Бұрғылау машиналарының негізгі түрлерінің техникалық және эксплуатациялық көрсеткіштері



Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс №9 (1 сағат)

Тақырып: Бұрғылау машиналары және жабдықтары. Бұрғылау құралы. Шпурлар бұрғылауға арналған машиналар. Бұрғылау-кранды машиналар. Бұрғылау машиналарының негізгі түрлерінің техникалық және эксплуатациялық көрсеткіштері. Қада қағу жабдықтары. Қадаларды соққылау және вибрациялау, шаю мен бұрандалау әдістері арқылы қағу жабдықтары

Жоспар:
1. Бұрғылау құралы.
2. Шпурлар бұрғылауға арналған машиналар.
3. Бұрғылау-кранды машиналар.
4. Бұрғылау машиналарының негізгі түрлерінің техникалық және эксплуатациялық көрсеткіштері.
5. Қада қағу жабдықтары.

Бұрғылау - бұл топырақ массивінде қирау заттарын сыртқа шығара отырып, цилиндрлік жазықтықтар түзу арқылы топырақты қирату процесі. Егер диаметрі 75 мм дейін және тереңдігі 9 м болса жазықтықтар шпурлар деп, ал өлшемдері үлкен болса бұрғы деп аталынады.

Құрылыста бұрғылау жұмыстары инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізу, топырақты жару арқылы өңдеу, сумен қамтамасыз ету және су деңгейін төмендету, бағаналар, жол белгілерін, анкерлерді орнату кезінде орындалады.
Бұрғылаудың механикалық және физикалық тәсілдерін ажыратады.
Көптеген машиналарда жұмыс жабдығының айналу-ілгерілемелі, соққылау-айналу және соққылау қозғалыстары арқылы жүзеге асырылатын механикалық тәсілдер қарастырылған.
Жұмысшы органдары:
- қалқанды, шнекті және шөмішті бұрғылар;
- кеңейткіш-бұрғылар;
- үш шарлы және соққы долотолары.

Қалқанды бұрғы винт забурник және заслонкалар түріндегі екі қазғыш қалқанды остовтан тұрады. Забурник бұрғыны бұрғылау осінде бағыттап және ұстап тұрады. Заслонкалар топырақты бұрғыламадан алу барысында оның төгілуіне жол бермейді. Бұрғыны қырлы штанга шетіне бекітеді. Қалқандар мен забурник берік бекітілуі үшін оларды қатты құйма пластиналардан дайындалған кескіштермен жабдықтайды.

Шнекті бұрғылардың остовы қалқандыларға қарағанда ұзынырақ. Оған жолақты болаттан дайындалған шнек түзетін спираль пісіріліп жапсырылған Остовтың төменгі жағында қазғыш қалқандар мен забурник бекітілген.

Шөмішті бұрғылар, сондай-ақ бұрғы-кеңейткіштер қолданылады.

Қолданыста шар долотолары, тісті долотолар, крестті, соққы штангасы басқа да бұрғылау құралдары қолданылады.
Топырақ бұрғыдан арнайы құралдар көмегімен шаю және үру (сорап және компрессор станциялары) арқылы шығарылады. Шаңды, лас және денсаулыққа зиян.
Бұрғылаудың физикалық тәсілдеріне мыналар жатады: термиялық, ультрадыбысты, электрогидравликалық, жоғары жиілікті және гидравликалық.
Жұмысшы органының қозғалысы айналмалы-ілгерілемелі бұрғылау машиналары жүк автокөліктернің, жылжымалы және пневмодөңгелекті тракторлар базасында орындалады. Бұрғылау жабдығы біршөмішті экскаваторлардың, кішігабаритті тиегіштердің және басқа да машиналардың ауыспалы жұмысшы органы ретінде қарастырылады.
Бұрғылау машиналарының бас параметрі - қазу тереңдігі (h,м) былай ажыратылады: 1-жеңіл бұрғылау машиналары 5 м дейін; 2-орташа бұрғылау машиналары - 20м дейін; 3-бұрғылау тереңдігі 20м асатын ауыр бұрғылау.
Бұрғылау машиналарының жұмысшы органы мыналардан тұрады: 1-базалық автокөлік; 2-ішінде гидроцилиндрі бар жазық бұрғылау штангасы; 3-қозғалтқыштың механикалық трансмиссиясы арқылы айналдырғыш ; 4-қырлы штанга; 5-жұмысшы құрал - қалқанды (шнекті) бұрғы; 6-шығару тірегі.
Бұрғылау үшін бұрғылау машиналарын шығару тіректеріне бекітеді, бұрғыны жер бетіне түсіреді және айналдырғышты қоса отырып, гидроцилиндр арынымен бұрғылау жұмыстарын жүзеге асырады.
Бұрғының топыраққа тереңдеп, оның қалқандарында топырақтың жиналуына қарай бұрғыны скважинадан шығарып алады да өте жоғары айналдыру жылдамдығы арқылы оны артық топырақтың күйреу өнімдерінен ажыратып алады. Содан кейін, бұрғыны қайтадан скважинаға түсіреді және процесті керекті тереңдікке жеткенше жалғастырады. Берік топырақтарды жару арқылы өңдеу кезінде шпур бұрғылау машиналарының жұмысшы органы ретінде шетінде кескіштері мен шарлы долоталары бар бір немесе екі бұрғылау штангалары алынады. Бұл бір немесе екі шпиндельді бұрғылау машиналары.
Ол мыналардан тұрады:
1-айналу векторлары;
2-жетекті гидроқозғалтқыштар;
3-жылжымалы күйме;
4-рама және олардың бағыттаушылары;
5-орталық гидроцилиндр;
6-шығару тіректері.
Шосселік және темір жолдар астына тұрбалар, байланыс және электр желілерін өткізуге арналған горизонталь скважиналар ашық орлардан бұрғылайды. Скважиналарды отырғызу тұрбаларымен тұрақтандырады. Скважина ұзындығы - 60м, диаметрі 1720мм-ге дейін - скважинаның өту жылдамдығы 1,4мсағ; диаметрі 630мм-ге дейін - скважинаның өту жылдамдығы 15 мсағ. Жеткізу күші 480-ден 7200 кН-ға дейін.
Соққылы-айналдыра бұрғылау. Бұл жер топырақ құралдың айнала отырып ілгерілемелі соққылары нәтижесінде скважина ішінде күйрейді. Станоктар енгіш пневмосоққыштармен жабдықталған. Оларды диаметрі 150мм және тереңдігі 80м скважиналарды бұрғылау үшін қолданады.
Қадалы іргетастар дайындау үшін қағу, винтті және соғу қадалары қолданылады. Алғашқы екі тип ТБК заводтарында дайындалады, ал үшінші тип - тікелей объектте (құрылыс алаңында) монолит темірбетоннан дайындалады.
Квадраттық қимасының өлшемдері 0.2x0.2 м - ден 0.4x0.4 м-ге дейін, ұзындығы 20 м-ге дейін болатын призматикалық соғу қадалары жаппай қолданысқа ие. Сонымен қатар винтті металл қадалар да қолданылады. Шетелдерде бұрғылап соққылау қадалары басым қолданылады.
Қағу қадаларын топыраққа сыртқы күш әсерін түсіру есебінен, винтті қадаларды - сырқы әсер күшін айналдыру моментімен үйлестіре отырып енгізеді.
Ростверктер (қадалар бастарын біріктіретін құрылыс конструкциясы) орнату алдында қада бетін (олардың бастарын) пневмобалғалармен, газбен кесу арқылы, арнайы құрылғы - қада кескіштермен жобалық белгіде тегістейді.
Қағу қадаларын қазылған скважинаны арматуралық қаңқамен, отырғызу тұрбасымен, бетон қоспасымен және қабаттап тығыздай отырып сол орнында дайындайды. Скважиналарды бұрғылау, штамппен енгізу және оларды араластыра отырып жасайды. Тығыз топырақтарда скважиналар қабырғалары бекітілмейді, ал бұзылғыш топырақтарда отырғызу тұрбалары (алып тасталынатын және қалдырылатын) қолданылады.
Қағу қадаларын орнату жұмыстарын механикаландыру үшін жалпы құрылыс машиналары мен жабдықтарының (бұрғылау, бетонараластырғыш, тасымалдауға арналған машиналар, бетон қоспасын төсеу мен тығыздауға арналған машиналар және т.б.) топтамасы қолданылады.

Копрлар мен копрлық жабдықтар

Қада қағу жабдықтары - бұлар копрлар - қадаларды құрастыру орнына енгізу орнына тасымалдауға, оларды орнатуға, тіреу мен бағыттауға, бекіту мен енгізуге, қағу мен жаңа позицияға қозғалтуға арналған универсалды базалық жабдық.
Копрлар қабық-қадаларды 0.52.5 м, l=30 м, 3-8 м секциялармен, металл шпунтқа енгізеді (l=25 м-ге дейін).
Копрлар былай ажыратылады: рельсті, тракторларға, біршөмішті экскаваторларға, автоматты крандарға орнатылған аспалы және суда қалқымалы.
Копрлардың негізгі параметрі - енгізілетін қадалардың максимал ұзындығы (8, 12, 16, 20, 25 м). Индекс КН-12 - ұзындығы 12 м қадаларға арналған аспалы копр; КР-16 - ұзындығы 12 м қадаларға арналған рельсті копр.
Жұмысшы жабдығының қозғалу дәрежесіне қарай копрлар былай ажыратылады:
- универсалды: платформаның толық бұрылуы, көлбеулік қадаларды қағу үшін жебе ұшуының өзгеруі мен көлбеуленуі;
- жартылай универсалды;
- қарапайым.
Копрдың жұмысшы процесі оның орнату орнына жылжуынан, строповкалаудан, орналасуын тексеруден, тартудан, енгізу орнына орнатудан, оның орналасу жағдайын тексеруден, қада басына басқапты бекітуден, қадаға енгізгіш құрылғыны орнатудан, строповканы алып тастаудан, қаданы қағудан, балғаны көтеру мен енгізілген қада басынан басқапты алып тастаудан тұрады.

Трактор базасындағы копр - копрлық жебені трактордың артқы немесе қаптал бөлігіне асып қою.
Арқанды экскаваторлар базасындағы копр қазаншұңқырлар мен орларға қада қағу кезінде ойма шетіне орналастырып қолданылады.
Бір жұмысшы позициядан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер асты бұрғылау жабдықтары
Карьерлердегі таужыныстарды қазу-тиеу жұмыстарының параметрлерін есептейтін бағдарламалық жүйе құру
Құрылыстағы бульдозерлер
Бұрғылау құбырларын аралық бұрғылауға қолдану
Теңiз шельфiн өндiрiстiк игеру және пайдалануға дайындау бойынша инвестициялық жобаның тиiмдiлiгiн талдау
Теміржол көлігін қолданғандағы қазу жүйелері
Бұрғышы ЖШС
Тісті беріліс бөлшектерін жөндеу
Жарылғыш заттардың меншікті шығындары
Бұрғылау және жару жұмыстары
Пәндер