Белсенді оқыту технологиясы Электрондық оқытудың тұжырымдамасы қазақстандық көзқарас
Белсенді оқыту технологиясы Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас
Кіріспе
Әлемдік қоғам өзінің эволюциялық дамуының жаңа фазасына - ақпараттық қатынастық технологиялардың (АҚТ-дың) адамның тіршілік іс-әрекетінің барлық саласына қарқынды енуімен сипатталатын ақпараттық қоғам фазасына кірді, ал ақпараттық ресурстар заттық пен энергетикалық ресурстарға қарағанда кем емес маңызды рөл атқаратын болды.
Әлемдік қоғамдастыққа және сәйкес түрде ғаламдық ашық ақпарқатынастық кеңістікке кірігу - әрбір ел үшін өте маңызды дүние. Сондықтан жаңа технологиялар мен мектеп бір бірінен бөлінбейтін болуы тиіс, өйткені барлық жоғары технологиялар: био-, нано- мен ақпар- және т.б. технологиялар берілетін жүйелі білімдерге негізделгендіктен, мектеп болашақ қоғам үшін кадрлар инкубаторы, ал оларды дайындау мен дамыту АҚТ-мен үзіліссіз байланысты болып саналады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің Жарлығымен 2010 ж. 1-ақпанында бекітілген Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарында барлық білім беру жүйесін одан әрі ақпараттандыру мен электрондық оқытуды жаппай енгізу бағдары анықталған болатын. 2011-2020 жж. Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында адамзаттық ресурстардың әлуетін арттыру мақсатында білім беруді түбегейлі жаңартудың басым бағыты болып электрондық оқыту аталған. Электрондық оқытуды 2015 жылға дейін республика мектептерінің 50%-ына, ал 2020 жылға дейін 90%-ына енгізу жоспарланды.
ЮНЕСКО ұлттық жүйелерді жаңарту мен дамытуда незізгі рөлді электрондық оқытуға (e-learning) береді. Білім беру дағдарысының салдарын төмендету үшін, білім алушыларды білім берудің жаңа мәнеріне бағдарлау үшін және бүкіл ғұмыр бойы одан әрі оқыту үшін олардың біліктері мен машықтарын дамытатын e-learning технологиясы ең тиімді ретінде анықталды. Дамыған елдерде (Филляндия, Норвегия, Сингапур және т.б.) е- learning-ті инновациялық іс-әрекеттің машықтарын дамытуға көмектесетін негізгі әдіс ретінде мемлекеттік деңгейде қарастырады.
Сонымен бірге, жалпы білімдік мектептегі электрондық оқытудың теориясы мен практикасында шешілмеген бірқатар өзекті мәселелер қалып отыр. Біртұтас, жалпы қабылданған, тұрақталған ұғымдық-санаттық аппарат жоқ, электрондық оқыту, ақпараттық білімдік орта және т.б. ұғымдардың анықтамаларында бірлік жоқ, электрондық білімдік өнімдердің көптеген топтамалары байқалады.
Электрондық оқытудың педагогикалық әдіснамасын дайындау мәселесі ашық қалып отыр. Электрондық оқыту көп жағдайда ересектерді оқытудың қағидалары мен заңдылықтарына сүйенетін жоғары және қосымша кәсіптік білім беру үшін толығымен жарамды электрондық веб-технология негізінде оқыту секілді ұстанымға бағытталған. Ал сол уақытта жалпыбілімдік мектепте оқыту процесі балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты өз заңдылықтарымен және қағидаларымен ерекшеленеді. Сондықтан электрондық оқытуды жүзеге асырудың шынайы жолын анықтау және оның тұжырымдамасын дайындау қажет.
ХХІ ғасырда білім беруді дамытудың стратегиясы, ашық ақпараттық білімдік кеңістіктегі ұшқыр ақпарқатынастықтың өзараәрекеттестігі негізінде, қағидасы ғұмыр бойы оқу болуы тиіс, мектеп бітірушілерді дайындауға бағдарланған болуға тиіс. Мектеп қабырғасында оларды дайындаудың тұғыры, заңды объективтік процесс ретінде, оқытудың жаңа ақпарқатынастық парадигмасы болып саналады. Оқытудың жаңа парадигмасына өту механизмі, оқытудың тиімдігін түбегейлі арттыру мен жаппай сапалы білім беруді қамтамасыз ететін, педагогикалық пен ақпараттық қатынастық технологиялардың кірігуі негізіндегі электрондық оқыту екендігін біз көріп отырмыз.
Электрондық оқытудың арқасында, бірінші кезекте, әрине, оқып үйренетін пән бойынша білімдер мен біліктіліктерді, тағы да ақпаратты іздестіру, сұрыптау, талдау сияқты әмбебап амалдарды, алынған ақпаратты пайдалану мен ұсынуды меңгеру, сондай-ақ ақпараттық қоғамда тұлғаның толық құнды өмірі мен іс-әрекетіне қажетті, ақпараттық мәдениеттің бөлігі болып саналатын, ақпарқатынастық өзараәрекеттестіктің нақты тұрмыстық міндеттерін, тәсілдерін шешу үшін дәстүрлі оқу процесін оқушылардың танымдық іс-әрекетіне түрлендіру болады.
Ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары
Ғылымда тұжырымдама деп қандайда бір құбылыстарды түсінудің, түсіндірудің белгілі бір тәсілі, негізгі көз қарас, оларды түсіндіру үшін жетекші идея; іс-әрекеттің алуан түрлерінің жетекші ой желісі, сындарлы қағидасы [90]; көзқарастар жүйесі, құбылыстарды, процестерді солай немесе басқаша түсіну [91] және т.б. түсініледі.
Бұл ұғымды біз зерттелетін процестер мен құбылыстарға белгілі бір көзқарас, қарастырылатын мәселені шешуге белгілі бір амал ретінде түсіндіреміз.
Парадигма -- бұл ғылыми міндеттерді шешу үлгісі ретінде қабылданған және ғылыми қоғамдастың барлық мүшелері бөлісетін теориялық, әдіснамалық және аксиомалық тағайындаулар жүйесі. Парадигма сөзі гректің paradeigma -- өнеге, үлгі сөзінен шығады. Үлкен энциклопедиялық сөздіктің анықтамасы бойынша, бұл алғашқы тұжырымдық схема, мәселелердің қойылыс моделі мен олардың шешімі, ғылыми қоғамдастықтағы белгілі бір тарихи кезең ағымындағы үстем болатын зерттеу әдістері [12].
Философиялық әдебиетте парадигма ...ғылыми қоғамдастыққа белгілі бір уақыт ағымында қойылған мәселелердің моделін және олардың шешімдерін беретін, көпшілік ғалымдар мойындаған ғылыми жетістіктер [49] ретінде; ғылыми қоғамдастықтың кәсіптік қатынастарының салыстырмалы толықтығын және кәсіптік пікірлердің салыстырмалы пайымдауларын қамтамасыз ете отырып, біртұтас бүтінді құрайтын және біртұтас бүтін ретінде қызмет ететін тегі әр түрлі ретке келтірілген құрамдас бөліктердің пәндік матрицасы ретінде [37] анықталады.
Ғылымда парадигма тұжырымдамалық (құндылық бағдарланған), теориялық-әліснамалық және технологиялық міндетті орындайды. Бұл негізді қалайтын ғылыми теорияларды кіріктіретін, әлемнің құрылысын, ол туралы жаңа білімдер мен ғылыми қоғамдастықтың басым құндылық бағдарын іздестіру тәсілдерін түсіндіретін сондай әдіснамалық құрылым (Е. В. Бондаревская [13]).
Ал білімдік парадигма - бұл мектептегі жай ғана меншікті оқыту әдісі ғана емес, ол адамның өмірлік іс-ірекетінің сол немесе басқа кезеңінде үстемдік ететін және кейбір базалық қағидаларға негізделген шындық пен ойлаудың типі (С. А. Смирнов [72]). Білім беру парадигмасы, оқыту парадигмасы - бұл білім берудің барлық жүйесі ретінде де, жеке алынған сабақтың режиссурасы ретінде де бағыттылықты анықтайтын сол философия, сол әдіснама.
Білім берудің парадигмасын іздестіру қоғамның өз дамуының жоғарырақ сатысына өтудегі білім беру жүйесінің реакциясы ретінде қарастырылады. Оны алмастырудың үлкен мәні бар, өйткені ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz