Бастауыш сыныптардағы математика пәнінен дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру
Семинар тақырыбы :
Бастауыш сыныптардағы математика пәнінен дәстүрлі емес
сабақтарды ұйымдастыру
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүние танымы дұрыс қалыптасқан тұлға етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орыны айрықша. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын , күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы - бастауыш мектеп. Бастауыш саты-білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың ірге тасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан, оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш қуаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті - жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға - Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу - әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушыларына тәжірбиені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуі керек. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш сынып мұғалімі олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру - мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті басым болу қажет.
Дәстүрлі емес сабақтар оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, немқұрайлығын жойып сабақ дағдысын қалыптастырады, балалардың көңіл-күйін көтереді, оқушының бойында терең тиянақты білім қалыптастырады. Сондықтан дәстүрлі емес сабақ түрлерін пайдалану,сабақ үрдісінде басты рөл атқарады.
И.П.Подвласованың анықтамасы бойынша : Дәстүрлі емес сабақ дегеніміз - түрлендірілген сабақ түрі, өзінің құрылымы бар . Дәстүрлі емес сабақты білімді тиянақтауда немесе жаңа сабақта өту кезінде пайдалануға болады.
Мұғалім алдындағы негізгі міндет-берілген тапсырманы оқушыға түсіндіріп, көрсетіп, жеткізіп беру емес, берілген жұмысты ұйымдасқан түрде жасауға, шешуге үйрету. Математика сабағында дәстүрлі емес сабақ өткен ыңғайлы, өйткені ол, оқушының сабаққа деген қызығушылығын артырады, өзіндік іс-әрекетке бейімдейді және олардың бойында білім, білік дағдыларын қалыптастырады. Негізінде бекіту және қайталау сабақтарында баланың сабаққа деген қызығушылығы төмен болады. Осыған байланысты сабақтарды дәстүрден тыс сабақ ретінде берсе,сабақ өте қызықты болар еді. Дәстүрден тыс сабақ беру барысында сабақты тиімді оқыту , мұғалім мен оқушыны шығармашылық қатынасқа жетелейді. Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Сабаққа дайындық негізі оқулықпен ғана шектелмеуі тиіс. Мұғалім материалды кеңінен, тереңнен түсінуі қажет. Бұл оған сабақты басқаруға, материалды оқулықтағыдан басқаша түрлендіріп, оқушылардың танымдық және ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз беттерімен шығармашылық жұмыс істеуге үйретуге, тапсырманы ілгерлеу әдісімен беруге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегіндегі сабақта қолданылатын әдістемелердің нәтижелігі туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді. Мұғалімнің шеберлігі , біріншіден, сабаққа дайындығы, үнемі және мақсатты түрде, өз білімін, өз тәжірбиесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы мақсатында сіздерге төмендегі:
Сабақтың түрлері және оның құрылымы таныстырғым келеді:
1. Зерттеу сабағы - іздендіру мақсатында
2. Саяхат сабақ - танымдық қабілетін дамыту
3. Семинар сабақ- оқушының білімін тереңдету
4. Сайыс сабақ - оқушылар ойларының жетітігін байқау
5. Конференция сабақ - іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру.
6. Сынақ сабақ- білім дағдысын бір бір жүйеге келтіру.
7. Диспут сабақ - білім мен дағдысын қалыптастыру.
8. Ойын , жұмбақ - оқушылар зейінін дамыту.
9. Сахналау сабақ - оқуылар шығармашылығын дамыту.
10. Талқылау сабағы - ауызекі тілдегі, жұмыстағы жіберген қателерін арнайы талдау.
11. Ертегі сабақ - оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
12. Интеграциялық- сабақ пән аралық байланысты жетілдіру
13. Панорамалық сабақ мақсаты - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі.
14. Аукцион сабақ - бір нәрсені сату арқылы өткізіледі
15. Көңілді тапқыштар сабағы - өткен материалдарды қайталау мақсатында өткізіледі
16. Шығармашылық сабақ - оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аударылады.
Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады.
Панорамалық сабақ. Панорамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай, оның тиімділігі неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезуі керек. Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі - мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін көпке танытады.
Сайыс сабақ сабақтың атына байланысты сыныпта екі команда білімдері бойынша сайысқа түседі. Мысалы: есеп шығару, сөйлем талдау. Алдын ала оқушылардың өзінен қазылар алқасы құрылады. Мұғалімнің көмегімен қай команданық жеңгені анықталады. Екі команданық капитандарының жарысы ұйымдастырылып, олардың да жауаптары салыстырылады. Сонынан қорытынды шығарылады.
Аукцион сабақ бір нәрсені сату арқылы өткізіледі. Сабақтың құрылымы: өткен сабақты тексеру, аукцион төртібін түсіндіру, зат сату, финал, қорытынды. Сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады. Затты ол туралы көп білетін оқушы сатып алады. Мысалы: киіз үй, қолөнер бұйымдары.
Көңілді тапқыштар клубы көбіне өткен материалдарды қайталау мақсатында өткізіледі.
Дәстүрлі емес сабақтың бір түрі - ойын сабақ.
Сабақтың бұл түрі - баланың шығармашылық және ойлау қабілетін дамытады. Сөзжұмбақ оқушылардың ой - өрісін, білім көкжиегін тексерумен қатар өтілген материалды қаншалықты меңгергенін тексеруге өте қолайлы. Логикалық тапсырмалар оқушының психологиялық және жас ерекшелігіне байланысты таңдап алынады. Қазіргі педагогтардың пікірінше сөзжұмбақ оқушылардың ойларын ұштайды. Жұмбақтарды шешу ойларын бір жүйеге жүйелейді. Балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, өз пікірлерін дәлелдей алуға жетелейді.Жұмбақ шешу шығармашылық үрдіс. Сөзжұмбақты шешу кезінде оқушыларға сызу қиындық туғызады, сондықтан сөзжұмбақты алдын ала тақтаға сұрақтарымен қосып жазып қойған дұрыс. Сөзжұмақты кішкентай қалташалар арқылы жасауға да болады. Қалташаларға салынған кеспе қағаздардың беті өзіңе қарай қаратып жазып, екінші жағына тапсырмалар жазуға болады. Тақырып бойынша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz