Сабақтан тыс орындалатын жұмыстар


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Сабақтан тыс орындалатын жұмыстар төмендегідей формалар түрінде ұйымдастырылады:

1. Биология жұмыстар.

2. Тірі табиғат мүйісінде орындалатын жұмыстар.

3. Табиғатта орындалатын жұмыстар.

4. Оқу-тәжірибе учаскесінде орындалатын жұмыстар.

Осылайша ұйымдастырылған сабақтан тыс орындалатын жұмыстардың соңында сабақ кезінде көрсетілетін тәжірибелер, кеппешөптер, коллекциялар, монтаждар, бақылаулардың қорытындылары дайындалады.

Өсімдіктер мен жануарларға жүргізілетін кейбір бақылаулар ұзақ мерзімде жүргізілетін болғандықтан, сабақ кестесіне сыймайды. Сабақ кезінде микроскоптардың жетіспеуіне байланысты, приборлар мен құрал -жабдықтардың тапшылығы, аяқталмай қалған жұмыстарды сабақтан тыс уақытта жасауды қажет етеді. Оқушыларды 4-5 адамнан топқа бөлу арқылы ұсақ жануарларды күту - практикалық жұмыстарын іске асыруға болады. Оқушылар мұғалімнің берген тапсырмасы бойынша жануарларға ұзақ мерзімді биологиялық бақылаулар жүргізіп, бақылау қорытындысын сабақтарда қолданады. Әрбір оқушы оқу жылының барысында 1 немесе 2 сабақтан тыс жұмысты міндетті түрде орындайды, ол жұмысын мұғалім міндетті түрде бағалайды.

Кейде сабақтан тыс орындалатын жұмыстар үй тапсырмасы сияқты алдын-ала беріледі. Оның мерзімі оқытылатын материалдың мазмұнын байланысты бірнеше күн, апта немесе ай бұрын белгіленіп, беріледі.

Мысалы, өсімдіктер бөлімі бойынша:

1. Суда өсірілетін өсімдіктермен тәжірибе жасау -2 ай.

2. Жапырақтың бетінде крахмал таңбасын түсіру -2 күн.

3. Жапырақтың бойынан оттегінің бөлінуі -3 күн.

4. Тамырдың қысымының көтерілуі -2 күн.

5. Сабақтың бойымен судың көтерілуі -3 күн.

6. Қара -күйені өсіру -20 күн.

7. Мүктің өскінін өндіру -15 күн.

Сыныптан тыс өткізілетін жұмыстар

Биологиядан кластан тыс жүргізілетін жұмыстар, оқушылардың қалауымен, еркімен, мұғалімнің жетекшілігімен, олардың қызығушылық белсенділігін анықтау және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту барысында жүргізілетін іс -шаралар оқытудың бір формасы болып табылады.

Биологиялық сыныптан тыс жұмыстан сабақтан тыс жұмыстарды ажырата білу керек. Сабақтан тыс үшін сабақтың бағдарламасына сәйкес өткізіледі және бағаланады, оқушылар міндетті түрде қатысу шарт. Жақсы ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстың оқу -тәрбиелік маңызы зор. Сыныптан тыс орындалатын жұмыстар арқылы мұғалімнің шығармашылық мүмкіншіліктерімен бірге оқушылардың танымдық белсенділіктері сақталып, тәрбиелеу жұмыстары да жүзеге асады. Биологиядан сыныптан тыс жұмыс сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылып, негізінен тек биологияға қызығушылық танытатын оқушыларды ғана қамтиды. Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны оқу бағдарламасы шеңберімен шектелмей, одан кең көлемді қамтып, көбінесе биология пәні ұстазының әсерімен болатын оқушылардың қызығушылығымен анықталады.

Ол сабақта алған білімді одан әрі кеңейтіп, тереңдетіп түсінуге мүмкіндік береді. Себебі осы кезде биология ғылымының негізгі әдістері -бақылау мен тәжірибе жасауды қолдануға мүмкіндік береді, өйткені онда сыныптағы сабақтағыдай белгілі бір шектеу қоймайды.

Қайсыбір құбылыстарды бақылау және тәжірибе жасау арқылы тікелей нысандар мен құбылыстар жөнінде нақты мағлұматтар алады.

Биологиядан жүретін сыныптан тыс жұмыстар тек бақылаулар және тәжірибелермен ғана шектеліп қоймайды. Онда көрнекі құралдар даярлау, биологиялық олимпиада, көрмелер, қабырға газеттерін шығару, табиғатты қорғауда қоғамдық пайдалы жұмыстар т. б. елеулі орын алады. Табиғатты және тірі табиғат мүйісіндегі, жылыжайдағы, оқу -тәжірибе алаңындағы тәжірибе мен бақылау, қабырға газеттерін шығару т. б. сыныптан тыс жұмыстардың барлық формаларына тән сыныптан тыс жұмыс түрлеріне жатқызуға болады.

Мұғалім биология курсына қосымша материалдар пайдалану нәтижесінде оқушылардың дүниетанымын кеңейтеді. ( Мысалы өсімдіктер жөнінен жергілікті өлкенің флорасы, өсімдіктер географиясы; гүл өсіру және бау -бақша өсіру туралы зерттеу жұмыстары) .

Сыныптан тыс орындалатын жұмыстар оқушылардың ғылыми көзқарасын, табиғатты сүюге, еңбек мәдениетін, танымдық қызығушылықтарын, өз бетінше бақылау жүргізу икем -дағдыларын, ұжымдық жұмыс жасау мен мәселе көтеру дағдыларын дамытады. Сыныптан тыс өткізілетін жұмыстардың барлық түрлерінің принципі тәрбиеден оқыту, жүйелі түрде дамыту. Сыныптан тыс өткізілетін жұмыстардың барлық түрлері бір - бірімен тығыз байланысты. Оқушылардың жануарлармен, өсімдіктермен жұмыс жасауға қызығушылығы сабақ үстінде туындайды. Өте қызығатын оқушылар мұғалімнің тапсырмасынан бөлек, өз еріктерімен өте күрделі жұмыстарды да орындайды.

Пәнге қызығушылығы жоғары оқушыларды мұғалім үйірме жұмыстарына біріктіреді. Үйірме жұмысының немесе топқа біріктірілген оқушылардың жұмысын мұғалім сабақ кезінде ғана емес, көпшілік іс -шараларда да пайдаланып, көпшілікке танымал етеді. Мысалы: кештерде, конференцияларда, көрмелерде т. б.

Сыныптан тыс жұмыстардың бір түрі - биологиялық кеш

Мектеп практикасында кеңінен пайдаланып жүрген кластан тыс жұмыстардың бір түрі -биологиялық кеш. Осы арқылы оқушылар алдында биологиялық ғылымының жетістіктерін және ауылшаруашылық практикасын кеңінен ашуға болады.

Мұндай кештерге даярлануда мектеп оқушыларын хабарлама немесе баяндама үшін қажетті материалды табуға үйрету, баяндама немесе хабарламаны қалай даярлайтынын және оған таблица немесе табиғи үлгіні пайдалана отырып, таңдаушыға қалай жеткізу жолдарын көрсетіп беру өте қажет.

Мектептерде биологиялық апталық ұйымдастырудың маңыздылығы.

Оқу жылында мектепте барлық пәндер бойынша пәндік апталықтар өткізу дәстүрлерге айналған. Бұл апталықта өткізілетін шаралардың барлығы да әдістемелік бірлестікте шығармашылық топта талданады. Қазір бүкіл халықтық іске айналған табиғатты қорғау -оқушының экологиялық білімін жетілдіріп, пәнге, білімге деген ынта -ізденісін, сүйіспеншілігін қалыптастыру, халықтық тәрбиеге баулу мақсаттарында биология пәні бойынша алдын -ала «оқушылар шығармашылығы» тақырыбымен пәндік айлық жариялап, оның қорытындысымен биологиялық апталықта көрсетеді.

Апталықтың ерекшелігі -аптаның алты күні де тек оқушылар шығармашылығындағы үздік туындылар көрсетіліп, бағаланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологияны оқыту әдістемесінің пәні
Өзіндік жұмыстың маңызы
Математика сабақтарында оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оларды өздік жұмыс жасауға баулу және қабілеттерін дамыту
Шағын жинақты мектеп мұғалімінің сабаққа дайындығы
Химиядан сыныптан тыс жұмыстар
Сабақтан тыс жұмыстардың мақсаты
Биoлoгия сабағынан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырy
Мұражайда 7-сынып биологиясын оқыту әдістемесі
Физикалық сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы
Сыныптан тыс оқыту тәрбие жұмысының негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz