Топтық би терапиясы



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Топтық би терапиясы

Сұрақтары: 1. Би терапиясының негізгі принциптері мен мақсаттары.

2.
Би терапиясының әдістері.

Топтық би терапиясының негізгі міндеті - өзіндік Меннің саналы түрде ұғынылуы мен сезімденуін жүзеге асыру. Денемен жұмыс істеу тәсілдеріне қарағанда, би терапиясында дененің идеалды моделі жоқ. Би терапевті денеге эволюциялайтын процеске сияқты назарын салады. Денемен жұмыс істеудің түрлі тәсілдерінен осы терапияның тағы бір маңызды айырмашылығы клиенттің өзін-өзі зерттеуінде (клиент белсенділігінің принципі), би қозғалыстары клиенттің өз қалауымен дамиды да, терапевт оның артынан қайталайды (яғни терапияның директивті емес стилі). Берілген терапия сыртынан қалай көрінетіні емес, қозғалыстардың қалайша сезілетіндігі туралы қызығушылықты танытады.

Юнгиандық аналитик пен би терпевті Джоан Смолвуд, оның шәкірті Мери Уайтхаус пен Труди Шуп терапевтік үрдістің 3 құрамдас бөлігін бөліп көрсетті:

-Саналы түрде ұғыну (дене бөліктерін, демін, сезімдерді, образдарды).

-Қозғалыстарыдың мәнерлілігін арттыру (иілгіштіктің, жоспарсыз қозғалыстардың, қозғалыс элементтерінің әр түрлілігінің дамуы, өз қозғалыстарының шектерін анықтап оны кеңейту).

-Аутентикалық қозғалыстар (өзіне толғаныстар тәжірибесін қосатын ішкі түйсінуден шыққан және тұлғаның интеграциясына әкелетін жоспарсыз би импровизациясы). Аутентикалық қозғалыстар К. Юнгтың санасыздық бөліктері ретінде сипаттаған психиканың белгілі бір бөліктерін белсендендіреді.

Би терапиясы басқа тәсілдерге қарағанда, би терапиясы денемен жұмыста түстерді, образдар мен символдарды қолданады. Би терапиясы - өте көп еркін кеңістік қолданылатын терапияның жалғыз түрі. Сонымен қатар мұнда клиенттің шығармашылық және мәнерлі ішкі әлемін кеңейту мен байыту үшін салмақ, кеңістік, уақыт сияқты түсініктер де қолданылады.

Би терапевті терапевт - клиент, клиент - кеңістік, саналы қозғалыстар - саналы емес қозғалыстар деген өзара қарым-қатынасқа назарын шоғырландырады. Би терапиясы екі формада көрінеді: дербес және топтық. Топтық формада би терапиясының үрдісі қатысушылардың жоспарсыз қозғалысын бағыттап дамытады. Әдеттегі топтық сессия өзіне 3 бөлікті қосады: қызу, оның дамуы мен аяқталуы (бұндай құрылым басқа да психотерапевтік топтарға тән: психодрама, гештальт үшін т.б.)

Қызу бөлігі топқа енуге, өзінің кейпін дұрыс сезінуге, орталықтануға көмектеседі. Қызудың нәтижесінде топқа қатысушылар өзін әдетте координацияланған және қозғалуға даяр болатындай сезінеді. Сонымен қатар бұл кезеңде өз сезімдері мен ойларын дене мен қозғалыстардағы байланысындағы мәнін саналы түрде ұғынуға бастау болады (Мысалы: иықтар мен қолдардың тартылуын адамның әлдебір жағымсыз нәрсені өзінен итеріп тастайтын құбылысқа дамытады). Қозғалыстарды қайталап және күшейте бере би терапевті әрбір адамға сезімдерін кері визуальды байланыс арқылы саналы түрде ұғынуға көмектеседі. Бұнда терапевт топқа өзте сезімтал түрде қарау керек, себебі эмоционалды және денелік шектен тыс күштеме жұмыстағы кедергілерге әкеп соғады. Терапевт қозғалыс үрдісін вербалды кері байланыс арқылы аяқталу бөліміне жетуге көмектеседі. Бұл кезең Мен құрылымының денелік, эмоционалды және когнитивті құрамдарының интеграциясына алғышарт болады.

Би терапевті ағымдағы эмоционалды және психологиялық тақырыптарды әрбір адамның өткенімен сәйкестендіре келе ашып көрсетіп, дамытады. Топтық жұмыстағы негізгі тақырыпқа Басқа адамдармен байланыс орнату кезінде өзі болып қалай қала беруге болады деген мәселе жатады.

Бұрында би терапиясы көп жағдайда ауыр бұзылулары бар адамдарға қолданылған. Ал бүгінгі таңда - өзін-өзі қабыл алуға, өзін-өзі өзектеуге, Мен бөліктерін интеграциясын, эффективті тұлғаралық және топтық өзара әрекеттестікті дамыту мақсатымен психологиялық қиыншылықтары бар дені сау адамдармен жұмысқа неғұрлым көп бағдарланған терапия болып табылады. Сондықтан да би терапиясының әлеуметтік-психологиялық аспектілеріне неғұрлым көп қызығу туындап отыр. Би терапевті жұмысының үш негізгі аумағы бар:

1.
Дене мен оның қозғалыстары
2.
Тұлғаралық қатынастар
3.
Өзін-өзі саналы ұғыну

Бірінші аумақтағы терапияның мақсаттарына: пациентке конфликтер мен жүктемелерді толығымен табу үшін денені белсендендіру, дененің мүмкіншіліктерін денелік интеграция мен координация сезімінің тәжірибесін алу үшін дамыту жатады.

Екінші аумақта би терапевті ритмді және тура денелік өзара әрекеттестікті қолдану арқылы коммуникацияның базалық деңгейін орнатады. Топтық тәжірибе өзін-өзі саналы ұғыну деңгейін адам басқа адамдардың қозғалыстарын бақылағандағы визуалды кері байланыс арқылы көтеруге мүмкіндік береді. Басқалардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Индивидуалды және топтық психотерапия курсынан қысқаша лекциялар
«Топтық коррекция»
Данс терапия
Би терапиясы
Жалпы психологиясы әрекет қимыл анықтау
Психотерапия пәні бойынша дәрістер
Арнайы білім берудегі арт-терапия
Оқушылардың арт - терапия арқылы денсаулық мәдениетін қалыптастыру жолдары
Тұлғаның эмоциялық қалпын реттеудің әлеуметтік мәні
Эмоциялар мен сезімдер өзара тығыз байланыста
Пәндер