Білім беру сапасын басқару мәселелері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
* Кіріспе
Әлемдік өркениеттің қарыштап алға дамуы білім беру саласының барлық деңгейіне әсер етіп, балаға тәрбиесінің жаңа саласы педагогикалық инноватиканы дүниеге әкелді. Педагогика ғылымының бұл бағыты ғылым жетістіктерін мектеп практикасына ендіру барысында білім беру процесін тұтастай ғылыми негіздеуді, оқу-тәрбие жұмыстарының барлық буындарын технологияландыруды қажет етеді. Яғни, нәтижесі белгісіз, маңызы шамалы, дұрыс таңдап алыбаған (қазіргі кезде шектен тыс көбейіп бара жатқан) "науқандық жаңалықтарға" тоқтау салуға ықпал етеді. Бұл оқыту барысында ұстаз шығармашылығын шектемегенмен, кездейсоқ қателіктерден сақтануға мүмкіндік береді.
Білім беру сапасын басқару мәселелері
Білім беру сапасын басқару - қазіргі педагогикалық теория, практика талаптарына сай, келетін, жеке тұлға, қоғам мен мемлекеттің білімге деген қажетін қанағаттандыра алатын білім берудің маңызды белгілерінің жиынтығы
Білім беру сапасын басқару мектеп басшысының басқару қызметіндегі басым бағыты болып табылады. Білім беру сапасын басқару мына бағыттарды қамтиды:
1.Жалпы білім беру сапасы.
2.Білім беру процесін басқару сапасы.
3.Білім процесін іске асыру сапасы.
4.Білім беру процесі нәтижесінің сапасы.
5.Жалпы білім берудің функционалды сапасы.
Жалпы білім беру сапасы: 1)білім процесінің негізгі шарттарының сапасы; 2)ғылыми - әдістемелік жұмыстарының сапасы; 3)материалдық - қаржылық қамтылу сапасы және 4)мектепке дейінгі білім сапасы деген бірнеше бөліктен тұрады.
Білім беру процесін басқару сапасына кадрлық қамтылу сапасы, оқушылардың психосоматикалық денсаулығының сапасы және педагогикалық еңбекті ынталандыру сапасы жатады.
Білім процесін іске асыру сапасына мыналар енеді: 1.Білім мазмұны сапасы; 2.Оқыту сапасы; 3.Оқу сапасы.
Білім беру процесі нәтижесінің сапасы төмендегі бағыттарда анықталады: 1)Оқыту деңгейі; 2)Денсаулық сапасы; 3)Креативтілік сапасы; 4)Тәрбиелілік деңгейі; 5)Тұлғаның дамуы деңгейі; 6)Басты құзырлылықтың қалыптасу сапасы.
Жалпы білім берудің функционалды сапасы:
1.Білім берудің оқушының білім қажетіне сай келуі;
2.Білім берудің қоғамдық институттар қажетіне сай келуі;
3.Білім берудің ата-аналарының сұранысына сай келуі;
4.Білім берудің аймақтық еңбек нарығына сәйкес келуі;
5.Білім берудің кәсіптік білім беру талабына сай келуі.

Білім беру сапасын нәтижелік тұрғыдан басқару
Қазіргі білім беру жүйесінің дамуы оның әр түрлі буындарын басқарудың тиімділігімен анықталады. Жаңарған мектеп алдындағы негізгі міндет басқару жүйесін түсіну мен оны нәтижелік тұрғысынан басқарудан тұрады.
Мектепішілік басқару жүйесінің түпкі нәтижеге бағытталуы оны ақпараттық қамтамасыз етуге, педагогикалық талдауға, жоспарлау мен бақылауға жаңаша көзқарасты қажет етеді.
Қазіргі мектепішілік менеджментте бірінші орында күн санап күрделеніп бара жатқан мәселелердің шешімін табуға және оған жауапты болуға тиісті адам факторы тұр.
Бұл жағдайда тәжірибе иен инттуиция қабылданған шешімнің оңтайлылығын қамтамасыз ете алмайды.
Қазіргі таңда білім беру мекемелерінде процеске бағытталған дәстүрлі басқарудан нәтижеге бағытталған басқаруға көшу жүріп жатыр. Өйткені, мектептегі білім беру сапасының негізгі көрсеткіштеріне ҰБТ қорытындылары алынуда.
Дәстүрлі басқарудан нәтижелік басқарудың айырмасы неде?
Дәстүрлі басқаруда шаруашылық басшы іс-шаралардың маңызын көрсете отырып, қызметтік міндет бөлінісін жасайды, ұзақ мерзімді жоспар жасай отырып, жоспардың орындалу барысы туралы кезеңдік есеп береді.
Нәтижелік басқаруда менеджер басшы нәтиженің алатын орнын көрсете отырып, нәтижелік міндет бөлінісін жасайды, стратегиялық жоспар жасай отырып, нәтиженің анықталу барысы бойынша нәтижелік есеп береді.
Дәстүрлі басқаруда даму қалыпты емес және біржақты жүреді, іске атүсті қарау басым, шаралар науқандық сипатта кемшіліктерді жоюға бағытталған болады.
Нәтижелік басқаруда даму жүйелі және кешенді бағытта жүреді, мақсатты іс-әрекеттер қиындықтың алдын алуға бағытталады.
Дәстүрлі басқаруда нәтиже нақты көрсетілмейді, мектепішілік бақылау жұмысы соңғы нәтижеге ғана бағытталған, іс-шараны талдау жалпылама және жауаптыны жазалау үшін жүргізіледі.
Нәтижелік басқаруда нәтиже деңгейлеп көрсетіледі, педагогикалық мониторинг негізінде аралық нәтижелермен де жұмыс жасалады, үрдіс себеп-салдарлық тұрғыдан талданып, олқылық пен қателіктен сабақ алуға бағытталады.
Нәтижелік басқару екі өзара байланысты процестен тұрады: жүзеге асыру және талдау. Нәтижелік басқаруды жүзеге асыру жағдай жасаудан басталып, білім беру процесін ұйымдастыру арқылы нәтижеге алып келсе, нәтижелік талдау керісінше алынған нәтижені талдаудан басталып, білім беру процесін талдау арқылы жасалған жағдайларды талдауға барып тіреледі: Жағдай - Процесс - Нәтиже.
Нәтижеге бағдарланған талдау кезеңдері төмендегіше болады:
1-кезең - күтілетін нәтижені анықтау
Үлгерім, ҰБТ, жарыстар мен сайыстар, денсаулық пен тәрбие бойынша жету керек нәтижелерды кесте түрінде сандық негізде жазу;
2-кезең - осы көрсеткіштер бойынша мектеп жұмысының нәтижесін бақылау
Осы салалар бойынша мектептің қазіргі көрсеткіштерінің нақты деңгейін айқындап ашып көрсетуге болатын деңгейде анықтау;
3-кезең - екі нәтижені салыстыру, ауытқуды анықтау
Мектептің қазіргі көрсеткіштерінің бұл нәтижелерге қаншалықты жетпей жатқандығын салыстырмалы кесте түрінде беру;
4-кезең - осы ауытқуға әсер еткен оқу-тәрбие үрдісінің кемшіліктерін анықтау
Пәндерді тереңдетіп оқыту, жаңа пәндер енгізу және оқыту әдістемесін (технологиясын) жетілдіру, сыныптан тыс шаралардың ықпалы арттыру, жаңа тәрбиелік салаларды іске қосу бойынша іс-әрекетте кетіп жатқан кемшіліктерді анықтау;
5-кезең - оқу-тәрбие үрдісі кемшіліктері мен нәтижесіне еткен жағдайлар
Кадрмен қамтамасыз ету, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қаржыландыру, ынталандыруды жүзеге асыру бойынша өз күшімен түзетуге болатын және арнайы көмек керек болатын кемшіліктерді бөліп жазу;
6-кезең - осыдан нақты себептері көрсетілген маңызды проблемаларды белгілеу
Дарынды немесе жай баламен жұмысқа қажетті кадрлар іздеу, мектептегі бар мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, қажетті бағдарламалар мен оқулықтар (жай немесе электронды) алу не жасау, оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз ету, технологияландыру мен ақпараттандыру бойынша мәселелерді ашып көрсету, оларды топтау, реттеу.
Жағдайды талдау мына мәселелерді қамтиды: 1.Сапалы кадрдың болуы, 2.Оқушыларға психологиялық диагностика жасалуы. 3.Мектептің қазіргі талапқа сай болуы.
Ал процесске мыналар жатады: 1.Ата-ана, балабақша арасындағы байланыс. 2.Әдістемелік жұмыстардың, жүзеге асуы, озық тәжрибенің таратылуы. 3.Мектеп ұжымындағы психологиялық ахуал.
Нәтиже де үш бағыттан тұрады: 1.Тәрбие деңгейі. 2.Оқу денгейі. 3.Бәсекеге қабілетті, толерантты тұлға.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті

Тарих және педагогика факльтеті

ДӨЖ

Тақырыбы: ___________________________________ ___________________________________ _

Орындаған:

Қабылдаған:

Түркістан 2013

АЛҒЫСӨЗ

Білім беруді дамытудың стратегиясы бірқатар басты мүмкіншіліктердің пайда болуына әкелді, осы қатардағы ең бастысы білім беру сапасын арттыру.
Мемлекет басшысының Жолдауында білім беру сапасын арттыруды дүниежүзілік стандарт деңгейіне жеткізу басты мақсат болып табылатындығы көрсетілді. Оған дәлел ретінде біздің республикамыздың мектептері халықаралық зерттеулерге қатысатындығын айтуға болады. Осы шаралардың арқасында біз оқушылардың жетістіктері мен білімдерін салыстыра аламыз.
Осыдан нақты сұрақ туындайды: білім сапасын арттыруда алдымызға қандай мақсат қою қажет, аталған проблемадан қалай шығу қажет және өз мезгілінде нақты іс атқаратын басқарушылық шешімді қабылдау.
Бұл сұрақтың қарапайым жауабы төмендегідей: тиімді басқару үшін басқару жүйесінің қызметі туралы анық және пайдалы ақпарат қажет. Көп жағдайда нақты ақпараттың болмауы - проблеманың басты себебі болып табылады. Нақты ақпаратсыз қай жүйе болмасын өз қызметін атқара алмайды.
Ақпарат талдау мен басқарудың нақты негізі болуы үшін ол барлық талаптарға жауап беруі тиіс. Ең алдымен оң, шынайы, нақты болуы және қойылған сұрақ төңірегі бойынша басқару шешімін қабылдауға көмегі болуы қажет. Дәл осы кезде ғана сапалы бағалау мен білім беру процесін ұйымдастыру жағдайы, оның нәтижелері үшін негіз бола алады.
Білім беру сапасын бағалау жүйесін дамыту Білім беру туралы Заңын, 2011-2020 жылдарға Мемлекеттік Даму бағдарламасын басшылыққа алады.
Басқарушылық шешімдерін қабылдау үшін ақпаратты қолдану және жұмылдыру, жинау, жүйесін құру, білім беру, басқару жүйесіндегі басты өзекті бағыттарының бірі болып табылады. Осы мәселедегі жаңа қағида болып табылатыны білім беру сапасын басқару жүйесіндегі маңызды элементі ретінде ашық баяндама дайындау болып табылады.

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ, ОДАН ӘРІ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТЫ
Қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуі, адами капиталды дамыту - білім беру сапасын арттырудың басты факторы болып табылады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев жыл сайын Қазақстан халқына Жолдауында Экономика мен қоғамның ілгерілеу қажеттілігіне сәйкес, бізге заманға сай білім беру жүйесі қажет, Біз барлық елдер бойынша әлемдік стандарт деңгейінде білім берудің сапалы қызметін ұсынуға қол жеткізуіміз қажет деп теңдестірілген білім беру жүйесінің маңыздылығын атап өтеді.
Даму Бағдарламасының басымдылық бағытына - білім мен тәрбиеге қол жеткізу мәселесі жатады. Білім берудің бүгінгі жүйесін құру тәрбие мен оқытуға деген дұрыс көзқарасты қалыптастыруды қажет етеді. Білім мен тәрбие өз деңгейінде берілмесе, болашаққа кері әсерін тигізері сөзсіз.
Орта білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндетін шешу - ғимараттардың авариялық жағдайын жою, оқу мекемелеріне күрделі жөндеу жүргізу және олардың аумақтарын көріктендіру, материалдық-техникалық базаларын нығайту, одан әрі компьютерлендіру жөніндегі шараларды қабылдауды талап етеді.
Кейінгі жылдары мектеп Қазақстанның мәдени мұрасы жобасын іске асыру шеңберінде пәндерді үш тілде оқыту арқылы көп тілділікті енгізу жөніндегі жұмысын жалғастыруда.
Мектеп қабырғасында ҰБТ-ның негізгі көрсеткіштері бойынша жыл сайын оң динамика байқалады, бұл білім сапасының жоғары деңгейін көрсетеді.
Білім беруді дамытудың стратегиялық жоспарында 2010 жылға дейін білім сапасымен қамтамасыз ету бағыттары анықталды, жоспарды іске асырудың әр кезеңінде сапаға қол жеткізудің нысаналы индикаторлары түрінде бағалау көрсеткіштері әзірленді. Білім беру жүйесін одан әрі дамыту перспективасы мынадай соңғы нәтижеге бағытталған - тұлғаны үйлесімді дамыту, жоғары кәсіби және құзырлы мамандарын қалыптастыру. Білім беру саласының және оқу-тәрбие үдерісінің әрбір деңгейіндегі сапа саясаты:
· Материалдық-техникалық базаны жетілдіру, педагог кадрлардың сапалық құрамын жақсарту, 12 жылдық білім беруге көшуді есепке ала отыра кәсіби шеберлік деңгейін арттыру үшін жағдай жасау;
· Сапалы білім беру, жеке шығармашылық тұлғаны қалыптастыру және әлеуметтендіру мақсатында балалық шақ ресурстарын тиімді пайдалану үшін жағдай жасау;
· Оқушылар мен оқушы жастардың бойында бастамашылық өз еркімен ұйымдастырушылық, өз-өзін үнемі жетілдіруге талпыну, азаматтық ұстанымдарды қалыптастыруда оқу-тәрбие үдерісінің білім беру мүмкіндіктерін іске асыру;
· Оқушылар мен мұғалімдердің құзырлығын АКТ арқылы қалыптастыру;
· Денсаулық сақтау жағдайының сапасын арттыру;
· Түрлі интеллектуалды және шығармашылық сайыстарда дарынды балалармен талантты жастарды анықтау, дамыту және әлеуметтік қолдаудың бірыңғай жүйесін құру үшін оңтайлы жағдай жасауды қамтамасыз етеді.
Жас дарын мектебі қаланың орталығында орналасқан. Мектеп жанында Бұхар жырау, Майра Шамсутдинова, Өлкетану мұражайлары, А.П.Чехов атындағы драма театры әрі С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана, Қалалық және облыстық әкімшілік ғимараттары, Ертіс дарыны ғылыми орталығы, Мәңгілік алау паркі, Ертіс өзенінің жағалауы бар. Аталмыш объектілер оқушының жеке дамуына зор үлес қосады.
Жас дарын қазақ мектебі 1999 жылы ашылды. Павлодар облысы әкімінің 2004 жылғы 31 желтоқсан № 32110 шешімі негізінде мектеп Дарынды балаларға арналған оқу мемлекеттік тілде жүргізілетін арнайы жалпы білім беру мектебі болып ашылды.
Мектептің заңды мекен-жайы: 140000, Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 125.
Бүгінгі күні мемлекеттік білім беруді ұйымдастыру Павлодар облысының білім беру басқармасының 25.12.2001 жылы, АА, № 0005475, мемлекеттік лицензиясы негізінде жалпы білім беру аясында білім беру лицензиясының Ережесіне сәйкес:
- 2008 жылы 1 желтоқсанда Павлодар облысының әділет басқармасы бекіткен білім беру жарғысы;
- куәлік, тіркеу нөмірі 7381-1945-ММ, 1999 ж., 5 қазан Қазақстан Республикасы заңдарының шеңберінде құрылтай құжаттарына сәйкес қызметті жүзеге асыруға құқығын береді;
- 2007 жылғы, 21 мамырдағы статистикалық карта, ҚҰЖК мемлекеттік классификаторы бойынша коды: 39034073;
- 13 ақпан 2007 жылғы салық төлеушінің нөмірі 451500006817 Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігі;
- 2007 жылғы 23 қаңтардағы, тіркеу нөмірі 1335 тұрақты жер пайдалану құқығын беретін акт;
- 2008 жылғы 27 ақпандағы 2008-2009 оқу жылына мектеп дайындығының тексеру актісі;
Оқу аптасы 6 күннен құрылған. Оқу қазақ тілінде жүргізіледі. Облыстық бюджет есебінен мектеп қаржыландырылады.
Мектеп құжаттары 2007 жылы, 23 қазанда № 502 ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығымен бекітілген мектепішілік құжаттарды жүргізу Ережесі талаптарына сәйкес жүргізіледі.
ҚР Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заңының орындалуы мектеп әкімшілігінің бақылауында. Мектеп қазақ тілінде білім беретін мекеме болғандықтан оқу-тәрбие жұмысы мен іс-қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Жоғарғы ұйымдарға есептер мен мәліметтер қазақ тілінде тапсырылады. Статистикалық есептер, қаржылық құжаттамалар тиісті мекемелердің жұмыс істеу тілі - ресми ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептанудың негізгі мәселелері
БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН БАСҚАРУҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР
Білім беру сапасын нәтижелік тұрғыдан басқару
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің қалыптасу ерекшеліктері
Білім беру процесін басқару сапасы
Білім беру экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде
Білім беру сапасын басқарудың теориялық негіздері
Мемлекеттік қызметтің теориялық негізі
Бухгалтерлік есептің стандарттарын қарастыру
Пәндер