Бастауыш сыныпта сауат ашу барысында оқушылардың тілін дамыту және сөз қорын арттыру
М А З М Ұ Н Ы
І КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА САУАТ АШУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
1.1 Сауат ашу кезіндегі талдау-жинақтау әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..5
1. 2. Әңгіме әдісі немесе сұрақ- жауап әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...7
1.3 Дайындықтары әр түрлі оқушылармен жүргізілетін сауат ашу жұмысының ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2 ТАРАУ. САУАТ АШУ КЕЗІНДЕГІ ЖҰМЫСТАР
2.1 Әліппеге дейінгі дайындық кезеңі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.2 Әліппе кезеңі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.3 Әліппеден кейінгі кезең ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 5
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Кіріспе
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат - саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін жан - жақты жетілген, ақыл парасаты мол мәдени - ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Қазақстан Республикасың президенті Н.Ә.Назарбаев Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан атты жолдауының он жетінші бағытында: бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз үшін оқытудың әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек, -деп көрсетті.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттін дәстүрлі мұрасымен қауырт даму жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесінде, оның ішінде бастауыш және орта мектептегі оқу - тәрбие процесіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсті. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп жан - жақты дамыған.
Талқылап отырған әр кезеңді, аталған әрбір оқиғаны баланың даму, жеке тұлға ретінде қалыптасужолындағы шағын секірістерге балайтын ғалым, әсіресе, алғашқы сөйлеу дағдысын меңгеру мен мектеп табалдырығын аттау оқиғаларына ерекше маңыз береді.
Адам ата - анасынан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы, жаманды таниды - дағы, Сондайдан білген, көргені көп болған адам білімді болады - деген ұлы Абай өсиеті мен ұлының алғаш сөйлеген күнін оның рухани туған күні ретінде атап өткісі келген белгілі неміс педагогы И. Г. Фихтенің пікірі де жеке тұлғаның қалыптасуы мәселесін арнайы зерттеген Л. С. Выготскийдің жоғарыдағы ғылыми тұжырымдарымен үндесіп жатыр.
Осы тұрғыдан баланың мектеп есігін ашқан кезеңінде оның қолына қалам ұстатып, сауатын ашудың ең күрделі әрі жауапты жұмыс екені белгілі. Ал осы жастағы оқушылардың тілін дамыту мәселесінің одан да маңызды жұмыс екендігі талас туғызбаса керек.
Оқушының ой - өрісінің, сана - сезімінің жан - жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көзқарасын қалыптастырса, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Біздің жарқын болшағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Жас ұрпақ - өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәрімен сусындаса ғана мемлекетіміздің көсегесі көгереді, егеменді ел баянды болады. Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ екені ақиқат.
Қазақ бастауыш мектептерде оқыту ісінің негізін қалаған ағартушы ғалымдар (Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы және т.б.) әдістемелік еңбектерінде оқушылардың сауат ашу кезеңінде сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын қалыптастыруға баса назар аударды. Сауат ашу кезеңіндегі оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселелері Т.Шонанұлының, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың еңбектерінде қозғалды.
Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілер Қ. Жұманов,
Ғ.Бегалиев, С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев, И.Ұйықбаев т.б. сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмыстары әдістемесін арнайы зерттеу объектісі ретінде талдамаса да, өз еңбектерінде бұл мәселеге тоқталып өтті.
Мектепке дейінгі жастағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту мәселелері - Жұбанова, С.Рахметова, К.Бозжанова, Б.Баймұратова, Р.Әміров, Т.Әбдікәрімова, Г.Уәйісова т.б. ғылыми - әдістемелік еңбектерде арнайы зерттелінді. Әдіскер ғалым М.Жұбанованың мектепте сауат ашудың методикасы тақырыптағы зерттеу жұмысының жүргізілгеніне отыз жылдан аса уақыт өтті. Сол уақыттан бері өмірдің сұранысының да оқу - тәрбие жұмыстарымазмұнының да біршама өзгергенін есептемегеннің өзінде, бұл еңбекте сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту әдістемесін арнайы зерттеу мақсаты алға қойылмаған. Ал бастауыш мектепте тіл дамыту әдістемесінің ауқымды мәселелерін зерттеуге арналған профессор С.Рахметованың еңбегінде сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмысына егжей - тегжейлі талдау жасауға мүмкіндік болмааны белгілі.
Зерттеу болжамы: Сауат ашу барысындағы тіл дамыту әдістемесі оңтайлы жасалса, онда оқушының дүниетанымын кеңейтумен бірге оз ойларын жүйелі түрде баяндауға, байланыстырып сөйлеу дағдыларын берік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың объектісі: Бастауыш сыныпта сауат ашуды оқытудың әдіс-тәсілдері мәселелері.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сыныпта сауат ашу барысында оқушылардың тілін дамыту және сөз қорын арттыруға бағытталған теориялық ережелерді зерттеу мен іс-тәжірибелер арқылы іске асыру жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Бастауыш сыныптарда сауат ашуды оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгерту жұмыстарының негіздерін анықтау.
2. Сауат ашу кезеңінде тіл дамыту жұмыстары жүргізілудің ғылыми негізделген әдіс - тәсілдер жүйесін жасап, оны тәжірибеде қолдану;
3. Бастауыш мектепте сауат ашу кезінде оқушылардың тілін дамытудың әдіс-тәсілдерін талдап көрсету.
Зерттеудің әдісі: зерттеудің алға қойған мақсат, міндеттерін шешу мақсатында педагогикалық, ғылыми-әдістемелік, теориялық әдебиеттерге шолу жасау, шығармашылық және дидактикалық материалдарды іріктеу, педагогикалық озық іс-тәжірибелерді жинақтау және талдау әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Сауат ашу кезіндегі талдау-жинақтау әдісі
XIX ғасырдың 60-70 жылдарында педагогтарға ортақ болған өзекті мәселе -- бастауыш халық мектебінің оқу мазмұны еді. Қазақ даласында білім таратушы Ыбырай Алтынсарин қазақтың бастауыш мектептеріне оқулықтар жазды. XIX-XX ғасырларда сауат ашу жұмысы буын және тұтас сөз әдісі бойынша жүргізілді. Сауат ашудың негізгі әдісі талдау-жинақтау болып есептеледі.
Бұл әдіс әсіресе 30- жылдардан бері әдістемеші ғалымдардың зерттеу еңбектерімен толықтырылып, жетіліп келеді. Талдау-жинақтау әдісі қалай жүргізіледі? Сауат ашу кезінде талдау мен жинақтау бір-бірімен тығыз бірлікте, байланыста жүргізіледі: балалар талдау арқылы сөздің кандай буындардан, дыбыстардан тұратынын ажыратса, іле-шала жүргізілетін жинақтау арқылы дыбыстардан буын кұрап, буындардан сөз құрап үйренеді. Сөйтіп, дыбыстарды жеке-жеке оқымай, бір-бірімен косып буын етіп, сөз етіп оқитын болады.
Талдау-жинақтауға жаттыққан кезде, мына жағдайларға сүйену керек: 1) Әрбір өтілетін жаңа дауысты дыбысты сөзден бөліп алып, мүқият зерттеу негізінде оқуға үйрету, онан әрі оның әріпі меңгертіледі және буыны, сөзі оқытылады.
Жалпы дыбыс пен әріпті үйретудің типтік схемасы мынадай:
1. Мәтіннен сөйлемді бөліп алу.
2. Сөйлемді сөзге бөлу.
3. Жаңа (үйретілген) дыбысы бар сөзді бөліп алу.
4. Жаңа дыбысты бөліп айтып үйрену.
5. Оның баспа әріпін көрсету.
6. Кеспе әліппеден сөзді құрастыру.
7. Ол сөзді оқу.
8. "Әліппеден" жаңа сөздер оқу.
9. "Әліппеден" тіркестер оқу.
10. Жаңа дыбысгың жаңа түрін көрсету және оның бөліктерін (әріптің) жазу, кейінірек сол әріппен сөз жазу. Бұл схемадан сөзді оқуға құрамындағы дыбыстарын саналы ұғынып, буынды оқу арқылы үйренеді.
Сөйтіп, дыбыстық талдау-жинақтау әдісіне үйренуде:
1) оку бастамасы (единица) буын болып табылады;
2) Сөз көрсетілмейді.
Ол сөйлеуден бөлінеді де, ауызша айтылады.
Оқушылар сөздің әріпінен дыбысын емес, дыбысынан оның әріптерін тануға көшеді (керісінше емес).
1) Сауат ашу барысындағы негізгі міндет балаларды тура буынды оқуға үйрету. Әрбір жаңа үйренген дауыссыз дыбыс буыннан таныс, үйренген дауысты дыбыс арқылы беріледі. Мұнда сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбысы бар буын анық естіліп, ал дыбыстың өзі ерекшеленіңкіреп, созылып айтылғаны дұрыс. Мысалы, "р" дыбысы үйретілуі қажет болғанда "ара" сөзіндегі "а-ра" буындары "а -- рра" делініп, "р" дыбысы ерекшеленіп, біраз созылыңқырап айтылады.
2) Дыбыстың артикуляциясын байқату, яғни балаларды сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбыстың айтылу процесімен таныстыру. Мысалы, мұғалім балаларға "р" дыбысын айтқызып көреді де, ол дыбысты айтуға тілдің қандай жағдайда болатынын байқаңдар дейді. Осы дыбысты қайта-қайта өздері айтып көру арқылы, олар тілдің ұшының дірілдеп тұратынын байқайды. Сонан кейін оқушылардың назары "р" дыбысын айтқанда тілдің қай жерге жуықтайтынына аударылады. Балалар тілдің ұшының тандайға жуықтауынан "р" дыбыс шығатынын аңғарады. Сөйтіп, балаларға дыбыстың айтылуымен қатар, өзін де үйретеді. Бірақ мұнда есте болатын жай тіліміздегі барлық дыбыстың артикуляциясын білу керек деген ұғым тумауы тиіс. Жоғарыда айтылған тәсілмен тек еріндік және тіс пен тіл қатысы арқылы шығатын дыбыстарды ғана үйретуге болады. Ал ш, ж,к, ғ, г, й, и, щ, ц, дыбыстардың артикуляциясын аңғару, әрине, қиынға соғар еді. Сондықтан мұғалім дыбысты оқытуға кірісер алдында оны үйретудің төсілін жан-жақты ойластыруға тиіс.
3) Сөздің аяғындағы немесе басындағы дыбысты түсіріп айтып, балаларға тапқызу. Мысалы, мұғалім "Әліппедегі" тонның суретін көрсетіп, "он" дейді де, "мен сөзді дұрыс айттым ба?" -- деп сұрайды. Балалар дыбысын қосады. "Т" дыбысын оқушыларға айтқызады. Сөйтіп, суреттегі киімнің аты мен айтылған буын (немесе сөз) құрамындағы дыбыстарды жинақтау арқылы қандай дыбысты қосу керектігін саналы ұғады.
4) Айтылуына қарай дыбыстарды, жазылуына қарай әріптерді салыстыру. Мысалы, кол- көл, тор-тор, от-от сияқты сөздер арқылы "о" дыбысы мен "ө" дыбысының айтылуындағы айырмашылық аңғартылады. Сонымен бірге жазылуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға көңіл бөлінеді. Осылайша, қ-к, с-з, а-ә, ы-і дыбыстар да жұпталып, салыстырып, сөздерді талдап-жинақтау арқылы үйретіледі.
5) Үйретіліп отырған дыбыстың сөздің басында, ортасында, аяғында келетіні де сөздерді талдау жөне жинақтау барысында ұғындырылады. Мысалы, "қ" дыбысын үйрету керек делік. Мұғалім бұл дыбысты балаларға айтқызып, таныстырғаннан кейін қар, ақ, оқушы сияқты сөздерді өзі айтып, буынға, дыбысқа талдатады; "қ" дыбысының қай буында, нешінші буында тұрғаны анықталады; қайта жинақтау барысында "қ" дыбысының қай жерде тұрғанына көңіл бөлінеді. Осыдан кейін бұл дыбысқа балалардың өздері сөз ойлап табады.
6) Буынды немесе сөзді есте сақтау арқылы оқу. Бұған, мысалы қала сөзін алайық - Оқушылар оны дыбысқа-буынға ажыратып талдағаннан кейін, жинақтап, кеспе әліппеден құрастырады; енді оқуға келгенде іркіліп қиналады немесе әр әріпті ежіктеп "қ-а"... деп айта бастайды. Сол кезде мұғалім: "құрастырған сөзіміз қандай еді?" -- деген сияқты сұрақтар арқылы бастапқы сөз (оқушылардың құрастырған сөзін) еске түсіртеді. "Ол сөзді қалай айтатын едік? (мысалы, қа-ла). Міне, осылайша оқыңдар, " -- дейді. Оқушылар кеспе әліппеден құрастырған сөзді бірден оқып береді.
7) Дыбыс алмастырып оқу. Мысалы, балалар талдау-жинақтау арқылы "қара" сөзін құрастырып, оқыды делік. Енді бірінші буындағы "п" әрпінің орнына мұғалім "о"әрпін қояды, "қора" деп оқиды
1.2 Әңгіме әдісі немесе сұрақ- жауап әдісі
Әңгіме әдісі немесе сұрақ- жауап әдісі, ал кейде эвристикалық әдіс деп те аталады. Мұғалім сұрақ қояды, балалар өз білгендері бойынша жауап қайтарады. Бұл әдіс балаларды ойландырады, өздіктерінен пікір айтуға итермелейді, олардың белсенділіктерін күшейтеді, зейіндерін сабаққа адаруды қамтамасыз етеді. Эвристикалық әдіс кейде проблемалық әдіспен ұштасады. Әңгіме кезінде балалардың алдына белгілі бір міндет немесе проблема қойылады, оны балалар өздері шешуге тиіс. Мысалы,оларға бақылауға бірнеше сөз немесе сөйлем беріледі, cоның ішінде мағынасы жағынан бір сұраққа (мысалы қайда сұрағына жауап беретін әр түрлі жалғауда тұрған зат есімдерді, мәселен, қалада, далада, мектепте, балабақшада т.б.) жауап беретін бірнеше сөздерді табулары керек.
Грамматика сабақтарында өтіліп отырған материалға балалардың ой жүгіртуіне, пікір айтуына қарай индуктивтік немесе дедуктивтік әдістер қолданылады. Мұғалім бірде тіл құбылыстарын жеке жеке түсіндіріп, сонан жалпы қорытынды шығартады; бұл жолда қолданылған әдіс индуктивтік деп аталады. Ал, екінші жағдайда анықтаманы немесе ережені хабарлап, сонан соң нақты материалға қолдануды ұсынады, өздеріне мысал келтіреді. Мұндай жолмен ұйымдастырылған жұмыста қолданылатын әдіс дедуктивті әдіс деп аталады. Қандай әдіс болмасын әртүрлі құралдар арқылы іске асады. Мұндай жолмен құралдар: оқулық, сөздік схема, картина, таблица, кинофильм, диафильм, радио, магнитафон, т.б. бұл құралдар өтілетін материалдың сипатына қарай кез келген әдісте қолданыла береді. Адамзат алдында тұрған басты міндеттердің бірі есті, еңбексүйгіш, қайырымды, бала тәрбиелеу. Ол тіл арқылыд жүзеге асады. Баланың тілі бай болса, оның ойы да кең болады. Сондықтан оның тілін байытып, ойын кенейте түсу үшін өлең,ертегі, әңгіме, мақал мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, әдеби шығармалардан үзінділер оқытып, таныстырудың маңызы зор.сол арқылы олардың ойлау қабілеттері артып, көргендерінен ой түйіп, қорытынды жасауға үйренеді. Баланың алғашқы ұстазы ата-анасы, тетелес ағаларымен апайлары, тәрбиеші ұстаздары. Олармен күнбе күн араласу, сөйлесу арқылы баланың тілі күн сайын жетіле береді. Баланың тілі бай болса, ойы да жақсы дамиды. Мазмұны терең, тілі көркем, оқуға жеңіл, тез үзінділер оқып үйрену, үйренгендерін өз сөздерінде қолдана білу балалардың сөздік қорын молайтады. Оларды жүйелі ойлауға, ойын дұрыс түсіндіруге жаттықтырады. Балалардың жалпы оқу деңгейін көтеру және олардың өміріне қажетті іс тәжірибесін білімін, біліктілігін, әдетінің тәртібін, әлеуметтік өмір тәжірибесін қалыптастыру мақсатында әртүрлі пәндер енгізіліп, олардың әрқайсысының өз жоспары бар екені мәлім. Сондай пәндердің бірі алты жастағы балаларды грамматикаға үйрету. Жеткіншек ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау жалпыдан жекеге қарай, яғни жеке тұлғаны дамытудың, баланың тілін дамытудың, оның жеке қасиеттерін ашып, білімі мен біліктілігін күшейте отырып, өзара қарым қатынаста қолданатын сөз байлығын молайту болып табылады
1.3 Дайындықтары әр түрлі оқушылармен жүргізілетін сауат ашу жұмысының ерекшеліктері
1 сыныпқа оқуға дайындықтары әр түрлі балалар келеді. Олардың ішінде кейбіреулері кітапты жүгіртіп оқи алады, ал екіншілері ежелеп оқиды, үшіншілері буындап оқиды, төртіншілері тіпті оқи да алмайды, әріп те танымайды.
Сондықтан мұғалім ең алдымен өз сыныбына түскен оқушылардың құрамымен танысады, олардың қайсысының қалай оқитынын біледі. Жүгіртіп оқи алатындарға Әліппе серігінен қосымша материал беріледі. Ежелеп оқитындарға Әліппеден әріптерді қосып оқу тапсырмалары орындатылады. Дайындығы нашар балалармен сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта үнемі жеке жұмыс жүргізіледі.
Әрбір оқушының дайындығына қарай, тапсырма дәл, тез беріліп, оларды түгел қамтиды. Мұнда, әрбір бала бір тапсырманы орындағанда сол сынып ұжымының ең бір пайдалы мүшесі сияқты сезінетін жағдай жасалғаны жөн.
Оқуға алынатын материал сабақтың жалпы тақырыбына сәйкес іріктеледі (әдетте әліппенің беттеріне сай), бірақ әр баланың мүмкіндігіне қарай, әр түрлі сөздер, буындар, сөйлемдер таратылады. Осы қағида әліппеден кейінгі кезеңдерде, Ана тілін оқығанда да, дидактикалық материалдар таратқанда да сақталып отырады. Бұл жұмыстардың барлығының көздейтін мақсаты -- сабақ үстінде оқушылардың келісімді қызмет жасауын қамтамасыз етіп, әр оқушының дайынды - ғына қарай, оқу дағдысын жетілдіру.
Қайсыбір жағдайларда сөздерді тақырыпқа қарай топтатып үйретеді. Мысалы, құрал-саймандар. Оқушыларға бірнеше картинка үлестіріледі. Енді ғана әріп танып, оқи бастағандар: айыр, ара, орақ, біз, машина суреттерін алады. Олардан гөрі тәуір оқитындар: шал-ғы, балға, балта, күрек, егеу, ине алады. Олардан да жақсы оқитындар:тырнауыш, қайшы, тақта, шелек, ше-ге алады. Әрбір оқушы құрал-сайманға жататындарын іріктеп сөз құрайды. Мұғалім тексеріп, қателерін жөндейді. Осыдан сон, әр оқушыдан ол сөзді неге құрал-сайманға жатқызғаны, ол құралмен не істелетіні, қалған картинканы неге құрал-сайманға жатқызуға болмайтыны айтқызылады.
Сөйтіп, заттардың атын айтып, сөз құрау жұмысы логикалық жаттығулармен ұштастырылады.
Әрбір сабақта балалар өздіктерінен орындау үшін тапсырма алады. Жаңа оқи бастағандар бірте-бірте күрделі тапсырмаларды орындай отырып, жүгіртіп оқи алатындарды көп ұзамай қуып жетеді.
Балалардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарының үлгілеріне мысал: Жаңа оқи бастағандарға: Әліппеден мал сөзін құрау; мал мәтінін оқу. Жүгіртіп оқи алатындарға: мал аттарын құрау; оған өздіктерінен мәтін құрастырып айтып беру т. с. с.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Дайындығы әр түрлі балалармен ұйымдастырылатын жұмыстың негізгі принциптері қандай?
2. Дайындығы әр түрлі балалармен қандай жұмыстар жүргізуге болады?
3. 1-сыныпта дайындығы әр түрлі балалармен өткізілетін бір сабақтың жоспарын жасаңыз.
2 ТАРАУ. САУАТ АШУ КЕЗІНДЕГІ ЖҰМЫСТАР
2.1 Әліппеге дейінгі дайындық кезеңі
"Әліппе" - көп деңгейлі, дамыта оқытылатын, ұлттың ерекшелігі бар, дәстүрлі мектепке арналған төл оқулық.
Тіл пәнінің жаңа мазмұны мен дамытушы қасиеті сауат ашу кезеңінен басталады. Оқу мазмұны мен бағдарламасы дамыта оқыту мақсатын көздейді. Дамыта оқыту оқушылармен шығармашылық түрде жұмыс жасауға үйретеді, әроқушыны ізденіске жетелейді.
Дамыта оқытудың түпкі мақсаты -- пәнді оқытудың тиімді әдістерін, түрлерін таңдап пайдалануға негізделеді. Осы орайда әліппе, ана тілі, қазақ тілі оқулықтары көп деңгейлі, дамыта оқылатын жаңа білім мазмұны мен ұлттық ерекшелігі бар дәстүрлі мектеп деңгейіне арналған төл оқулықтарымыз жаңа болып табылады.
Әліппе психология, педагогика, лингвистика ғылымы пәндерін басшылыққа алады.
Әліппенің оқыту мынадай кезеңдерден тұрады.
1 кезең: Әліппеге дейінгі кезең -2 апта, 14 сағат.
2 кезең: Сауат ашу кезеңі-98 сағат.
Оқу материалдары осы кезеңдердің ерекшелігіне қарай орналасқан.
"Әліппеге" дейінгі кезең - сауат ашуға даярлық кезеңі. Оқушының жақсы сауаттылығы осы кезеңде жүргізілетін жұмыстардың тиімділігіне тікелей байланысты.
Даярлық кезеңге оқу бағдарламасы бойынша 14 сағат бөлінген. Осы аз уақыт ішінде мұғалімге коптеген жұмыс атқаруға тура келеді. Партада дұрыс отырып, дәптерді, қаламды дұрыс ұстап, дұрыс пайдалануға, мектеп ережелері мен күн төртібін орындап, мұғалімнің айтқанын мұқият тыңдауға, дұрыс сөйлеуге, "сөйлем, сөз, буын, дыбыс" ұғымдарын ұқтыратын, үйрететін кезең. Әліппеге дейінгі кезең жұмысын өткізу - мұғалімнен үлкен кәсіби шеберлік пен ізденісті талап етеді.
"Әліппеге" дейінгі кезеңнің оқу материалдары бала өмірімен байланыстыра ұсынылған. Негізгі тақырыптар: "Мектеп", "Мектеп мүліктері" "Оқу-құрал жабдықтары", "Денсаулықсақтау", "Көшелер дежур төртібі", "Құстар", "Жеміс-жидектер", "Отбасы", т. б. тақырыптар берілген.
Жеке суреттер балалардың тілін дамытады, сөздік қорын байытады, ауызша байланыстырып сөйлеуге үйретеді.
Оқушылардың "сөйлем", "сөз", "дыбыс", "буын" туралы алғашқы ұғымдары нақты мысалдар арқылы меңгертілуі тиіс.
Дайындың кезеңіндегі кейбір сабақ үлгілерін ұсынамыз:
Сабақтың тақырыбы: Жабайы жануарлар. Аңдар. Буын.
Мақсаты - білім беру: жабайы жануарлар мен аңдардың әрқайсына түсінік беру.
Тәрбиелеу: олардың өзіне тән ерекшелігі, пайдасы және оларды қорғау, сақтау туралы мәлімет беру.
Дамыту: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Жануарлар мен аңдардың суреттері. Буын талдау схемасы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Жаңа сабақ.
1. Оқулықтың 20-21 беттеріндегі суреттер бойынша жұмыс.
а) Аңдар мен жануарларды көрсете отырып, атау. Тиін, арқар, елік, бүғы, керік, қосаяқ, қоян, қасқыр, түлкі, аю, арыстан, жолбарыс.
Аңдардың ерекшеліктері мен олардың пайдасына тоқталу. Олардың өмір сүретін жерін айту. Біздің жергі-лікті жерде кездесетін аңдарға тоқталу.
Аңдар атауларына буындық талдау жасау.
Ти ін, ар қар, е лік, т.б.
Сергіту сәті.
Тік ұста бойыңды,
Жоғары соз қолықды.
Соз қолықды тағы да,
Жеткіз жираф бойына.
Суреттер бойынша сөйлемдер құрастыру.
Қоян секірді. Қасқыр ұлыды. Аю ұйыңтап жатыр, т.б.
6. Дәптермен жұмыс.
"Сергіту сәті.
Таулар көріп өсеміз,
Баулар егіп өсеміз.
Жеміс теріп өсеміз,
Жеңіскер болып өсеміз.
7.Біздің елімізде аңдар мен жабайы жануарларды қорғау, сақтау туралы заңдар бар. Сол заңдарды орындау- әрбір азаматтың міндеті. Мұны біз де осы кезден бастап үйрене беруіміз керек. Табиғатты қорғау - баршамыздың міндетіміз.
8. Бекіту сұрақтары. Сабақ аяқталды.
Сабақтың тақырыбы: Құстар. Үй құстары. Дыбыс.
Сабақтың мақсаты - білім беру. Сөздерге дыбыстық талдау жасау. Оқушыларға үй құстарының ерекшелігі мен пайдасы туралы айту.
Тәрбиелеу: Үй құстары мен дала құстарын қорғау, сақтау жөнінде айту.
Дамыту: Оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Үй құстарының және дала құстарының суреттері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Жаңа сабақ.
а) Үй құстарымен таныстыру:
Қаз, әтеш, үйрек, балапан. ә) Сөздерге дыбыстық талдау жасау.
Қаз. Қ-дауыссыз, а- дауысты, з-дауыссыз.
б) Дала құстары: Тырна, қараторғай, аққу, шағала, жапалақ, қарлығаш.
в) Сөздерге дыбыстық талдау жасау.
3. Сергіту сәті.
Торғай, торғай, тоқылдақ
Жерден тары шоқып ап
Бөтекесі томпайып
Шың- шық десіп отырар.
Дәптермен жұмыс.
Жұмбақтар шешу.
Үй құстары туралы өлеңдер оқу.
Үйрек.
Қауіп-қатер жоқ алда,
Малту керек оған да,
Жұмыртқадан шыға сап,
Жүгіреді тоғайға.
Қаз.
Еске ал сол бір кезеңді,
Бадырайтып көзіңді
Талай мәрте ата қаз,
Қуған шығар өзіңді.
Бекіту.
Сабақ аяқталды.
2.2 Әліппе кезеңі
Сауат ашудың әліппе кезеңі аса күрделі де, жауапты процесс. Бұл кезеңде сауат ашудың басты мақсаты - оқу мен жазуды үйрету жүзеге асырылады. Сөздерді оқу мен жазу үшін тіліміздегі барлық әріптер мен дыбыстар оқытылады.
Сауат ашу ең оңай дыбыс, буын, сөздерден басталуға тиіс. Оңайдан қиынға қарай принципін жүзеге асырамыз.
Сауат ашудың негізгі мақсаты - оқу дағдысының негізін қалау, тыңдауға, айтуға, оқуға, жазуға үйрету, балаларға сөздің дыбыстың құрылысы туралы түсінік қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, содан сөзді тұтас, сөйлемді мағынасын түсініп оқуға үйрету, сауатты жазудың негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, ауызша диалогтың және монологтық сөйдеуін дамыту, сөзді ауада жазып үйретіп, дыбыстың талдау жасайды; Буындап оқытып буындап жаздырамыз. Сауат ашудың негізгі белгісі - сөз. Сөзбен жүргізілетін жұмыс түрлері сөзді ауызша айту, оқу және жазу. Сабақта сөзге дыбыстық талдау жасалады. Бұл - дыбыстық талдау, жинақтау әдісі арқылы іске асады.
Талдау әдісі: сөйлеуден сөйлетуді, сөйлемнен сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп аламыз.
Жинақтау әдісі: дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем, сөйлемнен сөйлеу арқылы тұтас әңгіме шығарамыз.
Оқушы сөйлем құрастырады, мәтінді оқиды, көшіріп жазады, сөйлеуге дағдыланады. Талдаудың басты тәсілі -дыбыстық талдау. Мұндай талдауда сөзден буын, буыннан дыбысты табады, орын ретін анықтайды.
Сауат ашудың талдау, жинақтау әдісі бойынша сөз жеке дыбыстарды бөлек-бөлек айту арқылы оқытылмайды, буынға бөліп оқытамыз.
Сауат ашу кезеңінің міндеттері және оған қойылатын негізгі талаптар:
Сөзге, буынға дыбыстық талдау жасау. Дыбыстар мен әріптерді таныту мақсатында сөз бен жеке дыбысты бөліп алу үйретіледі. Бөліп алынған дыбыстың орын ретін анықтайды (басында, ортасында, аяғында). Жеке дыбысты анық естіп, дұрыс дыбыстауды меңгерту. Оның дауысты не дауыссыз екенін айқындау.
Таныстырылатын дыбысымызды сөзге жинақтау, буынның құрамын ажырату, берілген заттардың суреттері бойынша сөз құрастыру.
Таныстырып отырған әрпіміз бойынша жеке сөйлемдер мен қысқа мәтіндерді дұрыс оқуын қалыптастыру, ондағы мазмұнды суреттер бойынша сөйлем, әңгіме құрастыру.
Жеке әріптерді жазуға үйрету, жазу үлгісі бойынша жазу. Сауат ашу кезеңінде оқушылар ана тіліміздегі барлық дыбыстарымен, олардың әріптерімен танысып,
оқуға, жазуға үйренеді. Сондықтан әліппе мына тізбе арқылы өтіледі. Әр тізбеден кейін қайталау жүргізіледі.
А, Т, П, Н, Ғ, Р, Л, У.
Ш, Й, О, Қ, Д, М, Б, С, Ү, қ, Ы.
Е, К, I, Ө, И, 3, Ә, Ү, Г.
Я, Ю, X, В, Ф, Э, Щ, Ц, Ч, Ь, Ъ.
Бұл әріптер ашық буыннан бастап оқытылады, ашық буынның 2 түрі үйретіледі:
1. Жалғыз (а), мысалы: а-на, а-па, а-ға;
2. На, па, та, мысалы: ша- на, па-па, а-та, та-ныс.
Ашық буын созылып айтылады, буындап оқытуды оңайлатады және ашық буын келесі буынның қосылып айтылуын тілеп тұрады. Одан кейін біртіндеп тұйық, бітеу буынды сөздер оқытылады. Дауысты дыбыс әріптерін бірінші оқытамыз. (А, О, Ы, Ү, У). Содан кейін жіңішке дауыстылар (Ә, Е, Ө, I, Ү). Себебі сөйлеу тіліміздің басым көпшілігі жуан дауыспен айтылатын сөздер. Ал басқа тілден енген дыбыстарды әліппенің соңына қарай топтастырған. Баланың психологиялық ерекшелігіне сәйкес, дүниені тұтас күйінде қабылдайтынын ескеріп, әр сабаққа белгілі бір тақырып өзек етіп алынады, балалардың зейіні бір арнаға бағытталады, жүйелі білім алуына жағдай жасалады. Мысалы: негізгі тақырып: "А дыбысымен әрпі". Қосымша: "бақ", "бақша", "жемістер" тақырыбы берілген,
" Ғ дыбысы мен әрпі".
Қосымша тақырып:ғарыш,ғалым, ғарышкер, деген тақырыптар берілген. "Әліппеде" "оқу мен жазу" тұтас бірлікте қарастырылған. Жазу жұмысының өзіндік қиындығы бар. Бала көптеген ережені бір мезгілде орындауға тиісті. Сауат ашу - жазуға төселдіру, үздіксіз жазу жаттығулары арқылы іске асады. Әрбір әріптің жазба нұсқасының бас әрпі мен кіші әрпін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz