Бастауыш сыныптарда информатика пәнін жоспарлау


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Бастауыш сыныптарда информатика пәнін жоспарлау.
- Бастауыш сынып оқушыларына ақапарат және информатика түсінгін үйрету
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бастауыш мектепте информатиканы оқып - үйретудың негізгі міндеті қоғамның қазіргі даму кезеңінің әлеуметтік сұранысына сай бастауыш сыныптар мұғалімінің кәсіби даярлығының сапалық деңгейін көтеру болып табылады.
Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың теориясы мен технологиясы психологиялық-педагогикалық пәндері, информатиканы, сондай-ақ математиканың бастауыш курсының негіздерін оқып-үйренгеннен кейін енгізіледі. Бұл пәнді оқытып - үйрету барысында информатика пәнінің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, оның жалпы теориялық қағидаларын нақтылай түсу жүзеге асырылады.
Бастауыш мектепте информатика курсын өткізу көптеген пәндер бойынша мектептің оқу бағдарламасын айтарлықтаи өзгертуге алып келеді. Бұл жерде мынаны ұққан жөн: "информатика" мектеп пәндерінің бірде-бірін алмастыра, мектеп пәндері жалпы жүйесіндегі оқулықтарының бірде-біреуінің рөлін атқара, мектептегі гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің ара қатынасын қайта бөліске сала алмайды. Ол тек қана мектепте оқытылатын әрбір пәнге жаңа, әрі жетілдірілген сипат беріп, мұғалімнің қолына кілт ұстатады. Осы кілтті дұрыс пайдалана білген мұғалім оқушыларының алдында өз пәнінің мәнін терең әрі тиімді түрде аша түседі.
Бастауыш сыныптарда информатика пәнін жоспарлау.
Орта мектепте информатиканың жеке пән болып оқытылуы, көптеген педагогикалык ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының жандана түсуіне алып келді. Информатиканың қазіргі қоғамдағы алатын орнын, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі заманғы оқыту интелектуалдык ерекшеліктеріне сүйене отырып білім беруді кажет етеді. .
Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту програм-масының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс. Компьютердің сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспсриментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады.
Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге физикалык формулалар, физикалык шамалардьң өлшем бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалык кұбылыстардың динамикалык бейнесі, тәжірибеге арналған кұрылғылардың тізімі, аспаптардың сипаттамалары және т. б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға мүмкіндік туғызады.
2. Жаңа акпараттық технология кұралдарын информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады:
- өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
- құбылыстарға модельдер кұра біледі.
Программалауды оқыту оқушылардың логикалық қабілетін дамытады, бақылау мен өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, оқушылардъң еңбек ету мен дағдысының жинақтылығын қамтамасыз етеді, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Бастауыш сынып оқушыларына ақапарат және информатика түсінгін үйрету.
Ақпарат - белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар, ақпараттық процесс барысында түзілетін қозғалыстағы объект. Ақпараттың қасиеттері мәліметтердің қасиеттеріне де, әдістердің қасиеттеріне де тікелей тәуелді.
Мысалы, біз бәріміз бала кезімізден ақпарат алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тыңдап, теледидар көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде әртүрлі ақпарат аламыз. Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде бір - бірімен сөйлесуі де ақпарат түрлерінің: сөздердің, ойлардың, хабарлардың, мәліметтердің алмасуына мысал бола алады. Адамдардың - араласуы мен бірге жүруі - жұмыс істеу, оқу және ойнау - ақпарат алмасуынсыз жүзеге аса алмайды. Берілген ақпараттар өзімізге, заттарымызға қатысты айтылып, айнала ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста болады.
2. Ақпаратты жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, ақпарат алмасу тек ауызба - ауыз айтумен немесе әртүрлі қимылдармен ғана емес, оқу - жазу арқылы да беріле бастады. Оқи білу және ойын жазып жеткізе білу - адамзаттың сауаттылығының белгісі бола бастады. Ойда жазып қалдыру тек мағлұмат пен хабар алмасу ғана емес, адамзаттың негізгі қазыналарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мүмкіндігін берді.
Ақпаратты шындығында да ғылыми ұғым ретінде қарастыруға болады. Өйткені бұған дейін ақпараттың құрылымы мен қасиеттері барлық ғылым салаларында зерттелінді. Мысалы, физика - ақпарат таситын сигналдардың қасиеттерін зерттейді. Табиғаттағы көптеген құбылыстардың сигнал шығаратыны белгілі. Ал тіркелінген сигналдар белгілі бір мәліметтерді құрайды. Мәліметтер түрленіп, тасымалданып, әдістердің көмегімен қолданыс табады. Мәліметтер мен әдістердің өзара әсерлесуінен ақпарат түзіледі. Өлі табиғаттағы процестер үздіксіз энергия алмасу түрінде өтеді. Энергия алмасумен қатар тірі табиғатта бағытталған зат алмасу процесі жүреді. Зат алмасу мен энергия алмасу процестерінің арасындағы өзара байланыс ақпарат алмасу түрінде өтеді немесе оны ақпараттық процесс деп атайды.
Ақпарат түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттік жазба т. б.
Сонымен компьютер сандық түрде ғана берілген ақпаратты ғана өңдей алады. Кез келген ақпаратты компьютерде өңдеу үшін сандық түрге келтіруі керек. Текстік ақпаратты компьютерде өңдеу үшін әрбір әріп қандай да бір санмен кодталады. Экранға немесе принтерге шығарылғанда адамның қабылдауы үшін кодталған сандарға сәйкес әріптер шығарады. Берілген сандар мен әріптер арасындағы сәйкестік символдарды кодтау деп аталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz