АҚШ тарихындағы ең танымал тұлға Джордж Вашингтон


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Өмірінің бастапқы кезеңдері
- Жеті жылдық соғыс кезіндегі Вашингтон
- Моунт Вернондағы өмірі
- АҚШ тәуелсіздігі үшін күресі
- Кейінгі кезеңдер
- Құрама Штаттардың бірінші президенті
- Ұлт әкесі
- Өмірінің соңғы жылдары
- Өлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Джордж Уошингтон (ағылш. George Washington ; 22 ақпан 1732, Бриджс-Крик, Виргиния - 14 желтоқсан 1799, Маунт-Вернон, Виргиния) - АҚШ-тың тұңғыш президенті (1789-1797) . Америка Революциялық Соғысында Континентальді Армияның Ұлыбританияны жеңуіне жетекшілік еткен. Құрама Штаттардың негізін қалаушы әкелердің бірі. Уошингтон 1788 ж. бірауыздан АҚШ президенті болып сайланды. Президент қызметін екі мерзім атқарды.
Өмірінің бастапқы кезеңдері
АҚШ тарихындағы ең танымал тұлғалардың бірі Джордж Вашингтон 1732 жылы 22 ақпанда Солтүстік Америкада, Виргиния штатындағы Уэстморлэнд маңында дүниеге келді. Оның әкесі Августин Вашингтон сол кездегі ірі плантаторлардың бірі болды. Қайсар да, еңбекқор Августин баласы он бір жасқа тола бере дүниеден өтеді, жас Вашингтон әкесінің ағасы Лоуренстің қолында өседі. Оның әйелі Аннаның ағылшындық дворяндық әулеттен болуы Джордждың жақсы тәлім-тәрбие мен білім алуына мүмкіндік береді. Олар Джорджды қамқорлығына алып, ешқандай мұқтаждық көрмеуін қадағалайды.
Алғашқыда жер өлшеуші мамандығы бойынша оқыған жас Джордж математика мен топографияны жақсы меңгереді, бірақ көп ұзамай әскери жолды таңдауға бел буады. 1751 жылы Джорджға әкесінің Огайо өзені бойындағы плантация мұрагерлікке беріледі. Көп ұзамай баласындай тәрбиелеп өсірген Лоуренс те өкпе ауруынан қайтыс болады. Алғашқыда өз плантациясында еңбек еткен Джордж өз штатындағы әскери қимылдарға қатысады және майор әскери шеніне ие болады. Бұл кезде Жетіжылдық соғыс жүріп жатқан болатын. Бұл соғыс XVIII ғасырдағы ең ірі жанжалдардың қатарынан орын алады. Жетіжылдық соғыс Еуропа мен Солтүстік Америкада ғана емес, Үндістан мен Филиппин жерінде де жүрді. Оған негізінен еуропалық ірі державалармен қатар орта және ұсақ елдер де, Солтүстік Америкадағы кейбір үндіс тайпалары да қатысты. Солтүстік Америкадағы ағылшын отары қатарында бұл соғысқа Джордж Вашингтон да қатысты.
Жеті жылдық соғыс кезіндегі Вашингтон
1754 жылы Джордж Вашингтон Огайо өзені аймағында шағын әскери экспедицияны басқарады. Француздарды осы аймақты ұрыссыз тастап шығуға көндірмек болған Вашингтонның әрекетінен ештеңе шықпайды. Оның шағын отряды тосқауылға тап болып француздарға тұтқынға түсіп қалады. Бірақ француздар тұтқындарға мейірімділік танытып оларды ағылшын әскерлері бақылау жасап отырған Виргиния штатына қарай жібереді. 1755 жылы Вашингтон Виргиния штаты жасақтарының қолбасшысы болып тағайындалады және подполковник шеніне ие болады. Ол сонымен қатар Виргиниядағы британ әскерлерінің бас қолбасшысы генерал Эдвард Брэдоктың де көмекшісі болады. Олар тағы да Огайо жазығына жорық жасайды және екінші рет француз әскерлерінің тосқауылына тап болып, генерал Брэдок оққа ұшады. Әскерге басшылық жасауды қолға алған Вашингтон жауынгерлерді қоршаудан алып шығады. Осы әрекеті үшін оған генерал шені беріледі.
1756 жылдан бастап Вашингтон Виргиния шекарасын қорғауды басқарады. 1757 жылдың соңында Солтүстік Америкадағы француз әскерлері толық толқандалады. Соғыс аяқталғандықтан Вашингтон ағылшын әскері қызметінен босатылды.
Моунт Вернондағы өмірі
Cоғыс аяқталған соң ол өз плантациясына келіп шаруашылықпен айналысады, темекінің жаңа түрлерін өсіреді. 1759 жылы жесір Марта Дэндриджге үйленеді. Мартаның алғашқы некесінен туған екі ұлымен бірге олар өздерінің плантациясында, Маунт-Вернонда салауатты өмір кешеді.
Жеті жыл ішінде Маунт-Вернонға екі мыңдай қонақ келеді. Олар әртүрлі тақырыптарды сөз етеді, талқылайды, өздерінің көзқарастарын білдіреді. Осылайша Маунт-Вернон саяси пікірталас клубының орталығына да айналады. Осы жылдары Вашингтонның саяси көзқарасы қалыптасып, ол Виргиниядағы ең ықпалды саяси тұлғалардың қатарына қосылады. Колледждік деңгейде де білім алмаған Вашингтон білімін өздігінен толықтырады және Солтүстік Американың тәуелсіздігі туралы көзқарасын ашық білдіре бастайды.
АҚШ тәуелсіздігі үшін күресі
1758-1774 жылдары Виргиния заң шығару жиынына мүше болады. 1769 жылы Виргинияда метрополияның, яғни Англияның тауарларына бойкот жариялайтын бірлестік құрылады. 1774 жылы Бірінші континенталды конгрес құрылғанда, оның алғашқы жеті делегатының бірі болған Вашингтон көп ұзамай континенталды армияның бас қолбасшысы болып сайланады. Ол ең алдымен әскери тәртіп пен әскери шеберлікті нығайтуға күш салды. Осылайша мықты да тәртіпті әскер құрылады. Нәтижесінде Вашингтон басқарған армия алғашқы ұрыстардан бастап-ақ жеңіске жете бастайды. 1775 жылы ірі Бостон қаласын қоршауға алады және бірнеше ұрыстардан кейін 1776 жылы наурызда ағылшын әскерлері Бостонды тастап шығуға мәжбүр болады. 1776 жылы 4 маусымда Филадельфия Конгресі он үш штаттың тәуелсіздігін жариялайды.
Бостон қаласын алғаннан кейін Джордж Вашингтон Нью-Йорк қаласын ұстап тұруға әрекеттенеді. Бірақ ағылшындарға қосымша әскери көмек келіп үлгереді. Гудзон өзені арқылы келген ағылшындар адам саны жөнінен де, қару түрінен бірнеше есе асып түскендіктен Вашингтон Нью-Йорк қаласын тастап шығып Пенсильванияға қарай шегінеді. Үш мыңнан сәл ғана асатын әскердің 30 мыңдық ағылшын армиясына төтеп беруге шамасы келмейді. Сонымен бірге Вашингтон әскері азық-түлік пен оқ-дәріден де мұқтаждық көреді. Вашингтон кенеттен шабуыл жасау тактикасын қолданып бірнеше рет жеңіске жетеді, азық-түлік пен оқ-дәріге де ие болады. Трентон маңындағы шайқаста Вашингтон әскері 900 ағылшын әскерін және ірі қару-жарақ қоймасын қолға түсіреді.
Вашингтон 1777 жылы жаңа тәуелсіз мемлекеттің астанасы болған Филадельфия қаласын ағылшын әскерлерінің шабуылынан сәтті қорғайды. Осы жылы Саратоге маңындағы шайқаста британдық генерал Джон Бэрджойнның әскері қоршауға алынады және олар бірнеше күннен кейін берілуге мәжбүр болады. Бұл жеңістердің ешқайсысы оңай келген жоқ. 1777-1778 жылдары ауыр қыста Вашингтон әскерінің көптеген жауынгері суық пен аштықтан да аурудан да өлген еді.
Тәуелсіздік үшін күресушілердің жағдайы 1778 жылдың жаз айында Францияның Англияға қарсы соғыс жариялауынан кейін біршама түзеле бастайды. Вашингтон әскері француздардан әскери қару-жарақ көмегін алады. Франция флоты ағылшындардың теңіз күштерін әлсіретуге де көмек береді, ағылшындардың теңіз арқылы келетін көмегі шектеледі. 1779 жылы Англияға қарсы Испания, 1780 жылы Голландия соғыс жариялайды. Сондықтан да ағылшындар негізгі әскери күштерін Еуропа жеріне аударады. Дегенмен де Солтүстік Америкадағы ұрыс әрекеттері тоқтамайды. Шешуші ұрыс қимылдары 1780 жылы жүргізіледі. Солтүстік және Оңтүстік Каролинадағы ұрысқа басшылық еткен британдық Чарльз Корнваллис әскері Чарльстонды басып алады және 16 тамызда Камден түбіндегі шайқаста американдықтарды жеңеді. Осыдан кейін Оңтүстік және Солтүстік Каролина штаттары қайтадан ағылшындықтардың бақылауына өтеді. Бірақ көп ұзамай Вашингтон серіктерінің бірі генерал Натаниял Грин басқарған американдықтар ірі жеңіске жетеді. Ағылшындар екі Каролина жерін де тастап шығуға мәжбүр болады. Бұл аймақта олардың иелігінде Чарльстон округі ғана қалады.
1781 жылы қыркүйекте Вашингтонның 11 мыңдық әскері француз генералы Жан Батиста Рошамбаның 7 мыңдық әскерінің қолдауымен Йорктауын қоршауын бұзып өтеді. Осы жылы 19 қазанда 8 мыңдық Корнваллис әскері тізе бүгеді. Осылайша Солтүстік Америкадағы соғыс қимылдары іс жүзінде аяқталады.
1782 жылы 30 қарашада Парижде Құрама Штаттар мен Англия арасында бітімге қол қойылады. Англия Солтүстік Америкадағы өз отарларының тәуелсіздігін тануға мәжбүр болады. Бірақ Канада Англияның қол астында қалады. 1783 жылдың соңында британ әскерлері АҚШ жерін түпкілікті тастап шығады. Сонымен қатар ағылшындар қатарында соғысқан, штаттардың тәуелсіздігіне қарсы болғандар да Америкадан кетеді. Олар бүкіл отбасы мүшелерімен бірге 100 мыңдай адамды құрады.
1783 жылдың соңында континенталды армия таратылады. Бас қолбасшы Вашингтон өзінің өкілеттігін өз еркімен тоқтатады және өзінің имениесі Маунт-Вернонға көшіп келеді. Бірақ саяси қызметін тоқтатпайды, елде болып жатқан саяси жағдайды бақылауын жалғастырады, штаттар үкіметтеріне үнемі хат жолдап елдің ыдырауына жол бермеу үшін орталық билікті күшейту жөнінде ақыл-кеңестер берумен болады.
Кейінгі кезеңдер
Тәуелсіздік үшін күрес жылдарындағы Вашингтонның беделі мен абыройы ол қызметінен кеткеннен кейін де арта түсті. Американдықтар оны ұлттық батыр мәртебесіне дейін көтереді. Оның атақ даңқы халықаралық қауымдастыққа да белгілі болды. Оның әскери ұйымдастырушылық қабілетімен қатар дипломатиялық өнері де Франциямен бірлесіп ағылшын метрополиясына қарсы коалиция құруға қол жеткізді.
1787 жылы Джордж Вашингтон Филадельфиядағы Конституциялық конвенттің төрағасы болып сайланады. Оның төрағалығымен АҚШ Конституциясы жасалып, 1787 жылы 17 қыркүйекте қабылданады. Вашингтон Конституция авторларының бірі болмағанымен ел Конституциясын қабылдау кезіндегі әртүрлі көзқарастар мен талас пікірлерді таразыға салуда, салмақтауда, оларды мәмілеге келтіруде үлкен табандылық пен батылдық танытады. Конвент төрағасы Вашингтонның басшылығымен әлемдік тарихтағы алғашқы Конституция дүниеге келді. Оның басшылығымен Конституцияға «Құқық туралы билль» деген атаумен белгілі болған тоғыз түзету енгізілді. Осы түзетулердің негізінде сөз, ар-ождан, жиналыс, одақтар құру, меншікке ие болу бостандықтары түпкілікті бекітілді.
Құрама Штаттардың бірінші президенті
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz