Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың педагогикалық шарттары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӘӨЖ 378.12 Қолжазба құқығында
Кожамкулова Балнур Асилбековна

6М010700 - Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін магистрлік диссертация
ТҮРКІСТАН - 201 - - - - - - 5

ӘӨЖ 378.12 Қорғауға жіберілді:
Бейнелеу өнері кафедрасының
меңгерушісі, п.ғ.к., доцент м.а.
_________________Ауелбеков Е.
_________________20__ ж.
Магистрлік диссертация

Мамандығы 6М010700 - Бейнелеу өнері және сызу
Магистрант ___________________ Кожамкулова Б.А.
Ғылыми жетекшісі,
п.ғ.д., профессор ___________________ Ералин Қ.Е.
Түркістан-2015
Аннотация
6М010700 - Бейнелеу өнері және сызу мамандығы, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның тақырыбы Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көрекмдік білім беруге даярлаудың педагогикалық шарттары.
Диссертацияның көлемі 107 бет, қосымшада оқу бағдарламасы берілген. Пайдаланған әдебиет саны - 57.
Кілт сөздер: этнодизайн, этнодизайнды оқыту, этнодизайн ұғымдары мен терминдері, көркемдік білім беру, болашақ мұғалімдер, көркем шығармалар.
Диссертацияның зерттеу объектісі - болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлау.
Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, диссертацияның мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні, зерттеудің ғылыми болжамы, зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері, зерттеу көздері, әдістері, зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы, зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі, диссертацияның теориялық және әдістемелік негіздері айқындалады.
Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлау атты бірінші бөлімде болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың моделі жасалды, оған сипаттама берілді, болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың дидактикалық шарттары негізделді.
Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың әдістері атты екінші бөлімде тәжірибелік жұмысты ұйымдастыру жан-жақты мазмұндалды. Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың әдістемелік білімдері мен іс-әрекеттерін қалыптастырудың мазмұны, формалары мен әдістері берілді.
Қорытындыда зерттеудің нақты тұжырымдары мен ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу нәтижесінен туындаған ұсыныстар берілді.
Қосымшада зерттеу жұмысына қатысты оқу әдістемелік материалдар ұсынылды.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1. Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.1 Этнодизайн өнері арқылы болашақ мұғалімдерді көркемдік білім беруге даярлау педагогикалық проблема ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.2 Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың моделі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
1.3 Көркемдік білім беруге болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы даярлаудың педагогикалық шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
2. Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың әдістері ... ... ... ... ... ..71
2.1 Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .71
2.2 Этнодизайн өнері арқылы болашақ мұғалімдерді көркемдік білім беруге даярлаудың әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...92
2.3 Көркемдік білім беруге этнодизайн өнері арқылы болашақ мұғалімдерді даярлаудың нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..119
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..129
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...131
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .137
АНЫҚТАМАЛАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Бұл магистірлік диссертацияда келесі сәйкес терминдер мен анықтамалар мен қысқартулар бірге қолданылады.
Композиция (лат. сотрозійо - құрастыру, шығарма) - көркемөнер туындысының құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы. Композиция - құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым.
Перспектива (фр. реrsресtivе - анық көріп тұрмын) немесе аксонометрия (гр. аxon -- ось және metreo -- өлшеймін ) - кеңістіктегі көлемді денелерді бейнелейтін әрі олардың кеңістіктегі құрылымын ескере отырыи орталық жобалау өзгерістеріне негіздейтін тәсіл.
Кескіндеме, кескіндеу өнері -- бейнелеу өнерінің бір саласы, белгілі бір заттың бетіне (кенеп, ағаш, қағаз, т.б.) бояу арқылы салынатын көркем шығармалар атауы.
Дизайн - көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы.
Стиль - стилистиканың негізгі орталық ұғымы. Стиль - латынша stylos (қазақша - жазу құралы) деген сөз. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі жазу мәнері деген мағынада қолданылатын болған.
Костюмдегі стиль - дегеніміз киім образының толық қанды шығуын қамтамасыз ететін бейнелеу әдістері және көркемдік мүмкіндіктері.
Мода - тар мағынада мода, бұл бұйымның уақыт пен талғамға, сұраныс пен тапсырысқа байланысты формасының жиі ауысуы.
Модель (латынша modulus, французша modele) - сериялық өндіріске арналған бұйым үлгісі.
Моделдеу - әртүрлі әдістер мен тәсілдер арқылы бұйымның формасын құрау үдерісі.
Форма - заттың өлшемін, геометриялық түрін, массивтігін, жарық көлеңкесін, фактурасын түсін білдіретін заттың көлемді-кеңістіктік сипаты.
Эргономика - адамның әртүрлі іс-әрекетті орындауды кедергісіз қамтамасыз ететін және адам денесі құрылымы заңдылықтарымен қоса есептелетін, еңбек үдерісіне қолайлы жағдай туғызуды зерттейтін ғылыми пән.
Фактура - материалдың сыртқы сипатын көзбен қабылдау. Ол жұмсақ, бедерлі, күнгірт, жылтырақ т.б. болуы мүмкін.
Графика (грекше grаphike (сөздің түбірі) grаpho - жазамын, суретке саламын) - бейнелеу өнерінің бір түрі. Оған сурет пен гравюра кіреді. Графиканың бейнелеу құралдары: штрих,сызық,таңба.
Галерея (франц.gаlle) - 1. жаңа заман өнерінің көрмесін өткізуге арналған ғимарат. 2. жекелеген немесе топтасқан ауысып отыратын көрмелер өткізетін орын.
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл диссертацияда келесі стандарттардың сілтемелері қолданылған.
1. Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (Астана қ., 2012 жылғы 17 қаңтар). Жариялануы: Егемен Қазақстан 2014
2. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім берудің дамыту тұжырымдамасы Егемен Қазақстан. - 2003. - 26 желтоқсан.
3. Қазақстан Республикасында Білім және Ғылым министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары. Қазақстан Республикасы үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 160 Қаулысы (2013.31.12 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен). Жариялануы: Егемен Қазақстан 2011 жылғы 2 желтоқсан № 583-587 (26979);
4. ҚР МЖМБС 6.08.063-2010 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жоғары білім бакалавриат мамандық 5В010700 - бейнелеу өнері және сызу Астана; ҚР Білім және ғылым министірлігінің 03.11.2010ж. №514
5. ҚР МЖМБС 6.08.063-2010 5В010700 - Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұны;
6. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 20.04.2011жылғы №152 бұйрығымен бекітілген кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережесі.
7. Білім туралы 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Қазақстан Республикасының заңы (2014.14.01 берілген өзгерістер мен толықтырулары. Жариялануы: Егемен Қазақстан 2007 ж. 15 тамыз № 254-256 (24829); Ресми газет 2007 ж. қыркүйек № 37; ҚР Парламентінің Жаршысы 2007 ж., шілде-тамыз, № 20 (2501), 151-құжат;
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: Қазақстан 2050 бағдарламасындағы ұсынынған стратегиялық бағыттарының бірі білім беруге арналған, онда сапалы мамандар даярлауға баса назар аударылған. Оның жүзеге асырылуы оқытушылардың сапалы даярлығында және олардың өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауын баса көрсеткен. Осындай жаңа талаптар негізіндегі дайындық ұстаздардың жоғары шығармашылық шеберлігі мен адамдық ресурстарды тиімді пайдалануы нәтижесінде ғана жүзеге асатындығы айқындалған [1].
Қазақстан Республикасының жоғары білім беру саласында білімді терең меңгерген мамандарға деген сұраныстың артуы мен оларды даярлаудағы әдістемелік білімділігі мен қабілеттілігі, біліктілігінің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және мамандардың даярлығын білім стандарттарының мазмұнына ылайық жетілдіру өзекті мәселе болып табылады [2].
Көркемдік білім берудегі қазіргі заманғы тәжірибелерді саралау барысы бағдарлы оқытудың басты бағытын анықтауға ықпал етеді, жоғары сынып студенттерінің жеке қызығушылықтары мен танымдық қажеттіліктерін, өмірдің өзекті тұстарын пайымдауына, келешекте олардың өнер түрлерінен жоғары оқу орындарда білім алуға бағытталуына әсер ету.
Болашақ мұғалім тұлғасын дайындаудың сапалық жақтары М.Ж.Қозыбаков[3], Қ.Е.Ералин[4], Қ.Ж.Әмірғазин[5] және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған.
Көркемдік-эстетикалық тәрбие беруді барынша дамытуға, cтуденттердің өнерге деген қызығушылығын қалыптастырудың мәселесіне назар аударған ғалымдар Қ.К.Болатбаев[6], Б.И.Ижанов[7], Д.А.Кемешов[8], Қ.Е.Ералин[9], еңбектерінде ұлттық өнер негізінде студенттердің көркемдік білім беру эстетикалық тәрбие беруге болашақ мұғалімдерді даярлаудың теориясы мен практикасы зерттеліп, маңызы ашылып көрсетілген.
Ғылыми педагогикалық еңбектерді талдау нәтижелері бүгінгі күнге дейін болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлау мәселесі жоғары мектептің теориясы мен практикасында жеткілікті көрініс таппағандығын айқындайды. Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлау мәселелеріне қатысты қарама-қайшылықтар кездесетіндігі көрінді: Олар,
- болашақ мұғалімдерді даярлау үдерісінде этнодизайн өнерінің ұғымдары мен терминдерін көркемдік білім беру тәжірибесінде кеңінен қолдану қажеттігі мен олардың этнодизайн сабақтарында қолданылмауы арасында;
- болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлау үдерісіне этнодизайн ұғымдары мен терминдерін ендіру қажеттігі мен жаңа технологияны оқу үдерісінде тиімді ұйымдастыра алатын мұғалімге сұраныстың артуы арасында;
- этнодизайн сабақтарында оған қатысты ұғымдар мен терминдерді қолдану әдістемесінің қажеттілігі мен бұл әдістеменің жоқтығы арасында қарама-қайшылықтар орын алған, осы аталған қайшылықтарды шешу бағыты зерттеу тақырыбын Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың педагогикалық шарттары -деп таңдауымызға себеп болды.
Диссертация тақырыбына байланысты жарияланған ғылыми еңбектер:
1 Этнодизайн мен сәндік-қолданбалы өнердің интеграциясы. Хабаршы журналы. А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркістан, 2014. №5 -Б.45-46.
2 Шет тілдеріндегі бейнелеу өнері терминдерін жүйелеу. Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, 2. 2014ж., -Б.46
3 Өнер шығармаларын бағалау өлшемдері. Жаңа формацияда кәсіптік білім берудің өзекті мәселелері атты III-дәстүрлі Халықаралық ғылыми-тәжірибелік интернет-конференцияның Материалдары, II-том. Түркістан-Мәскеу, 2015ж.121-126 б.
4 Қыш өңдеу шебері Абай Рысбековтың этнодизайндық шығармашылығы. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Акадкмиясының хабарлары. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сериясы, №1. Алматы, ҚР ҰҒА, 2015ж.- Б. 263-265.
5 Зергер Қалмырза Тасовтың этнодизайндық шығармашылығындағы ұлттық дәстүрдің жалғасығы.Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Акадкмиясының хабарлары. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сериясы, №1. Алматы, ҚР ҰҒА, 2015ж.-Б.295-299.
Зерттеу мақсаты: болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлауды теориялық тұрғыдан негіздеу, оқыту бағдарламасы мен әдістемелік нұсқауларын жасау.
Зерттеу нысаны: болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлау.
Зерттеу пәні: болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлау үдерісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың моделі, бағдарламасы және әдістемесі жасалса, онда болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың ұтымдылығы артады; ал бұл болса, болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлау нәтижелері жаңа сапалық көрсеткіштерге көтерілетіндігін көрсететді.
Зерттеу міндеттері:
- болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың педагогикалық шарттарын айқындау;
- этнодизайн өнері арқылы болашақ мұғалімдерді көркемдік білім беруге даярлаудың моделін жасау;
- болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың әдістемесін жасап шығару;
Зерттеудің жетекші идеясы: болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлау танымдық мүмкіндік ретінде, нақты белгіленген дидактикалық шарттарды жүзеге асыру нәтижесінде ұтымды болады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздеріне: жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға қатысты тұжырымдар, көркем-эстетикалық талғам қалыптастыруға, көркемдік білім мен дағдыларды игеруге жүйелі қатынасты және оның жүйеге келтірілген мәдениеттану, өнертану, көркемдік-эстетикалық педагогикалық, психологиялық тұжырымдамалары алынды.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының заңдары, Конституциясы, Ғылым мен білім министрлігінің тұжырымдамалары, кешендері, бағдарламалары, философтардың, психологтардың, педагогтардың тарихшылардың, этнографтардың, өнертанушылардың еңбектері, өнер шеберлерінің этнодизайн бұйымдары, суретшілер шығармалары, ұлттық мәдени мұралар, автордың жеке өзінің педагогикалық тәжірибесі болып табылады.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша тарихи-этнографиялық мұражайларындағы қазақ қолөнер мұраларына, шет ел бейнелеу өнеріне, көрмелер мен суретшілер шығармаларына, археологиялық, өнертану, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге, әдістемелік инновациялық құралдарға теориялық сараптау жасау, педагогикалық тәжірибе нәтижесіне математикалық, статистикалық талдаулар жасап, баға беру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
- болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың педагогикалық шарттары айқындалды;
- этнодизайн өнері арқылы болашақ мұғалімдерді көркемдік білім беруге даярлаудың моделі анықталды;
Зерттеудің практикалық мәні: жоғары оқу орындарындағы бейнелеу өнері және сызу мамандығы студенттеріне арналған:
-Этнодизайн арқылы көркемдік білім беру атты элективті курс бағдарламасы;
- болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың әдістемелік нұсқауы жасалды.
Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарындағы этнодизайн мамандығы студенттеріне білім беру жүйелерінде, мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру мекемелерінде, қосымша көркемдік білім беретін оқу орындарында, жалпы білім беретін мектептерде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
1. Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлау қоғам дамуы, мамандарға сұранысы, мамандар дайындау талаптары, жеке тұлға қызметінің қызығушылық, білімділік, іскерлік мазмұнға негізделуі.
2. Этнодизайн өнері арқылы болашақ мұғалімдерді көркемдік білім беруге даярлаудың құрылымдық моделінің мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттерге біріктірілуі, өлшемдері, көрсеткіштері және деңгейлерінің болашақ қызмет талаптарына сай келуі.
3. Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың дидактикалық шарттарының оқу үдерісін мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік, материалдық қамтамасыз етуге негізделуі.
4. Этнодизайн өнері арқылы болашақ мұғалімдерді көркемдік білім беруге даярлау негіздерін құрайтын педагогикалық білімдері мен педагогикалық іс- әрекеттердің меңгерілу деңгейлерін анықтаудың сипаттамасы.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру. Зерттеудің негізгі нәтижелері Республикалық, Халықаралық ғылыми-тәжірибелік және ғылыми-теориялық конференцияларында: Зерттеуші-исследователь журналдарында жарияланды. Шымкент әлеуметтік университетінің профессор-оқытушыларының ғылыми-теориялық конференцияларында, кафедра мәжілістерінде, ғылыми әдістемелік семинарларында, бағдарламаларда, оқу-әдістемелік құралдарда, оқу әдістемелік кешендерде, силабустарда көрініс тапты.
Зерттеу базасы. Тәжірибелік жұмыс А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жүргізілді.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, зерттеу әдістері, негізгі кезеңдері мен базасы, теориялық және практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалары баяндалады.
Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлау атты бірінші тарауда болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың моделі жасалды, оған сипаттама берілді, болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың дидактикалық шарттары негізделді.
Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың әдістері атты екінші тарауда тәжірибелік жұмысты ұйымдастыру жан-жақты мазмұндалды. Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың әдістемелік білімдері мен іс-әрекеттерін қалыптастырудың мазмұны, формалары мен әдістері берілді.

1 Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлау
1.1. Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлау педагогикалық проблема.
Қазақстан Республикасының жоғары білім беру саласында білімді терең меңгерген мамандарға деген сұраныстың артуы мен оларды даярлаудағы әдістемелік білімділігі мен қабілеттілігі, біліктілігінің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және мамандардың даярлығын білім стандарттарының мазмұнына ылайық жетілдіру өзекті мәселе болып табылады [10].
Этнодизайн бұйымдарын жобалаудың ұстанымдарын анықтау қазіргі кездегі көркем өнер саласындағы сұраныс пен қоғам дамуы барысындағы эстетикалық қажеттіліктен туындайды. Этнодизайн бұйымдарын бағалау мен жобалау - бұлардың көркемдік ерекшеліктерін көрсететін критерийлерін анықтауды қажет етеді. Бұл көрсеткіштерді анықтауда бейнелеу өнерінің түрлі салаларында еңбек еткен даңқты суретшілердің, өнер зерттеушілерінің пікірлерімен санасу, оларды негізге алу қажеттігі туындауда. Көптеген дизайнерлер мен суретшілер көркем шығарма жасауда сурет салудың орнын ерекше бағалаған. Суретші К.П.Брюллов Суретші болудың алдында, сурет сала білу қажет, себебі, сурет көркем өнердің негізін құрамдайды,- деп есептеген. Сондықтан этнодизайн бұйымдарын жобалау барысында этнодизайнердің суретті жоғары деңгейде сала білуі ең басты кәсіби құзыреттілік болып табылады. Орыстың кескіндемешісі, әрі педагогы П.П.Чистяков Жоғары, нақты кескіндеме өнері ғылымсыз өмір сүре алмайды. Ғылым жоғары көтеріле келе өнерге айналады, -деп көрсеткен [12]. Суретші педагогтың бұл ойы этнодизайнерге дизайнерлік жоба жасау үшін ғылыми көркемдік білімнің қажеттігін көрсетеді. Сурет өнеріне қатысты ғылыми білімдер қатарына жарық пен көлеңке, түстану, сызықтық және ауа перспективасы, пластикалық анатомия заңдылықтарын қосып айтуға болады. Суретші-педагог А.А.Дейнека ...бейнелеу өнерінің кез келген түрінің шығармалары сияқты, кескіндеме де күні бұрын ойластырылады,- деп есептейді. Бұл жерде суретші болашақ картинаның құрылымы мен түсі, орындалу техникасы жайында жоспарлауды, оны ой елегінен өткізу қажеттігін көрсетеді [11]. Бұл тұжырымнан этнодизайнерлік жоба - үшін де алдын ала жоспарлау қажет екендігін байқауға болады. Жобалау үдерісі бұйымға деген сұранысты, материал таңдауды, форманы, бұйымның эргономикасы туралы жобалау үдерісінің алдындағы ойластыру жұмыстарының қажеттігін көрсетеді. Жобалаудың нәтижелі болуы - жоспарлы түрдегі жұмысты ұйымдастырудың сапалық көрсеткіші екенін білдіреді. Этнодизайн бұйымдарын жобалауда Д.Н.Кардовский, Г.К. Савицкийлердің [18] формаға байланысты пікірлерімен санасу орынды. Көркемдік білім берудің негізін қалаған суретші-педагог Д.Н.Кардовский Кескіндеме мен суреттің жаттығуларының негізі - форма болып табылады. Бейнелеу өнерінің барлық түріне қатысты нәрсе, ол пластикалық форма. Осыдан келіп, кескіндеме мен сурет мектебінің негізі форманы бейнелеу заңдылықтарын оқып үйрену болуға тиіс,-деп айтқан. Сондықтан, этнодизайн моделін жасауға жаттығудың негізі де - форма болып табылады. Форма - дизайн өнеріндегі негізгі көркемдік көрсеткіш. Бұйымдық форма сипаты, бұйымға деген сұраныс пен қажеттілікке байланысты анықталады. Суретші - педагог Д.Н.Кардовский форма деген кубқа, шар, цилиндрге т.б. ұқсас геометриялық денелердің біріне немесе бірнешеуіне сәйкестік сипаты бар масса, - деп тұжырымдаған. Этнодизайн бұйымдарының формасының ерекшелігін тануда оның жеке бөліктерінің үйлесімді сәйкес келуі басты көркемдік сапа ретінде қабылданады. Суретші Г.К. Савицкий форма мен мазмұн - композициядағы маңызды белгі,-деп таныған. Этнодизайн бұйымдарының композициясындағы зат формасы мен зат мазмұны көркемдік ерекшеліктің бірі және әсемдікке үлес қосатын мүмкіндік ретінде қабылданады. Форма мен мазмұн сәйкестігі болмаса оның нәтижесі жоғары бола бермейтінін түсінуге болады. Даңқты суретші А.Дейнека екі және үш өлшемді бейненің форма құрылымын беру үшін қажетті негізгі ережелер немесе заңдылықтар ретінде мыналарды ұсынады: 1.Қандай да бір табиғи форма немесе адам денесі пропорция, организм тұтастығы мен оның бөліктерінің гармониясынан құралу ережесі. 2.Бейненің қарама-қарсы бетінің тепе-теңдік бірлікте болуы, тең бөлшектермен бөліну ережесі. 3.Композицияның пластикалығын шешуде статика мен динамика (тыныштық пен қозғалыс) ережесі. 4.Үлкен және кіші формалардың, тыныштық пен қозғалыстық, контраст пен өшірілудің, жарық пен көлеңкенің кезектесу заңдылығы. 5.Перспектива заңдылығы. 6.Алтын қима-денені бөлшектеу заңдылығы.7.Нұсқа өлшемін кішірейту немесе үлкейту масштабы. Бұл, бізге этнодизайнда формалардың, түстердің, сызықтардың орынсыз қайталанбауын ескертеді. Орынсыз қайталану форманың көркемдік сапасына кері әсері бар екенін аңғартады [13]. Бұйым түріне байланысты қойылатын талапқа, қолданылуына, технологиялық өңделу мен материалдың сипатына, адам денесінің пішіміне байланысты бұйым формасын түрліше жіктеуге болады. Бұйым формасын қабылдау нәтижесінде біз оның жеке бөлшектерін басқа бөліктермен салыстырамыз. Салыстыру немесе өлшеу арқылы біз сызықтың шамасын, көлемін, бағытын, ауданын, материалдың фактуралық ерекшелігін, түстік таңба шамасын танимыз. Сонымен, біртектес екі шама өлшемдерінің нәтижесі қатынас болып саналады. Екі шаманы салыстыруда оны дұрыс қабылдау қатынасы олардың үйлесімділігі мен мөлшерлестігінің айғағы. Бұйым формасын кеңістіктегі көлемді нысан ретінде қарауға болады. Өнер шеберлерінің пікірлерін жинақтай келе формаға байланысты мына ұғымдарды алға шығару қажеттігі туындайды: форманың үлкен бөліктері, кіші бөліктері, форманың өлшемдері, форманың жазықтық бетінің сипаты (шығыңқы, ойыс) форма материалы, форма бетінің фактурасы, форманың тұтастығы, форманың түсі, форманың кеңістік ортамен қатынасы [14].
Этнодизайн бұйымдарын жобалаудың ұстанымдарын, көркемдік білім берудің көрсеткіштерін анықтау бағытындағы ізденістер мен пропорциялық өлшемдер туралы айтқан А.М.Соловьев пікірлерін ескере кеткен жөн. Даңқты суретші-педагог А.М.Соловьев (1886-1966) пропорция - әр түрлі өлшемдердің бір-біріне және тұтас бөлікке қатынасын білдіреді, -деп көрсеткен. Пропорциялық өлшемдер сұлулықты бере білу мүмкіндігін анықтайтынын айтады. Ол жарық және көлеңке құбылысы көріністерінің жүйесін зат сұлулығының белгісі ретінде таныған. Пропорция - латынның proportio сөзінен шыққан, өлшемдес деген мағынаны білдіреді, зат бөліктерінің ұзындығы бойынша өзара сәйкестігімен анықталады. Греция мүсіншісі Поликлит Канон атты кітабында Дорифор мүсінінің пропорциясы дұрыс деп есетеген. Ол адам басы денесінің 17 бөлігін, бет пен қол саусақтары 110, ал аяқ 16 өлшемдер, негізгі дұрыс пропорциялық өлшем ретінде алған. Мұндай пропорциялық сұлулық қатынастарға байланысты әр халықта, әр дәуірде, әр түрлі пікірлер мен көзқарастар болды.
Этнодизайн бұйымдарын жобалаудың ұстанымдарын көркемдік білім ретінде анықтау барысында Б.В.Иогансонның жарық пен көлеңке туралы айтқан пікірімен санасу керек. Суретші Б.В.Иогансон (1893ж.-1973ж.) жарық және қараңғының контрасы - композиция тәсілі,-деп көрсетеді [14]. Жарық пен көлеңкенің деңгейлерінің бір-біріне қатынасы - зат формасын анықтап, оның образын ашуға қажетті көркемдік ерекшеліктің бірі ретінде тануға болатынын бағдарлайды. Ол өнердің шығармаларының қайсысы болмасын, ол тұтас болу шарт,- екендігін атап айтқан. Бұл нұсқауды этнодизайндық бұйым формасының тұтастай болуы қажеттігін көрсететін талап ретінде тануға бағыт болады. Көрнекті суретші және педагог Александр Дейнека Александрович (1899-1969жж.) Сурет сала біл атты еңбегінде бейнелеудің жарық пен көлеңке заңдылығы қатарына бірнеше түсініктер қосады. Мұндай ережелерге пропорция туралы ілімді, симетрия, ритм, статика және динамика, сондай-ақ перспектива заңдылықтарын қосқан[15]. Бұл ой қорытындысы мен заңдылықтарды сақтау қажеттігін біз этнодизайнерлік бұйым жобасын жасағанда басты ұстаным ретінде тануымызға болады.
Этнодизайн бұйымдарын жобалаудың ұстанымдарын көркемдік білім беру бірлігі ретінде анықтауда Италиялық ғалым, сәулеткер, суретші Альберти Леон Батистаның композиция туралы пікірі дұрыс бағыт-бағдар береді. Композиция латынның compositio сөзінен аударғанда шығарма немесе құрастыру деген ұғымын білдіреді. Альберти Леон Батиста (1404-1472жж.) Кескіндеме туралы үш кітап атты еңбегінде ... жазықтық бетінің композициясынан денедегі әсемдік деп аталатын құбылыс туындайды. Дене бетінің үлкен немесе кіші, шығыңқы немесе ойыс болуы мүмкін,- деген [16]. Сонымен қатар, ол дене мүшелеріне ерекше мән берген. Кейбір дене мүшелері бір - біріне жақсы сәйкес келеді, бұл өлшемдері, түрі, түсінің барлығының бірғана сұлулыққа сәйкес келуі тиіс екендігін көрсетеді. Әр дене мүшесінің атқаратын қызметі болады, әр мүше іс-әрекетсіз қалмауы керек деген ойды айтады. Ол дене мүшелерін, композиция элементі ретінде қарастырады. Л.Альберти дененің қозғалысына ерекше мән беріп қарайды.
Өзінің композиция туралы пікірлерінде картина кеңістігін ұйымдастыру үшін ғылыми негізделген ұстанымдар қажеттігіне Г.С.Савицкий (1887-1949жж.) ерекше көңіл бөлген. Г.К.Савицкий Картина туралы атты еңбегінде композициялық орталық ұғымына ерекше мән берумен қатар тепе-теңдік, холстың толуы, бейнелердің байлығы ұғымдарын композиция заңдылықтары деп есептейді. Ол ең бағалы композиция - еш нәрсені алып тастауға немесе бірдеңені қосуға болмайтын композиция деп айтып өткен. Бұны этнодизайндағы жобалау үдерісінде қолдануға болатын қағида ретінде тануға болады. Сонымен қатар, форма мен мазмұнды композициядағы маңызды белгі ретінде таныған [18]. Көркемдік білім беруде композициялық құралдары туралы ұғымның мәнін ашу орынды саналады. Бұйым композициясы мен композициялық құралдарының мақсатқа бағынушылығын келісімділік заңы нақтылайды. Оларды бұйымның орналуы мен пішіннің органикалық бірлігі, материалдың пішінге және бұйымның арналуына сәйкестігі, материал мен сәндік әрлеу бірлігінің киімге арналуы мен пішінге сәйкестігі. Осыдан келе әрлеу сипаты, оның түрлері мен орындалу техникасы анықталады. Бұйым композициясындағы өлшем шамалылығы келесі факторлардың және бұйым элементтерінің сандық арақатынасымен анықталады: олар бұйым көлемнінің жарасымдылығы және дене бітімінің шамалылығы материалдық түсі мен фактурасы; бұйым бөліктері; әрлеулер болып табылады. Композициялық әдістерге пропорция, статика, динамика, симметрия, ассиметрия, ырғақ, қарама-қайшылық жатады [19]. Бұлар жобалау үдерісінде басшылыққа алатын негізгі тіректер ретінде қарастырылады. Жоба жасау барысыда композиция маңызды қызмет атқарады. Кез келген бұйымның бейнелілік шешімі композициялық орталық арқылы айқындалады. Бұйымның композициялық орталығының нақты айқындалуы негізгі бұйым қызметіне байланысты. Кез келген бұйымның композициялық орталығы болады. Композицияның күрделі түрлерінде бірнеше композициялық орталық болуы мүмкін, олар өзара байланысты болғанымен, олардың арасында жетекші орталығы болады. Композиция осы көрсетілген заңдылықтар мен ережелер сақталғанда ғана тұтас болуы мүмкін, себебі композиция тұтастығы бүкіл компоненттердің байланысына құрылады. Композиция ұқтастығында артық элементтің болуы мүмкін емес. Сонымен бұйымның көркемдік сапасы пішіндегі барлық элементтердің бірлігіне келісімділігіне, пропорционалдығына, композициялық орталығына және тұтастығына байланысты болады.
Этнодизайн бұйымын жобалау мәселесін шешу барысында композициялық жобалау ізденісі нақты әдістемелік шешімге негізделеді. Композиция құрамдау әдістерінің таңдалуы көркемділік ойға, бейненің мазмұнына және бұйымның тұрмыстық қажеттілігіне айналуына байланысты. Олардың қолданылуы бұйымдарға қойылатын функциялық және форманың құрылымдық талаптарына сай болуы қажет. Бұйым композициясының негізін - бұйымның форма бөліктерінің жиынтығы, көлемдердің арақатынасы, бұйымның жалпы өлшемдерінің шамаластығы, оның силуэті құрайды. Форманың мәнерлік деңгейі осы негізгі көлемдердің өзара үйлесімділігіне, құрылымы және бұйымдағы табылған жалпы пропорцияға байланысты. Форманың мәнерлік деңгейі осы негізгі көлемдердің өзара үйлесімділігіне, формадағы және бұйымдағы табылған жалпы пропорцияға байланысты. Композиция - форма элементтерінің жазықтықта немесе кеңістікте бірігуі мен байланыстарынан құрылатын жүйе. Көркемдік форманың ең басты элементі ретінде композиция бұйымға бірлік пен тұтастық береді, оның компоненттерін өзара бағыныңқылыққа және тұтастыққа келтіреді.
Этнодизайнда композиция форма құрылымының жалпы заңдылықтарын айқындайды. Композиция мақсаты - конструктивті, функционалды, эстетикалық құндылығы бар утилитарлық аяқталған заттың көркемдік формасын жасау. Бұйым композициясы - бұйым бөліктерінің бейнелі, көркем-идеялық мағынасын аша отырып, тұтастыққа біріктіру. Бұйымдағы көркемдеу материалы ретінде ою-өрнектер, нүкте, сызықтар танылады. Композиция қасиеттері арасында дизайнерлер пропорцияны жоғары бағалайды. Пропорция ұғымы - күрделі бүтіннің ішіндегі құрама бөліктердің байланысы, яғни, бір өлшемнен екінші өлшемге бағытталған қозғалыс деп түсініледі.
Этнодизайн бұйымдарын жобалаудың ұстанымдарын анықтауға Фердинанд Ходлердің, Леонардо да Винчидің, Иван Николаевич Крамскойдың түс, колорит туралы пікірлері мен анықтамалары негіз болады. Швеция суретшісі Фердинанд Ходлер (1853-1913жж.) Түс затты сипаттайды және диффиренциялайды, ол тіпті безендіру ұтымдылығымен де көрінеді. Бояудың ғажаптығы бәрінен бұрын оның аккордтарында, бірғана түстің нюанстарының қайталануында,-деп анықтаған. Бұл анықтама бізге этнодизайн бұйымдарының мәнін ашудағы түстің рөлін айқындай түседі. Этнодизайн бұйымдарының түсі тұтыну қажеттігі мен сұранысынан бастау алады, түс бұйымның образын ашуға қызмет етеді. Сондықтан, этнодизайнерлік жобалау үдерісінде түстің байлығы - аккордтары мен нюанстары байлығымен де сипатталатындығын көруге болады. Италия кескіндемешісі, мүсінші, сәулетші Леонардо да Винчи (1452-1519жж.) әрбір дененің бетіндегі түске, оның қарсы бетіндегі басқа заттың түсінің қатысы бар екендігін айтқан. Бұл этнодизайн бұйымындағы бөлшек түстерінің бір-біріне әсері - бұйым көрінісіндегі түстердің сипатын байыта түсетін әсемдік көрсеткіш ретінде бағаланатынын аңғартады. Көркемдік білім беруде бояу түстері туралы білім беру мәселелерін оқыту негізгі білім беру мәселесінің бірі ретінде танылады. Этнодизайн бұйымын жобалауда бұйымның бойындағы түсі мен сызықтары көрерменге түстік әсерлері болатыны ескеріледі. Ал бұйымның түстік әсері физиологиялық, психологиялық тұрғыда, яғни, түсті қабылдау, сәуле, бұрыш, өлшем, форма, жазықтық бағыты мен арақашықтықтарды салыстыруда пайда болады. Әсіресе түстік үйлесімділікті қабылдауда көзбояушылық әсер күшті байқалады. Ұзындықтары бірдей екі кесіндінің біріншісінің ұшы сүйір ал екіншісі доғал болса онда, біріншісінің көлемі ұзын болып көрінеді, екіншісінің ұзындығы қысқа болып қабылданады. Ал егер ақ және қара түсті жүк автомобилдерінің ақ түстісінің салмағы жеңіл болып көрінсе, қарасының салмағы ауыр сияқты болып қабылданады.
Кітап иллюстрациясының шебері Евгений Адольфович Кибриктің айтуынша өнердегі идея тақырыпта емес, ол бірінші кезекте суретшінің өмірге деген қатынасында, бұл суретші қолға алған өнерінің мазмұнын құрамдайтын барлық тақырыбында көрініс табады. Суретшінің шығармашылық ойының алғашқы сатысы интуиция және талдау. Көркемдік шығармашылықтың бірінші кезеңі - интуитивтік, келесі кезеңі - орындалғанды талдау. Тек қана интуиция мен талдау гармониялық біріккенде ғана аяқталған шығарманы жасауға болады. Шығармашылық интуиция суретшінің дарындық белгісі. Суретші Е.А.Кибрик тұтастық композицияның барлық элементі - өзара бағынышты және байланысты бола отырып, суретші ойының жүзеге асуына жұмыс жасайды, тұтастық композицияның бөлінбеуі, қосалқылардың орталыққа бағынуын, композицияның басты заңдылығы деп ойлайтындығын айтқан. Е.А.Кибриктің айтқан пікірлері дизайнерлік жобалау үдерісінде қолдануға қажетті қағидалар болып табылады. Көрнекті өнертанушы Михайл Владимирович Алпатов (1902-1986жж.) Кескіндеме композициясы атты еңбегінде - кескіндеме мен композиция шығармаларына өнертанымдық сипаттама береді. Кескіндемедегі симетрия мен ритмге қатысты айтқан пікірлері: симметрия - белгілі құрылымдық бөліктерінің айналық сәйкестілігі, ритм - белгілі мотивтің бірнеше интервал арқылы үлкен немесе кіші өлшемдермен қайталануы[20].
Көркемдік білім беру бірлігі ретінде этнодизайн бұйымдарын жобалаудың ұстанымдарын анықтауда К. Ф. Юонның, В.А.Фаворскийдің, Ченнини Чениноның пікірлері бағалы. Жанрлық және тарихи композициялардың, пейзаждар мен портреттер авторы, композиция теориясын зерттеумен айналысқан, орыс, кеңес суретшісі - Константин Федорович Юон (1875-1958) кескіндеме мен оның техникасы туралы бағалы пікірлер айтқан. Тембр - кескіндемедегі бөліктің немесе тұтастықтың өзіндік ерекшелігі бар түстердің құрылымын анықтайтын түсінік. Тембр - кескіндеменің нәзік ерекше қасиеті. Нюанс - бейнеленген түстің өте нәзік дақтары екендігін анықтаған. Валер - француздың дәстүрлі сөзі, кескіндеме шығармасының жетістіктерін талдау барысында қолданатын термин. Ол түстің қандайда бір қасиетін білдірумен қатар, түстердің сапасы, жарықтық және техникалық-фактуралық жағын, сондай-ақ, кескіндеменің өзінің де сапасын көрсетеді [18]. К.Ф.Юонның айтуы бойынша, контур сызық дегеніміз - адамның, жануарлардың немесе заттың сыртқы көрініс сұлбасын беретін сызық. Кейбір суретте контур қосымша сызық емес, қосалқылары алып тасталған, тек қана негізгілері қалдырылған нысанның формасын, көлемін және қозғалысын беретін мүмкіндігі ретінде көрінеді. Сонымен бірге К.Ф.Юон картинаның бейнелігі суретшінің картина жазықтығына адамдарды және оны қоршаған заттарды, шығармадағы басты ойды көрерменге түсінікті етіп шеберлікпен орналастыру болып табылатындығын көрсеткен[17]. Бұл пікірлер этнодизайн бұйымдарын жобалау мен безендіруге қажетті және негізге алатын теориялық материал ретінде қабылданады. Көркемдік білім беру бірлігі ретінде анықтауда түстану заңдылықтарының орны ерекше бағаланады: жылы түстер, суық түстер, ахроматикалық түстер, хроматикалық түстер, локальді түстер, түстердің қасиеті, түстер бөлігі, түстердің жарықтануы т.б. болып табылады. Түстер заңдылықтары этнодизайн бұйымдарын жобалау мен талдау барысында қажетті мүмкіндіктердің бірі ретінде танылады.
Этнодизайн ұстанымдарын анықтауда модельге байланысты мына ұғымдар ерекше бағаланады: модельдің сыртқы формасы, модельдің жеке бөлшектерінің формасы, модельдің қызметі, модельдің түсі, модельдің безендірілуі, модельдің жаңашылдығы, модельдің тұтастығы т.б. Этнодизайн бұйымдарының композициясын жобалауда - жазықтық, пропорция, форма мен мазмұн, уақыт, симметрия, ритм, статика мен динамика, перспектива, алтын қима, жоба идеясы, композициялық орталық, композицияның негізгі элементтері, композицияның қосалқы элементтері, интуиция мен талдау, контраст, қозғалыс, жаңашылдық, бейнелілік, тепе теңдік, тұтастық, композицияның пластикалығы көрсеткіштерін сақтауды талап етеді.
Көркемдік білім берудегі этнодизайн ұғымы - бұл өндіріс бұйымдарын көркемдік-техникалық жобалау үдерісі мен нәтижесі, олардың кешені мен жүйесі, тұтастай алғанда жасалатын нысандардың, ортаның адамның тұтыну, эстетикалық қажетсінуі мен неғұрлым сұранысқа толық сәйкес келуіне бағдарланатын шығармашылық әдіс. Дизайн (design) - ағылшын сөзі, жобалау, ойлау, сызу деген мағынаны береді. Ол өндірістік әдіспен тұрмыстық бұйымдарды жасап шығару және заттық ортаны лайықты қолдануды қалыптастырумен айналысады. Жобаның образы - дизайнер жасаған тұрмыстық немесе өндірістік заттың қолданыс және тұтынудың әртүрлі факторы есептелген көркемдік формасы. Конструктор - моделерлер пішу жүйесі және жаңа конструкцияларды жасап шығарады. Инженер - технологтар бұйым жасаудың жаңа технологиялық әдістерін табады [19]. Дизайнерлер дизайнның жаңа жобасын жасаушылар мен өндірушілер деп екі бағытта қарастырылады. Дизайн ұғымы 1990 жылдарға дейін біздің елімізде көркемдік құрастыру ұғымымен байланысты қарастырылса, мұнан кейінгі жылдары ауқымы кеңейіп, жаңа модель жасау, оны жобалау мен өндіру іс-әрекеттерімен байланысты таныла бастады. Дизайн түрлері сәулет, киім, көлік, жиһаз, транспорт, этнодизайн түрлері жайлы ақпараттармен көбейе түсті. Этнодизайнның көркем бұйымдардын талдау - дизайн мен бейнелеу өнеріне қатысты заңдылықтар мен ережелердің мәнін түсінумен байланысты анықталады. Этнодизайнның көркемдік ерекшеліктерін, бейнелеу ережелері мен заңдылықтарын анықтау бағытында ұлы суретшілер, дизайнерлер мен өнертанушылардың пікірлерінің маңызы арта түседі.
Қазіргі көрнекті этнодизайнерлер Нидерландының кескіндемешісі Карель Ван Мандер айтқандай, таңдап алған сюжет талап еткендей, белгілі ережелер мен заңдылықтарға сәйкес қимыл жасау қажеттігін имидждік коллекцияларды жасау барысында, өндірістік және коммерциялық бұйымдарды жасау үдерісінде ұтымды қолданады. Қазіргі этнодизайнның эталоны - жобалаудың синтетикалық әдісі болып табылады. Оған келесі кезеңдерден тұратын әдістер жатады: этнодизайндық шешім қабылдауды талап ететін жағдай, қазіргі бар үлгілер, бұйым формасы, пішімі, материалы, тұтастай мода образының технологиясын нығайту немесе күрделендіру бойынша өзгертуге деген қажеттіліктің пайда болуы. Дизайнның бұл жағдайында да кейбір жеке моменттерді қарап шығумен қатар, бұл кезең де конструкцияға және бұйым технологиясына қатысты модаға прогноз жасаумен, мода талабын зерттеумен тікелей байланысты; әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асуы үдерістің ең жауапты кезеңі. Идеялық жобаланған бұйым осы талаптардың бәрін ұсақ түйегіне дейін қанағаттандырады, сондықтан сын мен алдын ала қамдастырылған қимыл - кәсіби дизайнердің маңызды сапасы болып табылады. Бағалау алғашқыда минуттық іс болып көрінгенмен, жобаның белгілі кемшіліктерін табуға арналған салмақты уақытты талап етеді. Бұл жағдайда құлаған және қате кеткендердің өзінің тәжірибелік сабақ болатын жақтары болуы мүмкін.
Көркемдік білім беруде этнодизайнның жеке ұғымдарының мәнін ашып алуымыз қажет. Ұлттық бұйымды көркемдік талдау барысында бұйымдар дайындалатын материалдар, зат формасы, көлемі, пропорциясы, сән әшекейлерінің композициясы, колориттік шешім мен түр-түс символикасы, ою-өрнектердің құрылымдық жүйесі, мерекелік-сәнділік қызметі мен қолданылуы қызметі негізгі көркемдік сапа көрсеткіштері ретінде алынады. Көркемдік жобалаудың өзін бұйымның формасымен, материалымен, түсімен, тұтынушылар психологиясының ерекшелігімен, дайындау үдерісінің технологиясымен, мода талаптарымен, қолданыс аясымен арасындағы байланысымен қосып бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Бірінші кезең - жобалау нысаны жайлы жағдайды қорыту, ой елегінен өткізу үдерісі. Екінші кезең - мәселе бойынша визуалдық әсерді теориялық материалды, тәжірибені жинақтау немесе дайындық кезеңі. Үшінші кезең - жинақталған материалды талдау мен ой елегінен өткізу, алғашқы эскиздеу, образ, форма, идея іздеу. Бұл үдеріске логикалық ойға, ассоциациялық іс-әрекетке жауапты болып табылатын мидың жарты шарында идея қайта өңделіп жатады. Бұл әлі танылып бітпеген инкубация кезеңіне сәйкес келеді. Инкубациялық қызметтің нәтижесі инсайт - таңжарықтың пайда болуы, жауаптың интуитивтік жауабының табылуы болып саналады. Төртінші кезең - идеяны жасап шығару және нақтылау кезеңі, бөлшектерді жасау және оны түсініктеу. Бесінші кезең - конструктивтік, техникалық шешімін табу және бұйымды материалда жүзеге асырудың қорытынды ізденісі. Бұл кезеңде дизайнер өндіріс ерекшелігіне байланысты әдепкі шығармашылық ойдан едәуір қайтуы мүмкін. Алынған өнімнің әлеуметтік талаптарының көрсеткіштері ретінде танылатын оның функционалдық, тұтынушылық, эрганомикалық және эстетикалық қатынасы жағынан жеткен жетістікті бағалау жүзеге асады.
Білім беру туралы тарихи мәліметтер мен ұғымдардың мәнін аша кететін болсақ, өткен дәуір біздің есімізде пішу және сызық, үлкен стильдер туралы түсініктер қалдырды. Дами келе бүгінгі модаға қол жеткізіп отырмыз. Ресей дизайнері И.Ялышева бүгінгі мода саналы деңгейдегі өткеніміздің көрінген образы екендігін көрсетеді. Валинтин Юдашкиннің айтуынша кез келген коллекцияның тақырыбы, костюмдегі стиль халықтың өмірі мен мәдениетінен туады. Стиль туралы талдау жасаудың көркемдік білім берудегі орыны ерекше. Этноизайн бұйымдарын жобалау шығармашылық үдеріс ретінде интуицияға және батыл ойларға сүйенеді, бірақ интуиция және батылдық қазіргі дәуірдің әлеуметтік, техникалық және мәдени дамуына сай келетін терең де универсалдық білімге ғана негізделеді. Костюмдегі стиль - дегеніміз киім образының толық қанды шығуын қамтамасыз ететін бейнелеу әдістері және көркемдік мүмкіндіктері. Моделдеу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz