Бейнелеу өнері туралы түсінік



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Бейнелеу өнері туралы түсінік

16-18 ғасырлардағы орыс өнері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Бейнелеу өнері туралы түсінік
Бейнелеу өнері (ағылш. Visual arts) -- дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан шартты түрде оларды да Бейнелеу өнері қатарына жатқызады. Сондай-ақ, театр, кино, теледидардағы безендіруді, көркем дизайнды да Бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелеу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болған Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда Бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары типтік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция, ырғақ жатады. Шығармалар заттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс тән. Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түрлі-түсті бояуды, графика түрлі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтың астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемді (биіктік, ендік және аумақтық) пайдаланады. Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументальді-сәндік және қондырмалы болып екіге бөлінеді. Қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументальді кескіндеме ғимараттардың ішкі қабырғаларында, интерьерде және экстерьерде жазылады. Монументальді мүсін архит. кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Шығыс және батыс Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ.
Бейнелеу өнері тарихы адамзат тарихымен қатар басталған. Көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі жер бетінде болған небір өркениет пен мәдениеттің іздері осы өнер арқылы таңбаланып, бізге жеткен. Бейнелеу өнерінің даму жолы шартты түрде бірнеше кезеңге бөлінеді: алғашқы қауымдық өнер, ежелгі дәуір өнері, орта ғасыр өнері, қайта өркендеу дәуірі, жаңа дәуір өнері, қазіргі заманғы өнер. Жер шарының әр аймағындағы ежелгі адамдар тұрағынан Бейнелеу өнерінің алғашқы үлгілері табылған. [Альтамир (Испания), Ласко (Франция), Кимберли (Австралия) үңгірлері]. Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық өнердің ірі-ірі кешенді түрлері Тамғалыда, Ертіс аңғарында, Орталық Қазақстанда сақталған.
Ежелгі дәуір өнерінің ірі орталығы -- Алдыңғы Азиядағы Тигр мен Евфрат өзендерінің аралығы. Б.з.б. 3 -- 1 мыңжылдықтарда мұнда шумерліктер мен аккадтықтар мәдениеті, кейінірек Бабыл, Миттани және Ассирия мемлекеттері мәдениеті өркендеді. Мүсін және кескіндеме туындыларымен көркемделген сарайлар мен ғибадатханалар маңызды рөл атқарады. Шумерліктер табынатын биік сатылы мұнара-зиккурат, "құдай үйі", басқа да көптеген ескерткіштер дүниеге келді. Аккад патшалығы кезеңіндегі Бейнелеу өнерінің үздік үлгісі -- 2 метрлік қызыл қыштан жасалған Нарамсин патшаның жеңіс тұғырындағы әскердің тауға көтеріліп бара жатқан сәті қозғалыс пен кеңістікте бейнеленген. Шумерлер мен аккадтықтар мәдениетін біріктірген Бабыл мәдениеті үлкен жетістіктерге жетті. Патша Хаммурапидің (б.з.б. 1792 -- 50 ж.) заңдар жинағын оқып тұрған сәті ерекше көріністе бейнеленген. Патшаның құдаймен байланысы, патша билігінің жаратушының тікелей қолдауымен болып отырғанын символды түрде бейнелеп көрсеткен. Ассирия өнері барлық көнешығыстық мәдениеттердегідей дінмен өте тығыз байланыстылығына қарамастан мейлінше зайырлы сипатта болды. Ашшурбанипал патша (б.з.б. 668 -- 26 ж.) тұсында кемелдікке жеткен рельефтер патшаның ерлік істерін, аңшылық салтанатының көріністерін бейнелеген суреттерден тұрады. Ашшурбанипалдың Ниневиядағы сарайындағы рельефтер көркемдік қуатымен, ықшамдылығымен, динамикалық ырғағымен, шиеленіскен драмалық мазмұнымен әлемдік Бейнелеу өнерінің үздік шығармалары қатарында саналады. Бабыл патшалығының өнері Вавилондағы Навуходоносор ІІ сарайларының зәулімдігі және сән-салтанатымен әйгілі. Онда атақты ассирия патшайымы Семирамида салдырған әйгілі "аспалы бақтар", қабырғалары арыстандардың, жабайы бұқалардың, фантастикалық жануарлардың қаракөк фонға ашық ақ, сары түспен қашалған ғажайып суреттері бар әйгілі "Иштар қақпалары" болған. Бейнелеу өнері Ежелгі Мысырда да (б.з.б. 4-мыңжылдықтың соңы б.з.б. 341) қарқынды дамыды. Ол дінмен, құдай дәрежесінде дәріптелген перғауындарға табыну ғұрпымен өте тығыз байланысты болды.
Ресейде сурет жалпы білім беретін мектептерде ұзақ жылдар бойын жалпы білім беретін пән ретінде мектептерде қолданылмай, 18 ғасырдың басында ғана жүзеге асырылды. Суретті осы кезден бастап барлық кәсіпке қажетті адамның образдық ойы мен іскерлігін дамытатын мүмкіндік ретінде тани түсті.
1715 жылы сурет Теңіз академиясының оқу жоспарына енгізілді. 1716 жылы сурет Феофан Прокопович Карпов мектебінің оқу пәндерінің қатарына қосылды. 1724 жылдан бастап Ресей Ғылым Академиясының студенттері сурет салумен шұғылдана бастады. Мұнан соң сурет жалпы білім беретін пән ретінде мектептерге кең түрде кіргізіле бастады. 1732 жылдан Кадет корпусында, 1747 Ғылым Академиясының гимназиясында, 1764 жылдан Смольный шіркеуіндегі қыздар институтында оқытыла бастады.
Бұл оқу орындарында кәсіпкер суретші дайындау міндетін қоймаса да, суретті оқытуды көркемдік білім беруге жақындатты. Олар өз оқушыларына бейнелеуден элементарлық дағды беріп, оны әр түрлі жағдайларға байланысты қолдану жағын қарастырды, яғни сурет жалпы білім беру мақсатында оқытылды.
1735 жылы Ресейде неміс және орыс тілдерінде И.Д.Прейслердің Көркемдік сурет салуға қысқаша басшылық немесе негізделген ережелер еңбегі жарыққа шықты. Прейслердің бұл құралын замандастары жоғары бағалап, оны шет елдерде және Ресейде бірнеше қайта бастырды.
Прейслер жүйесімен оқыту түзу және қисық сызықтарды сызуға үйретуден басталды, геометриялық денелер мен көлемді денелерді бейнелеу бойынша жалғастырылады. Мұнан соң оқушы адам денесінің бөлшектерін салудан бастау алып, онан соң басын және адамның тұтас фигурасын салу жолынан өтті. Басқа суретші-педагогтар сияқты Прейслер де сурет салудың негізі геометрия мен нұсқаға қарап сурет салу деп түсінеді. Олар геометрия салушыға форманың құрылымын көруге, түсінуге жәрдемдеседі, сонымен қатар ол, форманы жазықтық бетінде бейнелеу процесін жеңілдететіндігін айтқан.
Ресейдің көркемсурет Академиясы 18 ғасырдың екінші жартысы мен 19 ғасырдың бірінші жартысында суреттің озық мектебіне айналды. Ол Ресейдегі әдістемелік жұмыстардың орталығы болды. Көркемсурет Академиясында оқу орындардың тұтас жүйесіне арналған суретті салуды оқытудың жаңа әдістері пайда болып, олар бекітіліп тұрды, сондай-ақ олар осы жерде тәжірибеге енгізілді. Көркемсурет Академиясындағы көркемдік білім беру құрылымы арнаулы көркем сурет мектептерімен қатар, жалпы білім беретін мектептердегі суретті оқыту әдістемесінің дамуына игі ықпал етті.
1834 жылы А.П.Сапожников Сурет курсын баспадан шығарды. Бұл орыс суретшісі жазған жалпы білім беретін оқу орындарына арналған бірінші оқулық болды.Бұл оқулық 1889 жылға дейін бірнеше рет қайта басылып шығарылды.
А.П.Сапожниковтың оқыту жүйесі бойынша оқушыларды әр түрлі сызықтарды сызуға, онан соң бұрыштарды таныстырудан бастап, әр түрлі геометриялық фигураларды салуды меңгеруге ауысады. Сурет салудың алдында Сапожников арнаулы модельдің көмегімен перспектива заңдарын демонстрация жасап көрсетеді. Мұнан соң тағы да сызықтардан бастап, әр түрлі жазықтықтарды бейнелеуге, онан кейін геометриялық денелерді бейнелеуге үйретілді.
Қашан геометриялық денелерді бейнелеу меңгерілген соң А.П.Сапожников күрделі денелерді салуға көшуді ұсынады. Бұл жағдайда, бірінші геометриялық денелер тобын бейнелеуге үйретіліп, онан соң біртіндеп, тапсырмалар гипстен жасалған басты бейнелеуге дейін жеткізілген. Адам басының көрінісін бейнелеуді жеңілдету үшін А.П. Сапожников сымтемірден жасалған көрнекілікті ұсынды.
Бұл модель гипстен жасалған адам бас формасын салғанда соның қасына қойылатын болған, бас бұрылыстарын өзгертіп салғанда модельдің бұрылысын өзгертіп отырған.
Сурет курсының екінші бөлімі адам фигурасын бейнелеуге оқыту мен кейбір композиция ережелеріне арналады. Сапожниковтың әдісінің құныдылығы оның суретті нұсқаға қарап салуға негізделгенінде. Сапожников нұсқаға қарап сурет салу барысында сурет салушыны ойлауға, талдауға, нысанды ой елегінен өткізуге үйрету мақсатын көздейді. Осы мақсатқа жету үшін ол сымтемір мен картоннан жасалған модельдерді пайдалану арқылы зат формасы құрылысын, негізгі конструкциясы мен оның перспективалық өзгертуді түсіндіруге болатындығын айқындаған.
Сапожниковтың ұсынған суретті оқыту әдісі оқу-тәрбие жұмысында жаңа бетбұрыс жасады. Оның кітабының жарыққа шыққанына дейін, жалпы білім беретін оқу орындарында оригинал үлгілерінен көшіру үстемдік құрды. Нұсқаға қарап сурет салуға оқытылған жоқ, суреттің реалистік қағидаларын оқыту барысында қолдануға ешкім көңіл бөлген жоқ.
Сапожников балаға сурет салу барысында, зат формасын дұрыс құра білуді ұтымды әдіс ретінде, сурет салудың алғашқы кезеңінде ықшамдау әдісін қолдануды ұсынған. Бұл әдіс бойынша оқушы заттың қандай геометриялық денелерге ұқсайтындығын айқындап алады да, онан соң оларды біртіндеп нақтылап көрсететін болған. Сапожников педагогке баланың суретін түзетумен қатар, оның қатесін түсіндіруге кеңес берген.
Суретті оқыту әдістемесінің тарихын зерттеу барысында Г.А.Гиппиустың еңбектерімен танысудың орны ерекше. 1844 жылы Жалпы оқу пән ретіндегі сурет салудың теориясы атты оның еңбегі жарық көрді. Бұл суреті оқыту әдістемесі бойынша жазылған бірінші еңбек болды. Мұнда сол кездегі педагогиканың алдыңғы қатарлы идеялары біріктірілген болды.
Кітап теориялық және практикалық бөлімдерден құралады. Теориялық бөлімде педагогика мен бейнелеу өнерінің негізгі қағидалары баяндалып, практикалық бөлімде оқыту әдістемесі ашып көрсетіледі.
Кітаптың кіріспе бөлімінде автор суретті жылпы білім беру пәні ретінде көркемсурет мектептеріндегідей етіп оқытуға болмайтындығын айтқан. Гиппиус сурет салуды сурет салуды оқытудың әрбір қағидасын теориялық негіздеуге ұмтылды. Сурет салуға үйрену, ойлауға үйрену бұл барлық адамға керек, ал ойлау дағдысын дамыту, баланың жас шағынан бастау керек деп есептеген. Сонымен қатар Гиппиус мұғалім көп нәрсені біліп, көп нәрсеге икемді болумен қатар, балалар алдында сөйлеуге актер сияқты шебер болуға кеңес береді.
Суретті оқыту әдістемесінің дамуына көрнекті суретші-педагог Павел Петрович Чистяков (1832-1919) үлкен ықпал етті. Ол өнердің мақсаты мен міндетіне, көркемсурет мектебіне деген көзқарастары 19 ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап қалыптаса бастады.
Көркемсурет Академиясының адьюнкт профессоры (1872-1892) ретіндегі Чистяковтың жиырма жылдық қызметі, оның өміріндегі ең жемісті жылдар болды. Осы уақытта ол жаңа оқыту әдістемесін жасап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларында бейнелеу өнерін пәнін оқытуда түсінік біліктерін қалыптастыру теориясы
Бейнелеу өнерінің теориялық негіздері
Табиғат көріністерін бейнелеуге оқушыларды үйретудің тиімді әдістері
Бейнелеу өнері арқылы оқушылардың патриорттық сезімдерін арттыру
Мектепте бейнелеу өнері пәнін оқыту
Бейнелеу өнерінің оқу курсы
Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
Қазақ халқының қолөнерін оқушыларға үйретудің маңызы мен мазмұны
Бейнелеу өнері әдістемесі пәнінен арналған бақылау жұмысының әдістемесі
Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту әдістері
Пәндер