Бастауыш сыныптарда информатиканы оқытудың құралдары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш сыныптарда информатиканы оқытудың құралдары.

Жоспары:

1. Бастауыш мектеп үшін информатикадан оқу құралдарын талдау.

2. Информатиканың бастауыш курсын программамен қамту құралы және сипаттамасы.

3. Бастауыш сыныптарда информатиканы оқытудың әдістері.

Лекцияның мақсаты :

Бастауыш сынып оқушыларына компьютер және оны қолдануды үйрету.

1. Оқу процесінде пайдаланылатын мулътимедиялық үйретуші программалардың, тексеру программаларының, электрондық оқулықтардың өскелең өмір талаптарына сай дайындалып, информатиканы окыту кұралы ретінде пайдалана алатындай деңгейде болуы керек. Бұл мәселе өз алдына үлкен ғылыми ізденістерді талап ететін мәселе, сондықтан осы мәселе жөніндегі зерттеулер одан әрі жалғасуда.

Қоғамды ақпараттар жағдайында үздіксіз білім беру жүйесі мыналарға сүйенеді:

- Білім берудің сапасын арттыру, даму қарқынын күшейту және дербестендіру есебінен қоғам мүшелерінің ой-өрісінің даму деңгейін көтеру;

- өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және міндетті емес білім беру жүйесінде қоғам мүшелерінің өз мамандықтарын қайта өзгерте алатындай жағдай туғызу.

Бағыт беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары:

  1. методологиясын жетілдірумен стратегиялық мазмұнын таңдау;
  2. әдістерімен формаларын ұйымдастыру;
  3. қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту;
  4. оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
  5. педагог мамандардың инттелектуалдық потенциялын дамытуға бағыттау;
  6. өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру;
  7. информациялық-оқу, эксперименттік-зерттеу қызметінің өз бетімен түрлі іс-әрекеттерін жүзеге асыру;
  8. тестілік, диагностикалық бақылау әдістерімен білім деңгейін бағалау.

Болашақта Қазақстанда білім беру жүйесін ақпараттандыру телекоммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас коммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас телекомуникациялық желіні құру және дамыту арқылы шешіледі.

2. Қазіргі кездегі қолданыстағы компьютерлердің көпшілігі бұқаралық дербес компьютерлер тобына жатады. Іс дербес компьютерлерінің графиктік бейнелеу құралдарына қойылатын талаптар шағын болады. Ықшам компьютерлердің құрамына байланыс құралдары болуы міндетті түрде талап етіледі. Жұмыс бекетіне жататын компьютерлердің мәліметтерді сақтау құрылғыларына жоғары талаптар қойылады. Компьютерлерді өлшемдері бойынша үстелдік (desktop), ықшам (notebook), қалталық (palmtop), деп бөлуге болады.

Компьютерлік жүйелер.

Компьютерлік (есептеу) жүйелер төрт негізгі құрамнан тұрады:

  1. шығарылатын есепті, орындалатын жұмысты мәселе ретінде қойып, соның нәтижесін алатын адам;
  2. аппараттық жасақтама (Hardware) ;
  3. мәліметтер файлы;
  4. компьютердің программалық жасақтамасы. (Software) .

3. Дербес ЭЕМ - нің (ДЭЕМ) элементтік базасы болатын электрондық компоненттері ақпарат өңдеудің белгілі бір қызметін немесе оны сақтау ісін атқарады. Мұндай компоненттер интегралдық схемелар деп аталады. Интегралдық схема металдан не пластмассадан жасалған қорапқа салынған жартылай өткізгішті кристалдардан тұрады. Жіңішке жіп секілді арнайы сымдар осы кристалды қораптың шеткі тақшаларымен жалғастырады.

Жартылай өткізгішті кристал көбінесе өте таза кремнийден жасалады, оны жасауда вакуумдық бүрку, тырналау, қоспаларды иондық түрде енгізу, дәлме - дәл фотолитография тәрізді және де басқа жоғары сапалы технологиялар қолданылады.

Осындай күрделі технологиялар нәтижесінде кристалда электр схемасы біріктірілген “электрондық молекулалар” жасалады. Олар бір кристалл көлемінде (5х5 мм) жүз мыңнан аса бір - бірімен байланысқан “электрондық молекулаларды” құрастырып, өте күрделі ақпаратты түрлендіру жұмыстарын атқара алады.

Интегралдық схемаларды жасау, тексеру, олардың сапаларын бақылау - барлығы да автоматтандырылған, оның үстіне оларды сериялық түрде шығару да меңгерілген. Интегралдық схемаларды шығаруды баспаханалардағы кітапты көбейтіп шығарумен салыстыруға болады. Олар өздерінің атқаратын функцияларына қарай ЭЕМ - нің әртүрлі тетіктерінің - шифраторлардың, сумматорлардың, күшейткіштердің түрлеріне байланысты бөлек - бөлек топтарға жіктеліп, серияларға бөлініп шығарылады.

Бұл схемалардың интералдық (біріктірілген) деп аталу себебі, олардың бір кристалды күрделі логикалық функциялардың белгілі біреуін орындай алады, сосын олардан транзисторлар мен диодтардан құрастырылатын сияқты машина қондырғылары оңай жасалады.

ДЭЕМ біріңғай аппараттық жүйеге біріктірілген техникалық электрондық құрылғылар жиынынан тұрады. ДЭЕМ құрамына кіретін барлық құрылғыларды олардың функционалдық белгілеріне қарай екіге бөлу қалыптасқан, олар: жүйелік блок және сыртқы құрылғылар.

Жүйелік блок мыналардан тұрады:

  • микропроцессор;
  • оперативті есте сақтау құрылғы немесе жады;
  • тұрақты есте сақтау құрылғы;
  • қоректендіру блогы мен мәлімет енгізу - шығару порттары.

Ал, сыртқы құрылғылар былайша бөлінеді:

  • ақпарат енгізу құрылғылары;
  • ақпарат шығару құрылғылары;
  • ақпарат жинақтауыштар.

ДЭЕМ - нің құрамына ең аз дегенде жүйелік блок, бір - бірден енгізу, шығару құрылғылары және ең аз дегенде бір ақпарат жинақтауыш кіреді. ДЭЕМ - де шешілетін мәселеге байланысты пайдаланушы адам оның минималды конфигурациясына қосымша шеткері құрылғыларды қосу арқылы кеңейтуіне болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы дербес оқыту әдістемесі
Бастауыш мектепте информатиканы оқыту теориясы мен технологиясы оқу пәні ретінде
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ИНФОРМАТИКА ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ОҚЫТУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Төменгі сыныпта информатиканы оқыту әдістемесі
«Бастауыш мектепте информатиканы оқыту теориясы мен технологиясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
Бастауыш мектепте Информатика пəнін оқытудың маңыздылығы
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Информатиканы оқыту әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz