Өсімдіктің әртүрлі мүшелерының негізгі бөлігін құрайтын ұлпалар
1. Бөліп шығарушы ұлпалар
2. Механикалық ұлпалар.
3. Өткізгіш ұлпалар.
4. Өткізгіш шоқтар.
НЕГІЗГІ ҰЛПАЛАР
Өсімдіктің әртүрлі мүшелерының негізгі бөлігін құрайтын ұлпаларды негізгі ұлпалар деп атайды. Кейбір әдебиеттерде бұл ассимиляциялаушы, қор жинаушы, сорушы, ауа алмастырушы ұлпалар деп жеке қарастырады.. Сонымен бірге оларды орындаушы паренхима, негізгі паренхима, немесе жай паренхима деп те атайды. Негізгі ұлпалар жасуша қабықшалары жұқа болып келетін тірі паренхималық жасушалардан тұрады. Бұл жасушалардың жасуша аралық қуыстары болады. Паренхималық жасушалар әртүрлі қызмет атқарады. Оларда фотосинтез процесі жүреді, артық қор зат - тары жиналады, әртүрлі заттарды бойына сіңіреді және басқа да қызметтер атқарады. Негізгі ұлпаларды атқаратын қызметіне қарай мынандай түрлері болады.
Ассимиляциялық, немесе хлорофилл түзетін, паренхима (хлоренхима). Жапырақтарда және жас сабақтардың қабағында орналасады (41-сурст).
Ассимиляциялық паренхималардың жасушаларында хлорофил дәндерінің болуы. Олар фотосинтез процесін іске асырады. Өсімдктердің жапырағында, шөптесін өсімдіктердің сабағында, шикі жемістерінде, эпифиттердің ауа тамырларында кездеседі. Негізгі атқаратын қызметі ауа алмастыру және суды буландыру.
Олардың пішіндері мен мөлшері өсімдік түріне байланысты әр түрлі болып келеді. Қос жарнақтыларда бағыналы, борпылдақ ұлпалары болса, қылқан жапырақтыларда қатпарлы ұлпалар болады.
1-сурет. Шлаң сабағындағы аэренхима: 1-жасуша аралық қуыс.
Қор жинаушы ұлпалар. Қор жинаушы ұлпалар өсімдіктер денесінде пайда болған органикалық заттар мен су қорын жинауға бейімделеген жасушалар тобы. Қор заттарын жинау барлық жасушаларға тән. Қор заттары қатты (крахмал) және еріген (қант) күйінде болады. Олар негізінен сабақтың өзегінде, тамырдың тоздық бөлігінде, сонымен бірге көбею мүшелерінде, дәндерінде, жемістерінде, баданаларында, жерасты түйнектерінде және өсімдіктердің басқа да жерлерін де жиналады (23-сурет). Қорлық ұлпаларға шөлді аймақтарда өсетін өсімдіктердің бойына су жинайтын ұлпаларында жатқызуға болады (кактустардың, алоэнің және т.б.).
Сорушы (қабылдаушы) ұлпалар. Сорушы ұлпалардың өсімдік тіршілігінде маңызы зор. Сыртқы ортадан өсімдіктердің денесіне су және онда еріген заттарды осы ұлпалар арқылы қабылдайды. Бұл ұлпаларға тамырдың, тамыр түктері бар аймағындағы (зонасындағы) жасушалардың (эпиблема) тобы жатады (62-сурет). Олардың ұлпаларының құрылысы қабылдайтын заттарына, өсімдіктердің денесінде орналасуына байланысты әр түрлі болып келеді. Мысалы тамыр түктері, астық тұқымдастарының эндоспермі мен ұрық бөлімінің ортасында орналасқан қалқаншадағы сору қабаты, празиттік өсімдіктердегі гаусториялар.
Гидропоттар. Бір немесе бірнеше жасушалар топтарынан тұрады. Олар көбінесе су өсімдіктерінің жапырақтарының астыңғы бетінде орналасып суда еріген заттарды қабылдайды.
Ауалық ұлпа (аэренхима). Бұл ұлпа әсіресе өсімдіктің су асты мүшелерінде, эпифиттердің ауадағы және тыныс алу үшін қажетті тамырларында жақсы жетілген (41-сурет). Негізгі қызметі тамырды оттегімен кейбір жағдайларда жапырақты көмірқышқыл газымен қамтамасыз ету. Олардың жасуша аралық қуыстары аса үлкен болып келеді және өзара байланысып, ауаны тазартып тұратын бір жүйе түзеді.
АРҚАУЛЫҚ (МЕХАНИКАЛЫҚ) ҰЛПАЛАР
Өсімдіктердің денесіне таяныш, мықтылық, беріктік және серпімділік қасиет беретін жасушалар тобын арқаулық ұлпалар деп атаймыз. Арқаулық ұлпалар бірігіп, өсімдіктің барлық мүшелерін сынудан немесе жыртылудан сақтайтын ең жоғарғы беріктікті қамтамасыз етеді. Бұл ұлпалар қабықшалары қалың, жиі (бірақ барлық уақытта емес) сүректенетін жасушалардан тұрады. Көп жағдайда бұлар өлі жасушалар. Өстік мүшелерде бұлар негізінен прозенхималық, ал жапырақтар мен жемістерде паренхималық жасушалар болып келеді. Жасушаларының формасына, олардың қабықшаларының химиялық құрамына және қалыңдау ерекшеліктеріне қарай арқаулық ұлпаларды екі топқа бөледі: колленхима; склеринхима.
Колленхима. Колленхима тірі, әдетте паренхималық жасушалардан тұрады. Егер жасушаның қабықшасының қалыңдауы, оның бұрышынан басталса, ондай колленхиманы бұрыштық деп атайды (42-сурет). Егер жасушаның екі қарама-қарсы жатқан қабықшалары қалыңдап, қалған екеуі жұқа күйінде қалып отырса, ондай колленхиманы пластинка тәрізді деп атайды (43-сурет). Колленхиманың қабықшалары созылуға қабілетті, өйткені олардың жұқа бөліктері (участкілері) болады, сондықтанда колленхима жас өсіп келе жатқан мүшелердің тірегі болып табылады. Колленхима қос жарнақты өсімдіктерге тән. Коленхима өсімдіктердің өстік мүшелерінде тоз (феллоген) камбиінің түзілуіне және жарақаттанған жерде жарақат феллеогенінің түзілуіне қатысады.
Склеренхима. Өсімдіктер мүшесіне ерекше мықтылық беретін ұлпа. Олар жасуша қабықшалары бірдей болып қалыңдайтын прозенхималық жасушалардан тұрады. Тек жас жасушалары ғана тірі болады.
2-сурет. Қызылшаның жапырақ сағағының бұрыштық колленхимасы: А-микроскоптың кіші үлкейткішімен қарағандағы көрінісі; Б-үлкен үлкейткішімен қарағандағы көрінісі: 1-жасуша қуысы; 2-қалыңдаган қабықша.
3-сурет. Қалуеннің (осот) сабағының табақшалы колленхимасы.
4-сурет. Қазтамақтың (герань) сабағының сүректік талшықтары: А.Б-көлденең кесіндісі (А-кіші үлкейткішпен қарагандағы көрінісі; Б-үлкен үлкейткішпен қарагандағы корінісі;) В-тікесінен жасалған кесіндісі: 1-клетқаның қабықшасы; 2-қарапайым пора; 3-жасушаның куысы.
Жасы ұлғая келе бұл жасушалардың ішіндегі заттары өледі. Бұл құрлықта өсетін өсімдіктердің вегетативтік мүшелеріндегі ең кең таралған арқаулық ұлпа. Жасуша қабықшаларының химиялық құрамы бойынша склеренхиманың екі түрі болады: талшықтар және склереидтер. Талшықтардың өзі пайда болуына қарай екі түрі болады: біріншісі тін талшықтары, олар алғашқы түзуші ұлпа прокамбий мен перициклден және алғашқы қабықпен түтікше-талшық жиынтығының негізгі ұлпаларынан пайда болады. Екіншісі сүректік талшықтар, олар соңғы қабық пен соңғы сүректің құрамындағы соңғы түзуіші ұлпа камбийден пайда болады. Тін талшықтарының жасуша қабықшалары целлюлозадан тұрады, немесе аздап қана сүректенеді, (77-сурет) сүректік талшықтардың (либриформ) жасушасының қабықшалары барлық уақытта толық сүректелген болады (44-сурет).
Тін талшықтарының мықтылығы, созылғыштығы, ұзындығы, сүректенбеуі сияқты қасиеттері тоқыма өнеркәсібінде жоғары бағаланады.
5-сурет. Алмұрттың жемісінің склереидтері:
А-алмұрттың жемісі: (тікесінен жасалған кесіндісі); Б-паренхималық жасушалардың арасындағы склереидтердің тобы; В-склереидтер; 1-паренхималық жасушалар; 2-жасуша қабықшасы; 3-қарапайым пораның көрінісі; 4-қарапайым пораның кесіндідегі көрінісі; 5-жасуша қуысы.
Склереидтер. Склереидтер жасуша қабықшалары бірдей қалыңдап сүректелген өлі паренхималық жасушалар (45-сурет). Олардың қабықшалары қатты сүректенеді, кейде оларға әк, кремнезем және кутин сіңеді. Склереидтердің ішінде кең тарағаны тасты жасушалары. Олар әдетте грек жаңғағының сыртқы қабығында, шиенің, шабдалының және басқа сүректенген жемістерде кездеседі. Ал жапырақтарда тасты жасушаларға қарағанда тірек жасушалар кездеседі.
ӨТКІЗГІШ ҰЛПАЛАР
Өсімдіктер әдетте екі полюстен қоректенеді. Жапырақтары олардың ауадан қоректенуін қамтамасыз етсе, тамырлары топырақтан қоректенуін қамтамасыз етеді. Жапырақта және тамырда пайда болған қоректік заттарды өсімдіктердің денесіне тарататын жасушалар тобын өткізгіш ұлпалар деп атаймыз. Осыған байланысты қоректік заттардың тасымалдануының екі түрлі жолы болады.
Біріншісі, жоғарғы ағыс жолы, ол топырақ қабаттарынан тамыр арқылы сорылатын су мен минералды тұздардың ерітінділерін өсімдіктің сабағына және жапырақтарына жеткізуді қамтамасыз етеді. Екіншісі, төменгі ағыс жолы, ол жапырақта синтезделген органикалық заттардың судағы ерітінділерін өсімдіктің барлық қалған мүшелеріне жеткізеді және олар осы жерде қорек ретінде пайдаланылады, немесе қор заты ретінде жиналады.
Өткізгіш ұлпалардың құрамы, морфологиясы және атқаратын қызметтері әртүрлі. Соған байланысты заттардың тасымалдануының бірнеше жолдары болады. Оларға, яғни тасымалдану жолдарына: түтітер, трахеидтер, тірі паренхималық жасушалар және механикалық талшықтар жатады.
Түтіктер (трахеи) және трахеидтер. Бұлар өткізгіш ұлпалар - олар арқылы су мен минералдық тұздардың өсімдіктердің бойымен тасымалдануы қамтамасыз етіледі.
Түтіктер (трахеи) - бунақты мүшелерден тұратын трубалар. Олар прокамбийдің, немесе камбийдің вертикальды жасушаларының қатарынан бөлінеді. Олардың жасушаларының бұйірлік қабықшалары қалыңдап сүректенеді де, ішіндегі заттары өледі, ал көлденең қабықшаларында бір немесе бірнеше тесіктер (перфо - рация) болады. Түтіктердің орташа узындығы 10 см.
Трахеидтерде түтіктер секілді өлі құрылым, айырмашылығы, бұлар трубалар емес, прозенхималық жасушалар. Мұндай жасушалардың қабықшаларында шеттері жиектелген (көмкерілген) саңылаулар болады (46-сурет). Трахеидтердің орташа ұзындығы 1 мм.-дей болады.
Қабықшаларының қалыңдауының формаларына қарай түтіктер мен трахеидтер сақиналы, спиральды, торлы және тағы басқаша болып келеді (47-сурет).
Сақиналы және спиральды түтіктердің диаметрі үлкен болмайды. Олар жас мүшелерге тән, өйткені бұлардың қабықшаларының сүректенбеген бөліктері (участкілері) болады және созылуға қабілетті келеді. Торлы және нүктелі түтіктердің диаметрі біршама үлкен және қабықшалары толығымен сүректенген болып келеді. Олар әдетте камбийден сақиналы және спиральды түтіктерден кейін пайда болады. Түтіктер мен трахеидтер, сонымен бірге беріктік те қызмет атқарады. Олар айналасындағы тірі паренхималық жасушалардың өсінділерімен толық жабылғанға дейін бірнеше жыл өмір сүреді. Тірі паренхималық жасушалардың түтіктің қуысына, оның қабырғаларындағы саңылаулар арқылы өтетін өсінділерін тилла деп атайды. Тилла өсе келе түтіктің қуысын, мүлдем ешнәрсе өтпейтіндей етіп, жауып тастайды (48-сурет).
6-сурет. Қарағайдың трахеидтері (сызба-нұсқасы):
1-алғашқы қабықша; 2-соңғы қабықша;
3-жиекті саңылау (жанынан қарағандағы көрінісі);
4-түйістіргіш жарғақша (плен - ка); 5-торус;
6-жиектегіш саңылау
(жақтау жағынан қарағандағы көрінісі).
8-сурет. Тилласы бар түтіктер: 7-сурет. Асқабақтың сабағының
А-тікесінен жасалган кесіндісі; түтіктері (сосуды): А-сақиналы; Б-
Б-көлденеңінен жа - салған спиральды; В-торлы; Г-саңылаулы
кесіндісі. (поралы).
Електі (сүзгілі) түтіктер. Өткізгіш ұлпа, ол арқылы жапырақтарда синтезделген органикалық заттардың тасымалдануы жүзеге асады. Бұл тірі жасушалардың вертикальды қатары, олардың көлденең қабықшаларында көптеген тесіктері брлады (електі пластинкалар).
Сүзгілі түтіктердің буындарының қабырғалары целлюлозадан тұрады, ядросы болмайды. Олардың қасында әдетте бір немесе бірнеше серіктік жасушалары болады. Олардың ядросы бар (49,А-сурет). Сүзгілі түтік және оған жақын орналасқан серіктік жасуша бір мериетемалық жасушадан пайда болады. Бұл жасуша ұзынынан бөлінеді, пайда болған екі жас жасушаның біреуінен електі түтіктің элементтері, ал екіншісінен серіктік жасуша жетіледі (49,Б-сурет). Кейбір өсімдіктердің, мысалы қылқан жапырақтылардың серіктік жасушалары болмайды. Сүзгілі түтіктері көп жағдайда бір жыл ғана өмір сүреді. Күзге қарай електі табақшалардың (пластинкалардың) тесіктерінің ерекше каллеза деген затпен бітеліп қалуына байланысты, ол арқылы органикалық заттар өту мүмкіндігінен айырылады.
Өткізгіш ұлпалардың құрылысына қарап, өсімдіктердің эволюциялық деңгейін анықтауға болады. Трахеидтер түтіктерге қарағанда біршама қарапайым құрылым. Түтіктердің ішіндегі ең қарапайымдысы болып, мүшелерінің ұштары қиғаш және бірнеше ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz