ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ Бастауышты оқытудың әдістемесі мен педагогикасы мамандығы үшін


Бастауыш сыныптарда нумерациялық материалдарды іріктеу және оларды оқыту әдістемесі
Түркістан 2014
Мазмұны
түрлері мен рөлі
Нормативтік сілтемелер
Осы дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалған:
-Қазақстан Республикасы 2007-жылғы 27-шілдедегі «Білім туралы» заңы;
-Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012-жылғы 23-тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің ( бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.
-Университеттің ішкі нормативтік ережесі:
УЕ-ХҚТУ-015-2014 Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар;
-УЕ-ХҚТУ-027-2014 Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу ережесі.
Анықтамалар
1) Дипломдық жұмыс (жоба) - бұл студенттің кешенді дербес жұмысы,
мамандығы бойынша өзекті мәселелерді теория тұрғысынан сипаттама жасау, зерттеу және жан-жақты талдау болып табылатын оқудың соңғы аяқталу кезеңінде орындалатын жазбаша бітіру жұмысы.
2) Білімнің базалық мазмұны -жалпы бастауыш білім беретін ұйымдардың меншік нысанына, типі мен түріне қарамастан, меңгеруге міндетті бастауыш білім берудің келесі деңгейлерінде оқуды жалғастыруға жеткілікті болатын білім мазмұнының құрамы мен көлемі;
3) Үлгілік оқу жоспарының инварианттық компоненті- білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бастауыш) енгізілген және бастауыш білім беретін ұйымдарда оқытылатын міндетті пәндер жиынтығы;
4) Оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі - үлгілік оқу жоспарының инварианттық және вариативтік (мектеп және оқушы) компоненттеріндегі оқу пәндерінің мазмұнын меңгеру үшін қажетті және білім беру деңгейлері мен оқу жылы бойынша белгіленген оқу уақытының көлемі;
5) Білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үдерісі;
6) Оқу жұмыс жоспары-білім алушының білім алу мүдделерін ескере отырып, үлгілік оқу жоспары негізінде жалпы орта (бастауыш) білім беретін ұйымдар әзірлейтін құжат;
7) Білім алушының дайындық деңгейі -тұлғалық, жүйелік-әрекеттік және пәндік нәтижелерінен көрінетін білім алушылардың бастауыш білім мазмұнын меңгеру деңгейі;
8) Білім мазмұнын меңгерудің базалық деңгейі - білім алушылардың білім, шеберлік және дағдының міндетті көлемін меңгеру деңгейі;
9) Білім мазмұнын жетік меңгерудің жетік деңгейі- білім алушылардың білім, шеберлік және дағдының кеңейтілген және тереңдетілген көлемін меңгеру деңгейі.
Белгілеулер мен қысқартулар
Университет-Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті;
БМ-Бастауыш мектеп
Аннотация
В дипломной работе рассматриваются значения информационных материалов, используя компьютера в обучении математике в начальных классах.
In a research paper discusses the value of using the computer in teaching mathematics in the elementary school.
Bir araştırmada İlköğretim Okulu Matematik öğretiminde bilgisayar kullanarak değeri kağıt anlatılmaktadır.
Мазмұны
Кіріспе
1 Оқыту үдерісінде компьютерді пайдаланудың п сихологиялық- педагогикалық мәселелері
1. 1. Ақпараттану технологиясының даму тарихы және компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздері
1. 2. Оқыту процесінде компьютерді пайдаланудың психологиялық мәселелері
1. 3. Оқыту үрдісінде компьютердің ролі мен орны
2 Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда компьютерді қолданудың әдістемесі
2. 1 Бастауыш сыныпта математика пәнінде компьютерді оқыту құралы ретінде қолдану жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Қоғамдық өмірде интеллектуалдық құндылықтар мен инновациялық технологиялырдың рөлі ұдайы күшейіп, ақпарат ағыны толассыз тасуда. Кезкелген қоғамдық пайдалы істің нәтижелілігін сан салалы ақпарат қорын байыту мен оларды мейлінше жедел және тиімді пайдалану біліктілігі анықтайды. Ақпаратты пайдаланудың тиімділігіне, сапалылығына маманның жалпы білімі мен біліктілігінің, ойлауы мен танымының барлық түрлері тәуелді. Ал болашық маманның білімі мен біліктілігін, ойлауы мен танымын дамыту орта мектеп оқушыларына заман талабына сай сапалы білім берудің негізі болып есептеледі.
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы және әлеуметтік экономикалық өзгерістер жас ұрпақты тәрбиелеуге жаңаша көзқараспен қарауды талап етуде. Бұл әрбір адамның психикалық, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беретін жаңа жағдайлар құруды қажет етеді.
Осыған байланысты қазіргі педагогика ғылымы оқушылардан белгілі бір білім жүйесін терең меңгеруін талап етіп қана қоймастан, олардың әрқайсысының шығармашылық қабілетін дамытуды талап етіп отыр.
Мұндай әлеуметтік сұранысты педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету оқу үрдісін компьютерлендіру арқылы шешуге болатындығын мектеп тәжірибесі көрсетуде. Сондықтан да оқыту жүйесін компьютерлендіру қазіргі кезде білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының біріне айналды.
Оқыту жүйесін компьютерлендіруді жедел қарқынмен жүзеге асыру мынадай қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешумен ұштасады:
1. Ғылыми - техникалық және өндірістік - технологиялық мәселелерді шешуге қабілетті, шаруашылықтың кез келген саласында күрделі компьютерлік техниканы пайдаланып қызмет істей алатын білімді және кәсіптік деңгейі жоғары мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру.
2. Білім беру жүйесінің деңгейі мен арнайы кәсіби мамандық берілуіне тәуелсіз ақпарат құралдары мен компьютерлік техниканы сапалы түрде пайдалана алатын оқушыларды дайындаудың жалпылық сипатта болуын қамтамасыз ету.
3. Оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жетілдіру, оны басқару тиімділігін арттыру, оқу-педагогикалық зерттеу жұмыстарын жандандыру мен оның нәтижелерін педагогикалық практикаға енгізуге байланысты білім беру жүйесінің ішкі сұранысының артуы.
Қазіргі кездегі оқу жүйесінде компьютерлік техника негізінен төрт бағытта: 1) компьютерлік техника ақпараттануды оқып үйрену құралы; 2) компьютер - оқыту құралы; 3) компьютер - педагогикалық басқару жүйесінің бір саласы; 4) компьютер - ғылыми зерттеу және педагогикалық іс-әрекеттің құрамды бөлігі ретінде пайдаланылуда.
Мұндағы компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың педагогикалық тиімділігін негіздеуде мүмкіндік беретін екінші бағыттың маңызы ерекше. Компьютерді мектептегі кейбір пәндерді (математика, физика, еңбек және т. б. ) оқытуда және математикалық, физикалық, химиялық құбылыстарды модельдеуге қолдануға болады.
Қазіргі уақытта компьютерді ақпараттану және есептеу техникасы негіздері пәнін оқыту үрдісінде қолдануда ғана емес, басқа да пәндерді оқытуда пайдаланудың жақсы нәтижелер беретіндігін дәлелдейтін біршама еңбектер, диссертациялық зерттеулер бар.
Көрсетілген мәселенің теориялық жағы И. В. Апатова, В. С. Гершунский, В. А. Кальней, А. П. Ершов, А. А. Кузнецов, В. М. Монахов, И. В. Роберт, Н. Ф. Талызина және тағы басқа зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған.
Мектеп курсының жекеленген тақырыптары немесе тарауларын компьютерді қолданып оқыту да кеңінен қарастырылған.
С. Рахтың (орыс тілінің кейбір тақырыптарын оқытуда компьютерді пайдалану), В. А. Кальнейдің еңбек пәнін оқытуда компьютерді оқытудың техникалық құралы ретінде қолдану.
Компьютерді оқу құрал-жабдығы ретінде пайдалану зерттеулерінде, көрнекіліктің тиімділігін арттыру, дерексіз математикалық ұғымдарды меңгеруді жеңілдету, оқу іс- әрекеттерін жекелендіру арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру т. б. мәселелерді нәтижелі шешуге болатындығы көрсетілген.
Қазақстандағы жалпы білім беретін мектепке ақпараттануды енгізуде және компьютерді оқу-құрал жабдығы ретінде пайдалану мәселесімен Ж. А. Қараев және оның шәкірттерінің еңбектері үлкен роль атқаруда.
Компьютерлік техниканы оқу құрал-жабдықтар кешеніндегі басты буынның бірі ретінде қарастырып зерттеу мектепте білім беру педагогикасы мен әдістемесінің теориялық негіздерін дамыту және мұғалімдердің практикалық іс-әрекетіндегі маңызды әлеуметтік- педагогикалық мәнге ие болатын негізгі бір мәселе болып табылады.
Бастауыш мектеп - орта мектептің алғашқы баспалдағы. Бастауыш мектеп математика пәнін оқытудың теориясы мен әдістемесін жетілдіруге Ресейде М. И. Моро, А. М. Пышкало, Н. А. Менчинская, т. б. Қазақстанда Т. Оспанова, Ж. Қайынбаев, К. Ерешова және т. б. ғалым-әдіскерлер үлкен үлес қосуда.
Бастауыш мектептегі оқу-құрал жабдықтар кешеніне дербес компьютерді кірістіру мәселесінің маңызы да ерекше. Оның өзіндік себебі де жеткілікті. Қазіргі кезде балалардың көпшілігі ерте бастан-ақ компьтерлік ойын ойнап, микропроцессорлы электронды ойыншықтармен етене таныса бастайды. Сондықтан бастауыш мектепте компьютерлік техника оқу құрал жабдықтар кешенінің бірі ретінде пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру кезінде балалардың өмірлік тәжірибесін, олардың даму ерекшеліктерінің психологиялық, педагогикалық заңдылықтарын ескере отырып оны байыта түсу, оқыту кезеңдерінің сабақтастығын қамтамасыз ету шарттарын зерттеудің маңыздылығы арта түседі.
Соңғы кезде Ресей ғалымдары А. А. Кузнецов пен А. М. Пышкалоның басшылығымен төмендегі сыныптардағы математика пәнін оқытуда компьютерлік техниканы оқыту құралы ретінде пайдалануға байланысты зерттеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Дербес компьютерді бастауыш мектепте оқу құралы ретінде пайдаланудың теориялық және практикалық та жақтары жан-жақты зерттеліп жеткілікті дәрежеде толық шешімін таба қойған жоқ. Біздер бастауыш мектеп математика пәнін оқыту тиімділігін арттыру құралы ретінде дербес компьютерді пайдаланудың айтарлықтай мүмкіндігінің бар болуы және оның дидактикалық мүмкіндіктерін пайдалануды жүзеге асырумен дипломдық жұмыстың тақырыбын: « Бастауыш сыныпта математиканы оқыту процесінде компьютерді пайдалану » - деп алуды жөн санадық.
Зерттеудің мақсаты : компьютерді бастауыш сыныпта математиканы оқытуда оқыту құралы ретінде пайдаланудың тиімділікті арттыру мүмкіндіктерін теориялық тұрғыдан анықтау және оны пайдалану әдістемесін мазмұндау.
Зерттеудің объектісі : бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие процесі.
Зерттеудің пәні : математиканы бастауыш сыныпта оқытуда компьютерді пайдалану барысы.
Зерттеудің міндеттері :
- зерттеу тақырыбына байланысты психологиялық, педаггикалық және арнайы әдебиеттерді шолу жасау, талдау;
- компьютердің оқыту үрдісінде пайдаланудың ролі мен орнын анықтау;
- бастауыш сыныпта математиканы оқытуда компьютерді пайдалану арқылы оқытудың тиімділігін арттыру.
Зерттеу әдістері :
- ақпараттану технологиясының даму тарихына шолу;
- компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздеріне талдау жасау;
- зерттеу мәселесі бойынша ғылыми, психологиялық- педагогикалық, әдістемелік және арнайы әдебиеттерді оқып үйрену және оларға талдау;
- математика пәнін оқытуда компьютерді қолдануға арналған әдістемесіне ұсыныстар жасауқау.
Көздеген мақсатымызға жету үшін төмендегідей зерттеу жұмыстарын жүргіздік:
- Ақпараттандыру технологиясын пайдаланып оқытудың психологиялық мәселелеріне талдау жасау.
- Оқу үрдісіндегі компьютердің ролі мен орнын анықтау.
- Компьютерді пайдаланып оқытудың теориясы мен практикасына талдау жасау.
- Бастауышта математика пәнін оқытуда компьютерді қолдану мәселелерін зерделеу.
Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, әр тарау 3 параграфтан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде диплом жұмысының өзектілігі, мақсаты, міндеттері, обьектісі, әдістері сөз болады. Ақпараттандыру технологиясын оқу процесінде пайдаланудың психологиялық -педагогикалық мәселелері
атты І тарау 3 параграфтан тұрады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Құжат СЖМ 3 деңгейлі
ПОӘК
ПОӘК 042-Х. 1. ХХ/01- 2013
ПОӘК
Пәннің оқу-әдістемелік материалдары
Информатиканы оқытудың әдістемесі
Редакция №
« ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ »
Семей 2013ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Құрастырған: 28. 08. 2013 ж
Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының
аға оқытушысы Рысжанова А. С.
Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының
отырысында талқыланды.
Хаттама № 1 05. 09. 2013 ж.
Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының
меңгерушісі Абишова А. А.
Физика-математика факультетінің Оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде бекітілді.
Хаттама №1 11. 09. 2013 ж.
Физика-математика факультеті
Оқу-әдістемелік бюросының төрайымы Батырова К. А.
Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды.
Хаттама №1 18. 09. 2013 ж.
ОӘК төрайымы Искакова Г. К.
Мазмұны
- Глоссарий
- Дәрістер
- Зертханалық сабақтар
- Студенттердің өздік жұмысы
1. ГЛОСАРИЙ
МАТ - мектептiк алгоритмдiк тiл
Педагогикалық-пpограммалық құралдар (ППҚ) курстың белгiлi бiр тақырыбын оқытуды және оқушылардың оқу пpограмасында көрсетiлген, практикалық дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етедi
Мемлекеттік білім стандарты -бұл пәндер бойынша мазмұнның міндетті минимумы және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайтын нормативтік құжат
“Информатика” оқу пәнiнiң базалық мазмұны (БМ ) - оқу пәнiнiң мектепте мiндеттi түрде оқытылуы тиiс және үздiксiз бiлiм берудiң келесi сатылары мен деңгейлерiнде информатиканы оқуды жалғастыру үшiн жеткiлiктi болатын мазмұнының құрамы мен құрылымы.
“Информатика” оқу пәнi бойынша бiлiм берудiң негiзгi бағдарламасы (БНБ ) - оқу пәнiнiң мазмұнын, яғни оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негiздi қалыптастыруды, олардың ойлау қабiлетiн дамытуды, ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгертудi және оқушыларды өмiрге, еңбекке және бiлiмдерiн жалғастыруға даярлауды анықтайтын құжат. Оның мазмұны мемлекеттiк стандарт бойынша анықталады.
“ Информатика” оқу пәнi бойынша бағдарлы бiлiм беру бағдарламасы (БББ) - “Информатика” оқу пәнiнiң мазмұнын анықтайтын, пәндi тереңдетiп, бағдарлы оқытуды қамтамасыз ететiн, оқушыларды кәсiби даярлау бағытына қарай көлемi мен мазмұны бойынша сараланған құжат. Оның мазмұны мемлекеттiк стандарт бойынша анықталады.
“ Информатика” оқу пәнi бойынша қосымша бiлiм беру бағдарламасы (ҚББ) - мемлекеттiк стандарт мазмұнынан тыс, оқушылардың информатика пәнi бойынша бiлiмге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған оқу курстарының мазмұнын анықтайтын құжат.
Бейімделушілік (адаптивность) - өзгермелі жағдайлармен оларға қойылатын талаптарға бейімделушілік және үздіксіз өзгеру мүмкіндігі;
Интегралдылық (интегрированность) - шешілетін тапсырманың толықтылығын қамту және оның ішкі құрылғыларымен оны құраушы бөліктер арасындағы байланысты алу;
Унифицирлілік (унифицированность) - ішкі және сыртқы интерфейстердің бірлігіне, сонымен қоса өңдеу үрдісінің мазмұнына және оған барлық қатысушылар арасындағы ақпарат алмасуға көзқарастардың бірлігін қамтамассыз ету;
Таратушылық (распределенность) - орындалатын қызметтердің уақыттық және кеңістіктік бөлінулерімен есептеу техникасының компоненттері арасында тарату. Бұл таратулар өзара байланысқан есептеу ресурстарында орналасуы тиіс;
Дербестік (персонализация) - нақты қолданушының сұраныстарын қанағаттандыру мүмкіндігі;
Саундбластер. Дискіге немесе компакт дискіге жазылған цифрлық аудиоинфор-мацияны дыбыстық информацияға түрлендіруге арналған құрылғы
Стример - бұл винчестердегі мәліметтерді жоғалтпай (вирус, сыртқы әсерлерден) жазып алу үшін көшіруге арналған құрылғы
Postmaster - әрбір доменнің өзінің әкімшісі бар, оған почталық жүйенің жұмысына қатысты сұрақтар мен хабарларды жолдауға болады
2. ДӘРІСТЕР
1-ДӘРІС.
Тақырыбы: Орта мектепте информатиканы оқыту әдістемесі мен
теориясының жалпы мәселелері.
Мақсаты : Информатиканы оқыту әдістемесі пәні және информатика мұғалімін кәсіптік дайындау жүйесіндегі орнын, информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен, псиxологиямен және информатика ғылымымен байланысын қарастыру.
22 қыркүйек 1997 жылы Қазақстан Республикасы президентінің өкімімен Қазақстан Республикасы орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай информациялық-білім беретін желіге негізделген бірыңғай информациялық-білім беру кеңістігін жасау қажет. Бұл орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады.
Ұсынылып отырылған орта білім жүйесін ақпараттандыру бағдарламасын өзінің алдында мынадай міндеттер қояды:
1. мектеп мекемелерін жаңа информациялық технологияны (ЖИТ) оқытуда және оқу үрдісін басқаруда пайдалануға мүмкіндік беретін есептеуіш техника құралдарымен және ұйымдастырушы техникамен қамтамасыз ету.
2. барлық мектеп мекемелерін білім беретін информациямен қамтамасыз етуге қол жеткізетін инфроқұрылымдарды дамыту
3. ықпалды нормативтік-құқықтық база жасау
4. телекомуникациялық желі жүйесін жасау
5. жаңа информациялық техналогия пайдалану және ендіру саласында орта білім жүйесі үшін кадрларды даярлау және қайта даярлықтан өткізу
Осы қабылданған бағдарламаға сай республикамызда көптеген мектептер жаңа информациялық техналогияны оқыту үрдіссіне ендіру жұмыстарымен айналысуда. Оларды қолдауымыз, бағыттауымыз және қажетті әдістемелік көмек көрсетуіміз керек.
Ақпараттандыру деп оқытудың және оқу үрдіссін басқарудың әсерлілігін арттыру мақсатында техникалық және материалдық ресурстарды, идеяларды, ғылыми-әдістемелік материалдарды үнемі пайдалану және интеграциялау үрдіссін айтамыз.
Әрине, ақпараттандырудың техникалық негізінде ең жетілдірілген техникалық құрылғы ретінде компьютер жатады, бірақ сонымен бірге мектептің барлық техникалық паркін, атап айтқанда: магнитофондарды, телевизорларды, телефондық желілерді тағы сол сияқты бірығай бағдарламалық-техникалық кешенге интеграциялау қажет.
Информатиканы оқыту әдістемесі пәні және информатика мұғалімін кәсіптік дайындау жүйесіндегі орны.
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi 2010 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасында ақпараттық және коммуникативтiк технологияны бiлiм беру жүйесiн жеделдетiп дамытуға қолдану негiзгi мiндеттердiң бiрi ретiнде анықталды.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабiлеттi ұлттық бiлiм беру жүйесiн дамытуға және оның мүмкiндiктерiн әлемдiк бiлiмдiк ортаға енудегi сабақтастыққа қолдану негiзгi мәнге ие болып отыр.
Бiлiм берудi ақпараттандыру, бiлiм салаларының барлық қызметiне ақпараттық технологияны енгiзу және ұлттық модельдi қалыптастыру қазақстандық бiлiм берудi сапалы деңгейге көтерудiң алғы шарты.
Аталған бағыттарды дамыту үшiн құқықтық-нормативтiк, материалдық-техникалық, ғылыми-әдiстемелiк және ақпараттық жағынан қамсыздандыру педагог мамандарды даярлаудың негiзгi бағыттарының бiрiне айналып отыр.
Бiлiм берудi қайта құру мұғалiмнен үлкен дайындықты талап етедi. Олай болса, олардың жеке тұлғалық қасиеттерi мен мамандық құзырлықтарына жоғарғы талап қойылады. Қазiргi уақытта мұғалiм бiлiм беру жүйесiндегi кез келген қайта құрулардағы педагогикалық үрдістiң негiзгi субъектiсiне айналып отыр.
Қазiргi мектепке шығармашылық iзденiс қабiлетi дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлiгi қалыптасқан мұғалiм қажет. Ол бiруақытта педагог, психолог және оқу-үрдісiн ұйымдастырушы технолог бола бiлуi керек. Сонымен қатар оқушының шектеусiз қабiлетiн дамыта алатындай бiлiм берудiң әлемдiк кеңiстiгiн құруға қабiлеттi бола бiлуi шарт. Бұдан мұғалiмнiң мамандық шеберлiгi анықталады.
Басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыру үрдісi мұғалiмнiң дайындық деңгейi мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалiмнiң өзiн-өзi дамуына, өзiндiк бiлiм алуына және шығармашылық түрде өздiгiнен қызметтерiн iске асыруға мүмкiндiк бередi. Сондықтан мұғалiмдердi жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуiне және оны оқыту құралы ретiнде пайдалану бағыттары бойынша бiлiмдерiн көтеру және қайта даярлау курстарының мазмұнын өзгертiп, жасақтау қажеттiлігi туындады. Педагог мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлауда ақпараттық әлемде оқу-тәрбие үрдісiн ұйымдастырудың негiзгi құралдарын, жаңа әдiстер мен формаларды кез келген уақытта таба бiлуiне мүмкiндiк туғызу. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзiн-өзi дамытуына және өздiгiнен бiлiм алуына мүмкiндiк алады. Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі - жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісiне жан-жақты, әрi еркiн пайдалана бiлуге үйрету дайындау кезеңдерiнiң сапалығымен анықталады.
Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау қарастырылған. Аталған мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау бойынша курс тақырыптарының мазмұны өзгертiлiп, жаңаланды. Оның негiзгi мазмұны бiлiм беру мекемелерi қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн жаңа ақпараттық технологияны пайдалану бойынша жетiлдiруге, басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыруға сай мамандарды жан-жақты даярлауға бағытталған.
Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгенiндей, кез келген мұғалiм мен әкiмшiлiктiң өз қызметтерiне компьютердi пайдалануы олардың әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енуде ақпараттық мәдениетiнiң қалыптасатынымен өлшенедi. Сонымен бiрге, бұл жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды оқу үрдісiне пайдалану оқушылардың мектеп пәндерiн игеруде қызығушылықтарын арттыруда. Ақпараттық технологияны оқу-тәрбие үрдісiне пайдалану - келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz