Костюм композициясының түсі, декоры және фактурасы



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

І КІРІСПЕ

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Костюм композициясының түсі, декоры және фактурасы
2.2 Қазақ Ордасының сән үлгілерінің техникалық эскизі, сырт түрінің сипаттамасы
2.3 Конструкцилау әдістемесін таңдап негіздеу

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз Tүркі жұртының мұраты -- Мәңгілік Ел деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін -- Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі -- бірлік, берекесі. Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз -- Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз, -- деді Мемлекет басшысы.
Еліміздің тәуелсіздік даңғылындағы дәстүрлі қазақ мәдениетіміздегі әйел киімдерінің мән - мағынасын айқындаудың өзектілігі қазіргі өркениет мәдениетінде өте сұранысқа ие болып жатыр.
Әлемдегі әр түрлі елдердің дәстүрлі халықтық костюм үлгілері қазір де сән жасаушылар үшін шықармашылық жаңалықтардың негізгі бастауы болып отыр және де қандай жағдайда болып отыр және де қандай жағдайда болмасын арналып тігілген киімдердің бәрінен де өзінің нақты көрінісін табуда. Бір сәт тарихқа көз салсақ, әрбір дәуірдің және әрбір халықтың өзіндік көркем стилі қалып тасқан. Белгілі бір стильдің өзінде киімнің жеке бөліктерінде өзгерістер болады және бұл киім тарихында сән ағымы деп аталады. сән аіымына байланысты киім жаңарып отырады.
Дизайн стиль қалыптастыру процесінде көркемдік пішін қалыптастырудың әр түрлі аспектілеріне тікелей байланысты болады, ұлттық дәстүрді де есепке алады. Халқымыздыдың дәстүрлі мәдениетініңсәндік қолданбалы өнерінің құрамдас бір бөлігі болған қазақ әйел киімі ерте заманнан бастау алып , қазіргі уақытта оның көркемдік, мәднени - рухани, әлеуметтік тарихи заңдылығы, ерекшелігі өзіндік маңыздылығымен және елімізде өзінің өзектілігін қазіргі жаһандану дәуірінде арттыра түсуде. Жалпы киім қызметінің барлық жүйесі әлеуметтік өмірдің негізгі бағыттарынан бастау алып алып, адамның дүниетанымдық болмысында рәміздік белгі ретінде бейнеленді. Әр халықтың сан ғасырлық ұрпақ тәрбиесінде жалғасын тапқан өзіндік рухани тарихы, тағлымы, ой - пікірі, қорытынды түйіні философиялық жүйесі болып есептелетіні белгілі. Көне тарихи ұғымдар мен түсініктер қазақ мәдениеті мен өнерінде көбінесе өзіндік көркемдік нақышты бейнеде кескінделіп, адамзаттың мәдени - рухани дүниетанымдық құндылығын байытады.

Костюм композициясының түсі, декоры және фактурасы

Костюм композициясының түсін зерттеу ахроматикалық түстен басталады. Пішін, селует, түзу сызықтары мен барлық композициялық заңдылықтарын зерттеу үшін, әуелі оны ақ-қара графикасында көру қажет. Пішіні мен түсі үйлесімді байланыстыру өте қиын, сондықтан сызықтан, пигменттен, көлемнен, фактурадан тұратын пішінмен жұмыс істеп, содан кейін сұр түсті қосып, ахроматикалық композицияны өңдеуге көшу қажет.
Көркемдеу тәжірибесінде қара мен ақ түстер және олардың әр түрлі жарықтық қоспасынан тұратын үш реңкті композиция жиі қолданылады. Үш реңкті және оданда көп үйлесімділікке сұр түстің жарықтық реңк байлығы арқылы ақ пен қара түстің қарама- қайшылығы жұмсара бастайды. Бұл бір - біріне қарама-қарсы ахроматты түстер арасында сәйкестікке әкеледі.Жарықтың біртіндеп градациялануы деп бірте-бірте ақ түсті қарамен немесе қара түсті қарамен немесе қара түсті ақ түспен қанықтыру айтылады. Градацияда әр жарықтың реңкі айқын білінеді.
Мамандар осы тәріздес тәсілді түстің созымдылығы деп атайды. Түс созымдылығы тәсілінің градатациядан айырмашылығы әрбір ашық түс арасындағы өзгешелік айқын байқалмай, ақырын ақ түстен қара түске көшуінен көрінеді.
Түс костюмдегі күрделі қасиеттің бірі бола отырып, ең алдымен костюмнің қолдану мақсатына бағынышты. Костюм пішініне байланысты үлкен ақпарат көлемін бере алады және белгілі бір мағынада таңбалық қызмет атқарады. Ол адамға эмоционалды түрде әсер етеді , оның үстіне қазіргі стандартты костюм пішінінің әр түрлі моделінде түрлі-түсті маталар комбинациясы қолданылады.
Түс созымдылығы біртіндеп іске асу үшін оның құрамындағы градацияның саны бестен кем болмау керек, мысалы: қара, қара-сұр, сұр, ашық-сұр,ақ. Түс созымдылығы шектеулі гамма түстерімен жұмыс жасау дағдысын береді. Мәселен, таза сұр түстің жеті градациясын көзбен байқауға болады, ал егер әрбір бес созымдылық градациясына азғантай ғана басқа түс қосса, онда әр түрлі сұр түстің нәзік түрде үйлескен көп түрін алуға болады. Осы түстер созылымды ақ түс пен қара түсті қолдану арқылы контур, сызық, жиек түрінде қатар орналасады, қарсылас түс жиегін және пішін ішідегі қарсылас түс сапасын қолдану арқылы қызғылтым нәтижелерге жетуге, ақ түстің жылтырау және жалтыру эффектісін алуға, топталған созылмалы сұр түсті бірте-бірте қара түске жеткізуге болады. Түс үндестігін зетрреудегі келесі кезең шектеулі гаммаларды пайдалану болып табылады. Гамма шектеулігі ақ және қара түске тек бір түс қосумен түсіндіріледі. Бұған кез келген түсті алуға болады, мысалы, қоңыр түс. Қоңыр түстің ренктері өте көп: қоңыр марс, сепия, қызыл орха, шоколад, сүт қосылған кофе, қызыл ағаш, еменнің түсі, корица түсін алуға болады. Қоңыр түс барлық киімде кездеседі. Бұл- табиғи былғарының, күдерінің, үлбірдің түсі. Қоңыр түс өзінің қолайлылығымен, басқа кез келген түспен үйлесу мүмкінділігімен қызықтырады.
Осылайша, костюмде ақ, қара, сұр және қоңыр түстердің көптеген реңктерін пайдалана отырып, біз өзара ғажайып әрекет жасайтын шексіз нәзік түстердің үйлесімділігін аламыз. Костюмнің түрлі-түсті коллекциясының гармониясы көп жағдайда адам бейнесімен қаншалықты үйлесетіндігімен, оның жеке - даралық ерекшелігімен айқындалады. Костюм адамның түр-түсімен үйлестіріле киіледі. Мысалы, қоңыр қара түс қоңыр-қызғылт-сары шашты, көгілдір койлек көгілдір көздің түсін айқындап тұрады.
Адам терісінің түр-түсі өте әркелкі және күрделі, сондықтан костюм түсінде осы жағдайларды ескере отырып, қарсыластық немесе үйлесімділік принципін пайдалану қажет. Түс арқылы маусымдық киім де анықталуы мүмкін.Мысалы: жазғы костюмдер түс үйлесімділігінің ашықтығымен, ашық жасыл, аспан түстес, теңіз түстес, көк, топырақ түстес, жасыл түспен үйлескен ашық және ақ түстердің көптігімен ерекшеленеді. Қыстық костюм өзінің композициялық құрылымында қара және ашық, ауыр және жылы түстер үйлескен ақ сұр түске негізделеді.Көктемнің нәзік бояуының қысқы кезеңнен айырмашылығы- оның жеңіл, еркін, үйлесімді түс болғандығында.
Жас ерекшелігіне сай киім түсі үлкен рөл атқарады. Балалардың киімі үшін нәзік және ақ сұр түстер керек. Жасөспірімдер ашық, қарама- қарсы түстерді қажетсінеді, ал ересектер ақ сұр түстің үйлесімділігін қажет етеді. Түс костюм пішінін нұсқап тұрады. Қанық реңкті маталар күлтеленген, бүрмеленген, бүкпелері бар жұмсақ пішінді көйлектерге сәйкес келеді. Пүліш, барқыт, түрлі жүнді маталардың түсін тереңдететін фактуралар бар.Ашық маталарда фактурада ерекше көрінеді,сондықтан ашық және нәзік түстер қымбат маталарда көбірек қолданылады. Ашық түстерді шыттан гөрі ұсақ фактуралары жайма маталарда қолдану қолайлы. Өңсіз матадан жасалған костюмге неғұрлым бояуы қанық, түсін жандандыратын немесе соған жақын түс пигменттерін таңдау керек. Түрлі- түсті суретті маталардың негізіне композицияның құрама түстеріндегі бір түсін үнемі пайдалануға болмайды. Түс әсерін тұтас көріп алғаннан соң ғана түсті өңдеуді анықтауға болады. Киім түсін таңдауда жарықтандырудың маңызы зор, ол- күндізгі табиғи жарық немесе электр жарығы. Кәдімгі электр жарығын түсірген кезде, түс өзінің бояуы қанық болады, қызғылт сары түс қызарады, ақ сары түс ағарады, көгілдір түс жасылданады, көк түстің бояуы азаяды, қара көк түс қара түс сияқты болады, сия көк түс қызарады. Жасанды күндізгі жарық түстің өңін бұрмаламайды, себебі мұндай жарық түс күннің жарықтық спектрлік құрамына жақын келеді. Ашық ауада ақ түсті жазғы киім осы түсті жандандыратын рефлекстің көптігімен ұтады. Қою-қызыл түс кешкі жарықта жақсы қабылданса да, ашық ауада өте ауыр қабылданады.
Түс костюмнің барлық көлемдік- кеңестік құрылымымен байланысты болуы тиіс және бүкіл композицияның логикалық толықтауыш қызметін атқарады. Бұл жағдайда түсті костюм композициясының жоғарғы немесе төменгі бөліктерінің ауырлауының құралы ретінде қолдануға болады. Түс көмегімен пішіннің жеке бөліктерін байланыстыруға, сәтсіз композицияны жөндеуге болады.
Тепе-теңдік тегістік заңы көмегімен жүзеге асады: үлкен тегістік қарапайым түспен, ал үлкен емес тегістік қарама- қарсы түспен толықтырылады. Түс реңкінің қанықтығын, қарқындылығын өзгерте отырып, қарсылас түсқұруға болады. Костюмде 3 түстен артық түс қолданбаған жөн. Негізгі композициялық рөл атқарса да, аяқ киім түсіне қарай костюмнен бөлінбеу керек. Өте ашық түсті көзге түсетін аяқ киім дене бітімді қысқартып, аяқ көлемін көзге ұзартуы мүмкін. Ырғақты қайталау принципі бойынша аксессуар таңдау кезінде қызыл көйлекке - қызыл қалпақ, ақ қолғап, ақ гүл, ақ туфли қосу артық бөлшек болып саналады.
Қазақ Ордасы топтамасын жобалау кезінде белгілі бір түс гаммасына сәйкес толықтырулар көмегімен 2 немесе 3 костюмнен-ақ көптеген нұсқа жасауға болады. Түстердің үйлесімділігі әр түрлі кезеңдегі қоғамдық эстетикалық көзқарастарға байланысты.
Жыл сайын сән үйі маусымдық киімде басымдылық танытқан жаңа түсті ұнатады. Қазіргі сән өте демократиялы, қандайда бір түске бағынбайды. Бұл күндері жаңа түстер пайда болуда, атап айтқанда, металл, күміс, алтын, ескі қола, сабын көпіршігі түстес, көптеген жылтыраған, жарқыраған қышқыл түстер. Мысалы: киім түсіне стратегиялық тұжырымдама ұсынған жапон дизайнері И.Мияке өз коллекциясында тек ашық көңілді түстерді пайдаланады, француз кутюрьесі К.Лакура өз модельдерінде матаның, сурет пен фактураның ерекше түс- түрін үйлесімді қолданады. Жапондық Р.Кавакубо - киім дизайнында деконструктивизм стилінің өкілі- жаңа өткірленген модельдерінің пішінінде қара, сұр және ақ түстерді молынан ұсынады. Дизайнер И.Ямамото 1980 жылдардың басында париждіктерді тек қара түсті модель коллекцияларымен таң қалдырды.
Костюм түсін алдын ала болжау тек сән пішінінің өсу қозғалысына ғана емес, әр түрлі жас топтарындағы адамдардың түс қабылдау зерттеулеріне негізделеді. Сонымен, бөлек бір түсті, оның реңін, үйлесімділігін таңдай отырып, дизайнер мерекелік, салтанатты, іскерлік, мұңдылық немесе қайғылылық реңкі арқылы пішінді эмоционалді түске келтіре алады.
Қазақ Ордасы топтамасы фактурасында костюм қолданысында, пішін қабылдауда оның сәнді элементтері мен қатысында, сән мен пішін қалыптасуының өзара байланысында көркемдік мәнерліліктің белсенді құралы болып зор маңыз атқарады. Фактура- материалдың сыртқы сипатын көзбен қабылдау.Ол жұмсақ бедерлі, Күңгірт, жылтырақ, т.б. болуы мүмкін. Пішін бетінің фактуралық шешімі бәрінен бұрын болашақта костюмнің қолданылуына байланысты болады. Мысалы, сыртқы киім түржиынында тегіс беттің жылтырық және бедерлі матамен үйлесімі; сәнді- киімде жылтырақ және күңгірт құрылымның былғарымен, жібекпен, терімен, шілтермен; қамқаның органзамен, арластың барқытпен үйлесімділігі болуы мүмкін. Фактура пішіннің құрылымдық қарым-қатынасын көрсетеді, тектоникалық сипатына, костюмнің жеке бөліктерінің үйлесімділік ерекшелігін рең береді, иллюзиялы түрде маңыздылығын, жеке бөліктерімен элементтерінің өлшемін өзгертуі де мүмкін. Мысалға, Ашық реңкті жұқа маталар кеңістікте пішінді өзгертіп, көрінбейтін етіп жіберуге қабілетті. Барқыт беттері нақты, өте активті пішінді көрсетеді. Жылт-жылт еткен жалтырақ маталар пішіннің әлде бір құптялығын, оның контурының көзге шалынбайтындығын сезіндіреді. Фактураның негізгі айқын белгісі ретінде бедерлік тегіс беттермен үйлескенде, негізгі ритімді күшейтуі мүмкін немесе оның жеке бөліктері мен тұтас пішінінің көлемі көзге үлкейтіліп, масштабтық сипытын толықтыруы мүмкін.
Мата фактурасы олардың беттерінің аз бұрмаланған бөлінген көлемі мен тығыздығына байланысты. Фактураның өте кішкентай,көзбен ажыратылмайтын элементтері фактураның пассивтілігін көрсетеді. Кейде олар пішіннің өз элементтері болып қабылданып соншалықты ірі болады, бұл фактуралар активті фактураға жатады. Біртектес нейтралды беті бар пассивті фактуралар өңдеу мен сәндік элементтердің өте тамаша фоны ретінде қызмет атқарады. Активті фактуралар өздері сәнді болғандықтан, қосымша сәндеуді қажет етпейді. Материал фактурасын қарама- қарсы қоя отырып, пішіннің конструктивті ерекшелігін активті етіп көрсетуге болады. Бір не екі-үш түстің жарықтық қатынысының қарама - қарсылығын пайдаланып, күшті эффектіге жетуге болады. Егер материал фактурасы мен суреті өте мәнерлі болса, онда олардың өзара әсері пішіннің әсерінен де күшті болады.
Бір модельде әр түрлі фактуралы материалдарды қолдана отырып, әрбір беттің өзіндік ерекшелігін білуге болады. Қарсыласты және нюансты үйлесімді фактураны қолдану бір фактурадан екіншісіне нәзік түрде көшетін композиция құрылуын жасайды.
1990 жылдар модель пішіндерінің көлемді күрделілігімен сипатталады. Бұл кезде жаңа, парадоксальді үйлесімдер пайда болды: жеңіл жұқа маталар былғарымен, түкті матамен немесе табиғи жасанды терімен араласты. Мұндай үйлесім бұрын молелдерме ешқашан қолданылмаған еді. Түрлі жылтырақты металды маталар, трикотаж және басқа да маталар сәнді киімнен күнделікті тұрмыста киілетін киімге ауысты.Фактура көлемдік толықтырумен байытылды, түкті, түйінді, бүртік, шашақ, тік қауырсынды, ширақ маталар - әрі бұйымның жалпы көлемін үлкейтеді, тегіс бет бұйымға жеңілдік, созылымдылық, көзге көлемін азайтушылық сипат береді. Бұлардан басқа қыржымды, кеңірдектілі және қатпарлы беттің өсуі дамуда. Осылайша мата таңдауда олардың негізгі ұйымдастыруы принципін саналы түрде, өзгелерді соған бағындыра бөліп алу қажет.
Киім модельдеуде тек бұйымды сәндеу ғана емес, оның композициясын байытатын түрлі өңдеу қолданылады. Өңдеу бұйымның пішінін немесе бөліктерін бөлуге, пішінді бөлшектеуге, пішін бөліктерін немесе бірнеше әр түрлі бір дербес пішінді біріктіру үшін, пішін бетінде белгілі бір бағыттағы қозғалысты ұйымдастыру үшін қолданылады.
Өңдеу костюмнің көркем бейнелі сипатын байытады. Өңдеу түрлері декоративтікжәне конструктивтік, декоративтік және утилитарлық мағыналарға ие. Өңдеу пішіні мен материалы әр түрлі болады. Көп түрлігіне қарай оны жеті топқа бөлуге болады:
1) барлық бедерлі бүкпе тігістері, қатпарлар, көйлекке тігілген қатармалар, күлтелеу, бүрме, плиссе, кеңірдектеулер, тігім әрлеуі нәтижесінде алынған өңдеу;
2) бұйым матасынан не өңделген матадан орындалған өңдеу бөлшектері, қос етектің желбіршектігі, желбіреуісі, жиек оқа жиектелген тігіс, өңір, белдікше, банттар, галстуктер;
3) арнайы әрлеу материалдарымен өңдеу: шілтер, ызба, бау, сутаж, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Орыс өзенінің маржандары» атты сән үлгісін жобалау
«Ақ-жүніс» атты Прет-а-порте стиліндегі қыз келіншектерге арналған киім жиынтығын жобалау
Костюм композициясының элементтері
«SHARQONA» АТТЫ ЭТНО СТИЛЬДЕГІ БОЙЖЕТКЕН КИІМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ЖИЫНТЫҒЫН ЖОБАЛАУ
«ТҰМАР» АТТЫ ПРЕД-О-ПОРТЕ СТИЛІНДЕГІ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН КИІМ ЖИЫНТЫҒЫН ЖОБАЛАУ
Әйелдер блузка мен белдемшенің сызбасы
Асыл мұра сән үлгілері
Орыс халхының киімінің негізгі қалпын жоғалтпай, Калина красная киімінің конструкциясы негізінде киімдердің дизайынын жасау
Pred-a-Porter стильдегі қыз- келіншектерге арналған «РУКМИНИ» атты киім үлгісін жобалау
Клеопатра киімінің конструкциясы негізінде киімдердің дизайынын жасау және оның жасалу технологиясы
Пәндер