Ежелгі славяндардың мәдениеті



Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Бейнелеу өнері (ағылш. Visual arts) -- дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан шартты түрде оларды да Бейнелеу өнері қатарына жатқызады. Сондай-ақ, театр, кино, теледидардағы безендіруді, көркем дизайнды да Бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелеу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болған Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда Бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары типтік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция, ырғақ жатады. Шығармалар заттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс тән. Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түрлі-түсті бояуды, графика түрлі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтың астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемді (биіктік, ендік және аумақтық) пайдаланады. Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументальді-сәндік және қондырмалы болып екіге бөлінеді. Қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументальді кескіндеме ғимараттардың ішкі қабырғаларында, интерьерде және экстерьерде жазылады. Монументальді мүсін архит. кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Шығыс және батыс Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ.
Бейнелеу өнері тарихы адамзат тарихымен қатар басталған. Көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі жер бетінде болған небір өркениет пен мәдениеттің іздері осы өнер арқылы таңбаланып, бізге жеткен. Бейнелеу өнерінің даму жолы шартты түрде бірнеше кезеңге бөлінеді: алғашқы қауымдық өнер, ежелгі дәуір өнері, орта ғасыр өнері, қайта өркендеу дәуірі, жаңа дәуір өнері, қазіргі заманғы өнер. Жер шарының әр аймағындағы ежелгі адамдар тұрағынан Бейнелеу өнерінің алғашқы үлгілері табылған. [Альтамир (Испания), Ласко (Франция), Кимберли (Австралия) үңгірлері]. Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық өнердің ірі-ірі кешенді түрлері Тамғалыда, Ертіс аңғарында, Орталық Қазақстанда сақталған.
Ежелгі дәуір өнерінің ірі орталығы -- Алдыңғы Азиядағы Тигр мен Евфрат өзендерінің аралығы. Б.з.б. 3 -- 1 мыңжылдықтарда мұнда шумерліктер мен аккадтықтар мәдениеті, кейінірек Бабыл, Миттани және Ассирия мемлекеттері мәдениеті өркендеді. Мүсін және кескіндеме туындыларымен көркемделген сарайлар мен ғибадатханалар маңызды рөл атқарады. Шумерліктер табынатын биік сатылы мұнара-зиккурат, "құдай үйі", басқа да көптеген ескерткіштер дүниеге келді. Аккад патшалығы кезеңіндегі Бейнелеу өнерінің үздік үлгісі -- 2 метрлік қызыл қыштан жасалған Нарамсин патшаның жеңіс тұғырындағы әскердің тауға көтеріліп бара жатқан сәті қозғалыс пен кеңістікте бейнеленген. Шумерлер мен аккадтықтар мәдениетін біріктірген Бабыл мәдениеті үлкен жетістіктерге жетті. Патша Хаммурапидің (б.з.б. 1792 -- 50 ж.) заңдар жинағын оқып тұрған сәті ерекше көріністе бейнеленген. Патшаның құдаймен байланысы, патша билігінің жаратушының тікелей қолдауымен болып отырғанын символды түрде бейнелеп көрсеткен. Ассирия өнері барлық көнешығыстық мәдениеттердегідей дінмен өте тығыз байланыстылығына қарамастан мейлінше зайырлы сипатта болды. Ашшурбанипал патша (б.з.б. 668 -- 26 ж.) тұсында кемелдікке жеткен рельефтер патшаның ерлік істерін, аңшылық салтанатының көріністерін бейнелеген суреттерден тұрады. Ашшурбанипалдың Ниневиядағы сарайындағы рельефтер көркемдік қуатымен, ықшамдылығымен, динамикалық ырғағымен, шиеленіскен драмалық мазмұнымен әлемдік Бейнелеу өнерінің үздік шығармалары қатарында саналады. Бабыл патшалығының өнері Вавилондағы Навуходоносор ІІ сарайларының зәулімдігі және сән-салтанатымен әйгілі. Онда атақты ассирия патшайымы Семирамида салдырған әйгілі "аспалы бақтар", қабырғалары арыстандардың, жабайы бұқалардың, фантастикалық жануарлардың қаракөк фонға ашық ақ, сары түспен қашалған ғажайып суреттері бар әйгілі "Иштар қақпалары" болған. Бейнелеу өнері Ежелгі Мысырда да (б.з.б. 4-мыңжылдықтың соңы б.з.б. 341) қарқынды дамыды. Ол дінмен, құдай дәрежесінде дәріптелген перғауындарға табыну ғұрпымен өте тығыз байланысты болды.
Ежелгі Мысыр мәдениетінің классикалық, канондық үлгілері -- адам тұлғасының тегістіктегі мүсіндері, монументальділігімен, сымбаттылығымен, зәулімділігімен таң қалдыратын Гизадағы пирамидалар, Карнак, Луксордағы ғибадатханалар кешені, т.б. Ежелгі Мысырдың Бейнелеу өнері әлемдік мәдениетке қосылған ірі үлес болып табылады. Эгей мәдениеті (б.з.б. 3000 -- 1200 ж.) Жерорта т-нің шығыс бөлігінде, Эгей т-нің жағалаулары мен аралдарында өркендеді. Оның негізгі орталықтары Крит, Киклада аралдары, Микен, Пилос және Тиринф қ-лары болды. Крит-Микен мәдениетінің маңызды сәулет ескерткіші -- әйгілі Кносс сарайы Б. ө-нің түрлі жанрын бойына тоғыстырған туынды. Бояуға бай, түрлі түсті суреттер фрескаларымен сарайлардың, қоғамдық ғимараттардың және үйлердің қабырғалары безендірілген. Кносс сарайының фрескалары арасынан криттіктердің шаруашылық өмірінде, діни және мифологиялық түсініктерінде маңызды рөл атқарған бұқаның бейнесі ("Акробаттар мен бұқа" фрескасы) ерекшеленеді. Сондай-ақ, оның тамаша фрескалары қатарында "Көгілдір киім киген әйелдер", "Көк түсті дельфиндер мен түрлі-түсті балықтар", "Абыз-балық", т.б. бар. Микеннің қабырғаға салынған суреттері де криттік Б. ө-мен ұқсас. Бірақ онда схемашылдық, шарттылық басым. Ежелгі Грекияның Б. ө. Эгей мәдениетінің бай дәстүрлерін жалғастырды. Ол гомерлік кезең, ежелгі өнер кезеңі классика және эллинизм кезеңдері болып бөлінеді. Ежелгі Грекия мәдениеті өзінің даму кезеңін көне грек қала-полистерінің өркендеген кезінде, құлиеленушілік демократия дәуірінде (б.з.б. 5 -- 4 ғ-ларда) басынан кешірді. Грек шеберлерінің шығармашылығы мифологиялық түсініктерге негізделеді. Олар сонымен қатар, болмыс шындығына, дүние-әлемнің үйлесімділігіне деген терең пайымдарға адамның тәни және рухани кемелденуі турасындағы идеяларымен де құнды. Әлемнің үйлесімділігінің өлшемі ретіндегі адам Ежелгі Грекиядағы Б. ө-нің барлық саласына ортақ сарын. Көне грек мәдениетінің гуманистік бастаулары түрлі дәуірлердегі Еуропа Б. ө-не өте ықпалды фактор ретінде әсер етті.
Ежелгі мүсін өнері, ең алдымен, қола статуэткаларымен, жалаңаш бозбалалар (куростар) мен ұзын киім киген сымбатты қыздардың (кор) мүсіндерімен танымал. Қышқұмыраларды безендіру өнері ерекше дамыды. Ежелгі өнерінің классикалық кезеңінде әлдеқайда шынайылыққа жақын образдар жасалды, адам мүсіні мен сымбатын сомдау жетіле түсті. Б. з. б. 5 ғ-дың 1-жартысындағы шеберлер ізденісін Мирон аяқтады. Оның "Афина мен Марсий", "Дискобол" атты мүсіндері адам сымбатын аса кемел пластикалық күйде мүсіндеуімен, дене құрылысы мен оның әр қимыл ерекшеліктерін жетік білгендігімен ерекшеленеді. Жалпы адам бейнесін жасауға деген қызығушылық портрет жанрының дамуына ықпал етті. Кереғар болмыс қайшылықтары мен адамның идеалды, рухани және тәни әрекет-ұмтылыстарын мүсіншілер Скопас ("Менеда", "Бозбаланың қабірі"), Пракситель ("Книдтық Афродитас", "Демалыс кезіндегі қуақы"), Лисипп ("Апоксимен", "Демалыс үстіндегі Гермес"), т.б. түрлі қырынан бейнеледі. Эллиндік кезең грек мәдениетінің таралу өрісінің кеңейуімен сипатталады. Бұл кезеңнің ең әйгілі туындылары -- "Самофракийлік Нике", "Пергам мехрабының фризі", "Милостық Венера", "Лаокоон". Б. з. б. 1 ғ-дың соңынан бастау алатын Ежелгі Римнің Б. ө. -- ежелгі заман мәдениетінің ірі ошақтарының бірі. Ол этрусс мәдениетінің негізінде қалыптасты. Этрусс мәдениетінің таңдаулы хрестоматиялық шығармалары қатарына өлген адамның мүсіні бейнеленген саркофак-құлыптастар, Римнің негізін қалаған Ромул мен Ремді асыраушы Капитолий қаншығының мүсіні жатады. Рим өнеріндегі жетекші орынды портрет жанры алды. Оның пайда болуы да жерлеу рәсімімен байланысты. Марқұмның бетбейнесін балауызға түсіріп, оны құдайлар мүсіндерімен бірге үйде сақтау салты портреттің және қайтыс болған адамның кескін-келбетін дәл көшірудің қатаң дәстүрінің қалыптасуына себепші болды. Әсіресе, әйгілі адамдардың дәлме-дәл жасалған портреттері сақталған (б.з.б. 1 ғ-дағы Августің статуясы, император Вителлийдің портреті, т.б.). Ежелгі Римдегі Б. ө-нің дамыған саласы қабырғаға аса нәзік шеберлікпен салынған мозаикалар (мыс., Александр Македонскийдің парсы патшасы Дариймен соғысы бейнеленген мозаика) болып табылады. Ежелгі дәуірдің Б. ө-нде Солт. Қара теңіз жағалауының мәдениеті, Урарту мемлекетінің, Үндістанның, Қытайдың, Орталық Азия мемлекеттерінің мәдениеттері секілді ірі мәдениет ошақтары болды. Соғда, Бактрияның, кейінАхемендер патшалығының Б. ө. сақтардың "жануарлық стилінің" ықпалына ұшыраған жергілікті өнердің бірегей дәстүрлері мен Көне Шығыс өнерінің әдістерін ұштастырды. Грек-Бактрия патшалығы өнерінде эллиндік көркемдік қағидалардың жалғасын табуы байқалады. Сәулет, мүсін, бедерлеу өнері жетіле түсті. Б. ө-нің ғажайып ескерткіштері Үндістанда б.з.б. 4-мыңжылдықтан б.з.б. 5 ғ-ға дейін жасалды. Үндістан өнері көне дүниенің түрлі мәдениеттерімен тығыз байланысты болды. Одан, сондай-ақ, Орталық Азия мәдениетінің де ықпалы байқалады. Ежелгі Үндістан мәдениетінің орталығы Синдтағы Мохенджо-Даро мен Пенджабтағы Хараппа елді мекендері болды. Ойылып бейнеленген абыз бен еркін де ырғақты қимыл-қозғалыс үстіндегі биші қыз, үшкелбетті құдай, киелі саналған жануарлар -- бұғы, буйвол, мүйізтұмсық, піл, т.б. мүсіндері жасалу шеберлігімен, пластикалылығымен, санқилылығымен ерекшеленеді. Үндістан мәдениетінің келесі кезеңі бүкіл Ганга жазығына билік жүргізген Магадха мемлекетінде өріс алды. Бұнда брахманизм идеологиясы үстемдік етіп тұрды. Үндістанның Б. ө-нде мыңжылдықтар бойына Брама (жаратушы), Вишну (қорғаушы), Шива (қиратушы) және Индра (патша билігін қолдаушы) бейнелері, түрлі рухтар мен данышпандардың мүсіндері тұрақты кейіпкерлерге айналды. Үндістан өнеріндегі бай, пластикалық, өмірлік күш-қуат пен динамикаға толы образдар Үндістанның мифтері мен аңыздары арқылы дүниенің сұлулығы мен адамға арналған мадақ ретінде қызмет етті. Үндістанда б.з.б. 3 ғ-да Ашок патша тұсында кең таралған буддизм мүсіндік рельефтермен безендірілген ғибадатханалардың, мемориалдық құрылыстардың салынуына себепші болды. Аса көрнекті де көркем ескерткіштер ансамблінің бірі -- Аджанта ғибадатханалары. Вагхора өз-нің сұлу алқабындағы жартастардан қашалған Аджанта ғибадатханаларының (барлығы 29 үңгір) қасбеттері мүсіндермен безендірілген. Будданың сансыз көп мүсіндері қабырғалардың етегіне жағалай тізіліп, олардың арасы оюлармен және Будданың шәкірттері мен серіктерінің бейнелерімен бедерленген. Құжыралардың іші түгелдей монументальді ою-өрнектер мен жазбаларға толы. Аджанта сұңғаты мен мүсіндерінің сән-салтанаты қайран қалдырады.
Адамзат мәдениетінің ең бір ежелгі ошақтарының бірі -- Ежелгі Қытай өнері (б.з.б. 3 ғ-ға дейін). Бұл дәуірдегі өнердің дамуы қалалардың пайда болуымен тығыз байланысты: ғибадатханалар, билеушілер сарайларының құрылысы, т.б. Ежелгі Қытай өнерінің өзіндік стилі рельеф пен өрнекті жазулармен қапталған рәсімдік ыдыстардағы бейнелерден көрініс тапқан. Аңдардың, құстардың қиял-ғажайып мақұлұқтардың бейнелері, қола ыдыстардағы оюлы өрнектер, алтын, малахит және фирузамен безендірілген қабырғалар, нефриттен ойылып жасалған заттар ақсүйектердің жерасты қабірлерінің ішіне асқан көрік берген. Қытай мәдениетінің маңызды кезеңі -- б.з.б. 11 -- 3 ғ-лардағы Чжоу дәуірі. Б.з.б. 1-мыңжылдықта пайда болған діни-филос. ілімдер -- конфуцийлық пен даоизм Қытайдың кейінгі бүкіл мәдениетіне ықпал етті. Осы кезеңде қытай сәулет өнерінің қағидалары қалыптасты, аңшылықтың, егін орағының жанрлық көріністерінен тұратын ыдыстардың безендірілу үлгілері күрделене түсті, қытай Б. ө. үшін классикалық стиль болып табылатын орамаларға тушьпен сурет салу өнері қалыптасты. Ұлы Қытай қорғанының құрылысымен әйгіленетін Цинь дәуірінің (б.з.б. 221 -- 207) өнері көне қытайлықтардың дүниенің құрылымы, әлемдегі елдер туралы түрліше түсініктерін бейнелейді. Оларда шынайы өмірлік бақылаудан туған пайымдаулар мен жүйрік қиял астасып жатыр.
Ортағасырлық Б. ө. деп, әдетте, Батыс және Орталық Еуропа елдері өнерінің ерте және кемелденген кезеңін, Византия мен Ежелгі Ресей өнерін (17 ғ-ға дейінгі) атайды. Ал Қытай, Жапония, Үндістан, Индонезия, Орталық Азия елдерінде өнердің ортағасырлық үлгісі әлдеқайда ұзағырақ сақталды (19 ғ-дың 2-жартысына дейін). Орта ғасырлардағы Б. ө-нің дамуында ұлттық ерекшелік ерекше рөл атқарды. Олар кейінен бірегей ұлттық көркемөнер мектептерінің қалыптасуына негіз болды. Бұл кезең өнерінің ортақ ерекшелігі оның дінмен байланысының күшеюі болды. Адам сезімдерінің, уайымы мен ойының күрделілігі Б. ө-нде діни идеялар, діни аңыздар мен хикаялардағы образдар, діни-этикалық нормалар арқылы көрініс тапты. Ортағасырлық батысқа да, шығысқа да руханилықтың заттық болмыстан биіктігін дәріптеу тән. Батыс Еуропа, Византия, Русь, Кавказ, Балканның ортағасырлық өнеріндегі рельефтер, фрескалар, мүсіндер, мозаикалар, шіркеу икондары -- барлығы христиандық түсініктің күллі қағидалары мен аңыздарын (адамның жаратылуы, күнә жасауы, бүкіләлемдік су апаты, Ғайса пайғамбар тарихы, ақырзаман және қиямет қайым, т.б.) қамтыды. Оларға күнделікті тіршілік сарындары аралас бейнеленген. Тарихи сюжеттерге арналған миниатюра жанры дамыды. Бұл кезең өнеріне ашық бояулардың батыл қолданылуы, контур сызықтардың айқындығы, көбінесе алтынмен әрленген салтанатты фон тән.
Ортағасырлық Үндістан, Индонезия, Қытай, Камбоджа ғибадатханалары, Түркия мен Орта Шығыстың мешіттері еуропалық ғибадатханалардан кем түспейді. Айтылмыш кезеңде Месопатамия, Иран, Үндістан, Орта Азия, Әзірбайжан, Түркияда миниатюра жанры қарқынды дамыды, хұснихат жазу өнері шеберліктің биігіне жетті. Шығыстық миниатюраға нәзік те ашық бояу, ою-өрнектің әсемдігі, өмірлік тәжірибеден туған пайымдаулардың айқындылығы, терең діни-философиялық тұспалдау тән. Түрік миниатюрасының өзіндік стилін Сефи, Жәми, Нақши Ахмед, Мұстафа Шелеби секілді шеберлер қалыптастырды. Қолөнер түрлері -- өрнекті кілемдер, мата тоқу, металдан жасалған ою-өрнекті бұйымдар жасау, қыш құю, ойылып, шекіліп өрнектелген қару-жарақтар жасау өнері қарқын алды. Шираз, Тебриз, Бағдад, Самарқан, т.б. орталықтарда миниатюраның бірегей мектептері пайда болды (12 -- 15 ғ.). Орта Шығыс миниатюрасының даму шыңы Герат мектебінің өкілі К. Бехзадтың шығарм-нан көрініс тапты. Қиыршығыс Б. ө-ндегі тушьпен, акварельмен, гуашьпен жібек және қағаз орамаларға сурет салу өнері поэтикалылығымен, адам мен табиғатты бейнелеудегі байқампаздығымен, таңғаларлықтай нәзік бейнелеу әдіс-құралдарымен Қытайда, Кореяда, Жапонияда үлкен жетістіктерге жетті. Жапон өнерінің кемелдікке жеткен саласының бірі ағашқа гравюра салу -- ксилография болды. Классикалық жапон гравюра өнерінің майталман шеберлері -- Китагава Утамаро, Кацусика Хокусай, Андо Хиросигэ, Сидзуки Харунобу және басқалар. Қайта өркендеу -- Ренессанс дәуірінің Б. ө. күрт, қуатты өрлеуімен, жаңалықтар спектрінің ауқымдылығымен, жанр түрлерінің, көрнекті шығарм. тұлғалардың молдығымен белгілі. Әлемдік Б. ө. тарихындағы бұл дәуір Батыс, Орталық және Шығыс Еуропаның көптеген елдерін қамтып, негізінде Ежелгі Грекияның мәдени мұраларына қайта назар аудару, оның гуманистік мұраттарын өзінше қайта жаңғырту үрдісі жатқан зайырлы сипатымен ерекшеленеді. Суретшілер, мүсіншілер, миниатюрашылар шабытының қайнары болған Б. ө-нің реалистік түрі, шынайы өмір бейнесі -- Ренессанс дәуірінің негізгі ерекшелігі. Қайта өркендеу дәуірінің Б. ө-не адам мен әлемді терең тануға ұмтылу, адам ақыл-ойының күші мен мүмкіндіктеріне деген сенім тән. Жасампаздықтың, сұлулық пен шынайы болмыс үйлесімінің ұйтқысы ретіндегі адамның биік бейнесі, табиғаттың объективті заңдылықтарын меңгеру Қайта өркендеу өнеріне бөлекше мағына мен тұтастық дарытты. Еуропалық Қайта өркендеу өнерінің классикалық үлгісі Италия өнері болып табылады (13 -- 16 ғ-лар). Ол ерте, жоғары және кейінгі Қайта өркендеу болып, үш кезеңге бөлінеді. Ерте Қайта өркендеуге тән ерекшелік -- Б. ө-нің жергілікті флоренциялық, венециялық, умбрийлық, феррарлық, т.б. көркемсурет мектептері аясында дамуы. Оның ең көрнекті өкілдері -- Мазаччо, Андреа дель Кастаньо, А. Мантенья, А. де Мессина, Фра Анжелико, Филиппо Липпи, Сандро Боттичелли және т.б. Жоғары Қайта өркендеу дәуірінің өнеріне адамды әлемнің үйлесімді құрылымның өлшемі санаған кемел классикалық, идеалды-асқақ бейнелердің сомдалуы тән.
Көрнекті суреткерлер шығарм. бұл кезең өнеріне ерекше кең тыныс, жан-жақтылық сипат береді. Леонардо да Винчидің картиналарындағы психологизм мен биязы да көтеріңкі леп, Микеланджело Буонаротти сомдаған бейнелердегі драматизм мен қаһармандық рух, Рафаэль де Санти туындыларындағы асқақ үйлесім, Джорджоне мен Тициан кескіндемелеріндегі нәзік сезімталдық және бояулар үндестігі -- осыған дәлел. Кейінгі Қайта өркендеу дәуірінде Тициан, Микеланджело, Тинтореттолар шығарм. ізденістерін одан әрі дамыта түсті. Өнерде адам мен табиғат арасындағы күрделі байланыс пен қоғамдық қатынастарға терең мән, шиеленіскен драматизм жүктеу үрдісі күшейді. Солт. және Орт. Еуропа елдерінде Қайта өркендеу дәуірі хронологиялық жағынан ғана емес, сондай-ақ, түр, идеалық мазмұн тұрғысынан да бір-бірінен ерекшеленеді. Солтүстік Қайта Өркендеуі аталған Нидерланд, Германия, Франция Б. ө. готикамен туыстас белгілерімен, белгілі бір ортаның, адам және оның іс-әрекеті, еңбегі, өмір салтының нақты белгілеріне ден қоюымен ерекше. Франция мен Нидерландттың жаңа реалистік өнерінің бастаулары 14 -- 15 ғ-лар шегінде Бургундияда пайда болды. Бұл кезеңнің белгілі туындылары -- ағайынды Лимбургтардың миниатюралары. Неміс қайта өркендеуінің ірі шебері Альбрехт Дюрер (15 -- 16 ғ-лар шегі) болып табылады. 15 ғ-дағы Нидерланд кескіндеме мектебі (мехрабтық картина, портреттер, миниатюра) солт.-еуропалық көркемсурет мектептері арасындағы ең бір ықпалдысы болды. Бұл мектептің ірі өкілдері -- Я. ван Эйк, Хуго ван дер Гус, Рогир ван дер Вейден. 15 -- 16 ғ-лар шегінде салынған сатиралық-ғақлиялық, символдың-мистикалық мазмұндағы Х. Босхтың картиналары белгілі. 17 -- 18 ғ-ларда Еуропа Б. ө-нің даму процесі күрделенді. Францияда ( Ф. де ла Тур, Н. Пуссен, А. Ватто, Ж.Б. Шарден, Ж.О. Фрагонар), Италияда (М. Караваджо, Б. Тьеполо, Дж. Креспи, Ф. Тварди), Испанияда (Эль Греко, Д. Веласкес, Ф. Сурбаран, Б. Мурильо, Ф. Гойя), Фландрияда (П.П. Рубенс, Я. Йорданс, А. ван Дейк, Ф. Снейдерс), Голландияда (Ф. Хальс, Рембрандт, Я. Вермеер), Ұлыбританияда (Дж. Рейнольдс, Т. Гейнсборо, У. Хогарт), Ресейде (Ф.С. Рокотов, Д. Г. Левицкий, В. Л. Боровиковский) ұлттық мектептер қалыптаса бастады. Жанрлар жүйесі нақтыланды. Стильдік белгілері ортақ түрлі көркемдік жүйелер қалыптасты (тұйықталмаған, спиралды, композициялық, динамикалы барокко, қанық суретті, айқын сызықты классицизм, нәзік бояулы сұлу мүсінді, ойнақы табиғатты рококо). 19 ғ-да Америка мен Азия Б. ө-нің ұлттық мектептері қалыптаса бастады. Бұл аймақта реалистік тәжірибе жергілікті көне дәстүрлермен өріле дамып, ерекше өзіндік сипат алды (Үндістан, Жапон, Қытай). Сондай-ақ, еуропалық Б. ө-нің түрленіп дамуына қиыр шығыс елдері, Африка халықтарының алғашқы және көне дәуірдегі өнерлерінің ықпалы болды. Осы кезеңде Б. ө-нде академизм, натурализм, т.б. бағыттар пайда болды (Францияда -- Т. Жерико, Э. Делакруа, Германияда -- К. Д. Фридрих, Ресейде -- О.Кипренский, С.Шедрин, К. Брюллов, А. Иванов). Барбизон мектебінің шеберлері ақиқат нәрсені көріп-тану арқылы өмірдің шынайы бейнесін беруге зейін қойды: (Ұлыбританияда Дж. Конетебл, Францияда О. Домье, Ресейде А.Г. Венецианов, П. Федотов). 19 ғ-да француз Б. ө-нде әлемнің табиғилығы мен өзгермелілігін бейнелеуге ұмтылған импрессионизм пайда болды (Э.Мане, К. Моне, О. Ренуар, К. Писсарро, А.Сислей, Э. Дега). 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-да түрлі реалистік және модерндік ағымдар пайда болып, Б. ө-нің даму процесі күрделі де қайшылықты арнаға түсті. Осы кезеңде өзінің қайталанбас шеберлігімен өнерге Ван Гог келді. Өнердің постимпрессионизм (П. Гоген, А. Дерен), фовизм (А. Матисс), кубизм (П. Пикассо, П. Сезанн, Ж. Брак), футуризм (У. Боччони, К. Малевич), дадаизм ( М. Дюшан, Ф. Пикабия, М. Эрност), сюрреализм (С. Дали), неопластицизм (П. Мондриан, Т. ван Дусбюрг), т.б. авангарттық бағыттары дамыды. 20 ғ-да адамның ішкі әлеміндегі күрделі өзгерістерді барлық қырынан көрсетуге ұмтылыс нәтижесінде түрлі бағыттағы мәңгілік туындылар дүниеге келді. 1910 -- 13 ж. кубизм, экспрессионизм, футуризмнің тармақталуы нәтижесінде абстрактілі өнер (затсыздық) белең алды.
Б. ө-ндегі түрлі бағыттар негізінде "Стиль" және "Баухауз" тобы, Н.Габоның скульптуралық композициясы, О. Цадкин шығармалары, В. Е. Ташлин конструкциясы, америкалық абстракты экспроссионизм мектебі (Дж. Поллок, М. Тоби), ағылшын мүсіншісі Г. Мура, неміс хеппингін қалыптастырушы Г. Юккер, жапон абстракцияшы И. Ногуги, т.б. танымал болды.
20 ғ-дың 2-жартысы мен соңында Б. ө-нде концептуалдылық, кинотекалық өнер, перформанс өнері, трансаванград ағымы, т.б. пайда болды. Осындай түрлі бағыттар арнасында Д. Джадд, Дан Асаль -- Рози, К. Андре, Д. Смит, А. Лоран, Э. Уорхолл, Христо, Д. Боровский, Я. Куосама, А. Кифер, Ф. Клементе, Нам Джун Пэйк және т.б. ірі өнер шеберлерінің шығармалары өмірге келді.
Көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі кезеңде қалыптасқан Б. ө. -- бай әлемдік көркем мәдениетінің аса арналы саласы. Көне дәуірден Еуроазия мәдениетінің дәстүрін сақтап қалған Қазақстанның Б. ө-нің әлемдік мәдениетте өзіндік орны бар. Қазақстанның Б. ө-нің қалыптасуы, даму үрдісі оның геосаяси жағдайына, қазақ халқының көшпелілік мәдениеті мен тарихи кезеңдердегі көркемдік гүлдену дәуірлерімен тікелей байланысты. Қазақстанның көне өнері бастауын палеолит және энеолит дәуірінен алады. Алғашқы қауымдық мәдениетке саздан жасалған ыдыстардағы суреттер, т.б. жатады. Қазақстандағы Б. ө-нің келесі даму кезеңі -- қола дәуірі. Өзінің мифологиялық мазмұн-сюжеті, пластикалық өрнегі жағынан ерекше қуатымен көрінген кешенді таңбалы тастар -- Тамғалы, Бұғы тас, жоғары Ертіс алқабы, Орталық Қазақстан ескерткіштері осыны айғақтайды. Сақ дәуірінен жеткен Б. ө-нің мұрасы да аса бай. Есік қорғанынан табылған сақ өнерінің кешеніндегі (б. з. б. 5 -- 4, 4 -- 3 ғ-лар) бүгінге дейін сақталып жеткен "Алтын адам" соның ең бір көрнекті үлгісі.
Қазақстанның орта ғасырлардағы өнері өзіндік өрнегімен ерекшеленеді. Бұл кезеңдегі өнер тәңіршілдікпен, түркілердің қуатты саясатымен, қалалардың салынып, сауда мен қолөнердің дамуымен үндесті. Балбал тастар мен құлыптастар да осы кезеңнің туындылары. Зергерлік өнер, тері илеу, қыш құю, тоқыма өнері дамыды. Қазақ халқының көркемдік ойлау жүйесі мен бейнелеу тілінің байлығы ою-өрнек өнерінде, белгі, таңба жүйесінде айқын ізін қалдырған. Адам мен табиғатты тұтас бірлікте қарастыратын қазақтың дәстүрлі дүниетанымы мен өнері киіз үйдің құрылысынан өз көрінісін тапқан. 18 -- 19 ғ-лар мен 20 ғ-дың басында қазақ халқының дәстүрлі өмір салтын Еуропа және орыс ориенталистері өз туындыларында (Т. Аткинсон, Б. Залесский, А. Горонович, В. Штернберг, Т. Шевченко, П. Кузнецов, Г. Хлудов) қызығушылықпен бейнеледі. Қазақтың дарынды ұлдарының бірі Ш. Уәлихановтың суреттері 19 ғ-дың 2-жартысындағы графикалық туындылардың Қазақстандағы алғашқы құнды үлгілері болып саналады. 20 ғ-дың басында Қазақстанда кәсіби кескіндеме, мүсін, графика жанрлары қалыптаса бастады. Оның негізін қалаушылар -- Ә. Қастеев, Ә.Ысмайылов, Х.Наурызбаев, т.б. Ұлттық кәсіби Б. ө. алғаш еуропалық көркемдік дәстүр арнасында дамығанмен, кейіннен ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық дәстүр негізінде өзіндік стильмен даралана бастады. Айқын ұлттық қолтаңбасымен көрінген С.Мәмбеев, М.Кенбаев, Қ.Телжанов, С.Айтбаев, Т.Тоғысбаев, Ш.Сариев сияқты дарынды өнер шеберлерінің үлкен шоғыры қалыптасты. Халық өмірінің барлық қырын қамтыған қазақ Б. ө. -- қазіргі таңда ірі өнер саласына айналған. 20 ғ-дың соңы ұлттық таным, төл тарих пен мәдениет тарапындағы ізденістер қарқынды дамып, қазақ өнерінің жетіліп, ұлттық көркем бағыттар, түрлі ағымдар, даралық стильдер туған кезең болды. Бұл бағытта Е.Мергенов, Е. Төлепбай, А. Ақанаев, А. Сыдыхан, Т.Маданов, А. Есенбаев, А. Есдулетов, т.б. жемісті еңбек етті. Қазіргі кезеңде қазақ Б. ө. мәдени ескерткіштер, халық тарихының бастаулары, ұлттық ерекшелік, т.б. құндылықтарға ден қою, тың ізденістерге бару.[[1]]

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
16-18 ғасырлардағы орыс өнері[өңдеу]
Уикипедия -- ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Біздің заманымыздағы алғашқы ғасырларында өмір сүрген отырықшы славян тайпалары Римдік империя мәдениетімен таныс, содан әсер алған тайпалармен, халықтармен араласып, шығысеуропалық үлкен аумақта қоныстанады. Орыс мемлекеттілігі пайда болған аумақтағы халық Византия, Иран, Кавказ жерлерімен, болгарлықтарымен шекаралас жатқандьщтан олардың жоғары дамыған қолөнерін, жазуын, сәулетін, кескіндемесін ұйренді. Славяндықтар ұзак жорықтарға шығып, көптеген оқиғаларға катысқан. Кейіннен табылған VI -- IX ғғ. ескерткіштеріне қарап, көптеген мәселенің шешімін табуға болады, заттардың әр түрлі сарында және формада жасалғандығы түсіндіріледі.
Бұл заттарға жататындар: қолөнер, тұрмыстық және жоралғы ескерткіштер, қыш ыдыстар, сұйектен жасалған тарақтар, еакина, білезіктер, ат әбзелдерінің бөлшектері, бойтұмарлар, пұттар пішіндері. Белгіленген әрбір өрнек қандай да бір нысанды білдіреді. Мифоло- гиялық көріністегі белгілі бір заттардың қалыптарын бейнелейді. Мөселен, сырға мен сақиналар -- Күн, гүл, Айды елестетеді. Заттардың ор біреуінің өзіне төн мағынасы болды. Славяндықтар өзен мен көлге, ағаш пен тасқа табынды. Археологияльщ зерттеулер барысында табылған пұттар бейнесінің қарапайым тастардан айырмашылығы көп емес. Олар бейнелеу сарындары мен шартты белгіленуі бойынша ерекшеленеді.
VI -- IX ғғ. Шығыстық славян мемлекеті құрылады. Осы кезеңде иақты иконатану қалыптасады. Князьдік орталық кұрылуына катысты князьдік баскару ұйлерінің құрылысы басталды. Тайпа орталығы -- калалар әр алуан қолөнердің дамуына ықпалын тигізді, оның ішінде зергерлік өнер де бар. Тұрмыс заттары зергерлік өрнектермен "іпекейленді. Жергілікті шеберлердің колданған әдістері: эмаль, бүршік, нақыштау және шекіме болды. Мұндағы бейнелеу сарындары Мран мен Византия бейнелерінен келіп шығады.
IX -- X ғғ. қалыптасқан мемлекет Киевтік Русь атауын алады. Киевтік Русь Еуропаның саяси өмірінде маңызды орын алды. Онда жаңа мемлекеттік мөдениетпен катар жазу жұйесі мен христиандық іиі калыптаса бастады. Тұрмыстық мәдениеттегі дәстүр бір дәуірден екінші дәуірге өзгеріссіз көшеді. Иран-сасанидтік, скифтік, эллинистік өнерден алынған өрнек ерекшелігі, сарындар мен нысандар өзгермейді.
Христиандық дін жас орыс мемлекетінің рухани мәдениетінің, көзқарасының қалыптасуына ықпалын тигізеді. Адам өзінің қайталама ірічиііеліктерімен табиғат өлемінен бөлініп шығады. 988 -- 1019 жылдары князь Владимир Святославович тұсында қабылданған христиандық, дінге қатысты, көркемөнер мен құрылыста қызу жұмыс басталады.
Ең ірі құрылыстың бірі -- Киевтегі "Құдай анаға" арналған храм, шіркеу пішін Киевтенбасқа да қалаларда көтеріліп жатқан құрылыстарға өсерін тигізді. Жаңа қалада (Новгород) София ғибадат- ханасы, Ростовта Успения ғибадатханасы ағаштан бой көтерді (соңғысы 1160 жылы тұрлі себептерге байланысты жанып кетті). Құрылыс бұдан әрі қарай өз жалгасын табады.
XI ғ. соңында Киевте князьдер билікке таласып кұреседі де, Русь ыдырап кетеді. Тек XII ғ. гана өз саясатын өзі анықтайтын мемлекетке айналады.
XII ғ. Русьтегі қалалардың өсуімен, орыс қоғамының бірігуімен ерекшеленді. Өнердегі салтанатты, монументті стиль XI ғ. аяғы -- XII ғ. басында камералық стильге өзгереді, ондағы өнер тұрғылықты өмір салтына жақын болды.
XII ғ. өнеріндегі стиль князьдік сарайдағы шеберлер қызмет істейтін шеберханалардан басқа, монастырьлардағы жеке шеберханалар пайда бола бастайды. Олар тапсырыспен қатар, жаппай сату ұшін де жұмыс істейді. XIII ғ. 30 -- 90-жылдарынан бастап көркемөнердегі қызмет қалалық және қаладан тыс орналасқан шағын монастырьларда жасалды, көбінесе икондар мен қолжазбалар, шағын көлемді миниатюраларды әшекейледі. Ғибадатхана құрылыстарында жаңа көркемөнерлік талғамдар пайда бола бастады. Бұл даму өр алуан мөдениет орталыктарында әр тұрлі ерекшелігімен көрінді.
XIV ғ. соңы мен басындағы кескіндемешілер мен сәулетшілер адам өмірінің рухани, ішкі бейнесін ашуға талпынды. Бұл идеялар Мәскеуде туындап, суретшілер шығармашылығына ықпал етті. 1378 жылы храм кабырғасын қабырға суреттермен толтырған белгілі византиялық суретші Феофан-Грекпен бірігіп, 1405 жылы Андрей Рублев те өзін суретші ретінде көрсетеді.
XV ғ. соңы мен XVI ғ. басында, 1485 -- 1487 жылдары Мәскеулік Кремль құрылысы басталады. 1516 жылы кұрылыс аяқталады. XV ғ. соңындағы сәулет ескерткіштерінің ерекшелігі -- тігінен бөлінуінде еді. XVI ғ. басында сәулет өнеріне ренессанстық сарындар, классикалық ордерлер белгілері енеді, ал кондырғылы және монументті кескіндемеде батыстық әсер болмады. Өнердегі монументті стильде өзін көрсеткен суретші Дионисий болды.
XVI ғ. ортасында Иван Грозный таққа отырады. Мәскеулік патшалыққа Қазан мен Астрахань келіп қосылады. Иван Грозный дәуірінде шіркеу -- рухани төрбие беруші мемлекеттік орынға айналады. Сөулет өнері дами тұседі. Миниатюра икон жазуына және монументті кескіндемеге өз ықпалын тигізеді. Қаланың өсуіне байланысты Батыс және Шығыспен жасалатын сауда әрі карай ұлғаяды. Иван Грозный уақытында жасалған зергерлік бұйымдарда, оныц ішінде тұрмыстағы заттарда (құмыра, ыдыстар, табақтар) қасиетті ғұрып сақталған.
XVII ғ. Ресей өнерінің тарихы калалардың қаркынды өсуімен байланысты болды. Ғасыр басындағы өнерге алғашқы дәуірдегі сөулсн жөпө кескіндеме дөстұрлері ұлкен ықпал етті. XVIII ғ. I Петр реформаларымен ерекшеленген болатын. Бұл ғасырдағы орыс өнерінен жаңа уақыттағы мәдениеттің көне орта ғасыр өнерінің орнына келгендігі айқын көрінеді. Өнер қоғамдық өмірде жаңа мөнге ие болды.
XVIII ғ. ортасындағы орыс сәулетінің ерекше көрсеткіші -- мемлекеттік және коғамдық ерекшелік болды. Орыс сәулетінің басында белгілі мұсіншінің баласы Ф-Б.Растрелли тұрды (1700 -- 1771).
XVIII ғ. ортасында Ресейдің ұлттық деңгейі өседі. М.В. Ломоносовтың қатысуымен (1755) Мөскеулік университет ашылады, (1757) Көркемсурет академиясы құрылады, орыс театры пайда болады. Жаңа орыс өнері шарықтау шегіне келеді. Кескіндеме өнерінде өзіндік маңызды композициялық ерекшелігі бар қондырғылы картиналар пайда болады. XVIII ғ. орыс кескіндемесінің негізін қалаушы -- И.Никитин (1690 -- 1742). Бұл дәуірдің екінші ірі шебері -- А.Матвеев (1701 -- 1739). Ол Голландия мен Фландрияға оқуға жіберілген, XVIII ғ. 30-жылдары өнердегі өз орнын тапты. Бұдан кейінгі суретшілер тобы: А.П.Антропов, И.Я.Вишняков, И.П. Аргунов, П.Ротари жәнө т.б. Мұсін бұл кезеңде қоғамда басқа өнер тұрлері төрізді аса ұлкен орын алмады, ол тек XVIII ғ. екінші жартысында ғана гұлдене бастайды.
XVIII ғ. екінші жартысындағы ірі шеберлер -- француз сәулетшісі Ж.Б.Валлен-Деламот (1729 -- 1800) және орыс сөулетшісі А.Ф.Кокоринов (1726 -- 1772), екеуі бірігіп Көркемсурет академиясы ғимаратының жобасын жасады (1764 -- 1788). Мәскеудегі Кремль сарайының жобасын жасаған сәулетші -- В.И.Баженов (1737 -- 1799).
Мұсін өнерінде ірі орыс мұсіншісі Ф.И.Шубинді (1740 -- 1805) атауға полады. Алғашқы жұмыстары мәрмәрден болды. Монументті пластиканың дамуында Э.М.Фольконе (1716 -- 1791) өз колтаңбасын табады. Кескіндеме де ұлкен өзгеріске ұшырайды. Ерекше жоғары сатыда адам бейнесі -- портрет тұрады. Белгілі шеберлер: Ф.С.Рокотов (1735 -- 1808), Д.Г.Левицкий (1735 -- 1822), В.Л.Боровиковский (1757 -- 1825). Орыс өнері дамуы жағынан XVIII ғ. ортасында өзіндік шеберлігімен, пильдік ерекшелігімен еуропальщ көркемөнердің дамуымен сәйкес келеді. Бұл жаңа уақыттағы өнерден өз жалғасын табады.[1]

Дүйсембінова Қ.Ә., Құрсабаева Б.Қ.,-
ғылыми-ізденушілер, Талдықорған
Бейнелеу өнері әлемдегі барлық халықтарға ортақ мәдени мұра. Қазақ халқы басқа өркениетті халықтар сияқты сан сағырлар бойы өзінің мәдениетін сақтап келді. Ұлттық мәдениеттің үлкен бір саласы - халықтың бейнелеу өнері болып табылады. Оның тарихы тым тереңде жатыр. Ең алғашқы кезеңдерде, атап айтқан тас, қола және темір дәуірлерінде адамзат баласы қоршаған ортаның қыр-сырын, жаратылыс қағидасы мен табиғат сұлулығын және қоғамдық ортадағы тарихи оқиғаларды, тұрмыс-тіршілікті баяндау мақсатында өз ғұмыры жайлы ескерткіштер қалдыруды арман еткен.
Орта Азия мен Қазақстан территориясында күні бүгінге дейін сақталып келген таңбалы тастағы көне тотемдік-мифологиялық сурет белгілер, түсті металдардан (алтын, күміс, мыс, қола) жасалған әшекейлік һәм зергерлік бұйымдар, сондай-ақ руналық тас таңбалар мен қару-жарақ ескерткіштері - халық өнерінің қайталанбас дүниесін көрсете білді. Киелі топырағымызда сақталған Арпаөзен, Тамғалы, Таскескен ескерткіштері, әсіресе Сарыарқа төсіндегі ашық аспан астындағы көне дәнекерлер - ұлттық өнеріміздің қайнары болып табылатыны рас.
Алматы маңындағы Есік қоғанынан табылған Алтын адам, Шығыс Қазақстандағы Пазырық қорғанынан табылған Дала перғауыны ескерткіштері - ұлтымыздың баға жетпес құнды мәдени мұрасы болып табылады.
Зерттеуші ғалымдар (Ә.Х.Марғұлан, К.Ақышев, К.Байпақов) зерттеулеріне қарағанда, қолға түскен археологиялық жәдігерлер арқылы - халық тарихын қайта зерделеу қажеттігі туып отыр деп тұжырымдаймыз. Ұлы дала кеңістігін емін-еркін мекендеген әрі батыр, әрі абыз сақтар мен ғұндар -- өздерінің жауынгерлік-қаһармандық дәстүрлерімен бірге мәдени-рухани құндылықтарын мирас етіп кетті.
Ғалымдардың пайымдауынша (Т.Султанов, С.Г.Кляшторный) көне сақтардың алтыннан жасалған аң стиліндегі бұйымдары, ғұн дәуірінде қолданбалы полихромды өнерге ұласып отырды. Ал, Түркі қағанаты дәуірінде аталмыш қос мәдени өнер туындылары қайта жаңартылып, ерекше зерленіп отырды.
Бейнелеу өнері тек қана зергерлік бұйымдар жасау технологиясымен шектеліп қалмай, ол архитектуралық сәулет өнерінің дамуы мен қалыптасуына ықпал етті. Бұл үрдіс Орта Азияға 7-8 ғасырларда мұсылман дінінің таралуынан кейін ерекше байқалды. Мұсылмандық дәстүрдің тек қана діни уағыз философиясын ғана әкелмей, сонымен бірге ғылым мен білім әкелуі - түркі тектес халықтардың қайта бірігуіне, қала берді араб-шығыс мәдениетінің синтезденуіне, тарихи тұрғыдан пайымдасақ мұсылман Реннасансын әкелді деуге болатын еді.
Шығыстанушы ғалымдар (В.Бартольд, В.Вамбери, С.П.Толстов) бұл ғасырды алтын ғасыр деп атаған. Осы тұста бейнелеу өнеріне қатысы бар Ақсақ Темірдің немересі Бабыр сұлтанның Бабыр-нама атты еңбегіне ерекше тоқталып өткен жөн. Ол жөнінде патшалы Ресейдің шығыстанушы ғалымы Н.Ильминский өзінің Бабур-намэ или записки султана Бабура ғылыми зерттеу еңбегінде толық деректер келтіреді.
Бабыр сұлтан тек қана Орта Азия мен Үндістанның билеушісі ғана емес, сонымен бірге ел қамын жеген дарынды қолбасшы, қайтпас қаһарман, оқымысты және суретші ретінде танылады. Сұлтан әскери жорықта жүрген жерлердегі жергілікті халықтың мәдениетіне, тегіне, өнеріне және тарихына ерекше мән беріп отырған. Жорық жайлы естеліктер жаза отырып, ол жергілікті жердің топографиялық картасын сурет салу арқылы жеткізе білген.
Аталмыш үрдіс орыс саяхатшылары аяқ баса алмаған Қашғар жеріне барған Шоқан Уәлихановтың еңбектерінде көрініс тапқаны өте сирек кездесетін жайт. Қазақ халқының бейнелеу өнері жөніндегі санғасырлық мұраларын бір кітапқа сыйдырып баяндау мүмкін емес. Бейнелеу өнері өткен ғасырдың қай кезеңінде болмасын тұрмыстың негізгі өзегі болғаны анық. Халық педагогикасын зерттеуші ғалымдардың пікірінше (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, К.Қожахметова, С.А.Ұзақбаева, Қ.Бөлеев, М.Қыдырбайұлы, Р.Қ.Дүйсембінова, Е.Сағындықов,Қ.Қабдыразақұлы, С.Ғаббасов, Ә.Табылдиев) қоғамдық өмірдегі жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беру үрдісі кешенді түрде жүргізілгені айтылады. Ол пікірмен келісуге болады. Себебі, ата-баба салты -- өскелең ұрпаққа өне бойындағы құндылықтарды мирас етуге тырысаты рас. Ұлт бойындағы асыл қасиеттер ұрпақ санасына тек тәрбие әдіс-тәсілдері арқылы даритыны шындық.
Халық тұрмысында балаға эстетикалық тәрбие беру жөнінде мол тәжірибелер жинақталған. Эстетикалық тәрбиенің маңыздылығы жөнінде (Ұзақбаева С.А, Әлмұхамбетов Б.Ә, Левченко Т.А,, Асанова Ұ.О, Қозыбаев Е.Ш) көптеген зерттеуші ғалымдар еңбек жазды. Олардың пайымдауынша халық педагогикасы материалдарын пайдалана отырып, оқушыларға, жастарға эстетикалық тәрбие берудің - тиімдігі зор болмақ. Расында, эстетикалық тәрбие деп ғылыми-педагогикалық тұрғыда анықтама бергенімізбен, практика жүзінде оның саласы күрделеніп кететіні заңды нәрсе.
Бұо орайда эстетикалық тәрбиені бірнеше түрге бөліп қарастыру ғылыми айналымда қолдау тауып отыр. Оларға:
- Халық ауыз әдебиетіндегі ауызекі-поэтикалық шығармалар
- Ұлттық қол өнер бұйымдары
- Зергерлік һәм әшекейлік бұйымдар
- Руналық, тотемдік және мифологиялық таңбалар мен кескіндер
- Петроглифті таңбалар мен ескерткіштер
- Ою-өрнектер мен ұлттық айшықтар
- Архитектуралық ғимараттар мен мазарлардағы айшықтар мен суреттер
- Халық шығармашылығындағы сурет және бейнелеу өнері
- Бейнелеу өнерінің түрлері (портрет, натюрморт, кескін, скульптура, бояу сурет, кескін сурет, аппликация т..б.)
- Қолданбалы өнер туындылары
- Қазақстандағы бейнелеу өнерінің тарихы
- Әлем және қазақ халқының суретшілерінің туындылары
Аталмыш ұсынысты одан ары дамыту барысында әдістемелік нұсқау жобасын жасауға болады. Сынып жетекшілері оны өздерінің тәрбие жоспарларына енгізсе, ал әдістемелік бірлестіктер семинар материалдары негізінде пайдаланады. Осы ретте мектеп жанынын Жас суретші , Ұлттық қолөнер, Зергер, Дизайн өнері және басқа үйірме жұмыстарын ұйымдастырған абзал.

Әдебиеттер:
Әлмұхамбетов Б.А.,- Ұлттық бейнелеу өнері арқылы 4-7 сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру, А, 1990
Марьяшев А.Н.,- Наскальные изображения хребта Каратау,А,1977,
Ұзақбаева С.А.,- Тамыры терең тәрбие, А, Білім, 1995, 229 бет
Бабыр-нама., (тарихи деректер)А, 1998 жыл, 258 бет
Ильминский Н.Н.,- Бабур-намэ или записки султана Бабура, СПб, 1904

ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
21 Сәуір 2012, 15:50

Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы мәдениеті ежелгі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және жаңа заманға сай дамып қалыптасқан түрі болды.
Рухани мәдениеті: Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы - қазақ шежіресі екені анық. Қазақтың байырғы салт-дәстүрі бойынша әрбір қазақ азаматы өзінің жеті атасын білуге тиісті еді. Мұны балаларына үйрету әрбір атаның, отбасы тәрбиесінің негізі болды. Тек ата-анасынан айырылған жетімдер ғана мұндай тәрбиеден қалған. Соның үшін қазақ қауымы "жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары" дейді. Ру, тайпа және жүздің шежіресін таратып айта алатын адамдар халық ішінде құрметтеліп "шежірешілер" деп аталды. Ерте заманда шежіре ауызша түрде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілсе, ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бірсыпыра шежірелік жинақтар таспаға түсірілген. Олар: "Көшен-Қарауыл шежіресі" (ХVІІІ ғ.), "Жәңгір хан шежіресі" (1835), Ш.Уәлиханов жазып алған "Ұлы жүздің шежіресі" және т.б.

Сол сияқты ХVІІІ ғасыр "ақындар поэзиясы ғасыры" деп аталған. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің өте құнды мұралары - ақын-жыраулардың өлең-жырларында халықтың өмір тіршілігі, көңіл-күйі, салт-санасы, өндірісі мен тұрмысы, мінез-құлық өлшемі, сол дәуірдің рухы бейнеленді. Олар халық басына келген қайғыға да, жұрт кенелген мерейге де ортақ болды. Ел басына ауыр күн туғанда шапқыншы жауларға қарсы жан аямай күресіп, елін қорғаған ерлерді дастан етіп жырлап отырды. ХVІІІ ғасырда танымал болған Ақтамберді, Тәттіқара, Үмбетей, Бұқар, Шал, Көтеш секілді жыраулар өз өмірінде ұшан-теңіз жыр шығарды. Қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын ХVІІІ ғасырдағы атақты жырау Бұқар Қалқаманұлының (1668-1781) бірнеше шығармалары сақталған. Ол тәуелсіздікті сақтау және нығайту идеясын білдірген көрнекті дидактикалық өлең-толғаулар шығарған. Қазақ ханы Абылайды қолдап, әр түрлі даулар мен таластарды шешкен. Жырау қазақтың барлық үш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыс мәдениеті
Ресей мәдениеті жайында
Н. Бердяев бойынша Ресей мәдениетінің тарихи кезеңдері
Ресей мәдениеті
Орыс өнерінің қалыптасу кезеңдері
Славяндар қазіргі Орталық, Оңтүстік және Шығыс Еуропа халықтарының арғы тегі және тайпалар тобы
Ресейдің феодалдық мемлекетке айналуы
И. Г Песталоццидің, Ф. А. В Дистервегтің педагогикалық теориясы мен тәжрибесі
Ежелгі орыс мемлекетінің тууы және дамуы
Шығыс Славяндардың ертедегі тарихы
Пәндер