Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің іскерліктерін қалыптастыру кезеңдерінің ерекшеліктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің іскерліктерін қалыптастыру кезеңдерінің ерекшеліктері

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жүзеге асырудың тиімді жолдары Елбасының «бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» жолдауында айқындалған. Адамның жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі ғылым-техникалық және әлеуметтік мәдени жетістіктерінің қарыштап дамуынан туындайды. Математика пәнінің мұғалімі С. С. Тоқанова Ы. Алтынсарин атындағы № 49 мектеп - гимназиясы, Тараз қаласы Математика пәнін жаңаша оқытудың кейбір күрделі мәселелері туралы\

Ал мұндай дамушы елдің адамдарын тәрбиелейтін ұстаздардың - білімімен парасаты сол қоғам талабын қанағаттандыра білуі қажет. Ол үшін ұстаз әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді. Әр жеке адамның өмірдегі кәсіптік әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан дамуы, оның оқып, білім алуы мен тәрбиеленуіне ұстаздың іскерліктері қажет болып табылады.

Іскерлік - ұйымдастыру мәдениетінің елеулі нышаны, қызметтің белгілі бір жеке іс бабындағы аса маңызды белгісі, ұтымды ұйымдасқан, істің мүддесіне айқын бағдарланған белсенділік; қызметкердің мінез-құлқының белгісі, жеке басының қасиеті, қабілет-қарымы, еңбексүйгіштігі, өзінің кәсіптік міндеттеріне іскерлікпен қарауы, еңбек қызметін тиімді пайдалана білуі, қол астындағы қызметкерлердің қызметін ұйымдастыра білуі, іске жұмылдыра білуі. Мұндай қадір-қасиетке ие адам (іскер адам) барлық нәрседен іс үшін пайдалы жақтарды, нышандарды байланыстарды, қатынастарды көре біледі, іс үшін пайдалы нәрсені ала біледі. Іскерлікті іс үшін пайдалы олжаларды іздеп тауып, ұтымды пайдалану жолындағы белгілі бір психологиялық бағдар ретінде қарауға болады. (уикепедия)

Мұғалімнің өз бетінше біліктілігін арттыруы, осы саладағы үздіксіз ізденісі, озат тәжірибені қолдануы, оны өзгелерге насихаттауы, жаңашылдық танытуы, іскерлік негіздері - педагогикалық шеберлікке жеткізудің бір жолы болып саналады. Мұғалім шеберлігі, оның әдептілігі мен сыпайылығына, жүріс-тұрысына, киім киісіне, яғни педагогикалық техниканы меңгеруіне, өзінің мінез-құлқын басқаруына байланысты. Өйткені, мұғалім сахнадағы актер сияқты әрқашан оқушылардың көз алдында болады, ал бала бәрін байқап таниды. Педагогтік істің шебері болу оңай емес және ол бірден келмейді, оның негізгі шарты - психология мен педагогика ғылымдарынан терең білімінің болуы, көп еңбектеніп сол іске машықтану, дағдыға айналдырумен келетін дүние.

Мұғалімдерді педагогтік шеберлікке үйрету педагогтік оқу орындарында оқып жүрген кезде басталады. Бұл іске студенттерге психология, педагогика пәндерінен жүйелі білім беру, педагогикалық шеберлік негіздері, озат және жаңашыл педагогтердің іс-тәжірибесі бойынша арнайы ғылыми-тәжірибелік, әдістемелік семинарлар, желілік қауымдастықтар құру, озық педагогтік қорлар құру арқылы педагогикалық тәжірибені мәнді өткізу, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету жетекші орын алады.

Ж. С. Құрманова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері, ф. ғ. к. МҰҒАЛІМНІҢ ІСКЕРЛІК ДАҒДЫЛАРЫНДА БІЛІМ СА­ЛА­СЫН ЖАҢАРТУДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ

Әсіресе бастауыш сынып мұғаліміне қойылатын талап өте жоғары. Ол баланың жас және жеке ерекшеліктерін біліп, соған сай әрекетін ұйымдастыра білуі, олардың қарым-қатанасын, сенімін, көзқарасын, нанымын, белсенділігін дамыту әдістемесін білуді қажет етеді. Олай болса, мұғалім жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде кәсіптік деңгейі және ұстаздық шеберлігі жоғары болуы үшін педагогикалық және психологиялық арнайы зерттеулер негізінде айқындалған педагог мамандығына тән іскерлік пен дағдыларды меңгеруі тиіс.

Олар білім беру жүйесінде:

Танымдық (таным белсенділігінің жоғарылығы, жеке дүниетанымы, көзқарасы арқылы танымдық қабілетін ұштау) - ең алдымен, жеке бастың интеллектуалдық мүмкіндігі, мамандық еңбегінің негізі болып саналады. Танымдық іскерлікті қалыптастыру үшін адамның қабылдау, зейін, ойлау, елес, ес т. б. психикалық қасиеттерінің бірлікте болуы қажет. Мысалы, адамның байқағыштығы, өзін-өзі бақылауы, сыни көзқарасы, кездескен жағдайда дұрыс жол таба білуі, ойлау үдерісінің дамуы үшін талдау жасау, салыстыру, сәйкестігін ажырату, нақтылай білу, жинақтау, қорытынды жасау сияқты дағдылардың болуы қажет. Бұл қасиет адамның өзін-өзі тәрбиелеу, оқу, білім алу, еңбек үдерісі барысында тұтас қалыптасқан іскерлік;

Басқарушы- көшбасшылық (оқытуды басқару, ұйымдастыру, проблеманы шешу қабілеті, жалпы оқу-тәрбие үдерісін басқару) - бұл мұғалімнің педагогикалық еңбегінің бөлінбейтін, үнемі жүріп отыратын маңызды саласы. Бұл барлық педагогикалық үдерісті басқару мен көшбасшылықтың негізгі шарты және бір-бірімен байланыстырып басқаратын іскерлік болып табылады. Оның өзіндік белгілері: жұмысты анықтау, мақсатын белгілеу, жұмысты талап ету, тапсырма беру, тапсырылған жұмысты бақылау, орындалуын ұйымдастыру, көшбасшылық жасау, жұмысты қорытындылау, бағалау, есеп беру, нақтылап объекттіге зейін қоя білу, кездесетін кедергіні тез арада болдырмауға психологиялық ахуал туғыза білу, іске қызығушылықпен кірісу, басқалардың оқуына, оқытуға ықпал жасау іс-әрекеттерінен құралады;

Ақпараттық-хабарлау (өз пәнінің мазмұны, оны оқыту бойынша қажетті ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы және оны оқушыларда қолдануы) жеке педагогикалық іскерлік болып саналады. Көбіне қатынас құралы ретінде қарастырылады. Себебі қарым-қатынас хабарлама материалынсыз болуы мүмкін емес. Ақпараттық іскерлік оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыруда шешуші орын алады. Оқу-білім материалын терең, жан-жақты білу, оқу әдістерін меңгеру, барлық хабарлама құралдырын пейдалану дағдысының болуын талап етеді. Бұл іскерлік мұғалімнен дауысты үйлестіре білуді, көңіл-күй сезімімен сөйлеуді, сөздің құдіретті күшін және дауыс үнін, бет қимылды меңгере білуді талап етеді. Сөйлеу, әңгімелесу, көрсете отырып түсіндіру, пікірлесу, тыңдау, сұрақ-жауап айту тәсілдерін қолдану арқылы тыңдаушының зейінін аудару - мұғалімнің педагогтік іс-әрекетіне қажет іскерлік;

Қарым-қатынас (коммуникативтік) (оқушылармен, әріптестермен, әлеуметтік ортамен қарым-қатынас жасау мәдениеті - «кіммен не жайында, қалай сөйлесуге болады?») - бұл мұғалімнің педагогикалық үдерістің барысында адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренуі. Қарым-қатынас тәсілдерін ол алдымен, сөз сөйлеу техникасы, қимыл, бет құбылысын игере білуден басталады. Коммуникативтік іскерлікті тәрбиелеу үшін адам ең алдымен, басқа адамды түсіне білуі, тани білуі және өзін де таныта, түсіндіре білуге үйренуі керек. Екіншіден, өзінің ой-пікірін, көңіл күйін, көзқарасын, мақсатын, сөйлескен, пікірлескен адамға, ұжымға түсіндіре білуге және оларды да түсіне білуге үйретуі қажет. Үшіншіден, адамдармен қарым-қатынас барысында қажет болған жағдайда, бетбұрыс жасау сияқты мүмкіндіктерді басқара білу, оң шешім таба білу. Осылардың нәтижесінде мұғалімде қарым-қатынас жасауға бейімділігі және ептілігі бар адамдармен оңай тіл табыса алатын, тез араласа алатын жеке бастың қасиеті қалыптасады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру
Мұғалімдерді кәсіби қызметке даярлауды теориялық тұрғыдан негіздеу
Мектеп оқушыларын тәрбиелеуде сынып жетекшісі мен ата-аналардың бірлескен жұмысының педагогикалық негіздері
Мұғалімнің дидактикалық іскерліктерінің зерттелуі
Бастауыш сынып оқытылатын оқу техникасын жетілдіру технологиясы пәнінің маңызы мен ерекшеліктері
Мұғалімдердің оқу және кәсіби қызметке даярлығын басқаруды ұйымдастыруда технологиялық қатынастың тиімділігін көрсету
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби даярлауды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлау
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқытудың бірыңғай технологиясын жүзеге асыруға даярлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz