БАСТАУЫШТЫ ОҚЫТУДА ЖАҢАШЫЛ ӘДІСТЕРДІ ПАЙДАЛАНА ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
БАСТАУЫШТЫ ОҚЫТУДА ЖАҢАШЫЛ ӘДІСТЕРДІ ПАЙДАЛАНА ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Дулыбаева Г.С
бастауыш сынып мұғалімі
№51 орта мектеп

Білім беру саласының дербестігін жақсарту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру еліміздің мектептерінде оқытудың белсенді және инновациялық әдістері мен технологияларды тиімді пайдалануды қажет етеді.Оқытуда жаңашыл әдісті қолдану оқушы үшін де, мұғалімге де шығармашылықпен жұмыс ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер:педагогикалық технологиялар, тәсіл, әдіс сияқты ұғымдарды терең меңгеруге оқып-үйренуге жетелейді.
Инновация сөзі латынның (жаңашылдық, өзгеріс) деген ұғымдарына сәйкес келеді.Жалпы жаңашылдық мәселесі туралы ғалымдар өз зерттеулерінде атап көрсетті.Олар Р.А Дюсупова,А.М Саранов және басқада ғалымдар еңбегінде.Бұл үшін еңбастысы мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру керек.Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыруда, инновациялық іс- әрекеттерді төрт бөлікке жіктеуге болады;әдіснамалық, пәндік-теориялық,әдістемелік, технологиялық.Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың бірінші әдіснамалық бөліктеріне кіретіндер;ізгілікті филасофия, философия ғылымы,ғылым әдіснамасы, педагогика әдіснамасы, әдіснамадағы жаңа білімдер жиынтығы. Екінші пәндік-теориялық бөліктеріне жататындар; мұғалімнің беретін пәні бойынша теориялық білімі,педагогика,психология,дидакт ика,педагогикалық инноватика бойынша жаңа білімдері.Үшінші әдістемелік бөліктеріне мұғалімнің өзі беретін оқу пәнінің тарихы мен әдістемесін білуі және тәрбие жұмыстарын,сыныптан,мектептен тыс жұмыстарды өткізу әдістемесін білуі жатады.Төртінші технологиялық бөлігі мұғалімнің өз пәні бойынша нақты педагогикалық технологияларды білуі,меңгеруі және оны өз тәжірибесінде қолдануы жатады.Сондай-ақ мұғалімнің тәрбиелік технологияларды білуі,меңгеруі,пайдалануы да кіреді.Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың теориялық мазмұны біртұтас педагогикалық үрдісті ұйымдастыру,ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізу,педагогикалық рефлексия мен өзіндік рефлексияны жүзеге асыра алуы сияқты жұмыстардың негізін ашуды,үйренуді мақсат етеді.А.М.Саранов Инновациялық білім беру жүйесін дамытудың теориялық негіздері атты еңбегінде инновациялық процесс - жаңаны құру,тарату және қолдануға бағытталған процесс,оның құрылымы жаңаны пайдалану идеяларынан туындайды-деп атап көрсетеді.(1)Инновация жаңаны ендірудің соңғы нәтижесі немесе практикалық іс-әрекетте пайдаланылатын технологиялық процесті жетілдіру ретінде қарастырылады.Педагогикалық еңбектерде инновациялық процестің мынандай кезеңдері анықталған; 1.Жаңа ұғымды ашу,бұл жаңа идея немесе жаңалықтың тұжырымдамасының пайда болу кезең,ғылыми іргелі немесе қолданбалы зерттеулердіңнәтижесі; 2.Жаңаны ендіру, жасап шығу,яғни нақты материалдық немесе рухани құнды үлгіні ұсыну;
3.Жаңаны тәжірибеде қолдану кезеңінде жаңа ұсынысты алып,өңдеп,толықтырып,тұрақты,нақты тиімділігі анықталғанша сынақтан өткізу;
4.Жаңаны тарату кезеңі;
5.Жаңаны нақты бір аумақта сынақтан өткізу кезеңі,осы кезде жаңа күнделікті әрекет ретінде қолданылады.Осы кезеңде бұдан да тиімді балама,тың жаңалықтың пайда болуына деген қажеттілік аяқталады;
6.Жаңа сипаттағы өзгерісті талдап, ендіруге байланысты,бұрынғы қалыптасқан процесті пайдалану аясы біртіндеп азая түседі.(1; 2; 3).
Жаңашыл жүйеге,үрдіске,құбылысқа ілгері бір жаңалық енгізуші адам, көптеген іс шараларды ұйымдастыруда адамдардың өзіндік жаңашылдық іс- әрекетін көрсете алушылығы.Бүгінгі таңдағы,бастауыш сыныптағы пәндер дүниетану,ана тілі,әдебиет сабақтарына; топқа бөліп оқыту,рөлдік ойын элементтерін,пікір сайыс және басқа дәстүрлі емес түрлері,оқытудың жаңа технологиясы тәжірибеге кеңінен ене бастады.Ондағы дәстүрлі емес сабақ түрлері;
- саяхат, мұражайға экскурсия, концерт, қойылым,т.б:
- дөңгелек үстел, брифинг, презентация, аукцион,т.б;
- кино, теледидар,бейнетаспа сабақтар т.б;
-пікір-сайыс сабағы,проблемалық іздену сабақтары,интеллектуалды ойлау сабағы т.б ;(4.5)
Дәстүрлі емес сабақтарда оқытудың жаңашыл әдістерін пайдалану жолдарын нақты сабақ жоспары арқылы қарастырайық.Мәселен, 4сыныпта Дүниетануды оқытуда Азаматтық қоғам.Құқықтық қоғам туралы сабақта әдептілік,тәрбиелік сияқты түсініктерді ашып көрсету арқылы құқықты cыйлаушы азамат тәрбиелеуге септігін тигізуге басты назар аударылады.Осы тақырыпты кең көлемде түсіндіруде Қазақ хандары,оның ішіндеТәуке хан, Жеті жарғы туралы оқушыларға әсерлі де,көркем ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жай сөйлемді оқыту
Бастауыш сынып оқушыларына үйге берілген тапсырмаларды қолданылатын көрнекілік әдістер
Бастауыш сыныпта математиканы оқытуды жаңа технологияны қолдану
Қазақ тілі сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
Мәнерлеп оқуда зор рөл атқаратын интонация
Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру салаларында қоғамның экономикалық – саяси және ғылыми-техникалық өркендеуі
Бастауыш сынып математикасында проблемалық технологияны қолдану
Дамыта оқыту түсіндірме әдісі
Биология сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану
Пәндер