Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайларда халықты қорғауды ұйымдастыру


Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар

  1. ТЖ-ның классификациясы, кезеңі.
  2. ТЖ-да тұрғындарды қорғау тәсілдері.

Төтенше жағдайлар табиғи және техногенді сипаттағы болып жіктеледі.

Табиғи сипаттағы ТЖ:

-Метерологиялық (боран, дауыл, циклон, қара құйын, қатты ыстық, құрғақшылық, аяз, найзағай өрті )

-Гидрометрологиялық және гиологиялық қауіпті құбылыстар (қар көшкіндері, борандар, көктемгі жаңбырлы тасқындар, сырғымалар)

-Тиктоникалық және теллурлық (жанар таулардың атқылауларынан болатын өрттер, жер сілкінісі)

-Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні)

-Космостық (метериттердің және басқада космостық денелердің құлауы, олармен соқтығыс)

Халықты қорғауды ұйымдастыру

Халықты қорғау ұйымдардың соғыс уақытында жұмыс істеп жатқан аусымын баспаналарға жасырады, ол жетіспеген жағдайда сол аусымын толығымен жасыру үшін тездетіп құрылыс салу арқылы жүзеге асырылады.

Бейбіт уақытта барлық баспаналар жасырынушыларды бір сәтке ішінде қабылдау мерзімімен шаруашылық мақсатта пайдаланылады. Қала мен селолық жерлердің қалған халқы радиациаға қарсы баспаналарда, туннелдерде, кен орындарында, жер асты өткелдерінде, жер асты гараждарында және басқа да паналау ғимараттарында жасырынады, сол үшін жоспарлы жиналу және есеп, сондай-ақ халықты жасырыну ғимараттарына бөлу жүргізіледі.

Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі эвакуациялау шаралары болып табылады, оған:

адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағы мен қазіргі заманға зақымдану құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан халықты көшіру;

соғыс уақытында санатталған қалаларда жұмыс істеп жатқан,
ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа
жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.

Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Орталық атқарушы органдарының және аумақтық басқару органдарының жалпы басшылығымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік қатері мен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы ықтимал аймақтар үшін көшіру шараларын жүргізу тәртібі анықталынады. Соғыс уақытында шеқаралас аудандар мен санатталған қалалардан халықты көшіру тәртібі анықталынады.

Халықты:

аймақтық және көлемді төтенше жағдайлар аймағынан қауіпсізі орынға - темір жол, автомобиль, авиациалық және су көліктері арқылы, жергілікті жердің көлеміндегі төтенше жағдайлар аймағынан және ұйымдардан - көліктің әр түрін тарта отырып және жаяу жүру тәртібімен қауіпсіз аймақтың сыртына;

соғыс уақытында - авиациялық, темір жол, автомобиль және Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін тасымалдауға жатпайтын, су көлігімен, көлік құралдары жетіспеген жағдайда - көшіру пункттерінің аралығына дейін жаяу жүру тәртібімен; аралық пункттерден орналасатын жерге дейін - барлық көліктің бар түрімен;

соғыс уақытындағы болжанбаған жағдайда және ойда болмаған төтенше жағдайларда, оның ішінде ол бола қалған жағдайда - жедел тәртіппен көшіру жүргізіледі.

Бейбіт уақыттағы сияқты соғыс уақытында да халықтың жартысына алдын ала кешіру жүргізілуі мүмкін.

Соғыс және бейбіт уақыттарда көшіру шаралары:

ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасыларының мүшелерін - өндірістік принцип бойынша;

халықты - аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады.

Көшіру шараларын жүргізу кезінде көшіруді ұйымдастыру және мүмкіндігінше жеке меншік көлік иелерінің көлігін тарту жеке меншік пәтерлерінің кооперативтеріне жүктеледі.

Халықты оқыту барысында, Азаматтық қорғаныс жөнінен жаттығулар жүргізуде және күнделікті іс-қимылда мынаны талап ету қажет, көшіруге жататын әр адам өзінің жасайтын іс-әрекеті тәртібін білуі керек (жиналу орны, келіп жету мерзімі, көшіру әдісі, көшірілетін орны, жеке заттары мен азық-түліктерінің саны мен тізімі т. т) .

1) Санатталған қалаларда соғыс уақытында жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін жайғастырып орналастыру жұмысшылар мен қызметкерлерді және олардың отбасын қауіпсіз аймаққа ұйымдасып тасу арқылы жүзеге асырылады. Жұмыс істейтін ауысым жұмыс орындарына жасалынған кесте бойынша апарылады.

Көшіру шараларын жүргізуге басшылық жасау үшін жергілікті атқарушы органдарында, ұйымдарда көшіру ( көшіру-қабылдау) комиссиялары құрылады. Көшірілгендерді тізімге алу, оларды қауіпсіз аймаққа ұйымдасып тасу үшін жинақталған көшіру пункттері (көшіру қабылдау) құрылады.

Көшіру шараларын ұйымдастыру және оны жүргізу тиісті басқару органдары мен ұйымдардың бірінші басшыларына жүктеледі.

Халықты радиоактивті және химиялық зақымданудан қорғауға санатталған қалалардың халқын;

радиоактивті және химиялық зақымдану туралы хабарлауды ұйымдастырумен;

тыныс алу органдарын жекеленген қорғану құралдарымен қамтамасыз етумен;

баспаналарда, радиациаға қарсы баспаналарда және басқа да жасырыну ғимараттарында жасырынумен;

зақымдану аймағынан тасып шығарумен; радиациялық және химиялық қорғану режимін орындаумен; радиациаға қарсы және химияға қарсы профилактика, объектілерге, техниқаларға, жабдықтар мен жергілікті жерге дезактивация, дегазация жүргізумен;

өзін-өзі қорғау әдістеріне үйретумен жетеді.

2) санатталмаған қалалар мен елді мекендердің халқын - уақытында хабарлау, жасырыну ғимараттарына жасыру және өзін-өзі қорғау мәселелері бойынша оқыту арқылы жетеді. Жеке қорғану құралдарын құру, жинау:

санатталған қалалардың ұйымдарының жұмысшылары мен қызметкерлеріне - ұйымдардың қаржысы есебінен;

санатталған қалалардың қалған халқы үшін - жергілікті атқарушы органдарының қаржысы есебінен жүргізіледі.

Санатталмаған қалалар мен елді мекендердің халқы үшін жеке қорғану құралдарын жинау жүргізілмейді, халық өзі қорғану құралдарының қарапайым түрлерін дайындайды (мақта-дәке жара таңғыштары және т. т. ) .

Радиациалық және химиялық қауіпті өндірістердің жұмысшы қызметкерлерін, осы объектіге жақын тұратын және болуы мүмкін зақымдану ошағына жататын халық, сондай-ақ осы объектілердегі аварияларды жою үшін тартылатын Азаматтық қорғаныстың құрамалары қорғану құралдарымен осы ұйымның қаржысы есебінен қамтамасыз етіледі.

Аумақтарды және ұйымдарды қорғау

1) Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау

Халықты, аумақтарды және ұйымдарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен төмендегідей:

халықты, елді мекендерді және ұйымдарды төтенше жағдайлардан қорғаудың және олардың зардабын жоюдың жоспары жөніндегі,
болашақтағы және ағымдағы жоспарларын жасау,

салалардың, объектілердің тұрақты жұмыс істеуін және төтенше жағдайларда жұмысшы қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін жасау;

хабарлау және байланыс жүйелерін (соның ішінде жергілікті) құру және әрдайым дайындықта ұстау;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қорғаныстың міндеттері мен қолданатын шаралары
Төтенше жағдайларда тұрғындарды қорғау
Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар
Халықты және шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау жүйелері
Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдай кезіндегі қорғау
Эвакуация шараларын жүргізудегі негізгі ережелер
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс жүйесі туралы
Төтенше жағдайлардағы халықты, аумақ пен ұйымдарды қорғау шаралары
Қорғаныс ғимараттарының құрылымы, жабдықталуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz