үйренуге кіріседі, қазақ тілінің әдеби нормасымен таныса бастайды.

Бұл жұмыстарды ұйымдастыру - барысында осы жастағы балалардың дүниетаным ерекшеліктерін де естен шығаруға болмайды. Мысалы:

  1. Грамматикада берілетін түсініктер балалар ұғымына сай келе қалмайды. 2 Бастауыш сынып балалары сөздердің тек нақты лексикалық мағынасынмүлде елемейді. Ал грамматикада сөздердін ең әуелі грамматикалықмағынасы ескеріледі.

Грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Сөздік грамматикалық мағынасы мен грамматикалық формасы бір-бірімен тығыз байланыста, бірлікте болады. Мысалы, жақсылық, адамгершілік деген сөздер заттың сапасын, соған тән белгіні білдіреді.

Грамматикалық жағынан алып талдағанда бұл сөздер дерексіз ұғымдарды білдіреді де, зат есімге жатады. Осы сияқты сөздердің өз мағынасы мен грамматикалық мағыналарының арасында кездесетін қайшылықтарды оқыту барасында жойып, бір-бірін нақтылай, саралап, айқындай түсетіндей, әдіс-тәсілдер тауып қолдану қажет. Мұндай әдіс-тәсілдер және оны қандай жағдайларда, қалайша қолдану жолдарын грамматикалық әдістемесі белгілейді. Мұнда грамматикалық әдістемесі психология ғылымының деректеріне сүйенеді.

Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары жазу барысында өздері оқып үйренген ережелерін пайдалана білмейді, олар бір орфографиялық құбылысты екіншімен шатастырады. Психологтар бұл фактілерді зерттеу арқылы анықтай отырып, балалардың ақыл - ой әрекетіне үйрету қажеттігі жөнінде мәселе көтеруде. Ақыл-ой әрекеті баларға бір құбылыстан екінші құбылысты ажырата білуге және жалпылай білуге көмектеседі.

Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, (мұғалімнен) батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығының арттыруды талап етеді; сондықтан бастауыш сыныптарда берілетін грамматикалық білімдердің саласы - сөйлем синтаксисі маңызды рөл атқарады. Сөйлем құрауда оқушылардың логикалық ойлау кабилетін қалыптастыруға, сөздік қорын дамытуға назар аударылады.

Әрбір анықтаманы оқушылар саналы меңгеру қажет. Синтаксистік қателіктерді болдырмау үшін белгілі сөздерден сөз тіркестерін жасату және олардан сөйлемдер құрату;

аяқталмаған сөйлемдерді аяқтау және сөздерді алмастырып көру;

бір ойды білдіру үшін вариант пен сөйлемдер құрату;

сөйлемдегі сөздерінің орнын ауыстырып көру, ондағы ауысуын қадағалау;

сөйлемдердегі сөйлем мүшелерінің орнын анықтау, оны ауыстырып байқау;

өлеңмен жазылған сюжетті көркем шығармаларды ауызша және жазбаша мазмұндату.

Грамматикалық материалдарымен оқушыларды таныстыру барысында балалар әрбір жаңа материалдардың негізгі басты ой түйінін ұғына алатындай болу керек. Сөйлем туралы түсінікті қорытындылау мақсатында оқушылардың көңілін тек анықтамада көрсетілген белгіге ғана аударып қою жеткіліксіз, сонымен қатар, сөйлем жөнінде олардың алған мағлұматтарын толық жинақтап нақтылау бала ұғымының айқындала түсуіне мүмкіндік береді.

Қазіргі заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, түрлендіруге ұмтылдырады. Мұғалімдердің көп ізденісі, біліктілігі сабақты түрлендіріп өтуі оқушылардың сабаққа деген кызығушылығын арттырып кана қоймай, олардың өз бетінше білім алу қажеттілігін тудырады. Осы орайда грамматикалық жағын оқытудың басты мақсатты сөйлесімдерінің грамматикалық тұрғыдан дұрыс өңделуін қамтамасыз ететін грамматикалық дағдыға қалыптастыру. Екіншіден грамматиканы оқытуда синтаксистік дағдыларды яғни сөйлемдегі сөздердың орын тәртібін сақтау, құрамдас компоненттерін дұрыс орналастыру дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Сондықтан грамматикалық материалмен атқарылатын бүкіл жұмыс осы мақсатта жетуге бағытталуы тиіс.

Тілді жүйелі түрде оқуға енді ғана кірісе бастанған 7-10 жастағы бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін еске алсақ, бұларді, тілге үйрету нақтылау жақтарына көбірек көңіл аудару қажеттігі туады. Мұнда көрнекіліктің орасан зор пайда келтіретіні мәлім. Сондықтан дидактиканың көрнекілік принципі негізінде көрнекі құрал іріктеледі.

Дидактика талабының бірі оқытудың саналылығы, яғни оқушылардың сабаққа саналы түрде қарауы, материалды саналы меңгеруі болып табылады. Бұл үшін мұғалім грамматиканы оқыту барысында балаларды қызықтырып, өзіне тартып, өз ойының барысын байқауға, бақылауға, салыстыруға, бірі мен екіншінің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табуға, қорытынды жасауға, жалпылауға үйретуі тиіс.

Грамматиканы үйретудің тиімді әдістері

Грамматика мен жазудың әдістемесінде қазіргі кезде мектепте сабақ беріп жүрген озат мұғалімдердің білікті қолданған әдіс - тәсілдері де ескеріледі. Мектепте үлгермеушілікке қарсы күрес барасында көптеген мұғалімдер тиімді әдістемелік жүйе жасады. Бірқатар мұғалімдер қазақ тілін үйрету саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Міне, сондай жұмыс нәтижелері әдістемені дамытуға қосқан үлес болып табылады да грамматика мен емле әдістемесін жоғары сатыға көтере түседі.

Хабарлау әдісі бойынша мысалы, грамматика сабактарында керекті мәліметтерді мұғалімнің өзі баяндап айтып береді. Мұндай әдіс оқушылардың жақсы ұғынуларын қамтамасыз өтетін түрлі құралдар қолданылады.

Материалды түсіндіруде мұғалім өтіліп отырған құбылыстың мәнді белгілерін анық, жүйені ашық көрсетуге тырысады: айталық, түбірлес сөздік белгілері, зат есімнің септелуі т. б. Дайын материалдар (мысалы, жеке сөздер, сөйлемдер) беріп, олардың бақылау әрекеттеріне басшылық ете отырып, бірте - бірте қорытындыны балалардың өздері шығаруға жағдай жасайды. Мұнда оқушылардың бұрыннан алған білімдерін қайта жаңғыртады, сұрақтар қояды т. с. с. тәсілдер арқылы балаларды жаңа материалға белсенді араластырып отырады.

Мұғалімнің материалды баяндау ұзақтығы 3-5 минуттан артық болмауға тиіс, өйткені бастауыш сынып оқушыларының зейіні ауытқығыш болғандықтан, олар тақырыпты түсіндіргенде ұзақ тыңдап отыра алмайды. Осының салдарынан бұл әдіс таза күйінде бастауыш сыныптарда сиректеу қолданылады. Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматика мен жазуға үйретуге кеңінен қолданылатын әңгіме әдісі болып табылады.

Әңгіме әдісі немесе сұрақ - жауап әдісі , ал кейде эвристикалық (грек сөзі -«эврика» - таным) әдіс деп те аталады. Мұғалім сұрақ қояды, оқушылар оқулықтардан оқып немесе өз білгендері бойынша жауап қайтарады. Бұл әдіс балаларды ойландырады, өздіктерінен пікір айтуға итермелейді, олардың белсенділіктерін күшейтеді, зейіндерін сабаққа аударуды қамтамасыз етеді.

Эвристикалық әдіс кейде проблемалық әдіспен ұштасады. Әңгіме кезінде оқушылардың алдына белгілі бір міндет немесе проблема қайылады, оны оқышылар өздері иілмеуге тиіс. Мысалы, оларға бақылауға бірнеше сөз немесе сөйлем беріледі, соның ішінде мағынасы жағынан бір сұраққа (мысалы, қайда сұрағына жауап беретін, әр түрлі жалғауда тұрған зат есімдерді (мысалы, қалаға, қалады т. б. табу керек. )

Сауатты жазуға қалыптастыру

Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, өз ойларын ауызша, жазбаша жеткізе білуге үйрету - әр мұғалімнің міндеті. Бұл жұмыстарды қалыптастыруда жазба жұмыстарының орны ерекше. Соның бірі диктант.
Сауатты жазудың негізі әліппеніңсауаты ашу кезеңінде қалыптасады. Алғашқы әріптерді үйренісімен сабақ сайын сын жұмысы жазылады. Мұның бірі әріп диктанты. Онда үйренген дыбыстарының әріптік таңбаларын қаншалықты меңгергенін байқап, ілесе алмаған оқушылармен мынандай жұмыстар дүргізіледі.
- Баспа түріндегі әріпті көрсетіп, жазба түріне аударып жазғызу.
- Дәптерге үлгі бойынша жазғызу.
Әріп диктантын жазуға дағдыланңан соң, сол әріптерден құралған буын диктантын жазу жалғастырылады. Бұл кезде оқушылар өздіктерінен дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратып оқи алады.
Буын диктантын әр түрлі үлгіде дүргізуге болады. Мысалы:
- Баспа әріптерден буын құрату, оны жазғызу.
- Буындардан сөз құрату.
- Сөздерді буынға бөліп жазғызу.
Дұрыс жазып төленген соң, сөз диктантын бастауға болады. Диктант жазарда әр сөздің мағынасын сұрап, білмеген жағдайда мұғалім өзі түсіндіріп, дайындық жұмыстарын жүргізіп алу тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Грамматиканы тілдің басқа салаларымен байланыстыра оқыту
Грамматиканы оқытудың ғылыми негіздері
Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматикалық талдауға үйрету
Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесінің зерттелуі
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ТИІМДІ ОРЫНДАУ ТӘСІЛДЕРІ
Бастауыш сыныпта грамматиканы оқыту
Грамматика мен жазу методикасының ғылыми негіздері
2 сыныпта зат есім мен сын есімді байланыстыра оқыту
Қазақ тілінің заңдылықтары мен методикалық принциптері
“Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы” пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz