БЕЙІНДІК МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Гуманитарлық-педагогикалық институт
Педагогика және психология кафедрасы
ӘОЖ 377:004. 588:37. 018. 57 Қолжазба құқығында
МЫХАНОВА ОРЫНКУЛ ЖУМАТАЕВНА
БЕЙІНДІК МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
6М010300- Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның
Р Е Ф Е Р А Т Ы
Қызылорда, 2013 ж
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Педагогика» кафедрасында орындалған.
Ғылыми жетекші:
Ғылыми кеңесші: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Ш. М. Майгельдиева
Ресми оппонент:
Тараз мемлекеттік педагогикалық
институтының профессоры, п. ғ. д. Қ. Болеев
Диссертация 2012 жылдың «___» маусымында сағат Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Музыка-педагогикалық факультетінде (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би көшесі, №36 А, №7 оқу ғимараты, № дәрісхана) қорғалады.
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында (120014, Қызылорда қаласы, К. Байсейітова көшесі, №100 үй) танысуға болады.
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі таңда еліміз тәуелсіз мемлекетке айналып, әлемдік заманауи өркениет үлгісінде дамуда. Еліміздің келешегі білімді, білікті жас мамандарға байланысты. Бұл ғасырлар қойнауында қорытылып, жинақталып, қалыптасқан ұлттық құндылықты сақтай отырып, қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге жаңаша көзқараспен, шығармашылық тұрғыдан қарай алатын, қойылған мәселені дәстүрлі емес, жаңаша түрде және сапалы шеше білетін тұлғаларды талап етуі қоғамның даму жылдамдығына, ақпараттын көптігіне және тез өзгеріс жағдайында жас ұрпақты өмірге дайындай білу керектігіне байланысты.
Қоғамның дамуының қазіргі кезеңі, елімізде болып жатқан түрлі өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша ұйымдастыруды талап етеді. Қазіргі уақытта елімізде білім беру жүйелерінде заманауи тұрғыда құзыретті, креативті тұлғаны қалыптастыру бағытында алуан түрлі жұмыстар жүргізілуде. Оның ең маңыздыларының бірі де бірегейі- білім мазмұның ұлттық негізде жетілдіре отырып, білім мен тәрбиені ұлттық рухта әлемдік жүйеге жақындастыру. Осыған орай білім сапасына жаңа технологияларды кең көлемде енгізу талап етілуде. Сонымен қатар бүгінде мамандықты дұрыс таңдауға оқушыларға мектепте білім жетілдірудің жетекші бағытарының бірі мектептің жоғарғы сатысында бейінді оқыту болып табылады. Ендеше мектептерде ең алдымен елімізде заманауи жаңаша экономика құру үшін, кәсіби міндеттерін дербес, әрі шығармашылық тұрғыдан шеше алатын, кәсіби қызметтің тұлғалық маңызын түсінетін, оқу үдерісінде жаңа технологияларды меңгерген, кәсіби құзыретті мұғалім мамандар жұмыс істеуі тиіс.
Оқу үдерісінде жаңа оқыту технологияларын қолдану мен оны озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеу- бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының маңызды міндеттерінің бірі. Осыған сәйкес қазіргі уақытта білім берудің көкейтесті міндеті оқушылардың кәсіби қабілетін қалыптастыру болып табылады.
Осы орайда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Елбасымыздың «Болашақ», «Дарын» бағдарламаларында, «Қазақстан-2030» атты Қазақстан халқына Жолдауында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған.
Бұл міндеттерді жүзеге асырудың бір жолы- заманауи әртүрлі ұтымды әдіс-тәсілдерін пайдалану есебінен мектеп оқушыларының ой-өрісінің даму деңгейін көтерудің, олардың ғылыми танымдық іс-әрекеттерін белсендірудің, оқуға, білім алуға ынталандырудың тиімді әдістемесін жасау болып табылады.
Соңғы уақытта оқу-тәрбие үдерісіне жеке тұлғаны дамытуға бағытталған жаңа оқыту технологияларын енгізу мен жеке тұлғаның шығармашылығын дамытуға үлкен мән берудің өзі Қазақстанда болып жатқан өзгерістерді жаңаша тұрғыдан қарастыруды талап етуде. Соның бірі, 12 жылдық білім беру жүйесінің дүниеге келуі- қоғамдағы сүбелі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Мұндағы жаңа білім мазмұны әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтиды.
Педагогикалық үдеріске қатысушылардың кәсіби, тұлғалық өсуінің едәуір әлеуеті бейінді оқыту үдерісінде жаңа технологияларын пайдалануымен байланысты. Білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігі мұғалімнің кәсіби іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра алуымен байланысты екендігі белгілі. Бүгінгі таңда педагогикалық іс-әрекеттің қыр-сырын әртүрлі салада қарастырған ауқымды зерттеу еңбектері баршылық. Мәселен, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру мақсатында педагогикалық технологияларды ұсынған В. М. Монаховтың, В. В. Давыдовтың, Л. В. Занковтың, Н. П. Гузиктің, С. Н. Лысенкованың, В. Ф. Шаталовтың, Д. Б. Элькониннің, П. М. Эрдниевтің, Т. Т. Галиевтың, Л. Бектұрғановалардың және тағы басқа ғалымдардың ғылыми негізде тәжірибелік мәні зор еңбектері біздің зерттеу жұмысымызда басшылыққа алынды.
Ал, педагогикалық технологияларды білім беру саласында пайдаланудың әдіс-тәсілдері, шарттары, дидактикалық-әдістемелік негіздеріне және жеке тұлғаның дамуына бағытталған технологияларды енгізуді В. П. Беспалько, С. С. Кашлев, П. С. Селевко, Б. Т. Барсай, В. М. Монахов, В. М. Волков, М. В. Кларин, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, Ш. А. Амонашвили т. б. қарастырса, кейінгі уақытта біздің елімізде де қазақстандық мектептер үшін оқыту технологияларын дамытып, ғылым мен тәжфибені ұштастыра зерттеп жүрген ғалымдарымыз баршылық, атап айтар болсақ «Модульдік оқыту технологиясы» (М. М. Жанпейісова) «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы (Қараев Ж. А. ) , (Кобдикова Ж. У. ) ; Жүйелілік негізде оқыту (Ғалиев Т. Т. ) ; Шоғырландырып- қарқынды оқыту (Әбдіғалиев Қ. А. ; Нұрахметов Н. Н. т. б. ) ; Ковжасарова М. Р. т. б. ; Аульбекова Г. Д. т. б. ; Модульдік (Жанпейісова М. М. ), Бейсенбаева З., Бұзаубақова К. Ж., С. К. Исламгулова, Г. М. Құсайынов, т. б. технологияларды жатқызуға болады, Г. К. Нұрғалиева, Ә. Ә. Жүнісбек, Д. М. Жүсібалиева, Ш. Т. Таубаева, А. Саипов, Б. К. Тульбасова, Қ. Қабдықайырұлы, Л. А. Шкутина, т. б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінің арқауы болды.
Сонымен қатар жаңа педагогикалық технологияларды қазіргі мектептің оқу-тәрбие үдерісінде мұғалімнің пайдалануы мәселелері В. М. Монахов, С. И. Зиновьев, С. Н. Лактионова, Т. И. Шамова, С. И. Архангельский, З. Ф. Есарева, Е. Михайлова, В. Ф. Самохин, Ж. К. Жанпейісова, А. Е. Әбілқасымова және т. б. зерттеулерінде көрініс тапқан .
Ал, бейіндік оқытуға көшу шеңберінде оны ұйымдастыру мәселелері Д. Ермаков, Л. Гаджиева, В. Гузеев, Г. Петрова еңбектеріне арқау болды.
Сол сияқты бейінді оқыту және бейіналды дайындық мәселесімен отандық педагог- ғалымдарымыз Қ. М. Арғынғазин, М. Ж. Жадрина, Б. А. Әлмұхамбетов, Е. Ушуров, Р. Омарова, К. Ө. Қонақова, Д. М. Қазақбаева, С. Мұқанова, С. Тәжібаева, М. Көпжасарова және т. б. еңбектерінде қарастырады .
Оқыту үдерісіне арнайы таңдау курстарын ендфу мәселелерінде А. А. Кузнецов, Е. Я. Аршанский, О. С. Габриелян, А. Г. Каспржак, В. А. Орлов, Д. С. Ермаков, Г. Д. Петрова, К. А. Сарманова, Д. М. Қазақбаева, С. Д. Муканова, А. Е. Касенова, А. С. Звягин және т. б. еңбектерінің маңызы зор.
Жоғарыда аталған еңбектерге жасалынған талдау бүгінгі таңда жаңа білім беру технологияларын бейінді оқыту үдерісінде пайдалану мәселесінің ғылыми-теориялық тұрғыда әлі де болса шешімін таппай отырғандығын көрсетеді.
Бейінді оқытуда жаңа білім беру технологияларын пайдаланудың объективтік қажеттілігі мен оны іске асырудың педагогикалық шарттарының анықталмауы, жаңа білім беру технологиялары негізінде оқу үдерісін жетілдіру қажеттілігі мен оны іске асырудың педагогикалық шарттарының анықталмауы, жаңа жаңа білім беру технологиялары негізінде оқу үдерісін жетілдіру қажеттілігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен практикада жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықтар анық байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін табу тақырыпты «Бейінді оқыту үдерісінде жаңа технологияларды қолданудың педагогикалық шарттары» деп алуға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: бейіндік оқыту үдерісінде жаңа технологияларды қолдануды теориялық тұрғыдан зерттеп негіздеу және тәжфибе арқылы тексеру.
Зерттеудің нысаны: Бейінді оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні : Бейінді оқыту үдерісінде жаңа технологияларды пайдалану мазмұны, әдіс-тәсілдері мен формалары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Бейінді оқыту үдерісінде жаңа технологияларды пайдаланудың нақты педагогикалық шарттары айқындалып жаңа технологиялардың тиімді жақтары ескерілсе, онда мұғалім іс-әрекеті нәтижелі болып, оқушылардың бейіндік кәсіби біліктілігі мен білімдері дамытылып, білімнің сапасы қамтамасыз етіледі, өйткені жаңа технологиялар бейінді оқыту үдерісінің оқу үдерісін халықаралық білім беру жүйесіне сәйкестендіруді көздейді.
Зерттеудің міндеттері:
- бейінді оқыту, бейіндік оқыту, жаңа технологиялар ұғымының мәнін нақтылау;
- бейінді оқыту үдерісінде жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі мен күтілетін нәтижесін нақтылау;
- бейінді оқыту үдерісінде жаңа технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттарын айқындап, оны іске асыру әдістемесін жасау;
- бейінді оқыту үдерісінде жаңа технологияларды қолданудың тиімділігін тәжірибелік эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы. Бейінді оқыту үдерісінде жаңа технологияларды пайдалану оқушылар тұлғасын бейіндік-кәсіби тұрғыдан дамытуды және мұғалім іс-әрекетінде педагогикалық жаңашылдықты іске асыруды қамтамасыз етеді.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі:
Білім саласындағы философиялық таным теориясы және әдіснамалық тұғырлар теориясы, тұлға және іс-әрекет теориялары, тұлғалық бағдарлы білім беру, топ және қарым-қатынас, құзыреттілік туралы психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық тұжырымдамалар, диагностикалаудың жалпы әдіснамасы, қашықтықтан оқытудың тұжырымдамалары.
Бейінді оқыту үдерісінде жаңа технологияларды қолданудың педагогикалық шарттарына арналған теориясы негізделеді; Зерттеу көздерi: «Бiлiм туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, Қазақстан Республикасында бейінді оқыту тұжырымдамасы, гуманитарлық бiлiм беру тұжырымдамасы, зерттеу тақырыбы бойынша философтардың, әлеуметтанушылардың, педагогтардың, психологтардың, дидакт ғалымдар мен әдіскерлердің ғылыми еңбектері, типтік оқу жоспарлары, оқулықтар мен оқу‑әдістемелік құралдар, педагогикалық баспасөз материалдары автордың педагогикалық зерттеушiлiк өз тәжірибесi.
Зерттеу жұмысының әдiстерi:
- философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау;
- озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және талдау;
- мектеп құжаттары мен педагогикалық үрдiстерге талдау жасау;
- сауалнамалар, топтық және жеке әңгiмелесулер; жеке тұлғаны зерттеу әдiстемелерi; жеке тұлғаның таным үдерістерiн, интеллектуалдық-танымдық және қажеттiлiк-себептiлiк аясы деңгейiн анықтау;
- ұсынылып отырған педагогикалық шарттар жүйесінің тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- бейінді оқыту, жаңа технологиялар ұғымының мәні нақтыланды;
- жаңа технологияларды бейінді оқыту үдерісінде пайдаланудың қазіргі жағдайына талдау жасалынды және оқу үдерісінде алатын орны мен қызметі анықталды;
- жаңа технологияларды бейінді оқыту үдерісінде пайдаланудың мазмұны, әдістері мен формалары айқындалып, бір жүйеге келтірілді;
- бейінді оқыту үдерісінде жаңа технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттары айқындалып, оларды іске асырудың әдістемесі жасалынды.
Зерттеудің практикалық құндылығы:
- бейінді оқыту оқу үдерісінде жаңа технологияларды пайдалану бойынша арнайы әдістемелік ұсыныстар жасалынды;
Зерттеу нәтижелері мен қорытындыларын бейінді оқыту үдерісінде оқу-тәрбие жұмыстарында, мұғалімдердің біліктілігін арттыру ісінде пайдалануға болады.
Зерттеу нәтижелерiнiң дәлелдiлiгi мен негiздiлiгi: Автордың педагогикалық зерттеуінің ғылыми негізімен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, мақсатқа сай кешенді әдіс-тәсілдердің қолданылуымен, эксперименттiк жұмыстың нәтижелерің дәлелді қорытындылануымен қамтамасыз етілді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу. Зерттеу нәтижелері Қызылорда облысының №6, №9, №144 мектептерінде, Қызылорда облысы бойынша педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты біліктілік арттыру курстарында тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында бейіндік сынып оқу үдерісіне енгізілген. Зерттеудің негізгі қағидалары Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда «Бейінді оқыту мектеп мұғалімдерінің қызметін технологияландырудағы құзыреттілік», «Бейіндік оқу үдерісінде жаңа технологияларды ендірудің педагогикалық шарттары», «Жаңа білім беру мазмұны жағдайында бейіндік оқытуды жетілдіру жолдары» тақырыптарында мақалалар жарияланды.
Зерттеудің базасы : Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты, Қызылорда қаласындағы №6, №9, №144 мектептер алынды.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезең - 2011ж. Психологиялық‑педагогикалық, ғылыми, әдіснамалық әдебиеттерге және жалпы білім беретін мектеп құжаттарына, бағдарлама мен оқулықтарына талдау жасалынды. Зерттеу тақырыбы, көлемі, пәні, құндылығы, болжамы, міндеттері, ғылыми жаңалығы, практикалық маңыздылығын анықтаумен байланысты болды. Теориялық зерттеулерге байланысты эксперименттік материалдар дайындалды.
Екінші кезең - 2011-2012 жж. Бейінді оқыту үдерісінде жаңа технологияларды қолданудың педагогикалық шарттарын іске асыру бойынша тәжірибелік-эксперимент жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға бейінді оқыту үдерісінде жаңа технологияларды қолданудың әрекетті дамыту мақсатында қатысымдық біліктілікті негізге ала отырып, өзіндік тапсырмалар жүйесі берілді және толықтырылды.
Үшінші кезең - 2012-2013 жж. Эксперимент нәтижесінде алынған мәліметтер талданды және қорытындыланды, өңдеуден өткізілді. Тұжырымдар жасалынып, диссертациялық жұмыс рәсімделді.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Магистрлік диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейтестілігі, ғылыми аппараты: мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық және теориялық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, жұмыстың ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы баяндалған, қорғауға ұсынылған қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі, талқылануы және жүзеге асырылуы сипатталған.
«Бейінді оқыту үдерісінде жаңа технологияларды қолданудың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда жаңа білім беру технологияларының мәні, бейінді оқыту оқу үдерісінде алатын орны мен атқаратын қызметі ашып көрсетіледі, оларды бейінді оқыту үдерісінде пайдаланудың қазіргі жағдайына талдау жасалынды, жаңа білім беру технологияларын пайдаланудың педагогикалық шарттары нақтыланды.
«Бейінді оқыту үдерісінде жаңа технологияларды қолданудың педагогикалық шарттарын іске асыру» атты екінші тарауда бейінді оқыту үдерісінде жаңа технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттары айқындалып, оларды іске асыру әдістемесі көрсетілді және тәжірибелік-эксперимент жұмыстың мазмұны тексерілді, нәтижелеріне талдау жасалынды.
Қорытындыда жүргізілген зерттеудің нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ғылыми тұрғыдағы ұсыныстар берілген.
Негізгі бөлім
Бүгінде бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан жахандану үдерісі қоғамның білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды анықтауда. Жахандану мен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғая түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта қарау - мұның бәрі мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үдерістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Бүгінгі таңда бейінді оқыту үдерісінің оқу үдерісін жетілдіру үшін заманауи жаңа білім беру технологияларын пайдаланудың тиіміділігін іс-ттәжірибенің өзі дәлелдеп отыр.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында, «Білім» мемлекеттік бағдарламасында, мемлекеттiк бiлiм беру саясатының тұжырымдамасында және тағы да басқа стратегиялық құжаттарда мектеп ортасында жеке тұлғаның физиологиялық және рухани мүмкіндіктерін ашу, салауатты өмір салтын, қарапайым негізгі адами қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылық қүш-қуатын ашуға қолайлы жағдай туғызу ең негізгі міндеттер екендігі көрсетілген.
Қазақстан Республиқасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының негізгі мақсаты: «әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліқтерін қанағаттандыратын қөп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу» - деп атап көрсетілген .
Мұның өзі аталған мәселенің теориялық негіздемесін жасау қажеттілігін туындатады. Сондықтан біз оқытудың теориясы мен практикасындағы зерттеліп отырған проблеманың жағдайына талдау жасауды «бейінді оқыту» ұғымына нақты түсінік беруден бастағанды жөн көрдік. Зерттеуде, ең алдымен «бейінді оқыту бағдарламасы», «бейінді оқытуды ұйымдастыру мақсаты», «бейінді оқыту мазмұны», «бейінді оқыту жүйесінің құрылымы» және «жаңа білім беру технологиялары», «технология», «педагогикалық технология» ұғымдары жөніндегі анықтамалар жүйеге келтіріліп, «жаңа білім беру технологиялары» ұғымы мазмұндық жағынан толықтырылды.
Қазақстандағы жалпы білім беретін мектепті жаңарту ауқымындағы ең бір елеулі жаңа шешімдердің бірі оның жоғарғы сатысында бейіндік оқытуды енгізу болып табылады.
Бүгінгі таңда мектепте білім беруді жетілдірудің жетекші бағыттарының бірі мектептің жоғарғы сатысында бейінді оқыту болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, білім беру үдерісіне қатысушылардың білім мазмұнына, оқу жүктемесінің көлеміне және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын дәл түсінудін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының бастауыш, негізгі, жоғарғы сатыларындағы 34 оқу пәні бойынша жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары жасалды. Осы ҚР БМЖМС 02. 003- 2002 жылғы стандартта негізгі ережелеріне сәйкес 2006-2007 оқу жылынан бастап еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің жоғарғы сатысында бейінді оқытудың екі бағытта көрсетілген.
Бұл республика педагогикалық қауымының алдына жаппай мектепке бейінді оқыту енгізу мен оны жүзеге асыру жағдайындағы оқыту үдерісін ұйымдастыру тәртібін анықтау мәселесін қояды.
Бейінді оқыту- бұл жалпы білім беретін мектептің жоғарғы буынында оқытуды даралауға, оқушыны әлеуметтендіруге, сонымен бірге мектептің жоғарғы сатысы мен орта және жоғарғы кәсіби білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеп, жүзеге асыруда. Және бұл бағдарламаның аясында «Бейіндік мектеп» бейіндік оқыту жүйесін құру қарастырылып отыр. «Бейіндік мектеп» бағдарламасы орта мектептердің жоғары сыныптарында 2015 жылдан бастап жүзеге асырыла бастайды.
«Біз білім беруді жаңғыртуды жалғастыруымыз керек. Сапалы білім индустрияландыру мен Қазақстанның жаңа дамуының негізі болуы керек», - деп мәлім етті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Болашақтың негізін бірге қалаймыз!» Жолдауында.
Мемлекеттік бағдарламада атап көрсетілгендей, 2014 жылға қарай бейіндік оқытудың «Бейіндік мектеп» бағдарламасы әзірленеді және сынақтан өткізіледі. «Бейіндік мектеп» бағдарламасымен жұмыс істейтін жоғары мектеп (11-12-шы сыныптар) оқушыларды жоғары оқу орындарына дайындайтын болады.
2012 жылы жалпы орта білімнің мемлекеттік стандарттары жоғары білім стандарттарымен (бакалавриат) ықпалдастырылады. Жоғары білімнің жекелеген пәндері, мысалы, әлеуметтану, өзін-өзі тану, тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негізі (ОБЖ), Қазақстан тарихы, мәдениеттану, т. б. пәндер «Бейінді оқыту» бағдарламасына ауыстырылатын болады.
Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, бейіндік оқу сабақтары қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша жүргізілмек. Бейінді оқыту келешекте оқушыларды ұлттық тестілеудің негізінде қабылданатын болады.
Бейінді оқыту үдерісінде 10-шы сынып түлектерінің 60 пайызы оқуларын жалғастырады деп пайымдалуда. Және мұндай мектептердің жартысынан астамы, жатақханалармен қоса, ауылдық жерлерде ашылатын болады. Жоғары оқу орындарының негізінде де бейіндік оқу бағдарламасын жүзеге асыратын мектептер құрылады. Базасында бейінді оқытуда оқыту және орналастыру мүмкіндігі қарастырылған 40 жоғары оқу орны анықталып отыр.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасының мақсаты- адам ресурсын даярлау сапасын арттыру, жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту.
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттірінің бірі- 12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесіне көшу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz