Ортағасырлық философиясы (батыс Европа елдерінде)



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ортағасырлық философиясы (батыс Европа елдерінде) - Рим империясының күйреуімен байланысты (5ғ.) капиталдық қоғамның алғашқы формалары пайда болғанға дейін (14 -- 15 ғ.) өмір сүрді. Ортағасырлық философия дінмен байланысты дамыды. Тіпті философияны - діннің қызметшісіне айналдырып жіберді. Философия діннің шырмауынан шыға алмады.
Ортағасыр кезеңінде креационизм және эсхатология идеялары айқын байқалады. Креационизм (лат. Creatio -- жарату, жасау) -- әлемді бір күш жаратты, ол - біреу, жалғыз деп тұжырымдайтын пікір.
Эсхатология (гр. Eschatos -- соңғы және logos -- ілім, сөз) -- әлем және адамзат тағдырының ақыры, соңы туралы, ақарзаман бар деп пайымдайтын ілім. Эсхатологияның ұғымына табиғатта жасырын әрекет жасайтын күштің бар екені, қайырымдылық пен зұлымдықтың күресі туралы, о дүниеде күнәһарлардың жазаланатыны және діндарлардың рахатқа бөленетіні жөніндегі ежелгі түсінік енгізілген. Кеңейтілген формасында эсхатология христиан, мұсылман діндеріне тән.
Батыс Еуропа елдерінде христиан дінінің кең тарауына байланысты "Шіркеу әкейлері" мен путқа табынушылармен философиясының арасындағы күрестің өрлеуіне байланысты Ортағасырлық философиясы негізгі үш кезеңге бөлінеді:
1. б.з. II ғасырдан бастап, Апологетика деп аталатын діни философиялық ілім пайда болды.
2. III -- VI ғ.ғ. Патристикалық ілімнің белең алған кезеңі.
3. Схолистикалық кезең
Апологетика (гр. Apologetikos - қорғаушы) - теологиялық сала. Апологетиканың мақсаты - ақыл -- парасатқа жүгінген дәлелдердің көмегімен дін ілімін қорғап, сақтау. Апологетиканың құрамына мыналар енеді: құдай болмысының дәлелдемелері, жанның мәнгілігі, құдайдың сыр беруінің белгілері туралы (оның ішінде ғажайыптар мен сәуегейліктер туралы) ілім, дінге және оның жекелеген догматтарына қарсы бағытталған наразылықтарға, сондай-ақ басқа діндерге талдау. Апологетика -- әлдебір нәрсені әділетсіздіктен қорғау, соны мадақтау ұғымына сәйкес. Өкілдері - Юстин Мученик, Тециан, Тертуллиан Квинт Септилий Флоренц.
Патристика (лат. Pater-әке) - 2 -- 8 ғасырлардағы христиан дін ілімі. Пұтқа табынушылыққа қарсы христиан дінінің догматтарын қорғайтын, діни нанымның ежелгі философиямен үйлеспейді дейтін шіркеу әкелерін мадақтау, қостау. Өкілдері - Тертуллиан, Климент Александрский, Ориген, Августин.
Схоластика (гр. Scholosticos- мектептік) - орта ғасырлық мектептік философия, оның өкілдері - схоластар христиандық дін ілімін рационалды (зерделі) түрде негіздеуге және жүйелеуге тырысты. Бұл үшін олар Платонның, Аристотельдің философиялық көзқарастарын пайдаланды. Ортағасырлық Схоластика универсалия төңірегіндегі дау-дамайлар үлкен орын алды. Өз тарихында Схоластика бірнеше кезеңгк бөлінеді:
1. Алғашқы кезең Схоластикасында ( 9 -- 13 ғ.ғ.) неоплатонизмнің ықпалы басым болды. Өкілдері Эриугена, Ансельм Кентерберийский. Ғылыммен философия, теология бір -- бірімен біте қайнасып, пікірталас негізінде ақыл -- ойға діни сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің заңдылығын дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл белең алды.
2. 14 -- 15 ғ.ғ., яғни классикалық Схоластикада христиандық аристотелизм үстемдік етті, яғни, кемеліне жеткен схоластика ғылыммен философиялық теологиядан бөлініп, философиялық, теологиялық ілімдердің қалыптасып, етек жайған кезең. Өкілдері: Ұлы Альберт, Фома Аквинский.
3. Құлдырау кезеңі (XIV -- XV ғ.ғ.) - шынайы ғылыми және философиялық ойлардың тез қарқынды түрде дамуының салдарынан теологияның мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика мүлдем нәтижесіз ілім кейпіне енді. Тақуалар мен неосхоластардың арасындағы дау -- дамай ушыға келіп, шіркеудің Реформацияға қарсы күресіне ұлысты. Өкілдері - Уильям Оккам, Жан Буридин және т.б.
Ортағасыр философиясындағы негізгі бағыттар:
1. Реализм
2. Номинализм
Реализм -- ортағасырлық схолистикада орын алғаг философиялық бағыт, ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасыр философиясы
Батыс Еуропадағы ортағасырлық философия
Ортағасырлық Батыстағы ғылыми таным. Ойлаудың логикалық нормаларын зерттеу
Орта ғасыр философиясы туралы
Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары
БАТЫС ЕУРОПА ЕЛДЕРІ
Орта Азия халықтарының философиясы
Ғылымның пайда болуы. Ғылымның тарихи дамуының негізгі кезеңдері
Ғылымның пайда болуы. Ғылымның тарихи динамикасының негізгі кезеңдері
Ортағасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Пәндер