БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ӘӨЖ 370. 113: 373. 222 Қолжазба құқығында

CЕЙТҚҰЛОВА ЖАНАР


БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


6М010100 - МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәреже алу үшін магистерлік диссертация

ТҮРКІСТАН - 2013

Диссертация Халықаралық қазақ - түрік университетінде орындалған

Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымының
кандидаты, доцент
Кішібаева Д.Ж.

Ресми оппоненті: педагогика ғылымдарының
кандидаты, доцент
Аңламасова Г.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Зерттеудің өзектілігі. Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары.
Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс .
Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды.
Елдігімізді алып, еңсемізді тіктеп, тәуелсіздігімізді баян - ды етіп келе жатқан жылдар ішінде Пре - зидент білім мен ғылым саласына қа - жеттің барлығын мүмкіндігіне қарай жасап келеді. Н.Назарбаев Білім туралы Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Өткен жылы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасында Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз дегені мәлім. Сондықтан жеке тұлғаның патриоттық тәрбиесін қалыптастыруда мәдени және рухани құндылықтардың алатын орны ерекше. Мектепке дейінгі ұжымдары алдына мынадай міндеттер қойылуда: - жаңа технологияны пайдалана отырып тәрбиешілердің жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау; - тәрбиешілердің білігін жетілдіру, алған білімдерін оқу-тәрбие жұмыстарында шығармашылық шеберлікпен қолдану, кәсіби деңгейін жоғарылату; - сапалы білім беру үшін тәрбиеші жұмысының мазмұны мен технологиясын диагностика мен мониторинг арқылы жаңартып отыру; - авторлық бағдарламасы бар тәрбиешілерге қолдау көрсету; - интерактивті әдісті пайдалану арқылы тәрбиешілердің белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту, құзіретті тұлғаны қалыптастыру; - бала-бақша тәрбиесінің маңызын арттыру барысында педагогикалық ұжымдардың жұмысын одан әрі дамыту.
Шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мәселесі Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында да білім беру мекемелерінің ең негізгі мақсаты дүниетанымдық, құзырлық, шығармашылық деп атап көрсетілген. Осы "шығармашылық" ұғымына "... адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі" ретінде сипаттама берілген. Білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер біздің елімізде орын алып қалыптасып келеді. Жеке тұлғаның қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштаудағы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды, білім берудің озық технологияларын пайдалануды жатқызуға болады. Оның себептерінің бірі қазіргі таңда ғылым мен техниканың дамуына, технология ғылым саласының озық жетістіктерінің өндіріске көптеп өзгерістер енгізуіне байланысты мектепке дейінгі мекемеде шығармашылық тұлғаға тән білім беру қажеттігі. Шығармашылық - мәдени немесе материалдық құндылықтарды өз ойы бойынша жаңадан жасау ретінде жинақталғаны, әрі ол ойлаудың жоғары формасы болып табылады. Болашақ тәрбиеші әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында қол жеткізген жетістіктерін меңгерумен қатар өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада мол табыстарға қол жеткізеді.
Шығармашылық - тұлғаның ізденімпаздық қабілет сапасын дамытудың негізгі өзегі болып табылады. Себебі өмірдегі құндылықтардың барлығы да жаңашылдық бағыттар арқылы ғана іс-әрекетке тұрақты шығармашылық қызығушылық нәтижесінде танылып, болашақта өміршең дамуына мүмкіндік алады. Сондықтан шығармашылық ізденісті тәрбиешінің дамуына, оның рухани жетілуінде мәні терең, мотивациялық, білімділік бағдар құндылығы ретінде танылуының маңызы зор. Зерттеу барысында зерделенген маңызды мәселелер: оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзекті бағыттары (А.Е.Әбілқасымова, Р.А.Жанабаева, С.С.Смаилов, М.Н.Сарыбеков, О.С.Сәлімбаев, Е.Омар, Қ.А.Аймағамбетов, Л.К.Керимов т.б.), болашақ мамандарды дайындаудың теориясы мен практикасы (Б.К.Момынбаев, А.А.Саипов, М.Ә.Құдайқұлов, Қ.Қ.Жанпейісова, А.А.Бейсенбаева, А.А.Жолдасбеков, О.С.Сыздықов, Б.А.Тойлыбаев, А.Ғ.Қазмағамбетов, Т.М.Әлсатов, Л.Байсерке, В.А.Ким т.б.), мұғалімдердің біліктілігін көтерудің жаңашылдығы (Ш.Таубаева, Б.А.Тұрғынбаева, Б.А.Әлмұхамбетов, Е.Қозыбаев, Ә.К.Қағазбаева т.б.), қазақ этнопедагогикасының негізінде жеке тұлғаның жан-жақты дамуы теориялық-әдіснамалық тұрғыдан қарастырылуы (Қ.Б.Бөлеев, Ж.Асанов, С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, Р.Қ.Дүйсенбинова, Қ.Б.Жарықбаев Х.Шалғынбаева, Ә.Табылдиев т.б.), жеке тұлғаның креативтілік қабілетін дамыту және көркем өнер шығармашылығын жетілдірудің бағыттары (Б.Оспанова, Қ.Ералин, І.С.Сманов т.б.), зерттеулерінің маңыздылығы жоғары. Шығармашыл тұлғаның, шығармашылық қабілеттердің болуы адам қанындағы құрамның өзгешелігімен сипатталады деген пікір ХХ ғасырдың 20-жылдарына дейін үстем болды. Кеңестік кезеңіндегі психологиялық-педагогикалық ғылыми зерттеулер шығармашылық қабілеттердің нышаны кез келген адамда болатыны дәйекті түрде дәлелденді. Оқушыларыдың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін педагог-ғалымдар Я.А.Пономарев, Ш.А.Амонашвили, Н.Ф.Талызина , Л.И.Божович , Д.Б.Эльконин және т.б. қарастырған.
Білім берудің шығармашылық бағыттылығын күшейту, болашақ тәрбиешінің қабілеттілігін дамытуға басшылық жасаудың мақсатты - бағыт-бағдар беру. Ал оларға педагогикалық ықпал ету - педагогикалық ғылымның негізгі мәселелерінің бірі. Ғылым мен техниканың, өндірістің, табиғат жөніндегі білімдер жүйесінің дамуы білім беру мазмұнының барлық құраушы элементтерінің мазмұндық өзгерісіне алып келеді Шығармашылық қабілеттердің өзі де білім базасына, іс-әрекеттердегі технологиялық процестерді жүзеге асыратын іскерліктерге байланысты болып табылатыны белгілі. Осы тұрғыдан қарастырғанда пәндік білімдер мен іскерліктердің болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға маңызы ерекше болары айқын. Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мәселесі Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасын Білім туралы заңында білім беру мекемелерінің ең негізгі мақсаты дүниетанымдық, құзырлық, шығармашылық деп атап көрсетілген. Аталмыш құжатта "шығармашылық" ұғымына "... адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі" ретінде сипаттама берілген .Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында былай делінген: "Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен шығармашылық пен таным субъектісі, құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен болашақ тәрбиешілерді баурап әкететін субъект ретінде бедерленеді" . Бұл айтылғандар білім берудің басты мақсаты тәрбиешілерге дүние заңдылықтарын, фактілерін таныту дегенді аңғартады. Оқу-тәрбие үрдісінде болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін арттыру жағын ойластыруды алға тартады.Елімізде білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер орын алып қалыптасып келеді. Солардың қатарына тәрбиешілердің қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштаудағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, оқытудың озық технологияларын пайдалануды айтуға болады. Оның себептерінің бірі қазіргі таңда ғылым мен техниканың дамуына, технология ғылым саласының озық жетістіктерінің өндіріске көптеп өзгерістер енгізуіне байланысты жоғары оқу орындарында шығармашылық тұлғаға тән білім мен іскерлікті беру қажеттігі.Шығармашылық - мәдени немесе материалдық құндылықтарды өз ойы бойынша жаңадан жасау ретінде түсінілетіні белгілі, әрі ол ойлаудың жоғары формасы болып табылады. Бүгінгі таңда шығармашылықтың саласы көп, әр сала бойынша іс-әрекет нышандары әркімде болатынын, бірақ оны дамыту керектігін еліміздің психологтары ХХ ғасырдың бас кезінде зерттеулер барысында дәлелдеп көрсеткен. Шығармашылық тұлға - бұл шығармашылыққа деген тұрақты да жоғары қызығушылығын білдіретін, шығармашылық қабілетті қалыптастырудың бірлігінде көрінетін, оған бір немесе бірнеше әрекет түрлерінде, жеке мәнді шығармашылық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Шығармашылық тұлға қабілеттер арқылы көрініс табады. Ол көріністер адамның қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері, немесе адамның психологиялық қасиеттерінің жиынтығы ретінде айқындалады. Шығармашылық қабілет жөнінде өз ойларын көптеген ғұламалар еңбектерінде жазып қалдырған. Ал, 60-жылдардан бастап жалпы білім беретін мектептерде,жоғары оқу орындарында оқыту процесінде болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту жөніндегі зерттеулер жүргізілді.Қабілеттер жайлы, оның адамның еңбектік сферасына байланысты зерттеулер жүргізілді. Мәселен, математикалық қабілеттер (Жарықбаев Қ ), педагогикалық қабілеттер. Сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту және т.б. мәселелер бойынша зерттеудің жаңа бағыттары белгіленді .Республикамызда шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша бірқатар зерттеулер жүргізілді. Оқытудың шығармашылық бағыттылығын күшейту, болашақ тәрбиешінің қабілеттілігін дамытуға басшылық жасаудың мақсатты - бағыт-бағдар беру. Ал оларға педагогикалық ықпал ету - педагогикалық ғылымның негізгі мәселелерінің бірі. Қарастырылған жұмыстар мыналар: шығармашылық қабілеттер, қабілеттерді дамыту, шығармашылыққа баулуды ұйымдастыру мәселесінің зерттелгендігін, сол сияқты болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыру әлі де ғылыми зерттеулерде өз дәрежесінде көрініс таппағандығы. Демек, болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыру арнайы зерттеу нысанында болмағандығы айқын. Елімізде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай талабына сәйкес болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыру мәселесін педагогикалық тұрғыдан шешу қажеттілігі мен мәселенің бала бақша тәжірибесінде өз дәрежесінде іске асырылмауы арасындағы қарама-қайшылықтар біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыру деп алуымызға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негідеу және оны жүзеге асырудың педагогикалық жолдарын, шарттарын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
oo Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастырудың педагогика ғылымындағы зерттелу теориясын анықтау;
oo Тәрбиешілердің шығармашылық қабілетің қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық мәнін қарастыру;
oo Тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықтау;
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық жолдарын қарастыру;
oo Тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыруда қолданылатын әдіс-тәсілдерді пайдалану
Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, зерттеу мәселесі бойынша алдыңғы қатарлы бала-бақша тәрбиешілерінің іс-тәжірибесін зерделеу, талдап қорыту, оқу-әдістемелік құжаттарды талдау, болашақ тәрбиешілермен сауалнама жүргізу, әңгімелесу, оқудағы және сабақтан тыс шұғылданыстарындағы іс-әрекет нәтижелерін бақылау, зерделеу, педагогикалық-тәжірибелік жұмысы және әдістерді пайдалану.
Зерттеу көздеріне психолог, педагог - ғалымдардың жоғары оқу орындарындағы болашақ тәрбиешілерді шығармашылыққа баулу, шығармашылығын дамыту жөніндегі еңбектері, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінің құжаттары (Конституция, Білім туралы заң, гуманитарлық білім беру және білім мазмұны тұжырымдамасы, Қазақстан -2050 Жолдауы және т.б.) оқу жоспарлары, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бағдарламалары, оқулықтары мен әдістемелік құралдары, диссертанттың бала-бақшадағы тәжірибелік- педагогикалық жұмыстары алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- шығармашылық қабілетті қалыптастырудың психологиялық, педагогикалық мәні айқындалды;
- "шығармашылық", "шығармашылық қабілет" ұғымдарының мазмұны нақтыланды;
- болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін" қалыптастырудың педагогикалық жолдары анықталды;
- болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы педагогикалық тапсырмалар жүйесі нақтыланды;
- болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастырудың әдістемесі теориялық тұрғыда негізделді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыруда мынадай нақтылы мәселелердің шешімін табумен анықталады;
- болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер жетілдірілді;
- жұмыстағы әдістемелік талдаулар мен ұсыныстар оқу процесінде болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыруда қолданылады;
- мектепке дейінгі оқыту мекемесінде оқытылатын оқу пәндерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруды ғылыми тұрғыда айқындау
Болашақ тәрбиешілердің кәсіби шығармашылық белсендігін қалыптастыру
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыруда ұлттық тәрбиеің мәні
Мектепке дейінгі дайындық пен бастауыш сынып арасындағы математикалық білім мазмұнындағы сабақтастық
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Балабақша мен мектеп жұмысының сабақтастығы
Мектепке дейінгі мекемеде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басшылық
Балабақшадағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы әдіскердің рөлі
Пәндер