Білім беру сапасын басқарудың теориялық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Білім беру сапасын басқарудың теориялық негіздері

Жоспар:

Кіріспе

  1. Басқару ісі теориясы, оның даму кезеңдері.
  2. Менеджіменттің қазіргі мектебі.
  3. Стратегиялық басқару.

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Әлемдік өркениеттің қарыштап алға дамуы білім беру саласының барлық деңгейіне әсер етіп, балаға тәрбиесінің жаңа саласы педагогикалық инноватиканы дүниеге әкелді. Педагогика ғылымының бұл бағыты ғылым жетістіктерін мектеп практикасына ендіру барысында білім беру процесін тұтастай ғылыми негіздеуді, оқу-тәрбие жұмыстарының барлық буындарын технологияландыруды қажет етеді. Яғни, нәтижесі белгісіз, маңызы шамалы, дұрыс таңдап алыбаған (қазіргі кезде шектен тыс көбейіп бара жатқан) "науқандық жаңалықтарға” тоқтау салуға ықпал етеді. Бұл оқыту барысында ұстаз шығармашылығын шектемегенмен, кездейсоқ қателіктерден сақтануға мүмкіндік береді.

Білім беру сапасын басқару мәселелері

Білім беру сапасын басқару - қазіргі педагогикалық теория, практика талаптарына сай, келетін, жеке тұлға, қоғам мен мемлекеттің білімге деген қажетін қанағаттандыра алатын білім берудің маңызды белгілерінің жиынтығы

Білім беру сапасын басқару мектеп басшысының басқару қызметіндегі басым бағыты болып табылады. Білім беру сапасын басқару мына бағыттарды қамтиды:

1. Жалпы білім беру сапасы.

2. Білім беру процесін басқару сапасы.

3. Білім процесін іске асыру сапасы.

4. Білім беру процесі нәтижесінің сапасы.

5. Жалпы білім берудің функционалды сапасы.

Жалпы білім беру сапасы: 1) білім процесінің негізгі шарттарының сапасы; 2) ғылыми - әдістемелік жұмыстарының сапасы; 3) материалдық - қаржылық қамтылу сапасы және 4) мектепке дейінгі білім сапасы деген бірнеше бөліктен тұрады.

Білім беру процесін басқару сапасына кадрлық қамтылу сапасы, оқушылардың психосоматикалық денсаулығының сапасы және педагогикалық еңбекті ынталандыру сапасы жатады.

Білім процесін іске асыру сапасына мыналар енеді: 1. Білім мазмұны сапасы; 2. Оқыту сапасы; 3. Оқу сапасы.

Білім беру процесі нәтижесінің сапасы төмендегі бағыттарда анықталады: 1) Оқыту деңгейі; 2) Денсаулық сапасы; 3) Креативтілік сапасы; 4) Тәрбиелілік деңгейі; 5) Тұлғаның дамуы деңгейі; 6) Басты құзырлылықтың қалыптасу сапасы.

Жалпы білім берудің функционалды сапасы:

1. Білім берудің оқушының білім қажетіне сай келуі;

2. Білім берудің қоғамдық институттар қажетіне сай келуі;

3. Білім берудің ата-аналарының сұранысына сай келуі;

4. Білім берудің аймақтық еңбек нарығына сәйкес келуі;

5. Білім берудің кәсіптік білім беру талабына сай келуі.

Басқару ісі теориясы, оның даму кезеңдері.

Білім беру сапасын нәтижелік тұрғыдан басқару

Қазіргі білім беру жүйесінің дамуы оның әр түрлі буындарын басқарудың тиімділігімен анықталады. Жаңарған мектеп алдындағы негізгі міндет басқару жүйесін түсіну мен оны нәтижелік тұрғысынан басқарудан тұрады.

Мектепішілік басқару жүйесінің түпкі нәтижеге бағытталуы оны ақпараттық қамтамасыз етуге, педагогикалық талдауға, жоспарлау мен бақылауға жаңаша көзқарасты қажет етеді.

Қазіргі мектепішілік менеджментте бірінші орында күн санап күрделеніп бара жатқан мәселелердің шешімін табуға және оған жауапты болуға тиісті адам факторы тұр.

Бұл жағдайда тәжірибе иен интуиция қабылданған шешімнің оңтайлылығын қамтамасыз ете алмайды.

Қазіргі таңда білім беру мекемелерінде процеске бағытталған дәстүрлі басқарудан нәтижеге бағытталған басқаруға көшу жүріп жатыр. Өйткені, мектептегі білім беру сапасының негізгі көрсеткіштеріне ҰБТ қорытындылары алынуда.

Дәстүрлі басқарудан нәтижелік басқарудың айырмасы неде?

Дәстүрлі басқаруда шаруашылық басшы іс-шаралардың маңызын көрсете отырып, қызметтік міндет бөлінісін жасайды, ұзақ мерзімді жоспар жасай отырып, жоспардың орындалу барысы туралы кезеңдік есеп береді.

Нәтижелік басқаруда менеджер басшы нәтиженің алатын орнын көрсете отырып, нәтижелік міндет бөлінісін жасайды, стратегиялық жоспар жасай отырып, нәтиженің анықталу барысы бойынша нәтижелік есеп береді.

Дәстүрлі басқаруда даму қалыпты емес және біржақты жүреді, іске атүсті қарау басым, шаралар науқандық сипатта кемшіліктерді жоюға бағытталған болады.

Нәтижелік басқаруда даму жүйелі және кешенді бағытта жүреді, мақсатты іс-әрекеттер қиындықтың алдын алуға бағытталады.

Дәстүрлі басқаруда нәтиже нақты көрсетілмейді, мектепішілік бақылау жұмысы соңғы нәтижеге ғана бағытталған, іс-шараны талдау жалпылама және жауаптыны жазалау үшін жүргізіледі.

Нәтижелік басқаруда нәтиже деңгейлеп көрсетіледі, педагогикалық мониторинг негізінде аралық нәтижелермен де жұмыс жасалады, үрдіс себеп-салдарлық тұрғыдан талданып, олқылық пен қателіктен сабақ алуға бағытталады.

Нәтижелік басқару екі өзара байланысты процестен тұрады: жүзеге асыру және талдау. Нәтижелік басқаруды жүзеге асыру жағдай жасаудан басталып, білім беру процесін ұйымдастыру арқылы нәтижеге алып келсе, нәтижелік талдау керісінше алынған нәтижені талдаудан басталып, білім беру процесін талдау арқылы жасалған жағдайларды талдауға барып тіреледі: Жағдай - Процесс - Нәтиже.

Нәтижеге бағдарланған талдау кезеңдері төмендегіше болады:

1-кезең - күтілетін нәтижені анықтау

Үлгерім, ҰБТ, жарыстар мен сайыстар, денсаулық пен тәрбие бойынша жету керек нәтижелерды кесте түрінде сандық негізде жазу;

2-кезең - осы көрсеткіштер бойынша мектеп жұмысының нәтижесін бақылау

Осы салалар бойынша мектептің қазіргі көрсеткіштерінің нақты деңгейін айқындап ашып көрсетуге болатын деңгейде анықтау;

3-кезең - екі нәтижені салыстыру, ауытқуды анықтау

Мектептің қазіргі көрсеткіштерінің бұл нәтижелерге қаншалықты жетпей жатқандығын салыстырмалы кесте түрінде беру;

4-кезең - осы ауытқуға әсер еткен оқу-тәрбие үрдісінің кемшіліктерін анықтау

Пәндерді тереңдетіп оқыту, жаңа пәндер енгізу және оқыту әдістемесін (технологиясын) жетілдіру, сыныптан тыс шаралардың ықпалы арттыру, жаңа тәрбиелік салаларды іске қосу бойынша іс-әрекетте кетіп жатқан кемшіліктерді анықтау;

5-кезең - оқу-тәрбие үрдісі кемшіліктері мен нәтижесіне еткен жағдайлар

Кадрмен қамтамасыз ету, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қаржыландыру, ынталандыруды жүзеге асыру бойынша өз күшімен түзетуге болатын және арнайы көмек керек болатын кемшіліктерді бөліп жазу;

6-кезең - осыдан нақты себептері көрсетілген маңызды проблемаларды белгілеу

Дарынды немесе жай баламен жұмысқа қажетті кадрлар іздеу, мектептегі бар мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, қажетті бағдарламалар мен оқулықтар (жай немесе электронды) алу не жасау, оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз ету, технологияландыру мен ақпараттандыру бойынша мәселелерді ашып көрсету, оларды топтау, реттеу.

Жағдайды талдау мына мәселелерді қамтиды: 1. Сапалы кадрдың болуы, 2. Оқушыларға психологиялық диагностика жасалуы. 3. Мектептің қазіргі талапқа сай болуы.

Ал процесске мыналар жатады: 1. Ата-ана, балабақша арасындағы байланыс. 2. Әдістемелік жұмыстардың, жүзеге асуы, озық тәжрибенің таратылуы. 3. Мектеп ұжымындағы психологиялық ахуал.

Нәтиже де үш бағыттан тұрады: 1. Тәрбие деңгейі. 2. Оқу денгейі. 3. Бәсекеге қабілетті, толерантты тұлға.

Білім беру сапасын басқару

Оқу-тәрбие үрдісінің ғылыми негізде басқару және бақылау - жалпы оқу үрдісінің ішкі механизмі болып табылады. Мектепішілік бақылаудың негізгі бағыттарын дұрыс анықтау мүмкіндігі оқушы білімінің деңгейін нақтылауда, тәрбие деңгейі, баланың жалпы дамуына, оқыту сапасының нақты бағалауында, мүғалімнің оқу үрдісін ұйымдастыруда болады.

Мектепішілік бақылау мектепте жоспар бойынша жүйелі жүргізіледі. Мектеп директорының бұйрығымен арнайы комиссия құрылып, 10 күн мерзімінде тексеру ұйымдастырылады. Бақылау ауызша әңгімелесу, анықтама жазу, диагностикалау, анкета алу, озық іс-тәжірибе жинақтау, зерттеу, тарату әдістерімен жүргізілген. Аталған мәселелер педагогикалық кеңесте, әкімшілік отырысында, аттестация комиссиясының отырысында, әдістемелік кеңесте қаралған. Әкімшілік мүшелерінің мұғалімдердің сабақтарына қатысуының оқу бағдарламаларының практикалық бөлігінен, жазба жұмыстарының орындалуының графиктік жоспарлары жасалған.

Оқушылардың білімін арттыруға және оқу пәндерінің оқыту сапасын арттыруға септігін тигізетін шаралар мектепте ұйымдастырылған.

1. Оқу процесіне менеджмент және мониторинг әдісі енгізілген.

2. Мектепте ұйымшылдықпен басқару жүзеге асырылған.

3. Жаңа оқыту технологияларын сабақта пайдалану үрдіске айналған.

4. Мектепте тестік жүйе енгізілген. Сыныптардан ай сайын мектепішілік, аудандық, жұмыстары тексеріліп анықтама жазылады, мониторинг жасалынады.

5. Мұғалімдердің шығармашылық тәжірибелері зерттеліп таратылуы үрдіске айналған.

6. Мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру, өз білімдерін үнемі жетілдіріп отыру дағдысы қалыптасқан.

7. Оқушыларға жан-жақты танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасалынған.

Білім беру сапасының қорытынды көрсеткіштерінің оқу жылдары кесіміндегі мониторингісі оқу-тәрбие үрдісінің мемлекеттік стандарт талаптарына сай жүргізілгендігін көрсетті.

Мектепте оқу-тәрбие процесің дамыту мақсатында сауалнамалар алынған, мектептің мұғалімдері, оқушылары, ата-аналарының 70-80%-ы қамтылған. Тақырыптары: «Оқу-процестерін және оқушылардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін байқау», «Жас мамандардың шығармашылық деңгейін анықтау», «Мұғалімдердің оқушылармен қарым-қатынасы деңгейін анықтау», «Педагогикалық ұжымның психологиялық ахуалын анықтау».

Ұжымның шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасай отырып, оқушылардың білім, білік деңгейлерін көтеру үшін мектепішілік бақылау мен басшылық жан-жақты тақырыптық, жалпылама сыныптық, жеке тұлғалық тексеру түрлерін қолданған.

Тексеру жұмыстарын жүргізу үшін мектепішілік бұйрық бойынша арнайы тексеру комиссиясы құрылып, жұмыс жүргізген.

Жалпылама сыныптық тексеруден өткізу арқылы оқушылардың білім сапасы, онда жұмыс істейтін сынып жетекшісінің, ата - ананың ролі, ұжымдағы психологиялық жағдайы тексеріліп, талдау қорытынды жасалынған.

Жеке тұлғалық тексеруде төмендегі объектілер қамтылған. Мұғалімнің жалпы белгілі бір бағыт бойынша алынған жұмысының әдістемелік деңгейі және оқытушының іс - әрекетінің нәтижесі. Жекелей бақылауда жас мұғалімдер мен жаңадан жұмысқа алынған мұғалімдердің сабақ беру деңгейлері тексерілген.

2011 - 2012 оқу жылында жаңадан қабылданған мұғалім Сеумбаева А. Е. әдістемелік көмек көрсету мақсатында сабақ беру әдіс - тәсілдері тексерілген.

2011 - 2012 оқу жылында жекелей бақылауда жас мамандардың сабақ беру деңгейі, жоғары және бірінші біліктілік санатындағы мұғалімдердің кәсіби шеберліктері, мектепалды даярлық тобының мұғалімдерінің оқу үрдісін ұйымдастыру қабілеттері, осы оқу жылында келген мұғалімдердің шеберліктері тексерілген.

Тақырыптық тексеруде ұжымның белгілі бір проблемамен жұмыс жасауы, оқушылардың белгілі бір пәннің, белгілі бір білім - біліктілік деңгейі, белгілі бір бағыт бойынша сынып жетекшісі жұмысының біліктілік сапасы тексеріліп жан - жақты анықтамалар жасалынып, кіші педкеңесте қаралған.

Білім сапасын басқару орталығының ұжымы

Білім сапасын басқару орталығы

Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Білім сапасын басқару орталығы ректордың бұйрығымен 2008 жылдың маусым айында құрылды.

Орталықтың басты міндеті-ҚазҰТУ-ды инновациялық университетке айналдырудың стратегиялық мақсаты ретінде білімнің жаңа сапасын тұрақтандыру.

Орталық құрамында:

  • Социологиялық бақылау бөлімі;
  • СМЖ және ОӘС үйлестіру бөлімі;
  • Студенттердің білімін бағалау бөлімі бар.

Орталықтың басты мақсатына білім сапасын ішкі бағалау, оған сапа менеджменті жүйесін жетілдіру, университет жұмысының барлық түрлеріне баға беру, түрлі рәсімдеуден өткізу және білім алушылардың білім дәрежесін бағалау кіреді.

Орталықтың басты міндеттері:

  • құрылымдық бөлімшелердің СМЖ үрдісі бойынша жауапкершілігі мен өкілеттігін айқындау;
  • қазіргі басқару әдістерін енгізу, стратегиялық жоспарлау тиімділігін арттыру, университеттің СМЖ үрдістері жайына баға беру және талдау;
  • білім, ғылыми-зерттеу, оқу-тәрбие және қосалқы үрдістер мониторингі жөнінде шаралар жүйесін жүзеге асыру;
  • сапа менеджменті жүйесін құжаттар бойынша басқару;
  • білім сапасын бағалауды әдістемелік, ұйымдастырушылық және технологиялық қамтамасыз ету;
  • университеттің мамандықтар пәндері бойынша студенттер білімін тестілеу формасында ұйымдастыру және өткізу;
  • университеттің тестілік тапсырмалар банкінің толығуын, уақтылы жаңартылуын, сақталуын, және қауіпсіз пайдаланылуы мен құпиялылығының қажетті режімін қамтамасыз ету болып табылады.

Еңсебаева Маржан Заитқызы
Білім сапасын басқару орталығының

директоры
физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент.

Телефон: 8 (727) 257-70-26

e-mail: Включите Javascript для просмотра email

1957 жылы туды. В 1979 жылы. С. М. Киров атындағы КазМУ-дың математика мамандығы бойынша математика факультетін бітірді.

Мәскеу мемлекеттік көлік университетін бітіргеннен кейін физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алу үшін 05. 13. 16 - «Есептеу құралдарын, математикалық моделдеуді және математикалық әдістерді ғылыми зерттеулерде қолдану» мамандығы бойынша диссертация қорғады. Соңғы жылдары білім сапасы менеджменті саласында жұмыс істейді. Сараптаушы ретінде Еуропалық одақтың «Қазақстанның жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету мен мониторинг жүйесіне қолдау көрсету» жобасымен айналысуда, ҚР Білім және ғылым министрлігі комиссиясында жинаған тәжірибесі бар, ҚР БҒМ ҰАО сараптаушысы.

Дифференциалды теңдеулердің, математикалық моделдеу мен техникалық мамандық студенттеріне арналған кәсіптік-педагогикалық бағыттағы сапалық теория мәселелері бойынша 50-ден астам еңбектің авторы.

Білім беру сапасын бағалау жүйесін құру принциптері мынадай:
- пәннен тыс (танымдық, әлеуметтік, ақпараттық және т. б. ) құзыреттіліктер, білімге қанағаттанушылық, білім беру үдерісіне қатысу деңгейі (сабақта белсенді жұмыс істеу, сабақ және сабақтан тыс жұмыс, сабақтан қалу саны және т. б. ), ары қарай білім алу және түлектің мансабы негізгі болып табылатын білім беру жетістіктерін кеңінен түсіну;
- білім беру жағдайы мен сапасы туралы ақпараттың жариялылығы, қолжетімділігі, оны бағалау ресімдерінің ашықтығы;
- БҰ білім беру жағдайын бағалау нәтижелерінің негізінде басқару шешімдерін қабылдау және жүзеге асыру;
- білім беруді басқару жүйесіндегі төменгі көрсеткіштер;
- көрсеткіштерді таңдау барысында моральдық-этикалық нормаларды сақтау.

Менеджменттің қазіргі мектебі.

М. Х. Мескон, М. Альберт, Х. Хедори «менеджмент негіздері: басқарудағы ой-пікірдің дамуы» кітабында мектептің төрт түрін белгіледі: ғылыми басқару мектебі, әкімшілік мектебі, психология және адамдар қарым - қатынасы мектебі, және басқару ғылымының мектебі. Мектептің төрке бөлінуіне байланысты төрт түрлі тәсілге бөлінеді. Мұнда төрт түрлі көзқараста қарастырылады.

Процестік тәсілде басқару өзара байланыты басқару функциясының үздіксіз сериясы ретінде қарастырылады.

Жүйелік тәсілде атап көрсетілетіні: басшылар ұйымдастыруды адамдар құрылым міндеттер мен технология секілді өзара байланысты элементтердің жиынтығы ретінде қарастыруы, сөйтіп өзгермелі сыртқы орта жағдайында алуан түрлі мақсатқа жетуді көздеуі тиіс.

Ситуациялық тәсілінде басқарудың әр түрлі әдістерінің жарамдылығы нақты жағдайға қарай анықталады.

Үшінші кестеде басқару эволюциясы ғылым ретінде көрсетілген басқарудың теориясы мен практикасының дамуына елеулі үлес қосқан аса маңызды төрт тәсіл келтіріледі.

Ғылыми басқару(1856-1920)

Ғылыми менеджменттің пайда болуы Фредрик Уйнслоу Тейлордың (1856-1915) есімімен байланысты. Оның басты еңбектері - «фабриканы басқару» (1903), «Ғылыми менеджмент принциптері» (1911), «Конгресстердің арнайы комиссия алдында көрсету» (1912) . Филдаелбфиядағы оның зиратының басына «Ғылыми менеджмент атасы» деп жазылған.

1880 жылдары өздігінен инженерлік білім алған американдық Фредерих В. Тейлор еңбек процесін зерттей бастады. Тейлор еңбек процесін өздігінен жүзеге асатын іс ретінде қарастырмай, оған терең ден қойып, зерттей бастаған тұңғыш адам болды.

Тейлордың ғылыми менеджментті ұдайы бақылау, эксперименттеу және логикалық ьопшылау арқылы анықталған нормативті көмегімен бизнесті жандандыратын менеджмент түрі болып саналады. Тейлор ғылыми менеджментті төрт салада дамытты: нормалау, уақыт пен міндетті зерттеу, ұдайы сұрыптау, уақыт пен міндетті зерттеу ұдайы сұрыптау және баулу, ақшалай ынталандыру.

Тейлордың пікірінше еңбек өнімділігінің артуы қожайынға жұмысшыға да молшылық әкелді. Ол үшін қожайынның да, жұмысшының да психологиясын түбегейлі өзгерту қажет. Тейлор өз теориясын тұжырымдай отырып, мынадай тоқтамға келді: дәстүрлі әдістің орнына ғылым, қарама-қарсылықтың орнына үйлесімділік дербес жұмыстың орнына ынтымақтастық, әрбір жұмыс өнімділігін барынша арттыру оларға барынша қолайлы жағдай жасау.

Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі

Әкімшілік мектептері пайда болғаннан кейін мамандар басқаруды ұдайы жетілдірі мен әкімшілік қызметті ұйымдастыру принциптерімен айналысты. Бұл проблемалар француз зерттеушісі Анри Файольдің есімімен тікелей байланысты. Ол әкімшілік басқару мектебінің көрнекті Европалық ғалымы деп есептелінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Педагогикалық менеджмент» оқу-әдістемелік кешені
Менеджмент классиктерінің еңбектері
Жалпы білім беретін мектепті басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Мектептің оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырушылық- әдістемелік басшылығы
Балаларына әкеңнің киімін аттама
Мектепті басқарудың мақсаты мен міндеттері
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің басқарылуын талдау түрлері, классификациясы
Жоғары оқу орындарында мектеп менеджерлерін басқарушылық қызметке даярлаудағы педагогикалық менеджменттің маңызын анықтау
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Диагностика жүйесінің дәйектілігі мен сабақтастығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz