Жоғары оқу орындарындағы оқу-жоспарлау құжаттары және оқыту процесі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоғары оқу орындарындағы оқу-жоспарлау құжаттары
Университетте оқыту процесі - тек оқу сабақтары ғана емес, ол өзара байланысқан аудиториялық сабақтар; студенттердің өзбетінше жұмыстары және олардың қоғамдық еңбек іс-әрекеттері бөліктерін құрайды.
Оқу жылы Жоғары оқу орындарында (ЖОО) мектептердегі сияқты тоқсандарға емес, жарты жылдық оку семестрлеріне болінеді. Сонымен қатар, студенттердің өз таңдаулары мен арнайы пәндер бойынша сабақтары да ұйымдастырылады. Аудиториялық сабақтар құрамында, мектептерде көп қолданыла бермейтін, лекция оқылады. Өзбетінше орындалатын жұмыстар мектеп оқушыларының үй тапсырмаларының жаңа формалары ретінде-курстық жұмыс және жобалар, онан әрі емтихан және дипломдық жұмыстарға жалғасады. Мұның бәрі студенттердің шығармашылық қабілеттерін шыңдау бағытында жүргізілетін іс-шаралар болып табылады. Сондықтанда ЖОО оқу процесі -- оқытушылар мен студенттердің шығармашьшық қарым-қатынасы болып табылады.
Оқу процесі қатаң жоспарлау негізінде ұйымдастырылады. Жоспарлау бірнеше деңгейде жүзеге асырылады. Мемлекеттік деңгейде жалпы міндетті білім беру стандарттары арқылы жүзеге асырылады. Оларда мамандық квалификацияның сипаттамасына байланысты меңгеруге қажетті білім, біліктілік және дағдылар назарға алынады.

Мысалы: 0313 шифрлы: "Кәсіби оқыту (профильмен)" мамандығы Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің 1996 жылғы 16 қантарындағы 11 бұйрығымен бекітілген.
Аталған мамандық бойынша кәсіби білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты -- кәсіби мамандықтың маңызы мен ерекшелігін жете түсінген, табиғи танымдық деңгейі ғылыми жүйеде негізделіп қалыптасқан, өндірістік-техникалық, экономикалық эрудициясы мен мәдениеті жоғары, кәсіби оқудың бір профилі бойынша мамандықты жетік игерген жеке тұлғаны даярлап шығару.
Оқудың қалыпты мерзімі:
өндірістен қол үзіп (кұндізгі оқу) -- 4 жыл;
өндірістен қол үзбей (сырттан және кешкі оқу) -- 5 жыл;
Квалификация -- инженер-педагог (арнаулы және техникалық пәндер оқытушысы). Квалификация аты жоғары оку орынының (ЖОО) таңадаған профилі бойынша анықталады.
Ескерту, Стандарт Рсспубликалық оқу-әдістемелік бірлестік (РОӘБ) Кеңесі 1496 жылы 21 қазанда мақұлдаған, Білім министрлігі 1995 жылдың 18 сәуірінде бекіткен 0313 -- "Кәсіби еңбекке баулу (профильмен)" мамандығы бойынша Мемлекеттік стаңдарт жобасының ескертулер мен ұсыныстарды сараптай отырып, толықтырылған варианты болып табылады.

I. Стандарттың міндеті:
Бұл құжат Қазақстан Республикасы жоғары білім жөніндегі мемлекеттік стандартының бір бөлігі болып табылады. Ол "Кәсіби оқыту (профильмен)" мамандығы бойынша негізгі жоғары білімнің мемлекеттік компонентік, гүлектердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды студенттердің оқу жуктемесінің максимал екенін, кәсіби білім беру бағдарламасы мазмұнының міндетті минимумын, окуға түсушілерге қойылатын жалпы талаптарды, негізгі жоғары білім алған адамдарды пайдалану сферасын белгілейді.
Стандартты орындамау жоғары оқу орынының корсетілген профиль бойынша мамандарды дайындау құқынан айырылуына әкеліп соғады.
ІІ. Окуға түсушілерге қойылатын жалпы талаптар
"Кәсіби оқыту (профильмен)" мамандығы бойынша кәсіби-педагогикалық дайындық мақсатында жоғары оқу орынына түсушілердің белгілі үлгідегі аттестат немесе дипломмен айғақталған толық орта, немесе орта арнаулы білімі болуы керек. Олардың өздері таңдап алған профилі бойынша кәсіби еңбекке қабілеттілігін көрсететін біліктілігі мен дағдысы немесе белгілі бір кәсіп бойынша бастапқы квалификациясы болуы тиіс.
Орта мектеп көлеміндегі білім конкурстық емтихандармен анықталып, ал жалпы еңбекке деген қабілет пен жұмыстардың орындалу технологиясын білуі - құрал-жабдықтарды пайдалана білу дағдысы мен біліктілігін көрсету, бұйымдардың элементтерін жасау арқылы шығармашылық конкурстық жолмен анықталады.
III. Бітіруші мамандардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
1. Бітірушінің білімділігі мен біліктілігіне қойылатын жалпы талаптар.
Бітіруші маман төмендегі талаптарға жауап береді: әлеуметтік-гуманитарлық, психология-педагогикалық ғылым салаларындағы негізгі ілімдерді біледі, әлеуметтік-мәнді проблемалар мен үрдістерді ғылыми қабілеттілікпен талдай алады, осы ғылымдардың әдістерін әр түрлі кәсіптік-педагогтік және әлеуметтік іс-тәжірибеде қолдана алады;
адамның адамға, қоғамға қоршаған ортаға қарым-қатынасын реттейтін этикалық және құқықтық нормаларын біледі, оларды шешу үшін өзі игерген ғылымдардың әдістерін қолдана алады; іскерлік экономикасы, маркетинг, менеджмент негіздерін біледі, оку-өндірістік жағдайларда іскерлік іс-әрекеттерді, ұйымдастыра алады;
білім беру саласын, мәдениетті ұрпақтан ұрпаққа жалғастырушы, айырықша гуманитарлық іс-әрекет саласы ретінде түсінеді;
білімін (дайындық профилінің пәндері бойынша) қажет ететіндерге бейімдеп жүйеге келтіре алады; басқа адамдарға жалпы техникалық және арнаулы пәндерді оқытуға, оларда дайындық профилі бойынша еңбек дағдысын қалыптастыруға және ағарту мен мәдениет жұмыстары кіретін гуманитарлық саладағы іс-әрекеттерге баулуға дайын болады;
өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра алады, кәсіби-педагогикалық салада қолданылатын ақпарды жинау, сақгау және өндеудің компьютерлік әдістерін игерген; жеке адамды кәсіби-еңбекке тарту процесінде негізгі түлға болуға дайын;
төмендегі жұмыстарға теориялық және практикалық тұрғыдан дайын: профиль бойынша қолданылатын техника мен технология, өндіріс негіздері, кәсіби-еңбекке баулудың теориялық негіздері бойынша іргелі білімді қажет ететін кәсіби іс-әрекет түрлеріне ездігінен бейімделу;
оқушыларды еңбекке баулу және кәсіпке дайындау жөніндегі пәнаралық жобаларды жасау; жаңа бағдарламаларды, оқыту технологиясы мен тәрбиелеу жүйелерін түзу; өзінің мәдени қажеттілігін өз бетінше білім алып және дамыту жолымен қанағаттандыру; халықгың қоғамдық-мәдени бөлігіне қажетті жоғары азаматтық және адамгершілік қасиеттері болады.

IV. Пәндер циклдары бойынша білім және біліктілікке қойылатын талаптар
1. Жалпы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер циклы бойынша қойылатын талаптар.
Бітіруші:
а) философия, психология, педагогика, тарих, мәдениет тану салаларында;
- дүниетаным мен тіршіліктіқ ғылыми, философиялық және діни бейнеленуі туралы; адам қызметі мен өмір сүру мені туралы түсінігінің болуы;
тәрбиелеу және білім беру барысында бала мен жасөспірімнің психикасының даму негіздері, жеке-іс хронологиялық ерекшеліктерін, адам қарым-қатынасына әлеуметтік-психологиялық әсер ету механизмін білуі;
кәсіби-оқыту процесінің психологиялық негіздерін жасап, оны ұйымдастыра білуі, жеке адамның касиеттерін анықтай отырып, оның өздігінен жетілуін басқара білу;
адамды мақсатты түрде қалыптастыруға бағытталған, кәзіргі уақыттағы іс-әрекетті жүйелі ұйымдастыру негіздерін, қазіргі уақыттағы білім, соның ішінде әр түрлі бағыттардағы сцбекке баулу және кәсіби білім беру мазмұнының даму барысын, оқыту және тәрбиелеу әдістері мен формаларын, білім беру бағдарламаларын іске асыру технологиясын, жалпы тәрбиелеу мен білім берудің, соның ішінде қазақ халқының тәрбиелеу мен білім берудегі психология-педагогикалық дөстүрлерінің даму тарихын білу;
қазақ халқы мен оның қоғамдық формацияларының тарихын білуі, бүкіл адамзат және көрші мемлекет халықтарының, Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің тарихынан хабардар болуы;
адамды шығармашылыққа бастайтын белсенді түлға болып қалыптасуына әсер ететін қоғамдық-тарихи процестердің мазмұны мен адамзат тарихында құралған жалпы рухани байлық жайынан хабары боулы керек.

ә) Социология, экономика, саясаттану және құқық саласында:
- қоғам дамуы мен өмір сүруінің зандылықгарын білуі, қоғамдағы саяси жағдайларды, күрделі әлеуметтік-экономикалық және ұлттық дағдарыстарды болжап, оларды алдын ала білуі;
- қазіргі уақыттағы республикадағы және басқа слдердегі экономикалық талдау негіздерін, қоғамның олеуметтік дамуының негізгі тенденцияларын білуі және осы білім негізінде болжам жасап, экономика және коммерция саласында шешім қабылдай алуы, экономикалық ойлау мәдениеті және үкімет жүргізіп отырған экономикалық реформаның негізгі принциптері туралы түсінігі болуы;
- қоғамның саяси жүйесін, бұл мемлекеттік жүйедегі партиялар мен қоғамдық ұйымдардың рөлі мен ара қатынасын, саяси биліктің мазмұнын, мемлекеттік саясатты жасау және өмірге ендіру әдістерін білуі;
- әртүрлі әлеуметтік топтар мсн саяси ұйымдардың қоғамдық өмірдегі, жастардың мәдениетін дамытудағы, қоғамдық-саяси қатынастарды реттеудегі араласу сипатын білуі жеке түлғаның орыны, демократия мәселелері туралы, мемлекеттің сыртқы саясат, оның әртүрлі халықаралық қозғалыстар мен бірлестіктердегі, халықаралық қатынастар туралы хабары болуы керек;
- мемлекет бекіткен зақдардағы адамдардың жүріп-түру ережелері мен нормалар жиынтығын білуі және құқықтық үгіт, оқушыларды занды, құқық нормаларын кастерлеу рухында тәрбиелей білу, бейқоғамдық әрекеттер мен қоғамдық тәртіпті бұзуға қарсы өзіндік позиция қалыптастыру жайында түсінігі болуы тиіс.
б) Дене тербиесі саласында:
денсаулықгы нығайту және ұзақ бойы шығармашылық белсенділікті сақгай білу өдістемесін, ережелерін білуі, оқушылардың дене төрбиесінің дұрыс жүргізілуі туралы хабары болуы тиіс.
в) Филология саласында:
Казақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілін және ресми тілі-орыс тілін еркін меңгеру;
өз жұмысында кәсіби лексиканы білуі және орнымен қолдана білуі тиіс;
- шет тілдерінің бірінде лексикалық минимумды меңгеруі керек;
- шет тілінде диалог сипатта әңгімелесе білуі тиіс;

V. Жаратылыстану-ғылыми, және жалпы-кәсіби пәндер циклы бойынша бітірушігс қойылатын талаптар
Бітіруші:
а) Жоғары математика және физика саласында:
классикалық математикалық талдау негіздерін жеткілікті дәрежеде білуі;
нақты іс-әрекетте математикалық әдістерді қолдана білуі тиіс;
- физикалық процестердің сипатын, табиғаттағы құбылыстарды көрсететін білімінің квинтэссенциясын құрайтын физика бөлімдерінің іргелі теориялық заңдылықтарын білуі: осы заңдылықтарды іс жүзінде және арнаулы жалпы техникалық пәндерді зерделеу кезінде қолдану туралы түсінігі болуы;
ә) экология, жас әрекшелік физиологиясы және мектеп, өндірістік гигиенасы, еңбекті қорғаудың құқықтық мәселелері саласында:
- өсімдік және жануарлар дүниесінің бір-бірімен, қоршаған ортамен өзара қатынас заңдылықтарын білуі; табиғатты қастерлей білу, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу мақсатында оқушылардың санасы мен іс-әрекетіне жоспарлы түрде әсер ете білуі тиіс;
балалар мен жасөспірімдердің анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктерін, олардың тамақтануы, және зат алмасу ерекшеліктерін, сыртқы ортамен қарым-қатынасын білуі тиіс;
денсаулықты сақтау және нығайту шаралары мен шешімдерін, балалар мен жасөспірімдердің жұмыс-қабілеттілігін арттыру, оқушылардың еңбек түрлерін ұйымдастыру және өткізу мүмкіндіктерін білуі тиіс;
оку және еңбек барысында кездесетін қауып-қатерді алдын ала болжай білуі, құқықтық қорғаудың теориялық және практикалық мәселелерін, сондай-ақ оқу мен еңбек етуге қатерсіз жағдай туғынуға, денсаулықты сақтауға бағытталған құқықтық, ұйымдастыру, техникалық және санитарлық-гигиеналық сипаттағы іс-шаралар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның Болон процесіне қосылуы
Жоғары оқу орындарындағы оқу-жоспарлау құжаттары
Қазіргі білім берудегі интеграциялық процестер
Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау
ЖОО-да оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік негіздері
БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІ
Жоғарғы мектеп
Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру
Пәндер