Білімдендіру философиясы дүниетанымының жаңа үлгісі (ғылыми мақалалар жинағы)



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А. Яасауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік
университеті

Білімдендіру философиясы дүниетанымының жаңа үлгісі
(ғылыми мақалалар жинағы)

ТҮРКІСТАН 2013
Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Түркістан қ.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Кішібаева Д.Ж.
Магистрант Сейтқұлова Ж.

Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық мәні

Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кіру білім беру халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін сатыда бейімді оқытуды көздейтін он екі жылдық білім беруге көшу деп еліміздің президенті Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында атап көрсеткен.
Болашақ тәрбиешінің шығармашылық іс-әрекетін және оның түсіну үшін жеке тұлғаның ғылыми-педагогикалық зерттеулердің объектісі ретінде анықталу сипатын білу қажеттілік болып табылады. Шығармашылық іс-әрекет тұлғаны құраушы және оны айқындаушы фактор ретінде де қарастырылады.
Тәрбиешінің білімге деген қызығушылығы мен ынтасы негізінде танымдық белсенділігі қалыптасады, Оқыту барысында белгілі әрекеттер нәтижесінде қалыптасатын жеке тұлға мәселесі теориялық тұрғыдан педагогтар үшін де маңызды. Қызығушылықты дамыту бір болмыстағы белгісіз жағдайларға қызығудан, оның заңдылықтарын, бір-бірімен қатынасын және өзара байланысын айқындаудан, одан әрі қарай жалғастырудан тұрады. Ал қажеттілікті қанағаттандыру мен алға қойған мақсатқа жету үшін адамда қызығушылық пайда болады. Ол адамның белгілі бір бағыттылығы деп жазды Ю.К. Бабанский.
Кеңес Одағының Үлкен энциклопедиясында: қоғамдық маңызы бар жаңа материалдық, рухани құндылық тудыратын адам әрекетін - шығармашылық, - деп көрсеткен. Философиялық энциклопедияда: шығармашылық - бұрын еш уақытта болмаған жаңа бірдеңе тудырушы әрекет, - деп айқындалады.
Қазіргі заманғы философиялық сөздікте: Шығармашылық жаңа объектілер мен сапалық белгілер, жаңа бейнелер мен білімдерді, жаңаша сөйлесу мен қатынас тізбектерін тудыратын адамның іс-әрекеті.
Психологияда шығармашылық ұғымының түрлі тұжырымдары көп. Мысалы, Т.И.Шамова: шығармашылық дегеніміз - қорытындысында бұрын белгісіз болған деректер мен материалдық әлем және рухани мәдениеттің заңдылықтарын, қасиеттерін және өзіндік құндылықтар тудыратын рухани әрекет, - деп келтіреді. Ал профессор Қ.Жарықбаев: Басқалардан көмек күтпей, мәселені шешуде басқа біреудің әдісін қайталамай, қалайда өзі шешуге тырысатын адам шығармашыл ойдың иесі, - деген болатын [3].
С.Т.Шацкий шығармашылық іс-әрекет қызығушылықтан туындап, соның негізінде белсенді іс-әрекетке деген қажеттілікті сезінуден пайда болады деп түсіндіреді.
Қ.Жарықбаев Іс-әрекет деп түрлі қажеттерді өтеуге байланысты түрлі мақсатқа жетуге бағытталған үрдісті айтамыз десе, А.Леонтьев Бұл өзаpa әсер, әрекет қажеттіліктен келіп шығады. Сонда да болса, қажеттілік әрекетінің көзі, қозғаушы күші бола алмайды, тек ол әрекеттің қалай бағытталғанын, затын (предметін) анықтайды, - дейді.
Шығармашылық танымдық әрекетке тәрбиешілердің өзіндік жұмысы, бақылауы мен тәжірибесі, ойлау амалы нәтижесіңде алған білімі, дағдысы, танымы мен ғылыми түсініктері жатады.
Тәрбиешінің шығармашылық әрекетін дұрыс ұйымдастыруда ең алдымен өзекті мәселе анықталып, мақсаты мен міндеттері айқындалуы қажет. Тәрбиеші бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін тәрбиеші бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға жұмсауда тиімді әдіс амалдарды қолдану арқылы тапсырмалар дайындап, олардың танымдық қабілеттеріне қарай ұсынады.
Тәрбиешінің шығармашылық ойлауы мен шығармашылық әрекетін ақпараттық технология көмегімен ұйымдастыруда, тәрбиеші өз тарапынан белсенділік, дербестік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы ғана шығармашылық әрекетке бет бұрады.
Әрекет - мақсатты бағындыруға бағытталған іс-әрекеттің бір бөлігі, бірлігі. Саналы аңғарылған мақсат - мақсатқа бағытталған әрекет болып табылады. Алайда, әрекет түрткісі мақсат емес, жалпы әрекет мотиві болады.
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын сипаттау үшін кеңінен тараған үш түсінікті анықтау керек, ол жоғарыдағы сұлбада формальды түрде көрсетілмеген, алайда оған бітісе жүретін - дағды, білім және әдет.
Дағды - қалыптасуы барысында автоматтанатын және әлдеқайда күрделі іс-әрекетті құрастырушы амалдар жиынына айналатын әрекет. Бұл анықтамада, алғашында мақсатқа бағытталған әрекет ретінде жүретін, дағдының динамикасы, тарихы сипатталған. Әрекеттің автоматтандырылуы дегеніміз, әрекетті психологиялық тұрғыда дағдыға айналдыру, мақсаттың санадан шығарылып, келесі мақсаттарды тағайындауға санада орын босатылады. Іскерлік сапасы мен жүйесінде белгілі дәрежеде, психологиялық құрылым бөлшегі ретінде, тұлғалық тәжірибе көрініс береді.
Әдет - бағыттылық пен іс-әрекеттің психологиялық, тұлғалық қосындысы. Бұл тұрақты, тұлға үшін дәстүрлі ұмтылыстар, мінез-құлық пен әрекет етудің қабылданған және ыңғайлы түрі, әлеммен қарым-қатынасы және күйзеліс стильі, психологиялық бекіген тұрақты тұлға тәжірибесі. Жалпылай қарастыратын болсақ, іс-әрекеттің негізгі төрт түрі белгілі: еңбек, оқу, ойын, қарым-қатынас. Олардың әрқайсына көптеген психологиялық зерттеулер арналған. Аталған іс-әрекеттердің қай-қайсысының болмасын көптеген түрлері бар, сондықтан әрқайсының маңызды ерекшеліктеріне тоқталайық.
Еңбек әрекетінің мәні - өнім (материалды не рухани) өндіру нәтижеге жету. Бұл еңбек өндірісі әлеуметтік негізделген, саналы аңғарылған, ал нәтижесі - алдын ала болжанған, жоспарланған. Еңбектің психологиялық аспектерін, еңбек әрекеті жағдайындағы психиканы мақсат-бағдарлы түрде психологияның арнаулы саласы - еңбек психологиясы қарастырады. Адамның еңбек әрекетінің аясы зор және көптүрлі болғандықтан еңбек психологиясының көп қырларын қазіргі психологияның басқа да салалары қарастырады (жалпы, педагогикалық, әлеуметтік, спорт, шығармашылық психологиялары).
Оқу әрекеті - тұлғаның жалпымен қабылданған білім, дағды, іскерлікті арнаулы ұйымдасқан, белсенді түрде игеруі. Бұл мұғалім оқушы қатынасындағы оқыту процесінің бір қыры. Бұл өз-өзін өзгертуге бағытталған оқушы әрекеті, яғни оның пәні - оқу әрекетінің субъектісі. Ойын әрекетінде шынайы өмірді белгілер арқылы бейнелеу, үлгі ету атқарылатыны белгілі. Сонымен қатар, ойынның түрткісі әрекет нәтижесі емес, қолданылуы мен әрекет ету процесі болады.
Іс-әрекеттің бұл түрлері күнделікті өмірде міндетті түрде қайшыласып, әрекеттесіп, бірлесе не бір уақытта көрініс беретіні белгілі. Мысалы, белгілі қарым-қатынастың қатысуынсыз еңбек, оқу, не oйын әрекеттерінің болары ақылға қонымсыз. Еңбек әрекетінің элементері әрбір әрекет түрінде бар. К.Д.Ушинскийдің өзі оқу дегеніміз толық белсенділік пен ойлаудан тұратын еңбек деген. Іс-әрекеттің сипатталған төрт түрі де өмірлік маңызды.
Педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылып, жоспарлы түрде жүргізілетін тәрбиеші еңбегі шғармашылық іс-әрекетті қалыптастыру құралы. Белсенділікті іс-әрекетте танып білу тәрбиешінің басты міндеті. Тәрбиешінің белсенділігі - іс-әрекет үстіндегі жағдайы. Іс-әрекет барысында тәрбиешінің қарым-қатынас жасауы, өз-өзін тәрбиелеу белсенділігін қалыптастырады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. 1994. - 17 б.
2. Бабанский Ю.К. Избранные педагогические труды. - М.: Педагогика. 1989. - 560с.
3. Шацкий С.Т. Избранные педагогические сочинения В 2-х т. - М., 1980.-364 с.
4. Жарықбаев Қ. Психология Оқу құралы. - Алматы. 2003, - 346 б,
5. Шамова Т.И. Активизация учения школьников. - Москва: Педагогика, 1982.-209 с.

Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Түркістан қ.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
КІШІБАЕВА Д.Ж. Магистрант ОРМАН М.М.

Тәрбиеленушілердің шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық мәні

Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кіру білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін білімгерлерді жоғары сатыда бейімді оқытуды көздейтін он екі жылдық білім беруге көшу қажет деп еліміздің президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткен.
Тәрбиеленушінің шығармашылық іс-әрекеті және оның мәнін түсіну үшін жеке тұлғаның ғылыми-педагогикалық зерттеулердің обьектісі ретінде анықталу сипатын білу қажеттілік болып табылады. Шығармашылық іс-әрекет тұлғаны құраушы және оны айқындаушы фактор ретінде де қарастырылады.
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижелеріне қарап бағалайтындығы байқалды. Мемлекетіміздің бәсекеге қабілетті елдер катарынан, өркениет биігінен көрінуі оқу сапасына тікелей байланысты. Қазіргі жаңа өрлеу, даму кезеңінде, мектеп қабырғасындағы тәрбиеленушілерді заман талабына сай тәрбиелеу және оларға жаңа заманға жаңаша көзқарас қалыптастырып, білім сапасын техника жетістіктерімен сабақтастыра отырып жаңарту - XXI ғасыр талабы болып табылады.
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды даму кезеңінде бұл міндеттердің жүзеге асуы, жеке тұлғаның дамып қалыптасуында олардың білімге деген қызығушылығы мен ынтасына байланысты.
Тәрбиеленушілердің білімге деген қызығушылығы мен ынтасы негізінде танымдық белсенділігі қалыптасады. Тәрбиелеу-оқыту барысындағы балалардың іс-әрекетінде танымдық белсенділікті арттыру, олардың шығармашылық әрекеттерінің нәтижесінде біліктілікке қол жеткізу - бүгінгі оқу үрдісінің негізгі мақсаттарының бірі. Оқыту барысында белгілі бір әрекеттер нәтижесінде қалыптасатын жеке тұлға мәселесі теориялық тұрғыдан педагогтар -тәрбиешілер үшін де маңызды. Бұл проблеманың кейбір тұстары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алды. Антика дәуірінң ойшылы Соқрат балалардың танымдық белсенділігі мен іс-әрекетін басқаруға көп көңіл бөлді. Ол шәкірттеріне білімді жай ғана бере салмай, сұрақ қоя отырып, олардың ойлау қабілетін, қызығушылығын арттырып, өз ой тұжырымын білуге үйретті [1,34 б.].
Қызығушылықты дамыту белгілі бір болмыстағы белгісіз жағдайларға қызығудан, оның заңдылықтарын, бір-бірімен қатынасын және өзара байланысын айқындаудан, одан әрі қарай жалғастырудан тұрады. Ал қажеттілікті қанағаттандыру мен алға қойған мақсатқа жету үшін адамда қызығушылық пайда болады. Ол - адамның белгілі бір бағыттылығы деп жазды Ю.К. Бабанский.
Қазіргі заманғы философиялық сөздікте: Шығармашылық жаңа объектілер мен сапалық белгілер, жаңа бейнелер мен білімдерді, жаңаша сөйлесу мен қатынас тізбектерін тудыратын адамның іс-әрекеті.
Философияда қабілеттерді тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері екендігін, олар қоғамдық тарихи іс- әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын көрсетеді. Ал Б.Теплов қабілеттіліктің үш белгісін көрсетіп берді:
- қабілеттілік - бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын жеке даралық психологиялық ерекшелік;
- қабілеттілікке барлық жеке даралық ерекшеліктерді жатқызбай, тек бір немесе бірнеше іс-әрекетгі орындау барысында нәтижесі табысқа жеткізетін ерекшеліктер жатады;
- қабілет адамда бар білім, іскерлік және дағдымен ғана шектелмейді, керісінше, сол білім, іскерлік. дағдыны меңгеруге қабілетті.
С.Т.Шацкий шығармашылық іс-әрекет қызығушылықтан туындап, соның негізінде белсенді іс-әрекетке деген қажеттілікті сезінуден пайда болады деп түсіндіреді. Бірқатар психолог-педагог ғалымдар іс-әрекеттің мынадай құрамдас бөліктерін атап көрсетеді.
1. Мақсат - құрал - нәтиже (Выготский, С.Рубинштейн).
2. Іс-әрекет- қимыл - нәтиже (А.Леонтьев).
3. Түрткі - норма - білім - дағды - құрал (М.Квентной).
4. Мақсат - себеп - дағды - нәтиже - іс-әрекет пен нәтиже арасындағы байланыс (А.Люлинская).
Қ.Жарықбаев Іс-әрекет деп түрлі қажеттерді өтеуге байланысты түрлі мақсатқа жетуге бағытталған үрдісті айтамыз десе, А.Леонтьев Бұл өзара әсер, әрекет қажеттіліктен келіп шығады. Сонда да болса, қажеттілік әрекетінің көзі, қозғаушы күші бола алмайды, тек ол әрекеттің қалай бағытталғанын, затын (предметін) анықтайды дейді [2,63 б.].
Шығармашылық танымдық әрекетке тәрбиеленушілердің өзіндік жұмысы, бақылауы мен тәжірибесі, ойлау амалы нәтижесінде алған білімі, дағдысы, танымы мен ғылыми түсініктері жатады.
Жеке тұлға белгілі бір әрекеттер нәтижесінде қалыптасады десек, ол тәрбиенің әсері ғана емес, өзінің ойлаушылардың ойлау қабілетін, қызығушылығын, танымдық іс-әрекетін, даму мүмкіндіктері мен білім, білік деңгейлерін анықтап, олармен жеке дара жұмыстар жүйесін ұйымдастыруы қажет. Қабілетті, ынталы окушылардың арасында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сопы Аллаяр шығармашылығындағы сопылық таным мәселесі
Абайдың дүниетанымы
Абай философиясы
Академик Ә. Нысанбаевтың отандык философияның дамуына қосқан үлесі
Білімдендіру философиясы дүниетанымның жаңа моделі
Абай шығармашылығының рухани болмысы
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ДҮНИЕТАНЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ОРНЫ
Қазақ ақыны Абайдың философиясы
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің тұжырымдамасы
Қожа Ахмет Яссауи туындыларының әдеби-көркемдік қуаты туралы ғылыми-теориялық пікірлер
Пәндер