БЕТ КҮЙІКТЕРІ. Термиялық жарақаттар патогенезі
БЕТ КҮЙІКТЕРІ
Белгілі жетістіктерге қарамастан, соңғы екі онжылдықта күйген ауыр науқастардың емі клиникалық медицинада күрделі бөлімнің бірі болып саналады.
Термиялық жарақаттар патогенезі күрделі және толық зерттелмеген.
Терең және аумақты күйіктер кезінде барлық негізгі ағзалардың және жүйелердің морфологиялық қызметтерінің терең ауытқулары байқалады. Осы себепті өзара байланысты бұзылыстар клеткалық және субклеткалық деңгейде табылады да ондағы жүріп жатқан патологиялық процестерді анықтауын қиындатады.
Соңғы екі онжылдықта куйіктердің жиілігі үздіксіз көтерілді. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша термиялық зақымданулар басқа жарақаттар арасында үшінші орын алады. Бұл қазіргі кезде өндірісте, транспортта жоғарғы кернеулі токтарды, агрессивті химиялық суйықтарды және қауіпті газдарды қолданғанымен түсіндіріледі.
Әскери медициналық тәжірибеде термиялық зақымданулардың сипатталуы соғыс әдістеріне байланысты. Шетел баспа мәліметтері бойынша ядролы қару қолданбаған соңғы шайқастарында барлық жарақаттардың ішінде күйіктер 10 -- 30% жағдайда кездеседі. Белсенді соғыс әрекеттерін ескермесе, көбінесе әскери қызметкерлер күйіктерді бензин және басқа жеңіл жанатын зат-тарды дүрыс қолданбағаннан алады. Әсіресе дененің киіммен қорғанбаған жерлері (беті, қолдары) зақымданады.
1945 жылы Жапониядағы Хиросима, Нагасаки қалаларында бірінші атом бомбасы жарылған кезде барлық жарақаттар ішінде термиялық зақымданулар 80 -- 85% кездесті, соның зардабынан өлген адамдардың ішінде 50% термиялық жарақаттан.
Соғыста қолданатын өртегіш заттарға өртенгіш напалм, пирогель, термит және ақ фосфор жатады.
Өртегіштерді-мұнай өнімінен дайындайды. Олар 800-1100°С температурада 5 -- 10 мин қызыл жалынмен жанып, ұлы заттар аралас қара қою түтін бөліп шығарады.
Пирогельдер -- мұнай өнімінің негізінде жасалған темір аралас өртегіш сұйық заттар. Жану температурасы 1400 -- 1200°С жетеді. Олар ашық жарық жалынмен, құрамында улы өнімдері көп ақ қою түтін бөліп 1 -- 2 минут жанады.
Термиттер 2 -- 3 минут алаулап түтінсіз жанып, температурасы 2800 -- 3000°С дейін қызу бөліп жанады.
Фосфор аралас жанатын заттар өздігінен ауада көгілдір жалынмен жанып температурасы 800 -- 1200° қызу бөліп шыгарады. Фосфордың термохимиялық күйіктерге әкелуімен қатар жалпы уландыру әсері бар.
Термиялық факторлар әсерінен пайда болған барлық күйіктерді 4 дәрежеге бөледі.
I. Эпидермис жарақаттанады, тері ісініп әрі қызарып, аздап ауыру сезімі байқалады. 2 -- 3 күннен кейін осы белгілер қайтады. Жарақаттанған эпидермис қабыршақтанып күйіктің беті өздігінен эпителиймен жабылады. Біраз уақыт күйген жерде дақ сақталады, кейін ол ізсіз жоғалады (46-сурет).
Беттің 1 дәрежелі күйігі.
II. Эпидермиспен бірге дерманың беткей қабаты жарақаттанады. Қызарған теріде сары мөлдір сүйықтық толған көпіршіктер пайда болады. Оның астында ашық-қызыл түсті ылғалды тін көрінеді. Жара 1 -- 2 апта ішінде тыртықсыз өздігінен эпителиймен жабылады.
III а. Эпидермиспен қоса дерманың торлы және емізікті қабаты бүзылады, тек тер бездері және түк қапшықтары жарақаттанбай-ды. Олар сарғыштау түсті сүйыққа толған. Күйікті жараның түбі ашық-қызғылт түсті және ылғалды болады (47-сурет).
47- сурет. Беттің 3 дәрежелі күйігі.
Ауыру сезімі толығымен сақталған немесе төмендеген. Күйіктің айналасы ашық-сұрғылт және қоңырқай түсті болып келеді. Оның беті жұмсақ, ауыру сезімі төмендеген, сезгіштігі сақталған. 4 -- 6 аптаның ішінде жұмсақ тыртықтар пайда бола отырып өздігінен жазылады, күйіктің бетінде эпителий болуы мүмкін. Кейде келлоидты тыртықтар пайда болады; олар функционалды өзгерістерге алып келеді.
III б. Эпидермис және дерманың түк қапшықтары тер бездерімен бірге толығымен зақымданады. Жанында жатқан тіндер жарақаттануы мүмкін. Күйіктің беті сарғыштау, сұр немесе қоңырлау түсті, III а дәрежесіне қарағанда қаралау болады. Пайда болған көпіршіктер қанды суға толған. Жараның түбі құрғақ және анық емес ақ дақтар көрінеді. Ауыру сезімі бірден төмендеген немесе толық жойылған. Гранулденген жара нәзік тыртықтанып жазылады. Жазылу мерзімі жараның көлеміне және орналасуына байланысты. III а және III б дәрежелі күйіктерді өзара клиникалық белгілері бойынша ажырату қиын.
IV. Эпидермиспен және дермамен бірге, теріасты майлы клетчаткасы, фасциясы, бұлшықеттері, кейде сүйектер жарақаттанады (48-сурет).
48-сурет. Жақ-бет аймағының 4 дәрежелі күйігі (электркүйік)
Күйіктің беті қоңыр немесе қара түсті әртурлі қабаттағы тығыз өлеттенген қабықпен жабылған. Ауыру сезімі байқалмайды. Күйіктің IV дәрежесінде баяу жазылатын тіндердің, мүшелердің қалыптасқан ақаулары болуы мүмкін. Ересек адам күйіктерінің аймағын анықтау үшін „тоғыздық ережесімен" "алақан ережесін" қолданған тиімді.
Біріншісі әрбір анатомиялық аймақ проценттік қатынаста 9-ға тең: бас пен мойын 9, кеуденің алдыңғы және артқы беті -- 18, әрбір қол -- 9, әрбір аяқ -- 18, жыныс мүшелері және аралық -- 1. Бет аймағы 3 құрайды. Алақанның көлемі -1-1,1. Күйіктің бетіне қойылатын алақанның саны зақымдану аймағын анықтайды. Балаларда күйік алаңын анықтау үшін арнайы кесте қолданады. Оның ауырлығын Франк индексі арқылы бағалайды, бірақ анықтау үшін терең күйіктің көлемін білу керек. Проценттік қатынаста есептегенде I терең күйікті 3 беткей күйікке теңестіру керек. Франк индексі проценттік қатынастағы беткей күйіктің көлемі мен терең күйік көлемінің үш еселенген аумағының қосындысына сәйкес келеді. Мысалы күйік жарақатының жалпы аумағы дененің бетінде 50% болса, онда 20% терең жарақатына келеді. Бұл жағдайда Франк индексі беткей күйік аумағы мен үш еселенген терең күйік аумағына тең болады (20x3 = 60), 30 + 60 = 90%. Егерде күйік 30%-тен аз болса оның болжамы жақсы, 30 -- 60% болса салыстырмалы жақсы, ал 61 -- 90% болса күмәнді, 91% жоғары болса нашар болады. Күйік ауруы аумақты термиялық жарақаттанған кезде дамиды: Терең күйіктер ересек адамдарда дене беткейінде -- 15%, балалар мен қарт адамдарда -- 10% орын алады. Беткей және аумағы бойынша шектелген терең күйіктерден күйік аурулары дамымайды. Бастың, бет пен мойынның жекелеген күйіктерінде, күйік ауруы өте сирек дамиды. Күйік ауруының 4 кезеңін ажыратады.
1. Күйіктік шок. 2. Жедел күйіктік токсемия. 3. Күйіктік септикотоксемия. 4. Реконвалесенция.
Күйіктік шок. Этиологиясы мен патологиясы. Термиялық жарақат әсеріне болатын организмнің біріншілік реакциясы күйік шоғы деп аталады. Ол дене беткейінің 15% алатын кең және терең күйіктерде пайда болады. Күйік шогы күйіктен кейін немесе бірнеше уақыттан соң шеткі қан тамырларының жиырылуы нәтижесінде 4 -- 6 сағат ішінде дамиды. Сондықтан оның клиникалық белгілері болмайды. Клиникалық көрінісі қосымша жа-рақаттанғанда, әсіресе тасымалдағанда болуы мүмкін. Патофизиологиялық және биохимиялық тексерулер күйік шоғының патогенезінің күрделілігін көрсетеді. Оның механизмі толық ашылмаған. Диагнозды негізгі зерттеулерге, патофизиологиялық және биохимиялық мәліметтеріне сүйеніп қояды. Күйіктің ауырлығы оның көлемі мен аумағына байланысты және тыныс алу жолдарының жағдайына назар аудару керек. Бұл аймақтың күйігі ауырлығы бойынша дене бетінің 10% терең күйігіне тең болады. Күйік шо-гының клиникалық көрінісі 20% және 15% терең күйікте байқалады. Мұндай науқастарда ОНЖ-нің бұзылуына байланысты қозу байқалып, тәбеті бұзылады. Науқастар төсекте дөңбекшиді, айқайлайды, 1 -- 2 сағаттан соң ауыру сезімі басылып қозу тежелуге ауысып апатияға әкеледі. Кейде жарақаттан кейін селқостық байқалады, тоңып дірілдейді. Дене температурасы қалыпты немесе төмендеген. Терісі суық, ылғалды, көгерген, науқастар шөлдейді, бірақ су ішсе жүрегі айнып құсады. Тыныс алуы біркелкі емес. Пульс минутына 110 -- 120-ға дейін жиілейді. Ар-териялық қысым көтеріліп немесе түсуі мүмкін. Гемодинамиканың маңызды көрсеткіші қан айналымындағы қан көлемі (ҚАҚК) болып табылады. Ол қалыпты жағдайда еркектерде 75 млкг, ал әйелдерде 65 млкг.
Күйік шоғын емдеу. 1. Афферентті импульсациямен күрес жүргізу (психоэмоционалдық тыныштықты қамтамасыз ету, нейролептиктер енгізу, аналгетикалық наркоз).
2. Оксигенотерапия.
3. Айналымдағы қан көлемін қалыпта сақтау.
4. Су-тұз алмасуы бұзылуының және бүйректің зәр бөліп шығару қызметінің бұзылуын емдеу және алдын алу.
5. Метаболикалық ацидозбен күрес жүргізу.
6. Энергиялық алмасуды реттеу.
7. Фармокологиялық заттарды қолдану -- ауыру сезімін басып, жүрек, ОНЖ қызметін реттейтін заттар, спазмолитиктер, витаминдер, гормондар, антибиотиктер.
^ Бас, бет және мойын күйіктерінің ерекшеліктері. Жалпы дене аумағының 3,1 2%-ін беттің беткейі қүрайды. Беттің жақсы иннервациясы мен васкуляризациясы, аурудың психикалық жағдайының нашарлығы, беттің үсқынсыздануы, II ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz