Бибігүл Ахметқызы Төлегенова қазақ әншісі
Бибігүл Ахметқызы Төлегенова
Бибігүл Ахметқызы Төлегенова (16.12.1929 жылы туған, Семей қаласы) -- қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі (1967).
1954 жылы Қазақ консерваториясын (Н.Самышинаның ән класы бойынша) бітірді. Ән айтуды көркем-өнерпаздар үйірмесінен бастады. Б.Төлегенованың әншілік талантын танып, оның өнер жолына түсуіне багыт сілтеген әрі алғаш дәріс берген кеңес жазушысы Г.И.Серебрякова (сол кезде Семейде түрған) болды. Б.Төлегенова еңбек жолын 1946 жылы Семейдің ет комбинатында жұмысшылықтан бастады. Бірсыпыра уақыт қазақтың опера және балет театрында істеді. 1965-1971 жылдары қазақ филармониясының әнші-солисі болды. 1971 жылдан Қазақтың опера және балет театрында еңбек етеді. Б.Төлегенованың қайталанбас орындаушылық өнерінің қайнар бүлағы ең алдымен қазақтың халық әндеріне саяды. Әншінің алуан тақырыпты репертуарында қазақтың халық әндері ("Гауһар тас", "Жиырма бес"), Қазақстан композиторларының шығармалары (Хамидидің "Бұлбұлы", Брусиловскийдің "Қос қарлығашы", Төлебаевтың "Еске алуы", Рахмадиевтің "Тарантелласы", Мұхамеджановтың "Көктем вальсі", Тілендиевтің "Кел еркем, Алатауыма"), сондай-ақ П.П.Чайковский мен С.В.Рахманиновтың романстары, Н.А.Римский-Корсаковтың операларынан ариялар және Батыc Еуропа сазгерлерінің (Доницетти, Григ, Шуберт) шығармалары да бар. Б.Төлегенова өзінің концерттік-орындаушылық өнерін шеберліктің жоғары сатысына көтеріп, классикалық дәрежеге жеткізді. Бұл тұрғыда ол "қазақ бұлбұлы" атанған К.Байсейітованың орындаушылық шеберлігін жалғастыруда. Төлегенова опера өнеріне де елеулі үлес қосып, Жібек (Брусиловскийдің "Қыз Жібегінде"), Гүлбаршын (Рахмадиевтің "Алпамысында"), Еңлік (Жүбановтың "Еңлік -- Кебегінде"), Джильда, Виолетта (Вердидің "Риголеттосы" мен "Травиатасында") т. б. партияларды орындады. Б.Төлегенова өнері республика, одақ көлемінде ғана емес, бүкіл дүние жүзіне танылды. Гастрольдік сапармен Үндістан, Алжир, Египет, Сирия, Вьетнам, Польша,Чехословакия, Канада, Швеция, Франция, Италияда болып, өнер толғады.
КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1970) және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының (1960) лауреаты. 1957, 1958 жылдары Мәскеуде өткен өншілер байқауының лауреаты. УӀӀ-ӀХ сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Ленин ордені және Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің Жеке Алтын белгісімен (1999) марапатталған. КСРО және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтарының, Тарлан тәуелсіз сыйлығының (2001) лауреаты. Жыл адамы атағын алған (2001. Қазақстан Жұлдыздар аллеясында Жеке жұлдызға ие (2002). Орақ және балға медалінің және Ленин орденінің ұсынылуымен қоса Социалистік Еңбек Ері (1991). Астана қаласының және Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - Қазақстанның жарқын да бақытты болашағына сенемін.
Сүйіп оқитын әдебиеті - поэзия.
Хоббиі - көрнекті өнер қайраткерлерінің және Саяси қайраткердің монографияларын жинау.
Қыздары - Гүзел, Мәриямгүл; ұлы - Төлеген. Немерелері - Әділ, Қайрат, Бағдад. Шөберелері - Дәмира, Ескендір
Еңбек жолы
Бибігүл Төлегенова -- КСРО және Қазақ КСР мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, КСРО халық әртісі, қазақ ән орындаушылық мектебінің жарқын өкілі тамаша әншілік мектептің жолы мен дәстүрін жалғастырушы күміс көмей әншілеріміздің бірегейі. Ол 1929 жылы 16 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келген. Әкесі Ахмет скрипкада ойнап, анасы Майнұр қоңыр дауысымен тамылжыта ән салған ортадан өскен Бибігүл де жастайынын әнмен өсіп, тілі әнмен шықса керек. Жас қыздың үшқан үяда әнші болып қалыптасуына өскен ортада тыңдап өскен есту сезімдері ерекше әсер етеді. Әдемі қоңыр дауысымен ошақ басында, ауыр түрмыс қажытқанда сызылта отырып шырқайтын қазақ халқының Қараторғай, Ақ қайың, Ертіс, Қарлығаш, Қамажай т.б. әндері Бибігүлдің асыл анасынан алып қалған ән мүрасы болатын. Бүл әндер кейін кәсіби әнші болып қалыптасып үлкен концерттік сахналардан өнер көрсеткен кезде де репертуарынан түспеген тамаша туындылары болып қалды.
Еліміздің басына түскен ауыр жылдар әншінің жастық шағының еншісіне тиіп оның болашақ тағдырына да ауыр із қалдырады. Жеті жасында тағдыр тәлкегіне үшыраған әкесі халық жауы санатында үсталып кеткеннен кейін жас та болса үйдегі жеті баланың үлкені болғандықтан Бибігүл еңбекке ерте араласып анасының жанында сүйеніші болды. Ауыр болса да Семейдің ет комбинатында 13 жастан жұмыс істеп күн көрістің және шиттей бауырлары мен ауырушаң анасының қамын жеген жұдырықтай қара қыз төзеді. Жүмыс істей жүріп әншілігімен көркемөнерпаздар үйірмесінің белсенді мүшесіне айналады.
Бибігүлдің кәсіби әншілік өнер есігін ашуына сол кездері Семей қаласындағы жер ауып келген белгілі жазушы, өзінің жеке студиясын ашқан музыка пәнінің оқытушысы Галина Иосифовна Серебрякованың ықпалы өте зор болды. Кішкентай қара қыздың бойындағы талантын көре біліп оның болашағынан үлкен үміт күткен үстазы бар ақылын аямай Бибігүлді кәсіби әншілікке баулып, қанат бітірді. Жас қыз бойындағы ән айтуға деген қүштарлық, талпыныс бүл кезде жаңа сатыға көтеріліп, аз ғана уақыт ішінде ол итальян композиторы Дж.Вердидің Риголетто және Травиата операларынан Джильда мен Виолеттаның арияларын, И.Штраустың Көктемгі әуендері шығармаларын үйреніп жүртшылыққа кеңінен таныла бастайды. Осылай дайындықтан кейін ел аузына іліне бастаған жас әнші 1948 жылы Республикалық орындаушылар олимпиада байқауына қатысуға Алматы қаласына жолдама алады. Байқауда орындау үшін Л.Хамидидің Қазақ вальсін, С.Туликовтің Шаттық вальсін, И.Штраустың Көктемгі әуендерін дайындап олимпиадада жеңіске жетеді. Ерекше лирикоколоротуралық сопрано дауысының мөлдіреген тазалығы тәнті еткендігі соншалық, комиссия мүшесі жас композитор Бақытжан Байқадамов Бибігүлді консерваторияның дайындық курсына әншілік оқуға түсуге үгіттейді. Сол жылы ол 7 кластық білімімен Қүрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының жеке ән салу бөлімінің дайындық курсына қабылданады.
Өнердегі алғашқы жылдардан бастап Бибігүлдің кәсіби әншілікті таңдаған шығармашылық жолы сәтті бола қойған жоқ. Консерваториядағы үстазы оны түсінбей, сананы түрмыс билеген кезеңде жанүялық өмірінің қиюы қашып, әдемі де үшқыр естілетін дауысынан айырылып қалады. Кейін араға бірер жыл салып тәжірибелі ұстаз Надежда Николаевна Самышына класына ауысқаннан кейін Бибігүлдің Алматыға арқалап келген арманының шеті көрініп, қисайған көш жолы түзеле бастайды. Жоғалған дауысы берік үстаған вокалдық диета арқылы диапазоны шағын, орындағанда дауысқа күш салмайтын шығармалармен біртебірте өзінің бүрынғы қалпына келіп бүрынғы бояубедерін табады. Әнші дауысы кәсіби түрғыдан беки түсіп өзінің қалпына келуімен 1951 жылдан бастап Бибігүл қазақ радиосының түрақты әншісі болып жүмыс істей бастайды.
Жас әншінің кәсіби түрғыда өскендігін танытқан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz