Білім беру сапасын басқару мәселелері жайында



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Әлемдік өркениеттің қарыштап алға дамуы білім беру саласының барлық деңгейіне әсер етіп, балаға тәрбиесінің жаңа саласы педагогикалық инноватиканы дүниеге әкелді. Педагогика ғылымының бұл бағыты ғылым жетістіктерін мектеп практикасына ендіру барысында білім беру процесін тұтастай ғылыми негіздеуді, оқу-тәрбие жұмыстарының барлық буындарын технологияландыруды қажет етеді. Яғни, нәтижесі белгісіз, маңызы шамалы, дұрыс таңдап алыбаған (қазіргі кезде шектен тыс көбейіп бара жатқан) "науқандық жаңалықтарға" тоқтау салуға ықпал етеді. Бұл оқыту барысында ұстаз шығармашылығын шектемегенмен, кездейсоқ қателіктерден сақтануға мүмкіндік береді.
Білім беру сапасын басқару мәселелері
Білім беру сапасын басқару - қазіргі педагогикалық теория, практика талаптарына сай, келетін, жеке тұлға, қоғам мен мемлекеттің білімге деген қажетін қанағаттандыра алатын білім берудің маңызды белгілерінің жиынтығы
Білім беру сапасын басқару мектеп басшысының басқару қызметіндегі басым бағыты болып табылады. Білім беру сапасын басқару мына бағыттарды қамтиды:
1.Жалпы білім беру сапасы.
2.Білім беру процесін басқару сапасы.
3.Білім процесін іске асыру сапасы.
4.Білім беру процесі нәтижесінің сапасы.
5.Жалпы білім берудің функционалды сапасы.
Жалпы білім беру сапасы: 1)білім процесінің негізгі шарттарының сапасы; 2)ғылыми - әдістемелік жұмыстарының сапасы; 3)материалдық - қаржылық қамтылу сапасы және 4)мектепке дейінгі білім сапасы деген бірнеше бөліктен тұрады.
Білім беру процесін басқару сапасына кадрлық қамтылу сапасы, оқушылардың психосоматикалық денсаулығының сапасы және педагогикалық еңбекті ынталандыру сапасы жатады.
Білім процесін іске асыру сапасына мыналар енеді: 1.Білім мазмұны сапасы; 2.Оқыту сапасы; 3.Оқу сапасы.
Білім беру процесі нәтижесінің сапасы төмендегі бағыттарда анықталады: 1)Оқыту деңгейі; 2)Денсаулық сапасы; 3)Креативтілік сапасы; 4)Тәрбиелілік деңгейі; 5)Тұлғаның дамуы деңгейі; 6)Басты құзырлылықтың қалыптасу сапасы.
Жалпы білім берудің функционалды сапасы:
1.Білім берудің оқушының білім қажетіне сай келуі;
2.Білім берудің қоғамдық институттар қажетіне сай келуі;
3.Білім берудің ата-аналарының сұранысына сай келуі;
4.Білім берудің аймақтық еңбек нарығына сәйкес келуі;
5.Білім берудің кәсіптік білім беру талабына сай келуі.

Білім беру сапасын нәтижелік тұрғыдан басқару
Қазіргі білім беру жүйесінің дамуы оның әр түрлі буындарын басқарудың тиімділігімен анықталады. Жаңарған мектеп алдындағы негізгі міндет басқару жүйесін түсіну мен оны нәтижелік тұрғысынан басқарудан тұрады.
Мектепішілік басқару жүйесінің түпкі нәтижеге бағытталуы оны ақпараттық қамтамасыз етуге, педагогикалық талдауға, жоспарлау мен бақылауға жаңаша көзқарасты қажет етеді.
Қазіргі мектепішілік менеджментте бірінші орында күн санап күрделеніп бара жатқан мәселелердің шешімін табуға және оған жауапты болуға тиісті адам факторы тұр.
Бұл жағдайда тәжірибе иен интуиция қабылданған шешімнің оңтайлылығын қамтамасыз ете алмайды.
Қазіргі таңда білім беру мекемелерінде процеске бағытталған дәстүрлі басқарудан нәтижеге бағытталған басқаруға көшу жүріп жатыр. Өйткені, мектептегі білім беру сапасының негізгі көрсеткіштеріне ҰБТ қорытындылары алынуда.
Дәстүрлі басқарудан нәтижелік басқарудың айырмасы неде?
Дәстүрлі басқаруда шаруашылық басшы іс-шаралардың маңызын көрсете отырып, қызметтік міндет бөлінісін жасайды, ұзақ мерзімді жоспар жасай отырып, жоспардың орындалу барысы туралы кезеңдік есеп береді.
Нәтижелік басқаруда менеджер басшы нәтиженің алатын орнын көрсете отырып, нәтижелік міндет бөлінісін жасайды, стратегиялық жоспар жасай отырып, нәтиженің анықталу барысы бойынша нәтижелік есеп береді.
Дәстүрлі басқаруда даму қалыпты емес және біржақты жүреді, іске атүсті қарау басым, шаралар науқандық сипатта кемшіліктерді жоюға бағытталған болады.
Нәтижелік басқаруда даму жүйелі және кешенді бағытта жүреді, мақсатты іс-әрекеттер қиындықтың алдын алуға бағытталады.
Дәстүрлі басқаруда нәтиже нақты көрсетілмейді, мектепішілік бақылау жұмысы соңғы нәтижеге ғана бағытталған, іс-шараны талдау жалпылама және жауаптыны жазалау үшін жүргізіледі.
Нәтижелік басқаруда нәтиже деңгейлеп көрсетіледі, педагогикалық мониторинг негізінде аралық нәтижелермен де жұмыс жасалады, үрдіс себеп-салдарлық тұрғыдан талданып, олқылық пен қателіктен сабақ алуға бағытталады.
Нәтижелік басқару екі өзара байланысты процестен тұрады: жүзеге асыру және талдау. Нәтижелік басқаруды жүзеге асыру жағдай жасаудан басталып, білім беру процесін ұйымдастыру арқылы нәтижеге алып келсе, нәтижелік талдау керісінше алынған нәтижені талдаудан басталып, білім беру процесін талдау арқылы жасалған жағдайларды талдауға барып тіреледі: Жағдай - Процесс - Нәтиже.
Нәтижеге бағдарланған талдау кезеңдері төмендегіше болады:
1-кезең - күтілетін нәтижені анықтау
Үлгерім, ҰБТ, жарыстар мен сайыстар, денсаулық пен тәрбие бойынша жету керек нәтижелерды кесте түрінде сандық негізде жазу;
2-кезең - осы көрсеткіштер бойынша мектеп жұмысының нәтижесін бақылау
Осы салалар бойынша мектептің қазіргі көрсеткіштерінің нақты деңгейін айқындап ашып көрсетуге болатын деңгейде анықтау;
3-кезең - екі нәтижені салыстыру, ауытқуды анықтау
Мектептің қазіргі көрсеткіштерінің бұл нәтижелерге қаншалықты жетпей жатқандығын салыстырмалы кесте түрінде беру;
4-кезең - осы ауытқуға әсер еткен оқу-тәрбие үрдісінің кемшіліктерін анықтау
Пәндерді тереңдетіп оқыту, жаңа пәндер енгізу және оқыту әдістемесін (технологиясын) жетілдіру, сыныптан тыс шаралардың ықпалы арттыру, жаңа тәрбиелік салаларды іске қосу бойынша іс-әрекетте кетіп жатқан кемшіліктерді анықтау;
5-кезең - оқу-тәрбие үрдісі кемшіліктері мен нәтижесіне еткен жағдайлар
Кадрмен қамтамасыз ету, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қаржыландыру, ынталандыруды жүзеге асыру бойынша өз күшімен түзетуге болатын және арнайы көмек керек болатын кемшіліктерді бөліп жазу;
6-кезең - осыдан нақты себептері көрсетілген маңызды проблемаларды белгілеу
Дарынды немесе жай баламен жұмысқа қажетті кадрлар іздеу, мектептегі бар мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, қажетті бағдарламалар мен оқулықтар (жай немесе электронды) алу не жасау, оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз ету, технологияландыру мен ақпараттандыру бойынша мәселелерді ашып көрсету, оларды топтау, реттеу.
Жағдайды талдау мына мәселелерді қамтиды: 1.Сапалы кадрдың болуы, 2.Оқушыларға психологиялық диагностика жасалуы. 3.Мектептің қазіргі талапқа сай болуы.
Ал процесске мыналар жатады: 1.Ата-ана, балабақша арасындағы байланыс. 2.Әдістемелік жұмыстардың, жүзеге асуы, озық тәжрибенің таратылуы. 3.Мектеп ұжымындағы психологиялық ахуал.
Нәтиже де үш бағыттан тұрады: 1.Тәрбие деңгейі. 2.Оқу денгейі. 3.Бәсекеге қабілетті, толерантты тұлға.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі
Жоспар:
1. Білім беру жүйесіне анықтама. Еліміздегі халыққа білім беру жүйесінің тарихы. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы.
2. Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері.
3. Орта білім беру жүйесі. Мектептің жаңа түрлері, гимназия, лицей.
4. Кәсіптік білім беру жүйесі. Кәсіптік мектеп, лицей, колледждер, институт, университет, академиялар.
1. Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болып, даму тарихы да өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады. Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдық ерте дәуірінде-ақ (ҮІІ-ҮІП ғ.ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны тарихтан белгілі.
Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б. қалаларында көптеген медреселер болған, олардың жалпы саны 84-ке жеткен. Ауылдық жерлерде мектепте молдалар (татар, башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналған. Балалар қыс, күз айларында оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға 7 жастан бастап қабылдаған, жыл аяғында емтихан тапсыру мектеп бітіргені үшін балаға ресми куәлік тапсыру тәртібі сақталмаған. Медреселер мұсылмандық рәсімдерін таратушы оқу орны болып қана қоймай, ірі мәдениет орталығы ретінде де қызмет атқарған. Бұл оқу орындарында заңтану, тарих, логика, философия, математика, астрономия, медицина, т.б. пәндер енгізілген. Медреселердің жанында салиқалы кітапханалар болған.
Патша үкіметінің 150 жылға созылған отарлау саясаты халқымыздық егемендік жолындағы ғасырлар бойғы күресіне зор нұқсан келтіргенімен, Батыс пен Шығыстың рухани өмірдегі қарым-қатынасына жол ашты. Мысалы, Змеиногорскіде (Шығыс Қазақстан) қорғасын-мырыш кен орнында 1761 жылы тау-кен жұмысшыларының балаларына арнап мектеп ашты, 1786 жылы Омбы қаласында "Азиялықтар мектебі" ірге көтерді. Осындай мектеп 1789 жылы Орынбор қаласында да ашылды.
Қазақ феодалдарының (сұлтан, би, бай, старшин) балаларына Неплюев кадет корпусына (1825), Омбы кадет корпусына (1848) түсіп оқуына рұқсат етілді. Алғашқы қазақ мектебі Бөкей хан ордасында (1841), 1850 жылы Орынбордағы шекара комиссиясының жанынан ашылған болатын.
Ресей Халық ағарту министрлігі 1870 жылы бұратана халықтарға білім беру шаралары туралы арнаулы заң қабылдады. Осы заң бойынша шет аймақтағыларды орыстандыруды көздеген миссионерлік педагогика жүйесі енгізілді. Мәскеуде құрылған арнайы миссионерлік қоғамның негізгі принциптерінде былай делінген: мусылман елдерін ыдырату, арасына от жағу, яғни, пантүркішілдік пен панисламдыққа қарсы күресу; бұратана халықтарды провославие дініне көшіріп, шоғындыру, халықты ата-баба тарихынан, ұлттық мәдениетінен қол үздіру, орыс алфавитін енгізу; мұсылмандық мектептер мен медреселерді біртіндеп жою, олардың орнына орыс-түзем, орыс-қазақ мектептерін ашу, кейін бұлардың бәрін таза орыс тіліне көшіру, шет аймақтардағы отаршылдық саясатты жүзеге асыру үшін миссионер ғалымдар, оқытушылар кадрларын көптеп даярлау. Омскідегі "Азия мектебі", Орынборда Неплюев кадет корпусы, Омскідегі кадет корпустары құжатта көрсетілген шаралардың жүзеге асуының нақты көрінісі болатын.
Қазақ қоғамындағы білім беру ісі "қазақтың тұңғыш ұстазы" ретінде танылған Ы.Алтынсарин есімімен тығыз байланысты. Қазақ даласында Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен идеялары бүгінде педагогика саласының ғылыми-зерттеу жұмысына айналды. Оның ағартушылық қызметі қазақ халқының рухани-саяси отарлау саясатының қысымшылығы қысып түрпиі кезеңге тұспа-тұс келді. Бұл саясатты тоқтатуға ағартушылардың жергілікті саяси күші болмады. Тек ұлттық білім беру жүйесін заман талабына сай, миссионерлік ағарту-оқу ісінің негізгі заңдылықтарын қабылдай отырып, Қазақстанда халық ағарту ісі жаңа жолға түсті.
XIX ғасырдық аяқ кезінде "қазақ мектептері қандай болу керек" деген мәселе күн тәртібіне қойыла бастады. Осы жөнінде бір-біріне қарама-қарсы екі көзқарас пайда болды.
Бірі - бұратана халықты шала сауатты қалдырып, төл мәдениетінен қол үздіріп, бірте-бірте орыстандыру саясатын көздейтін миссионерлер (Н.И.Ильминский, т.б.), ал екіншісі - орыс халқының прогрессивті озық мәдениет үлгілерін игеру арқылы "Өз елін өркениетті елдердің деңгейіне көтеру қажет"- дейтін қазақ ағартушылары (Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев) еді. Оқытудық жәдид (төте оқу) деп аталатын ағымы отар-шылдық орыстандыру саясатына қарсы түркі тектес үлттардың өзін-өзі сақтап қалу жолындағы қажырлы күресінен туған еді. Отаршылдар оның өрісін тарылтып бақты. Патша үкіметі ұлт мектептеріндегі екі ағымды (хадим-ескі діни араб оқуы, ал жәдид-жаңа араб әрпімен дүние үй білім беру) бір-біріне қарама-қарсы айдап салу арқылы ұлттың сана-сезімнің оянуын тежеуді көздеді. Осының нәтижесінде хадим ағымының өкілдері жәдидшілерді, "қүдайға күпірлік жасады" деп айыптап, олардың үстінен патша әкімшілігіне арыз жазуға дейін барды. Жәдид ағымына белсене қарсы шыққандардық бірі - Н.И.Ильминский. Жәдид ағымы мектеп, медресеге байланысты мына мәселелерді көтерді: біркелкі оқу жоспары мен бағдарлама жасау арқылы мұсылман мектептерін бір ізге түсіру, оқу жоспарына арифметика, жағырапия, жаратылыстану, тарих, т.б. пәндерді енгізу арқылы қазіргі заман талабына сай шәкірттерге орта білім беруді қамтамасыз ету, сауатсыз, фанатик молдаларды тиісті білімі бар молдалармен алмастыру, дыбыстық оқыту әдісін енгізу, мектеп пен медресе бітіргендерге емтихан тапсыртып, оқушыларға тиісті құжаттар тапсыру, әскери міндетін атқаруды жеңілдету, мұсылман мектептерін бақылауды жұрт сайлаған құрметті азаматқа тапсырып, оны өлкенің ресми қамқоршысына бағынышты ету, т.б. Осы мектептердің материалдық жағына көмектесу, оқу құралдарымен қамтамасыз ету, мұғалімдерге тұрақты жалақы төлеу мәселесі де назардан тыс қалмады.
Жәдид ағымының көшбасшысы белгілі турколог-лингвист А.Байтұрсынов болды. Жәдидшілер бастауыш мектеп мәселесіне айрықша мән берді, осыған орай бірнеше оқу құралдарын жарыққа шығарды.
Жәдид ағымы мектеп бітірушілердің медреселерде немесе жоғары оқу орындарында білімін әрмен қарай жалғастыру, олардың өз ықтиярымен мамандық таңдап алу мүмкіндігіне жол ашты, жұрттың бұл мектепке деген ынта-ықыласы тез өріс алуына жағдай туғызды.
Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін халықты қажытқан жиһангерлік және азамат соғысының қиян-кескі, зобалаң зардаптарына қарамастан, өлкедегі мектеп саны едәуір өсе түсті. Сол кездегі ағарту саясатындағы басты мәселенің бірі - жаңадан ашылып жатқан ауыл мектептерін мұғалім кадрларымен қамтамасыз ету жайы еді. Бұл міндет үш түрлі жолмен жүзеге асты:
Біріншісі, бұрынғы патшалы Ресейдің мұғалім-кадрларын мектепке тарту, екіншісі жолы - білімге құштар сауатты жастарды қысқа мерзімді курстардан өткізу, үшіншісі, арнайы педагогикалық оқу орындарын көптеп ашу арқылы мұғалім даярлау.
1920 жылы қазанда Қазақ АССР-ының Оқу халық комиссариаты құрылды. Оның төрағасы болып А.Байтұрсынов тағайындалды. 1920 жылы 18 ақпанда Бүкіл Қазақстандық оқу-ағарту конференциясы шақырылды. Онда балаларды қорғау, бірыңғай мектеп жүйесін құру, кәсіптік-техникалық білім беру, саяси тәрбие жұмысы, т.б. оқу-тәрбие жұмысына байланысты мәселелер қаралды.
1922-23 оқу жылдары Академиялық орталық ұлт мектептері төл оқулықпен, бағдарламамен қамтамасыз етуде біраз шараларды іске асырды, төл тілімізде 14 оқулық шығарылды. Олардың ішінде "Физика", "Грамматика", "Алгебра", "Мектеп гигиенасы", т.б. бар.
Бұл оқулықтарды жазуға қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы топ өкілдері: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Асфендияров, Т.Жомартбаев, Қ.Сәтбаев, Ә.Ермеков, Т.Жолдыбаев, т.б. қатысты.
Республикада жоғары білімді кадр даярлауда Алматы қаласында тұңғыш ашылған Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институты үлкен рөл атқарды. 1929 жылы араб алфавитінен латын графикасына көшті. 1940 жылы латын алфавитінен орыс жазуына көшу ісі өркениет жолындағы тағы бір үлкен соққы болды. Оқу-ағарту саласындағы осындай үлкен бұрмалаулар ұлт мәдениетінің дамуына кері әсерін тигізді.
Неміс-фашист басқыншылары шабуылына байланысты көпшілік ер мұғалімдер майданға, Отанды жаудан қорғауға аттанды, оқушылар болса колхоз, совхоз шаруашылығына көмектесіп, майдан қажетін өтеуге ат салысты, 15-16 жастағылар ФЗО мектептеріне түсіп, қысқа мерзімді курстардан өтіп, фабрика, зауыт, шахталарда ер-азаматтардың орнын басты.
Өндіріске барушылар көбейе түсті, осыған орай жұмысшы шаруа жастарының кешкі мектептері көбейді.
1945-60 жылдары мектептер мен онда оқитындар саны күрт өсе бастады. 1950-60-шы жылдары тың игеруге байланысты мектептердің саны күрт өскенімен, қазақ мектептері көбірек жабылып, оның орнына орыс-қазақ және орыс мектептері көбірек ашылды. 1980-90 жылдары елімізде жаппай халыққа орта білім беру саласында біраз жұмыс жүргізілді. Соның бірі -мектепке 6 жастан бастап қабылдау.
Еліміз егемендік алғаннан кейін білім негіздерін демократиялық, интеграциялық принциптерге орайлас әр баланың жеке-дара ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқытып, тәрбиелеу талап етілді. Осы жайттар ұлт мектептерінің жаңа бағдарламаларынан елеулі орын алды. Арнаулы білім салаларына икемі бар балаларға арналған лицей, гимназия, колледж, медреселер сияқты мектептің жаңа түрлері ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. Осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік саясат принциптері айқындалады.
2. Білім беру ісінің мәні, міндеттері және принциптері. Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту -- қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі.
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:
:: жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
:: азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
:: Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
:: жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;
:: қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.
Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордық да әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларды тиісті дайындқпен мектепте оқуға дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасын және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден, ата-аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етед і. Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:
1) Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі:
2) Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық фиииологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі тұрғындарының білімге қол жеткізуі;
3) білім берудің зайырлы сипаты;
4) жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту;
5) білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқу мен тәрбиенің бірлігі;
6) білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы;
7) білім беруді басқарудық демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту;
8) білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты;
9) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы;
10) оқушыларды кәсіптік бағдарлау;
11) білім беру жүйесін ақпараттандыру;
Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардық (бірлестіктердің) ұйымдық құғылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді.
Білім беру ісін басқару мемлекеттік-қоғамдық сипатта болады. Республикада Білім және ғылым министрлігі оның төменгі атқарушы органдары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырады.
Білім беру жүйесінің құрылымы. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы негізінде білім беру жүйесінің құрылымы екіге бөлінеді: жалпы білім беру және кәсіптік білім беру. (Қосымшаны қараңыз).
Кәсіптік білім берудің әрбір сатысындағы білім беру мазмұны тиісті кәсіптік бағдарламамен белгіленеді.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту
Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады. 5 (6) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады.
3. Орта білім беру Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудық 2010 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде жалпы орта білім үш сатылы: бастауыш (1-5 сынып-тар), негізгі (6-10 сыныптар) және жоғары (11-12 сыныптар) жалпы орта білім беретін оқу орнында кезең-кезеңмен алынады.
Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты адамгершілігі, әр жақты дамыған өзінің және қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, халық мәдениетін жетілдіру ісінде өз ұлты мен жалпы адамзат қазынасын тиімді пайдаланатын адамды тәрбиелейді. ҚР азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріліп, орта білім алу міндеттеледі. Жалпы орта білім - үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей. Жалпы орта білім 3 сатылы: бастауыш (1-5 сыныптар) негізгі(6-10 сыныптар) және жоғары (10-12 сыныптар). Жалпы білімнің нұсқалығына, білім берудің ауқымды инфрақұрылымын қалыптастыруға, жалпы орта білім беретін ұйымдардық әр алуан түрлері мен үлгілерін дамытуға жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей және басқаларды құру арқылы қол жеткіземіз.
Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған "Білім туралы" Зақында тұңғыш рет гимназия мен лицейге түсінік беріліп,оның мәртебесі, құқықтық негізі айқындалды.
Гимназия - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны.
Лицей - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны.
Лицейлердің ең басты ерекшелігі - ақыл-ой (интеллектуалдық) қабілеттері жоғары жастарды топтап оқытып, оларды жоғары оқу орындарына даярлайтын бірыңғай элитарлық мектеп болуында. Лицейге жастарды қабылдау ең алдымен олардың табиғи мүмкіндіктерін, интеллектуалдық ерекшеліктерін айқындау негізінде жүргізіледі, кейін де бала дамуын қадағалай отырып, бірнеше іріктеу сатыларынан өткізеді. Ал оны аяқтаған жастар жоғары оқу орнында білім алу құқығына ие болады. Бұл оқу орындарының басты принципі баланы дәл болашақ мамандығына сәйкес қабілетіне қарай іріктеу және сол мамандықты жоғары деңгейде меңгеруіне көмектесетіндей бірнеше жыл бойы арнайы дайындықтан өткізу болып табылады."Мирас" халықаралық мектебінің білім беру қызметінде Қазақстан Республикасының орта білім беру саласындағы ұлттық стандарт пен халықаралық бакалавриат бағдарламасының талаптары орынды үйлесім тапқан. Көптеген пәндер ағылшын тілінде оқытылады.
"Арман" оқыту-тәрбиелеу кешені 1997 жылы ашылды. Оның оқыту-тәрбиелеу тұжырымы негізінде "Оқу дегеніміз - әлемді ашу" тезисі жатыр. Педагогикалық кешеннің мақсаты: өзіндік жіне шығармашылық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, өзін-өзі іске асыра алатын тұлғаны тәрбиелеу. "Болашақ" арнаулы орта мектебінде оқушылар екінші шетел тілі ретінде 3-сыныптан бастап (ағылшыннан басқа) қытай және араб тілдерін оқиды. "Болашақ" - оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жеке меншік мектептердің бірі. Оқытудық негізгі бағыттары - информатика және экономика. Сонымен бірге мектеп оқушыларға барлық пәндер бойынша жоғары деңгейлі жалпы білім беруге бағытталған. Оқу үрдісінде электронды оқулықтар қолданылады. "Болашақ" мектебінің түлектері орта білімі туралы аттестатпен бірге экономикалық білім алғаны туралы сертификат алады.
"Дәулет" мектебінде ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға байланысты бірнеше бастамалар бар, олар - " Лингвоелтану" оқулығы бойынша қазақ және ағылшын халықтарының тарихын, мәдениетін, білім беру құндылықтарын, рухани мұраларын зерттеу және олардың ерекшеліктерін мәдениеттанымдық тұрғыдан салыстыру. Оқушылардың ағылшын тілі грамматикасын меңгеруі мен тіл дамытуы компьютерлік бағдарлама бойынша беріліп, тексеріледі.
"Ақ жол" - оқу-әдістемелік орталық. Мақсаты - білім және тәрбие беру үрдісінде балалардың дүниеге өзіндік жеке көзқарасын қалыптастыру, шығармашылық ойлау қабілетін, логикасын, коммуникативтік қасиеттерін дамыту. Қосымша білім беруде театр, хореография, қазіргі би, ырғақты гимнастика, сурет-кескіндеме өнері, бағдарламалау, психология пәндері және дене тәрбиесі қамтылған.
"Келешек" - республикалық физика-математикалық дарынды балаларға арналған мектеп. Негізгі пәндер: физика, математика, информатика, ағылшын және қазақ тілдері. "Стандартты емес олимпиадалық есептерді шешу" және "Бағдарламалау негіздері" арнайы курстары бар.
Орал қаласындағы "Талап" акционерлік қоғамы жанындағы бірінші мектеп-гимназия 1995 жылы құрылды. Гимназия жұмыс істейтін ата-аналарға ыңғайлы, балаларға барлық жағдай жасалған. Әрбір сыныпта 5-8 оқушыдан білім алады. Бастауыш сынып оқушылары үшін ұзартылған күн топтары ұйымдастырылған.
4. Кәсіптік бастауыш білім беру
Кәсіптік мектепте оқу мерзімі - 2-3 жыл, кәсіптік лицейде -3 жыл, ерекше күрделі кәсіптер бойынша, сондай-ақ бірегей жабдықтарға қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар үшін - 4 жылға дейін болады.
Кәсіптік бастауыш білім, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде негізгі жалпы білім беру базасында алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті еңбек қызметкерлерін (жұмысшы, қызметкерлерді) даярлауға бағытталған.
Кәсіптік орта білім беру
Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған. Колледжде, училищеде оқу мерзімі - 3-4 жыл. Ұқсас мамандықтар бойынша жалпы орта және кәсіптік бастауыш білімі бар азаматтардың қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша кәсіптік орта білім алуына болады.
Кәсіптік орта білім колледждерде, негізгі жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған.
Кәсіптік жоғары білім беру
Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде, институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім
Республика азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда оқып, ғылым кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен профессор атақтарын алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша білім беру
Жұмысшылар мен мамандардық басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау арнаулы білім асыру мекемелерінде, кәсіпорындарында, ғылым мен оқу орталықтарында ұйымдастырылады.
Қосымша білім беру үшін денешынықтыру - сауықтыру, техникалық, мәдениеттану, тіл және басқа бағыттағы мекемелер жүйесі құрылады. Оларды Білім министрлігі және жергілікті өкімет басқару органдары бекітеді.
Сонымен, білім мен тәрбие беру - бұл республика азаматтарының құзыретін және адамгершілік, ақыл-ой, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз педагогикалық процесс. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық дәстүр салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Республикада "Білім туралы" Заңды жүзеге асырудық маңызды жолының бірі - болашақ мұғалімдерді мектепте халықтық педагогика негізінде жүргізілетін тәлім-тәрбие ісіне даярлау. Бұл бағыттағы басты мақсат - оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады.

Әдебиеттер:
1 . Білім туралы. - Об образовании: Қазақстан Республикасының Заңы. - Алматы: Литера, 2000. - 96 б.
2. Г.Қ. Нұрғалиева, С.Мусин. Салыстырмалы педагогика. -Алматы: Ғылым, 1999.
3. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. - Алматы: Сана, 1995.
4. Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев. - Астана, 1998.
5. Е.Сағындықұлы. Педагогика. - Алматы, 1999.

Білім берудегі сапа менеджменті- басқарудың инновациялық негізі
25.03.2011 Просмотров: 2065 Комментариев: 1

Жаңа ғасыр - ерекше кезең. Бұл кезеңде ғасырлар бойы жинақталған іс-тәжірибемізге, бай мұраларымызға талдау жасалып, жіктеліп, ойларымыз қорытылып нәтижесінде белгілі бір жүйеге келу - өмір талабы. Білім беруді басқару - ұлттық сананы қалыптастыру мен дамытудың мәдени-этностық тілдік мүдделерді қанағаттандырудың, мемлекетіміздің стратегиялық дамуындағы негізгі мәселелердің бірі - жаңа білім кеңістігін құрудың бірден-бір құралы.
Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Ертеңгі тәуелсіз мемлекетімізге ие болып, тізгінін ұстар мамандарды - бәсекеге қабілетті кәсіби білікті маман ретінде ғана емес, кәсіби құзырлы маман ретінде дайындау негізгі міндетіміз.
Білім беру сапасы - қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай - ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру ұйымдарындағы жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштерінің жиынтығын, яғни білім беру мазмұнын, оқыту формасы мен әдістерін, материалдық -техникалық базалары, т.б. бойынша анықталады .
Адам баласы тек білім арқылы ғана дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, оған тағылым алады және болашағын болжап, келешекке бағыт белгілейді . Бұлақ көрсең көзін аш -деп дана халқымыз айтқандай осы жастардың көзін ашып, білімін, өмірге көз қарасын дамытып, өмірде өз орнын табуға қатысатын адамдардың бірі - Ұстаз. Осы ғажап жанды адамдардың басын қосып, балаға білім беру, одан парасатты, білімді адам шығаруды тілейтін адамдардың арманын жүзеге асыруға көмектесетін - білім ордалары. Соның бірде-бірегейі жер жаннаты Жетісу өңіріндегі байырғы оқу орындарының бірі - Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі.
Педагогикалық менеджмент жүйесі бас-қару мен бақылаудың, дамытудың инновациялық үрдісі. Оның негізгі бағыттары өндірісті әлеуметтік, саяси және рухани процестерді басқарудың жалпы ұстанымдарын, әдістерін белгілейді.
Басқарудағы сапа менеджмент жүйесі арқылы білім мен тәрбие беру үрдісінің сапасын тиімді қалыптастыруға, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін инновациялық орта жасауға, әлеуметтік - серіктестікті дамытуға, педагогикалық ұжымды шығармашылық ұжым етіп біріктіруге оқу орнының тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
Н.Ә.Назарбаевтың Әлемдік білім кеңісті-
гіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз - деген пікірін басшылыққа ала отырып, заман талабына сай жұмыс жасап, нарық талабынан сырт қалмау үшін Жаркент гуманитарлық-техникалық колледждінде 2009-2010 оқу жылында сапа менеджмент жүйесі, оның тиімділігі, қажетті құжаттардың маңызымен мазмұны туралы оқулар өткізіп, колледжде 2009 жылдан Сапа менеджменті жүйесінің құжаттарын ендіру туралы шешім қабылданып, бұйрық шығарылды. Сапа менеджментін ендіруге байланысты құжаттармен жұмыс жасайтын арнаулы топ құрылып, ISO 9001:2000 Сапа менеджменті жүйесі, Ереже, сапа менеджмент жүйесі. Талаптар құжаттарын басшылыққа ала отырып жұмыс жасауда.
2010 жылы желтоқсан айында сыртқы аудит өткізіліп, ТОО EUROASIA MS
кәсіпорны өкілдерінің сәйкестік Сертификаты берілді. Халықаралық стандарт ISO 9001:2009 негізінде Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын енгізу модульдік бағдарламасы жасалынды.
СМЖ жоспарлауға сапа саласындағы колледждің сапа саясаты мен мақсаттары миссиясы жасалынып, төмендегі басым-бағыттармен жұмыс жасауда:
-заңнамалық талаптар мен жалпы белгіленген стандарттар негізінде білім беру қызметі сапасының менеджменті жүйесін қалыптастыру;
-коллдждің кадрлық потенциалын дамыту;
-қазіргі ақпараттық технологияларды пайдаланып, кадрларды дайындау сапасының мониторингісі жүйесін дамыту;
-жауапкершілігі зор, азаматтық сана-сезімі қалыптасқан, өмір бойы үздіксіз білім алу қажеттілігін түсінген жеке тұлғаның өз шығармашылығын жүзеге асыруына мүмкіндік беретін академиялық ортаны дамыту;
-колледж персоналының қоғам және мемлекет үміті мен талаптарын есепке ала отырып, білім беру мен тәрбие үрдісін үнемі жетілдіру;
-білім беру қызметтерінің аймақтық, ұлттық және халықаралық нарығында колледждің бәсекелестігін арттыру;
-колледждің материалдық-техникалық базасын нығайту.
Білім берудің жоғарғы сапасы төмендегі принциптер негізінде іске асырылуда:
-білім алушының фундаменталды даярлығы мен үйлесімді дамуы;
-оқу үрдісі мен заманауи ғылыми зерттеулердің кіріктірілуі;
-еңбек нарығының ағымдық және перспективалық қажеттіліктерін бағдарлау;
-ғылыми-педагогикалық кадрлардың жоғары кәсіби деңгейі;
-білім беру қызметі сапасының мәселелерін шешуге жүйелі қадам;
-ынтымақтастық, ашықтық және іскер әріптестердің жоғары сенімін қамтамасыз ету;
-барлық жұмыс топтарының жетекшілері СМЖ талаптарына сәйкес құжаттармен жұмысты жетілдіруде.
Колледж ұжымы сапа мен бәсекеге қабылеттілікті айқындауда диагностика, рейтинг, мониторинг ұстанымдарын іс жүзіне асыра отырып, өзінің сапа бойынша жоспарында кешенді жүмыстарын жүргізді.
СМЖ - объективті уақыт талабы, оқу орнының қызметі сапасына және бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу құралы.
Жаңа заман адамдарын тәрбиелеу мен білім беруде ұстаз қауымының өмірдің өзі осыны талап етіп отыр.

асқарудың өзекті мәселелері

Қарағанды облысы білім басқармасы жанындағы білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Сәтпаев қаласында Қала - Ауыл арасындағы жоба шеңберінде озық педагогикалық тәжірибемен алмасу бойынша облыстық семинар болып өтті.
Семинардың тақырыбы: Заманауи басқарудың өзекті мәселелері ондағы талқыға салынатын мәселелер (педагогтың кәсіби мәдениеті және құзыреттілігі, оны әбден жетілдіру жолдары, заманауи мектептегі әдістемелік жұмыс, ақпараттық - коммуникативтік технологиялар). Аталмыш семинарға қаламыздан бір топ әдіскерлер мен ұстаздар іссапармен барып қайттық.
Семинардың мақсаты: оқушылардың басты құзыреттіліктерді қалыптастырудағы педагогтардың бастамаларын жинақтау және көркейтіп қолдану.
Сәтпаев қаласының Сәкен Сейфуллин атындағы гимназия директоры Г.Суюнжанова ыстық ықыласымен қарсы алды. Гимназияның тарихы жайлы түсірілген деректі фильм көрсетілді. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Б..Өтетілеуованың Мұқағали әлемі сабағы жоғары деңгейде өткізілді және өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді жақсы меңгерген екенін көрдік. Оқушылар ақиық ақынның өлеңдерін тебірене жатқа айтып, келген қонақтардың көңілін көтерді.
№1 гимназиясында білім сапасын басқаратын Биоэнергетика және синергетика технологиясы Білім беру технопарк жобасымен жұмыс жасайды екен. Білім беру ордасының директоры С.Сағынтаева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Л.Беисова, Л.Каменева ондағы оқу үйрету әдістерін түсіндірді. Бұл әдіс мектепте оқу-тәрбие үрдісін реформалап, білім беру қызметінің сапасын көтеруді көздейді. Білім беру қызметін атқарады, негізінде өздерінің тұтынушыларының сұранысын қанағаттандырады: оқушылар, ата-аналар, мемлекет, сонымен бірге қазіргі заман талаптары.
Мектеп жалпы білім беретін оқу орны түлектерінің және оқыту үрдісінде оқушылардың дайындық сапасын тұтынушылардың талаптарына сай орындалуын міндеттеуді біледі екен. Оқу үрдісінің иелері және бас технологтар технология бойынша күнделікті есеп және сабақтарды бақылау жұмыстарын жүргізіп отырады екен. Мектепте БжС технологиясы бойынша мұғалімдерінің апта сайын сабақ өткізу графигі құрылған, ол сабақтарды жас мамандар, сол күнгі бос мұғалімдер қатысып отырады.
Абай атындағы №4 мектеп-лицейіне келсек, кең және жарық, барлық жағдай жасалған пәндік және информатикалық бөлмелерін, оқу-өндірістік шеберханаларын аралап көрдік. Қонақтарға мерекелік концерт көрсетілді және балалар ән салып, би билеп, музыкалық аспаптарда ойнап, көрермендерді риза қылды.
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Білім беруді дамытудың 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген шараларды жүзеге асыруға үлкен көңіл бөлінді. Нақты айтқанда, білім беру сапасын арттыру жұмыстарын зерделеу, оқу-тәрбие жұмысына жаңа технологияларды енгізу, оқыту мен тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастыруда озық педагогикалық әдіс-тәсілдер алмасу шаралары іске асырылуда.
Ж.Жүнісова, қалалық білім беру,
дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері

Білім беруді басқару
ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛГІН АРТТЫРУДЫ МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Білім беру сапасының жаңа деңгейге көтерілуі осы жүйедегі біліктілігі жоғары мамандарға байланысты. Ал, білім беруді дамыту мәселелері және ондағы оң өзгерістер біліктілікті жетілдіру жүйесіндегі педагогикалық әрекеттерге тығыз байланысты. Білім жетілдіру жүйесінде біліктілікті көтеру жаңа кәсіби дағдылар мен біліктерді игеру механизмдері емес, педагогтың кәсіби қызметі педагогикалық қабілеттілігінің дамуы болып табылады. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін жетілдіруді ұйымдастырудың тағы бір оңтайлы формасы-мектепішілік біліктілікті жетілдіру. Оны жалпы, педагог мамандардың біліктілігін үздіксіз жетілдіру жүйесінің құрамдас бөлігі деп қарауға болады. Бұл мәселенің өзектілігінің екі жақты аспектісі бар. Оның біріншісі- біліктілікті жетілдіру жүйесінің қоғам мен заман талабына қарай өзгерістеріне байланысты, екіншісі- қазіргі заманғы мектепті басқарудың өзекті мәселелеріне байланысты. Өйткені білім беру жүйесінің өзгерістері педагог мамандардың білім беру ісіндегі жаңа қажетсіну талаптарын туғызады. Сонымен бірге падагог маманның білімін көтеруді - белгілі бір технологияларды өз қызметіне көшіріп қолдана алу арқылы жаңа әдістемелер туралы білім, білік және дағдыларды көбейту емес, жаңа өзгермелі қоғамның жаңа талабына қарай педагогтың жаңа талаптарға сәйкес қызмет көрсете алу қабілетін дамыту деп білу керек. Ол - педагог мамандарды, жеке басын өздігінен дамыта алатын, өзіндік идеяларыніске асыра алатын,өзінің шығармашылық әрекетін ұйымдастыра алатын кәсіби қызметтің субъектісі ретінде дайындау. Шынында педагог мамандардың біраз бөлігі тереңірек, мәнді өзгерістер жасауға құлықты. Кәсіби педагогешбір шығармашылық идеяны дайын күйінде қабылдамайды. Оны өзіндік толғаныстан, ой елегінен өткізіп барып саналы түрде шешім қабылдайды, шығармашылықпен бір түйінге келеді, шығармашылық ізденіске алғашқы көзқарас жалпылама жұрт қатарлы болса, одан әрі қарайғы әрекет әркәмнің қарым-қабілетіне, мүмкіндігіне және зердесіне қарай жүргізіледі. Педагог жаңа идеяны іске асыра алады. Сондай-ақ бірқатар елдерде біліктілікті көтеру жұмыстарын мектептің өзінде ұйымдастыру тәжірибе кең таралған. Мұндай үрдісті Қазақстан мектептерінде ұйымдастыруға әбден болатынына сенімдіміз. Бұл жағдайда мектептегі әдістемелік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары сыныптармен жүргізілетін тәрбие жұмыстары
Маркетингтік бақылау
Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында
Адам ресурстарын стратегиялық басқару жүйесін құру
Кітапханалық анықтамалық библиографиялық ақпаратты ұйымдастыру
Болон үдерісі аясында әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялануы
«Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының орындалуы
Қызметшілерді басқару
Жергілікті басқару органдарының құрылымы мен функцияларына талдау
Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы
Пәндер