Белсенді туризмде тамақтану


- Белсенді туризмде тамақтану
- Жорықтағы тамақтану
Пайдаланылған әдебиеттер
Белсенді туризмде тамақтану
Белсенді туризм бұл шаңғы, ат, велосипедті пайдалану арқылы пайда болған туризм түрі болып табылады. Жалпы алғанда белсенді туризмнің екі негізгі түрі бар: активті дәне пассивті белсенді туризм. Бұлай болып бөлінуі саяхаттау жәе демалу барысында қолданылатын құралдардың түріне, олардың болу-болмауына байланысты болып келеді.
Белсенді туризм - көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Белсендітуризм түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі. Көптен көп адамдар таулардың сұлулығын, шығанақтарды, сарқырамаларды көргісі келеді, таулы өзендердежүзгісі келеді, тау шаңғысымен немесе жылқымен жүргісі келеді және осы арқылы белсенді туризмге туристер үйрене бастайды. Көп уақытта белсенді туризм табиғатқа немесе спортқа тікелей қатысты болып келеді. Белсенді туризм және табиғатта демалу - табиғатқа жақын белсенді туризмнің түрі - қазіргі уақытта танымал экологиялық туризмімен ортақ жақтары бар.
Туристік саяхатты табысты өткізудің маңызды мәселесі - ол туристердің дұрыс әрі қауіпсіз тамақтану ы. Тамақ дене ауыртпалығымен болған күшінінің орнын толтыру үшін қажет. Тамақтануды ұйымдастыру оны есептеуден, сатып алудан, салудан және дұрыс бөлуден тұрады. Азық-түлікке қойылатын ең басты талаптар: жоғары калориялық, салмағының жеңілдігі, ұзақ сақталу мен суланбауға шыдамдылығы. Азық-түлікке қажеттілікті анықтау туристік топтың тәжірибесіне, материалдық және көліктік мүмкіндіктеріне қарай есептелінеді. Тағамдар құндылығы оның калориялығымен таңдалады. Тамақ калориялылықпен қатар, тамақ құрамындағы негізгі компоненттерінің дұрыс қатынасымен де сипатталады. Саяхатқа алынған тағамдар ішінде құрамында көміртегі бар азық-түліктер болуы тиіс. Адамға орташа бұндай өнімдерден 500-800г қажет етіледі.
Тағамның келесі энергетикалық көзі - бұл майлар. Салмағына қарай олар көп калориялы болып келеді. Адамға күніне 70-100г әртүрлі майлар қажет. Қатты ыстық кездерде ағзаның көміртекке қажеттілігі төмендейді және калория жетіспеушілігінің орнын майлар толтырады. Майлы, құнды тамақтарды қыс уақытында көп қолданады. Көміртек пен майлар қандай да бір деңгейде бір-бірінің орнын толтыра алады.
Ақуыздар(балық, жұмыртқа, сүт өнімдері) негізінен ағза жасушаларын орнына келтіру, гармондар мен ферменттердің жасалуы үшін қажет. Адамға күніне 70-100г ақуызды өнімдер қажет, оның айтарлықтай бөлігі сүт ақуыздарынан болуы тиіс. Тамақ ағзаны әртүрлі витамин дермен қамтамасыз ету керек. барлық витаминдер ағза үшін жеткілікті түрде жеміс-жидектер құрамында болады. Минералды тұздар ды ағза көкөністерімен және ішетін сумен бірге алады. Ас тұзы ағза үшін жеткілікті нан құрамында болады. Тағамдарды тұздауға кеткен тұз мөлшерін есепке алсақ адам күніне 20-30г тұз қолданады. Ыстық күндері бұл мөлшер 40г-ға дейін өседі.
Су туристік саяхат кезінде өте маңызды орын алады. Тамақтан қарағанда судың жетіспеушілігі ағзаны тез әрі қатты әлсіретеді. Туристке күніне 3л су қажет болады. Асқазанды ауруға шалдықтырмас үшін суды қайнатып ішу керек. Судың құрамы нашар болса, оны қайнатар алдында марганцовкамен тазалау процедурасын жүргізу керек. Суды жағалауда кішірек шұңқыр қазып, сонда тұңдырып алуға болады. Ыстық күндері суды жиі ішпеген жөн. Себебі, денеден термен қоса ағзаға қажетті тұзды алып кетеді. Ағза тұздық тепе-теңдігін орнына келтіру үшін суға қажеттілік білдіреді. Сол үшін туристік жорықтар кезінде суды таңертең ішіп алып, ал түскі аста 0, 5л сұйықтыққа есептеген дұрыс болады. Жол үстінде су ішпеген жөн, ыстық болған жағдайда 1-2 рет қана аздап ішу керек.
Күн тәртібі үш уақытты ыстық асты қарастыруы тиіс. Құрғақ тамақтануға болмайды. Бұл ас қорыту жүйесінің бұзылуына, асқазан ауруына әкеліп, адамның жұмысқа қабілетін төмендетеді. Жорықтар кезінде азық-түліктер тез ластанады, яғни ағзаға инфекция түсіруі мүмкін. Ыстық кездерде саяхаттарда тамақтану үлесі бойынша түскі ас - 40%, таңғы ас - 35%, кешкі ас - 25% құрайды. Ал қысқы мезгілдерде таңғы және кешкі ас құндылы болып, ал түсте жеңіл тамақ ішкен жөн. Жорықтар кезінде ішімдік қабылдамау керек. ішімдік адамды әлсіретіп, жұмысқа қабілеттілігін төмендетеді. Ол уақытша қоздырып, артынша күшін азайтады. Қысты күні тонған кезде бір стақан шайға бір шай қасық арақ қоысп берсе, ол адамды жылытады. Жорық үшін азық-түліктерді алған кезде баратын алуға болатын өнімдер алмай-ақ қойса да болады. Ол үшін алдымен жорық жерден нелерді алуға болатынын біліп алу қажет. Әдетте маршрутта болатын өнімдер болмай қалуы да мүмкін. Азық-түліктер мөлшерін сол жердегі аң, балық, саңырауқұлақ, жеміс-жидек сияқтыларға есептеп азайтуға болмайды. Әр жылы өнімділік әр қалай болады. Саяхаттар үшін тағамдар концентраттарына да көп есептемеген жөн. Оларды тек жоғары таулы жерлердегі, ормансыз аймақтарда, яғни тамақ дайындауға қиынға соғатын жерлерде болатын саяхаттарда ғана алған дұрыс. Концентраттарды саяхатқа алар алдында оларды үйге пайдаланып көру керек.
Азық-түліктерді алдын-ала құратырылған тағамдар тізімі менқатысушалар санына қарай есептейді. Ұзақ уақытқа саяхатқа шыққан кезде азық-түліктер есебін бір адамға шаққандағы орташа норма бойынша жүргізеді. Саяхат алдында барлық азық-түліктерді жинап пакеттерге дұрыстап салу қажет. Азық-түліктер суланбауы үшін оларды судан қорғайтын орамаларға салу керек. жаяу турист үшін әдетте үлкен бір мықты су өткізбейтін астары бар рюкзак болғаны жөн. Бұндай рюкзакқа азық-түліктерді жай орамалармен салуға болады. Байдаркалармен болатын саяхаттарда азық-түліктерді жеке су өткізбейтін пакеттерге салу ұсынылады. Азық-түліктерді 1-2кг-нан пакеттерге салған дұрыс. Керекті заттарды тез тауып алу үшін пакеттерге жазып қойған жөн. Aзық-түліктерді бөлген кезде әрбір турист немесе қайық экипажының өзінің азық-түлігі болатындай етіп салу қажет. Мысалы, нан әрбір туристкесалынуы керек. Бір туристте тек қана нан, екіншісінде тек қантты салуға болмайды. Себебі қандай да бір апат болғанжағдайда оны жоғалтуы мүмкін
Жорықтағы тамақтану
Жорық - ұйымдастырылған адамдар тобының(отрядының) белгілі бір мақсатпен анықталған тәртіп бойынша қозғалысы. Ал туристік жорық - рекреациялық-туристік мақсатта белгілі бір маршрут бойынша адамдар тобының қозғалысы.
Жорық кезіндегі тамақтану үш-төрт рет, оның өзінде, сөз жоқ, бір рет ыстықтамақ болуы тиіс.
Таңғы ас тәуліктік азық құрамының 30%-ын құрайды, бірақ көлемі жағынан аз және жеңіл қорытындылатындай болуы тиіс. Ең жақсысы ірімшік қосылып пісірілген бутербродты, колбасаны, консервіні, майлы ботқаны және міндетті түрде шайды пайдаланғаны дұрыс. Жорықтарда, балалар мен жасөспірімдер қасында болса, 2-3 сағаттық қозғалыстан кейін:печенье, конфеттер, жемістер, халва, т. б. бар екінші ас ішіледі.
Түскі асқа міндетті түрде сорпа дайындалуы қажет. Оны арнайы құрғатылған азықтан әзірлейді. Ет және балық консервілерін қайнаған суға 5-10 минут қана ұстайды. Екінші тағам түрі кисель, какао, қою сүт болады.
Кешкі асқа әдетте құнарлы ботқа, ет, компот, тәтті күлше, печенье және басқалары әзірленеді. Ет, колбаса тәрізді басқа тез бұзылатын тағамдар жорықтың алғашқы күндерінің қажетіне жаратылуы тиіс.
Тамақ әзірлеу үшін тек қаңыртырлы ыдыс қана пайдаланылады. Цинктон, әсіресе мыстан жасалған ыдыстарды пайдалануға мүлде болмайды. Тамақ әзірлеу мерзімінің ұзақтығы азық-түлік құрамына, оның көлеміне, ортаның температурасына және тұрған жердің биіктік деңгейіне байланысты. Неге тұрған жер биіктігінің деңгейіне байланысты? Оның себебі, жазық жерде су 100 градуста қайнаса, ал 1000 м биіктікте су 96, 7 градуста, 1500 м. биіктікте 95 градуста, 2000м биіктікте -93, 3 градуста қайнайды. Неғұрлым биікке көтерілген сайын судың қайнау температурасы және тамақтың қайнауы соғұрлым төмендейді. Егер тамақ суық кезде немесе желді күні дайындалса, оның қайнауы ұзаққа созылады. Орта есеппен сиыр еті-1. 5-2. 5 сағат, тауық еті-1-1. 5 сағат, балық 15 минут, ұнтақ ботқасы-5-7 минут, арпа, қарақұмық жармасы-20, 30 минут арпа, сұлы-50, 60 минут, күріш-20, 30 минут, макарон-15-25 минут, картоп 20, 25минут қайнауы тиіс. Тамақ әзірлеу үшін ең алдымен от жағу қажет, оның жалыны қазанға тегіс тиіп, қыздыратындай болуы керек. Егер етті қайнаған суға салмай суық суға салып, қайнататын болсаң, онда ол дәмсіздеу болады. Егер қайнаған суға бір-екі қасық уксус қоссаң, онда ет жұмсара түседі. Макаронды тағамды қайнату үшін қайнаған, тұз салынған суға салып:вермишельді -8-10 минут, кеспені-лапша-15-20 минут, түтік кеспені-макаронның бір түрі-20-25 минут қайнатады. Кейін суын төгеді. Құрғақ бұршақ және фасоль түнге қарай суға бектіріледі. Оларды қайнату үшін суық суға салады, қайнаған кезде тұз қосады. Егер қазанға не котелек бір кесім ет немесе маргарин салса, онда судың бетінде майлы көбік пайда болады, ол сорпаның салқындауына кедергі келтіреді, картоп әлдеқайда тез піседі. Кисельді, сүт қосындысын, какаоны алдымен табаққа сап, түйіндері ұнтақталғанша өзеді, содан кейін қайнатады. Жорық жағдайларындағы кейбір тамақты әзірлеу рецептін 6-7 адамға арналған тамақ келтіраеміз.
Бірінші тамақ
Ет қосылған фасоль сорпасы Ет консервісін 500-600 г. Консервілнген фасоль 850-1000 г. Әр түрлі дәмдегіштер, астың дәмін енгізер тұз. Қайнаған суға фасольды салады. Ол 5 минут қайнауы қажет. Содан соң ет салады. Ол қайнаған соң 5 минут өте петрука, укроп қосады. Бір минуттан соң сорпа дайын болады. Жорықшыларға сорпамен бірге кепкен нанады ұсынған да жөн.
Қалақай мен шавель, ет қосылған көже Консервіленген ет 500-800г. Шавель 200 г. Қалақай жас-400 г. 1 ас қасық бидай ұны. 2 ас қасық май. Әртүрлі дәмдегіштер, тұз. Сорпаны кастрюльде қайнатады. Қалақайды таңдап алып, жақсылап жуып, қайнаған суға сап қайнағанша ұстау, содан кейін майдалап турау керек. Шавельді де таңдап алу, турау қажет. Майды басқа ыдыста шыжғырып, ұн салу және оны қозғай отырып, қуыру керек. Содан кейін оның үстіне қалақайды, шавельді салып, кастрюльдегі сорпаға қосу қажет. Лавр жапырағын қызылбұрышты, тағы басқаларын да пайдаланып, 15-20 минут қайнатқан дұрыс. Көжені консервіленген етпен дайындау кезінде қалақайдың қайнатылып, сүзіліп алынған суын пайдаланады.
Саңырауқұлақтан жасалған сорпа 2 литр су. 500г. саңырауқұлақ. 100 г. пияз, 30 г. сарымай. 100 г. вермишель. Көк. Әртүрлі дәмдегіштер, тұз. Саңырауқұлақтарды тазартып, суға жуады. Тілім-тілім етіп кесіп, пияз қуырылған сары майға қуырады. Вермишельді жартылай дайын кезіне дейін қайнатып, үстіне жақсы қуырылған саңырауқұлақтарды салады да 5 минут қайнатады. Дайын болған сорпаның дәмін қаймақпен, укроппен, майонезбен арттыра түсуге болады.
Екінші тамақ
Ет қосылған макарон Макарон 400 г. Консервіленген ет 500-700 г. Пияз 100 г. Әртүрлі дәмдегіштер. тұз. Макаронды тұз салынған сумен піскенше қайнатады. Дайын макаронға етпен бірге қуырыған пиязды қосу, оны жақсылап араластыру және әлсіздеу жанған отқа 3-5 минут қою керек. Қажет еткен жағдайда макаронға томат-ұнтақты қосуға болады.
Қарақұмық ботқасы 1:3 қатынаста суға ұнсаламыз. Әлсіз отқа қайнағанша ұстап, бықтырылған ет қосып, тұз салып, әзір болғанша қайнатыңыз.
Күріш ботқасы 2 стакан күріш, 4 стакан сүт, 4 ас қасық сары май, тұз және талғамға карай кант. Ыстық суға ұн қосып, 20-30 минут әлсіз жанған отқа жартылай дайын болғанша қайнатыңыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz