Су омыртқасыздары. Негізгі топтары. Шикізаттық маңызы



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: Қазақстандағы жануарлар әлемінің ресурстары

Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан. Жер көлемі 2 млн 715 км. Каспий теңізінен Алтай тауларына дейін 2925 км. Солтүстіктегі жазықты өңірлерден оңтүстіктегі Қызылқұм шөлдеріне дейін 1600 км созылып жатыр. Осыған байланысты табиғи климаттық жағдайлары әртүрті және сан алуан ландшафттар бар. ( Орманды дала, шөл, шөлейттер, құмды, сазды, тасты сортаңды жерлер). Суларына келетін болсақ Каспий, Арал теңізі, Балқаш, Зайсан, Марқакөл көлдерінен Жайық, Сырдария, Шу, Іле, Қаратал, Ертіс, Есіл, Тобыл сияқты. Қазақстанда алуан түрлі жануарлар кездеседі. Омыртқалы жануарлар - 835 түрі бар. Соның ішінде сүтқоректілердің - 178, құстың - 500, бауырмен жорғалаушылардың - 51, қосмекенділердің - 12, балықтың - 104, дөңгелек ауыздылар немесе балықтәрізділердің - 3 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жануарлардың - 50 мыңға жуық түрі тіршілік етеді. Бұлардың көбі әлі зерттелмеген.

Қазақстандағы жануарларды зерттеу тарихы

Ежелден халқымыз аң мен малдың өнімдерін қажеттеріне жарата білгенмен зоология тұрғысынан жануарлар әлемі зерттелген жоқ. Тек ХІ ғасыр Махмуд Қашғари тәрізді ғұламалар аңыз - әңгіме, жазба деректер арқылы республикамызда мекендейтін жануарлар туралы кейбір мәліметтерді қалдырды. Бұл салада араб, парсы, қытай саяхатшыларының үлесі аз емес. Бұл саланы ғылыми тұрғыдан зерттеуге ХVII - XVIII ғасырда ұйымдастырылған экскурсияның ықпалы мол болды. Оған отандас ғалымы Шоқан Уалихановтың үлесі ерекше. Алғашқы зоологиялық зерттеулер 18-19 ғасырларда басталды. П.С. Паллас құс пен аңның 45 түріне, Э.А.Эверсман құстардың 8 түріне сипаттама берді. Н.А.Северцев Түркістан жануарларының орналасуы Г.В.Никольский Балқаш ойпатындағы омыртқалылар туралы атты алғашқы еңбектерді жариялады. Ал ХХ ғасыр басында Арал теңізі мен Балқаш көлінің балықтарын Л.С.Берг; құстар фаунасын Н.А.Зарудный, П.П.Сушкин және т.б зерттеді. К.М.Скрябин Оңтүстік Қазақстандағы кейбір үй хайуанаттары мен жабайы жануарлардың ішекқұрттарын зерттеп маңызды деректерді жариялады. Қазақстанда 1924 жылға дейін зоологиялық мекемелер болмағандықтан жануарлар дүниесін Ресей ғылым Академиясының және Мәскеу мемлекеттік Университетінің ғалымдары Н.О.Оленов, Б.С.Виноградов, Б.А.Кузнецов т.б зерттеді.
1932 ж жабайы жануарларды зерттеу үшін сектор ашылды. 1944 ж Ұлттық ғылым Академиясының қарамағында арнайы зоология институты ашылғаннан кейін зерттеулер жолға қойылды.

Тақырып: Су омыртқасыздары. Негізгі топтары. Шикізаттық маңызы
Жүйелеу дегеніміз - барлық жануарларды белгілі тәртіпке сәйкестендіру, ретке келтіру. ( біржаушалы, көпжасушалы қарапайым жәндіктер, жоғары сатыдағы жануарлар,омыртқасыздар, омыртқалылар)
Жіктеу - жүйелеу барысында жас ерекшеліктеріне қарай топтастыру ( түр - туыс - тұқымдас - отряд - класс - тип). Жануарлар әлемінің алуан түрлігі омыртқасыз жануарлардың биомассасымен анықталады. ( 95%).
Қазіргі жіктеу бойынша олар шамамен 60 типке біріктірілген қарапайымдылардан бастап күрделі құрылысты буынаяқтылар мен молюскаларға дейін.
Дүние жүзілік фаунада омыртқалылардың шамамен 1,5 млн түрі кездеседі. Олардың халық арасында өсімдік зиянкестері, адам, мал арасында жұқпалы ауруларды тасымалдаушылар ретінде таныс. Дегенмен жер бетінде оларсыз тіршілік мүмкін емес:
1) Табиғи зат айналымында маңызды қызмет атқарады
2) Топырақтың құнарлығын арттырады
3) Өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай туғызады
4) Тұщы су комасында ( кірпікшелі инфузориялар туысы) немесе қылтанды құрттардың кейбір түрлері, сонымен қатар бұтақмұртты шаяндар - дафниялар судың ластану дәрежесін анықтайтын индикатор ретінде пайдаланады.
Қос жақтаулы моллюскалар класы өкілдері желбезегінің көмегімен суды сүзіп тазартады.
5) Жыртқыш және паразит омыртқасыздар ( өрмекшілер, инеліктер, шегірткелер, жыртқыш кандалалар, көбелектер мен қоңыздар, жыртқыш нематодалар жекелеген насекомдардың күрт көбею кезінде табиғи жолмен санын реттейді.
6) Көптеген шаянтәрізділер, құрттар, молюскалар, өрмекшітәрізділер, балықтар, құстар аңдардың қоректік қорын құрайды.
7) Өсімдіктердің 87% энтомофильді яғни жәндіктердің көмегінсіз тозаңданбайды және өнім бермейді.
8) Медициналық мақсатпен қарақұрт, құршаян, аралар улары, араның балы, медицина сүлігі емнік қасиеттерімен бағаланады.
9) Эстетикалық маңызы зор, әуесқойлық жиынтықтардың нысанасы ( молюскалар, жарқанаттар, көбелектер)
10) Биология ғылымында көптеген құбылыстарды зерттеуге қолданылады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Индикаторларды анықтау және жіктеу
Балық және балық өнімінің қауіпсіздігі туралы
Европалық конвенция жануарды халықаралық тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік
Еуропалық конвенция жануарды халықаралық тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік жайлы мәлімет
d-элементтерІ
Тірі табиғат объектілерінде қордаланған адамдардың қажетіне керекті биологиялық ресурстарға өсімдіктер және жануарлар ресурстары
Пестицидтер туралы ақпарат
Жылу реттеушілік және оның эволюциясы
Пестициттердің қоршаған ортаға әсері
Еліміздегі балық шаруашылығы
Пәндер