Білім беру жүйесін басқару ерекшеліктері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Білім беру жүйесін басқару ерекшеліктері
Білім беру жүйесін басқару ұғымы

Кәсіби педагогикалық іс-әрекет педагогикалық жүйелерді басқару мәнін, принциптерін, мазмұнын толық білуді қажет етеді.
Педагогикалық үдерісті басқару - қойылған мақсатқа сәйкес шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, басқару объектісін реттеу, алынған ақпараттарды талдау және қорытындылау іс-әрекеті болып табылады. - Басқару объектісі биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер бола алады. Білім беру әлеуметтік жүйеге жатады және елдің, өлкенің, облыстың, қаланың және ауданның аумағында қызмет етеді. Сондықтан басқару субъектілері министрлік, облыстық, қалалық, аудандық білім беру басқармалары болып бөлінеді.
Жалпы білім беретін мектептер күрделі динамикалық жүйе ретінде мектепішілік басқару объектісі болып табылады.
Мектепішілік басқару - тиімді нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тұтас педагогикалық үдерістің объективтік заңдылықтарын тануға негізделген оған қатысушылардың мақсатты, саналы өзара әсерлесуі.
Тұтас педагогикалық үдеріс қатысушыларының оны басқарудағы өзара әсерлесуі өзара байланысты: педагогикалық талдау, максат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету тәрізді әрекеттер мен функциялардан тұрады.
Қазіргі білім беру жүйесінің дамуындағы бір ерекшелік - білім беруді мемлекеттік-қоғамдық басқару болып табылады.
Білім беру жүйесін мемлекеттік басқару сипаты мынадай қағидалар принциптер жиынтығымен анықталады:
:: білім берудің ізгілік сипатта болуы;
:: білім беру жүйесінің ұлттық мәдениеттерді және салт-дәстүрлерді мемлекеттік тараптан қорғауы;
:: білім берудің жалпыға бірдейлігі;
:: білім берудің зиялылығы;
:: білім берудегі еркіндік пен плюрализм;
:: білім берудің демократиялық сипатта болуы.
Білім берудің қоғамдық сипаты бірқатар белгілермен анықталады. Мұндай белгілер қатарына мыналар жатады.
Мектеп іс-әрекетін ұжымдық басқару органы - мектеп кеңесі басқарады. Оның атқаратын фуңкциялары мен жұмыс мазмұны якалпы білім беру мекемесінің типтік ережелерінде көрсетіледі.
Мектептің жоғары жетекші органы - конференция, жылына кем дегенде бір рет шақырылып отырады. Мұнда мектеп кеңесі, оның төрағасы, іс-әрекет мерзімі анықталады және мекеме Жарғысы қабылданады.
Конференциялар аралығындағы жетекші орган рөлін мектеп кеңесі атқарады.

Білім беру жүйесін басқарудың жалпы қағидалары

Кез келген іс-әрекет сияқты, басқару да бірқатар қағидаларды ұстануға негізделе отырып жүргізіледі.
Басқару қағидалари басқару заңдылықтарының нақты байқалуы мен бейнеленуі болып табылады. Мектепішілік басқару мен менеджмент бойынша мамандар негізгі заңдылықтар ретінде оқу-тәрбие жұмысын басқару жүйесі қызметі тиімділігінің басқару объектілері мен субъектілері арасындағы құрылымдық-функционалдық байланыс деңгейіне тәуелділігі, оқу-тәрбие жұмысын басқару мазмұны мен әдістерінің мектептегі педагогикалық үдерісті ұйымдастыру мазмұны мен эдістері сипатымен шарттылығын атап көрсетеді. Ю.А. Конаржевский мектепішілік менеджменттің жетекші заңдылықтары ретінде аналитикалықты, мақсаттылықты, ізгілікті, басқару демократиялығы мен мектеп жетекшілерінің әр түрлі басқару іс-әрекетіне дайындығын атап көрсетеді. Басқару заңдылықтарынан шығатын қағидалар мектеп жұмысын басқарушылар үшін негізгі кағидалар ретінде қызмет етеді. Басқарудың мұндай жалпы қағидаларына жататындар: педагогикалық жүйелерді басқаруды демократизациялау мен ізгілендіру; басқарудағы жүйелілік пен тұтастық; орталықтандыру мен таратуды (децентрализация) ұштастъіру; бірыңғай және алқалық басқару бірлігі; педагогикалық жүйелерді басқарудағы ақпараттар объективтілігі мен толықтығы.

Педагогикалық жүйе және ғылыми басқару объектісі ретіндегі
мектеп

Мектеп педагогикалык жүйеге жатады, себебі ол бірқатар жүйе құраушы факторлармен, қызмет көрсету жағдайларымен, кұрылымдық және функционалдык компоненттер жиынтығымен сипатгалады. Жүйе құраушы факторлар рөлін мақсаттар мен нәтижелер атқарады; қызмет көрсету жағдайлары - әлеуметтік-педагогикалык және уа-қытша байқалатын жағдайлармен; құрылымдық компоненттер - басқарушы (педагогикалық ұжым) және басқарылушы (оқушылар ұжымы) жүйелермен, педагогикалық іс-әрекет мазмұнымен, құ-ралдарымен, нысандарымен және әдістерімен; функционалдық компоненттер - педагогикалық талдаумен, мақсат қою және жоспарлаумен, ұйымдастырумен, бақылаумен, реттеу және түзетумен анықталады.
Мектепті педагогикалық жүйе және басқару объектісі ретінде қарастыру оны басқарушылардың басқару іс-әрекеті бір мезгілде мақсаттар анықтау мен олардың нәтижелеріне қол жеткізуге, педагогикалық және оқушылар ұжымдарын қалыптастыру жағдайларын жасауға, оқу-тәрбие жұмысы мазмұнын таңдап алу мен құралдарын, нысандарын, әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай амал педагогикалық жүйе мақсаттылығын сақтай отырып, оны құрайтын компоненттерді жаңартуға тиімді әсер етеді.
Енді педагогикалық жүйенің жүйе құраушы факторлары мәніне тоқталайық. Педагогикалық жүйенің бастысы болып табылатын, маңызды жүйе кұраушы фактор - баланың тұлғалық күштерін үйлесімді дамытуға, оның өзін-өзі анықтауына және өзін-өзі дамытуына жағдайлар жасауға бағытталған мұғалімдер мен оқушылардың біріккен іс-әрекет мақсаты болып табылады. Мектеп мақсаты - тұлғаның интеллекгуалдық, құлықтық, эстетикалық, еңбектік, экологиялық, құқықтық және басқа да мәдениетін қамтитын базалық мәдениеті негіздерін қалыптастыру болып табылады.
Жүйе құраушы ретіндегі нәтижелер - жекелеген оқушылардың да, тұтастай алғандағы оқушылар ұжымының да тәрбиелілік деңгейін анықтауды қамтамасыз ететін неғұрлым тұрақты және нақты өлшемдер жиынтығымен анықталады. Мұндай өлшемдердің болуы қойылған мақсатты оның жүзеге асырылу күйімен салыстыра отырып, мұғалімнің, педагогикалық іс-әрекетке қатысушылардың іс-әрекеті жолдарын түзетуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық жүйенің әлеуметтік-педагогикалық жағдайларын жалпы және арнайы жағдайлар деп екіге бөлуге болады. Жалпы жағдайларға әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ұлттық, географиялық жағдайлар, ал арнайы жағдайларға оқушылардың әлеуметтік-демографиялық құрамы, мектептің тұрған жері, материалдық мүмкіндіктері, жабдықтар, ол тұрған жердегі қоршаған ортаның тәрбиелік мүмкіндіктері жатады. Педагогикалық үдерістің тиімділігін көрсететін маңызды көрсеткіштер - педагогикалық және оқушылар ұжымдарындағы моральдық-психологиялық климат, ата-аналар мен оқушылардың педагогикалық деңгейлері болып есептеледі.
Педагогикалық жүйенің уақытша сипаттамалары үш өзара байланысты кезеңдермен анықталады: бастапқы жалпы - 1-3 (4) сыныптар; негізгі жалпы - 4 (5)-9 сыныптар; орта (толық) жалпы білім беру --10 (11) сыныптар. Жалпы білім берудің әрбір сатысы өзінің ерекше міндеттерін жүзеге асырады, бірақ жалпы мақсатқа - оқушы тұлғасын дамытуға - бағытталады.
Педагогикалық жүйенің құрылымдық элементтері педагогикалық ұжым және оның жетекшілерінің немесе басқарушы жүйенін іс-әрекеті негізінде анықталады.
Басқарушы жүйе құрылымы төрт деңгейге бөлінеді:
Бірінші деңгей мектеп директоры, мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық ұйымдар жетекшілерінен тұрады. Бұл деңгей мектепті дамытудың стратегиялық бағытын анықтайды.
Екіншді деңгей - мектеп директорының орынбасары, мектеп психологы, әлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастырушы, аға вожатыйлар, мектеп директорының шаруашылық жөніндегі көмекшісі, өзін-өзі басқаруға қатысатын органдар мен бірлестіктер.
Үшінші деңгей - мұғалімдер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері.
Төртінші деңгей - оқушылар, сынып және жалпы мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару органы. Бұл деңгейдің бөлінуі мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қатынастың субъект-субъектілік сипатын көрсетеді. Оқушы өзара әсерлесу объектісі бола отырып, өзінің дамуында субъект рөлін атқара алады.
Баскарылатын жүйеде негізгі орын оқушылар ұжымына беріледі. Мұнда басқарудың екі деңгейін анықтауға болады: вертикаль бойынша - жалпы мектеп ұжымы және сыныптар ұжымы. Горизонталь бойынша - қоғамдық ұйымдар, спорттық секциялар, шығармашылық бірлестіктер, үйірмелер, бригадалар және т.б.
Ал педагогикалық жүйенің функционалдық компоненттері жеке-дара өмір сүрмейді, мұғалім іс-әрекетімен бірлесе жүреді. Функционалдық компоненттер: педагогикалық талдау, мақсат қою және коспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету - бұлар педаогикалық үдерісті қозғалыста, өзгерісте сипаттайды, оны дамыту мен кетілдіру логикасын анықтайды.
Бақылау сұрақтары
1. Білім беру жүйесін басқару жайлы білудің қандай қажеті бар?
2. Педагогикалык үдерісті басқару дегеніміз не?
3. Білім беру қандай жүйеге жатады?
4. Жалпы білім беретін мектептерді басқарудың ерекшелігі неде?
5. Мектепішілік басқару дегеніміз не?
6. Білім беруді мемлекеттік-қоғамдық басқару қандай ерекшеліктерімен сипатталады?
7. Басқару принциптері дегеніміз не?
8. Мектеп ішілік басқару мен менеджментте қандай заңдылықтар байқалады?
9. Басқару принциптерінің қызметі қандай?
10. Мектепті не себепті педагогикалық жүйе деп атайды?
11. Мектепті педагогикалық жүйе және басқару обьектісі деп қарастыру не үшін қажет?
12. Педагогикалык жүйенің қандай жүйе құраушы факторлары бар?
13. Педагогикалық жүйенің жалпы және арнайы жағдайларының ерекшеліктері неде?
14. Педагогикалык үдеріс тиімділігін қандай маңызды көрсеткіштер сипаттайды?
15. Басқарушы жүйенің сипаттамалары қандай?

Мектеп жетекшісінің басқару мәдениеті
Басқару мәдениетінің негізгі компоненттері

Білім беру жүйесін басқарушылардың басқару мәдениеті олардың кәсіби-педагогикалық мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Дәстүрлі көзкараста кәсіби-педагогикалық мәдениет негізінен педагогикалық іс-әрекет, педагогикалық техника мен шеберлік нормалары мен ережелерін бөліп көрсетумен байланыстырылды. Ал қазіргі кезде педагогикалық құндылықтар, педагогикалық технология және педагогикалық шығармашылық категорияларымен байланыстырыла қарастырылады.
Мектеп жетекшісінің басқару мәдениеті оның мектепті басқарудағы құндылықтар мен технологияларды меңгеруге, беруге және жасауға бағытталған әр түрлі басқару іс-әрекеттеріндегі тұлға ретінде өз мүмкіндіктерін шығармашылық деңгейде байқату жолдары мен өлшемі болып табылады. Басқару мәдениеті аксиологиялық, технологиялық және тұлғалық-шығармашылық компоненттерінен тұрады.
Мектеп жетекшісінің басқару мәдениетінің аксиологиялық компоненті мектепке жетекшілік етуде маңызды және мәні бар басқару-педагогикалық құндылықтардың жиынтығы болып табылады. Басқару-педагогикалық құндылықтар ретінде тиімді басқаруға мүмкіндік беретін идеяларды, тұжырымдамаларды алуға болады.
Мектеп директорының басқару мәдениетінің технологиялық компоненті педагогикалық үдерісті басқару жолдары мен тәсілдерін қамтиды. Мектепішілік басқару технологиясы арнайы педагогикалық міндеттерді жүзеге асьфуды қарастырады. Мұндай міндеттерді атқару менеджер-жетекшінің педагогикалық талдау мен жоспарлау, ұйымдастыру, педагогикалық үдерісті бақылау мен реттеу біліктерін меңгеруіне негізделеді.

Білім беру және оның мазмұны
Білім беру және білім беру мазмұны ұғымдарының мәні

Дидактиканың жеке ғылым саласы ретінде қарастыратын мәселелері - білім беру және оқыту. Ең алдымен, біз білім беру және оның мазмұнының мәнін ашуға тоқталайық.
Білім беру - адамның жүйеленген білімді, білікті және дағдыларды меңгеруі, ақыл-ойы мен сезімдерін дамыту, дүниетанымы мен таным үдерістерін қалыптастыру үдерісі мен нәтижесі.
Білім беру қажеттілігі адамның білімділігін қалыптастыру болып табылады. Білімді адам - көпжақты құбылыстар мен фактілерді түсінуге мүмкіндік беретін жалпы идеялармен, принциптермен және әдістермен қаруланған, жоғары деңгейдегі қабілетті, алған білімдерін жекелеген жағдайларда қолдана алатын, биік сезімдер мен ұғымдарды меңгерген адам.
Адамды мұндай деңгейге жеткізу үшін білім беру мазмұнын дұрыс таңдап алу қажет.
Білім беру мазмұны тұрақты емес, тарихи кезеңдерге сәйкес өзгеріп отырады.
Білім беру мазмұнына әсер ететін бірнеше факторлар бар:
1) қоғамның білімді адамға қоятын әлеуметтік, кәсіби, мәдени талаптары;
2) білім беру мазмұнының ғылымилық принципті қанағаттандыруы;
3) білім беру мазмұнының оқушылардың психологиялық мүмкін-діктері мен даму деңгейлеріне сәйкес келуі;
4) тұлғаның өзінің білім алу қажеттілігі.
Демек, білім беру мазмұны қоғамның күнделікті және перспективтік қажеттіліктерін, адамның таным ерекшеліктерін, әлеуметтік даму тенденцияларын ескеруі қажет.
Білім беру мазмұны - ғылыми білімдер, біліктер мен дағдылар, дүние-танымдық, құлықтық-эстетикалық идеялар, әлеуметтік, танымдық және жасампаздық тәжірибе элементтерінен құралады.

Білім беру мазмұнының мәнін ашатын тұжырымдамалар

Педагогика ғылымында білім беру мазмұнын таңдап алуға көмек-тесетін біркатар теориялар бар.
Алғашқы теория қатарына Руссо, Песталоцци, Дистервег негізін қарастырған жалаң білім беру теориясы жатады. Бұл теория бойынша білімдердің өзі емес, оның дамытушы әсері маңызды деп есептейді. Сол себепті адамның ақыл-ой күшін, қабілеттіліктерін, ойлауын, қиялдауын, есін дамытушы білімдер ғана берілуі керек деп есептейді. Бұл теорияға сәйкес латын, грек тілі пәндері, шахмат ойыны теориясы маңызды деп есептеліп, жалпы білім беретін пәндерге аса мэн берілген жоқ.
Мұнан кейін пайда болған материалдық білім беру теориясы білім беру мазмұнын таңдауда адамға іс жүзінде қажетті, пайдалылық дәрежесі жоғары пәндерді алу қажет, ал ақыл-ой күштері мен кабілеттіліктері білімдерді іс жүзінде қолдану кезінде дамиды деп санады.
Шетелдерде де білім беру мазмұнына қатысты бірнеше теориялар өмір сүрді. Мұндай теорияларға пәндерді тек пайдалылық тұрғысынан таңдау қажет деп түсіндіретін прагматизм, білім беру мазмұнын баланың өзі таңдап алу қажет деп түсіндіретін педоцентрикалық теория, тұлға қалыптасуында мұғалім ұйымдастыратын қоршаған орта басты рөл атқарады деп түсіндіретін, Англияда қалыптасқан, экстерналистер теориялары жатады.
80-жылдарда білім беру мазмұнына қатысты тұжырымдамалар қайта қарастырылды. Мектептегі білім беру бала тұлғасының жасампаздық әлеуетін дамытудың негізгі сатысы болуы қажеттілігі анықталды. Сондықтан білім беруде белгілі бір білім, білік, дағдылар жиынтығымен шектелу жеткіліксіз болды. Адамды күнделікті өзгеріп тұратын өмір жағдайларына дайындау, өзгерген жағдайларға тез бейімделе алатын жасампаз тұлғаны дайындау қажеттілігі тұрды.
В.В. Краевский мен И.Я. Лернер қазіргі кездегі білім беру мазмұнын білімдерден бастап жасампаздықты дамытуға бағытталған оқыту логикасы мәнін ашатын, адамның іс-әрекет тәжірибесіне сәйкес элементтерден тұратын жүйе ретінде көрсетеді.
Білім беру мазмұнының элементтері:
1. Табиғат, қоғам, техника, адам, ойлау жайлы білімдер. Бұл білім-дерді меңгеру адамның өзінде элемнің дұрыс ғылыми бейнесін қалыптастыруына мүмкіндік жасайды.
2. Білімдерді іс-әрекет жолы ретінде қолдану мүмкіндігін беретін біліктер. Бұл элементке адам тәжірибесінің негізін құрайтын интеллектуалдық және практикалык біліктер мен дағдылар кіреді.
3. Жасампаздық іс-әрекет тәжірибесі. Бұл тәжірибе білімдер мен біліктерді жаңа, стандартты емес оқу ситуацияларында өз бетінше қолдануды қажет етеді. Белгілі тәжірибеге қатысты жаңа іс-әрекет тәсілдері қалыптасады. Бала өзінің жасампаздық жұмыс істеу білігін көрсетеді.
4. Әлемге, адамдарға, өзіне эмоционалды кұндылык қатынасы тәжірибесі. Бұл белгілі тәжірибені жоғарырақ деңгейде меңгеру болып табылады. Бұл тек білім, біліктер ғака емес, оларға деген өзінің қатынасы, проблеманы өз бетінше көруі. Мұндай жағдайда оқушының меңгерген әлеуметтік тәжірибесі оның өзінің жеке тәжірибесіне, жеке әрекет тәсіліне айналады.
Әлеуметтік тәжірибе мен білім беру мезмұны компоненттері өзара байланысты және өзара тәуелді. Білімсіз білік қалыптаспайды. Жасампаздық іс-әрекет қандай да бір білімдер мен іс-әрекет үлгілерін (біліктерді) меңгеруді қажет етеді. Бұл элементтерді меңгеру өз бетінше іс-әрекет жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен, білім беру мазмұны, бір жағынан, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің маңызды шарты, себебі - ол қоғамның ағымдық және перспективалық қажеттіліктерін бейнелейді; екінші жағынан, осы іс-әрекетті құрастыру және жүзеге асыру аспабы, сонымен бірге индивидтің оқытуға тұлғалық қажеттілігінің мазмұны болып табылады.
Білім беру бағыттары және білім беру мазмұнын анықтайтын құжаттар.
Бағыттары бойынша білім беру екіге бөлінеді: жалпы білім беру және кәсіптік білім беру.
Жалпы білім беру деңгейлері: мектепке дейінгі дайындық, бастауыш мектеп, негізгі жалпы білім беру (толық емес орта мектеп), жалпы толык орта білім беру.
Бастауыш мектептегі білім беруде - оқу, жазу, есеп және оқи білуге үйрету, аяқталмаған орта білім беру мектебінде - ғылым негіздері бойынша білімдер қалыптастыру, толық орта мектепте - білімдерді тереңдету, оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттіліктеріне сәйкес білімдер қалыптастыру және кәсіби өзін-өзі анықтауға дайындау міндеттері жүзеге асырылады.
Кәсіптік білім беруде белгілі бір кәсіптік салаға және сәйкес іс-әрекетке қатысты білім, біліктер меңгеріліп, белгілі кәсіби ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогиканың теориялық, методологиялық негіздері. Тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы
Білім беру сапасын басқару мәселелері жайында
Математиканы оқыту жүйесін компъютерлендіру мәселелері
«Педагогикалық менеджмент» оқу-әдістемелік кешені
Білім беру мекемелері менеджментінің ғылыми қағидасы. Педагогикалық менеджмент міндеттері
Балалардың мектепте оқытуға даярлығын зерттеу ерекшеліктері
Жаһандану жағдайында болашақ бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби іс - әрекетке даярлаудың педагогикалық негіздері
Педагогикалық үдеріс бойынша дәрістер
Педагогикалық процесті басқару жүйесіндегі мұғалім мен жаттықтырушы
Білім беру процесін басқару сапасы
Пәндер