Ойын баласын оқытудың басты жолы - ойын әдісі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
Ойын баласын оқытудың басты жолы - ойын әдісі. Баланы оқытудың барысында оның берілген ақпаратты қабылдауда ыждағаты, төзімі 20 минуттан аспайды. Сондықтан ойын баласына еркіндік берілуі тиіс. Баланың ойын әрекетін белгілі бір жүйемен оқу әрекетіне айналдырудың сан қилы жолдары қарастырылуы жөн. Оған балаларда белгілі бір жағдайда қалыптасқан ойын жүйесін, таңдалынып алынған ұлттық ойындарды, тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген дидактикалық ойындарды қай жерде, қалай таңдап, қалай пайдалану мұғалімдерден үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді.

Сабақты ойын баласы тез шаршап жалықпайтындай, оның денсаулығына, жүйке жүйесіне нұқсан келмейтіндей етіп ұйымдастыру да мұғалімнің білім деңгейіне, тәсіліне, шеберлігіне байланысты. Ойын әдісін сабақтың кез келген кезеңінде тиімді пайдалануға болады.
Ойын оқытудың әдісі, тәсілі, құралы әрі сабақты ұйымдастырудың формасына айналғанда ғана 6 жасар бала үшін мектеп қуаныш мектебіне айналмақ.
Ойын технологиясы - оқу - тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әр түрлі ойындарды қолдануды көздейтін дидактикалық жүйелер [101,17-18].
Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз -- педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
Ойын технологиясының мақсаты - оқушыларға жаңа білім-білік дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз ету, зерттеу жұмыстарына бағыттау.
Ойын арқылы оқыту технологиясы - балама варианттарды таңдап алу негізінде қойылған міндеттерді шешу біліктерін қалыптастыратын әр түрлі ойындарды қолданудың жүйесі.
Ойынның мазмұны логикалық ойға құрылып, адам бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал тигізеді.
В. В. Николина жүргізген зерттеу нәтижелері негізінде ойын технологиясының бірнеше компоненттерін бөліп көрсетті, мәселен:
- мотивациялық;
- бағдарлаушылық;
- мақсаттылық;
- мазмұндық-тәсілдік;
- құндылық-еріктік;
- бағалаушылық.
Мотивациялық компонент балалардың іс-әрекеттің мазмүнына, үрдіске деген қатынасымен байланысты олардың ойынға қатысу мотивін, қызығушылығы мен қажеттілігін көрсетеді.
Бағалаушылық компонент балалардың оқу-танымдық іс-әрекеттің, адамгершіліктің, құндылықтың мақсатын түсініп, қабылдауымен байланысты болып келеді. Әрине, балалардың адамгершілік, құндылық түсініктерінің мән-мағынасын түсінуі күнделікті балабақшадағы ұйымдастырылатын барлық оқу-тәрбие жұмысының барысында жүзеге асырылады.
Мазмұндық-тәсілдік компонент балалардың күнделікті балабақшадағы оқытылатын оқу материалының мазмұнын меңгеруін, сонымен қатар, олардың өздерінде бұрыннан бар білімді және іс-әрекет тәсілдерін тірек ете білу қабілетін көрсетеді. Бұл ойын әрекетінің нақты мақсатқа бағыттылығын меңзейді. Сондай-ақ, әрекет тек мақсатпен ғана емес, ол тиісті шарттармен де, яғни бағдарлау жүйелерімен де анықталады (әрекеттің бағдарлаушылық негізі). П. Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекетінің қалыптасу кезеңдері теориясы бойынша адам кез келген ой әрекетін орындау барысында белгілі бір бағдарлау жүйесін тірек етеді.
Әрекеттің бағдарлаушылық негізі дәлелді болу үшін мынадай мысал келтіруге болады. Мысалы, ойын барысында балаларға ханның, патшаның және т. б. әрекет етудің жоспарын дұрыс берсе, оны олар жеңіл меңгереді және ойында тиімді пайдаланады.
Құндылық-еріктік компонент танымдық белсенділіктің нақты мақсатқа бағытталуын қамтамасыз ете отырып, зейінді шоғырландырады және ойынға эмоциялық өң береді. Демек, ойынның бұл компоненті әлеуметік-мәдени тәжірибенің ерекше түрі ретінде жеке бағдарлауды дамытуға бағытталады.
Бағалаушылық компонент ойын нәтижесінің ойынның мақсатымен үйлесіп келуін қамтамасыз етеді. Яғни, баланың танымдық іс-әрекет барысында тиісті ақпараттарды (білім, іскерлік, дағды) жүйелі меңгеруі жатады. Сонымен қатар, бүл компонент ойын үрдісін басқаруды және өз іс-әрекетін реттеуді қамтамасыз етпек.
Қарастырылып отырған ойын компоненттерінің барлығы өзара бір-бірімен тығыз байланысты, оларды бір-бірінен бөлуге болмайды, өйткені бұл компоненттер ойынның құрылымын анықтайды.
Көптеген зерттеушілер осы компоненттердің бірқатар құрылымдық элементтерін бөліп көрсеткен, мәселен: ойынның ережесі, міндеттері, ойын жағдаяты, сюжеті,ойын әрекеті, нәтижесі [қараңыз: кесте 1].
Кез келген ойынның басталуы педагог-тәрбиешінің жетекшілігімен ойынға эмоциялық өң беру арқылы жүзеге асырылады. Бұл балалардың ойынның міндеттерін түсініп, қабылдауын қамтамасыз етуші, танымдық мотивациясын қалыптастырушы, ойлау іс-әрекетін, қиялын белсендіруші -- өзіндік ерекшелігі бар ойын алдындағы жағдаяттар, ойын алдындағы даярлық болып табылады. Балалардың ойынға белсенді кірісуін әр педагог әр түрлі қызықты тәсілдерді қолдана отырып қамтамасыз ете алады. Мүмкін, ол әр түрлі суреттер, тіпті педагогтың шағын әңгімесі арқылы басталуы мүмкін, мысалы: Біздің жорығымыз ну орманда басталды деп ойлайық.
Кесте 1. Ойын технологиясы компоненттерінің ойынның құрылымдық элементтерімен өзара байланысы
Ойын технологиясының компоненттері
Мотивациялық компонент
Бағдарлаушы мақсаттағы компонент
Мамұнды-тәсілдік компонент
Құндылық-еріктік компонент
Бағдарлаушылық компонент
Ойын жағдаяты
Ойынның міндеттері
Ойынның ережесі,
ойын әрекеттері
Ойын жағдайлары
Ойынның нәтижесі

Жоғарыда аталған элементтердің барлығы балаларды ойын жағдаятына ендіруге, қызықтыруға мүмкіндік жасайды. Сөзіміз дәлелді болу үшін әр компоненттің құрылымдық элементтеріне тоқтала кетейік. Ең әуелі мотивациялық компонент ойын жағдаятын қамтамасыз етеді дедік. Педагог-тәрбиеші балаларды ойынға тартуда Көз алдыларына елестетіңдер..., болып жатыр, Біз ... жүрміз және т. б. тәрізді сөз тіркестерін пайдаланады.
Балаларды ойынға тартуда ойынды өткізу үшін алдын-ала ойластырылған орман, мұхит, көлдің жағасы және т. б. айтарлықтай маңызы бар екенін әсте ұмытпаған жөн. Сонымен қатар, ойын мазмұны, ойын әрекеттеріне сәйкес қатысатын балалар саны да алдын-ала анықталады. Ойын нәтижелі болу үшін педагог-тәрбиеші балалардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасының ережесі тәрбиелеуші рөлді атқарады, сонымен қатар оны дұрыс бағыттайды. Ойын ережесіне бірнеше мысал келтіруге болады, мәселен: өз жұмысыңды аяқтадың, бала досыңа көмектес: қайырымды бол, құрбы-достарыңның айтқанын мұқият тыңдай біл және т. б. Жарыс-ойындарында тәртіпті реттеу үшін айып төлеу енгізуге болады. Бұл балаларды жалпыға ортақ ережені орындаудың қажеттігін түсінуге үйретеді.
Ойынның негізгі ерекшелігі -- ол балалардың қоршаған өмірді: адамдардың қимылын, іс - әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойында бөлме, теңіз, аспан кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.
Ойын іс - әрекетінің тағы бір ерекшелігі - оның әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді.
Балалар ойынының ерекшелігі сондай - ақ бейненің, ойын әрекеті мен сөздің ұштасуымен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес, шын мәні. Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның іс - әрекетімен, сезімімен тыныстайды. Кейде бейненің баланы баурап әкететіні соншалық -- ол тіпті өзін әдеттегідей шақырғанға жауап та қатпайды.
Балалар үн - түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді. Ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен шешесі үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлеседі және т. б. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың өз қатынасын толығырақ ашады.
Ойын үдерісінде сөйлесу қарым - қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар арасында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің қайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына көмектеседі.
Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рөлдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс - әрекеті ретінде көрсетеді.
Ойынның түпкі ниеті - бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы, мәселен: дүкен, аурухана, әскер және т.с.с. болып ойнау. Ол сөзде тұжырымдалып, ойын әрекеттерінің өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнында қалыптасады және ойынның өзегі болып табылады.
Ойынның түпкі ниетіне қарай ойындарды азды - көпті мынадай типтік топтарға бөлуге болады:
- тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар (отбасы, мектеп, балабақша болып ойнау);
- жасампаз еңбекті бейнелейтін ойындар (үйлер, стадиондар тұрғызу, кеме салу);
- қоғамдық оқиғаларды салу, дәстүрлерді бейнелейтін ойындар (мерекелік демонстрациялар, қонақтарды қарсы алу, саяхаттар).
Ойындарды бұлай бөлу, әрине шартты ғана, өйткені ойын өмірдің алуан түрлі құбылыстарын бейнелеуді қамтуы мүмкін.
Ойынның сюжеті, мазмұны - бұл оның жанды тұлғасын құрайды, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым - қатынастарының дамуын, көпжақтылығын және өзара байланысын анықтайды. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға деген ықылас пен ынтаны қоздырады.
Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні -- бала атқаратын рөл. Ойын үдерісінде рөлге берілетін маңызына қарай көптеген ойындар рөлді немесе рөлді - сюжетті ойындар деп аталады. Рөл әрқашан адамға немесе жануарға, ол қиялдағы қылықтарға, іс - әрекеттерге, қарым - қатынастарға қатысты болады. Солардың бейнесіне енген бала сол өзі қалап алған нәрсеге айналады, яғни белгілі бір рөлді ойнайды.
Ойын үдерісінде балалардың өздері (ал кейбір ойындарда - ересектер) ойнаушылардың мінез - құлқы мен өзара қарым - қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұнын баянды етеді және қарым-қатынас пен өзара қарым - қатынастың одан арғы дамуын, күрделене түсуін айқындайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.
Сабақтың үстінде ойынды қолдану мынадай негізгі шарттарға жүгінеді:
- ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады;
- оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады;
- оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады;
- оқу әрекетіне ойын жұмыс элементі ретінде кіреді;
- ойын нәтижесі бірден шығарылып отырады;
Осындай дайындық кезінде сабақтағы ойын элементін қолдану үшін мына мәселелерді ескеру қажет:
- тәрбиелік мақсаты;
- қолданылатын көрнекіліктер;
- уақытты үнемдеу;
- ойын қызықты бола ма?;
- оқушылардың белсенділігін бақылау.
Сабақ барысында оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы олардың пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Ойынға қойылатын талаптар қандай болмақ деген сұраққа төмендегі сызба негізінде жауап беруге болады.
Адам әрекетінің еңбек, оқу сияқты негізгі түрлерінің бірі - бұл ойын. Ойын - бұл жағдаят жағдайында қоғамдық тәжірибені игеру және қайта туғызуға бағытталған әрекет түрі. Ойын барысында тұлғаның мінез-құлқын өзі басқаруы жетіліп қалыптасады. Отандық педагогика және психология ғылымдары саласында ойындық әрекет бағдарламасын К. Ушинский, П. Блонский, С. Рубинштейн, Д. Эльконин, шетелде З. Фрейд, Ж. Пиаже және т. б. жасады. Олардың еңбектерінде тұлғаның даму сатыларында, негізгі психикалық қызметтері дамуындағы, тұлғаның өзін-өзі басқаруы мен өзін-өзі билеуіндегі, әлеуметтену үрдісінде - адамның қоғамдық тәжірибені пайдалану және игерудегі ойынның рөлі зерттеліп негізделген.
С. А. Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады:
- тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат);
- елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты (шығармашылық аясы);
- әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс (эмоционалдық қуат);
- ойын мазмұнын, оның дамуын логикалық және мерзімдік, уақыт тұрғысынан бейнелейтін тікелей және жаңа ережелердің болуы.
Ойын әрекетінің түрткісі оның еріктілігімен, таңдау мүмкіндігі, жарыс элементтері болуымен қамтамасыз етіледі.
Үрдіс ретінде ойын құрылымына:
- ойнаушының өзіне таңдаған рөлдері;
- сол рөлдерді іске асыру құралы ретіндегі ойын элементтері;
- нәрселердің ойындық қолданылуы, яғни шынайы нәрселердің шартты түрде не ойын түріне ауыстырылуы;
- ойнаушылар арасындағы шынайы қарым-қатынастар;
- сюжет (мазмұн) - ойын барысында шартты түрде алынатын шындық саласы.
Ойындық әрекет бағдарламасын зерттеген ғалымдар пікірінше, ойын педагогикалық мәдениет феномені ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады.
Сурет 2. Ойынның педагогикалық мәдениет феномені ретінде атқаратын қызметі

- Әлеуметтендіру қызметі
Өйткені, ойын - баланы күшті қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу және оған мәдениет байлығын игерту құралы.
- Ұлтаралық қатынас құралы қызметі
Себебі, ойын - балаға жалпы адамзаттық құндылықтарды, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін игеруге мүмкіндік туғызады. Өйткені, ойын -- әрі ұлттық әрі интернационалдық, сонымен бірге жалпы азаматтық. Ойында бала адамзат тәжірибесі аясында өзін-өзі көрсету қызметін көрсетеді. Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік нақты қиындықтарды жою жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан тәжірибесінің олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік береді.
- Ойынның қатысымдық қызметін балаға шынайы күрделі адамдық қатысым аясына енуге мүмкіндік беретін дерегі айқын көрсетеді.
- Ойынның диагностикалық қызметіпедагогқа баланың әр қырынан: интеллектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық және т. б. көрінуін диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойын - баланың өз күшін нақты сезінетін, өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын, өзін-өзі көрсету аймағы болып табылады.
- Ойынның емдік қызметі - баланың қарым-қатынаста, оқуда, мінез-құлқында туындайтын әр түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде қолданылуымен түсініледі. Ойынның мұндай қызметін Д. Б. Эльконин аса жоғары бағалайды.
- Ойынның түзеу қызметі деп баланың тұлғалық құрылымының көрсеткішіне жағымды өзгерістер, толықтырулар енгізу түсініледі. Ойын әрекетінде бұл үрдіс басқа кездегіден гөрі неғұрлым жұмсақ өтеді.
- Ойынның дамытушылық қызметі оның ең маңызды қызметтерінің бірі.
Сонымен бірге, ойын - баланың қызығушылықтан дамуға ұласатын, қызығушылығының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық кеңістігі.
Педагогикалық ойындардың ойыннан негізгі айырмашылығы - дәл айқын қойылған оқыту мақсатына және оған сәйкес педагогикалық нәтижемен негізделуінде және оқу-танымдық бағыттылығымен сипатталатын мәнді белгілерге ие болуында.
Педагогикалық ойындар:
- мақсатына қарай;
- ұйымдастырылу құрылымына қарай;
- олардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сай пайдалануына қарай;
- мазмұнының өзіндік ерекшелігіне қарай
жеткілікті дәрежеде алуан түрлі болып келеді. Әсіресе, ойынды қолдану халықтық педагогикада, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен тараған. Соңғы жылдарға дейін оқыту үрдісінде ойынды қолдану аса кең таралмады. Қазіргі мектептерде, ересектерді оқыту барысында, мектептен тыс тәрбиелік шараларда ойынды тұлғаның белсенділігін көтеру мақсатында қолдану орнығып келеді. Оқу үрдісінде ойын технологиясын қолдану орнын анықтау, ойын элементтерін кіріктірудің оңтайлығы мен тиімділігі оқытушының педагогикалық ойындар қызметі мен сыныпификациясын түсінумен, қолдану шеберлігімен тығыз байланысты.
Белгілі педагог ғалым Г. К. Селевко педагогикалық ойындарды төмендегідей топтарға жіктейді:
- әрекет саласына қарай;
- дене;
- интеллектуалдық;
- еңбек;
- әлеуметтік;
- психологиялық.
Педагогикалық үрдіс сипатына қарай:
- білімділік, тренингтік, бақылаушылық, қорытындылау;
- танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;
- қатысымдық, диагностикалық, кәсіптік-бағдарлық, психотехникалық.
Ойын әдістемесіне қарай:
- пәндік;
- сюжеттік;
- рөлдік;
- іскерлік;
- иммитациялық;
- драмалық.
Пәндік саласына қарай:
- математикалық, химиялық, биологиялық, физикалық, экологиялық;
- музыкалық, театрлық, әдеби;
- еңбек, техникалық, өндірістік;
- дене шынықтыру, спорттық, әскери-қолданбалы, туристік, халықтық;
- қоғамтану, басқарушылық, экономикалық, коммерциялық.
Ойнау ортасына қарай:
- нәрселік-нәрсесіз;
- үстел үстінде, бөлмеде, көшеде ойналатын, жергілікті;
- компьютерлік, теледидарлық, ОТҚ;
- техникалық қозғалыс құралдарымен ойналатын ойындар.
Ең бастысы, ойынның қарым-қатынас, оқыту және өмір тәжірибесін жинақтаудың құралы ретінде аса күрделі әлеуметтік-мәдени құбылыс екендігін ұмытпаған жөн.
Ойынның күрделілігі оның формаларының көптүрлілігімен, өткізу ережесімен және оған қатысу жолдарымен анықталмақ. Ойынның әлеуметтік- мәдени табиғатының өзі-ақ оны білім берудің басқа ешнәрсе ауыстыра алмайтын элементі етіп көрсетеді. Ойын барысында:
- мінез-құлық ережелері және келешек өмірге қажет әлеуметтік топтардың (қоғамдық формация түрі) рөлдері меңгеріледі;
- олардың мүмкіндіктері қарастырылады;
- біріккен ұжымдық іс-әрекет дағдылары жинақталады, ойын мақсатына жетуге қажетті балалардың жеке ерекшеліктері қалыптасады;
- мәдени дәстүрлер жинақталады.
Я. А. Коменский Ұлы дидактика деген еңбегінде 6 жастан 12 жасқа дейінгі жас кезеңін өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атайды. Бұл кезеңдерде балалардың нақты, түсінікті ана тілінде білім беру керек. Сонымен қатар білім балалардың есінде қалатындай болуы тиіс. Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейді, сол себептен оларға оқу әрекеті жеңіл болып көрінеді. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін жеңілдетудің бірден-бір құралы ретінде ойынды ойнатуға болады.
Бастауыш сынып оқушылары еліктегіш, жаңаны жаны сүйгіш келеді. Сондықтан мұғалім сабақ барысында ойын түрлерін пайдаланып отырса, оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, алған білімдерін өмірде қолдана білу мен ізденімпаздық дағдылары жетіле түседі.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланылатын: ойын-сабақ, ойын жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, іскерлік ойындар немесе ұлттық ойындар және тағы басқалары. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Оқу үрдісінде -- кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол -- дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта-ықыласын еске ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап -- оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:
- балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
- баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;
- білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз ету;
- ойын барысында баланың жаңа білім, білік, дағдылардың қайнар көздеріне жетуі;
- баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі.
Осы көрсетілген сұраныстардың ішінде балалардың танымдық әрекеттерін дамытуда, әсіресе, кейінгі үш бөлімнің маңызы зор.
Дамытушы ойындардың ішінде оқушылардың өздері қолдан жасап, құрастырып ойнайтын ойыншықтардың орны ерекше. Өйткені, өздері ойын барысында жаңа білім алып, олардың елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілі мен олардың түрлі қабілеттері: конструкциялық, музыкалық, ұйымдастырушылық қасиеттері дамиды.
Сабақты бірыңғай әдістермен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар сабақ мазмұнына аса назар аударып, тез қабылдап, ұғып алады.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, еркін сезім түрлерін де дамытады.
Сонымен бірге бастауыш сынып оқушыларының назарын аударатын ойын түрлерінің бірі - спорттық ойындар. Бұл ойын түрі берілген тапсырманы орындаумен қатар баланың денсаулығын нығайтып, тағы басқа көптеген қасиеттерін дамытады.
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті -- оқу, қарым-қатынас, ойын және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу білім алу мен білік, дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ойын - пәндік әрекеттерді жетілдіріп, бірлесіп жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Ал еңбек -- қолдың қозғалысын жақсартып, практикалық, кеңестік және көрнекі ойлауын жетілдіреді. Балалардың бұндай әрекеттерге белсене қатысуы олардың психикалық дамуын арттырады деп түсіндірген.
Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін аса зор ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруге көмектеседі. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты олар ойынға өте ынталы келеді. Ойын барысында балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дәл орындауға тырысады. Төменгі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.
Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа деген принципті негізге ала отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Мүмкіндігіне қарай әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып сабақ жүргізу, мұғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз.
Ойынның негізгі мақсаты -- баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті - сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану -- бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай-ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.
Ойындарды таңдауда оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарына жетуге бағытталған мазмұндық-мотивациялық аспектіге сүйену қажет. Яғни олар:
- оқушының жас ерекшеліктері, білім, іскерлік және дағдының көлемі, оқушының даму деңгейі мен психикалық жай күйі;
- оқып- үйренетін материалдың сипаты мен мазмұны, сол сабақтың мақсаты;
- нақты ойын жағдайындағы ерекшеліктер.
Қандай да болсын ойын түрлері баланың пәнге деген қызығушылық қабілетін оятатындай деңгейде болуы тиіс.
Ойын түрлерінің жіктелуі:
- грамматикалық;
- психологиялық;
- тірек-сызбалар;
- логикалық;
- техникалық;
- дене - еңбек.
Грамматикалық ойындар
Оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, жазу тілін дамытуларына мол мүмкіндік береді. Синтаксистік, морфологиялық талдаулар үдерісі үздіксіз дамып отырады. Сонымен қатар фонетикалық заңдылықтарды да еркін меңгере алады. Олардың қатарына : 1) әріптік, буындық кеспелер; 2) диктант түрлері; 3) жаттығу түрлері; 4) шығарма, мазмұндамалар; 5) әңгіме, мәтін құрастыру; 6) сөздіктер.
Психологиялық ойындар - көбіне таныс емес тақырып кездескенде сұрақ қою арқылы ойналады. Ол оқушылардың ой - пікірлерін бөлісуге, маңызды мәселелерді шешуге, материалдарды қалай түсінгендерін ашық айта білуге септігін тигізеді. Олардың қатарына : 1) психологиялық сынау, сауалнамалар; 2) сурет салу, құрастырулар; 3) пікірталастар; 4) сұрақ - жауаптар; 5) сөздіктер (диалог, монолог).
Мектеп табалдырығын аттап, ең алғаш партаға отырған оқушыларға қалам мен қағаз беріп, Қолыма тұңғыш қалам ап тақырыбында сынақ ойынын жүргізуге болады. Ойын аяқталған соң оқушылардың барлығына психологиялық мінездеме жазылып, зерттеу жұмысын жасауға болады.
Тірек сызба ойындар - бұл ойындар атынан көрініп тұрғандай көбіне сызу, суреттеу, жобалау, әскездеу боп табылады. Ойын грамматикалық ойынмен тығыз байланысты. Олардың қатарына:
- ойықжазбалар;
- суретті жұмбақтар;
- сөзжұмбақтар, аннаграммалар;
- суретпен бейнелеулер жатады.
Логикалық ойындар - оқушылардың ой - өрісін, тіл, сөз байлығын кеңейтеді. Ойын ойланғыштыққа, іздемпаздыққа, тапқыштыққа, шапшаңдылыққа, жауапкершілікке итермелейді. Ойын ойлау шеңбері арқылы жүзеге асады. Сондықтан көбіне сұрақ - тапсырмалар арқылы беріледі. Олардың қатарына: 1) жұмбақтар; 2) логикалық сұрақ - тапсырмалар; 3) лездік тапсырмалар; 4) әрі қарай жалғастырулар т. б. жатады.
Техникалық құралдармен ойналатын ойындар - қазіргі заман талабына сай қағидаларды негізге ала отырып ойналатын ойындардың түрі. Бұл ойындарды ойнау барысы қоғамда, тұрмыста, үйде, болашақта көп көмегін тигізетіндігі дәлелденген. Олар: 1) лингофон құрылғылары; 2) компьютер; 3) Сега, Дэнди; 4) тир, автоматтар; 5) кодоскоп, диапроекторлар; 6) магнитофон, музыкалық орталық; 7) караоке.
Дене - еңбек ойындары -- бұл ойындардың көбісі күш жұмсап, тер төгіп еңбек ету нәтижесінде жүзеге асады. Ол дене шынықтыру пәнімен тығыз байланыса отырып, мұғалім шеберлігімен жүзеге асады. Олардың қатарына: 1) сергіту сәттері; 2) тыныс алу жаттығулары; 3) спорттық ойындар; 4) ұлттық ойындар жатады.
Компьютерлік ойындардың түрлері мен оларды тиімді қолдану ерекшелігі
Оқу үрдісінде дидактикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын ойындар көп орайда дидактикалық деп аталады.
Дидактикалық компьютерлік ойын дегеніміз - бұл оқу мақсатына жетуге бағытталған компьютерлік ойын. Мұндай ойынның қалыптасқан дәстүрлік ойыннан айырмашылығы: ойынды ұйымдастырушы (ойын жағдайын жасау және оның барысын қадағалау), тағы да біреудің, яғни компьютердің болуы. Осындай жайтпен компьютерлік ойында компьютер бірнеше қызметті: ойын жетекшісі үлкеннің, партнер - ойыншының, ойынның дидактикалық материалдарын іріктеу қызметтерін қатар атқара алады. Компьютердің осындай бесаспаптығы және осы қызметтерді атқарудағы шектеулі мүмкіндіктері дәстүрлік ойындармен салыстырғанда, өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар бірегей ойын деп саналады.
Компьютерлік ойынның негізін логикалық құрылым құрайды, онда үш деңгей айрықша көрсетілген: а) оперативтік; ә) тактикалық; б) стратегиялық.
Оперативтік деңгей термині аясында ойын ішінде атқарылатын әрекет- операциялар жиынтығының екеуара ойнағандағы үрдістің жалғасы деп түсіндіріледі. Оперативтік деңгей әрекетінің нәтижесі дисплей экранындағы барлық ауысымдар мен өзгерістердің бейнеленуі болып табылады. Егер компьютерлік ойынды іс - әрекет деп санасақ, онда бұл деңгей адамның тек тетік басатын операциялық төмен деңгейіне сәйкес келеді.
Тактикалық деңгей қандай да бір шектелген мақсатқа жеткізетін ойын әрекеттерінің жиынтығы ретінде анықталады. Жоспарлы тактикалық әрекет нәтижесінде жекелеме операциялардың қойылған мақсатпен сәйкестігі жүзеге асып, ойнаушы ойынды жақсы (немесе керісінше) жағдайға ие болады.
Стратегиялық деңгейдің артықшылығы мынада: мақсат пен ұтысқа қол жеткізу үшін барлық ойынның алдын-ала жоспарлануы. Бұл деңгей тактикалық жоспар әрекетін бір жүйеге келтіріп, адамның жоғарғы іс - әрекетінде ойнаушының әрекетін бір ғана мақсатқа жұмылдыруға мүмкіндік береді. Ойнаушының барлық іс - әрекеті компьютердің тетіктерін басуға ғана келіп тіреледі. Ойнаушы ойынның ережелері мен шарттарын қатаң сақтауға міндетті. Дегенмен бұл шектеулер ойын материалының ішіне бойлап енуіне, назарын дамытуға, ұқыптылық пен дәлдікке үйренуіне мүмкіндік береді. Оның үстіне компьютердің сызбалық және дыбыстық мүмкіндіктері ойнаушының ойнау қиялын жетелеп, оған кең таралған ойындарды жетілдіруге, ұстанымды түрде жаңа ойындар жасауға мүмкіндік туғызады.
Компьютерді емін - еркін меңгеру балалардың, тіпті үлкендердің өздерінің жаңа, ғалымдардың кабинеттерінде жасалып жатқан техниканың өзіне қызығуларын арттыра түседі деп есептейді психологтар.
Осындай жайтпен ойынды жүргізудің қарапайымдылығы, жекелеме режимдердің болуы, шапшаң өтілетіндігі, түрлі сценарийлер мен кейіпкерлер жасау жолындағы кең техникалық мүмкіндіктері көп жағдайда компьютерлік ойынның дәстүрлі ойыннан артықшылығын аңдатады.
С. Пейперттің пайымдауынша, компьютерлік ойын баланың ойлау қабілеттерін дамытып, заттардың және т. б. бір - біріне әсерлерін өз бетімен түсінуге мүмкіндік береді деп түйіндеген.
Қазіргі таңда елімізде компьютерлік ойындар өз деңгейінде қолданылып келеді. Олардың ішінде әр түрлі тақырыпқа байланысты барлық компьютерлік ойындарды бір - бірінен мазмұнына, ойынның ойналу тәртібінің айырмашылығына байланысты 8 жанрға бөлуге болады:
1. Аркадты ойындар.Аркадты сөзі ойын - сауық залдарындағы ойын автоматтарының атына байланысты аталған. Бұл жанрдың ойындары баланың жылдам әрекет жасауын, жақсы көз өлшемін, уақытты үнемдеуін қажет етеді және соған тәрбиелейді.
2. Адвентюрлік ойындар. Бұл ағылшынша adventure -- шытырман оқиға деген сөзінен алынып және ең бірінші жасалған ойынның adventure атауына байланысты аталған. Қай кезде шытырман ойындар деп те атайды. Бұл ойындардағы кейіпкер өзінің алдына қойған сынақтардан өтуі керек. Сынақ ойынның барысында анықталады - оның қандай болатындығы белгісіз. Осы сынақтан өту үшін тапқырлық және ойынның барысындағы құралдарды ұтымды пайдалану қажет. Адвентюрлік ойындар мультфильмдерге ұқсас, тек қана қарапайым мультфильмдерге емес, интерактивті мультфильмді тек көріп қана қоймай, мұндай мультфильмде ойынның маңызды рөл атқаратын әр түрлі кейіпкерлер тобымен ойнауға болады. Сондықтан бұл ойындар рөлдік ойындар деп аталады.
3. Спорттық ойындар. Бұл ойындарда ойыншы спорттық жарыстардың қатысушысы болып табылады. Мұнда жеке атлеттің рөліне кіруге немесе бірнеше команданы басқаруға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар ойынының жіктелуі. Шығармашылық және ережелі ойындар. Мектеп жасына дейінгі балалардың сюжеттік-рольдік ойындары
Әдістемелік жұмыстың мысал ретіндегі түрлері
Балалар ойынын жіктеудің тарихы жайлы ақпарат
Оқушыларды шығармашылыққа баулудың педагогикалық негіздері
Мұхтар Əуезовтың шығармаларының бастауыш сыныпта оқытылуы
Ананың анасы шығармасына әдеби талдау жасау
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану
Дамыта оқыту технологиясы - баланы оқыта отырып, дамыту
Автордың айтуынша шынайы өмірде баланың аты - бала
Әдебиет сабағында көрнекіліктерді қолдануың тиімді жолдары
Пәндер